Энтомология
1 Энтомология
2 Жәндіктер, насекомдар (Insecta
3 Қандала(Hemіptera)
4 Қамба бізтұмсығы
5 Колорадо қоңызы (Leptinotarsa decemlineata)
6 Күздік көбелек (Agrotіs segetum)
7 Қазақстанда зиянкестерді зерттеу жұмыстары
8 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
9 Зиянкестермен күресу шаралары
10 Дезинфекциялау ерітінділер

Энтомология (грек. entomа – жәндіктер және logos – ілім) – жәндіктерді зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы. Энтомология жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді. Жәндіктерді ғыл. түрде зерттеу XVII ғасырда басталды. Энтомологияның негізін салушылар итальян биологы М.Мальпиги (1628 – 94), голланд натуралисі Я.Сваммердам (1637 – 80) және француз табиғат зерттеушісі Р.Реомюр (1683 – 1757) болды. XVIII ғасырдың бас кезінде француз энтомологы Ж.Дюфурдың зерттеу жұмыстары арқасында жәндіктерді салыстырмалы анатомия тұрғысынан зерттеу жақсы дамыды. XVIII ғасырдың 2-жартысында орыс ғалымы П.С. Паллас энтомологияға көп еңбек сіңірді. XIX ғасырдың ортасында энтомология зоологияның жеке саласы болып шықты. Қазіргі кезде энтомологиялық зерттеулер негізінен екі бағытта жүргізіледі. Жалпы энтомология жәндіктердің құрылысы мен тіршілігін, олардың жекелей дамуы мен эволюциясын; ал қолданбалы энтомология (ауыл шаруашылығы, орман, мед., мал дәрігерлік болып бөлінеді) ауыл шаруашылығы дақылдары мен өнімдерінің, орман ағаштарының зиянкестерін, паразиттерді, қансорғыштарды, ауру тарататын жәндіктерді зерттейді. Бұдан басқа энтомологияның ішінде колеоптерология (қаттықанаттыларды зерттейді), лепидоптерология (қа-быршаққанаттыларды), мирмекология (құмырсқаларды), т.б. салалары бар. Қазақстан жәндіктерін алғаш . XIX ғасырда П.П. Семенов-Тянь-Шаньский, Н.А. Северцов, А.П. Федченко, А.П. Семенов-Тянь-Шаньский, В.Ф. Ошанин экспедициялары зерттеді. Жеке энтомологиялық мәселелермен 1921 жылы құрылған Жетісу энтомологиялық бюросы (1924 ж. Өсімдік қорғау ст. болып қайта құрылды) айналысты. Энтомология саласындағы жүйелі зерттеулер КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасының Зоология секторында 1932 ж. басталып, осы күні Зоология институтында жалғастырылуда. Республиканың әр өңіріне тән жәндіктер фаунасы жөніндегі мағлұматтар “Қазақстан соналары”, “Қазақстанның қан сорғыш масалары”, “Қазақстан цикадалары”, “Қазақстан ағашжегі қо-ңыздары”, “Орта Азия және Қазақстан бізтұмсық қоңыздары”, “Қазақстан мен Орта Азия қазғыш аралары”, “Жетісу шөліндегі құмырсқалар”, “Қазақстанның қансорғыш шыбындары”, “Қазақстанның жапырақжегі қоңыздары”, “Қазақстан мен Орта Азия жайпақ мұртты қоңыздары”, т.б. ғылыми еңбектерде басылды. Қазақстан жәндіктерінің жүйеленімі, фаунасы, экологиясы, географиясы үнемі жаңартылып, толықтырылып отырылады.
1.Торыбаев Х.Қ. Энтомологиялық анықтама-сөздігі. Алматы, 2008.
2.Торыбаев Х.Қ., Бектұрғанов Б.Б. Ауылшаруашылық зиянкес насекомдар атаулары. Алматы, 2010.
3.Торыбаев Х.Қ., Ашықбаев Н.Ж. Өсімдік карантині. Алматы-2007.
4.Тілменбаев Ә.Т., Жармұхамедова Г.Ә. Энтомология, Алматы, 1994.
5.Бей-Биенко Г.Я. Общая энтомология. М. 1971.
6.Бей-Биенко Г.Я. и др. Практикум по сельскохозяйственной энтомологии. Л. 1968.
7.Ашықбаев Н.Ж. және т.б. Бунақденелілерді жүйелеу және жіктеу. Алматы. 2002.
8.Бондаренко Н.И. Биологическая защита растений. М.1986
9.Коппел Х., Мертинс ДЖ. Биологическое подавление вредных насекомых. М. 1980.
10. Матпаева Б.Б. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерімен биологиялық күрес тәсілдері. Алматы.1983
11.Мигулин А.А. и др. Сельскохозяйственная энтомология. М. 1976
12.Рубцов Н.А. Биологический метод борьбы с вредными насекомами. М.-Л. 148.
13. Беляров Г.А. Химическая и биологическая защита растений. М. 1983.
14.Калымбетов Б. және т.б. Өсімдік қорғаудың орысша- қазақша анықтамалық сөздігі. Алматы.1977.
15. Дәуітбаева К.Ә., Омыртқасыздар зоологиясы, ІV бөлім, А., 2000; Шарова И.Х., Зоология беспозвоночных, М., 2004. Қ. Көшкімбаев

Энтомология (грек. entomа – жәндіктер және logos – ілім) – жәндіктерді
зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы. Энтомология жер бетінде, топырақ
арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді.
Жәндіктерді ғыл. түрде зерттеу XVII ғасырда басталды. Энтомологияның
негізін салушылар итальян биологы М.Мальпиги (1628 – 94), голланд
натуралисі Я.Сваммердам (1637 – 80) және француз табиғат зерттеушісі
Р.Реомюр (1683 – 1757) болды. XVIII ғасырдың бас кезінде француз
энтомологы Ж.Дюфурдың зерттеу жұмыстары арқасында жәндіктерді салыстырмалы
анатомия тұрғысынан зерттеу жақсы дамыды. XVIII ғасырдың 2-жартысында орыс
ғалымы П.С. Паллас энтомологияға көп еңбек сіңірді. XIX
ғасырдың ортасында энтомология зоологияның жеке саласы болып шықты. Қазіргі
кезде энтомологиялық зерттеулер негізінен екі бағытта жүргізіледі. Жалпы
энтомология жәндіктердің құрылысы мен тіршілігін, олардың жекелей дамуы мен
эволюциясын; ал қолданбалы энтомология (ауыл шаруашылығы, орман, мед., мал
дәрігерлік болып бөлінеді) ауыл шаруашылығы дақылдары мен өнімдерінің,
орман ағаштарының зиянкестерін, паразиттерді, қансорғыштарды, ауру
тарататын жәндіктерді зерттейді. Бұдан басқа энтомологияның ішінде
колеоптерология (қаттықанаттыларды зерттейді), лепидоптерология (қа-
быршаққанаттыларды), мирмекология (құмырсқаларды), т.б. салалары бар.
Қазақстан жәндіктерін алғаш . XIX ғасырда П.П. Семенов-Тянь-Шаньский, Н.А.
Северцов, А.П. Федченко, А.П. Семенов-Тянь-Шаньский, В.Ф. Ошанин
экспедициялары зерттеді. Жеке энтомологиялық мәселелермен 1921 жылы
құрылған Жетісу энтомологиялық бюросы (1924 ж. Өсімдік қорғау ст. болып
қайта құрылды) айналысты. Энтомология саласындағы жүйелі зерттеулер КСРО ҒА-
ның Қазақстандық базасының Зоология секторында 1932 ж. басталып, осы күні
Зоология институтында жалғастырылуда. Республиканың әр өңіріне тән
жәндіктер фаунасы жөніндегі мағлұматтар “Қазақстан соналары”, “Қазақстанның
қан сорғыш масалары”, “Қазақстан цикадалары”, “Қазақстан ағашжегі қо-
ңыздары”, “Орта Азия және Қазақстан бізтұмсық қоңыздары”, “Қазақстан мен
Орта Азия қазғыш аралары”, “Жетісу шөліндегі құмырсқалар”, “Қазақстанның
қансорғыш шыбындары”, “Қазақстанның жапырақжегі қоңыздары”, “Қазақстан мен
Орта Азия жайпақ мұртты қоңыздары”, т.б. ғылыми еңбектерде басылды.
Қазақстан жәндіктерінің жүйеленімі, фаунасы, экологиясы, географиясы үнемі
жаңартылып, толықтырылып отырылады. Қазақстанда энтомология ғылымының
дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар: академик И.Г. Галузо, Т.Н. Досжанов,
ғылым докторлары Б.Шайкенов, И.Д. Митяев, В.Л. Казенас, Д.Жатқанбаева, т.б.
Зиянкестер– адам мен жануарлар орга низмінде әр түрлі ауру қоздырғышын
таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы.
Зиянкестер адамға, малға,орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян
келтіреді. Адам мен жануарлар Зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі
жәндіктер (улы жыландар, улы өрмекшілер,қансорғыш жәндіктер, т.б.) жатады.
Ауыл шаруашылығы Зиянкестері – егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап,
түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер,бауыраяқты
ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады. Мысалы, капустаны –капуста
ақ көбелегі мен капуста қара күйесі, асқабақты – ұсақ
шыбындар, қызылшаны –қызылша бүргесі, баялды (баклажан)
мен картопты – колорадо қоңызы зақымдайды.[1]Жиі кездесетін
түрлері: шаянтәрізділер, көп аяқтылар және өрмекшітәрізділер. Көптеген
дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін
көпқоректілер: шегірткелер,шілделік тер, күздік көбелек, шалғын
көбелек, шыртылдақ қоңыз, қара қоңыз, т.б. Зиянкестер –
өздерінің биологиялық ерекшелігімен , түрлерінің көптігімен, өсімталдығының
жоғарылығымен және өсіп-өну процесінің шапшаңдығымен ерекшеленеді.
Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір
егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға
бейімделуіне байланысты. Астық дақылдарының Зиянкестері астық өнімдерін
күзде тасығанда жәнеқыста сақтау кезінде зақымдайды.
Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық кенесі, т.б.), қоңыздар
(мысалы, астық қоңызы, астық тескіші, астық сүлікшесі, бізтұмсық қоңыздар,
т.б.), көбелектер (мысалы, астық сұр көбелегі, дән қоңыр көбелегі,
т.б.),құстар (мыс., көгершін, үй торғайы, т.б.) жатады.
Кенелер, қоңыздар, көбелектер – арп а,бидай, сұлы, күріш, жүгері, т.б.
дақылдардың жапырағын, сабағын зақымдап, дернәсілдері өсімдіктің дәнімен
қоректенеді. Бұдан астық дақылдарының өнімі кемиді. Бал арасының
Зиянкестері аралар мен олардың тіршілік өнімдерімен қоректенеді.
Зиянкестердің ішіндегі ең қауіптісі – Varroa jacobson кенесі. Бұлар бал
арасын жеп қояды. Бал арасының жыртқыштары (аражегіш, тағанақ, т.б. құстар)
омартадағы жиналған балды ғана емес, бал арасымен де қоректенеді. Өсімдік
жемісі мен тұқымының Зиянкестері – буынаяқтылардың үлкен бір тобы. Бұлар
өсімдіктің гүл бүршігін, бүрін, тұқымын, дәнін жеп қоректенеді. Бұл
топқа: жапырақ ширатқыш, қосқанаттылар (жапырақ шыбыны, галлицалар),
жарғаққанаттылар, қоңыздар жатады. Зиянкестер жыл бойы жиналатын тұқымның
жартысына жуығын жеп, шаруашылыққа 25 – 50%-ға дейін шығын келтіруі
мүмкін. Орман Зиянкестері – орман ағаштары мен бұталарын зақымдайтын
жануарлар.
Бұларға негізінен кенелер, көпаяқтылар, бау ыраяқты
ұлулар (шырыш), жәндікқоректі сүтқоректілер (кірпі, көртышқан, жертесер,
т.б.),тышқандар, жұпаяқтылар (қабан , бұғы, бұлан,
т.б.), жыртқыштар (түлкі, қоңыр аю) және құстар (тоқылдақ, қайшыауыз)
жатады.Зиянкестер ағаштың жапырағын, бұтағын, гүлін, жемісі мен тұқымын
жеп, діңін тесіп, тамырларынан шырынын сорады. Зақымданған ағаштар өсуін
тоқтатып жеміс салмайды. Олар бірте-бірте өз тіршілігін жояды.
Ұн мен жарма зиянкестері. Ұнды, жарманы, кептірілген нанды және басқа да ұн
тағамдарын дұрыс сақтамаған жағдайдажәңдіктер пайда болып, бүлдіреді,
сапасын кемітеді. Әсіресе көбірек кездесетіні — астық кеміргіштері. Ол
ұзындығы 2—3 мм, қызыл қоңыр, қоңыр не сарғыштау, денесі жұмыр қоңыз.
Ұшады, үркіткен кезде қимылсыз қалады. Күн жылығанда жылына 4 рет, ұрпақ
береді. Оның личинкалары кептірілген нанды, печеньені, макарон тағамдары
мен жарманы, кептірілген көкөністер мен жемістерді бүлдіреді, олар ұнмен де
қоректенеді (олардан бөлінген сұйықтық салдарынан ұн түйіршіктеніп қалады).
ЖӘНДІКТЕР, насекомдар (Insecta) – буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз
жануарлар класы. Қазба қалдықтары девон кезеңінен белгілі. Филогенетикалық
шығу тегі көп аяқтыларға жақын, арғы тегі сақиналы құрттар деп
есептелінеді. Жер шарында кең тараған 1 млн-дай түрі анықталған (барлығы
1,5 – 2 млн. түрі болуы мүмкін). Жәндіктер екі класс тармағына бөлінеді:
алғашқы қанатсыз жәндіктер және қанатты жәндіктер. Қазақстанда 2 класс
тармағына жататын 28 отряды 550-ден астам тұқымдасы бар. Бұлардың дене
тұрқы бірнеше мм-ден (ең майдасы – трихограмма – 0,2 мм) – 33 см-ге дейін
болады. Жәндіктердің ең басты ерекшелігі – денесі бас, кеуде және құрсақ
бөлімдерінен тұрады. Денесін тығыз кутикула (эпителий клеткаларынан
бөлінетін тығыз қабықша) жапқан. Басында екі күрделі фасеттік көздері,
қарапайым майда көзшелері, екі мұртшасы болады. Ауыз құрылысы қоректену
әдісіне қарай: инеліктер, тарақандар, дәуіттер, қоңыздардың аузы кеміруге;
көбелектер, шыбындардың аузы сұйық қоректі соруға; өсімдіктердің шырынымен
және адамның, жануарлардың қанымен қоректенетін маса, бит, қандала, цикада,
т.б. аузы шаншып-соруға бейімделген. Жәндіктердің кейбір түрінде аузы
болмайды (бөгелек, біркүндіктер). Үш бунақты (алдыңғы, ортаңғы және артқы)
кеудесінде (әр буынында жұптан) алты аяғы болады, жәндіктердің ежелгі
атының алтыаяқтылар (Нexapoda) деп аталуы осыған байланысты. Аяқтары
жамбасша, ұршықбас, сан, сирақ және табаннан тұрады. Жәндіктердің жүруге,
жүгіруге (тарақан, қоңыздарда, т.б.); секіруге (шегіртке, шекшек,
бүргелер); жүзуге (жүзгіш қоңыздар, т.б.); қазуға (бұзаубас, т.б.); жемін
ұстауға (дәуіт, т.б.); гүл тозаңын жинауға (бал арасы) бейімделген аяқтары
болады. Ортаңғы және артқы буынында бір-бір жұп қанаттары бар. Тек
қосқанаттыларда артқы кеуде буынындағы қанаттары – ызылдауыққа айналған.
Жәндіктердің басым бөлігінде ұшуға екі жұп қанаттарын (көбелектер,
инеліктер, торқанаттылар, т.б.), кейбір түрі тек артқы жұбын (қоңыздар,
т.б.) ғана қағады. Құрсағы көп бунақты, кейбір түрінде 11 бунақты.
Құрсағында аяғы болмайды, бірақ олардың қалдықтары рудимент (жұмыртқа
салатын мүшесі немесе шаншары, еркегінде – жыныс мүшесі) түрінде сақталған.
Жәндіктердің бұлшық еті тек көлденең жолақты. Ет талшықтарының саны 1,5 – 2
мыңға жетеді. Бұлшық еттерінің жиырылып-жазылуы бас миымен тығыз байланысты
және оларға бұлшық еттен бөлінетін жиырылғыш белок – актомиозин әсер етеді.
Жәндіктердің ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, артқы ішектен және сілекей
бездерінен тұрады. Олар қорегіне қарай фитофагтар (өсімдік қоректілер),
жыртқыштар, өсімдік шірнесімен қоректенетіндер, некрофагтар (өлексемен
қоректенетіндер), сапрофагтар (басқа жануарлардың өлексесімен
қоректенетіндер), қан сорғыштар, т.б. болып бөлінеді. Жәндіктер
атмосфералық ауаны – трахея (кеңірдек) жүйесімен жұтады, ал суда тіршілік
ететін дернәсілдерінде екінші реттік трахея не кутикулалы желбезек дамиды.
Жәндіктердің дене температурасы тұрақсыз, сондықтан олар салқынқанды
жануарлар тобына жатады. Қан айналу жүйесі нашар дамыған. Ол жүрек пен арқа
қолқасынан құралған. Бірнеше камераларға бөлінген. Осы камералар бір
бағытта жиырылып қанды (гемолимфаны) артқы жағынан қолқаға қарай сырғытады.
Гемолимфа қолқадан бас қуысына, одан кеуде және құрсақ бөлігіне ағып,
қайтадан жүрекке құйылады. Зәр шығару жүйесі – мальпиги түтікшелері. Бұл
суды және организмге қажетті еріген затты гемолимфаға өткізеді, ал сіңбей
қалған заттар артқы ішекке түсіп, аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
Жүйке жүйесі бас миы, жұтыншақ асты ганглия және құрсақ жүйке тізбегінен
құралған. Жәндіктерде сезім мүшелері жақсы дамыған. Олар әр түрлі
механикалық, химиялық, дыбыстық, көру, есту, терінің сезу қабілеті, т.б.
көптеген тітіркенулерді қабылдай алады. Жәндіктер дара жыныстылар және
жыныс диморфизмі айқын байқалады. Бұлардың онтогенезі екі кезеңнен өтеді:
толық түрленіп дамитындар және шала түрленіп дамитындар. Жәндіктердің
биоценоз тұрақтылығын сақтауда айрықша маңызы бар. Олардың ішінде көптеген
ауыл шаруашығы мен орман зиянкестері де жеткілікті: Қазақстанда әр түрлі
қоңыр көбелектер, астық қоңыр көбелегі, жапырақ ширатқыштар, мүр
көбелектер, өсімдік биттері, жапырақ жегілер, т.б. – зиянды жәндіктер; бит,
бүрге маса, шіркей, сона, т.б. – қан сорғыш жәндіктер; тарақан, үй қара
шыбыны, цеце шыбыны, т.б. – аса қауіпті ауру қоздырғышын тарататын
жәндіктер; бал арасы, тұт жібек көбелегі – пайдалы жәндіктер кездеседі.
Сонымен қатар ара, көбелек, т.б. жәндіктер өсімдікті тозаңдандырады;
құмырсқа, қоңыз дернәсілдері топырақты қопсытады. Жәндіктердің сирек және
жойылып бара жатқан 200-дей түрі (Тянь-Шань апполоны, әсем барылдауық
қоңыз, махаон, сары көбелектің кейбір түрлері, т.б.) қорғауға алынып,
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Қандала(Hemіptera) – жәндіктер класының бір отряды. Ауыз аппараты шаншып-
соратын тұмсыққа айналған. 40 мыңнан аса түрі бар. Қазақстанда 32
тұқымдасы, 370 туысы, 1,5 мыңдай түрі белгілі. Негізгі тұқымдастары: су
қандалалары, ескекшілер, төсек қандалалары, т.б.
Қандаланы жою үшін әуелі олардың көп шоғырланған жерін анықтап алу
қажет. Үйдегі мебельдердің қуыс-қуыстарын, кабырғаны, еденге төселген
линолеумнің тігістері мен шет-шетін, плинтустарды т. б. жерлерді мұқият
қарап шығу керек. Егер үйге жөндеу жүргізілетін болса, алдын ала
дезинсекция жасаған жөн. Қандаланы жою үшін түрлі ұнтақтар мен 30 процентті
спирт ерітіндісін және хлорофос қорытпасын; Фосфолан, Неопин, Хлорак,
дусттарын; Дифос, Метасил, Тролен сияқты сұйық препараттарды; сондай-
ақ Прима—71 және Неофос аэрозольды препараттарын қолданады. Бұларды
алма-кезек ауыстырыл пайдаланған жөн, себебі қандаланың химиялық заттарға
бойы үйренгеннен кейін препараттар әсер етпейтін болады. Улы препараттармен
жұмыс істегенде сақ болып, көрсетілген нұсқауларды бұлжытпай орындау керек.
Бөлме ішін улаған кезде темекі шегуге болмайды, себебі улы химикаттар тез
жанғыш келеді. Жұмысты аяқтаған соң беті-қолды сабындан жуып, бөлмені
желдетіп алған дұрыс. Улы препараттарды азық-түліктен бөлек, балалардың
қолы жетпейтін, үй хайуанаттары бара алмайтын жерлерде сақтау қажет.
Қамба бізтұмсығы
— ұзындығы 2—4 мм, түсі әр алуан (қызыл қоңырлан қара түске дейін), басы
сүйірленіп біткен қоңыз. Ұшпайды. Күн жылығанда жылына 5 ретке дейін ұрпақ
береді. Қара бидай, бидай, күріш, арпа, қара
құмық, жүгері дәндерін,макаронды жә не ұзақ тұрып қалған ұнды
бүлдіреді. Личинкалары дәнді ішінен кеулеп, қоңыздар оның сыртынан
кеміреді.
Күріш бізтұмсығы
дене бітімі қамба бізтұмсығы секілді. Одан айырмашылығы қосалқы
қанаттарында 2-ден қызғылт теңбілі бар. Ұшады. Күн жылығанда жылына 6
реткедейін ұрпақ береді. Қамба бізтұмсығы секілді қоректенеді, көбінесе
жүгері дәні мен күріш жармасын бүлдіреді.
Үлкен зауза қоңыз
— ұзындығы 1З—15 мм, түсі әр алуан (қоңырлан қара түске дейін)
келген қоңыз. Оның ұн құрттары деп аталатын қатқыл сарғыш личинкаларымен
тордағы құстарды азықтандырады. Түнде ұшады. Күн жылығанда жылына 2 ретке
дейін ұрпақ береді. Көбірек тұрып қалған ұнда, дәнде, кебекте, кепкен нанда
пайда болады.
Кішкене зауза қоңыз
үлкен қоңыздан 3 еселен кіші, қызғылт-қызыл қоңыр түсті. Ұшпайды. Қолайлы
кездерде жылына 4 ретке дейін ұрпақ береді. Ұнды, ұнтақ жарманы, кебекті,
кейде қара құмық жармасын, күрішті, құрғақ жемісті және көкөністерді
бүлдіреді.
Суринам ұн жегіші
—ұзындығы -,5—3,5 мм, қызыл-қоңыр түсті қоңыз. Денесі жіңішке, алдыңғы
бүйірі иректі келген. Ұшпайды. Жылы маусымда жылына 5 ретке дейін ұрпақ
береді. Ұнды, жарманы, құрғақ жемісті т.б. бүлдіреді.
Бұршақ қоңызы
келтірілген бұршаққа жоламайды, олар тек егістіктегі бұршаққа көп зиян
келтіреді (ол жұмыртқасын бұршақ түйнегіне салады, личинкасы жұмсақ дәннің
ішінде жетіледі); қоңыз егістікке себілген бұршақпен келеді. Жылына бір рет
ұрпақ береді.
Қамбақ аракүйес
і, дән қара күйесі , қамбақ анкөбелегі (дәнде және ұнда) дәнді, ұнды,
жарманы, кебекті, кепкен нанды, печеньені, сондай-ақ кепкен жемісті және
көкөністерді, гербарийлерді бүлдіреді. Олардың пайда болғанын дән мен
жармалық кесектенгенінен, ұнның, жарманың т.б. шырмалып торланғанынан білу
оңай. Бұл зиянкестерді құртудың қарапайым амалы: ұнды елеу, дән мен жарманы
сұрыптау, ондағы пайда болған түйіршіктерді тазалау, мүлде бүлінген азық-
түлікті құрту. Сақтық шаралары — азық-түлік сақталған орынды таза ұстау.
Азық-түлікті қаңылтыр, керамика не шыны банкаларға салып, аузын тығыз
қақпақпен жауып ұстаған жөн. Жармалан тараған қоңыздарды жою үшін шкаф
полкаларына қағаз төсеп, оған бірдей мөлшерде қосылған қант ұнтағы және
үгітілген тары (не басқа жарманы) қоспасын сеуіп қояды. Азық-түлік
сақтайтын орынның ішін сабынды не содалы жылы сумен жақсылап жуады, егер
мүмкіндік болса, ыстық сумен шайып, сонан соң әбден кептіреді.
Капуста ақ көбелегі(Pіerіs brassіcae) – капустаның және капуста тұқымдас
өсімдіктердің зиянкесі. Ақ көбелектер тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең
таралған. Қанаты жайылғандағы ұзындығы 55 – 60 мм, қанатының үстіңгі жағы
ақ, астыңғы жағы жасыл түсті, сарғыш, алдыңғы қанаттарының жоғарғы
бұрышында орақ тәріздес қара жолақ және екі қара нүктесі бар. Жылына 2 – 4
ұрпақ беріп көбейеді. Қуыршақтары қыстайды, сәуір – мамырда көбелек шығады.
Жұмыртқаларын топтап (15 – 200) капуста жапырағының астыңғы бетіне салады.
Капуста ақ көбелегі 1-ұрпақтың жұмыртқаларын арамшөптердің жапырағына
салады, ал келесі ұрпақтарын егістіктегі екпе айқыш гүлдер тұқымдасы
өсімдіктерінің жапырақтарына салады. Жұмыртқадан жаңа шыққан жұлдызқұрттар
(ұзындығы 40 – 45 мм) бастапқы кезде шоғырланып капуста жапырағымен,
кейінірек өсімдік бойымен өрмелеп жан-жаққа таралып, дараланып қоректенеді.
Зақымданған өсімдіктің өсуі төмендеп, алатын өнім азаяды. Күресу шаралары:
егіс даласын өсімдік қалдықтарынан тазарту, арамшөптерді құрту, биологиялық
және химиялық күрес шараларын қолдану.
Колорадо қоңызы (Leptinotarsa decemlineata) – жапырақ жегі тұқымдасына
жататын pжәндік; картоп және т.б. алқа тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі.
Ұзындығы 9 – 11 мм, сопақтау келген, қанатының үсті қызғылт сары, он қара
жолақты сызықтары (әр жағында 5-тен) бар. Жұмыртқаларының ұз. 2,4 мм,
ұзынша-сопақтау. Дернәсілдерінің түсі қоңыр-қызыл, ұз. 15 мм-ге дейін
жетеді. Колорадо қоңызы 1859 ж. Колорадо штатының (Солтстік Америка) картоп
алқаптарында кездесе бастаған және осыған байланысты аталған. Солтүстік
және Орталық Америкада, Түркияда, Батыс Африкада және Еуропаның
(Ұлыбритания мен Скандинавия елдерінен басқа) көптеген елдеріне тараған.
Бұрынғы КСРО республикаларында 1949 жылдан белгілі бола бастаған. Сол
кезден бастап Орал тауы арқылы шығысқа қарай, оның ішінде Қазақстанның
батыс, солтүстік, оңтүстік-шығысына, оңтүстігіннде таралған. Жылына 1 – 2,
кейде 3 – 4 ұрпақ салады. Қоңыздары мен ірі дернәсілдері топырақта
қыстайды, кейбіреулері қайта қыстайды. Қоршаған орта температурасы 12°С-тан
асқанда олар тіріледі. Қоңыздардың шығу кезеңі кейде 3 – 4 айға созылады.
Қоңыздары мен дернәсілдері картоп, баклажан, қызанақ, т.б-дың жапырақтарын
зақымдайды. Олар қорек іздегенде ұша бастайды (күніне 500 м-ге дейін).
Жұмыртқаларын жапырақ астына 18 – 20-дан 2500-ге дейін салады. Дернәсілдері
16 – 24 күнде жетіледі. Картоптың қауіпті жауы, өнім түсімділігін
төмендетеді. Күресу шаралары: ішкі және сыртқы карантинді сақтау; терең
деңгейдегі агротехника, картоп отырғызатын жерлерді дернәсілдер пайда бола
бастағанда және жас қоңыздар шыға бастағанда химиялық препараттармен өңдеу.
Күздік көбелек (Agrotіs
segetum) – күздік дақылдар, мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, жүгері, т.б.
өсімдіктер көгінің аса қауіпті зиянкесі. Еуразия мен Африкада кеңінен
таралған. Қазақстанның оңт., оңт.-шығысында және Шығыс Қазақстан обл-нда
кездеседі. Қанаттарының өрісі 35 – 45 мм, денесінің ұз. 18 – 22 мм; алдыңғы
қанаттары қоңыр немесе қара түстес, артқы қанаттары ашық сұр.
Жұлдызқұрттары жұмыртқадан шығар кезде ақшыл, бас бөлімі қоңырлау, ұз. 52
мм-ге жетеді. Олар 6 рет түлейді. Қазақстанда К. к-тер оңт-те жылына 3 рет,
оңт.-шығыста 2 рет, ал шығыста 1 рет жұмыртқалап көбейеді. Ұрғашылары
арамшөптердің түбіне 400 – 500 жұмыртқа салады. Ересек жұлдызқұрттар
тереңд. 10 – 25 см топырақта қыстайды. Көктемде өсімдіктер көктей
бастағанда, отамалы дақылдар көшеттеріне қауіп төндіреді. Жас
жұлдызқұрттардың даму кезеңі мақта, қант қызылшасы, жүгері, бұршақ, темекі,
бау-бақша, т.б. өсімдіктердің көктеген және көшеттер отырғызылған кездеріне
сәйкес келеді. Жұлдызқұрттардың екінші, үшінші ұрпақтары жүгеріні,
жоңышқаны, картопты, жазғы егістіктерді, түйнек және тамыр жемістілерді
зияндайды. Күрес шаралары: жоғары деңгейлі агротехника, ауыспалы
егістіктерді игеру, өсіп-өну кезінде ылғалды ұстай отырып суғару,
арамшөптермен күресу, хим., биол. препараттар мен биоагенттер қолдану.
Бізтұмсық қоңыздар (Сurculіonіdae) – қатты қанаттылар отрядының қоңыздар
тұқымдасына жататын жәндіктер. Дүние жүзінде 45 мың, Қазақстанда 1,4 мың
түрі кездеседі. Тұмсығы созылыңқы келген, кеміргіш ауыз қуысымен аяқталады,
буылтық мұртшалары бар. Бізтұмсық қоңыздардың ұзындығы 25 мм-дей, көк
жасыл, күлгін жолақты қара қызыл, сарғыш түсті болады. Дернәсілдері аяқсыз,
ақ түсті, көбелек жұлдызқұрттарына ұқсас; жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ
сатылары арқылы көбейеді. Ұрғашы Бізтұмсық қоңыздар 1,5 мыңға дейін
жұмыртқа салады. Топырақта немесе өсімдік сабақтарында, гүлінде, тамырында,
жемісінде өніп-өсіп, жасырын тіршілік етеді. Бізтұмсық қоңыздар
тұмсықтарының құрылысына қарай қысқа және ұзын тұмсықтылар болып, ал
қоректену ерекшеліктеріне қарай монофагтар, олигофагтар және полифагтар
болып бөлінеді. Бізтұмсық қоңыздар – өсімдік қоректі жәндік, көпшілігі ауыл
шаруашылығының қауіпті зиянкестері. Олар ауыл шаруашылық өнімдерін
бүлдіріп, ағаш сүрегін зақымдайды.
Алагүлік (Lutta vesіatorіa) – қатты қанаттылар отрядының зауза қоңыздар
тұқымдасына жататын зиянкес қоңыз. Қазақстанда Шығыс Қазақстан облысында
кездеседі. Дене тұрқы 11 – 21 мм, түсі сарғыш жасыл келеді, жағымсыз иісі
болады. Алагүліктің даму мерзімі 1 жыл. Топыраққа бірнеше мыңдаған жұмыртқа
салады. Дернәсілдері жабайы араның ұясында тіршілік етеді. Жалған қуыршақ
сатысында қыстап, ересек қоңыз келесі мамыр – маусым айларында шығады. Оның
қанында кантаридин уы болғандықтан дәрілік май (пластыр) алынады.
Кептірілген қоңыз медицинада пайдаланылады. Шетен, ұшқат және жеміс
ағаштарының жапырақтарын, қара бидайдың масағын кеміріп, оны зақымдайды.
Күрес шаралары мамыр – маусымда түрлі инсектицидтер себу.
– . Дән қоңыр көбелегі
қабыршақ қанаттылар отрядының түнде ұшатын қоңыр көбелек тұқымдасы
Қазақстанда ең көп тарағандары кәдімгі дән қоңыр көбелегі (Hadena bsіlіnea)
және сұр дән қоңыр көбелегі (H. sordіda). Кәдімгі дән қоңыр көбелегі барлық
жерде кездеседі. Бидай, қарабидай, кейде жүгері, көп жылдық астық тұқымдас
шөптердің зиянкесі, ал сұр дән қоңыр көбелегі Қазақстанның дала, орманды
дала аймақтарында (солтүстік облыстарда) тіршілік етеді, жаздық бидай
зиянкесі. Қанатының жайылғандағы ұзындығы кәдімгі дән қоңыр көбелегінде 40
– 42, сұр дән қоңыр көбелегінде 38 мм-дей. Көбелек масаққа, кәдімгі дән
қоңыр көбелегі сонымен қатар өсімдік жапырағына, сабағына жұмыртқа салады.
Жұмыртқа 13 – 14 күнде жұлдызқұртқа айналады, оның ұзындығы 28 мм-дей.
Жұлдызқұрт алғашқы түрінде қызғылт сары, екінші түрінде сары түсті болады.
Жылына бір рет көбейеді. Топырақта қыстап, көктемде қуыршаққа, жазда
(маусым – шілде айларында) көбелекке айналады. Арылу шаралары: астықты дер
кезінде жинау, бастыру, егістікті дер кезінде жырту, бидай егістігі мен
астық тұқымдас шөптерді химиялық дәрі-дәрмектермен өңдеу.
Тарақан Үйлерде тарақанның 2 түрі кездеседі: жирен (қызыл түсті) және
қара. Тарақан негізінен түнде шығады, ал күндіз еден мен қабырғалардың
саңылауларына, ас үйдегі стол маңына, еденнің ернеу ағашқа ры на,
плйталарға, жылу және су өтетін қүбырларға, т. б. қуыстарға жасырынады.
Азық-түлік және әртүрлі мата, жібек, жүн, қағаз қалдықтарымен қоректенеді.
Тарақан азықты былғайды және сонымен бірге ішек құртының жұмыртқалары мен
әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын (дизентерия, іш сүзек,
полиомиелит және т. б.) тасуы мүмкін. Тарақанмен күресу үшін олар жұмыртқа
салатын барлық саңылаулар мен тесіктерді мұқият бекітіл, күн сайын тамақ
қалдықтарын жинап, азық-түліктің бетін жауып, бекітіл қою керек. Тарақанды
жою үшін химиялық препараттардан мыналар қолданылады: хлорофостың ұнтағы
және спирт қосылған 30 процентті ерітіндісін Фосфолан, Боракс,
Неопинат, Сульфолан, Хлорак, Хлоропин, Неопин, Тальфон дусттары,
Хло-рак, Хлорофос таблеткалары, сұйық дәрілер Дибром, Метасил,
Хлороль, сондай-ақ аэрозольды препараттар Неофос, Прима— 71. Тұрғын,
қызмет ететін қоғамдық және қосалқы үйлердегі тарақандарды жою үшін арнайы
тұтқыштар шығарылады. Қорапқа 5 картон үйшіктер, жабысқақ масса жағылған
туба және қалақша орнатылады. Үйшіктің ішіне шақыртқы жем тастайды.
Сондай-ақ бормен немесе бор қышқылымен уландырылған шақыртқы жем тастау да
кең таралған. Бураны бірдей мөлшерде ұнмен және құмшекермен араластырған
жөн (Бурамақаласын қараңыз). Бор қышқылынан да қоспа дайындауға болады: 1
бөлігі бор қышқылы және 7 бөлігі су. Шақыртқы жемді раковина астына,
қалдықтар салатын шелек маңына, ас үйдің бұрыштарына шашып тастайды, үш
күннен соң оны жинап алып тастау керек.
Шыртылдақ қоңыз (Elaterіdae) – қаттықанаттылардың бір тұқымдасы, көп
қоректілер отряд тармағына жатады. Жер шарында кең тараған, 10 мыңдай түрі
анықталған. Тұрқы 2-ден 50 мм-ге дейін, көбінесе 7 – 10 мм, аяқтары қысқа.
Арқасымен құлаған қоңыз қысқа аяқтарын жерге тіреп аударыла алмайды.
Сондықтан олар ерекше тәсілмен – иіле секіріп аударылады да, бұл кезде
кеуде алды және орта кеуде өсінділері бір-біріне тию салдарынан шыртылдаған
дыбыс шығарады (қоңыздың аты осыған байланысты қойылған). Олар 30 – 40 см
биіктікке дейін көтеріліп, бірнеше рет секіре алады. Шыртылдақ қоңыздар
өсімдіктердің, әдетте діңінің астында тіршілік етеді. Қорек талғамайды,
негізінен өсімдіктермен азықтанады. Көпшілік түрі а. ш. және орман ш-ның
зиянкестері; мыс., қара шыртылдақ қоңыз (Athous nіger) дене тұрқы 10 – 14
мм, жолақты шыртылдақ қоңыз (Agrіotes lіneatus) – тұрқы 7 – 11 мм.
Шыртылдақ қоңыздардың дернәсілдері де ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян
келтіреді. Бүргелер (лат. Aphaniptera) —
жылықандылардың — құстар мен сүткоректі жануардың — қанын соратын ұсақ
паразит насекомдардың бір отряды. Аузы шағуға, соруға икемделген, көзі
екеу, кейбіреуі соқыр, қанатсыз, денесі түкті, жұмыртқа күйінде—12, личинка
түрінде — 8—100, ал қуыршақ қалыбында — 6—220 күндей болып, 965 күнге дейін
тіршілік етеді. Хайуандардың, адамның қанын сорады. Оба таратқыш өте
қауіпті мақұлық. Бұған жататындар: адам бүргесі мен егеуқұйрық бүргесі. Қос
қанатты және катты қанаттыларга жақын. Ұзындығы 1-6 мм(еркектері
ұргашыларынан үсақ) денесі бүйірінің екі жағынан сығымдалган шаш және
жануарлар жүні мен құстар кауырсыны арасында жақсы козгалуға бейімделген.
Екінші қайтара қанатсыздар. Көпшілік түрінде бір жүп қарапайым көздері
бар(кейбіреулері көзсіз). Ауыз аппараты кесіп-тесіп-соруга бейімделген.
Аяқтары әсіресе артқылары жақсы жетілген секіруге бейімделген. Толық
өзгеріспен дамиды. Дернәсілдері құрт тәріздішіріген жануар қалдықтарымен
қоректенеді. Піллэ ішінде куыршактанады. 3 жылға дейін өмір сүреді. 1000
түр белгілі, кең таралған; KCPO 400 түр. Б. адам және жылы канды жануардың
сыртқы тоғышарлары оның ішінде адам Б. (Pulex irritans) ит бүргелер
(Ctenocephalides canis) егеукүйрык бүргелер (Ceratophyllus fasciatus)
алакүрт түрлері бар. Бүргелер оба егеуқұйрық бөртпе сүзек аурулар
қоздырушыларын тасымалдап гельминттердін аралық иелері болып келеді.
Қазақстанда зиянкестерді зерттеу жұмыстары
Қазақстанның ұлан-байтақ жерінің табиғаты алуан түрлі, табиғат
ерекшеліктеріне сай өсімдік түрлері де, сол өсімдіктермен қоректенетін
зиянкестердің де түрлері әр алуан. Қазақстанда да ауылшаруашылығы
өндірісіне зиянды организмдер мен арамшөптерден келіп жатқан зиян аз емес.
Сондықтан да Қазақстанда кең таралған өсімдік зиянкестерін зерттеу және
оларға қарсы күресу шараларын ұсынудың маңызы үлкен.
Зиянкестерді зерттеу жұмыстары зоология, энтомология ғылымдарының
қалыптасымен тығыз байланысты. Қазақстанда өсімдік зиянкестерін зерттеу
жұмыстары ХХ ғасырларда қарқынды жүре бастады.
Қазақстан Республикасында мамандандырылған ірі шаруашылықтардың құрылуына
және жеміс-көкөніс саласының дамуына байланысты 1930 жылы Қазақ
ауылшаруашылық институтында (ҚазАШИ) Жеміс шаруашылығы және бау-бақша
шаруашылығы мамандығын ашу туралы шешім қабылданды.ҚазАШИ-да 1931-1932
жылдардан бастап Жеміс шаруашылығы және Көкөніс шаруашылығы базалық
кафедралары жұмыс істейді.Осы кезеңдер ішінде Жеміс-көкөніс шаруашылығы
кафедрасының қызметкерлерінің Плодовые и ягодные культуры (Матаганов
Б.Г., Аяпов К.Д.,1997), Фермерское дело (Аяпов К.Д., Тажибаев Т.С., т.б.
1999), Овощеводство Казахстана (Юсупов М.З., Петров Е.П., Ахметова Ф.С.,
2000), Качество и безопасность сельскохозяйственной продукции (соавтор
Тажибаев Т.С., 2002), Жеміс шаруашылығы (Аяпов К.Д., Кампитова Г.А.,
Мажитова Р.С., 2006), Жемістер мен көкөністерді сақтау және өңдеу
технологиясы (Тажибаев Т.С. 2010), Энтомология (Ә.Т. Тілменбаев, Ғ.Ә.
Жармұхамедова, 1994), Ауылшаруашылық фитопатологиясы (А.О. Сағитов, А.А.
Жаймурзина, К.Н. Туленгутова, Р.Д. Карбозова, 2000), Зиянды нематодалар,
кенелер және кеміргіштер (А.Ж. Ағыбаев, С. Ысқақ, Р.Д. Карбозова, 2005),
Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау (А.Ж. Ағыбаев,
А.К. Тулеева, З.Ш. Сулейменова, 2010) оқулықтары мен оқу құралдары жарыққа
шықты.
Қазақстанда зиянкестерді зерттеп, олардың түрлерін, морфологиялық
ерекшеліктерін, таралуын, олармен күресудің тиімді шараларын анықтауда
көптеген ғалымдар еңбек етті.
Х.Қ. Торыбаев ТМД елдерінде бұрын зерттелмеген қансорғыш масалардың
энтомопотагенді микроорганизмдерін алғаш рет жан-жақты зерттеген ғалым.
Зинкестерді зерттеу жұмыстары бойынша Энтомологический справочник,
Өсімдік карантині, Энтомологиялық анықтама сөздігі және т.б еңбектері
жарық көрді.
Н.Ж. Ашықбаев өсімдік зиянкестерін зерттеген ғалым. 1996 жылы Энтомофаги
вредных насекомых и гербифаги сорных растений атты еңбегі жарық көрді.
Б. Қалымбетовтың Өсімдік қорғаудың орысша- қазақша анықтамалық сөздігі,
Б.Е. Карбозованың Биологическая защита растений, Б.Б. Матпаеваның
Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерімен биологиялық күрес тәсілдері,
Ауылшаруашылығына пайдалы жәндіктер, А.А. Тілменбаевтің Ауылшаруашылығы
дақылдарының зиянкестері және т.б ғалымдардың зиянкестерді зерттеу
жұмыстарымен еңбектері нәтижесінде зиянкестерге қарсы күресудің тиімді
шаралары анықтауға болады.
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Ормандар мен бақтарға, парктерге алуан түрлі насекомдар айтарлықтай зиян
келтіреді. Қазір, қалаларды көгалдандыру ісі қарқынды жүргізіліп, совхоз,
колхоз, поселкелерде өсімдіктер отырғызу жұмысы кеңейтіліп жатқан кезде,
әсіресе ағаштармен бұталарды зиянды насекомдардан қорғау қажеттілігі сезіле
түсуде. Ал ол үшін насекомдардың биологиясын біліп, олардың жасыл
өсімдіктерді құртатын зиянкестер мен пайдалыларын ажырата білу керек.
Көктемгі — жазғы маусымдарда зиянкес насекомдармен күрес жүргізуге күз-қыс
мезгілін дайындық үшін пайдалануға болады. Зиянкес-насекомдардан
өткізілетін зерттеу жұмыстарына керекті материал дайындау онша қиындың
келтірмейді. Оны жинау үшін орманға- саяхат жасамаса да болады. Көп
жағдайда жерлерде таяу (қалада және селода) егілген жас ағаштарды — тоғай,
бақ, парктерді ұқыпты зерттесе, жетіп жатыр. Әр түрлі жағдайда және даму
сатысында қыстап шығатын насекомдарды кез келген осындай желектерден табуға
болатынын 1-кесте дәлелдейді.
1-кесте
Кейбір зиянкес насекомдардың қыстан шығуы
Насекомдарың аты Даму сатысы Қыстап шығатын жерлері
Буылтық жібек Жұмыртқалар Алма ағашы, емен, дайындық
көбелек бұтақтары
Өсімдік бітелері Мойыл, қайынның бұтақтары
Алма ағашының Жұлдызқұрттар Алма ағашы бұтақтарының
қаракүйесі қалқаншасы астында
Қарағай жібек Түскен қылқап жапырақтар,
көбелегі мүктер астында
Суген (қоңыздар) Личинкалар Түбіртектер, ағаштар қабығы
астында .
Жындыкөбелектер Қуыршақтар Топырақ
(көбелектер)
Капуста ақкөбелегі Ағаш діңдері, дуалдар,
құрылыстар
Сарықкөбелек Имаго Ағащ қуыстары, құрылыстар
Алма ағашының Топырақ, түскен жапырақтар
гүлжегісі
Насекомдардың түрліше қыстап шығатыны кестеден көрініп тұр; біреуі
бұтақтарда (бір-бірден және топтастырғыш) жұмыртқаларын; енді
біреуі—бұтақтар мен қабық астында личинкаларын және жұлдызқұрттарын
үшіншілері — топырақта қуыршақтарын қалдырады. Түскен жапырақтар арасына,
топыраққа, қабық астына, қуыстарға тығылып алып, зиянкестер ересек насеком
(имого) сатысында қыстап қалады.
Егілген жас ағаштарды бүлдіретін насекомдар өте көп. Олардың ішінен
еңалдымен негізінен орман мен бақтарда мекендейтіндерін білген жөн.
Табиғатқа экскурсия жасау арқылы насекомдардың тіршілігі және мінез-
қылықтарымен табиғи жағдайда тікелей танысуға, насекомның сыртқы ортамен
өзара байланысын білуге мүмкіндік береді.
Табиғатқа экскурсияны көктемгі-жаз мезгілінде бүрлер әбден жарылған соң,
бірақ алма ағашы гүлдеуден кешіктірмей, яғни өте зиянды көптеген
насекомдарды тез тауып, жинауға болатып көзеңде жасау ыңғайлы.
Табиғатқа экскурсия өткізудің сәтті болуы көп жағдайда оны дайындауға
байланысты.
Зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде мына ережелерді орындау қажет.
Бірінші: өсімдіктердің бүлінгенін көргеп соң, оларды зейін сала қарап
зиянды насекомдардың бар-жоғын анықтау керек (бірақ өсімдікке тиісуге
болмайды). Егер насекомдар жапырақтың үстіңгі жағында жоқ болса, онда
бұтақты аса қозғап: алмай, абайлап, оның төменгі жағын қарайды, сақтық
жасамаса, көптеген насекомдар, мысалы көбелектердің (жапырақширатқыштар,
қаракүйелер) жұлдызқұрттары және кейбір қоңыздар (бізтұмсықтар,
жапырақкеміргіштер) өсімдік селкілдегенде төмен топыраққа, шөпке түсіп,
оларды тауып алу қиынға түседі.
Екінші: зиянды насекомды бірден алуға ұмтылмау керек. Ең алдымен оның қайда
мекендейтінін, қандай зиян келтіретінін, қалай көрінетінін, оның реңі
қандай екенін (қорғаныш, үркіту), жанасуға қалай жауап беретінін (айбар
шегу пішіні, сұйықтық белу және шашырату және т.б.) зейін салып қарап алу
қажет.
Үшінші: тірі материал жинағанда оған қол тигізбеу; жұмыртқаны жапырақпен
немесе кішірек бұтақпен алу; жұлдызқұрттарды да зақымдалған жапырақтармен
қоса алу; қуыршақтарды саусақпен қыспай, пілделерден шығармай және аналық
көбелектерді, қоңыздарды және басқа насекомдарды бірдеп мүрдектерге салмай
(мүмкін олар жұмыртқалайтын болар) оларды жеке пробиркаларға, басқаларға
орналастыру керек.
Төртінші: насекомдар жүрген өсімдіктердің жапырақтарын міндетті түрде қоса
салып, сонымен қатар уақыты, жинау орны, тәуліктер мерзімі, жинаушының
фамилиясы жазылған этикетканы бірге орналастыру керек.
Көктем және жазда жорықтар мен бақылауларды ұйымдастыру, он жабдықтау,
негізінде күзгі-қысқы мерзімдердегілер сияқты. Мұнда тек бақылау
нәтижелерін жазба кітапшаларға, блокноттарға жазып отыруға, жиі-жиі сурет
салуға, объектілерді лупамен қарап, фотоға түсіруге көбірек назар аударуга
тура келеді.
Экскурсиялық жабдықтардан қарындаш ұнтағыш өткір пышақ, шырпуын немесе
бұтақ кескін, қорап немесе қақпаға бар кез келген банкалар, қаңылтыр
қорапшалар, мақта тығындалған пробиркалар, көзше-тесікті (2х2мм немесе 3х3
мм) елеуіш, қол лупалар, блокноттар немесе жазба кітапшалары,
этикеткаларға арналған қағаз және жұмсақ қарындаштар болса, жетіп жатыр.
Жиналатып материалдардың барлығына этикетка жапсыру керек. Әрбір этикеткада
зиянды жәндік табылған өсімдіктің түрін, насекомның даму кезеңін, оның
қыстайтын орнын, жинау орны мен уақытын, экскурсанттың фамилиясын көрсету
керек.
Экскурсияны жеміс ағаштарында қыстайтын насекомдарды оңай табуға болатын
кезде жапырақ түскен соң, жүргізген қолайлы.
Бақта-қандай зиянды насекомдар дамудың қандай сатыларында қыстан шығатынын
білу керек. Осыған байланысты жеміс ағаштарының бұтақтарын, діңдерін,
түскен жапырақтарды зерттеу белгіленеді.
Бақта алма ағашының бұтақтарын қарауға кірісуге болады. Бұл ағаштарда
көптеген зиянды насекомдар қалады. Тіпті, жай көзбен-ақ көптеген
насекомдарды көруге болады.
Бітелердің қара, жылтыр, цилиндр пішінді, ұзындығы 1 мм шамасында болатын
жұмыртқалары бүрге таяу орналасады.
Бүргешіркейлердің қызғылт-сары, ұзындығы 1 мм шаамасында болатын
жумыртқалары бүрге жақын жерлерде, жас өркендерде, қабық жарығында және
ойықтарыңда кездеседі; жұмыртқалар өте көп болғанда, бұтақтарды дат
қаптағандай болып көрінеді.
Алма қалқаншасының ақ жұмыртқалары устрица пішінді қалқаншаның астына үйіп
салынады; қалқаншаның ұзындығы 2—3 мм, түсі қабыққа қарағанда қара-
қышқылдау келеді; жұмыртқалар жас өркендерде жеке-жеке сондай-ақ тұтас
топтанып орналасады.
Буылтық жібек көбелектің жұмыртқалары жас өркендерге сақина тәрізді етіп
салынады, жұмыртқалар спиралына оралып, тығыз қатарлармен бір қабатта
орналастырылады және салған кезде көбелектің өзінен бөлінетін ерекше затпен
желімденеді; жұмыртқалар түсі сұр, бір сақинада олардың 300—400 жұмыртқасы
болады.
Көкбас көбелектің, жұмыртқалары өркендердің астыңғы жағында 3—5 данадан
топтанып кездеседі; жұмыртқаның пішіні жарты шар тәрізді диаметрі
1 мм шамасында төбе бөлігінде ұштасатын ұзын қырлары болады; олардың реңі
қабықтың түсіне ұқсас, олар кейде металл жылтырлы қабықшалармен қапталады.
Табылған жұмыртқаларды зер салып қарап, жұмыртқалардың түсін, олардың
мөлшерін, қалай салынғанын (бір-бірден немесе топтап) блокнотқа жазу қажет.
Бұтақты қысқалау (ұзындығы 80—100 мм) етіп өткір пышақпеп кесіп алып, оны
сақтауға да болады.
Алма ағашының бұтақтарынан көбелектердің жұлдызқұрттары мен қоңыздардың
личинкаларын табуға болады.
Долана көбелегінің жұлдызқұрттары (III турлі-түсті кестеде) жібек
қалталарда немесе оларсыз-ақ оралған қураған жапырақтардың ішінде қыстап
шығады.
Шаңқанның жұлдызқұрттары шағын, денесін түк қаптаған, бірақ долана
жұлдызқұртына қарағанда тым ала бажақ және ашық түсті болады; олардың
қыстайтын ұялары долана жұлдызқұртының ұялары тәрізді, бірақ жібекшесі
тығыз тоқылған және сонымен бірге бұтақтарға орнықты орналасуымен
ажыратылады.
Алма ағашы қаракүйесінің жұлдызқұрттары өркендер, қабығындағы шағын
қатпаршақтарының астында қыстайды; жұлдызқұрттардың онша үлкен емес (тұрқы
1 мм) түсі — сарғыш, басы — қарақошқыл; қалқаншаның астында 40 данаға жуық
жұлдызқұрт болады.
Емен жапырағының жібек көбелегі жұлдызқұрттарының тұрқы 25—30 мм, кейде
бұтаққа тығыз жабысып алады, олардың, денесі жалпақ, бүйірлерін түк
қаптаған реңі бұтақ түсіне ұқсас болғандықтан нашар байқалады.
Табылған жұлдызқұрттарды салыстырып, олардың реңін, жамылғы түктерін,
мөлшерлерін сипаттайды.
Бізтұмсықтың личинкалары құраған бұтақтардың қабықтарының астында қыстайды,
айналмалы жолдарындағы ағаш сүретін аздап үгу арқылы терең жолдар жасайды;
олардың аяқтары болмайды, тұрқы 2—3 мм, денесін орақ тәрізді иілген, түсі —
сарғыштау, басы—қарақошқыл.
Кіші сары суген қоңызының личинкалары да құраған бұтақтардың өзегінде
кездеседі, онда цилиндр тәрізді етіп жол үңгиді; бұл личинкалар ашық-сары
түсті, бас жағына таянғанда бұнақтары едәуір жалпақтау болады.
Жеміс жегі жұлдызқұрттарының тұрқы 12—14 мм. сарғыш немесе қызғылттау, басы
— қарақошқыл болады; олар едәуір тығыз қабатты жібек пілделерде қыстап
шығады.
Алма ағашының гүлжегісі.— (тұрқы 5мм шамасында)
Шағын денелі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz