Қант диабеті жайлы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар :

I. Кіріспе :

1. Қант диабеті жайлы жалпы түсінік.

II . Негізгі бөлім :

1. Қант диабетінің жедел асқынулары.

2. . Қант диабетінің жедел асқынуларын емдеу

3. Қант диабетінің созылмалы асқынулары

III. . Қорытынды:

1. Қант диабетінің жедел және созылмалы асқынуларының жинақ таблицасы.

Қант диабетінің жедел және созылмалы асқынулары.

Жедел асқынуларының ішінде ең жиі к Бұл науқас ұйқы безінің В-клеткалары бөліп шығаратын сөл, инсулиннің жетіспеуіне байланысты пайда болады. Инсулиннің тапшылығынан денедегі зат алмасуы, әсіресе көмірсутегі заттардың химиялық ажырауы мен денеге сіңу процестері бұзылады да қанның құрамында қанттың қалыпты деңгейі жоғарылаған кезде бүйректен сүзіліп өткен глюкоза несеппен бөлініп шығады. Аурудың қант диабеті деген атының өзі гректің (diabaino- өту, өтіп кету), mellitus- тәтті қант деген сөздерінен шыққан. Көне заманадағы дәрігерлерге қант диабеті ауруына шалдыққан адамдардың зәрінің дәмі тәтті екендігі белгілі болған. Бұл сырқаттың халық арасында ерте заманнан кездесетіндігі біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген римдік дәрігер Аретеус Каппадокинскийдің (138-81 жылдар), әлемге әйгілі тәжік ғалымы Авиценнаның (980-1037 жылдар) және басқа дәрігерлерден айқындалады. Бірақ олар қанттың несепке пайда болуы ағзадағы зат алмасуының өзгеруіне байланысты екендігінен хабарсыз болатын . Сол кездегі мағлұмат бойынша адам ағзасына аспен немесе сумен бір ерекше сұйық зат түседі де, өзгеріссіз зәрмен бөлініп шығады деп түсінген.

Сол заманнан бері бұл ауруға көңіл аударып зерттеушілердің, соның ішінде орыс ғалымдарының еңбегі аз болған жоқ. Қант диабетінің пайда болуында ұйқы безінің қызметі өзгеріп, көмірсутегісінің зат алмасуы бұзылатының эксперимент (ғылыми-тәжірибе) арқылы дәлелдеген О. Минковский мен И. Меринг(1889-1892ж. ж. ) болатын. Бұлардан бұрын 1869 жылы П. Лангерганс ұйқы безінде бір топ ерекше клеткалар бар екендігін, олардыңқызметі бездің бөліктерінен өзгеше екендігін айқындады. Соған орай, бұл клеткалар тобын Лангерганс аралшасы деп те атайды. 1889-1890 жылдарда Л. В. Соболев ғылыми зерттеулер арқасында бұл ауру осы Лангерганс аралшасындағы ерекше В-клеткалардың өзгеруіне байланысты, ал егер осы клеткалардың қанға шығаратын сөлін сорып алып безін алып тасатаған жан-жануарларға егіп пайдаланса, өзгерген зат алмасу процестерін қалпына кетіруге болатындығын дәлелдеді.

1921 жылы канадты ғалымдар Ф. Бантинг пен Г. Бест жаңа туған бұзаудың ұйқы безінің В-клеткаларының гормонын бөліп алып оны инсулин деп атады.

Қант диабетінің жедел асқынуларының ішінде жиі кездесетіні кетоацидоз, сонымен қатар гипогликемиялық кома да болуы мүмкін.

Айқын қант диабетінде науқастың жағдайына сай ем қолданбаса, сырқат өлім қаупін тудыратын комаға ауысуы мүмкін.

Кетоацидадоз даму себептері:1. Инсулинге тәуелді қант диабетімен ауыратын науқастың дәрігерге уақытында қаралмауы. 2. Инсулинотерапия жүргізудегі қателіктер. 3. Науқастың өз ауруына дұрыс қарамауы. 4. Жедел инфекциялық аурулар, жүрек -қан тамыр аурулары(инсульт; миокард инфарктісі) . 5. Инсулинге қажеттілікті жоғарылататын физикалық, психикалық жарақаттар, хирургиялық операциялар, жүктілік т. б.

Қант диабеті асқынған кезде жиі кездесетін кома - кетоқышқылды кома деп аталады. Бұл кома болардың алдында қант диабетінің белгілері ерекше күшейеді. Жиі зәр шығарумен байланысты денедегі судың мөлшері азаюынан, электролитттік балансы өзгеруінен науқас адам тез әлсірейді. Орталық нерв жүйесі қозуы немесе жасырқанды болуы мүмкін. Содан кейін науқас есінен танады. Кетоацидоздың өту кезеңдері:

1. Прекома(үдемелі кетоацидоз) -осы кезден бастап интоксикация белгілері көрінеді:жалпы әлсіздік, бас ауру, шаршағыштық пайда болады. ацетон иісі сезіледі. Гиперликемия мөлшері 15ммоль/л, глюкозурия.

2. Басталған кома : сананың бұзылыстары басталумен көрінеді. Су электролиттік бұзылыстарға әкелетін құсу дамиды. әлсіздік, ұйқы бұзылуы, апатия, уақыт пен кеңістікте дезаринтация.

3. Кома. Сусыздану белгілері жоғарылайды. Терісі, ерні құрғақ, тілі кір түсті тұтпен жабылған. Кусмауль тынысы, айқын ацетон иісі тән. Пульс жиі, К + қанда төмендеуіне байланысты жүрек ырғағының бұзылыстары жиі кездеседі. Сезімталдылығы төмендейді, рефлекстер жоғалады. Қанда гипергликемия 23ммоль/л, азот қалдығы мөлшері жоғарылаған, ацидоз.

Гипогликемиялық кома. Бұл кома науқас аадм уақытында тамақтанбауына және қабылдайтын дәрісі немесе инсулиннің артық болуына байланысты. Қанда глюкоза төмендеген кезде адамның тәбеті жоғарылайды, денесі дірілдейді, тез терлеп кетеді. Орталық нерв жүйесі қозады, тез арада көмек көрсетілмесе есінен танады. Бұлшықетерінің тонусы жоғарылап тырысып қалады. Қандагипогликемия. Қан тамырына 40% -глюкозаның ерітіндісін құйған кезде, науқас есін жылдам жиып алады.

Гиперкетонемиялық команы емдеу алгоритмі.

Диагноз анықталғаннан кейінгі 1 сағ. Ішінде.

1. 12-20ЕД инсулинді венаға құю, сонымен қатар, осы мөлшерлі инсулинді б/е жіберу қажет .

2. венаға мына ерітінділер тамызылады:

0, 9%хлорлы натрий ерітіндісі-500-1000мл

5 %унитиол 10-15 мл

Кокарбоксилаза 100-150 мл

10-16 ЕД инсулин . Қажет болса коргликон, срофантин қолданылады.

3. Егер рН 7, 0 ден төмен болса 2, 5% натрий бикорбонаты еріт-сін( 200мл) венаға тамызу.

4. О 2 демалу.

1 сағ. Соң

1. Әрбір 1-2 сағатта қанда глюкозаның мөлшерін несепте ацетонды анықтау.

2. Қан қысымы төмендесе венаға 100-150 мл гидрокортизон немесе 30-60 мл преднизолон құю керек .

3. әрбір сағат сайын, немесе 2 сағатта 6-8 ЕД инсулинді б/е жіберу немесе 4-6 ЕД инсулинде венаға.

4. 0, 9% хлорны натрий + 4% хлорлы калий еріт венаға.

Комадан шыққан соң.

1. қанда глюкоза мөлшері 1ММОЛь/л дейін төмендесе венаға 5 % глюкоза ерт.

2. әрбір екі сағат сайын несеп пен ацетон жойылғанша 6 ЕД б/е

Кетоацидоз белгілері жойылғаннан соң.

1. Қысқа әсерлі инсулинмен өзгерген зат алмасуын қалпына келтіргенше емдеу.

Гипогликемиялық команы емдеу алгоритмі.

Диагно анықталғаннан 5 мин. ішінде

1. венаға 40-80 мл-40% глюкоза ерт. құю

2. егер венаны табұ қиын болса тері астына 0, 5-1мл 0, 1 % адреналин ерт.

Қант диабетінің созылмалы асқынулары қант диабеті тудыратын аурулар, және онан туындайтын жағдайлар жатады.

Микроангиопатиялар.

Біріншіден, көздің жағдайымен, яғни ретинопатиямен көрінеді.

1-кезең. Аурудың алғашқы белгілері тез өтіп, көбіне көру жағдайна әсер етпейді. Тамырлардың кеңуі-микроаневризмалар және тез жойылатын қан құйылулар болады.

2-кезең. Кейін тамырлар тарылады, ор қабықта майлар жиналады, олар өз кезегінде көру өткірлігін төмендетеді.

3-кезең. Пролеферативті ретинопатия дамиды. Ол дегеніміз: жаңа қан тамырлардың пайда болуы және олардың көз алмасының ішіне ене өсуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйқы безінің эндокриндік жасушаларының инсулинді жеткіліксіз өндіруі
Химиялық элементтердің табиғатта таралуы
Балалардағы қант диабетінің морфологиялық ерекшеліктері. Мориак синдромы
Тәттіні көп пайдалану неге алып келеді?
Инвазивті емес глюкометрлер
Сусамыр - қант диабеті ауруы таңқаларлық ауру
Қант диабетінің жіктемесі
Қант диабеті туралы
Қант диабетінің патогенезі және этиологиясы
Егеуқұйрықтардың лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көреткіштеріне аллоксанның әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz