Баспасөз релизі


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Баспасөз релизі

Бас Ассамблея 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні есептеуге деп қаулы етті. Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80-жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды.
Қарттар күнінің маңызы аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғызілікті қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектердің мүдделеріне, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару мәселелері болып отыр.
Қазақстан Республикасының Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыруға (қарттығы бойынша зейнетақыға), денсаулық сақтауға, білікті (оның ішінде тегін) заңгерлік көмек алуға және т. б. құқықтарының сақталуына кепілдіктері бекітілген.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қарт адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі қалыптасты, ол зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін (мемлекеттік бөліп тарату және жинақтаушы), мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайына бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды; арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтер көрсетуді және әлеуметік көмек беруді қамтиды.
Қазіргі уақытта Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерін алушылардың саны (әлеуетті құрылымдарды ескере отырып) 1660 мың адам немесе республикадағы жалпы халық санының 11, 1% құрайды.
Мемлекет жыл сайын зейнетақымен қамсыздандырудың ынтымақты жүйесінен төленетін зейнетақы мөлшерін арттыру жөнінде шаралар қабылдауда. Мәселен, 2003 жылғы 1 маусымнан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшерін зейнеткерлердің еңбек үлесіне қарай саралап арттыру жүзеге асырылды. Бұл ретте, ең төмен зейнетақы 5000-нан 5500 теңгеге дейін көбейді. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап республикадағы ең төмен зейнетақы мөлшері 5800 теңгені құрады, ал төленген айлық зейнетақының орташа мөлшері кейінгі жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5 % артты және 8626 теңге құрады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша барлық зейнеткерлерге жұмыс стажына, жалақысының мөлшеріне, есептелген зейнетақы мөлшеріне қарамастан 2005 жылғы 1 маусымнан бастап 3 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы қосымша базалық зейнетақы тағайындалды. Осылайша, қазіргі уақытта ең төмен зейнетақы мөлшері базалық зейнетақы төлемімен қоса алғанда, 9 мың 200 теңгені құрады, ал зейнетақының орташа мөлшері 12 мың теңгеден асты.
Қарт қазақстандықтардың белгілі бөлігі мүгедектігіне, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алады. Үстіміздегі жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 6660 теңге құрады.
Бұдан басқа, көрсеткіштер болған кезде зейнетақы жасындағы адамдар 0, 5-тен 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар алуда. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарында - Кеңестер Одағының Батырлары және Социалистік еңбек ерлері, үш дәрежедегі Даңқ, Еңбек даңқы ордендерінің иегерлері, соғыс мүгедектері мен қатысушылары, соларға теңестірілген адамдар, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері, тыл еңбеккерлері, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар, барлық топтағы мүгедектер, ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнеткерлер, көп балалы аналар мен азаматтардың басқа да санаттары бар.
Республикада 36660 соғыс мүгедектері мен қатысушылары тұрады. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің алпыс жылдығына ардагерлерді материалдық қолдауға және құрметтеуге алты жарым миллиард теңге бөлінді. Соғыс мүгедектері мен қатысушыларына 30 мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар 15 айлық есептік көрсеткішке (ағымдағы АЕК - 971 теңге) дейін көбейтілді, ТМД елдері бойынша теміржол көлігімен тегін жүріп-тұру жеңілдігі берілді. Соғыс жылдары тылда жұмыс істеген ардагерлерге 1 АЕК мөлшерінде ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлемі енгізілді, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті мемлекеттік басқару органдары белгілейтін мөлшерде материалдық қолдау көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1240 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыруды одан әрі жетілдіру, зейнетақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді кезең-кезеңімен арттыру жүргізілетін болады.
Қазақстанда 2005 жылғы сәуір айында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы жаңа заң қабылданды. Заң мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын нақтылайды және жүйеге келтіреді. Онда мүгедектердің әлеуметтік қорғауға, қоғамға кірігуге, ақпаратқа, білімге қол жеткізуге, денсаулық жағдайын ескере отырып, қызмет түрін еркін таңдауға, тегін медициналық көмекке, кәсіби даярлауға және қайта даярлауға, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға құқықтары белгіленген. Сондай-ақ, заңда мүгедектерге медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүргізу жөніндегі нақты іс-шаралары жазылған.
Қазіргі уақытта егде жастағы адамдарға медициналық айғақтамалар бойынша техникалық көмекші (компенсаторлық құралдар) және арнайы жүріп-тұру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық Банктің ақша айналысын бақылау
Еңбекақы туралы жалпы түсінік
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Қазақстанның бағалы қағаздар рыногының ағымдағы жай-күйі
ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ШАРАЛАРЫ
Инфляцияның теориялық аспектілері
Инфляция типтері
Нарықтағы бәсекелестік
Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары
3D STUDIO MAX
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz