Татар әдебиеті


Татар халқының жазба әдебиеті көне дәуірлерден басталады. Шығыс классикалық поэзиясының дәстүрлі сюжеттеріне татар ақындары да көптеген дастандар жазған . Солардың бірі -ХІІІ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген Ғали ақынның «Жүсіп пен Зылиха » дастаны.
Сондай-ақ авторлары бізге беймәлім « Кесікбас» және «Сопыларға өсет» деп аталатын діни -дидактикалық сарындағы шығармалар.
Махмұт Бұлғаридің «Жұмаққа жол» (ХІV ғасыр), Мұхамедияр ақынның «Жомарттың сыйы» (ХV ғасыр) атты жыр-дастандары кезінде халық арасында мәшһүр болған.
Татар әдебиетінде ХVІІ - ХVІІІ ғасырларда сопылық бағыттағы және дидактикалық сарындағы көркем туындылар басым болды. Бұл кездегі татар әдебиетінің көрнекті өкілдері: Мавля Құли (ХVІІ ғасыр), Утыз Имяни (1754-1834), Шамсетдин Заки (1825-1865) .
Исмоил Ағанидің (ХVІІІ ғасыр) «Үндістан мен Арабстанға саяхат» деген шығармасы татар әдебиетіне жаңа түр -«саяхатнамалар» жазу дәстүрін әкеледі.
Ал, енді ХІХ ғасырдағы татар әдбиетінде ағартушы - демократиялық бағыт мейлінше кең дамыды. Бұл әдеби бағыттың көрнекті өкілдері Әбунасыр Курсави (1776-1818), Қаюм Насыри (1825-1902), т. б. болды.
Дәл осы дәуірде өмір сүрген Загир Бигеев (1870-1902), Ғабдірахман Иляси (1856-1896), Фатих Халиди (1851-1923) шығармаларында адамгершілік, ізгілік, инабаттылық, имандылық, т. б. гуманистік идеялар бейнеленген. Әсіресе, Қаюм Насыридің новеллалары, Загир Бигеевтің «Сұлу Қадиша» романы, Ғабрахман Илясидің «Бақытсыз» деген атпен шыққан пьесалар жинағы татар әдебиетіне кең өріс ашып, тың тыныс әкелді.
Қаюм Насыри - татар прозасыиың негізін салушы, татар балалар әдебиетінің ірге тасын қалаушы, халық әдебиеті нұсқаларын жинаушы
Қаюм Насыридың «Бос уақыт» (1860) ; «Қырық уәзір»
(1868), «Әбуғалисина» (1872), «Әдебиет жөніндегі әңгімелер»
1884) атты еңбектері татар әдебиетінің дамуына мол үлес болып қосылды. «Қабуснама» (1886), «Қазақ татарларының наным-сенімдері мен ырым-салттары» (1880), «Қазан татарларының халық әдебиетінің үлгілері» (1896) деген шығармалары кезінде орыс тілінде жарық көрді.
ҒАБДОЛЛА ТОҚАЙ
Ғабдолла Тоқай - татар реалистік әдебистінің негізін қалаушылардың бірі, атақты ақын, дарынды публицист.
Тоқай әдебиет әлемінде татар халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы жалынды күрескер ретінде келді. Ақынның «Бостандық туралы», (1905), «Арамтамақтарға» (1906), «Мемлекеттік Думаға» (1906) деген жырлары кезінде татар зиялыларына ой салған елеулі құбылыс болды.
Ол қоғам қайраткері, публицист ретінде Қазан қаласындағы алғашқы сатиралық баспасөз органы - «Яшен», («Жасын») журналын шығарған (1908), сондай-ақ ол демократиялық бағыт ұстанған жастардың «Әл-Ислах» газетінде (1905 - 1909), «Ялт-йолт» («Жалт-жүлт») журналында қызмет істеді.
Ақынның қоғам өміріндегі кемшіліктерді өлтіре сынаған
, өлеңдері негізінен осы аталған газетте жарияланған. Мұнда ол
татар халқын оқу-білімге үндеді, адам бойындағы жаман мінез-
құлықты сынады. Бұған ақынның лирикалық, сатиралық
өлеңдері, хикаялары мен поэмалары дәлел.
Ақынның «Татар қыздарына», (1906), «Туған жерім» (1907), «Сүтке түскен тышқан» (1907), «Шындық пен өтірік» (1908), «Көңіл жұдызы» (1909), «Өмір жолында күресушілерге» (1910), «Махаббатқа түсінік» (1912), т. б. көптеген өлеңдері татар әдебиетін түр жағынан да, мазмұн тұрғысынан да байыта түсті.
Ғ. Тоқайдың хикаялары мен поэмалары да («Өлеңмен жазылған кішкене бір хикая», «Пішен базары яки жаңа кескен бас», «Үш ақиқат») ел арасына кең тарап, мәшһүр болған.
Өлеңдер
ШӘКІРТКЕ КЕЗДЕСУ
Бір күні көше бойлап келе жаттым,
Көрдім де бір адамды, таңырқаппын.
Кез болды сол көшеде маған біреу,
Қажыған, әбден шаршап, өзі жүдеу.
Оқу іздеп шыкқан ол - шәкірт екен,
Ғылымға буған екен белді бекем.
Тесік пима, шапаны қырық жамау,
(Тегінде мүмкін емес оны санау . . . )
Күн боран. Екі бетісн аяз сүйген,
Бір тоқтап, бір сүрініп, күйбең, күйбең,
Қалшылдап, дір-дір қағып келе жатыр,
Дерсің бейне жалаңаш әлгі пақыр.
Жел гулеп шапанының жыртығынан,
Қандай жылу сұрайсың енді мұнан?
Көргенде аянышты оның халін,
Көзімнен жасым ағып, күйді жаным.
Жүрегім жараланды, елжіреді,
Жаным ашып, әр күйге салды мені.
Тұрдым да, сол арада айттым өлең,
Көңілін жылытуға өлеңменен:
Сен жердің періштесі елге жуық,
Ұлтың сенең әрқашан қылады үміт,
Жыртық деп киіміңді ұялмаңыз,
Пимаңның тесігіне берме маңыз.
Тербеліп келеіпектің бесігімен,
Бар да кір, мектебіңнің есігінен.
Бұл сөзге құлағың сал, осыны ұғын:
Кедейлік мақтанышың екендігін!
Сендей боп талай адам бұрын да еткен,
Жолында мақсатының азап шеккен.
Бұл әлем - уақытша азап дүниесі,
Бұл әлем - күлкі, мазақ дүниесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz