Жаркент қаласы



1 Жаркент қаласы
2 Жаркент қаласының ландшафтысы.
Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесіндегі байырғы қалаларының бірі. Қазіргі таңда Алматы облысы, Панфилов ауданының орталығы. (1928 жылдан). Облыс орталығы-Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 289 км, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 331 км жерде, Іле өзенінің аңғарында, Жетісу (Жоңғар Алатауынан бастау алатын Үсек (Өсек) өзенінің сол жағалауындағы бұта, шіліктал, аралас бетеге, сұлыбас, сарсазан, т.б. әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен қоңыр, шалғын топырақты шалғын жазықта орналасқан. Тұрғыны 32,7 мың адам (1999). Шоқан Уәлиханов 1856 жылы «Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі» атты еңбегінде, қазіргі Жаркент өңірінде болған кезін суреттей келе: «Жаркент қаласы Түркістан өлкесіндегі қалалардың ең үлкені екен. Қала шеңбері 25 -30 шақырым, оның 5 дарбазасы, 4 керуен сарайы болған, онда 33 мыңға жуық адам тұрған. Базарлары мен асханалары Шарсу (парсы тілінен аударғанда төрт су) төңірегіне бойлай орналасқан. Керуен сарайлар «Алтын дарбаза» жағындағы көшеге бойлай тізілген. Хотан дарбазасы жағындағы көшеде сүт, қаймақ, нан базара, асханалар болған. Қаланың басқа бөліктерінде жібек тоқитын орындар, күріш, ет сататын, «Соқакөл» жағында темекі сататын дүкендер, кешкі базар,(ахшам базар) тұрған.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Унниверситеті

Баяндама

Тақырыбы: Жаркент қаласы

Тексерген: Иркитбаев С.

Алматы 2007
Жаркент қаласы.

Жаркент қаласы – Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесіндегі
байырғы қалаларының бірі. Қазіргі таңда Алматы облысы, Панфилов ауданының
орталығы. (1928 жылдан). Облыс орталығы-Талдықорған қаласынан оңтүстік-
шығысқа қарай 289 км, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 331 км
жерде, Іле өзенінің аңғарында, Жетісу (Жоңғар Алатауынан бастау алатын
Үсек (Өсек) өзенінің сол жағалауындағы бұта, шіліктал, аралас бетеге,
сұлыбас, сарсазан, т.б. әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен қоңыр,
шалғын топырақты шалғын жазықта орналасқан. Тұрғыны 32,7 мың адам (1999).
Шоқан Уәлиханов 1856 жылы Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі атты
еңбегінде, қазіргі Жаркент өңірінде болған кезін суреттей келе: Жаркент
қаласы Түркістан өлкесіндегі қалалардың ең үлкені екен. Қала шеңбері 25 -30
шақырым, оның 5 дарбазасы, 4 керуен сарайы болған, онда 33 мыңға жуық адам
тұрған. Базарлары мен асханалары Шарсу (парсы тілінен аударғанда төрт су)
төңірегіне бойлай орналасқан. Керуен сарайлар Алтын дарбаза жағындағы
көшеге бойлай тізілген. Хотан дарбазасы жағындағы көшеде сүт, қаймақ, нан
базара, асханалар болған. Қаланың басқа бөліктерінде жібек тоқитын орындар,
күріш, ет сататын, Соқакөл жағында темекі сататын дүкендер, кешкі
базар,(ахшам базар) тұрған. Онда маталар, қой терісінен жасалған бұйымдар
сатылған. Қала төңірегінде бидай, тары егілген тұт, алма, өрік, жүзім, анар
ағашы т.б. жеміс- жидектер өсірілген. Қалада кейбір әр түрлі байырғы
архиологиялық ескерткіштер бар. Жаркент аймағында археологиялық қазба
жұмыстары жүргізілмеген, сондықтан мұнда жұрттың қай уақытта мекендей
бастағаны туралы нақты дерек жоқ. Үсек өзенінің жағасында аялдауға лаж
болмады. Шынында да айналасында құм мен тас, тым болмаса бір шөп болсашы,
үй тіккендей таза орынның өзін төңіректі барлап, таба алмадық. деп
жазған. Шоқан өткен осы жерде 1882 жылы Жаркенттің іргесі қаланған. 1891
жылы қала болды. Бастапқыда, негізінен, ұсақ колөнершілер мен сауда- саттық
қаласы болған. 1928 жылдан аудан орталығы болды. Осы кезде жаңа
кәсіпорындар ашылып, құрылымдар салына бастады. Қала 1942-92 жылдар
аралығында Кеңес Одағының батыры И.В.Панфиловтың есімімен аталды. Жаркентте
құрылыс зауыты, нан, ет, тұрмыстық қажетін өтеу комбинаттары, тігін
фабрикасы, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада 7 орта мектеп,
педагогикалық мектеп, (республикадағы алғаш оқу орындарының бірі, 1929 жылы
ашылған), мешіт, 2 кинотеатр, 3 кітапхана, мәдениет үйі, 3 клуб, аурухана,
емхана, стадион, автостанция, ірі сауда орталығы т.б. мекемелер бар.(1999).
1979 жылы сәулет өнерінің музейі ашылды. Жаркент арқылы – Алматы-Қорғас-
Үрімші автомагистралі өтеді.
Жаркент мешіті - Орта Азия сәулет өнері үлгісімен тұрғызылған
архиологиялық ескерткіш. 1892-95 жылдары ұйғырдың ірі байы Уәли Юлдашев
Қытай сәулетшісі Хон –Пикке Жаркент қаласында салдырды. Құрылыс
композициясының кіндігі- ортадан салынған м е ш і т құрылысы. Қасбеті
шығысқа қараған, ауданы 28(54м, биіктігі14,5 м, мұнарасының биіктігі 19 м.
Мешіт 52 бағана тізбегімен айналдыра қоршалған. Антаблементі ағашқа
түсірген әсем оймышпен нақышталған. Тянь- Шань шыршасынан дайындалған бұл
бағаналардың құрылыс қаңқасын құрауда әрі әсемдік көрік беруде мәні зор
(әрбір бағананы кендірмен орап, сылап, қызыл жосамен сыртын лактаған).
Бағаналарды құрастыруда шеге қолданылмаған, қиып, қашап қиюластырған.
Интерьері әсем оймыш, нәзік өрнектермен безендірілген. Мешіт қабырғасы да
шебер қиюластырылған бағаналардан құралған, төбесе қаңылтырмен жабылған.
Жаркент мешітінің порталы ерекше көз тартады. Сүйір арқалы, ғанышқа
түсірілген әсем нақышты арабша жазулармен өрнектелген. Мешіт ауласының
солтүстік- шығыс бұрышында шағын үй, оңтүстік қапталында медресе
орналасқан. Комплекс биіктігі 2,3 м тас қоршаумен қоршалған. Оңтүстігі мен
солтүстігінде үлкен қақпасы бар. Сонымен қатар мешіттің ауласындағы шағын
үйшіктердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша - қаражаттарын есепке алу
Алматы облысының шекара маңы аумағының экономикалық – географиялық байланыстарының дамуы (Панфилов ауданы мысалында)
Үлкен Алматы шатқалы
Талдықорған мен Жаркент орналақан орны мен табиғаты
Қазақстанның туристік жерлері
Алматы облысының 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасына талдау
Талдықорған өнірінің туристік рекреациялық ресурстар жағдайы
Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру
Сауданың сипаты
Сауда. Жәрменкелер
Пәндер