Қабылдау және оның физиологиялық негізі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қабылдау және оның физиологиялық негізі.

Адам түйсік арқылы заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін, мысалы, «алдымнан бір нәрсе жалт етті», «маған суық бір нәрсе жармасты» деген сияқты сапаларын білетін болса, ал қабылдау арқылы зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін көреді. Мысалы: жарық, ойнап жүрген сәби, кең бөлме, өсіп тұрған жеміс ағашы. Қабылдау затты тұтас бейнелеуге бейімді процесс. Түйсікке қарағанда, қабылдау - шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы.

Сонымен, қабылдау дегеніміз - заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі.

Қабылдаудың физиологиялық негізі - үлкен ми сыңарлары қабындағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар; олар сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі арқылы жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше талдағыштардың үйлесімді іс-әрекеті организмнің тітіркендіргіштердің тұтас жиынтығына жауап беру реакциясы нәтижесінде бейнеленеді. Мысалы, біз раушан гүлінің бейнесін қабылдағанда, ең алдымен, оның әдемі түрін, тамаша түсін көреміз. Гүлдің жұпар исін иіскеп, жұтамыз, ұстап көріп, оның жапырақтарының нәзік те жұмсақ екенін сезінеміз. Осындай жеке түйсіктердің бәрі мидың қабығында қосылып, біртұтас болып бірігеді. Сөйтіп, біз бұл заттың раушан гүлі екенін білеміз. Бұл жерде ес процесі орын алады. Гүлдің исі бізді шаттандырып, жақсы бір сезім тудырады. Ақырында қабылдауға ойлау процесі де қатысып, біз раушан гүлінің қай сортка жататыны туралы ойланып, өзімізше қарапайым қорытынды жасаймыз. Қай талдағыштың басым екендігіне байланысты көру, есту, иіс, дәм, сипап сезу және қймыл-қозғалыс, кинестетикалық қабылдау түрлері болыл ажыратылады.

Апперцепция және оның қабылдаудағы рөлі.

«Апперцепция»-латын сөзі, қазақша қабылдауға қосымша деген мағынаны білдіреді. Латынша «ап» - үстеме жұрнақ, «перцепцио»- қабылдау. Адамның психологиялық жәй-күйі мен оның өткендегі өмір тәжірибесінің мазмұнын қабылдауда мұның маңызы ерекше. Бұрынғы тәжірибелер жаңа нәрселерді қабылдауда танымдық өлшем кызметін атқарады. Апперцепцияның тұрақтн және уақытша дейтін екі түрі бар. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен дүниетанымына, мамандығы мен білім деңгейіне байланысты болып отырады. Мысалы, «түбір» деген сөзді филолог пен биологтың, математик пен химиктің қабылдауы түрліше. Уақытша апперцепция адамның әр түрлі алдануы (иллюзия) салдарынан жаңсақ пікірлер туғызады. «Иллюзня» - латын сөзі, мағынасы - алдану. Алдануда қабылданған нәрселер мен заттар біріне-бірі сәйкес келмей, бұрмаланады. Стақан ішіндегі суға қасықты салғандағы кескіннің кесінді болып көрінуі де - алданудың бір мысалы. Әдетте, қабылдау заты мен оның сезілген бейнесі өзара тепе-тең адекватты болып келеді. Алайда, көру арқылы қабылдауда алданулар болып тұрады.

Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалғаң, теріс, бұрмаланған бейнелер туады. Осы орайда, галлюцинация деп аталатын жағдай бар. Бұл термин қиялдану, шатасу деген тусінікті білдіреді. Мұндай жайттар улы дәрілерді қолданған адамдарда, маскүнемдікке салынған кісілер мен нашарқорларда жиі кездеседі. Ондай адамдар жүйке жүйесінің ауруына ұшырау салдарынан әрбір нәрсені бұрмалап қабылдайды да, өзінен-өзі отырса да айқай-шу естиді, үстінде не кеудесінде бір нәрсе жорғалап бара жатқандай болады. Сон-чай-ак, жүйке жүйесі ауруына душар болғандарда шикррения-не шизофрениктер деп аталатын қабылдаудың айрықша бұрмаланған түрі де болады. Әдетте, мұндай паудастардың көз алдына қауіпті адам елестеп, өміріне ол зиян келтіретіндей күй кешеді. Галлюцинация мен шизофрения ауруына ұшыраған адамдар жүріп келе жатып, шалшықты не ойдым жерге жиналған аз ғана суды көрсе, «мынау не деген шалқып жаткан көл еді, мен бұл судың арғы жағына жүзіп өтетін болдым» деп, киімде-рін шешіне бастайды . . . Келе жатқан жолында көлденең жатқан ағаш шыбығын көріп, «мынау не деген жуан бөрене (ұзын ағаш кесіндісі) . еді, бұл бөренеден әрі қарай әрмелеп өтейін» деп, келе жатқан жолына етбетінен жата қалады . . . Алдану, галлюцинация, шизофрения - бұлардың бәрі қабылдау процесінің ез калпынан ауытқу-ын көрсететін жалған көріністер.

Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері

Сезімдік таным процесі ретінде қабылдаудың өзіне тән ерекшеліктері бар

а) Қабылдаудың тұтастығы. Бұл касиет бойынша заттар мен нәрселердІң сыртқы түріне карай бөлшектеніп, ажыратылып тұрғанына қарамастан, оларды тұтас тұрінде қабылдаймыз. Мысалы, кесінділер бір-бірінен бөлек тұрғанымен А, оларды ұшбұрыш деп білеміз. Немесе Мәриям Жагорқызының «Дударай» әнінен үзінді еститін болсақ та, сол әннің мазмұнын толык қабылдаймыз. ә) Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған объект тұтас болады, оның мәнжайы сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі - тану, Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралық тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды білу анык, толық түрде болады. Мысалы, адам көп киімнің ішінен өз киімін таниды, немесе кеп адам ішінен өзіне таныс кісіні ажырата алады. Сондай-ақ, сәби де бірнеше адамның ішінен өзінің ата-анасын, жақын туыстарын тани алады.

б) Қабылдаудың таңдамалылығы толып жатқан объектілердің бірін таңдап алудан көрінеді, Мұның мәнісі орбір нәрсенің сапасын, қасиетін қабылдау болып табылады. Қабылдаудың таңдамалы болуындағы тағы бір ерекшелік -заттың сыртқы түрін қабылдауда хабар-лаушы мәнінің болуы. Мұны контур деп атайды. Бұл - заттың кескіні (фигурасы) мен фонын қабылдау аралы-ғындағы ажырату ерекшелігі. Мысалы, мұғалім кластағы оқушылармен жұмыс істейді. Жақсы жауап берген оқушы фигура, ал калғандары оның фоны болып есептеледі. Қабылдаудың таңдамалылық ерекшелігінде зейін сияқты сананың бір нәрсеге бағытталуы және адамның сол нәрсеге қызығып зер салуы, ынталаиып, танып-білуге ұмтылуы айрықша рөл атқарады.

Қабылдаудың таңдамалылығында объективтілік (заттың өзіндік ерекшеліктері), субъективтілік (адамның сол нәрсеге қызығуы мен ықылас-ынтасын аударуы) жағдайлары да ерекше маңызды. Бұл орайда, . объ-ектілерді қабылдаудың екі жақты көріну дейтін түрінің мәні зор. Мысалы, ваза мен адам профилі, қоян мен үй-рек балапанының суреттері бар көріністер. Бұл суреттерде (29, а, ә, 30 а, ә, б) кескін мен фон жақсы ажыратылады.

в) Қабылдаудың турақтылығы (константтығы) . Сыртқы Жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттар сол күйінде, өз қалггында қабылданады. Мысалы, телеграф бағаналары, үлкен зал ішіндегі колонналардың жақын тұрғаны биік, алыстағысы кіші болып көрінеді. Бірақ, біз олардың бәрінің бірдей екендігін біліп, дұрыс қабылдаймыз. Темір жол рельсі ұзақтаған сайын бірігіи кететін сияқты. Мұндай жағдайда алыс пен жақын арасы сол күйінде бір қалыпты болып қабылданады, Баладардын қабылдау тұрақтығы 2-4 жас арасында қалыптасады.

Заттар мен нәрселерді қабылдаудағы тұрақтылық адамның өмір тәжірибесіне байланысты болып отырады. Әрбір зат сөзбен, ез атауларымен аталып, сана мен ойлау процестері байланысып жатады. Қабылдауда ес процесі де шешуші рөл атқарьш, бұрынғы қабылданған нәрселердің бейнесі қайта жаңғырады. Тәжірибе мен көрін білген нәрселер өзара ұштасып, әсерленген бейнелер туындайды.

Бақылау және бақылампаздық

Бақылау не байқау дегеніміз - белгілі мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Қөріп қана қою жеткілік-сіз, затты білу ушін кезқарас, пікір керек. Бақылау- әрі жүйелі, әрі мақсатты процесс, арнайы жүргізілетін әре-кет. Ой жүгірту, зейін кою- бақылаудағы негізгі әре-кеттер. Ұлы физиолог ғалым И. П. Павлов бақылауға ерекше мон беріп, лабораториясының маңдайшасына «бақылау» деген сөзді үш қайтара жазып қойған.

Бақылампаздық - адамдағы ерекше бір пайдалы қасиет. Бұл бойынша көпшілік көрмеген нәрсені, сапа-ны, ерекшеліктерді бақылап, оларды ажыратып отырады. Қазақ халкының өмір тіршілігінде бақылампаздықты дәріптейтін мысалдар көп. а) "Ы. Алтынсариннің «Үш жолаушы» деген әңгімесінде түйесін жоғалтқан адам үш жолаушыға қарсы кездесіп қалып, жоғалған малын іздеп келе жатқанын айтады. Жолаушылар малдың ақсақтығын, бір кезінін соқырлығын және құйрығы шодақ екендігін айтып береді . . . Мұндай бақылампаздық жолаушылардың шаруа, өмір тәжірибесі мол адамдар екенін білдіреді. ә) Мал бағып тіршілік еткен казақ жұрты әр-бір мал түлігінің мінез-құлқы мен қылығын, ауа райы мен жер жағдайына бейімделіп тіршілік етуін жақсы бзлген. Оеы орайда, қазақтар жоғалған малдың ізіне түсіп, іздестіріп тауьга алатын болған. Бұл ретте, олар мал қай күні жоғалды, сол куні ауа райы қандай болған еді деген мәселелерге ерекше мән берген. Өйткені, уақ мал (қойешкі) желді, жаңбырлы, суық кұндері ықтап кетеді де, ал жылкы керісінше желдеп кетеді. Осындай жайттардан жақсы хабардар жандар жоғалған түліктін қайсысын қайдан, қалай іздеу керектігін де аньщ білетін болған. б) Сыр бойының жұртшылығына танымал Қьгашақбай деген қария ошақта кешке жағылған от пен оның сөнген шоғына қарап, ертеңгі күнгі ауа райының қандай болатынын тура айтқан. Сондай-ақ, кыс кездері мен жаз айларыидағы ауа райын салыстырып, жаңбыр-лы, қарлы және кұрғақшылық болатын күндерді анық болжаған. Өмірде мұндай мысалдар көп. Малдың мінезқұлқы да ауа райының қандай болатындығын білдіретіндігі елге ерте заманнан-ақ белгілі

Бақылаудың физиологиялық негізі -- «Бұл не?» деген таңдану рефлексі. Мысалы, Австралиядағы абориген тайпасының адамдары шөл даладағы мың-сан «белгілерді» қатесіз оки алады (ізшілдік, құпия сырларды ашу, адамның ізіне қарап салмағын, бойын білу) . Сондай-ақ, ұстаздар мен тәрбиешілердің, шеберлер мен тәлімгерлердің оқыту, тәлім-тәрбие істерінде унемі бақылау жүргізіп, шәкірттердің психикалық дамуын белгілі жүйелілікпен байқап отыруы да- өз жұмыстарында табысқа жетудің кепілі. Бакылау белгілі бір заттар мен құбылыстарды жүйелі түрде қабылдау әрекеті болып са-налса, бақылампаздық - адамның жеке басына тон, танып білуге қызығу мен құмарту қасиеті болып есептеледі. Қабылдау - түйсікке қарағанда күрделі процесс. Бұл процесте бірнеше талдағыштар. Бірлесіп жұмыс аткарады. Жүйелі, максатты бакылау - кез-келген жұмыста табысты болудың шарты.

Кеңістік пен уақытты қабылдау

Материалистік ілім материя мен болмыстың өмір сүруінің екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар - кеңістік пен уақыт. Бұл формалар шексіз. Уақыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам өз түсінігінен тысқары объективті болмысты бейнелегенде оның өмір сурген ортасы жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді.

Қеңістіктегі объектілерді қабылдау - күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар:

ұзын-кысқа, енді - енсіз, биік -- аласа, үлкен -кіші т. б . Олар бізден түрлі қашықтықта орйаласқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін екі көзбен, яғни бинокулярлық көрудің маңызы зор. Бір көзбен көру монокуляр-лық нәрселердің тереңдігі жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Бинокулярлық көруде екі кезге түсетіи кескін қосылып, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір рккінге айналады. Осылайша көріп, қабылдауда заттар тұтасып, олардың қаріықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсі, рельеф- бедері әртарапты байқалып, анық көруге мүмкіндік туады')

Қашықтык пен заттар көлемін қабылдауда көздің жонвергенциясы (жақындауы), яғнн екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет. Бұл жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыс-тағы нәрселерге карағанда олардың екіге бөлініп кету-ін дивергенция дейді. Көздің түрліше қашықтыктағы заттарды көруге бейімделу қабілетйлігін аккомадация (көз . үйрену) деп атайды. 'Қашықтықтағы нәрселерді ка-былдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты. Ке-дістікті қабылдау жас кезден басталады. Бұл ретте, орман ішінде өскен бала мен кең далада өскен баланың кеңістікті қабылдауы түрліше болыи келеді.

Заттың бағытын қабылдау көздің торлы кабығында-ғы сәулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тік тұрып не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды. Ке-ңістікті дұрыс қабылдаудың көлік жүргізушілер, ұш-қыштар мен ғарышкерлер, суретшілер мен әскери қыз-меткерлер, дәлдік аппараттар жасайтыи мамандар үшін маңызы зор.

Уақыт та - материяның емір сүруінін объективті шындық формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңіетік пен уақыт ішінде қозғалыста болады. Уақытт-ы қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады. Уақыт құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді. Уакыт қарқын арқылы өлшенеді. Қарқын -құбылыстардың бірізді тездігінің не баяулығының керсеткіші.

Уақытты қабылдауда субъективтік мезеттер ерекше орьш алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде еткен сйяқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді.

Соған орай еткен уақиғалар көмескі болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпен елшенеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйсіктің физиологиялық негіздері
Танымдық процестердең физиологиялық механизмдері
Жалпы психология пәні
Түйсік туралы
Түйсік пен қабылдау
Сезгіштік және түйсік табалдырығы
Психология пәнінің мақсаты, міндеттер
Түйсіктің түрлері
Түйсіктердің физиологиялық негізі,түрлері,қасиеттері
Физиологиялық қызметтердің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz