Қ.Р - да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері
1.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.Мемлекеттік және жергілікті билік басқарудың құрылымы ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Жергілікті басқарудың экономикалық механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ІІ. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және оны жетілдіру жолдары
2.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың әлеуметтік.экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ағымдық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ІІІ. Қ.Р.да Жергілікті басқарудың жалпы ерекшеліктері мен жетілдіру жолдары
3..1.Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқарудың қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдіру бағыттары ... ... ... ... ... ... ...29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Кіріспе
Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден-бірі. Бірақ бұл бағытты абсолют ретінде қабылдап, бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан да сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күшті орталықтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады, бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы (қоғам дамуы барысындағы сұраныстарға уақытында жауап бермеуі) саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келуі әбден мүмкін. Ал ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси режимді орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі баскаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жүзеге асыруды талап етеді.
Жергілікті органдар өзінің қызметін орталық биліктердің бақылауыңда атқарады. Бақылау әр салада әртүрлі болуы мүмкін.
Орталық органдар жергіліктілерді әкімшілік бақылауыңда өзінің кейбір актілерін бекіту және олардың белгілі іс-әрекеттеріне санкция салу құқықтарын қолданады, сонымен қатар орталық жергілікті басқарудың лауазымды қызметкерлерін жұмыстан босата алады.
Орталық органдар өзіңің жергілікті басқару құрылымдарымен арақатынастарында қаржылай бақылау өкілетін де қолданады. Жергілікті органдардың қаржысы өздерінің жеке табыстары мен мемлекеттік бюджеттен кіріс түсуден құралады. Бұндай жағдай олардың, бірінші жағынан өздерінің белгілі мәселелерде дербестігін білдірсе, екінші жағынан, жалпымемлекеттік деңгейдегі орнын анықтап, мемлекеттік басқару жүйесіне кіретіндігін білдіреді.
Сонымен қатар жергілікті органдарды қоғамдық, сот және т.б. бақылаулар арқылы тежейді. Бұл орайда сот билігінің жергілікті атқару органдарынан тәуелсіздігі қамтамасыз етілуі өте маңызды.
Президентіміздің биылғы жылғы халыққа Жолдауында тұрғын - үй құрылысының жаңа саясаты тұрғысында "құрылысты арзандату мақсатында тұрғын-үй инфрақұрылымын қаржыландыруды өз мойнына жергілікті билік алуы тиіс" дей келе, "облыстарды дамытудың барлық бюджеттері тек қана білім беру, дансаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына пайдаланылуы тиіс" деп нақты әрі ашық міндеттерді алға тартты.
Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Баянов Е. ред. "Мемлекеттік және құқық негіздері", Оқулық, Алматы, "Жеті жарғы", - 2001ж.
2. "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" Президенттің Қазақстан халқына Жолдау / Егемен Қазақстан, 19.03.2004ж.
3. Белисбаев А.: "Децентрализация власти и развитие местного самоуправления в Республике Казахстан", "Саясат", №4-5, 2000ж., 53-58 бет.
4. Гутман В.Г., Мироедов А.А., Федин С.В. "Управление региональной экономикой", Москва, "Финансы и статистика", 2001г.
5. Зотова З.М. Власть и общество: проблемы взаимодействия / Под общей редакцией С.А.Попова. - М., 2001г.
6. Камаев В.Д., "Экономическая теория", Москва, ВЛАДОС ИМПЭ, 1999г.
7. Ковешников Е.М. Государство и местное самоуправление в России: теоретико-правовые основы взаимодействия. - М., 2002г.
8. Козырин А.Н. и Штатина М.А. Административное право зарубежных стран: Учебник / - М., 2003 г.
9. Комерсантъ - Власть - 2002 - №36.
10. Комерсантъ - 2003 - 13 января.
11. Көшім Д., "Жергілікті өзін-өзі басқару - азаматтық қоғамның алғашқы баспалдағы", - Алматы, 2000ж.
12. Қазақстан Республикасының Конституциясы., Алматы, 1995 ж. 89, 95 баптар.
13. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. №23 желтоқсан, 2003 ж.
14. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңы., "Заң", №3, 2001ж. 9-26 бет.
15. Мәдинов Р. "Сағым" идеядан сақтанған абзал немесе билікті орталық пен аймақтар арасында бөлуді жеделдеткісі келетіндердің көксегені не?/ "Егемен Қазақстан", 16.04.2002ж.
16. Медведева Н.П. "Местное самоуправление в зарубежных странах" (Информационный обзор) М., 1994г.
17. Никифорова Н. Предпосылки новой стратегии государственного управления национальной экономикой/ АльПари, №3, 2001ж.
18. Нүкенов А.: "Жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелері". "Саясат" №7., 2003ж., 26-31 бет.
19. Танкиева А.: "Жергілікті басқаруда экономикалық механизмдерді қолдану жолдары". "Саясат" №4, 2004ж, 62-67 бет.
20. Топорнин Б.Н. Федерализм: теория, институты, отношения (сравнительно - правовое исследование) / М., 2001г.
21. Тоқтыбеков Ә.: "Мемлекеттік басқарудың жетілдірудің жолдары: тұжырымдамалар мен әдістер". "Ақиқат", №1 қаңтар, 2003 ж. 30 - 36 бет.
22. Тоқтыбеков Ә.: "Мемлекеттік басқаруды демократияландырудың кейбір әдістері", №6 маусым, 2003ж. 39 - 42 бет.

Тақырыбы: Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері
1.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.Мемлекеттік және жергілікті билік басқарудың
құрылымы ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Жергілікті басқарудың экономикалық
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ІІ. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және оны жетілдіру жолдары
2.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың
ағымдық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 22
ІІІ. Қ.Р-да Жергілікті басқарудың жалпы ерекшеліктері мен жетілдіру
жолдары
3..1.Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқарудың қазіргі
кездегі мәселелері мен даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдіру
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 35
Кіріспе
Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде
билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің
маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру
өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде
қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық
нышандардың бірден-бірі. Бірақ бұл бағытты абсолют ретінде қабылдап, бүкіл
қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан да сақтанған дұрыс. Сонымен қатар
күшті орталықтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын
қамтамасыз ете алады, бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы (қоғам дамуы
барысындағы сұраныстарға уақытында жауап бермеуі) саяси жағдайдың
тұрақсыздануына алып келуі әбден мүмкін. Ал ішкі саясатта тұрақтылықты
қамтамасыз ету саяси режимді орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі
баскаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жүзеге асыруды талап етеді.
Жергілікті органдар өзінің қызметін орталық биліктердің бақылауыңда
атқарады. Бақылау әр салада әртүрлі болуы мүмкін.
Орталық органдар жергіліктілерді әкімшілік бақылауыңда өзінің кейбір
актілерін бекіту және олардың белгілі іс-әрекеттеріне санкция салу
құқықтарын қолданады, сонымен қатар орталық жергілікті басқарудың лауазымды
қызметкерлерін жұмыстан босата алады.
Орталық органдар өзіңің жергілікті басқару құрылымдарымен
арақатынастарында қаржылай бақылау өкілетін де қолданады. Жергілікті
органдардың қаржысы өздерінің жеке табыстары мен мемлекеттік бюджеттен
кіріс түсуден құралады. Бұндай жағдай олардың, бірінші жағынан өздерінің
белгілі мәселелерде дербестігін білдірсе, екінші жағынан, жалпымемлекеттік
деңгейдегі орнын анықтап, мемлекеттік басқару жүйесіне кіретіндігін
білдіреді.
Сонымен қатар жергілікті органдарды қоғамдық, сот және т.б.
бақылаулар арқылы тежейді. Бұл орайда сот билігінің жергілікті атқару
органдарынан тәуелсіздігі қамтамасыз етілуі өте маңызды.
Президентіміздің биылғы жылғы халыққа Жолдауында тұрғын - үй құрылысының
жаңа саясаты тұрғысында "құрылысты арзандату мақсатында тұрғын-үй
инфрақұрылымын қаржыландыруды өз мойнына жергілікті билік алуы тиіс" дей
келе, "облыстарды дамытудың барлық бюджеттері тек қана білім беру,
дансаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мақсаттары мен
тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына пайдаланылуы тиіс" деп нақты әрі ашық
міндеттерді алға тартты.
Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді
орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан
арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық
механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.

1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны
Жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды
реттейтін жергілікті өкілді және атқарушы органның құзыретін, қызметінің
ұйымдастырылуы мен тәртібін, сондай-ақ, маслихаттар депутаттарының құқықтық
жағдайларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қалайтын Қазақстан
Республикасының Конституциясы болып табылады. Конституцияның 8-ші бөлімінің
85 бабында жазылған жергілікті мемлекеттік басқару тиісті аумақтағы істің
жай - күйіне жауапты жергілікті өкілдікті және атқарушы органдар жүзеге
асырады.
Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз - бұл заң актілерінде
белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқару органдарының
тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізуді, оны дамыту мақсатында жүзеге
асыратын және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын
қызмет.
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық бөліністің
әр қилылығы көрініс табады. Оның қызметінің экономикалық және қаржылық
негіздерін жергілікті бюджет коммуналдық заңда тұлғаларға бекітілген мүлік
құрайды. Мәслихаттар мен әкімшіліктерге міндеттер, талаптар және шектеулер
қойылады. Олардың негізгілеріне келесілер жатады:
1. Жалпы мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына сәйкес келмейтін
шешімдердің қабылдануына жол бермеу.
2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының
мүдделерін сақтау.
3. Қызметінің қоғамдық маңызы бар салаларында бекітілген жалпы мемлекеттік
стандартты ұстану.
4. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.
Аймақты дамытуға байланысты мәслихаттар мен әкімшіліктердің қолданатын
жоспарлары елдің стратегиялық даму жоспарына сәйкес келуі тиіс және оларға
бірыңғай еңбек нарығын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен
қызметтер көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға
тыйым салынады.
Жергілікті өкілді орган мәслихат халықтың, өкілдік бірыңғай
жүйелерінің ажырамас бөлігі бола отырып, осы жүйеге тән белгілерін өз
бойына сіңірген.
Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
заңында жазылған: "Жергілікті өкілді орган - мәслихат - бұл облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар
қаланың халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды
білгілейтін және жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган".
Жергілікті өкілді органның өзіндік ерешеліктері. Мәслихат өзінің
қызметтік сипаты жағынан жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажына байланысты
мәселелерді шешуге құқылы халықтың кең тараған өкілді органы. Мәслихаттар
күнделікті қыхметтерінде шаруашылық, тұрмыстық, мәдени, меншікті, қоғамдық
тәртіпті, заңдылықты, азаматтардың заңды құқықтарын қорғау, еліміздің
қауіпсіздігін күшейту мәселелерімен айналысады. Сөйтіп, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік функциясын іс жүзіне асыруға халықты кеңінен
қатыстырушы әкімшілік-аумақтық бөліністердегі өкілді орган болып табылады.
Мәслихат аппараты дегеніміз - бұл тиісті мәслихаттың, оның органдары
мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін, әрі жергілікті бюджет
есебінен ұсталынатын мемлекеттік мекеме. Мәлихаттардың ең басты
ерекшеліктерінің бірі - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністерінің жергілікті
тұрғылықты азаматтарына тек мәслихат депутаттарының қойылмайтындығы.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың қызметтері:
1. Негізгі өкілеттікті анықтайтын жалпы мәселелер:
- тиісті аумақты дамытудың жоспарлары, әлеуметтік және экономикалық
бағдарламаларын жергілікті бюджеттік және олардың атқарылуы туралы
есептерді бекіту.
- Тиісті аумақтарда қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану
жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі
шығыстарды бекіту және осы мәселеге қатысты өзге де жағдайларды шешу.
- әкімшілік ұсынысы бойынша әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын
бекіту.
- әкімшілік ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешімімен тиісті
әкімшіліктің дербес құрылымын бекіту.
- Халықты жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және кедейлікпен күрес
бағдарламасын бекіту.
2. Мәлихаттың айрықша өкілеттігі:
- өздерінің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс және жергілікті
қауымдастық ұғымының шекараларының айқындау мәселелерін шешу.
- Атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға
мәслихат шешімдерінің орындалмағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды
адамдардың және ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу.
- Қазақстан Республикасының әкімішілік-құқық бұзушылық туралы
кодексінесәйкес әкімшілік құқықты бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық
белгіленген еределерді бекіту.
- Тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністі дамыту жоспарларының экономикалық
және әлеуметтік бағдарламалардыңжергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау
жасау.
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру.
- Маслихаттың тұрақты комиссияларымен өзге де органдарын құру, олардың
қызметтері туралы есептерді тыңдау тағы да басқа мәселелер.
Жергілікті атқарушы органдары келесі мәселелерді қарастырады:
- аумақты дамыту жоспарларын, экономикасын жергілікті атқарушы органдардың
және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті басшыларын қызметке тағайындау
бюджетті әзірлеу және қызметтен босату, жергілікті қамтамасыз ету.
- жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және
қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға
байланысты өзге де мәселелерді шешу.
- коммуналдық меншікті басқару.
- Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай республика заңдарымен
жергілікті атқару органдарға жүктелетін өз ге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Мемлекеттік және жергілікті билік басқарудың құрылымы
Мемлекеттік билік - бұл мемлекеттік-құқықтық құралдар, әдістер мен
тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік-жігері
іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани
салаларын басқару жүзеге асырылады.
Мемлекеттік билігі таралатын барлық жер (аймақ, өлке, қала, ауыл) -
сол мемлекеттің территориясы болып табылады. Ал мемлекеттің территориялық
құрылымы - мемлекет пен оның территориясын құрайтын жеке бөліктердің
арасындағы қарым - қатынасқа негізделеді. Бұл жерде мемлекеттің рөлін
үкімет атқарса, территория құрайтын жеке бөліктердің қызметін облыстар,
өлкелер мен аудандар атқарады. Бұның түрлері әр елде әр түрлі (провинция,
департамент, қауым, т.б.)
Мемлекет өз қызметін тиімді жүргізу үшін әкімшілік - территориялық бөліктер
құрады. Солар арқылы үкімет өзінің билігін жүргізеді., жалпы мемлекеттік
саясатты жүзеге асырады.
Әкімшілік - территориялық құрылымның географиялық құрылымнан үлкен
айырмашылығы бар, себебі бұл жерде жергілікті биліктің жүйесін жасап,
белгілі бір заңның нормасын белгілеу қажет, сонымен бірге олардың өзінен
жоғары тұратын билік деңгеімен және мемлекеттік басқару органымен ара
қатынасын заңдастыру қажет.
Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей
бағыты мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері, жұмыс
нысандары мен әдістерімен ерекшелінетін әр түрлі мемлекеттік құрылымдар
жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Оларды кешенді пайдалану мемлекет мұқтажын
қанағаттандыруға, олардың алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік
береді (1 кесте).
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру мемлекеттік механизмге жүктеледі.
Барлық билікті жетекшілік, басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық
және реттеушілік қызмет - мемлекет механизмінің міндеті. Мемлекеттің
саясаты, оның стратегиялық бағыты, тактикалық міндеті мемлекеттің
механизмімен жүзеге асырылады.
Жергілікті өкілетті органдар парламентпен бір реттегі жүйені құрайды,
тиісті әкімшілік - аумақтық құрылымдардың өмірінде маңызда роль атқарады,
бюджет мәселелерін шешеді және олардың орындалуы туралы есепті қарайды,
жергілікті жерлерде жекелеген қоғамдық қатынастарды заң шеңберінде
реттейтін актілер қабылдайды.
Жергілікті әкімшілік-территориялық бөліктерде биліктің екі түрі
жүзеге асуы мүмкін. Олар: жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өзін-
өзі басқару.
Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз жергілікті әкімшілік-
территориялық жердегі Орталық өкіметтің атынан немесе жоғары тұрған
әкімішліктің атынан жүргізілетін биліктің бір түрі.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын адамдарды деңгейі
жоғары тұрған әкімшілік орындары тағайындайды. (Мысалы, ауылдың әкімін
аудан әкімі тағайындаса, аудан әкімін тағайындау облыс әкімінің қолында).
Жергілікті өзін-өзі басқару дегеніміз сол территорияда тұратын
тұрғындардың билігі, бұл билік сол тұрғындардың қалауымен сайланып
қойылатын органдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Осы жерде "Жергілікті
өзін-өзі басқару туралы Европа Хартиясынан" толық анықтамасын алуға болады:
1. Жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғай отырып, заң шеңберінің
көлемінде мемлекеттік істердің негізгі бөлігін жүзеге асыруды және сол
істерді басқарудың нақты мүмкіншілігі мен құқығына ие болуды - жергілікті
өзін-өзі басқару деп түсеніміз.
2. Бұл құқықты жалпыға бірдей, еркін, жасырын және тікелей дауыс беру
арқылы сайланған мүшелері бар кеңестер мен жиналыстар жүзеге асырады.
Кеңестер мен жиналыстар олардың алдында есеп беріп отыратын атқарушы
органдарды пайдалана алады. Бұл ереже азаматтардың кеңеске тікелей шығуына,
референдум жасауына және сол сияқты азаматтардың заңда белгіленген басқа да
құқықтарын жүзеге асыруына бөгет бола алмайды.
Европалық жүйе бойынша жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті
өзін-өзі басқару аралас жүреді, екеуі бірге отырып, бір жүйені береді.
Басқарудың екі түрінің араласуының да түрі нұсқасы бар. Әсіресе жергілікті
мемлекеттік басқаруға өзін-өзі басқару жүйесіне байланысты әр түрлі міндет
крйылады.
Бірінші - әкімшіліктің жергілікті өзін-өзі басқаруды "қамқорлығына
алуы".
Бұл жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару органының шешімі жергілікті
мемлекеттік басқару органдарының рұқсатын алмайынша күшіне ене алмайды.
Қысқасы, сол шешімді жергілікті әкімшілік (губернатор, әкім, бургамистер,
т.б.) қолдауы не бекітуі шарт. Оны қолдаудан бас тартудың да екі түрлі жолы
бар. Біріншісі - әкімшілік орындары өзін-өзі басқару органының шешімін
заңсыз деп табады, екіншісі - шешімді қажетсіз деп кейін қайтарады. Демек
оның "қажетсіз" не "қажетті" екенін халық емес, әкімнің білетін болғаны.
Өркениетті елдердің көпшілігінде дәл осыңдай әкім тарапынан жасалатын
"қамқорлық" баяғыда-ақ келмеске кеткен.
Екіншісі - әкімшілік тұрғысынан жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін
қадағалау.
Бұл - бүгіңдері көптеген мемлекеттерде кездесетін, европалық жүйенің
ең көп тараған түрі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімін
мемлекеттің өкілі (өкім) тек сол елдің заңына сәйкестігі тұрғысынан ғана
бақылай алады. Әдетте шешімді тексеруге аз ғана уақыт беріледі, егер сол
мерзімде әкімшілік тарапынан қарсылық болмаса, өзін-өзі басқару органының
шешімі күшіне енеді. Соңғы уақытта кең етек алған бір жаңалық - әкімшілік
ол шешімді сот тәртібімен ғана тоқтата алады. Өз кезегінде жергілікті өзін-
өзі басқару да сот арқылы өздерінің шешімдерін қорғап шыға алады.
Мемлекеттік және жергілікті билік органдарын қосымшадағы схемадан көре
аламыз.
Көптеген елдерде жалпы мақсатты жүзеге асыру бірнеше жергілікті өзін-
өзі басқару органдары бас қосып, бір орталық құрады. Осы одақтар арқылы
жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қажетті заңдарды қабылдатуға күш
салынады, жергілікті жердегі түрлі мәселелерді шешуге бағытталған жалпы
ұлттық бағдарламалар жасалынады, тәжірибе алмасып, бірлесе жасайтын
жұмыстардың басты бағыттары анықталады.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қоғамдық өмірдегі орнын, мемлекеттік
жүйеден ерекшелігін және басқа ғылымдармен байланысын көрсету мақсатында
төмендегі схемаларды ұсынамыз. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті
аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік және атқарушы
органдар жүзеге асырады.
2001 жылы қаңтар айында “Қазақстан Республикасы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы” заң қабылданды. Бұл заң бойынша жергілікті
мемлекеттік басқаруға мынандай анықтама берілді.
“Жергілікті мемлекеттік басқару заң және заң актілері шеңберінде
территорияда мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында жергілікті өкілетті
және атқарушы органдардың іс-әрекеттері болып табылады”.
Әкім Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі болып
табылады және тиісті территорияда әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытуға
және мемлекеттік саясатты жүргізуге жауапты.
Жергілікті өкілетті органдар (маслихат) облыс пен аудандардың
депутаттарынан тұрады. Бұлар Қазақстан
Республикасы заңына сай жергілікті жерлерде шешімдерді қабылдайды, оны
жүзеге асырады және бақылайды. Сонымен қатар, заң атқарушы және өкілетті
органдардың негізгі міндеттерін, талаптарын және шектеулерін анықтайды.
Маслихаттар мен акиматтар инвестиция, қаржы және жалпы мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатына қайшы келетін шешімдерді қабылдамауға,
мемлекеттік стандартты сақтай отырып, ұлттық тұрақтылықты сақтауға және
азаматтардың құқықтарын сақтауға міндетті.
Маслихаттар мен әкімияттардың тиісті территорияны дамыту мақсатында
жасаған жоспарлары Қазақстан Респубилкасының стратегиялық даму жоспарымен
сәйкес болуы керек. “Қазақстан Республикасы Астанасы статусы туралы” және
“Алматы қаласының арнайы статусы туралы” заңдары бойынша осы қалалардағы
жергілікті атқарушы органдарына қосымша құқық берілген.
Жергілікті жерлердегі халықтар тиісті аймақтарда шешім қабылдау
процесіне өздерінің сайлаған маслихат депутаттары арқылы қатыса алады.
Қазақстан Республикасы азаматының барлық деңгейдегі өкілетті
органдарға сайлануға және сайлауға құқығы бар және 18 жасқа толған азамат
осы құқыққа ие болады.
Жасы жиырмаға толған азамат маслихат депутаты болуға толық құқығы бар
және бір ғана маслихаттың депутаты бола алады.
Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік басқару ісіне тікелей
болмаса да жекелей немесе коллективті түрде мемлекеттік органдарға
барып ұсыныстарын білдіре алады.
Жергілікті халық өздерінің атқарушы орган басшысына (әкімге)
жергілікті өкілетті орган арқылы сенімсіздік білдіре алады. Бірақ бұл
практикада кездеспеген және Қазақстанда мұндай жағдай болған емес.
Азаматтардың ролі негізінде шешім қабылдау процесінде сайлау
науқанында жүреді. Шешім қабылдау процесіне халықтың ұсынысының қатысуы
1999 жылы Павлодарда алғаш рет жүзеге асты.
Заң бойынша ассоцация құру туралы ешқандай да қарастырылмаған. Бірақ
Алматы мен Астана қалаларының мәслихат cекретарлары координациялық кеңес
құрды. Алайда, бұл кеңес мемлекеттік тіркеуден өте алмады.
Қазақстан Республикасы көп ұлтты болғандықтан Қазақстан Халықтар
Ассамблеясы құрылған және олардың облыстарда да бөлімшелері бар. Сонымен
қатар, республика деңгейінде 40 жуық мәдени орталықтар құрылған.
Әкімият пен әкімнің қабылдаған актілері әкімшілік және территориялық
аймақтарда заңды күштерге ие болады.
Әкімият пен әкімдердің азаматтардың міндеттері, бостандығы және құқығы
туралы актілерді периодты басуға немесе газеттерде жариялауға міндетті.
Әкімияттар жалпы ортақ маңыздылыққа ие, ведомствоаралық характер немесе
азаматтардың міндеттері, бостандығы және құқықтарын білетін актілер
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің территориялық органдарында
тіркеледі.
Әкімият пен әкімдердің актілері іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы
Президенті, Үкіметі, Жоғарғы әкімият пен әкімдер немесе өздерінің қалауы,
сонымен қатар соттың шешімімен өзгертеді немесе жұмысын тоқтатады.
Облыстық мәслихат хатшыларының жиналысында Әділет Министрлігі аудандық
деңгейде қабылданған шешімдердің 15-20 пайызы тіркелмейді. Тіркеуге бармай
жатып кері қайтарылып жатқан актілерді де көруге болады. Тағы басқа
мәселелердің мемлекеттік бюджетке қаншалықты күш салып жатқандығын атап
айтты.
Үкімет конституциялық құқығы негізінде заңның орындалуын қадағалауды жүзеге
асырады. Атқарушы органдар тікелей сызықтық құрылымға жатқандықтан бақылау
жоғарыдан төменге қарай жүреді. Ал мәслихаттар тікелей бағыныштылық
құрылыммен байланысты емес.
Президенттік бақылауды президенттің өзі және оның әкімшілігі жүргізеді.
Президент премьер-министрдің ұсынысы бойынша облыстардың, Алматы және
Астана қалаларының әкімдерін сайлайды. Президенттің әкімдерге деген билігі
үкімет билігіне қарағанда артықшылығы бар және ол Президенттің “әкімдерді
өз еріктеріне босату” құқығымен бекітілген.
Логика бойынша әкім атқарушы органдар жүйесінің бәр бөлігі болып табылатын
жергілікті атқарушы билігінің басшысы болғандықтан өзінің іс-әрекеттеріне
үкімет алдында толық есеп беруге міндетті. Бірақ әкім президенттің
бұйрықтарында орындап, оның да алдында есеп беруге міндетті.
Президенттің барлық деңгейдегі әкімдерді бақылауы мүмкін емес.
Сонымен қатар, барлық деңгейдегі әкімдердің жұмыстарын бақылайтын
мемлекеттік инспекция құрылған, бірақ облыстан селолық деңгейдегі барлық
әкімдерді олардың да бақылауы өте қиын. Сондықтан да олардың қызметтегі
босатылуын президент шешеді. Ал, парламенттің жергілікті органдардың
жұмыстарын бақылау заңды түрде қарастырылмаған. Сенат Бас прокурордың
ұсынысы бойынша маслихаттың өкілеттігін шұғыл түрде тоқтата алады.
Үкімет конституциялық өкілеттіктіктер шегінен тыс заңдардың
орындалуына бақылау жүргізеді. Әділет министрлігі және оның территориялық
органдары жергілікті органдар актілерін тіркеп отырады.
Аудандық акиматты ауданның әкімі құрады. Оның құрамында әкім
орынбасарлары, әкім аппараты, тиісті атқарушы органдардың, бірініші
басшылары болады. Сонымен қатар, атқарушы органдардың аймақтық
бөлімшелерінің бірінші жетекшілері (облыстық бюджеттен қаржыландырылады
және тиісті жоғарғы органдардың
басшысының келісімімен) де болуы мүмкін.
Аудан әкімі өзінің маслихаттың функциясын жүзеге асыруға міндетті.
Өзінің және аудан акиматының құзыреті бойынша Қазақстан Республикасы
Президенті және облыс әкімінің алдында жауапты.
Аудандық органдарға мыналар жатады: аудандық әкім аппараты, бөлімдер,
ішкі істер, білім, басқару, коммуналды шаруашылық, ауыл шаруашылығы,
әлеуметтік саясат, қаржы және экономика бөлімдері.
Облыс, аудан әкімдері (облыстағы қалалар) ауданды басқару схемасын дайындап
аудандық маслихаттың бекітуіне ұсынады
1.3. Жергілікті басқарудың экономикалық механизмдері
Мемлекетті экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан одан әрі
демократияландыруда жергілікті шаруашылықты басқаруды жетілдіруде әкімшілік
- экономикалық механизмдердің алатын орны бөлек. Мемлекеттің негізгі
қызметті ұлттық егемендікті, меншік құқын, заңды және тәртіп сақтауды
қорғау және ақша айналысын, сыртқы сауданы реттеу және тағы да басқалай
болып келсе, жергілікті шаруашылықты басқару аясына жергілікті жергілікті
бюджетті бекіту, жергілікті салықтарды белгілеу, жергілікті халыққа білім
беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды көгалдандыру,
тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты барлық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету
және т.б. кіреді.

"Қазақстан - 2030" Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен
мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі
ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгендей, мемлекеттік басқару
біртіндеп орталықсыздандырылып, үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде болып,
неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір министрлік
пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және
мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол
қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді
қолдануға бағытталуы тиіс.
Жергілікті шаруашылықты басқаруда экономикалық механизмдерді қолданудың
ерекшелігін оның әлеуметтік мәселелер бойынша тиімді әрі уақытында шешім
қабылдай алатындығынан көре аламыз. Жергілікті халықты еңбекпен қамтуда,
оларды мамандық бойынша қайта даярлау мәселесі де жергілікті басқару
органдарының өкілеттігіне беріледі. Мәселен, олардың келесі жылдан бастап
шетелдік инвесторларға мынадай шарт қоюға құқықтары бар: Инвесторлар бір
жыл ішінде жергілікті белгілі бір салалар бойынша даярлайды, белгіленген
уақыт өткен соң халық еңбекпен қамтылып, шетелден келген жұмыс күші өз
елдеріне қайтарылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу елдің экономикалық саясатымен байланысты
және оны жүзеге асыруға бағытталады. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму
бағдарламасында аймақтық экономикалық саясаттың алатын рөлі зор.
Мемлекеттік реттеудің экономикалықпен бірге әкімшілік және
институционалдық та механизмдері де бар. Әкімшілік тұтқалардың жиынтығы
құқықтық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етумен байланысты іс-әрекеттерді
реттеуді қамтитын болса, экономикалық шараларға қаржы (бюджет, фискалды),
ақша-несие (монетарлы) саясаты, бағдарламалау және болжау мәселелері
жатқызылады. Жалпы алғанда, "қаржы саясаты" түсінігі - ауқымды категория.
Ол екі жақты түсінік береді. Біріншіден, ол экономикалық саясат мақсатын,
екіншіден, қаржылық шараларды жүзеге асыру механизмдерін білдіреді.
Қаржыдан жергілікті басқаруда туындайтын бюджетаралық қатынастар мәселесі
күн тәртібіне шындап қойылып отыр. Қазір Қазақстан Республикасы Үкіметінің
10 ақпан 2003 жылы №147 қаулысымен мақұлданған "Мемлекеттік басқару
деңгейлері арасында өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды
жетілдіру" Концепциясындағы бюджет сферасында экономикалық механизмдер
берілген. Онда жергілікті басқаруды дамыту максатында ауылдық (селолық)
округтардың әкімдер аппаратын құру көзделген. Ол 2004 жылғы республикалық
бюджетте (31 бап) ауылдық (селолық) округтардың әкімдері аппараттарын
қалыптастыруға облыстық бюджеттерге 7-ші қосымшаға сәйкес берілетін 2,9
млрд. теңге сомасында белгіленген мақсатты трансферттермен жүзеге асырылып
отыр.
"Институтционалдық" түсінігіне тоқталсақ, ол отандық ғылымда
салыстырмалы аз пайдаланылады. Нарықтық экономика жағдайында осы терминнің
қолданылу белсенділігі арта түседі. Экономикада белгілі бір құқықтық,
этникалық, психологиялық, ұйымдастырушылық нормалар мен дәстүрлер нақты
пайда бола бастайды. Экономикалық саясаттың өзі дәстүрдің, әдет-ғұрыптың
ұйымдастырушылық жүйесін білдіреді. Осындай салыстырмалы ұзақ өмір сүретін
іс-әрекеттер "институт" түсінігін қалылтастырады. У.Гамильтонның пікірінше,
институттар - қоғамдық дәстүрлер тобына берілетін сипаттың белгісі. Қазіргі
жағдайда институционалдық форманың кең тараған түрлері мынадай болып
келеді:
- мемлекеттік биліктің атқарушы құрылымын қалыптастыру, оның тікелей
міндеті - үкіметтің мақсаттарын жүзеге асыру;
- мемлекеттік меншік обьектілерін құру және қолдау;
- экономикалық бағдарламалар мен экономикалық болжамдарды дайындау;
- экономика бойынша зерттеу орталықтарын (әртүрлі меншік формасы бар),
экономикалық ақпарат институттарын, сауда-өнеркәсіп палаталарын, әртүрлі
экономикалық одақтар мен кеңестерді қолдау;
- экономика мәселелері бойынша кеңесшілер, консультанттар, сарапшылар
кеңесі институттарының қызмет етуін қамтамасыз ету;
- кәсіпкерлер мен кәсіби одақтарға ақпараттық, құқықтық қолдау және олардың
өзара байланыстарын тиімді ету.
Мемлекеттік шығындар түсінігі қоғамның талаптарын қанағаттандырумен
байланысты материалдық игілік пен қызметтерді сатып алуға кететін
шығындарды білдіреді. Қаржыларды шығындау саясатының негізгі міндеті
жиынтық сұранымға әсер ету болып табылады. Ал мемлекеттік табыстардеп
жеке сектордан мемлекетке ағымдағы ақшалай және мүліктік аударымдарды
(трансферттер) түсінеміз. Табыстар саясатының алдында тұрған міндеттерді
екіге бөліп қарауға болады:
- қаржы қорын қалыптастыру үшін жинақталған қаржы, оның көмегімен
макроэкономикалық тепе-теңдікке әсер ету;
- ресурстарды алу есебінен реттеуші тиімділікке қол жеткізу.
Мемлекеттік табыстарды шоғырландырудың көптеген формалары мен
әдістері бар. Жалпы қаржы ресуртарын жинаудың салықтық және салықтық емес
деп екіге бөлінетіні белгілі. Соңғысына әртүрлі алымдар мен салымдар
жатқызамыз. Ал ресурстарды міндеттеп жинаудың бірден бір жолы ол -
салықтар. Ол мемлекеттің ең маңызды табыс көзі. Мысалы, салық дамыған
елдерде (АҚШ, Жапония, Швеция) жалпы ұлттық өнімнің 30%-дан 50%-ға дейін
көлемін құрайды.
Елдің дамуы, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар
тағдыры, халықтың барлық игіліктерге қол жеткізе өмір сүрулерін қамтамасыз
ету тікелей мемлекеттік реттеуге байланысты. Дегенмен кей жағдайларда
орталықтандыру үрдісі басқару тармақтарының кеңінен таралуына өз кедергісін
де тигізеді.. Сондықтан да соңғы кезде аймақтық басқа-руды жетілдіру
мәселелері шындап күн тәртібіне еніп, өз бағыт-бағдарын біртіндеп анықтап,
жұмыс жасау үстіңде.
Билікті орталық пен аймақтарға жіктеу мәселесінің қоғамымызда
талқыланып жатқанына біршама уақыт етті. Осы екі деңгей арасындағы
мәселелердің шешілу барысы жергілікті шаруашылықтың тағдырына тікелей
қатысы бар. Орталыктан биліктің бір бөлігін алу процесін әрі қарай
жеткізудегі тағы бір кезең жергілікті басқару органдарының жаңа жүйеге
қатысты құқықтық базасын айқындау. Басқаша айтқанда, "Жергілікті
мемлекеттік басқару туралы" және "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы
заңдарының қабылдануы. Біріншісі қабылданып күшіне еніп, оған өзгертулер
мен толықтыруларда енгізіліп жатыр. Ондағы мақсат занды жақсартуды
жетілдіре беру деп ойлаймыз. Екіншісіне ауылдан бастап облысқа дейін
жергілікті жерлердің құзіреті, оның ішінде жергілікті бюджеттер туралы
нормалар енгізіледі. Оның түпкі мақсаты мынада: әр әкім өз мекенінің
(ауылдың, қаланың, ауданның) бюджетінің толуына мүдделі болуы үшін жеке
шағын, орта, үлкен кәсіпорындардың экономикасына араласпай, қайта олардың
дамуына қолайлы жағдай туғызатын экономикалық механизмдерді пайдалану.
Қазақстанда донор облыстармен бірге өздерінің әлеуметтік-экономикалық
дамуларына байланысты республикалық бюджеттен субвенция алатын облыстар да
аз емес. Олардың бүгінде әл-ауқаты өзін-өэі қамтамасыз етуге толыққанды
жетті деп айта алмаймыз. Республикалық бюджеттен субвенция алатын облыстар
жылдан жылға көбеймесе, азайып отырған жоқ. Оны кестеден көре аламыз.
Кесте 1
2001 - 2004 жылдар аралығында республикалық бюджеттен бөлінген субвенция
құрылымы
Жылдар
Облыстар
2003 2004 2005 2006
мың тг. % мың тг. %
1 Арыс қаласы 110 50 60
2 Кентау қаласы 114 51 63
3 Түркістан қаласы 110 41 69
4 Шымкент қаласы 131 66 65
5 Бәйдібек ауданы 92 38 54
6 Қазығұрт ауданы 109 50 59
7 Мақтарал ауданы 106 49 57
8 Ордабасы ауданы 108 48 60
9 Отырар ауданы 102 51 51
10 Сайрам ауданы 108 54 54
11 Сарыағаш ауданы 115 55 60
12 Созақ ауданы 103 58 45
13 Төлеби ауданы 111 47 64
14 Түлкібас ауданы 109 54 55
15 Шардара ауданы 106 55 51 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz