Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы



Жоспар
1.Өмірбаяны
2.Еңбектері
3.Шығармалары
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.
Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай,көп тілді білген ғұлама.
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, “Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...”
10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел ау¬зы¬нан да, қағаз бетінен де жинау¬мен айналысады.
1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. ша¬һарларға сапарға шығады. Ол заман¬да негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапа¬рының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толық-тырады. Араб, пар¬сы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өз¬бек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.
Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түр¬кістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауи¬дің басындағы Әмір Темір сал¬дырған көк күмбезін көреді. Онда да бір¬сыпыра уақыт болып, бірнеше ға¬лым¬дармен танысады. Одан әрі Сыр өңі¬рін аралайды. Май¬лықожамен жолы¬ғады, жеті ата¬сы¬нан бері ақын¬дық үзіл¬меген дуана қожа Көшек, Кү¬дері қожа тұқым¬дарымен та¬ны¬сады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлы¬тау мен Кіші¬т¬ауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қыл¬ған жұрт¬ты арал¬ай¬ды. Осын¬дай екінші сапа-рына Мәшһүр Жү¬сіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар ша¬ма¬сында шық¬са, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Р е ф е р а т
Тақырыбы: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы

Орындаған:
Тексерген:

Алматы 2017

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы
Жоспар
1.Өмірбаяны
2.Еңбектері
3.Шығармалары

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858 -- 1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) -- ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.
Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай,көп тілді білген ғұлама.
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, "Күн батысы - Сырдария, күншығысы - ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі - Жетісу өзені, солтүстігі - Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді..."
10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел ау - зы - нан да, қағаз бетінен де жинау - мен айналысады.
1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. ша - һарларға сапарға шығады. Ол заман - да негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапа - рының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толық - тырады. Араб, пар - сы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өз - бек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.
Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түр - кістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауи - дің басындағы Әмір Темір сал - дырған көк күмбезін көреді. Онда да бір - сыпыра уақыт болып, бірнеше ға - лым - дармен танысады. Одан әрі Сыр өңі - рін аралайды. Май - лықожамен жолы - ғады, жеті ата - сы - нан бері ақын - дық үзіл - меген дуана қожа Көшек, Кү - дері қожа тұқым - дарымен та - ны - сады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлы - тау мен Кіші - т - ауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қыл - ған жұрт - ты арал - ай - ды. Осын - дай екінші сапа - рына Мәшһүр Жү - сіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар ша - ма - сында шық - са, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы
Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: "Сары - ар - қаның кімдікі екендігі", "Хал-ахуал", "Тір - ші - лікте көп жа - сағандықтан көрген бір тама - шамыз" ат - ты туын - ды - лары 1907 жылы Қазан қа - ласындағы Құ - са - йы - н - ов - тар бас - па - хана - сынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шық - қан 14 қалам ие - сінің шығар - ма - ларын цен - зура сот - қа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгі - лерінің басым көпшілігі - аңыз бен әңгі - мелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - ның аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгі - мелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шек - телмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жыр - ларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақын - дар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фоль - клорлық үлгі - лерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырла - рының 30-40 шақтысы топталған.
Ол ел арасынан: "Қамбар батыр", "Ер Тарғын", "Ер Көкше", "Ер Са - йын", "Нәрік ұлы Шора батыр", т.б. тәрізді батырлар жырында, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Алтынбас-Күмісаяқ" т.т. лиро-эпос - тық жырларды да, сондай-ақ "Киік", "Боз - торғай", "Дін үйренетұғын" тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Ер Тарғын" жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжаз - басынан көшіріп алғанын бі - леміз. Ал "Алтынбас-Күмісаяқ" - 200 жол - дан тұ - рады дей отырып, бұл жыр үлгі - лерін жи - наған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі бол - дық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жина - ғынан ала отырып, олардың бәрін қол - жаз - баның әр жеріне шашыратпай, бір же - ріне ғана топтастыра орналастырған. Сон - дай-ақ, қолжазбалар ішінде "Сайын батыр" жы - рының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар.
Зерттеуші ел арасынан түрлі ер - те - гілер де жинаған - "Еділ-Жайық", "Көр ақ - тар - ған Жаманбай", "Баһырам патша ту - ралы", "Есен тентек туралы", "Ертеде бір хан болыпты" , " Ақтабан шұбырын - ды, Ал - қакөл сұлама", " Еңсегей бойлы Ер Есім", "Ала - ша хан", " 7 жасар Жел - кілдек", "Ер Төс - тік", "Әз Жәнібек және бір ұста", "Екі пат - ша", "Әділ би", "Сүйіндік:Олжабай батыр, "Тама Сарыбас мерген", т.б.
Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына қара - ғанда, мақал-мәтел - дер - ді жинаумен ай - налысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі, мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кез - деспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі аян.
Мәшһүр Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, "Ұлбике қыз бен Кү - дері қожа ай - тысы", "Ұлбике қыз бен Қа - рақалпақ Жан - кел ақын айтысы", "Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа ай - тысы", "Шоң, Торайғыр ақыны Орманшы Са - қау ақыны мен Қара - кесек қызы Тоғжан ай - тысы", "Қалдыбай қожа мен Соқыр Шө - же айтысы", "Соқыр Шөже мен Қаракесек ақы - ны Балта айтысы", "Қаракесек Қамбар Жа - нақ пен Най - ман Сабырбай айтысы", "Қаракесек Қам - бар Жанақ пен Найман-Түбек ай - тысы", "Қаракесек Қамбар Жанақ пен Ор - маншы- Сақау ақын айтысы", "Қу - ан - дық-Алтай бір ақыны мен Найман қызы Опан айтысы", "Керей-Тұрлыбике ақыны Үрімбай ақыны мен Арыстанбай ақын айтысы", "Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Жамшыбай ақыны мен Найман-Түбек айтысы", "Ақбала қыз бен Боздақ жігіт айтысы", " Қыз бен жігіт айтысы" тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген.
Сондай-ақ қолжазба ішінде ақын айтыс - тың: "Қыпшақ Өске Тәтті қыз", "Қолға түскен Алтай жігіт - Найман Опан қыз" айтысы 46 жолдан, "Шортанбай қожа мен Арыс - танбай ақын" айтысы 100 жолдан, "Шал мен қыз", "Шөже мен Қалдыбай", "Жа - нақ пен Түбек", "Ұлбике мен Күдері" ай - тысы - 106 ауыз өлең, "Жанкел мен Ұлбике" айтысы - 100 ауыз өлең, "Заман қожа мен Осы қыз" айтысы - 50 ауыз өлең, "Тоғ - жан мен Сақау" айтысы - 78 ауыз өлең т.б. деген түрлерін қанша жолдан тұратынын дере - гімен де бірге берген.
Ақын қол - жаз - ба - ларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары т.б. бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақ - ын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғ - жан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын- Қам - бар Жанақ, Найман Сабырбай, Най - ман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шор - танбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Бал - та, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туын - дыларын қағазға түсірген.
Бұл жинаушылық барысында белгілі фольклорист-ғалымдар: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, т.б. тәрізділер сияқты Мәшһүр Жүсіп те өзіндік жинау әдісіне сүйенгені белгілі. Олар: тілдік ерекшеліктерді сақтау, дәлділік, айтушы аузынан сол қалпынан көшіру, арнайы бір тақырыпқа материал жинау, т.б.
Сондай-ақ айтушы не айтты - бәрін тү - гел қалдырмай жазу шарты, еш сөзін қыс - қартуға, алып тастауға немесе өз жанынан басқа бір нәрсені қосуға мүлде болмай - тын - дығы, диалектілік ерек - шеліктер болса оны да тастамай көрсетіп отыру керектігі жө - ніндегі т.б. талаптар барлық фольклорист ғалымдар үшін ортақ. Сол тәрізді шығар - маны кім, қашан, қайдан, кімнен естіп жаттап алды деген сауалдарға жауап жазу керектігі тәрізді талаптарды Мәшһүр Жүсіптің орындап отырғандығы бізге мәлім.
Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольк - лор - дың барлық жанрлары қамтылған. Егер жанр бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ерте - гі - лерден 15 шақты мәтін үлгі; батырлық жыр - лардан - 5-6; ғашықтық жырдан - 2-3; қисса-дастандардан - 11-12; тұрмыс-салт жыр - ларынан - 30-40 шақтысы; аңыз-әңгі - ме - лердің - 200-300 үлгісі; жаңылтпаштың - 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі - 50 шақтысы; ма - қал-мәтелдердің 2,5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақын-жыраулардың өлеңдері, дастандары т.б. орын алған. Сондай-ақ қолжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топ - тамасы, т.б. нұс - қалары бар. Мұндай үлгілерді жи - нағанда аражігін бөліп-жармай, жаңа-ескі деп қарамай, шамасы келгенше фоль - клордың әр жанрын қамтып, барлығын жан-жақт - ы жинауға тырысу тек Мәшһүр Жүсіп ерекшелігі емес, сол тұстағы көп - теген ғалым-фольклоршы - лардың шарты.
Мәшһүр Жүсіп өзі жинаған үлгіле - рінің кө - лемін белгілеп отырған. Мәселен, "Ғылым бі - лімі" кітабы 129 сахифадан тұрады дей оты - рып, оның ішінде 12 аят, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал "Әмір" әң - гімесі 26 сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұ - рады дейді. Мұндағы сахифа - араб сөзі, "бет", "парақ", "газет" деген мағынаны береді.
Бұлардан басқа қолжазбаларда мы - надай мәліметтер берілген: "Хазірет Юсуф пай - ғамбар", "Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған", "Сары - арқа тарихы", "Шоң, Торайғыр билер", "Абылай аспаған са - ры бел", "Қоқан хандары тарихы", "Кіші жүз ұрандары мен рулары", "Ша - ныш - қылы Бердіқожа батыр тарихы", "Едіге мен Төле би", "Көлеби батыр", "Олжабай батыр тарихы", "Абылай хан", "Махамбет деген батыр шығыпты деп барып тапқан 92 батыр" турасында, қазақ шежірелері (Орта жүз тарихы, Мейрам сопы тарихы, Қуандық, Қаракесек, Найман, Қыпшақ тарихтары), "Барпық әңгі - мелері", күлдіргі сөздер, "Қара - кесек пен төрелер ұраны" туралы, Мөңке би, Досбол би, Қожакент пен Өзкент, т.б. қал - алары турасында, "Ошақты Қоңырбай қалпе" әңгімесі, "Хазірет Нұхқа 370 жа - сында пайғамбарлық берілді", діни нанымдар т.б., Сарман, Қиғара, Қосдәулет би - лер хақында, жыл басы туралы, Ор - ман - шы ақсары Шотана батыр жайындағы деректер орын алған.
Қолжазбадағы кейбір материал - дардың жа - зылған жылдары да көрсе - тілген. Мәселен, "Тө - бет ішіндегі Жан - келді" деген әңгіме 1908 жылы жазылды десе, "Бір ханның жалғыз баласы өлгенде" деп басталатын шығарма 1921 жылы хатқа түсірілді деген белгілер бар.
Жалпы ауыз әдебиеті мен фоль - клорлық нұсқаларды жинаушылардың көпшілігі ұстанған дәстүрдің бірі - экс - педициялық әдіс екені белгілі. Бұл экс - педиция сапар - ларында В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев т.б. сынды ғалым - дар көптеген ауыз әде - биетін жинай - тын тіл - шілер мен өз елінің мә - дениеті мен фоль - клорына жанашыр көз - қараспен қарайтын энтузиаст адамдардың да көмегіне сүйеніп отырғаны мәлім. Және де фольклорист-ғалымдар қолданған мұндай тәсіл фоль - клорлық үлгілердің жанр жағынан жан-жақты жиналуына негіз болды.
Жинаушылықтың осы формасын "экс - пе - - дициялық" әдісті Мәшһүр Жүсіп те көп қолданған. Бірақ жинаушылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы психологиялық таным үлгісі
Қазақтың ұлағатты діни ойшылы
МӘШҺҮР - ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ шежіресін зерттеуі туралы
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық таным
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педогогикалық мұрасындағы отбасы және әйел тәрбиесі мәселелері
Мәшһүр Жүсіп Көпевтің болжамдарының сыры
Бес жүз бес сөз
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
Пәндер