Тілдің ұрпақ үшін қоғамдағы айрықша қасиеті


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен толығатынын, ұлт мәдениегі сол этностың тіліңде сақталып, болашаққа аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлердің туындау төркіні тереңде жатар. Айтылған ой жайында В. фон Гумболбдттің "Тіл - халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады" деген тұжырымы - жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны, немесе қағидасы. Атап айтқанда, ғалымның пікірінше: біріншіден, мәдениеттің екі түрі - материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдениет - ұлт нышанын танытып, тілде өз жүйесін табады, үшіншіден, тіл - адам мен табиғатты жалғастырушы күш, төртіншіден, мәдениет пен халықтық рух - тілдің ішкі формасына тән". Ал, мәдениеттің көне-жаңасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші де жеткізуші де тек ана тілің құдіретімен танылатынын американдық ғалым Э. Сепир: "Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстур болып жалғасқан біздің тыныс-тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етігі отырған мәдениетті өз калішнда көрсетеді. Ол тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жалсарлас дамиды деуге болады - деп анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің табиғатынан танылатынын көрсетіп, дәлелдейді. Соның негізінде адамзатгың дүниені тануы мен ойлау арасындағы тәсілінің тіл құрылысына байланыстылығын этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған "Сепир - Уорф болжамы" - ғылымының жаңа сатыға аяқ басқандығының дәлелі.

Ал, этностың бар өміріне рухани азық болған, тұрақты ұрпақ жалғастығына себепкер құбылыс - салт-дәстүрлердің ұлттық мәдениет бастауы екендігі сөзсіз. Мәдениет - тілдің таңбалау қасиеті арқылы танылады. Оған дәлел халық ауыз әдебиеті үлгілері екендігін АА. Потебня, Н. И. Толстой, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаев т. б. ғалымдар жан жақты сөз еткені белгілі.

Асылында, адамзат қоғамының дамуына - әлеуметтік сананың өрлеуі, ой-сананың жетілуі, тіл, мәдениет, тарихтың тоғысуы маңызды фактор. Ал, әр халықтың этномәдент тұрмысын ұлт тілінің жетегінде, әлемдік мәдениеттің ауқымында, дүниетанымын қоғамдық ғылымдардың саясында сөз ету мәселесі тіл ғылымының бүгінде ғылыми өрісін тереңге жайған этнолингвистика саласында сәтті бағытта іске асуда. Осымен тығыз байланысты ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланыстары бір-біріне әсері айқын деректердің белгілі бір этносқа тән екендігін танытуда бізге кешеуілдеп жеткен жаңа бағыттың бірі - лингвомәдениеттану. Бірақ тіл ғылымында XV - ғасырдың бас кезінен бастап ерекше қалыптасқан жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми ой тұжырымдарын одан әрі ұластырушы Ресейдегі фразеологиялық мектептің өкілдері В. Воробьев, В. И. Телия, Е. М. Верещагин, В. Т. Костомаров, В. Маслованың зерттеулері лингвомәдениетанудың дербес ғылыми пән дәрежесіне көтерілуіне, қалыптасуына зор ықпал еткенін ерекше атап өткен жөн.

Этнолингвистика кешенді этнографиямен шектес, халық мәдениеті, тарихтың шығу тегі мен таралуын зерттейді. Бүгінгі ғылымда этнолингвистиканың зерттеу мақсаты - тілдің қызметі мен дамуына лингвистикалық, этно-мәдени, этнопсихологиялық факторының әсерін ерекше қарастыру, ұлттық болмыспен ұштастыру". Тіл ғылымында лингвомәдениеттану-лингвистика мен мәдениеттанудың түйіскен тұсынан туындап отырған, әрі этнолингвистика мен елтануды да ортақтастыратын жаңа ғылым. Сонымен, лингвомәдениеттану - жеке нақты, мәдени салалар бойынша ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этикалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты.

Лингвомәденеттану мен этнолингвистиканың теориялық арқауы, зерттеу нысаны мен мақсатының өзектес, тамырлас екені дау туғызбайды, және осы қатынаста жалпы мен жалқының, бүтін мен бөлшектің байланысы іспетті деп қарауға болады.

Этнолингвистикамен сабақтас этнос болмысының сан түрлі қырын зерттейтін ғылымдарды академик Ә. Қайдар екіге бөледі:

1) этнос тіліне жалпы қатысы бар (мәселен, мәдениеттану (астын сызған біз - А. С. ), этнография, этнология, өлкетану, фольклористика, мифологая, астрономия, педагогика, дидактика т. б. ) ғылымдар.

2) этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей қатысты ғылымдар (мәселен, этимология, диалектология, ономастиха, фразелогия, паремиалогия, терминология, лексикография, социолингвистика, этнолингвистика, психолингвистика т. б. ) . Демек, бұл екі топтағы ғылым салаларын этнолингвистикамен байланыстыратын, этнос болмысын танытатын тілдік дерек көздерінен көреміз. Міне, осындай сабақтастықтың бірі - этностың мәдениетін таныту мүддесін көздеген мәдениеттанумен сабақтас лингвомәдениеттану.

Бүгінгі таңда тіл арқылы мәдениетті тану лингвомәдениеттану пәнінен бұрын этнолингвистика ғылымында сөз етілген. Лингвистикалық түсіндірме сөздікте: "Этнолингвистика (гректің "этнос" - тайпа, халық, француздың "лингвистика") тілді мәдениетпен, тілді этномәдени және этнопсихологиялық факторлармен байланыстыра қарастыратын тіл білімінің бағыты" деп анықталған (Алматы, 1999, 275) . Қазақ тіл білімінде Қ. Жұбанов тіл арқылы халықтың тағылымдық мұраты этностың әр дәуірдегі ұрпақ өкілдерінің мәдени әрі тілдік мұрасы ретінде сақталатын және тіл мен мәдениетті табыстыратын жаңа саланың дүниеге келетініне сол кездердің өзіңде-ақ болжам айтқаны белгілі: "Орыста қой сөзінің баламасы жоқ. Олардың овца дегені саулық, баран дегені қошқар. Орысша корова - сауын сиыр; рогатый скот - мүйізді мал; толстый дегені+бірде - жуан, бірде - қалың; лощадь - жылқы; бірақ ат, байтал, айғыр емес. Ал біздің ісек, тұсақ, құнан, құнажын, дөнен, дөнежін деген сөздеріміз, басқаларда жоқ. Қазақ синий, голубой, зеленый деген түстердің бәрін көк дейді. Халықтардың тұрмыс қалпы түрлі-түрлі болған соң, олардың ер затқа қоятын аттары да түрлі-түрлі. Тіл ұзақ заман жасалады, бірден өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты.

Этномәдени атаулардағы тілдің кумулятивтік қызметі. Халық өмірі мен мәдениетінің куәгеріне айналған ана тілдің бойыңда сөз байлығын шашаусыз жиып, болашаққа сақтап жеткізетін игілікті қасиеті бар. Бұл қасиет талай ғасырдың қилы тарихын, халықтың рухани және материалды мәдени тіршілігін, дүниетаным мен әдет-ғұрпын, асыл мұрасын тілдің өзінен дарытып, біздің санамызда кумулятивтік (өміршеңдік) қызметі арқылы танылады.

Тілдің ұрпақ үшін қоғамдағы айрықша қасиеті оның ғылым терминімен айтқанда кумулятивтік қызметімен байланысты, яғни ол - тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сақтап, оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын игілікті қасиет".

Куммулятивтік қызметтегі шешендік өнердің мәні. Шешендік өнердің бәлен ғасырлық рухани-мәдени қазынаның ұмытылмай, жоғалмай, көркемдік сапасы мен мазмұндық-танымдық мәнін бұзбай бүгінгі ұрпаққа жеткізетін тіл құдіретін дәлелдейтін феномен деп бағаланғаны белгілі. (В. Радлов, А. Янушкевич, Р. Паллас т. б. ) Қазақ халқы да шешендік өнер арқылы өткен өмірдің рухани байлығын өнеге етіп, сөзбен өріп, нақыштап сақтап, күнделікті тұрмысына қажет сан қырлы зат бұйымдары мен тұрмысының мән-сәніне ат қойып, сырлы сөзге қосып, жыр-дастан мен ән-күйді былай қойғанда әр дәуірдің тарихи сыры ақтарылып, туған тілдің танымдық тұғырын өрістетеді.

Куммуллятивтік қызметтің атауыштық (номинация) мәнінің этномәдени негіздері. Кумулятивтік қасиет тіл білімінде заттардың атауы (номинация) мен олар туралы белгілерден (мотив, уәж) де танылады. Өйткені әр зат деп танылатын атаудың өзінде халықтың тарихи дамуындағы күнкөріс тәжірибесінің ізі, ат қоюдағы ұлттық дүниетанымдық ой-өрісі бейнеленеді. Затты атау (номинациялау) өмірдің шындығын бейнелейтін тіл деректерінің қалпын құрайды, ал, оның аталуына себеп болған жағдайлар (заттың ішкі, сыртқы қасиеттері, халықтық наным-сенім, салт-дәстүрлер) сол заттың айрықша қызметін танытып, өзгелерден ерекшелігін ажыратады. Осыдан кейін ғана ол зат атауға ие болады. Затты танудағы осындай белгілерді уәждер деп атаймыз.

Мысалы, Бір тоғыз сәлемдеме берген екен . . . (Қозы Көрпеш) Бір тоғыз сәлемдеме этноатауының негізіндегі халықтық ұғымының сыры тоғыз санының қасиетін танумен қатар, жұрт өмірінде кең етек алған сыйлық тарту мен айып төлеудегі ғұрыптың ерекше сипатын көрсетеді. "Тоғыз сәлемдеме" - тоғыз түрлі заттан тұратын ерекше жолданған сәлемдеменің түрі болумен қатар, барлықтың, байлықтың белгісінің нышаны. Тіліміздегі "бір тоғыз сәлемдеме" тұрақты тіркесі о баста рухани өмірдің осы көрінісінен туындаса керек. Яғни заттың атауы ең алдымен уәжде қалыптасып, кейіннен сөз арқылы танылады.

Этнографизмдер - мәдениет пен тарихтың, әлеуметтану мен психологияның, мифологияның тілдегі көріністері. Тіл мен мәдениет сабақтастығы. Бұл мәселенің нақты ғылыми болжамының негізін В. фон Гумбольдт, Э. Сепир салып, кейіннен Ресейде А. А. Потебня, С. М. Пешковский, Г. О. Винокур, Р. Якобсон, қазақ ғылымында Ә. Марғұлан, Ө. Жәнібек, Х. Арғынбаев, С. Қасиманов, М. Мұқанов, А. Сейдімбек, Қ. Ахметжанов, Д. Шоқпарұлы т. б. дамытқан, лингвистикалық бағыттың жаңа сапада қайта жаңғыруына байланысты қазақ лингвистикасы өкілдері Қ. Жұбанов, академик Ә. Қайдар, М. Копыленко, Е. Жанпейісов, Р. Сыздық, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова, А. Жылқыбаева т. б. ғалымдар тарапынан да жалғасын табуда

Мәдениет - ғылымның кез келген саласында өзінің нақтылығымен, ғасырлар бойы өз бойына жиңаған мәдени деректерімен, өзінің қалыптасуы мен дамуы барысында өткерген тарихи кезеңдері мен өзіндік мазмұнға ие. Бұл жерде мәдениет пен тіл қатар дамып, бір-біріне тәуелді болыл, ұлт, ұлттық белгілердің көрсеткіш деуге саяды. Осы тұрғыда тіл - әлем мәдениетінің, соның ішінде - ұлт мәдениетінін негізгі көрсеткіші. Өйткені, тілдің қат-қабат қойнауларында бағзы заман мәдениетінің сан қыры сөз етіліп, адамзаттың рухани өсіп-жетілуіне игілік болғаны сөзсіз. Тілдің осындай ерекше қызметін В. фон Гумбольт. "Язык - тесно перплетен с духовным развитием человечества и сопутствует ему на каждый ступени его локального прогресса или регресса, отражая в себе каждую стадию-культуры" деп көрсетеді. Осы пікірлерде біздіңше, тіл мен мәдениет қатысы - тіл мен мәдениет сабақтас және бір-бірімен тығыз байланысты, әрі мәдениет -тілді дамытып, оны айқындайтын факторға айналуының негізі жатыр. Тіл мен мәдениетгің байланысы тіл ғылымында ұлт мәдениеті мен ұлт тарихын, халықтың қоғамдық өмірін бейнелеп қана қоймай, ана тілінің сөздік қоры байлығының көрсеткіші ретінде де танылады. Мәдениеттің негізі халық мәдениетімен сабақтас. Оның сыры сол халықтың ана тілімен көркем екендігін ғалым Е. Жанпейісов өз еңбегінде жан-жақты көрсетеді. Төл лексиканың шынайы да толық табиғатын этнографизмдердің бүгінде жалпыхалықтық қолданыста жоқ кейбір байырғы сөздердің бойынан танимыз. Ол халық тарихымен байланысып, шешімін табады. Бұл байланысты тек этноатаулар бойынан ғана емес, жалпы тіл заңдылығына тән құбылыс деп санасақ, ол туралы ғалым Ф. де Соссюр: "Не вызывает сомнении что язык любой момент своего существования является продуктами истории. Но еще более неприложная исгана состоит в том, что в любой момент своего существования этот исторический продукт представляет собой нечто иное, как компромисс, заключая соглашение с определенными символами, ибо без этого не было бы самого языха", - дсп тусіңдіреді. Тарихтың ақпарат беттерін ақиқаттайтын тілдік этноатаулар - ата-бабаларымыздың көне дәуірдегі тарихына бойлап, сол дәуірдің тілі аркылы тарихи окиғалардың да шынайы куәгері. Мөселен, қазақ халқының ертедегі жаугершілік заманын бейнелейтін аймауыт (асыл болаттан жасалған торлы сауыт), ақкөбе (сауыттың көп түймелі түрі), тобыршықты ендіген (садақ оғының жебесін салып жүретін қалта), торғауыт (оқ өткізбейтін сауыт), бұтырлық (ерекше торлы сауыт) т. б. әскери этнографизмдер немесе көне эпостар тілінің мазмұнында кездесетін батырлардың өз найзасын қанға малып серт етісуі сияқты салттар сан жылдарға созылған қазақ пен қалмақ арасындағы соғыстың тарихи оқиғасының қуәсі.

Тіл мен этнопсихология. Адам мінез-құлқының халық танымындағы сипаты тілдік атаулар арқылы көне жырлар тілінде ерекше жырланады, мысалы "Қыз Жібек" жырында адамдардың әрекеті мен мінез-құлқына қатысты сипатталатын мына үзіндіге тоқталсақ:

- Кім бар? деп бұл күймеде дауыстады,

Ақылын ашуланыпш тауыспады.

Төлеген үш қайтара шақырса да,

Қыз Жібек сөйлесуге намыстанды, - деген жолдардан Төлегеннің ұстамдылығы мен парасаты көрінсе, соңғы тармақтар Жібектің текті жерден өнген тәрбиесін айғақтап тұр, немесе халқымыздың қыз тәрбиелеуде имандылық қасиеттерді ерекше ескеретініне мына жолдар дәлел:

Көрінбей қалсам көкеме,

Бір ұяттық өте ме?

Амандасу үлкен жол,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдің таңбалық сипаты
Тілдің танбалық сипаты туралы ақпарат
Сөз мәдениеті Сөйлеу мәдениеті
Тіл және мәдениет жайлы
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі гендерлік сипаттағы коммуникативтік бірліктер
Бала тілін дамытудың әдістер мен тәсілдері
Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметі
Ғаламның тілдік бейнесіндегі «Қазақ әйелі» концептісі
Қазақ этнопедагогикасының ерекшелiктерi
Баланың тілін дамытуда көркем әдеби шығарманың алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz