Ұлттық ат ойындары



Жоспар
1.Ат спорты
2. Топ бәйге, аударыспақ
3. Жамбы ату, көкпар
4. Теңге ілу, ат омырауластыру
5. Жорға жарыс
6. Жігіт сыны
Ат спорты — ат үстінде орындалатын спорттық жарыстар. А. с-ның қазіргі заманғы түрлері: атпен мәнерлеп жүру (жай жүру, желдіру, шоқырақтатып шабу, пассаж, пьяффе т.б.), кедергілерден өту (конкур-иппик), үш сайыс (манежде жүру, алаңда атты сынау және кедергілерден өту), жарысу (1200-3200 м қашықтықты барынша тез шауып өту, стипл-чейз, кросс), атпен аң аулау, үлкен қашықтыққа ат шаптыру (25, 50 және 100 км) т.б.; ұлттық түрлері: бәйге, аударыспақ, көкпар, қыз қуу, теңге ілу. А. с-нан ең алғашқы Олимпиялық ойындар б.з.б. 680 ж. өткізілген. Атпен жүрудің арнаулы мектептері 16 ғ-дың бас кезінде Италияда, Францияда, Австрияда пайда болды. А. с. Олимпиялық ойындар бағдарламасына 1900 ж., дүние жүзі және Еуропа чемпионаттары бағдарламасына 1953 ж. енгізілді. Халықар. А. с. федерациясы (FEІ) 1921 ж. құрылды. Қазақстан оған 1952 жылдан мүше. 1956 ж. Алматыда алғашқы А. с. мектебі ашылды. Қазақстандық шабандоздар алғаш Олимпиялық ойындарға 1960 ж. қатысты. Шабандоз С.Филатов Абсент атты ахалтеке сәйгүлігімен (Жамбыл обл, Луговой жылқы з-ты) ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 1 алтын (Рим — 1960), екі қола медальді жеңіп алды (Токио — 1964; Мехико — 1968). 1996 ж. Кечкемет қаласында (Венгрия) дүние жүзі ат спортшыларының 1-фестивалі өтті. Оған 23 мемлекеттің шабандоздары қатысты. Осы жарыста қазақстандық атбегілер ұлттық А. с. түрінің бәрінен өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Абайдың (1995), Жамбылдың (1996), М.Әуезовтың (1997) мерейтойлары құрметіне ұйымдастырылған халықар. деңгейдегі аламан бәйгелерде қазақстандық шабандоздар Т.Медеушиев, О.Әмірғалиев, А.Өзіқазақ, Н.Сатыбаев т.б. жүлдегер атанды.

Жүгі нарда, қазаны теңде болып көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өмірінде аттың алар орны ерекше. Қазақ жылқыны "Ер қанат – ат" деп нақылдап, жеті қазынаның біріне қосады. Ал осы жануармен байланысты қаншама салт-дәстүріміз бен ұлттық ойындарымыз астасып жатыр. Бүгін назарларыңызға ұмыт қалып бара жатқан дәстүрлі ат ойындарының түрлерін ұсынып көрмекпіз.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Авимед медициналық колледжі

Р е ф е р а т
Тақырыбы: Ұлттық ат ойындары

Орындаған:
Тексерген:

Алматы 2016
Ұлттық ат ойындары
Жоспар
1.Ат спорты
2. Топ бәйге, аударыспақ
3. Жамбы ату, көкпар
4. Теңге ілу, ат омырауластыру
5. Жорға жарыс
6. Жігіт сыны

Ат спорты -- ат үстінде орындалатын спорттық жарыстар. А. с-ның қазіргі заманғы түрлері: атпен мәнерлеп жүру (жай жүру, желдіру, шоқырақтатып шабу, пассаж, пьяффе т.б.), кедергілерден өту (конкур-иппик), үш сайыс (манежде жүру, алаңда атты сынау және кедергілерден өту), жарысу (1200-3200 м қашықтықты барынша тез шауып өту, стипл-чейз, кросс), атпен аң аулау, үлкен қашықтыққа ат шаптыру (25, 50 және 100 км) т.б.; ұлттық түрлері: бәйге, аударыспақ, көкпар, қыз қуу, теңге ілу. А. с-нан ең алғашқы Олимпиялық ойындар б.з.б. 680 ж. өткізілген. Атпен жүрудің арнаулы мектептері 16 ғ-дың бас кезінде Италияда, Францияда, Австрияда пайда болды. А. с. Олимпиялық ойындар бағдарламасына 1900 ж., дүние жүзі және Еуропа чемпионаттары бағдарламасына 1953 ж. енгізілді. Халықар. А. с. федерациясы (FEІ) 1921 ж. құрылды. Қазақстан оған 1952 жылдан мүше. 1956 ж. Алматыда алғашқы А. с. мектебі ашылды. Қазақстандық шабандоздар алғаш Олимпиялық ойындарға 1960 ж. қатысты. Шабандоз С.Филатов Абсент атты ахалтеке сәйгүлігімен (Жамбыл обл, Луговой жылқы з-ты) ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 1 алтын (Рим -- 1960), екі қола медальді жеңіп алды (Токио -- 1964; Мехико -- 1968). 1996 ж. Кечкемет қаласында (Венгрия) дүние жүзі ат спортшыларының 1-фестивалі өтті. Оған 23 мемлекеттің шабандоздары қатысты. Осы жарыста қазақстандық атбегілер ұлттық А. с. түрінің бәрінен өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Абайдың (1995), Жамбылдың (1996), М.Әуезовтың (1997) мерейтойлары құрметіне ұйымдастырылған халықар. деңгейдегі аламан бәйгелерде қазақстандық шабандоздар Т.Медеушиев, О.Әмірғалиев, А.Өзіқазақ, Н.Сатыбаев т.б. жүлдегер атанды.

Жүгі нарда, қазаны теңде болып көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өмірінде аттың алар орны ерекше. Қазақ жылқыны "Ер қанат - ат" деп нақылдап, жеті қазынаның біріне қосады. Ал осы жануармен байланысты қаншама салт-дәстүріміз бен ұлттық ойындарымыз астасып жатыр. Бүгін назарларыңызға ұмыт қалып бара жатқан дәстүрлі ат ойындарының түрлерін ұсынып көрмекпіз.
Аударыспақ - салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін, бір сөзбен айтқанда, нағыз ер жігіттің қатысатын ойыны.

Аударыспаққа шығатын ат та, адам да жарысқа әдіс-тәсіл жағынан өте мұқият дайындалады. Атты жақсы меңгерген, тақымы мықты шабандоз аударысумен қатар, күшін, шыдамдылығын жетілдіру үшін жан-жақты дайындалады. Аударысу кезінде қарсыласына ауырту әдістерін қолданбайды, атты ұрмайды, денесінде ат әбзелдері мен ер-тұрманда үшкір, қатты заттар болмауы керек. Шабандоздар етік киіп, шалбарланып, кеудесін жалаңаштап, айқасқа қамшыны тістеп немесе қонышына тығып шығады.
Сайысқа қатынасушылар үш салмақ категориясына бөлінеді: 65 келіге дейін - жеңіл, 65-80 келінің арасы - орта, 80 келіден жоғары ауыр салмақты болып есептеледі. Жарысқа түсу кезегі жеребе тарту бойынша анықталады.
Аударыспақ Кеңестер Одағы кезінде Бүкілодақтық ат ойындарының бағдарламасына енген. 1997 жылы Венгрияның Будапешт қаласында өткен дүниежүзілік ат спорты фестивалінде осы мерекеге Қазақстаннан барған жігіттер барлық салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, ел мерейін үстем еткен болатын
Топ бәйге - аттың бабын қажет ете бермейтін атшабыс түрі. Жарысқа белгіленген қашықтық та орташа деңгейде (10-15 шақырым арасында) және аты бар ниет білдірушілердің барлығы да қатыса береді. Көбіне наурыз мерекесінде, шілдехана, тұсау кесер, сүндет той, үйлену тойларда, аста ұйымдастырылатын болған. Бұрындары бәйгеге қатысқан аттар мәреге жақындағанда онымен қатарласа шауып, жанынан қамшылап, ноқтадан тартып көтермеге шығуға рұқсат етілетін. Қазіргі ережеде бұлай жасауға болмайды. Топ бәйгеге балалар да, ересек шабандоздар да қатыса береді.
Кейбір деректерде, XV ғасырдың 70 жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрғанда, Шу өзенінің жағасында, Тұлпарсаз деген жерде топ бәйге ұйымдастырғандығы айтылады. Осы кезден бері қазақтың алқалы жиындарының ажырамас, құрамдас бөлігіне айналып келеді.
Жамбы ату - қазақ халқында кең тараған мергендік сынның бір түрі. Атпен шауып келе жатып, жігіттер екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі нысананы атып түсіру керек болған. Ереже бойынша, жігіттер сөреде өз сәйгүліктерінің жанында болады. Төреші белгі берісімен, олар аттарын тез ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды атып құлатуға тиісті. Төрешілердің ұйғарымы бойынша, нысаналар бірнешеу болады.
Жамбы атуды биатлон ережесіне ұқсататындар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық
Ұлттық спорт түрлері сипаттама беру
Ұлттық спорт түрлері туралы
Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
Ат спорты
Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың патриотизмін қалыптастыру
Қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері
Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері
Жасөспірімдердің қимыл-қозғалыс дағдыларын қазақтың ұлттық ойындары арқылы дамыту
Пәндер