Жазық жерлердң топырақтары


Жазық жерлердң топырақтары
Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел - Англиядан 11 есе үлкен. Ұлан байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып жатыр. республика ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орындыиемденді. Бұл - оның жері бұрынғы Ресейден басқа 13 одақтас республиканың жер көлемінен артық деген сөз. Бейнелеп айтқанда, Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін сыйып кетеді екен. Халқының саны жөнінен әлемде 80-ші орында болып, жер көлемі жөнінен кеңбайтақ 10 елдің бірі. Дәлірек айтсақ, Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Австралия, Бразилия, Үнді, Аргентинадан кейінгі 9-шы орында. Оныншы орынға Судан мемлекеті ие. Әлем халқының не бары 0, 3% құрай тұрып, Қазақстан жер шарының екі процентін алып жатыр.
Мұнда, кең алқапта жазықтар мен ойпатты жерлер, биіктігі әр түрлі таулар кездеседі. Кен алқапты жерлердің табиғи, климат, топырақ жағдайлары әр түрлі, ол табиғаттың негізгі зоналық заңына байланысты. Мысалы, Қазақстаннын жазық алқалтарында климаттың, топырақтын терістіктен онтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденен зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналык заңына бағынады. Енді біз Қазақстан территориясында кездесетін зоналық топырақтардын қысқаша сипаттамасына және бұл топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану мәселелеріне тоқталамыз.
1. Республикамыздың қиыр терістігінде біраз территорияны жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері 330-350 мм, жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған. Негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қаратопырағы және сілтісізденген қаратопырақтар кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 8-9%. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналаскан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздык бидай егіледі. Картоп, көкөністер өсіріледі, мал шаруашылығы дамыған. Егістікке жарамды жерлердің бәрі түг елдей игерілген. Қалған жерлері орман, шабындык пен жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстан территориясында бұл зонаша не бары 0, 4 млн (республика жерінің 0, 2%) гектар зонаныи негізгі бөліп, терістіктегі Ресей жерінде, 2), 3) Осы зонашадан оңтүстікке қарай (байтақ қаратопырақты далалы зона басталады. Өзінің топырағы мсн климаттық жағдайына қарай бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а ) орташа ылғалданған дала; б) ылғалы жеткіліксіз қуаң дала. Бұл аймақтын біразы Батыс-Сібір ойпатында жатыр. Солтүстік Қазакстан облысының көпшілік жері, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік жағы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарынын солтүстік беттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе кұз және қыс айларында түседі, ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ болады. Егістік өніміне әсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек қайталанады. Оның топырақтары қара топырақты зонаның Батыс Сібір провинцияларында кездесетін 2) кәдімгі қара топырақ (орташа ылғалданған далада) және 3) оңтүстіктің қара топырағы ылғалы жеткіліксіз қуаң далада) .
Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл аймақта негізінен суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен сортаң, сорланған топырактар және комплексті учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер фосформен тыңайтуды қажет етеді. Бұл зо нанын көлемі - 25, 4 млн гектар, яғни республика жерінің 9%-не жуық. Бұл алқаптың көп жері 1954-1958 жылдары тың игеру кезінде астықты дақылдар үщін жыртылды.
- КӘдімгі қаратопырақты эонаша республикамыздың 11, 7 млн гектарын, яғни барлық жерлеріміздің 4, 3%-ін алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі топырақтары - кәдімгі ортагумусты қара топырақтар. Топырақ қара шіріндісінің мө лшері беткі қабатында 0-10 см, -8%-і табиғикүйіндеқұнарлы топырақтар. Егістік өніміне әсер ететін құрғакшылық орта есеппен он жылда бір рет қайталанады.
- Онтүстікқаратопырақты зонашаның көлемі 13, 7 млн гектар, республика жерлершің 5, 1%-і, Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300 мм, оның жылы уақытта түсетіні 150-180 мм. Топырақтарының басым бөлігі азгумусты қара топырақтар, топырактың беткі кабатындағы қарашірінді мөлшері 4-0%. Топырақтар жамылғысында сортаңданған, әктенген топырактар түрлері басымырак кездеседі. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3 рет қайталанады.
4., 5., 6. Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде Қазақстан батысынан шығысына қарай - Шығыс Қазақстан облысына дейін созылып құрғақ және шөлді-далалы қара қоңыр топырақты зона жатыр, оның көлемі 90, 4 млн гектардай (республика территориясының 33, 3%), яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай зонаның 70% жерін қамтиды. Бұл аймақта Павлодар облысының көп жері, Солтүстік Қазақстан облысының батыс жағының, біразі бөлігі, Қостанай, Ақмола облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының көп жерлері орналасқан. Бұл кең зонаның солтүстік бөлігінің топырағы оңтүстіктен қара топырағына өте ұқсас, күңгірт қара қоныр топырақ (4) . Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3-4%. Орта бөлігінде ылғалдың азаюына байланысты өсімдіктердің өсуі де сирексіп, топырақтың қарашірігі азаяды, топырақтың түсі жай қара қоңырға айналады (5) . Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3%-тей. Ал аймақтың оңтүстігінде шөлді далада топырақ түсі тіпті ашық қара қонырға ауысады (6) . Топырақтың беткі қабатындагы қара шірінді мөлшері не бары 1, 5-2%.
Ауадан түсетін ылғал мөлшері өте айнымалы. 4) Зонаның солтүстік бөлігінің топырағы күңгірт қара қоңыр, онда суарылмайтын күздық бидай егіледі. Бірақ олардың алынатын өнім мөлшері ауа райына тәуелді. Орта есеппен жылына түсетін ылғал 250-280 мм. Мұнда кұрғақшылық үш-төрт жылда бір рет қайталанады. Бұл жердің көлемі 27, 7 млн гектардай (республика жерінін 10, 3%), 5) ал зонаның орталық бөлігінде жай қарақоңырлы топырақтарда кұрғакшылық жиі болатындықтан, суарылмайтын егін өнімі мұнда тұрақсыз.
Бұл
аймақта құрғақшылық екі жылда қайталанып, өнім канағаттанарлыксыз алынады.
Бұл
зонашаның көлемі - 24, 3 млң гектар жер, Қазакстан жерінің 8, 9%. Негізсіз жыртылып, кеткен жер көлемі 4 млн гектарға жуық.
Бұл
зонашаларда да астықты шаруашылықтар, әсіресе күңгірт қара қоңыр зонашада жақсы дамыған. Онда женіл топырақтар желмен ұшуға бейім, оның өзі топырактың жел эрозиясына қарсы күресу шараларын ұйымдастыруды қажет етеді. Сонымен қатар топырағында фосфор аз болғандыктан, фосфорлы тыңайтқыштар қажет.
Бұл
екі зонашадағы негізгі егістік жерлер тың игеру кезінде игерілген. Ескеретін жай: тың игеру науқанында біршама асыра сілтеушілік болып, қара қоңыр топырактардың астық егуге жарамсыз біршама жерлері жыртылып кеткен. Ол жерлерді жайылымдыққа тезде, тіл кайтару қажет. Егістіктермен катар мал шаруашылығы дамыған. 6. Шөлді- далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ пен оңтүстіктегі шөлді аймақтың аралығында жатыр. Сондықтан бұл зонашада солтүстіктегі далалы зона мен оңтүстіктегі шөлді зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі. Климаттың құрғак болуына байланысты
мұнда
өсетін шөптердің түрлері аз, әрі сирек. Топырақтын құнарлылығы кем, әсіресе оның құрамындағы қарашірік аз, топырақ
түсі
ашық қара қоңыр, көбінесе
сортаңданған. Ауадан түсеті ылғал мөлшері жылына орта есеппен
180-210 мм-ақ, бұл егістіктің өнімді шығуын қамтамасыз ете
;
алмайды, ылғалдану коэффициенті аймақта шамамен 0, 2-0, 3, яғни 20-30%,
Бұл
казіргі уақытта негізінен мал шаруашылықты аймақ болып саналады. Жайылымы көктемгі, жазғы,
күзгі
уақыттарда жаксы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz