Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірдің демократиялық бастамаларының дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.Тарау. Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстарды заңды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

1.1 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстардың объективтік белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстардың субъективтік белгілері ... ... ... ...17
1.3 Адамды кепілге алу құрамының дәрежеленген түрлері ... ... ... ... ... ... ... 27


2.Тарау. Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстарды ескерту ... ... 45

2.1 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстардың көрініс алуына ықпал ететін себептер мен шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
2.2 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстарды ескерту бойынша шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... 72

Қосымшалар.
Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірдің демократиялық бастамаларының дамуы жалпы адамзаттық басымдылықты болжайды, бәрінен бұрын, жеке адамның өмірі, денсаулығы, бостандығы, қадір-қасиеті, құқықтары және мүдделері.
Біздің еліміздің Конституциясының 1-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары». Осыған байланысты, адам құқықтары мемлекет тарапынан сенімді қорғалуы тиіс. Сондықтан, қоғамда түбегейлі өзгерістер болғанда оның бірінші іс-әрекеті – адамның құқықтары, бәрінен бұрын оның өмірге және бостандыққа құқығын қорғайтын шешімдер қабылдауы кездейсоқ емес.
Қоғамдық қауіпсіздікке қолсұғушылықтармен күрес маңызды орын алады және көбіне қылмыстық заңды дұрыс қолдануға байланысты. Қылмыстық-құқықтық реттеу механизімін жетілдіру, біріншіден норма шығармашылық, яғни жаңа қазір қолданыстағы қылмыстық-құқықтық нормаларды жетілдіру, екіншіден құқық қорғау органдарының қызметінде заңдылықты нығайту мақсатында осы нормаларды қолдану тәжірибесін жетілдіру болып табылады. Криминологияда қылмыстардың себептері мен шарттарына ықпал ететін ескерту кешендерін қамтитын бүтіндей теория қамтылған.
Нормативтік құқықтық актілер
1. Статистический отчет о зарегистрировнных преступлениях и результатах деятельности органов уголовного преследования (по данным Ц(Д)ПСиИ при Генеральной прокуратуре РК)
2. Устав Всемирной организации здравоохранения. /Сборник международных документов. – Москва: Юрист, 2000
3. Закон РК от 26.06 1998г. «О национальной безопасности» // Казахстанская правда. 1998. 30 июля.
4. Закон РК «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» от 30 декабря 1998 г.
5. Постановление Пленума Верховного Суда РК от 21 июля 1995 года, № 4 «О судебной практике по делам и хищении огнестрельного оружия, боевых припасов, вооружения и взрывчатых веществ, незаконном приобретении, ношении, хранении или сбыте их и небрежном хранении огнестрельного оружия » // Постоновления Пленумов Верховного Суда РК 1992-1996 гг.: Уч.пос.- Алматы, 1997.
6. Постановление Пленума Верховного Суда РК от 23 декабря 1994 г. №7 с изменениями, внесенными постановлением Пленума от 20 деабря 1996г. №1. «О применении судами законодательства регламентирующего ответственность за посягательство на жизнь и здоровье»
Арнайы әдебиеттер
7. Ахметов Б.И. Уголовно-правовая борьба с вымогательством: (Учебное пособие). – Алматы: ОНИ и РИР Алматинского юридического института МВД Республики Казахстан, 1998.
8. Аванесов Г.А. Криминология. – М., 1984.
9. Бурчак Ф.Г. Соучастие: социальные, криминологические и правовые проблемы. – Киев, 1986.
10. Владимиров В.А. Некоторые уголовно-правовые аспекты профилактики правонарушений в развитом социалистическом обшестве. М., 1982.
11. Гришаев П.И., Кригер Г.А. Соучастие по уголовному праву. – М.: Госюриздат, 1959.
12. Дагель П.С., Котов Д.П. Субъективная сторона преступления и ее установление. Воронеж, 1974.
13. Дубовец П.А. Ответственность за телесные повреждения по советскому уголовному праву. – Москва: Юрид. Лит., 1964.
14. Каиржанов Е.И. Криминология. Общая часть: Учебник для юридических вузов. Издание второе, переработанное и дополненное. – Алматы: Оркениет, 2000
15. Каиржанов Е.И., Накипов Б., Рецидивная преступность: состояние и профилактика. Алматы. 1996.
16. Каиржанов Е.И. О соотношении объекта, предмета и средства преступления.
17. Каиржанов Е.И. Интересы трудящихся и уголовный закон. – Алма-Ата «Казахстан», 1973.
18. Каиржанов Е.И. Причинность в криминологии. Алматы, 2002.
19. Котова Н.К. Виктимологические проблемы тяжких агрессивно-насильственных преступлений: Автореф. дис. канд. – Алматы, 1999.
20. Криминология: Учебник для ВУЗов / Под общей редакцией д.ю.н., профессора А.И. Долглвой. – М.: НОРМА-ИНФРА, 1999.
21. Криминология. М.: Юридич. лит., 1976.
22. Кудрявцев В.Н. Генезие преступления. Опыт криминологического моделирования: Учеб. пособие. – Москва: Издательство группа «ФОРУМ-ИНФРА-М», 1998.
23. Кудрявцев В.Н. Объективная старана преступления. М., 1960.
24. Кудрявцев В.Н. Основы квалификации преступлений. М, 1972.
25. Курманов К.Ш. Квалификация преступлений: Теория и практика. Учебное пособие. / Б. Издательский дом «Наука и образование». 2001.
26. Куц Н.Т. Преступления против общественного порядка и общественной безопасности. Киев: Научно-исследовательский и редакционно-издательский отдел КВШ МВД СССР, 1974.
27. Макуха А.Д. Хищение либо вымогательство оружия, боеприпасов, взрывчатых веществ и взрывных устройств: Учебное пособие. – Алматы: Академия экономики и права, 2001. С. 6-7.
28. Манаенков В.Г. Уголовно-правовая, криминологическая характеристика и предупреждение умышленных тяжких телесных повреждений. – дисс. ... к.ю.н., М., 1991.
29. Макаренко А.С. Проблемы школьного воспитания // Соч. В тт. Т. 5. М., 1951.
30. Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т. 1.
31. Малков В.Д. Преступления против общественной безопасности, общественного порядка и здоровья населения: Учебное пособие. М.: Высшая школа МВД СССР, 1970.
32. Михлин А.С. Последствия преступления. – Москва:Юрид.лит., 1969
33. Молдабаев С.С. Проблемы субъекта преступления в уголовном праве Республики Казахстан. – Алматы: ТОО «Аян Эдет», 1998.
34. Нарикбаев М.С. Борьба с насильственными преступлениями. // Вестник Верховного Суда Республики Казахстан, 1995, №3.
35. Норман Коупленд. Психология и солдат. М., Воениздат. 1960.
36. Нуртаев Р.Т. Виктимологические проблемы воздействия на преступность // Предупреждение преступности. № 1. 2001.
37. Понятие советской криминологии. М., 1985.
38. Рустемова Г.Р. Правомерный медецинский риск как обстоятельство, исключающее преступность деяния / Борьба с преступностью в Казазстане: вопросы теории и практики: - Алматы: НИиРИО Алматинской высшей школы МВД РК, 1998.
39. Рустемова Г.Р. Проблемы борьбы с преступлениями в сфере медецинского обслуживания населения. – Алматы: Академия МВД РК 1999.
40. Сергиевский В.А., Рахметов С.М. Квалификация преступлений. – Алматы: Оркениет, 1999.
41. Ситковская О.Д., Конышева М.М. Новые направления судебно-психологической экспертизы. Справочное пособие. М.: ООО Издательство «Юрлитинформ», 2000.
42. Советское уголовное право. Общая часть. М., 1977.
43. Трайнин А.Н. Учение о соучастие. – М.: Юридическое издательство НКЮ СССР, 1941.
44. Уголовное право. Общая часть. Под ред. Рогова И.И., Рахметова С.М. – Алматы: Правовая инициатива, 2005.
45. Уголовный кодекс Республики Казахстан – общая харатеристика (в сравнении с УК Казахской ССР). Практическое пособие - Алматы: Баспа, 1997.
46. Устинов В.С. Методы предупредительного воздействия на преступность: Учеб. Пособие. – Горький: ГВШ МВД СССР, 1989.
47. Уголовное право. Общая часть.: Учебник // Под ред. Колодкина Л.М. – М.: МИ МВД России, 1997.
48. Уголовному кодекс РК коментарий / Отв. ред Рахимжанова, - Караганда: РГК ПО «Полиграфия», 1999. – С. 89.
49. Уголовно-правовые нормы, поощряющие посткриминальное поведение. Звечаровский И.Э. Иркутск
50. Юрченко Р.Н., Нарикбаев М.С., Алиев М.М. Актуальные вопросы приминения нового уголовно- процессуального законодательства Республики Казахстан. Алматы 1999.
51. Учебник. Криминология и профилактика преступлений. Под ред. докт. юрид. н. А.В. Андреева М.: МВШМ МВД СССР, 1998.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1-Тарау. Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстарды заңды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

1. Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстардың объективтік
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2. Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстардың субъективтік
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3. Адамды кепілге алу құрамының дәрежеленген
түрлері ... ... ... ... ... ... ... 27

2-Тарау. Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстарды ескерту ... ... 45

2.1 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстардың көрініс алуына ықпал
ететін себептер мен
шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...45
2.2 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстарды ескерту бойынша
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..72

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76

Кіріспе
2.1 Тақырыптың өзектілігі. Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық
өмірдің демократиялық бастамаларының дамуы жалпы адамзаттық басымдылықты
болжайды, бәрінен бұрын, жеке адамның өмірі, денсаулығы, бостандығы, қадір-
қасиеті, құқықтары және мүдделері.
Біздің еліміздің Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі,
денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары. Осыған байланысты, адам
құқықтары мемлекет тарапынан сенімді қорғалуы тиіс. Сондықтан, қоғамда
түбегейлі өзгерістер болғанда оның бірінші іс-әрекеті – адамның құқықтары,
бәрінен бұрын оның өмірге және бостандыққа құқығын қорғайтын шешімдер
қабылдауы кездейсоқ емес.
Қоғамдық қауіпсіздікке қолсұғушылықтармен күрес маңызды орын алады
және көбіне қылмыстық заңды дұрыс қолдануға байланысты. Қылмыстық-құқықтық
реттеу механизімін жетілдіру, біріншіден норма шығармашылық, яғни жаңа
қазір қолданыстағы қылмыстық-құқықтық нормаларды жетілдіру, екіншіден құқық
қорғау органдарының қызметінде заңдылықты нығайту мақсатында осы нормаларды
қолдану тәжірибесін жетілдіру болып табылады. Криминологияда қылмыстардың
себептері мен шарттарына ықпал ететін ескерту кешендерін қамтитын бүтіндей
теория қамтылған.
2.2 Ғылыми жаңалығы. Қылмыстық құқық теориясында аз зерттелген
мәселелердің санына жекелеп алғанда, кепілге алған үшін қылмыстық
жауаптылық проблемасы Қазақ КСР-ның 115-1 бабында заңшығарушы Адамды басып
алу немесе кепіл ретінде ұстау үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының ҚК-ң 234-бабында заңшығарушы
адамды кепілге алғаны үшін жауаптылықты көздейді.
ҚР ҚК-ң 234-бабымен көзделген қылмыстардың бөлігі қылмыстардың жалпы
санына мына төмендегідей мәліметтерді көруге болады: 2002-жылы (141440) –
0,004% (6); 2003-жылы (138198) – 0,011% (15); 2004-жылы (150790) – 0,004%
(6); 2005-жылыы (152168) – 0,003% (4).1
Адамды кепілге алу туралы мәселенің күрделілігі мен маңыздылығына
қарамастан, бұл қылмыстық құқықтық Ерекше бөлімдегі ең аз өңделген
мәселелердің бірі.
Қазіргі уақытта тәжірибеде адамды кепілге алумен байланысты әртүрлі
қылмыстар жасаған адамдарды іс-әрекеттерін дәрежелеуде қиындықтар туындайды
және осыған байланысты, сот тәжірибесімен шығарылған адамды кепілге алу
секілді қылмыстық қолсұғушылықтармен күрес мәселелері теориялық зерттеулер
маңызды мәнге ие болады.
2.3 Ұсынылған нәтижелердің ғылыми маңыздылығы. Қазіргі Қазақстан
қоғамында адамды кепілге алу қаупі орасан зор. Ол, адамды кепілге алу
адамның жеке басының бостандығына қол сұғатын зорлық-зомбылық қылмысы болып
табылуымен анықталады.
Адамды кепілге алу үшін жауаптылықты көздейтін қазіргі қолданыстағы
ҚР ҚК-ң 234-бабының талдануы және оны қолдану тәжірибесі, сондай-ақ осы
әрекетті ҚР ҚК-ң басқа баптарымен дәрежелеу сұрақтары арнайы зерделеуді
және өңдеуді талап ететін бірқатар мәселелерді шығарады. Жекелеп алғанда,
қылмыс субъектісінің қасақаналық жағдайын сипаттайтын ниетін
бағытталғандығын, қылмыстың себептері мен мақсаттарын анықтауға байланысты
жасалған әрекетті дәрежелеуде едәуір қиындықтар туындайды. Сондықтан да
алдын алу және ескерту шараларының тиімділігін арттыру мақсатында
құқыққорғау органдарының қызметін жетілдіру аса маңызды қажеттілік.
2.4 Нәтижелердің дәйектілігі. Адамды кепілге алған үшін
қылмыстық жауаптылық проблемаларын зерттеуге Т.Г. Даурова, П.А.
Дубовец, Н.И. Загородникова, А.С. Никифоров, М.Х. Рустамбаев, И.Д.
Самолюк, А.П. Филипов, М.Д. Шаргородский сияқты ғалымдар елеулі үлес
қосты.
Қазақстан Республикасында қарастырылып отырған мәселенің
жекелеген аспектірлері А.Н. Ағыбаевтың, Б.И. Ахметовтың, З.О.
Ашитовтың, К.А. Бегалиевтің, Б.С. Бейсеновтың, И.Ш. Борчашвилидің, С.Я.
Булатовтың, А.А. Исаевтың, Е.И. Қайыржановтың, И.В. Корзунның,
А.Д.Макуханың, С.С. Молдабаевтың, М.С. Нәрікбаевтың, Р.Т. Нұртаевтың, Г.Ф.
Поленовтың, С.М. Рахметовтың, Г.Р. Рүстемованың, В.А. Сергеевскийдің, Д.С.
Чукмаитовтың және басқа авторлардың еңбектерінде зерттелген.
Сот практикасын зерделеу мен қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық
тәртіпке қарсы, жекелеп алғанда қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарды,
нақтырақ адамды кепілге алуды тергеу кезіндегі проблемалы мәселелер адамды
алумен күрестің заңдық реттелуі әрі қарайғы жетілдіруді талап етеді. Адамды
кепілге алуды ескертудің, және де алдын алудың тиімді шараларын өңдеу
қылмыстық-құқықтық заңды реформалау процесінде едәуір роль ойнайтын еді.
Мұның барлығы, біздің ойымызша адамды кепілге алған үшін қылмыстық
жауаптылықтың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін
зерттеудің өзектілігін шарттастырады.
Магистрлық жұмыстың мақсаты болып адамды кепілге алу секілді
қылмыстың нормасын жетілдіру және оны құқық қорғау органдарының
қызметкерлерінің тәжірибесінде қолдану тиімділігін жетілдіру жолдарын
теориялық тұрғыда анықтау, сондай ақ адамды кепілге алуды ескерту бойынша
алдын алу шараларын жетілдіру бойынша ұсыныс сипатындағы тұжырымдарды жасыу
және енгізу болып табылады.
Зерттеудің нормативтік базасын мыналар құрайды: Қазақстан
Республикасының Конституциясының нормалары, Қазақстан Республикасының
қылмыстық, қылмыстық-атқарушылық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық құқықтық
заңдар. Сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Сот Пленумының қаулылары.
Магистрлық жұмыс кіріспеден, өзіне 5 бөлімше қосатын екі бөлімнен
тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен
және қосымшадан тұрады.
2.5 Тәжірибелік маңыздылығы. Адамды кепілге алу қылмыстарымен
күрестің теориясы мен практикасын, қоғамдық қауіпсіздікті қорғау
саласындағы нормативті актілердің талдауын ескере отырып көрсетілген
қылмыстармен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық
проблемаларының жүргізілген ғылыми зерттеуі келесі қорытындылар мен
ұсыныстар жасауға жол береді:
1. Конституциялық ережелердің бірі, адам мемлекеттің ең қымбат
қазынасы болып табылады, ал оның құқықтарын, бостандықтарын және
мүдделерін ешкім ала алмайды деп айтады, соған байланысты жеке
адамның мүдделерін - өмірі мен денсаулығы қылмыстық-құқықтық қорғау
қылмыстық заңмен реттелетін қоғамдық қатынастардың арасынан маңызды
орын ала отырып, қылмыстық заңның ерекше бөлімінің бірінші
тарауымен реттеледі.
2. Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау саласындағы қоғамдық
қатынастарды зерттеу, жекелеп алғанда, адамды кепілге алу
жағдайларында зерттеліп отырған қылмыс контекстісінде қылмыстық-
құқықтық қорғау объектісі болып қоғамдық қауіпсізідк таныла
алатындығын көрсетті.
3. Адамды кепілге алудың құрамы объективті жағы адамды кепіл
ретінде құқыққақарсы басып алуда немесе ұстап тұруда көрінеді және
келесі белгілермен сипатталады: қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет
немесе әрекетсіздік) .
4. Адамды кепілге алудың құрамы формалды болып табылады, яғни
берілген бап бойынша дәрежелеу үшін зиянды зардаптардың келуі
міндетті емес.
5. Адамды кепілге алу субъективті жағынан тікелей қасақаналық
нысанындағы кінәмен, және мемлекетті, ұйымды немесе азаматты кепілді
босату шарты ретінде қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе
қандай да бір іс-әрекет жасаудан ұстануға мәжбүр ету мақсатымен
сипатталады.
6. Адамды кепілге алудың субъектісі болып 14 жасқа толған
тұлға табылады. Одан басқа, адамды кепілге алудың субъектісі келесі
белгілерге ие болуы тиіс: жеке тұлға, есі дұрыс болып табылуы
тиіс.
7. Адамды кепілге алған үшін қылмыстық жауаптылықтан босату
шарты ретінде келесі мән-жайлар шығады: кепілді өз бастамасы
бойынша немесе билік органдарының талаптары бойынша босатудың өз
еріктілігі; кінәлінің іс-әрекеттерінде басқа қылмыс құрамының
болмауы.
8. Адамды кепілге алудың (ҚР ҚК-ң 234-б.) адам ұрлаудан (ҚР
ҚК-ң 125-б.), бас бостандығынан заңсыз айырудан (126-б.) объективті
және субъективті белгілер бойынша жүргізіледі.
9. Адамды кепілге алудың жай-күйінің, динамикасының және
құрылымының криминологиялық талдауы бірінші кезекте әлеуметтік-
экономикалық факторлармен байланысты кейбір себептерге нұсқауға
мүмкіндік береді.
10. Адамды кепілге алуды жасауға ықпал ететін шарттар болып
халықтың құқықтық санасының және құқықтық мәдениетінің қатысы
төменгі деңгейі; өқұқықтық білімдердің жеткіліксіз насихаты, сол
сияқты заңдылықты жетілмегендігі танылады.
11. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға, жекелеп алғанда
адамды кепілге алуға әсер етудің қылмыстық-құқықтық құралдарының
тиімділігінің жоғарылату мақсатында алдын алушылық сипаттағы
шаралардың келесі жүйесі өңделген:
- қылмыстардың әлеуметтік алдын алуының жалпы жүйесіндегі
учаскелік инспекторлардың, тергеушілердің және анықтау органдарының
қызметкерлерінің алдын алушылық қызметінің негізгі бағыттары мен
құрылымы белгіленген;
-адамды кепілге алудың алдын алуының құқықтық және
ұйымдастырушылық негіздері, құқыққорғау органдарының басқа мемлекеттік
органдармен және қоғамдық құрылымдармен өзара әрекет етуін
қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар анықталады.
12. Жұмыста ұжымды басқарудың мейлінше өзекті аспектілері
қарастырылған, ұжым құрылымының психологиялық талдауы келтірілген,
басшының тұлғалық ерекшеліктерін және оның жұмысының ұйымдастырушылық
принциптерін сипаттайтын басшылық етудің жеке-дара стилі мәселелері
айқындалған. Және басшылық ету психологиясы бойынша алдыңғы тәжірибе
мен ғылыми зерттеудің жинақталу негізінде басқару процесінің
тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстар беріледі.
Қылмыстық заңға ұсынылған нақтылауларды, толықтыруларды және
өзгертулерді енгізу қоғамдық қауіпсіздікті, жеке адамды, қоғамды
және мемлекетті қорғау бойынша қылмыстық-құқықтық нормалардың
тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Адамды кепілге алған үшін
жауаптылықты көздейтін қылмыстық-құқықтық норманы жетілдіру проблемасы
әрі қарайғы өңдеуді талап ететіні сөзсіз.

1-Тарау. Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстың заңды талдауы
1.1 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстардың объективтік
белгілері
Қылмыс объектісінің проблемасы қылмыстық – құқықтық доктринада
(ғылымда) бастапқылардың бірі болып табылады.
Объект құрамының міндетті элементтерінің бірі болып табылады,
сондықтан объектісіз қылмыс жоқ. Қылмыстық заңмен қылмыс ретінде көзделген
кез келген қоғамға қауіпті белгілі бір объектіге қолсұғады.
Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және құқықтық
табиғатын, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың нысандары мен
шектерін меңгеруге көмектеседі.
Объектіні анықтау қылмыстардың ұқсас құрамдардың бір-бірінен,
қылмыстық әрекетті қылмыстық еместен шектеуге мүмкіндік береді. Одан басқа
кез-келген әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі қандай объект
қолсұғушылыққа душар болғандығынан елеулі мөлшерде тәуелді, сондықтан
қолданыстағы қылмыстық заңда қылмыстық заңмен көзделген қайсы бір
әрекеттің белгілері формальды болса да бар іс-әрекет немесе әрекетсіздік,
бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес қылмыс болып
табылмайды деп көрсетілген.16. 173-174
Заң әдебиетінде жалпы қабылданған көзқарасқа сәйкес қылмыстық-
құқықтық қорғаудың объектісі немесе объектісі немесе қылмыс объектісі болып
қоғамдық қатынастар болып табылады.
Сол немес басқа қылмысты жасай отырып, кез келген тұлға қоғамдық
қатынастардың сол немесе басқа бір элементтеріне қол сұғады, олардың өзара
байланысын бұза отырып, сонымен қатынастардың қатысушыларының мүдделеріне
тікелей немесе жанама едәуір зиян келтіретін.
Қоғамдық қатынастардың барлығы қылмыстық заңмен қорғала бермейді,
тек заңшығарушы позициясынан анағұрлым құнды (бағалы) саналатындар
ғана.16.185
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-ші бабы қылмыстық-
құқық саласымен реттелетін анағұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды
анықтайды: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және маңызды
мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін, қоғамдық тәртіп
пен қауіпсіздікті қоршаған орта Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысы мен аймақтық тұтастығын, заң мен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің
мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың
қауіпсіздігін қорғау, сол сияқты қылмыстарды ескерту.
Бірақ қазіргі уақытта қылмыстық құқық проблемаларына жаңа
келістердің (әдістемелердің) ескерілуімен, бірінші орынға жалпы адамзат
құндылықтарын қорғау қойылған кезде, қылмыс объектісі түсінігіне тек
қоғамдық қатынас секілді дәстүрлі келіс (әдістеме) қанағаттандырарлық бола
алмайды.27. 6-7
Адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті әр
түрлі игіліктер, жеке тұлғаның құқықтары, бостандықтары және мүдделері
қылмыстық-құқықтық қорғаудың объектілері бола алады.
Қылмыстық құқық ғылымында объектілерді үш сатылы жіктеу туралы
теория шығарылған; жалпы тектік (топтық) немесе арнайы және тікелей.
Осында қылмыстың жалпы объектісі деп оларды бұзғаны үшін қылмыстық
жауаптылық көзделген барлық қоғамдық қатынастарды (жиынтығын), тектік
(топтық), немесе арнайы объекті деп – олардың біртектілік белгісі немесе
белгілі бір салада болуы бойынша қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі
немесе тобын түсінеміз. Сондықтан заң әдебиетінде қылмыстық-құқықтық қорғау
объектісінің мазмұны мүдде түсінігі арқылы да ашылады – белгілі бір жеке
тұлғаның, қоғамның, ақырында бүтіндей мемлекеттің мүддесі.
Мүдде – бұл сол қоғамдық қатынастар, бірақ оның анағұрлым нақты
көрінісі. Тасушылармен (субъектілермен) және олардың мүдделерімен
арасындағы қатынассыз қоғамдық қатынастар жоқ және бола алмайды. Нақты
тұлға (адам) осында осы барлық қатынастардың өзінше бір материалдық
субстраты (өткізушісі) болып табылады, басқа адамдармен көп түрлі
байланыстарға түсе отырып өзінің жеке-дара қызметінде (әрекетінде) іске
асырады. Сондықтан қоғамдық қатынас мүдде туралы мүдде өзінің тасушысына
яғни қоғамдық қатынастардың қатысушысына қалай (қатынасса) қарайды тек
сонымен байланысты айтуға болады және қажет.
Мүдде тек өзінің тасушысы (субъект) ғана емес, бірақ өз объектісі
де бар – сол жөнінде мүдденің субъектілері (тасушылары) арасында
байланыстар (қатынастар) бар әлеуметтік құнды игілік (материалдық немесе
идеалдық).
Бұдан артық, мүдделер қоғамдық қатынастардың нақты көрінісі бола
тұрып, белгілі бір құқықтық нысанда – қабыршақта шығуы тиіс, әйтпесе олар
қылмыс объектісін құрмайды. Бұзылған норманы немесе заңды, олармен
қорғалатын қоғамдық қатынастарды үздікте алуға болмайды. Қылмыскер өзі
құқықтық нұсқауды (әмірді), тыйымды бұза отырып, объектіге қол сұғады.
Мүддені мұндай түсіну жалпы және тектікті (топтық) ғана емес,
сонымен қоса тікелей деп аталатын қылмыс объектісін анағұрлым нақты
түсінуде маңызды роль ойнайды.16. 176-178
Әлеуметтік құндылық секілді абстрактты мүдде қоғамды тіпті өмір
сүрмейді. Мысалы, билік, сол немесе басқа қоғамда кімге тиесілі өз
тасушысыз (субъекті) өздігінен құқықтық қорғаудың объектісі секілді қандай
да бір әлеуметтік (саяси) құндылық ала алмайды. Мүлікке, өмірге,
денсаулыққа, абыройға және ар-намысқа қатысты да осыны айтуға болады. Олар
қылмыспен бұзылуы мүмкін және сондықтан қолсұғылмайтын болып жарияланатын
әлеуметтік игіліктердің (құндылықтардың), сол немесе басқа түрлері секілджі
мүдделер, барлық жағдайларда өздерінің белгілі бір тасушыларына –
қожайындарына тиесілі.17. 53
Сонымен, қылмыс жасау кезінде қылмыскер ҚР ҚК-ң 2-бабында
көрсетілген қылмыстық-құқықтық қорғаудың сол немесе басқа объектісіне қол
сұғады.
Бір тарауға біріктірілген қылмыстық кодекстің нормалары бір текті
объектілерді қорғайды, мысалы, 1-тарау – жеке адамның мүдделерін : өмір
және денсаулықты, 9- тарау – қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті.
Бұл қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі кінәлі жасаған әрекетінің
құқыққа қарсы екендігін ұғынатындығымен анықталады (сезеді) себебі оған
олардың құндылығы жақсы белгілі игіліктерге қол сұғады.
Қылмыс объектісі болып тек қылмыстық заңның қорғауына қойылған
қоғамдық қатынастар ғана шығады.
ҚР ҚК-ң 234-бабын бойынша объект болып қылмыстық заңмен қорғалатын
қоғамдық қатынастар табылады, яғни жеке адамның құқықтарын, бостандықтарын
және заңды мүдделерін, тікелей алғанда қоғамдық қауіпсіздікті қорғау
саласындағы қатынастарды қорғау бойынша қатынастар. Оған кепіл болып
қалған адамдардың өмірі мен денсаулығын, сол сияқты бостандығын
қауіпсіздігін қосу керек.
Адамның кепілге алудың дәрежеленген түрлерінде қосымша тікелей
объект ретінде адамның денсаулығы мен өмірі шығады.
Адамды кепілге алудың тектік (топтық) объектісі болып қоғамдық
қауіпсіздік табылады. Тектік объектінің мазмұны ҚР ҚК-ң Ерекше бөлімінің 9-
тарауының атауынан шығады.
Қауіпсіздік туралы осы әдеттегі түсінілуімен айтсақ, бәрінен бұрын
қауіптің жоқтығы айтылады.
ҚР ҚК-ң Ерекше бөлімімен берілген қоғамдық қауіпсіздікке және
қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар 9-тараудың атауында қолсұғушылықтың
тектік объектісі секілді қауіпсіздік қатынасын сипаттау үшін заңшығарушы
қоғамдық анықтамасын қолданады, яғни мұнда барлық қоғам және оның
мүдделері үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы сөз болып отыр.
Заңның және соттық практиканың талдауы белгілі бір қоғамдық
қауіпсіздікті қорғау қажеттілігі жұмыстар тобын (түрін) орындау кезінде
туындайды; жалпы қауіпті заттармен, нәрселермен және сол сияқты жұмыс
істеуде, яғни қоғамдық қауіпсіздік қатынастары өздерінің бір жағынан
пайдалы қасиеттері бар, ал екінші жағынан қауіпсіздіктің арнайы ережелерін
бұзғанда әр түрлі әлеуметтік құндылықтарға зиян келтіретін қабілетке ие
заттарды, нәрселерді және өндірістік процесстерді пайдалануды қоғамда
туындайды және өмір сүреді (бар).
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік туралы Заңы Қазақстан
азаматтарының өмірінің, денсаулығының және ахуалының, сол сияқты
Қазақстан қоғамның құндылықтарын оларға залал келтіруге қабілетті
мүмкін болатын қауіптермен қорқытулардан (қатерлерден) қорғалғандық
жағдайы секілді қоғамдық қауіпсіздік түсінігін береді.3 Қоғамдық
қауіпсіздік қатер төну мен оларды қылмыстық-құқықтық қамтамасыз ету
проблемасы өздерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
адамның еңбегімен жаратылған азаматтарда материалдық әлемнің көптеген
заттары болғандықтан нақты шындықта өмір сүреді (болады). Олармен
құқыққайшы немесе бақылаусыз иелік еткен жағдайларда немесе олармен
қолданудың белгілі бір ережелерін бұзғанда бұл заттар қоғамға едәуір зиян
келтіруі және ол үшін өзімен потенциалды қатер білдіруі мүмкін.
Құқық қорғау органдарына адам және азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және
басқа құқыққа қарсы қолсұғушылықтарды ескерту, тыю жолмен қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелген.
Заң әдебиетінде кейбір авторлар қоғамдық қауіпсіздікке өз
анықтамаларын береді. В.Д.Маликов бұл түсінікті аша отырып қоғам үшін
қауіптің жоқтығы, яғни қандай да бір қиратушы күштің іс-әрекетінен өмір,
денсаулық, қоғам мүшелерінің мүлкі үшін тіленбейтін зардаптардың келуінің
қолаңсыз мүмкіндігінің жоқтығы туралы айтады.77
Н.Т. Куц қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға жалпы анықтама
бере отырып ... өздерінің соңынан ауыр зардаптар (азаматтарын
денсаулығына зиян, адамды құрбандар, ірі материалдық залал және басқалар)
әкелетін жоғары қауіпті қайнар-көздермен жұмыс істеу (қолдану) ережелерін
қоғамға қауіпті бұзу. Жоғары қауіпті қайнар-көздер... атыс және суық
қару, жарылғыш заттар ... бола алады деп таниды.26. 5
Барлық берілген анықтамалар қоғамдық қауіпсіздіктің мәнін азды-
көпті көрсетеді. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар мен басқа
әрекеттердің арасында қоғамдық қауіпсіздікке қолсұғушылық қылмыстардың
ерекше тобын шарттандырған қолсұғу объектісінде едәуір айырмашылықтар бар.
ҚР ҚК-ң 9-тарауының тектік объектісі болып қоғамдық қауіпсіздік,
яғни негізгі анағұрлым (мейлінше) маңызды қоғамдық мүдделерді – жеке
тұлғаны, қоғамдық тыныштық пен қауіпсіздіктің қолсұғылмаушылығы,
мемлекеттік органдардың қызмет етуінің дұрыс режимі (қалыпты тәртібі),
күзет пен қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы
табылады.
Егер Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйесінде қылмыс орнын
анықтау үшін тектік объектінің аса маңызы болса, онда тікелей объект
нақты қоғамдық қатынастардың сипатын ашуға, қылмыстың айрықша бір
ерекшеліктерін анықтауға жасаған әрекетке дұрыс дәрежелеу беруге
мүмкіндік береді.
Негізгі тікелей объектінің қоғамға қауіпті әрекеті дәрежелеу үшін
шешу маңызы бар. Тікелей объекті қылымстардың берілген тобының тектік
объектісімен үнемі сәйкестікте болады, оған құрамдас компонент ретінде
кіреді
Берілген норманы жарата отырып, заңшығарушы қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге ұмтылады, себебі қарастырылып отырған қылмыс нақ осы
қатынастарға бәрінен бұрын зиян келтіреді.
Нақты өмірде әртүрлі қоғамдық қатынастар өзара тығыз
шырмалғандықтан, қатынастардың бір тобына қолсұғу сабақтас (аралас)
қоғамдық қатынастардың бұзылуын өте жиі әкеледі.24. 157 Сондықтан
бізбен қарастырылып отырған қылмыста басқа қоғамдық қатынастарға да қол
сұғады. Бірақ берілген норманың мақсаттары мен міндеттеріне қатысты бұл
қоғамдық қатынастар заңмен тек жол жөнекей қорғалады, яғни негізгі
тікелей объектіге қол сұғушылық жасаған кезде олар зиян келтіру қаупіне
сөзсіз қойылатындықтан.42. 119
Қарастырылып отырған қылмыстар қоғам үшін қауіпті; оларды жасау
кезінде қылмыскерде азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолсұғушылық
жасау мүмкіндігі пайда болуы себепті де білдіреді.
Қоғамдық қауіпсіздік азаматтардың қоғамдағы мінез-құлығының сондай
жүйесін болжайды, оның кезінде адамдардың көп не аз санының өмірінің
немесе денесінің қолсұғылмаушылығының қатері жойылады.
Келтірілгенге қорытынды жасай отырып, біздің пікірімізше келесі
анықтаманы тұжырымдауға (құрастыруға) болады: қоғамдық қауіпсіздікке қарсы
деп өмір мен денсаулықты қорғауды қамтамасыз ететін қатынастарға, меншік
қатынастарына, негізгі мейлінше маңызды қоғамдық мүдделердің
қорғалғандық жағдайына зиян келтіретін, қоғамдық қауіпсіздікке қол
сұғатын қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауіпті әрекеттерді түсіну
керек.
Адамды кепілге алудың мәнін дұрыс түсіну, басқа түрлерден шектеу
үшін, мысалы адам ұрлаудан, бас бостандығынан заңсыз айырудан, дұрыс
дәрежелеуде ҚР ҚК-ң 234-бабымен көзделген қылмыстық объективті жағын
дәл түсіну рөлі бағасыз.
Қылмыстың объективті жағы қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың
сыртқы жағы болып табылады. Қылмыстың объективті жағын келсі
белгілер сипаттайды: қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет не
әрекетсіздік), қоғамға қауіпті затрдаптар (қылмыстық нәтиже), қоғамға
қауіпті әрекет пен қоғамға қауіпті зардаптар арасындағы себептік
байланыс, қылмыс жасау орны (жер), уақыты, тәсілі, жағдайы,
құралдары мен қаруы.
Қылмыстың объективті жағы субъективті жақпен үздіксіз
байланыста тек қылмыстың объективті жағын анықтау негізінде
қылмыстық заңмен тыйым салынған қоғамға қауіпті әрекетті жасаған
адамның пиғылдары, себептері (ниеттері) және мақсаттары туралы
қорытынды жасауға болады. Сол немесе басқа қылмыс құрамында
объективті жақтың болмауы субъективті жақ туралы сұрақты жояды.44.
58
Осыған байланысты В.Н. Кудрявцев қылмыстың субъективті жағының
құрылуының өзі, ерекшелігінде қылмыскердің мақсаттары мен себептері
(ниеттері) объективтік мән-жайлар базасында (негізінде) және
нәтижесінде болады деп болжайды. Әрі қарай, қылмыс жасау
процесінде, қылмыстың қалыптасып жатқан обективті жағы субъективті
жаққа кері байланыс типі бойынша процессуалдық, әсер етеді.22.
19
Адамды кепілге алу объективті жағынан өзінен қоғамға қауіпті
әрекетті (қоғамға қауіпті іс-әрекет) білдіреді.
Қылмыстық жауаптылықтың жалғыз (бір ғана) негізі болып қылмыс
жасау яғни ҚР ҚК-ң 234-бабымен көзделген қылмыс құрамының барлық
белгілері бар әрекет табылады.
Қылмыстың объективті жағы адамды яғни, оның босатылуында
мемлекет, ұйымдар немесе жекелеген азаматтар мүдделі тұлғаны кепіл
ретінде басып алу немес ұстап тұрумен сипатталады.
Адамды кепілге алу – бұл бір немесе адамды, құқыққа қарсы,
күштеп дене бостандығын шектеу. Адамды кепілге алу деп жасырын
немесе ашық, күш қолданусыз немесе өмір немесе денсаулық үшін
қауіпті емес не қауіпті тәсілмен күш қолданып, оның кезінде басып
алынған адамның әрі қарай бостандыққа оралуы субъектінің мемлекетке,
ұйымдарға, жеке немесе заңды тұлғаларға қойылған талаптарын
орындаудан тәуелдікке қойылатын адамның бостандығына қарсы, физикалық
шектеу түсініледі.
Кепілді ұстап тұру – кепілге бостандыққа шығуға құқыққа қарсы
күштеп кедергі келтіру (бөгет жасау). Кепілді ұстау деп оны өз
қалауы бойынша қозғалу мүмкіндігінен мәжбүрлеп айырудан тұратын бас
бостандығынан айыру мақсатындағы күш қолдану іс-әрекеттері.
Кепілді басып алу немес ұстап тұру психикалық күштеуді
қолданумен ұштасуы тиіс: өлтіремін деп, денсаулыққа жеңіл, орташа
немесе ауыр зиян келтіру мен, мүлікті жою немес бүлдіремін деп және
т.б. қорқытулармен, сол сияқты өмір мен денсаулық үшін қауіпті
емес дене күшін қолданумен (соққылар, ұрып-соғулар келтіру, байлау
және т.б.)
Кепіл – бұл кепілдің босатылуына міндетті немесе мүдделі
мемлекетпен немесе ұйыммен, не азаматпен қандай бір талаптар,
міндеттемелер орындатуды қамтамасыз етуге күштеп ұсталған тұлға
(адам).
Кепілге алу – бұл формальды құрамды қылмыс. Қылмыс кепіл
ретінде алынған немесе ұсталып отырған адмды оның ұзақтығына
байланысты емес іс жүзінде бас бостандығынан айырғанн уақыттан
аяқталған деп танылады.

1.2 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстардың
субъективтік белгілері
Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісі болып қылмыс
жасаған сәтіне қылмыстық заңда белгіленген жастағы есі дұрыс жеке
тұлға танылады. Осыған байланысты ҚР ҚК-ң 14-бабының 1-бөлігі
қылмыстық жауаптылыққа тек Қазақстан Республикасы қылмыстық заңымен
белгіленген жасқа жеткен есі дұрыс жеке тұлға жатады деп
реттейді. ҚР ҚК-ң 15-бабының 1- бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған
сәтіне он алты жасқа толған тұлға қылмыстыққ жауаптылыққа тартылуы
тиіс: демек, қылмыс субъектісі болып тек жеке тұлға, яғни адам
табыла алады. ҚК-ң 14-бабының 1- бөлігінде айтылған жеке тұлғалар
болып Қазақстан Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар
және шетел азаматтары табылады. Бұл ҚР ҚК-ң 6 және 7-баптарының
мазмұнынан шығады. Қылымыс субъектілерін тек жеке тұлғалар деп
тану, заңды тұлғалар, яғни мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар,
партиялар, қоғамдық бірлестіктер қылмыс субъектілері бола алмайды
дегенді білдіреді. Жансыз заттар мен нәрселер, табиғат құбылыстары,
сол сияқты жануарлар қылмыс субъектісі ретінде қарастырыла алмайды.
Қолданыстағы қылмыстық заң заңды тұлғаларды қылмыс субъектісі деп
танымайды.
Жеке тұлға денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің
субъектісі ретінде екі міндетті шарттың: осы тұлғаның есінің
дұрыстығы мен ҚР ҚК-ң 234-бабы бойынша онымен 14-жасқа толуының
бар болуы кезінде таныла алады.
Есі дұрыстық – бұл адамның қылмыстық заңмен көзделген қоғамға
қауіпті әрекетті жасаған сәтіне өз іс-әрекеттерінің (әрекетсіздік)
іс-жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына (сезіне) және
оларды басқара алу қабілеті.33. 7
ҚР ҚК-ң 16-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық заң мен
көзделген қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс күйде
болған, яғни созылмалы психикалық ауруы психикасының уақытша
бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзгеде дертке ұшырауы
салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі
сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмайтын немес оған ие бола
алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.
Есі дұрыс еместік – бұл адамның қылмыстық заңмен көзделген
қоғамға қауіпті әрекетті жасау сәтінде психикасының ауыру жағдайы
салдарынан өзінің іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі
сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғынуға немес оларды басқаруға
қабілетсіздігі.
Есі дұрыс еместіктің түсінігін анықтай отыра заң есі дұрыс
еместіктің екі критериін (белгісін) пайдаланады: медециналық
(биологиялық) және заңдық (психологиялық).
Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін медециналық және
заңдық критерийлердің жиынтығы қажет. Бұл критерийлердің біреуінің
болмауы адамды есі дұрыс емес деп тану мүмкіндігін жояды.
Сезіктінің немесе айыпталушының есі дұрыстығы жөнінде күдік
туған жағдайларда олардың психикалық жай-күйін анықтау үшін міндетті
түрде сот-психиатриялық сараптама жүргізіледі (ҚР ҚІЖК-ң 241-б. 1-
бөл. 3-тармағы). Ол адамның психикасының аурулық бұзылуының сипатын
анықтауға, оның ауырлығын, анықтауға, қылмыстық жауаптылықтан жалтару
мақсатында қылмыскермен психиканың бұзылуын симуляция жасауды жоюға
мүмкіндік береді. Адамды есі дұрыс емес деп тану туралы соңғы
шешім сотқа тиесілі. Іс бойынша басқа да дәлелдеме секілді сот-
психиатриялық сараптамасының қорытындысы сотпен бағалануға жатады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексы 18-бабында мас
күйінде қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуды ғана
көздемейді, сонымен қоса мұны 54-баптың 1-бөлігінің м - тармағына
сәйкес қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде
көздейді.
Бірақ сот қылмыстың сипатына байланысты бұл мән-жайды
ауырлататын деп танымауға құқылы.
Алкоголь ішімдіктерін қабылдау адамның өз іс-әрекеттерін
басқару және оған есеп бере алу қабілетін кейде елеулі
төмендетеді, бұл мас күйіндегі қылмыстардың үлкен үлесті салмағын
анықтайтыны сөзсіз. Бірақ алкоголь ішімдіктерін тұтынушы өзін мұндай
жағдайға саналы түрде жеткізеді, осыған байланысты өз қылықтары
үшін жоғарылатылған жауаптылыққа тартылуы тиіс.
ҚР ҚК-ң 18-бабы бойынша алкогольді мастық деп физиологиялық
(әдеттегі) мастық түсініледі. Физиологиялық (әдеттегі) мастық кезінде
психиканың қызметінің кейбір бұзылулары туындайды (пайда болады),
тежегіш орталықтардың жұмысы әлсірейді, қорытындысы ой елегінен
өткізу қабілеті нашарлайды, өзін-өзі бақылау төмендейді.
Физиологиялық мастық күйі адамның қоршаған жағдайды ұғыну
және өз мінез-құлқы мен жалпы қылығын бағалау, оларды басқару қабілетін
жоймайды. Физиологиялық алаяқтың ауыр иесінде де адамда қоршаған
жағдаймен белгілі контакт (байланыс) сақталады, онымен өз мінез-
құлқына бақылау жүзеге асырылады. Мұндай адамдардың санасы
түнермейді.
Жай алкогольдық мастықтың үш сатысын (немес дәрежесін) бөлу
қабылданған: жеңіл, орташа және ауыр.
Физиалогиялық мастықтан потологиялық мас болуды ажырату керек.
Потологиялық мастық қысқа уақытқа созылатын психиканың өткір тобына
жатады. Потологиялық мас болу кезінде сананың аурулық өзгеруінің
салдарынан аяқ астынан сандырақ уаиымдары, галлюцинациялар
(есеңгірулер) туындайды, бағдар бұзылады, нақты шындық пен контакт
(байланыс) жоғалады, себепсіз қорқыныш (үрей), ыза пайда болады.
Агрессивтік іс-әрекеттер үлкен қиратушы күйреткіш күшпен,
кенеттілікпен, қтыгездікпен (қаталдықпен) ажыратылады. Потологиялық
мас болу факторлардың (сары уайымға салыну, дабыл, мазасыздық және
т.б.) әсерінен болуында және қабылданған алкогольдің мөлшеріне
байланысты туындайды.44. 242
Потологиялық мастық күйі ұзаққа созылмайды және әдеттегіден
терең ұйқымен аяқталды. Жасалған құқыққа қарсы іс-әрекет, және де
айып тағу жйі түсінбеушілік сезімін шақырады (білдіреді), себебі
науқастар (аурулар) оларға инкриминацияланған әрекетке қатысты емес
екендерінде сенімді және жаңылған (жоғалған) таңырқаған болып
көрінеді.
ҚР ҚК-ің 15-бабының 1-бөлігі адамның қылмыс жасаған сәтіне он
алты жасқа толуын және мұндай адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
мүмкіндігін көздейді.
ҚР ҚК-ің 15-бабының 1-бөлігі оларды жасағаны үшін қылмыс жасау
сәтіне 14-жасқа толған кезде қылмыстық жауаптылық бастала алатын
қылмыстар тізімін береді. Олардың арасында адамды кепілге алу да
көзделген (ҚР ҚК-ң 234-б.).
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын бірқатар
қылмыстар үшін – 14 жастан, ал қалғандары үшін – 16 жастан өз іс-
әрекеттеріне есеп беруге, олардың қоғам үшін қауіптілігін ұғынуға,
өз іс-әрекеттерін басқаруға қабілетті дегеннен шығады.
Кәмелетке толмағанмен қылмыс жасалған кезде оның жасы (туылған
күні, айы, жылы) дәл анықталуы тиіс.
Адам белгілі бір жасқа жетті (толды) деп (14,16,18) туылған
күні емес, келесі тәуліктен бастап саналады (есептеледі). Кәмелетке
толмағанның жасы сот-медециналық сараптамасымен анықталатын
жағдайларда, оның туылған күні деп сараптамамен аталған жылдың
соңғы күнін яғни 31 желтоқсанды санау керек, ал жасты жылдардың
ең төменгі (минималды) және ең жоғарғы (максималды) мөлшерімен
анықтау кезінде сараптамамен жорамалданған (болжалған) ең төменгі
жстан шығу қажет.
Кәмелетке толмаған психикасының дамуының артта қалуы туралы
куәландыратын мәліметтер бар кезде, ол өз іс-әрекеттерінің мәнін
ұғына алды ма және олады қандай мөлшерде басқара алды ма деген
кәмелетке толмағанның психикасының даму дәрежесін анықтау қажет. Бұл
үшін қажет жағдайларда бала және бозбалалар психалогиясы
саласындағы мамандармен сараптама жүргізілуі тиіс немесе сарапшы –
психиатр қатыстырылады.
Адамды кепілге алу субъектісін сипаттаушы белгілер болып:
- Жеке тұлға;
- Берілген тұлғаның есі дұрыстығы;
- Заңмен белгіленген жасқа жетуі (ҚР ҚК-ң 234-б. Бойынша
14жас) табылады.
Адамның кезкелген іс-әрекеті немес әрекетсіздігі саналы не
санасыз ойлау, психикалық, ақыл-ой процестерінің көрінісі қызметін
атқарады.12. 40
Кінәлінің қылмыстық әрекетінің сыртқы актісін білдіретін
объективті жағынан айырмашылығында субъективті жақ өзімен әрекеттің
психикалық ұғыну (сезіну) мәнін және бағыттылығын білдіреді. Ол
субъектінің өзімен жасалатын қоғамға қауіпті әрекеті мен оның
зардаптарына психикалық қатынасын анықтайды.
Қылмыс құрамының субъективті жағы – бұл кінәлінің онымен
жасалып жатқан қылмыстық әрекетіне және оның қоғамға қауіпті
зардаптарына көптүрлі (многообразные) психикалық қатынастарын
білдіретін күрделі ұғым (түсінік).7. 11
Қылмыстық құқық теориясында субъективті жақ келесі белгілермен
көрсетілген: кінә, қылмыс себебі (ниет) және мақсаты. Себеп пен
мақсат кінәдан айырмашылығында қылмыстардың бір құрамдары үшін
міндетті, ал басқалары үшін – қылмыстың субъективті жағының
факультативті белгілері болып табылады. Кез келген қылмыстың
субъективті жағының міндетті белгілеріне оның анықталуы берілген
құрам үшін міндетті болып табылатын және зерттеліп жатқан құраммен
көзделген белгілер жатады.
Адамды кепілге алу тікелей қасақаналықпен (ниетпен) жасалған
деп, егер адам өз іс-әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) қоғамдық
қауіптілігін ұқса (сезсе), қоғамға қауіпті зардаптарының мүмкіндігін
немесе келмей қоймайтындығын болжаса және олардың келуін лілесе (ҚР
ҚК-ң 20-б. 2-бөл.).
Тікелей қасақаналық тұлғаның өз іс-әрекетінің немес
әрекетсіздігінің қоғамдық қауіптілігін ұғатындығымен, қоғамға қауіпті
зардаптардың мүмкіндігінен немес келмей қоймайтындығын болжауымен
және олардың келуін тілеумен сипатталады.
Тікелей қасақаналықтың интеллектуалдық кезеңі жасалып жатқан
іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамдық қауіптілігін ұғынуды,
қоғамға қауіпті зардаптардың мүмкіндігін немесе келмей қоймайтындығын
қосады (енгізеді).
Еріктілік кезең қоғамға қауіпті зардаптардың келуін тілеуін
(қалуын) қосады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекетті немесе әрекетсіздікті жасауды
қалауы және зиянды зардаптардың келуін қалауы тікелей қасақаналықта
әр түрлі себептермен шақырылады және белгілі бір мақсаттарды
туындатады (туғызады, тудырады).
Жанама қасақаналық адамды кепілге алуды жасау кезінде орын
ала алмайды. Қылмыстық құқықтық норманың диспозициясында онымен
бірге осы іс-әрекеттер жасалатын мақсаттарды айту (көрсету) олардың
жанама қасақаналықпен жасалу мүмкіндігін жояды.
Әдетте, қылмыстың мақсаты мен себептері қылмыстың субъективті
жағының факультативті белгілеріне жатады. Бірақ, егер олар баптың
диспозициясында көрсетілсе, онда қылмыстың берілген құрамы үшін бұл
белгі міндетті болып табылады.
Жасалған әрекетті дұрыс дәрежелеу үшін субъективті жақтың
белгілерін барынша (максималды) толық ашу қажет. Міндетті белгі –
кінәдан басқа, себеп пен мақсат секілді факультативті белгілері де
бар.
Адамның қоғамдағы мінез-құлығының әр түрі итермелейтін
себептермен және мақсаттармен шартталған. Қылмыстың себебі мен
мақсаты туралы қылмыстық құқық теориясында екі түрлі мағынада
айтылады: біріншіден, адамның кез келген қоғамға қауіпті мінез-
құлығының итермелеуші көтермелеулер туралы секілді және, екіншіден,
қылмыстың белгілі бір түрінің заңды моделін (құрамын) қарастыру
үшін пайдаланылатын қылмыстық құқықтық нормаларда бар арнайы
қылмыстық-құқықтық түсініктер туралы секілді. Бұл жағдайларда себеп
пен мақсат қылмыс құрамының белгілерінің біреуі ретінде шығады.
Заңшығарушы себеп пен мақсатты қылмыстардың біразының ғана
заңдық моделін қарастыру кезінде қолданылады. Бұл белгілері қылмыс
құрамының қажетті белгілерінің ішінде заңда барлық жағдайда
көрсетіле бермейді. Осы мән-жайларға байланысты себеп пен мақсат
қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамының факультативті
белгілерінің тобына жатқызылған.
Себеп пен мақсат кез келген қылмыстық істі қарасыру кезінде,
соның ішінде абайсыз қылмыстарда да тергеумен және сотпен
анықталуына тиістігіне қарамастан қылмыстық-құқықтық дәрежелеуді
жүргізу процесінде себеп пен мақсат тек қасақана қылмыстарда
ескеріледі.
Абайсыз қылмыстарда себеп пен мақсат басты түрде не
кінәліге нақты жаза шарасын тағайындау сатысында, не криминологиялық
жоспарда, қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен шарттарды
анықтау үшін анықталады. Сонымен, себеп пен мақсат абайсыз
қылмыстарда қылмысты дәрежелеуге т әсер етпейді. Себеп пен мақсаттың
өзге құқықтық мәні қасақана қылмыстарда бар. Егер себеп пен мақсат
қылмыстың белгілі бір түрінің субъективті жағының белгісі ретінде
шықса, онда берілген қоғамға қауіпті әрекетті заңшығарушы қасақана
қылмыстар тобына жатқызды дегенді куәландырады. Қоғамға қауіпті
әрекеттің қылмыстық-құқықтық дәрежесін жүргізе отырып, заңшығарушы
қылмыс құрамдарын құру кезінде с пен мақсатты қылмыстың субъективті
жағының белгісі ретінде қосу үшін дерлік әр түрлі сөздік
құрылымдарды пайдаланатынын есте сақтау керек.
Сөйтіп, ҚР ҚК-ң Ерекше бөлімінің баптарының талдауы заңда
себеп пен мақсатқа қылмыс құрамының белгісі ретінде тура көрсететін
(нұсқайтын) нормалар тобы бар екендігін көрсетеді.
Оларда қылмыстың себебі мен мақсаты айқын анықталған
нормалармен қатар, ҚР ҚК-де, заңшығарушы қылмыстың берілген түрін
анықтау кезінде қылмыс жасаудың себебі мен мақсатына тура
көрсетпеген қылмыс құрамдары бар. Бірақ қылмыстың қажетті элементі
секілді қылмыс жасаудың себебі мен мақсатын анықтаудың міндеттілігі
алдын ала анықталған және осы қылмыс құрамының барлық заңдық
құрылысынан шығады.
Егер себеп пен мақсат ҚР ҚК-ң Ерекше бөлімінің бабының
диспозициясында тура көрсетілсе, қылмысты дәрежелеу елеулі оңайлайды
(упрощается). Кінйліден іс-жүзінде болған себеп пен мақсатты
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің бабының диспозициясында
қылмыстың бұл элементінің заңдық сипаттамасына (суреттемесіне) тек
сәйкестігін анықтау қажет.
Егер себеп пен мақсат ҚК-ң бабының диспозициясында сөзбен
анықталмаса басқа іс, бірақ заңшығарушымен қылмыстың берілген
түрінің құрамының қажетті белгісі секілді түсіндіріледі. Мұнда
анықтау қызметкерлерінің тергеушінің, прокурордың және судьяның
алдында қылмыстың берілген түрінің субъективті жағы туралы
заңшығарушының толық ойын анықтау бойынша күрделі тапсырма (міндет)
заңшығарушы себеп пен мақсатты осы қылмыс құрамына белгі ретінде
қосты ма, жоқ па білу қажет. Бұл мән-жайды анықтау қылмыстық
заңды түсіндіру туралы жалпы ережелер бойынша жүргізіледі.
Себеп бұл, адам сол немесе басқа әрекетті жасай отырып
белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін жетекшілікке алған сылтау.
Себеп пен мақсат өзара детерминантты байланыста болады.
Адамды кепілге алудың субъективті жағының міндетті белгісі
болып мақсат табылады. Ол болып кінәлінің кепілді босату шарты
сияқты мемлектті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекетті
жасаудан ұстануға мәжбүр етуге ұмтылуы табылады. Кінәлімен
мемлекетке, қандай да бір ұйымға, сол сияқты азаматқа қойылған
талаптардың сипатын дәрежелеу үшін маңызсыз. Арнайы мақсат:
мемлекетті оның билік органдары қабілетінде, сондай-ақ үкіметтік
немесе жеке мекемелерді немесе жекелеген азаматтарды қандай да бір
іс-әрекеттерді жасауға немесе белгілі бір іс-әрекеттерді жасаудан
ұстануңа мәжбүр етуге ұмтылу. Оларға : қандай да бір шартты
жасаудан бас тарту, қандай да бір қылмыскерді (қылмыскерлерді) не
қылмыс жасауда сезіктіні қамаудан босату, айыптау немес ақтау
үкімін шығару, алым ақы (выкуп) төлеуге, қылмыскерлерді қарумен,
көлікпен, азық-түлікпен, ақшалай қаражаттармен және т.б. қамтамасыз
ету, саяси түзуін (линия) өзгерту, саяси экономикалық не әлеуметтік
сипаттағы қандай да бір акцияларды өткізуді жасау немесе ұстану
және с.с. талаптары жатады.
Мақсат – бұл адам қоғамға қауіпті әрекетті жасй отырып қол
жеткізуге ұмтылатын сол бір қалаулы нәтиже.
Қасақаналықтың бағытталуы кінәлі өз іс-әрекетін жасай отырып
көздейтін мақсатты анықтайды. Себеп пен мақсат - өзара шартталған
түсінік. Адамның мақсатты қалай құрастыратындығы себепке байланысты.
Мақсат жиірек белгілі бір әрекет үшін қозғалтқыш күшті, сылтаудың
(пробуждение) көзін анықтауға мүмкіндік береді. Мақсат себепсіз
пайда болады, бірақ басқа жағынан, себеп мақсаттың көмегімен өз
мазмұнын алады.
Қылмыс жасаудың себебі мен мақсаты өзара тығыз байланыста
болса да, бірақ ұқсас түсініктер болып табылмайды. Себеп, адам
неге сол немесе басқа іс-әрекетті жасайды деген сұраққа жауап
береді. Мақсат болса әрекеттің бағытын анықтайды.
Қылмыс себебі мен мақсатының қылмыстық жауаптылық пен жазадан
босату туралы мәселені қарастыру кезінде, әрекеттің қоғамдық
қауіптілігін бағалау, қылмыскер тұлғасын сипаттау жазаны дараландыру
және дифференциациялау және сол сияқтылар кезінде, бұл әрекеттердің
криминологиялық талдауы, алдын алу (профилактика) және ескерту,
болжау және т.б. шараларды өңдеу (жасау) кезінде айырықша
практикалық маңызы бар.
Себептелу (мотивация), қылмыстық мінез-құлықтың себебінің және
оның мақсатының құрылуының туындау процесін қосады. Мінез-құлық
себебі – бұл іс-әрекетке ішкі сылтау (итермелеу) сыртқы ортаның және
нақты жағдайдың әсерімен пайда болған және шиеленіске
қажеттіліктермен, мүдделермен, сезімдермен анықталатын қалау (тілек).
Себептің артынан белгілі бір әрекеттің алдын ала білінген және
тіленетін нәтижесі секілді мақсат құрылады.
Сонымен, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы
барлық қылмыстар олардың қоғамдық қауіптілігін бағалау кезінде егжей-
тегжейлі талдауды және кешендік қарастыруды талап етеді, адамды
кепілге алу да жоққа шығару болып табылмайды. Осыған байланысты
қылмыс жасаудың субъективті белгілерінің кешені міндетті түрде егжей-
тегжейлі талдануы тиіс, ал нақты кінәлінің қылмыс жасау сәтіне
эмоционалдық жай-күйі, адамды қоғамға қауіпті әрекет жасауға
итермелеген факторлар және қылмыс жасау сәтіне көзделген мақсат
ескерілуі тиіс

1.3 Адамды кепілге алу құрамының дәрежеленген түрлері
Адамды кепілге алған үшін жауаптылықты реттейтін қылмыстық
кодекстің 234бабы негізгі және дәрежеленген құрамды көздейді. Баптың
1-бөлігі өзінің мазмұны бойынша қоғамға қауіптілік дәрежесіне
байланысты негізгі құрам болып табылады. Адамды кепілге алу сондай-
ақ дәрежелеуші құрамды да көздейді – қылмысты әрекеттің дәрежелеуші
белгілері бар кезде жасаған үшін жауаптылықты реттейтін ҚР ҚК-ң
234-бабының 2-бөлігі.
Адамды кепілге алудың дәрежелеуші белгілері ҚР ҚК-ң 234-
бабының 2-бөлігімен көзделген.
Адамды кепілген алудың дәрежеленген түрлеріне:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып;
г) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана
отырып;
д) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
е) айыптығы жүктілік жағдайы көрінеу мәлім әйелге қатысты;
ж) көне-көрінеу дәрменсіз күйдегі адамға қатысты;
з) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
и) пайдакүнемдікпен немесе жалдау арқылы жасалған әрекеттер
жатады.
ҚР ҚК-ң 234-бабы 2-бөліміндегі а тармағына сәйкес тобының
алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған адамды кепілге алу.
АКдамдпр тобының алдын ала байласуы бойынша қылымы жасау
қылмыстың анағұрлым көп тараған және қауіпті түрі болып табылады,
біріншіден, өатысуда орындалады; екіншіден, бірнеше адамның қылмыстық
ойлары мен күштері біріктірілгендік салдарынан.
Ф.Г. Бурчак зорлық-зомбылық қылмыстары кезінде біренеше
күштерінің бір қылмыстық нәтижеге қол жеткізу үшін біріктіру
фактісінің өзі шабуылдың өзінің қауіптілігі секілді, қатысушылармен
алдына қойылған мақсаттарын жүзеге асыру мүмкіндігінің едәуір
жоғарылайтындығын әділ айтып кеткен.9. 142
ҚР ҚК-ң 31-бабының 2-бөлігіне сәйкес егер қылмысқа бірлесіп
жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар
тобы алдын ала сөз байласып жасалған қылмыс деп танылады.
Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша қылмыс жасау
қатысудың нысандарының біреуі болып табылады және ҚР ҚК-ң 234-бабы
2-бөліміне а тармағында адамды кепілге алудың дәрежелеуші белгісі
ретінде бекітілген.
Берілген дәрежелеуші белгінің болуы үшін:
Біріншіден, адамды кепілге алуды жасауда екіден кем емес қоса
орындаушылардың қатысуы
Екіншіден, бұл адамдардың әрқайсысы адамды кепілге алудың
субъектісінің барлық белгілеріне ие болуы тиіс, яғни қылмыс жасаған
сәтіне он төрт жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға болып табылуы;
Үшіншіден, бұл адамдардың арасында адамды кепілге алуды
жасауды бастағанға дейін болған сөз байласудың болуы қажет.
Адамды кепілге алуда жасалған әрекетті ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөл.
а ткармағы бойынша дәрежелеу үшін екі немесе одан да көп адамның
қатысуы қажеттілігі қылмысқа қатысу түсінігінің өзінен шығады (ҚР
ҚК-ң 27-б.).
Жасалған әрекетті ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөл. а ткармағы бойынша
дәрежелеу үшін, айып кеткендей, топқа адамды кепілге алу
субъектісінің барлық белгілеріне ие екіден кем емес адамдар кіруі
қажет. Бірақ, адамды кепілге алуды бірнеше адамдармен жасаған
жағдайда, олардың біреуі ғана қылмыс субъектісі болып шыға алатын
кезде жалған қатысу болады, 43. 121-122 ал мұндай адаммен адамды
кепілге алуды тікелей жасау үшін есі дұрыс емес немесе жас
балаларды пайдалану қылмысты құрал арқылы орындау деп
қарастырылады және қылмыстың тікелей орындаушысы секілді оның
қылмыстық жауаптылығына әкеледі,44. 157 яғни ҚР ҚК-ң 234-б. 1-бөл.
бойынша. Ұйымдастырушылар, айдап салушылар немесе көмектесушілер
мұндай жағдайда орындаушылар секілді шығады (көрінеді). Бірақ,
жасалған әрекетті адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша
жасалған адамды кепілге алу секілді дәрежелеу жоққа шығарылмайды,
егер осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет теориясы
Мемлекет жайлы
Қоғамды басқаратын аппарат
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПТЕРІ
Мемлекет ұғымына түсінік және оның белгілері
Мемлекет формасы
Басқару нысанының негізгі ережелері мен түрлері
Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет, теориялық негіздері
Пәндер