Өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттардың халықаралық құқық субъектілігі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты халқаралық құқық тұрғысынан мемлекеттердің рөлін қайсы мәселелерде пайда болуын зерттеу және де тақырыпқа қатысты айғақтар, дәректер мен дәлелдер жинау. Халықаралық құқықтың субъектісі-халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық пен міндетті тасушы тұлғалар. Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады:
1) Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады.
2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді құрылымдар. Халықаралық құқықтың субьектілерінің ерекше тобы - жеке тұлғалар. Ерекше құқық жүйесі ретінде халықаралық құқықтың ерекшелігі халықаралық құқық субьектіліктің ерекшелігін айқындайды және сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды.
Жалпы алғанда, халықаралық құқық субьектілікті - тұлғаның халықаралық құқықтың субьектісі бола алатындай заңды қабілеттілігі ретінде анықтауға болады. Халықаралық құқық субьектіліктің мәнін осындай субьектінің халықаралық-құқықтық нормалардан туындайтын негізгі құқықтары мен міндеттерін құрайды. 1
Бірінші главада мен таңдалған таақырыбыммен жалпы таныстыру жасадым. Ол халықаралық дегеніміз не, оның міндетті субъекттрімен танысу. Халықаралық құқық субъектілік өз табиғаты бойынша фактілі және заңды болып бөлінеді, және де осыған сәйкес алғашқы және туынды халықаралық құқықтың субъектілері болады. Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері (мемлекет, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тән мемлекеттік және ұлттық егемендікке-суверенность-ipso facto- байланысты халықаралық құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттардың халықаралық құқық субъектілігі. Мемлекеттердің құқық субъектілігі сияқты, олардың құқық субъектілігі объективті сипатта, яғни қандай да біреудің ерік-жігеріне байланысты емес болады. Қазіргі халықаралық құқық өзін-өзі анықтауға халықтардың құқығын, соның ішінде өзінің әлеуметтік-саяси мәртебесін дамытуға және таңдау құқығын қоса бекітеді және кепіл болады. Халықтардың өзін-өзі анықтау қағидасы халықаралық құқықтың ең негізгі қағидаларының бірі болып табылады, оның қалыптасуы ХІХ ғ. аяғы мен ХХғ. басы. БҰҰ Жарғысын қабылдаумен ұлттардың өзін-өзі анықтау құқығы халықаралық негізгі қағидасы ретінде нақты өзінің заңды рәсімделуін аяқтады. 1960ж. отар елдер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы Декларация осы қағиданың мазмұнын нақтылап дамытты. Оның мазмұны толық түрде 1970 ж. халықаралық құқық қағидалары туралы Декларацияда тұжырымдалды: «Барлық халықтар кедергісіз өз саяси мәртебесін ерікті түрде анықтауға және өзінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын жүзеге асыруға құқылы, және де әрбір мемлекет бұл құқықты БҰҰ Жарғысының жағдайларына сәйкес құрметтеуі қажет».
Зерттеу нысаны. Қазіргі халықаралық құқықта күресуші ұлттардың құқықтық субъектілігін растайтын нормалар бар. Өзінің тәуелсіз мемлекетін құру үшін күресуші ұлттар халықаралық құқықтың қорғауында болады; Олар объективті түрде халықаралық - құқықтық субъектілікті алуға, мемлекет болып рәсімделуге кедергі келтірген күштерге мәжбүрлеу шараларын қолданулары мүмкін. Халықаралық құқықтың субъектісі болып тек өзінің мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын саяси ұйым бар ұлт қана бола алады.
Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі. Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтың субъектілерінің жеке бір тобы болып табылады және бұл тек халықаралық үкімет аралық ұйымдар, яғни халықаралық құқықтың алғашқы субъектілері туындатқан ұйымдар. Үкімет аралық емес халықаралық ұйымдар, (дүниежүзілік кәсіподақтар федерациясы), ереже бойынша, заңды және жеке тұлға қрылды және «шетелдік элементі бар» қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Осындай ұйымдардың Жарғылары үкіметаралық ұйымдардың Жарғыларымен айырмшылығы халықаралық келісім шарт болып табылады. Бірақта бұндай ұйымдар үкіметаралық ұйымдарда кеңес беруші халықаралық мәртебесі берілуі мүмкін, мысалы, БҰҰ-да және оның арнайы мекемелерінде, осылай, парламментарилық одақ БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінде бірінші категориялы мәртебеге ие. Бірақта үкімет аралық емес ұйымдар халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды және де үкмет аралық ұйымдардан айырмашылығы, халықаралық құқықтық субъектіліктің барлық элементтері болмайды. 2
Мемлекет тәрізді құрылымдардың халықаралық құқық субъектілігі. Халықаралық құқықтың тарихы арнайы келісімшарттармен ерекше саяси - территориялық құрылымдардың мәртебесін белгілегендігін көрсетеді.
Бұларға «ерікті қалалар», Батыс Берлин және қазіргі уақыттағы Ватикан, Мальтика ордені жатады. «Ерікті қалалар». 1815 жылғы Вена Трактатына сәйкес «ерікті қала» болып жарияланған және 1846 жылға дейін өмір сүрген Краков қаласы; 1919 жылғы Версаль бейбіт келісімшартымен құрылған Данциг (1920 - 1939жж. ) болды; «ерікті Триест территориясын» құруға қадамдар жасалды, бірақ ол табыссыз болды. Кейіннен бұл территория Италия мен Югославияның құрамына кірді.
Батыс Берлиннің мәртебесі 1971ж. 03 қыркүйектегі КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция арасындағы 4- жақты келісіммен реттелді. Осындай мемлекет тәрізді құрылымның болуы ГДР мен ГФР өмір сүруімен түсіндірілді. 1971 жылғы келісімнің ережелеріне сәйкес Батыс Берлин дербес жеке саяси бірлік болды. Германияның құрылуымен бұл субъект өзінің өмір сүруін тоқтатты. Ватикан. Халықаралық актілерде Ватикан «қасиетті тақ» (святой престол) деп аталды. Ватикан - мемлекет -қала. Ватиканның халықаралық құқықтың субъектісі ретіндегі ерекше мәртебесі 1984 жылғы Италиямен келісімнің негізінде белгіленді. Ватикан халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, көптеген мемлекеттермен байланыс жасайды. БҰҰ мүшесі болып табылмайды, өйткені БҰҰ тек мемлекеттер ғана мүше болып кіреді, бірақ оның онда тұрақты байқаушылары бар. Халықаралық конференцияларға, көпжақты конвенцияларға белсенді түрде қатысады; католик елдерінде тұрақты дипломатиялық өкілдіктер аша алады.
Жеке тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігі. Халықаралық және аймақтық деңгейде халықаралық келісімшарттарда берілген құқықтардыңт көлемінің ұлғаюына байланысты жеке тұғалар халықаралық құқықтың субъектісі болды. 3
- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ТҰРҒЫСЫНАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ АНЫҚТАМАСЫ
1. 1 Адамдардың бірлестігі (қаумдастық, қоғамдастық)
Халықаралық құқық - бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.
Халықаралық құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық - құқықтық реттеудің пәні болып табылатын қатынастарды екіге бөлуге болады:
а) мемлекеттер арасындағы қатынастар;
б) мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар арасындағы қатынастар. Халықаралық құқықтың нормалары, ең бастысы, халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері - мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық құқық мемлекететр арасындағы құқық ретінде қалыптасқан болатын.
Бірақта, халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің сферасына көшті.
Мемлекеттер арасындағы емес халықаралық қатынастар:
а) мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы;
б) халықаралық ұйымдар арасындағы;
в) бір жағынан мемлекететр, халықаралық ұйымдар, екінші жағынан жеке және заңды тұлғалар арасындағы;
г) жеке және заңды тұлғалар арасындағы. 4
Халықаралық бұқаралық құқық және халықаралық жеке құқық бар.
Халықаралық бұқаралық құқық- халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы саяси сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық жеке құқық - мемлекеттер арасындағы, заңды тұлғалар (ұйымдар мен мекемелер) мен жеке тұлғалар (азаматтар) арасындағы халықаралық жобадағы жеке сұрақтар (авторлық құқық, мұрагерлік құқық, отбасы-неке сұрақтары) бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық құқық - бұл ерекше құқық жүйесі болып табылады. Ғылым және оқу пәні болып табылады. Халықаралық құқық құқық жүйесі ретінде барлық мемлекететрдің, барлық адамзаттың иглігі болып табылады, ол барлығына біреу. Бірақ та халықаралық құқық ғылымы барлық мемлекеттерге бірдей бола алмайды. Әрбір мемлекеттте өзінің халықаралық құқық ғылымы болады, мысалы, халықаралық құқықтың қазақстандық ғылымы. Халықаралық құқық, кез келген мемлекеттің ұлттық құқығы сияқты салаларға бөлінеді. Халықаралық құқықтың салалары халықаралық қатынастардың белгілі бір тобын реттейді және халықаралық -құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Мысалы, Халықаралық қауіпсіздік құқық саласы халықаралық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қатынастарды реттейді; Халықаралық ұйымдар құқығы халықаралық ұйымдарды құру мен қызмет ету тәртібін реттейді.
Халықаралық құқықта мынадай салалар қалыптасқан:
1) Халықаралық құқық субъектілік құқық;
2) Халықаралық ұйымдар құқығы;
3) Халықаралық гуманитарлық құқық;
4) Халықаралық теңіз құқығы;
5) Халықаралық әуе құқығы;
6) Халықаралық ғарыш құқығы;
7) Халықаралық атом құқығы;
8) Халықаралық экономикалық құқық;
9) Халықаралық қылмыспен күрес құқығы;
10) Халықаралық келісімшарт құқығы;
11) Халықаралық қоршаған ортаны қорғау құқығы;
12) Халықаралық қауіпсіздік құқығы.
Халықаралық-құқықтық институт - бұл халықаралық қатынастардың түрін реттейтін халықаралық нормалардың жиынтығы, мысалы, Халықаралық гуманитарлық құқықтағы - азаматтық институт, Халықаралық келісімшарт құқығындағы - келісімшарттың жарамдылығы институты.
Халықаралық құқық Халықаралық қатынасиарда үйлестіруші, реттеуші және қорғаушы қызмет атқарады. 5
Үйлестіруші қызметінің мазмұны - мемлекет өзі үшін әртүрлі сфераларда белгілі бір мінез-құлық стандарттарын белгілейді.
Реттеуші қызмет - белгіленген ережелер мен стандарттарды мемлекеттің қабылдауында және сақтауында көрінеді.
Қорғаушы қызмет - мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған нормалар.
Халықаралық құқықтың дипломатиядан, мемлекеттің сыртқы саясатынан айырмашылығы бар.
Халықаралық құқық - мемлекеттер арасындағы қатынастарда өзін қалай ұстау керек екендігі жөніндегі келісімшарт нормаларының жиынтығы болса, дипломатия - сыртқы саясатты жүргізу амал-тәсілдердің жиынтығы, ал сыртқы саясат - бұл өзінің мүдделерін қанағаттандыру үшін халықаралық аренада оның жүргізетін негізгі бағыттары. Халықаралық құқықтың қайнар көздері - бұл халықаралық -құқықтық нормаларды көрсететін формалар.
Оның 4 түрі бар:
1) Халықаралық келісімшарт;
2) Халықаралық - құқықтық әдет - ғұрыптар;
3) Халықаралық конференциялар мен мәжілістердің Қорытынды Актілері;
4) Халықаралық ұйымдардың резолюциялары.
Халықаралық құқықтың субъектісі-халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық мен міндетті тасушы. Халықаралық құқықтың субьектісі- субьективті құқық пен міндет берілген халықаралық-құқықтық қатынастардың қатысушылары.
Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады
1) Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады.
2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді құрылымдар.
Халықаралық құқықтың субьектілерінің ерекше тобы - жеке тұлғалар.
Ерекше құқықтық жүйесі ретінде халықаралық құқық ерекшелігі халықаралық құқықсубьектілік ерекшелігін айқындайды және сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды.
Жалпы алғанда, халықаралық құқықсубьектілікті - тұлғаның халықаралық құқықтың субьектісі бола алатындай заңды қабілеттілігі ретінде анықтауға болады. Халықаралық құқық субьектіліктің мазмұнын осындай субьектінің халықаралық-құқықтық нормалардан туындайтын негізгі құқықтары мен міндеттерін құрайды. Халықаралық құқық субъектілік өз табиғаты бойынша фактілі және заңды болып бөлінеді, және де осыған сәйкес алғащқы және туынды халықаралық құқықтың субъектілері болады.
Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері ( мемлекет, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тән мемлекеттік және ұлттық егемендікке-суверенность-ipso facto- байланысты халықаралық-құқықтық құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады.
Егемендік (мемлекеттік немесе ұлттық) оларды халықаралық құқықтың басқа субьектілерінен тәуелсіз етеді және олардың халықаралық қатынастарға жеке қатысу мүмкіндігін алдын-ала анықтайды. 6Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілерінің құқықсубьектілігін белгілейтін нормалар жоқ, бірақ олардың құрылған сәттен бастап құқықсубьектілігінің болатынын бекітетін нормалар ғана бар. Халықаралық құқықтың егеменді емес (туынды) субьектілерінің құқық субьектілігінің заңды қайнар көзі болып олардың - құрылтай құжаттары болып табылады. Бұндай құжаттар халықаралық келісімшарт түріндегі халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері қабылдайтын және бекітетін олардың жарғылары болып табылады. Туынды халықаралық құқықтың субьектілерінің құқықсубьектілігі шектеулі, сондықтан да олардың құқықсубьектілігінің көлемі мен мазмұны халықаралық құқықтың алғашқы субъектілерінің ерік-жігеріне байланысты болады.
Халықаралық құқықтың негізгі субъектілері болып табылатын мемлекеттер арасындағы өзара қарым- қатынастарды реттеуге бағытталған халықаралық құқықтың нормалары индивидтер орындау үшін арналған. Сонымен қатар, жеке адамның (личность) құқықтық жағдайына ықпал ете отырып, осы құқық нормалары мемлекеттерді индивидтердің нақты мәртебесін қамтамасыз етуге міндеттейді. Қазіргі жағдайда индивидтің халықаралық ұйымға шағымдануға құқығы жоқ. Халықаралық құқық индивидтердің құқықтары бұзылған жағдайды қарау шараларын белгілейді. Бұнымен, Адам құқығы бойынша Комитет, азаптауға қарсы Комитет және зорлық - зомбылық пен қамауға қарсы жұмысшы топ шұғылданады. Халықаралық - құқықтық мойындау (тану) . Мойындау институтының даму тарихы құқық субъектілік сұрақтарымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бұл институт халықаралық қатынастардағы барлық өзгерістерді тікелей көрсетеді. Әлемде үнемі бір мемлекеттер өмір сүруін тоқтатады, екіншілері пайда бола жатады және халықаралық ұйымдарды таратып жатады. Осындай өзгерістер болған жағдайда екі заңды сұрақты түбірімен шешуді талап етеді:
1. Халықаралық құқықтың жаңа субъектісін тану (мақұлдау) растау
2. Халықаралық құқықтың субъектілерінің құқықтық қабылдаушылығы.
Халықаралық құқықтың доктринасында мойындау (тану) - бұл бұл нақты бір мемлекеттің Халықаралық құқықтық мойындау (тану) - бұл танылатын тараптан заңды дипломатиялық ресімделген қатынаста түсуге мүмкіндік беретін мемлекеттің актісі (құжаты) . Халықаралық құқықтың Комиссиясы осы институттың кодификациясы туралы мәселені үнемі көтеріп келеді. 1949 жылы мемлекеттер мен үкіметтерді тану (мойындау) туралы мәселе бірінші кезектегі кодификациялау тізіміне енгізілген. Халықаралық құқықтың субъектілерінің арасындағы қатынастардың практикасы мойындаудың (танудың) басты мәселесін анықтады. Мысалы, танудың заңды салдарларын, тану (мойындау) нысандарын, және т. б. көптеген мәселелер.
Бұл институт халықаралық құқық нормаларымен және жекелеген көпжақты және екі жақты шарттармен реттеледі.
Танылатындар болып мыналар табылады:
• Жаңа үкімет;
• Мүлдем жаңа мемлекет;
• Ұлт азаттық қозғалыс;
• Өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар;
Халықаралық құқықта мойындаудың (танудың) теориясы бар:
1) конститутивті теория (ХІХғ. басында туындаған) - бұл теория мойындау (тану) актісіне шешуші роль береді, яғни бұл теорияға сәйкес мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде оны басқа мемлекеттер мойындаған (таныған) сәттен бастап қана бола алады дейді.
Оның өкілдері - мемлекет заңды құрылым, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тек оны басқа мемлекеттер мақұлдағаннан кейін ғана пайда болады деп санайды; танылмаған мемлекет заңды түрде болмайды деп саналады. Бұл теория мемлекеттік егемендік ұғымын жоққа шығарады. Пайда болған мемлекет басқа мемлекеттердің қолдауымен, ал кейбір жағдайда олардың еркіне тәуелді етеді.
2) декларативті теория конститутивті теорияға қарсы ықпал етудің нәтижесінде туындаған (бұл теорияны көптеген заңгерлер қолдайды. ) Бұ теория - жаңа мемлекетке, халықаралық құқықтың жаңа субъектісіне қатысты нақтылау ролін атқарады; мойындаусыз (танусыз) халықаралық құқықтың субъектілері өмір сүре береді. Мақұлдаудың (растаудың, танудың) саяси және заңды мәні ол мемлекетті халықаралық қатынасқа қатысушылардың құрамы ретінде кіре алады, оның басқа мемлекеттермен саяси, экономикалық, ғылыми - техникалық қатынастарын жақсартуға әкеледі, онгың халықаралық құқықтық субъектілігін жүзеге асыруға ықпал етеді. Мойындау (тану) - танылатын мемлекетке дипломатиялық жолмен жіберілетін жазбаша жолдау ретінде немесе танитын мемлекеттің жоғары мемлекеттік органының қаулысы ретінде рәсімделеді.
Мойындаудың (танудың) бірнеше тәсілдері бар. 7 Ең көп тарағандары біржақты декларациялар немесе мәлімдеулер. Бұл көбінесе танылатын мемлекеттің Үкіметіне немесе Ел басына жіберілетін арнайы нотада немесе Жолдауда көрсетіледі. Екіншілеріне, онша көп тарамаған тәсілге, қол қойылған немесе жарияланған коммюнике жатады.
Сонымен қатар дипломатиялық қатынастарды орнатумен байланысты бірлескен өтініштер болуы мүмкін, нотамен алмасулар және т. б. да болуы мүмкін. Толық ресми мойындау туралы құжаттарда дипломатиялық қатынастарды орнату мойындаудың маңызды салдарларының (нәтижелерінің) бірі болып табылады. Сонымен қатар, екі жақты келісімшартқа ол қою түрінде де болуы мүмкін.
Мойындау түрлеріне мыналар жатады:
- мемлекетті мойындау;
- жаңа үкіметті мойындау; ұлт - азаматтық қозғалыстарды олардың органдары түрінде мойындау;
- күресуші тараптардың мәртебесін мойындау. 8
Заңды мойындаудың нысандары: de - jure, de - facto, ad hoc. Бұл нысандар халықаралық құқықтың субъектілерін танығаннан кейін болатын заңды салдарларды анықтайды. Бұрынғы мемлекет кетіп, орнына жаңа мемлекет келсе, олардың құқық қабылдаушылығы (мирасқорлығы) туралы сұрақ туындайды. Құқық қабылдаушылық- бұл нақты бір оқиғалар мен жағдайлардың нәтижесінде бір мемлекеттің (субъекттің) құқықтары мен міндеттерінің екінші бір мемлекетке (субъектке) өтуі. Бұл институттың дамуына соңғы жылдардағы халықаралық аренадағы болып жатқан оқиғалар ықпал етіп отыр.
Құқық қабылдаушылықтың түрлері:
• Мемлекет бөлінгенде;
• Мемлекеттен территорияның бөлігі бөлінгенде;
• Мемлекеттерді бір мемлекетке біріктейді;
• Әлеуметтік ревалюцияның нәтижесінде жаңа мемлекет пайда болғанда;
• Отардан азат ету процессі нәтижесінде жаңа мемлекеттер пайда болғанда.
Құқық қабылдаушылық 1978ж. халықаралық келісімшартқа қатысты мемлекеттердің құқық қабылдаушылығы туралы Конвенциямен, 1983ж. мемлекеттік меншікке, мемлекеттік архиве және мемлекеттік қарыздарға қатысты мемлекеттердің құқық қабылдаушылығы туралы Конвенциялармен реттеледі.
Құқық қабылдаушылықтың объектілері:
• Территория мен шекара;
• Келісімшарт;
• Мемлекеттік меншік, қарыз, архивтер;
• Үкіметаралық ұйымдарға мүшелік; 9
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
«Мемлекет» ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет\ алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады. Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір саяси ғылымдардағы негізгі көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей дәрежеге жетті. Бірақ тарихи ұзақ мерзім бойы “мемлекет” деген түсінік “қоғам”, “ел” деген түсініктен ажыратылған жоқ. «Мемлекет» деген атауды рулық, тайпалық қауымнан ажырату, яғни, алғашқы «қауымдық емес» деген ұғымды белгілеу үшін пайдаланды. Мысалы, патшалық, қаған, хандық, князьдік, халифат, Алтын орда, Ақ орда, Ноғай ордасы, Сібір ордасы деген сөздер екі түсініктің орнына (біріншісі мемлекет, екіншісі қоғам) пайдалана берілді. Алайда, мемлекеттің пайда болуы әртүрлі әлеуметтік пікірлердің қалыптасуына негіз болды. Саяси өмірдің дамуына байланысты қоғамда мемлекеттің ролі күшейе түсті. Ойшылдар, ғалымдар мемлекетке - “ел”, “қоғам” түсінігі тұрғысынан емес, “өкімет”, билік тұрғысынан қарайтын болды. Сөйтіп, нәтижесінде мемлекет пен өкімет туралы ойлар, қағидалар бірте-біртебіздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда теориялық деңгейге жетті. 10
Мемлекет пен қоғам мәселелері адамзат өмірінде әрбір тарихи кезеңге сайөзгерістерге ұшырап отыратыны және оларды адамзаттың шама-шарқынша сәтті түрде шешуге ұдайы ықыластық танытатыны белгілі. Егер өткеніміздіойша шолар болсақ, адамзат тарихы мемлекет жөнінде сан түрлі саяси ойтізбегі мен даналыққа толы екендігін байқаймыз. Солардың ішіндегі ең мәндісі де, өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатыны да ғұлама ойшыл Конфуцийдің идеялары. Бұл ойшылды негізінен мемлекетті басқару мәселелері көп толғандырғанын атап өткен жөн. Конфуцийдің осынау күрделі мемлекет мәселелерін қатаң тәртіп пен бір тәрбиелік ұстанымдардың көмегімен жүзеге асырмақ ниеті және оған қоса шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне-көп “тепе-теңдік” пен “орталық” принциптерді ұстанғаны белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz