5-6 жастағы балалардың экологиялық мәдениетін дидактикалық ойындар негізінде тәрбиелеу
МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... .3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ..4
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ...5
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ..6
КІРІСПЕ ... ... ... ... 7
1 5.6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың қазіргі жай.күйі ... ... ... ... ... 11
1.2 Дидактикалық ойындар негізінде 5.6 жастағы балалардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеудің құралы ретінде ... ... ... ... ..21
2 5.6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... 33
2.1 5.6 жастағы балалардың дидактикалық ойындар негізінде экологиялық мәдениетін тәрбиелеудің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
2.2 5.6 жастағы балалардың дидактикалық ойындар негізінде экологиялық мәдениетін тәрбиелеудің әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... .43
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Ғылыми-техникалық прогресстің өркендеуі, адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы артып, өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі айтарлықтай артып, айналадағы ортаға үдемелі, көбінесе бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып, табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны үнемдеп пайдаланып, сондай-ақ шаруашылықты ғылыми тұрғыдан жүргізіп, табиғаттан қанша қажет болса, тек сонша ғана ала білу жөнінде біртұтас кешенді шаралар жасау қажет болып табылады.
Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаҺандық дағдарысы жершарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып табылатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туып отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына жасаған «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Жердің табиғи ресурстарының шектеулілігі, түгесілуі жағдайында адамзат тарихындағы теңдесі жоқ тұтынудың өсуі әр бағыттағы, келеңсіз де, оң да үдерістерді үдете түседі», - деп еліміздегі экологиялық мәселеге талдау жасап, болашақ кәсіби мамандарын даярлау үдерісінде кәсіптік білім берудің көкейкесті мәселелердің бірі екенін атап көрсетті [1].
Адамзаттың ғаламдық экологиялық мәселелерінің шешілуі баланың кішкентай кезінен бастап қоршаған орта туралы сапалы білім алуына байланысты. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» [2, 4-5б.] және «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясында»[3], ҚР «Білім туралы» Заңда [4] және 2006 жылы қабылданған «Экологиялық кодексте» [5] мемлекеттік экологиялық саясатты дәйектілікпен жүзеге асырудың механизмі берілген.

1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Астана, Ақорда, 2012.
2 «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасы». // Егемен Қазақстан. -2003 – 10 желтоқсан - 4-5 беттер.
3 «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясы». //Егемен Қазақстан. 2004. – 24 б
4 Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңы, 2007 - 27 шілде.
5 ҚР Экологиялық кодексі. – Алматы, 2007. – 38 б
6 Манкеш А.Е. Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының ғылыми-педагогикалық негіздері. 13.00.01. - П.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс... автореф. - Алматы, 2008.- 44 б.
7 Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1994. -115б.
8 Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1987. – 301б.
9 Яссауи Қ.А. Ақыл кітабы. – Алматы, 1995. 262б.
10 Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1986. -560 б.
11 Алтынсарин Ы. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1986. – 120 б.
12 Құнанбаев А. Қара сөздер. – Алматы, 1196. – 67 б.
13 Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы, Жазушы, 1989. – 120 б.
14 Байтұрсынаов А. Тіл құралы, - Алматы: Рауан, 1998. – 120 б.
15 Дулати М.Х. Тарих-и-Рашиди. – Алматы: Жалын, 1996. - 327 б.
16 Жұмабаев М. Шығармалар. Т.2,3. – Алматы: Білім, 1996, - 512 б.
17 Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1986. – 560 б.
18 Гирусов Э.В., Широкова И.Ю. Экология и культура М., 1989. – 43 б
19 Лихачев Б.Т. Философия воспитания. М., 1995. – 55 б
20 Журавлев В.В.Философия. // Журавлев В.В. М.,1996. – 17 б
21 Ақмамбетов Ғ.Ғ. Философия және мәдениеттану. – Алматы: Жеті Жарғы, 1998. – 56 б
22 «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. / Бас ред.Нысанбаев Ә.Н. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2002. – 720 б.
23 Әбділдин Ж.М. О методологической роли целостного рассмотрения явлений. Материальная диалектика как методология. – Алма-Ата, Наука, 1981.- С.202-214.
24 Кішібеков Д. Философия. / Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов.- Алматы: Қарасай, 2008. – 360б.
25 Песталоцци Г. Избранные педагогические сочинения. Москва: Педагогика, 1981.- 336с.
26 Коменский Я.А. Учитель учителей. М.: Карапуз, 2009. - 288 с.
27 Ушинский К.Д. Педагогические сочинения, Т.3.М.: Педагогика, 1989. – 510 с., Т.5. – С.27.
28 Сарыбеков Н.С. Педагогические основы подготовки учащихся к охране биосферы. - Алма-Ата: Мектеп, 1978. - 128 с.
29 Бейсенова Ә.С. Экологиялық білім мен тәрбие беру. Алматы, 2002. – 29 б
30 Нұғыманов И.Н., Орынбекова С. Экологиялық білім берудің педагогикалық негіздері // Қазақстан мектебі.- 1996. - №6. – 50-53 бб.
31 Аймағамбетова Қ.А. Қоршаған дүние. Әдістемелік құрал. Алматы: Атамұра, 2004. – 64б.
32 Бірмағанбетов Ә.Б., Мамырова Қ. Географиялық сөздік. Алматы: Рауан, 1992. – 92 б
33 Длимбетова Ғ.К. Дидактические основы экологизации процесса обучения студентов. Автореф. ... докт.пед.наук. –Алматы.- 2000. -33 с.
34 Жүнісова К.Ж. Дүниетану (1-4-сынып) бағдарламалар. Жалпы орта білім беретін мектептің 1-4-сыныптарына арналған / К. Ж. Жүнісова, Қ. А. Аймағамбетова [и др.]. - Алматы : РОНД, 2003. - 28 б.
35 Шілдебаев Ж.Б. Қызықты экология. Оқу құралы / Ж. Шілдебаев. - Алматы, 2000. - 171 б.
36 Шавалиева З.Ш. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудін дамуы. 13.00.01. - П.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс... автореф. Қарағанды, 2010. - 30 с.
37 « Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
38 Баймұратова Б.Б. Қазақша үйренейік /Баймұратова Б. Б., Еденбаева З. Д.. -- Алматы : Рауан, 1993. - 152 б. - .. 005
39 Тәрбие хрестоматиясы. / С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева. - Алматы : Ғылым, 2001. - 331 б. - 825 т.
40 Меңжанова А.К. Балалар бақшасында адамгершілікке тәрбиелеу. Алматы: Мектеп, 1980. – 42 б
41 Сәтімбекова М.С. Резерват ЮНЕСКО-ның тізіміне тіркелуге үміткер // Экологический курьер INT . - 2014. - 1 - 15 ақпан. - 3 б.
42 Керімбаева Р. Табиғат. Бала. Тәрбие.// Отбасы және балабақша.- 1997. №1-3 50-52бб.
43 Сихаева А. Экологиялық білімнің мәні үлкен.// Қазақстан мектебі. -2007.- №3. - 38-39 бб.
44 Бейсенова, А.С., Шильдебаев Ж.Б. Пути развития экологического знания учителей // Поиск (Серия ест. наук). - 1995. - № 4. – С. 44-47.
45 Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. Педагогика. Астана, 2010. 263б.
46 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау/ А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп», 2002. – 456 б.
47 Амирова А.С. , Дидактика. Алматы, 2013. 81-82 б.
48 Зверев И.Д. Экология в школьном обучении. М., 1980. – 73 б
49 Шалабаева Б. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру.// Бастауыш мектеп. - 2006.- №6-22-23бб.
50 Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т.Экология. Алматы.2002. – 12 б
51 Қонақбаева Р.Д. Балаларды эстетикалық тәрбиеге баулу.// Отбасы және балабақша. – 2008. №2. 29-30б.
52 «Балбөбек» бағдарламасы. Алматы, 2006. – 22 б
53 «Алғашқы қадам» бағдарламасы., Астана, 2009. – 62 б
54 «Зерек бала» бағдарламасы., Астана, 2009. – 18 б
55 «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы., Астана, 2009. – 88 б
56 Ахмадиева Ж.К. Бастауыш мектеп оқушысының экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Вестник КАСУ. №1-2009. – 33 б
57 Лихачев Д.С. Экология культуры. Альманах Всеросс. общества памятников истории и культуры. 1980. №2 - с. 39
58 Мухамадиева Ш.С. «Дүниетану» сабағында білім беру мен тәрбиелеу. 1-2 сынып - Өскемен, 2000 – 9б.
59 Сағындықова Э.Ә., Бисенова Л.Е. Болашақ мамандарға экологиялық білім беру негіздері. Ақтау, 2010. 51б.
60 Шалғынбаева Қ. Экологиялық тәрбие. // Отбасы және балабақша.№12. 55-58бб.
61 Сармурзина А.Г. Научно-методические аспекты преподавания в вузах общеобразовательной дисциплины Экология / А.Г. Сармурзина, С.В. Ефремова, - Алматы : 2001. - 37 с.
62 Боранбаев А.С. Историко-педагогические основы экологизации учебно-воспитательного процесса школы. автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата педагогических наук. Алматы : Б. и., 2004. - 26 с.
63 Кішібаева Д. Ұлттық ойындардың пайдасы. // Бастауыш мектеп, 2004 , №1. - 52-56бб.
64 Рысқұлбекова А. Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы./ Бастауыш мектеп. 2005. №9, 19б.
65 Халилаева Э.Ж. Дамытушы ойындар балаларды мектепке даярлау құралы. «Педагогикалық кадрларды даярлаудың сапасын арттырудағы инновациялық технология мәселелері және даму ерекшеліктері» атты ХҒПК материалдары, ҚазМемҚызПи ІІ том, 773-779бб.
66 Арутюнян Ж.В «Взаимосвязь учебной и игровой деятельности в обучении математике младших школьников». Афтореф.дисс.канд.пед.наук – М,1988 – 15 б.
67 Фейзулдаева С. Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ойынның маңызы.// Бастауыш мектеп. Алматы, 2006, -6 б.
68 Керімбаева Р., Керімбаева Т. Дидактикалық ойындардың түрлері. / Бастауыш мектеп. 2005. №9, 18б.
69 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана. 2010. – 70 б
70 Манкеш А.Е. Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту. // Білім беру және менеджмент. – 2007. №2. 117-119б.
71 Хамитқызы Ғ. Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы.// Отбасы және балабақша. 1996. №3-4. 34-37бб.
72 Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1906. – 68 б

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қызметте қолдау үшін
Қорғауға жіберілді
___________
кафедра меңгерушісі
________ п.ғ.д., доцент Б.Т.Ортаев
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: 5-6 жастағы балалардың экологиялық мәдениетін дидактикалық
ойындар негізінде тәрбиелеу
5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы
Орындаған Омарова Б.Ж.
Ғылыми жетекшісі,
аға оқытушы: Халилаева Э.Ж.
Түркістан 2015
АННОТАЦИЯ
5-6 жастағы балалардың экологиялық мәдениетін дидактикалық ойындар
негізінде лартәрбиелеу тақырыбында жазылған диплом жұмысында мектеп
жасына дейінгі балалардың экологялық мәдениетін дидактикалық ойындар
негізігнде тәрбиелеу ерекшеліктері, қазіргі жай-күйі; дидактикалық ойындар
негізінде экологиялық мәдениетті тәрбиелеудің маңызы мен оның құралдары
мен мазмұны, балалардың дидактикалық ойындар негізінде экологиялық
мәдениетін тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің
бірлескен іс-әрекетінің ерекшеліктері қарастырылған Теориялық бөлімдегі
қарастырылған мәселелерді тәжірибе жүзінде әдістемелік іс-шаралар
ұйымдастыру арқылы дәлелденген.
Аннотация
В дипломной работе на тему Воспитание экологической культуры у детей
5-6 лет на основе дидактических игр рассмотрены особенности воспитания
экологической культуры у детей дошкольного возраста, современное состояние
данной проблемы, значение, содержание и приемы воспитания экологической
культуры у детей на основе дидактических игр, а также методы и приемы
организации данной работы, особенности совместной деятельности воспитателя
и воспитуемого. Опробировано через организацию методических мероприятий на
практике проблема рассматриваемая в теоретической части дипломной работы.
Özet
Başlıklı araştırma yazıda "didaktik oyunların temelinde 5-6 yaş çocuklarına
ekolojik kültürünün Eğitimi" okul öncesi yaştaki çocukların ekolojik
kültürü özellikle eğitim olarak kabul edilir, sorunun mevcut durumu,
didaktik oyunların temelinde çocuklar arasında içerik ve ekolojik kültürün
eğitim yöntemlerinin değeri, hem de bu işin, özellikle ortak girişimler ve
eğitimci eğitilebilirliği organizasyonu yöntem ve teknikleri
olarak. Uygulama sorunları tezin teorik kısmında kabul edilir de bu,
öğretim faaliyetlerinin organizasyonu ile çalıştı.
Abstract
In diploma work on a theme "Educati on of ecological culturefor childre n 5-
6 on the basis of didactic games" t he featuresof education of ecologic al cul
ture are considered for thechildren of preschool age, modern state of this p
roblem,value, maintenance and recep tions of education ofecological cul ture f
or children on the basis of didacti cgames, and also methods and recept ions o
f organizationhired, features of jo int activity of educator and brough t up.T
he problem considered in theoretical part of the thesis is tested through
the organization of methodical actions on practice.
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
НОРМАТИВТІК
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .5
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН
ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1 5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..11
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін
қалыптастырудың қазіргі жай-күйі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.2 Дидактикалық ойындар негізінде 5-6 жастағы балалардың экологиялық
мәдениетін тәрбиелеудің құралы ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2 5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2.1 5-6 жастағы балалардың дидактикалық ойындар негізінде экологиялық
мәдениетін тәрбиелеудің
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 33
2.2 5-6 жастағы балалардың дидактикалық ойындар негізінде экологиялық
мәдениетін тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .58
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep
көрсетілген:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
Халқына Жолдауы Қазақстан-2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты. Астана, Ақорда, 2012.
2. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауiпсiздiк тұжырымдамасы. Егемен Қазақстан. -2003 – 10 желтоқсан
- 4-5 беттер.
3. Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім
берудің ұлттық стратегиясы. Егемен Қазақстан. 2004 ж.
4. Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы Заңы, 2007 - 27 шілде.
5. ҚР Экологиялық кодексі. – Алматы, 2007.
6. Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны
қорғау бағдарламасы. – Астана, 2005.
7. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010.
8. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. Астана. 2010
АНЫҚТАМАЛАР
Экология - термині гректің (ойкос-үй, тұрақ, мекен және логос - ғылым)
тұрақ, мекен туралы ғылым - деген мағынаны білдіреді.
Экология - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-
үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының
жағдайын, бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын,
санасын қалыптастырып, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік қарым –
қатынасын тудыру.
Мәдениет – тарихи даму барысында адамзат жасаған материалдық және рухани
игіліктердің жиынтығы.
Экологиялық мәдениет – жалпы мәдениеттің бір бөлігі; экологиялық мәдениет
адамдардың табиғатпен қарым – қатынастары жөніндегі қалыптасқан
дүниетанымы, сенімі, түсініктері, білімі, іскер-лігі, құндылық бағдар
жүйесі;
Экологиялық мәдениет – адамның өмірлік белсенді тұғырнамасы; Экологиялық
мәдениет адамның табиғатты теориялық, материалдық – практикалақ, рухани
ізгілікті меңгеруі және жаңартудағы мәнді күш – қуатының өлшемі, іс -
әрекетінің жиын-тығы; экологиялық мәдениет – адамның табиғатпен ғана емес,
әлеуметтік – тарихи ортамен, биосферамен өзара әрекеттестігі.
Экологиялық білім дегеніміз - бүгінгі таңда және болашақта адамның
үйлесімді өмір сүруін қамтамасыздандыратын қоршаған ортаны сақтауға және
дамытуға әрекет ету үшін түрткі болатын сананы дамытуға мақсатты
бағытталған, адам өмірінің барлық кезеңдеріндегі қоршаған орта туралы
түсініктердің саналы және жоспарлы дамуы болып табылады.
Дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп,
іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет.
Бiлім беру стандарты - деп ғылыми тұрғыдан алғанда, мемлекеттiк бiлiм
нормасы ретiнде қабылданатын, жеке тұлғаның мүмкiндiктерiн қоғамдық мүддеге
сай танытатын негiзгi параметрлер жүйесiн айтады.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР- Қазақстан Республикасы
ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization
-UNESCO) - Біріккен ҰлттарҰйымының Білім, Ғылым және Мә дениет жөніндегі
Ұйымы.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Ғылыми-техникалық прогресстің өркендеуі,
адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы артып, өндірістің өсуіне
қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі
айтарлықтай артып, айналадағы ортаға үдемелі, көбінесе бүлдірушілік сипатта
әсер етуде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты дұрыс
жолға қойып, табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны үнемдеп
пайдаланып, сондай-ақ шаруашылықты ғылыми тұрғыдан жүргізіп, табиғаттан
қанша қажет болса, тек сонша ғана ала білу жөнінде біртұтас кешенді шаралар
жасау қажет болып табылады.
Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат
арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын
іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаҺандық дағдарысы жершарының
экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып табылатын аймақтық
деңгейдегі мәселелерден туып отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің
қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған
барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына
жасаған Қазақстан-2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты атты Жолдауында: Жердің табиғи ресурстарының шектеулілігі,
түгесілуі жағдайында адамзат тарихындағы теңдесі жоқ тұтынудың өсуі әр
бағыттағы, келеңсіз де, оң да үдерістерді үдете түседі, - деп еліміздегі
экологиялық мәселеге талдау жасап, болашақ кәсіби мамандарын даярлау
үдерісінде кәсіптік білім берудің көкейкесті мәселелердің бірі екенін атап
көрсетті [1].
Адамзаттың ғаламдық экологиялық мәселелерінің шешілуі баланың кішкентай
кезінен бастап қоршаған орта туралы сапалы білім алуына байланысты.
Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім беру
бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздік тұжырымдамасында [2, 4-5б.] және Қазақстан Республикасында
көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясында[3],
ҚР Білім туралы Заңда [4] және 2006 жылы қабылданған Экологиялық
кодексте [5] мемлекеттік экологиялық саясатты дәйектілікпен жүзеге
асырудың механизмі берілген.
Бұл құжаттарда экологиялық білімді үздіксіз білім беру арқылы ғана
жүзеге асыруға болатыны баса айтылды, яғни олар: биосфера тұрақтылығын
сақтау үшін бұл салада оқу-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру арқылы; адам
баласына туылғанынан бастап, өмір бойы экологиялық білім беру; халық
арасында экологиялық пікірталас өткізу, экологиялық білім беруге мемлекет
тарапынан қолдау көрсетті.
Экологиялық мәдениеттің әрекеттілігі оның жас ұрпаққа жеткізілу
тиімділігінен де талап етіледі. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі экологиялық
оқытудың нәтижелі жүзеге асуы адамның өзін қоршаған ортасын табиғат пен
өркениет үйлесімділігін құрайтын мәдениет пен табиғаттың бірлігі деп түсіне
отырып, оған құндылық қатынас жасауға әсер етуінен тікелей байланысты.
Жоғары кәсіптік білімді реформалау жағдайында мамандардың экологиялық
мәдениетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыдан түйсіну мен практикалық тұрғыдан
жасау ерекше маңызға ие екендігіне күмән жоқ.
Алайда жоғарыда айтылғандардан экологиялық білім мен тәрбие мәселесіне
бүгін ғана аса назар аударылып отыр деген ой туындамауы керек.
Осы тұрғыда мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеленушілерге
экологиялық тәрбие арқылы ой-өрісін дамыту, экологиялық мәдениетін
қалыптастыру проблемасының көкейкестілігі күннен-күнге арта түсуде.
Ғалымдардың пайымдауынша, экологиялық білім мен тәрбие барлық тіршілікке
қатысты ішкі жауапкершілік сезімімен парызды дамыту қажет, өйткені
тіршіліктегі ортаны сақтау мен адамның денсаулығы қоғамның құндылық
жүйесінде ең маңызды категорияның бірі болып саналады.
Адамзат тарихында табиғатпен саналы қарым-қатынас жасап, оның
құндылығын бағалауда адам-қоғам-табиғат дамуының философиялық заңдылығын,
сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеуде ұлы ойшылдар (Аристотель, Платон,
Гераклит) үлкен үлес қосқан [6, 44б.].
Орта ғасыр ғұламалары табиғатты қорғауға байланысты өз көзқарастарын,
пікірлерін айтып өткен. IX-XV ғғ. Қазақ топырағынан шыққан ғұлама ғалымдар
Әл-Фараби [7, 115б.], Ж.Баласағұн [8, 301б.], Қожа Ахмет Ясауи [9, 262б.]
және т.б. табиғат, қоғам, адам дамуының заңдылығын, біртұтастығын, өзара
байланыстылығын өздерінің ғылыми дүниетанымына арқау еткен.
Сонымен қатар, ағартушылар Ш.Уалиханов [10, 560б.], Ы.Алтынсарин [11,
120б.], А.Құнанбаев [12, 67б.], қазақтың ұлы зиялылары Ж.Аймауытов [13,
120б.], А.Байтұрсынов [14, 120б.], М.Дулатов [15, 327б.], М.Жұмабаев [16,
512б.], Ш.Құдайбердиев [17, 560б.] шығармаларында табиғат құбылыстарын,
оның әсем көріністерін табиғат - адам қарым-қатынасымен байланыстырып
қарастырған.
Келешек ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа
заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматты тәрбиелеу
ұзақ әрі күрделі үдерісс болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі
таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені
шешуде көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан: экологиялық тәрбиенің
философиялық тұжырымдамаларын анықтап, табиғатқа саналы көзқарасты адам
дүниетанымының құрамды бір бөлігі ретінде қарастырған ТМД ғалымдары
Э.Г.Гирусов [18], Д.С.Лихачев [19], В.В.Журавлев [20], республикамыздың
ғалым философтары Ақмамбет Ғ.Ғ [21], Нысанбаев Ә.Н. [22], Әбділдин Ж.М.
[23], Кішібеков Д. [24] және т.б.; экологиялық білімнің ғылыми-теориялық
мәселелерін Г.Песталоцци [25], Я.А.Коменский [26], К.Д.Ушинский [27],
Н.С.Сарыбеков [28], Ә.С.Бейсенова [29], И.Н.Нұғыманов [30] және т.б.;
экологиялық тәрбиенің теориялық-әдіснамалық негіздері , Аймағамбетова Қ.А.
[31], Бірмағанбетов Ә.Б. [32], Ғ.К.Ділімбетова [33], Жүнісова К.Ж. [34],
Ж.Б.Шілдебаев [35] және т.б.; бастауыш сынып оқушылары мен мектеп жасына
дейінгі балалардың экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі Шавалиева
З,Ш. [36], А.Е.Манкеш [6, 5-7бб.] және т.б.
Мектепке дейінгі тәрбие мәселесін қарастырған ғалымдардың еңбектерінде
Н.Құлжанова [37], Б.Б.Баймұратова [38], Ш.Майғаранова [39], А.К.Меңжанова
[40], М.С.Сәтімбекова [41] және т.б.;
Сонымен, ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық
тәжірибелерге талдау педагогикалық ғылымның басты назары 5-6 жастағы
балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталғаны анықталып
отыр. Ал, 5-6 жастағы балалардың экологиялық мәдениетін дидактикалық
ойындар негізінде тәрбиелеу мәселесі ғылыми тұрғыда әлі де негіздеуді қажет
екендігін дәлелдейді.

негізінде тәрбиелеуде оқу-тәрбие үдерісінің мүмкіндіктерін пайдалану
қажеттілігі мен осы мәселенің мектепке дейінгі білім беру теориясы мен
әдістемесінде жеткіліксіз деңгейде зерттелгендігі арасында, отбасында,
балабақша мен бастауыш сыныптарда экологиялық тәрбие берудегі қоғамның
сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында, кіші жас балаларына
қоршаған ортаны аялай білуді сабақтастықта жүргізу қажеттігі мен
экологиялық тәрбие сабақтастығын қамтамасыздандыратын бірыңғай
тұжырымдаманың және оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік
кешеннің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық анық байқалады.
Осы қарама-қайшылықтарды шешуде 5-6 жастағы балалардың экологиялық
мәдениетін дидактикалық ойындар негізінде тәрбиелеудің педагогикалық
шарттарын іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты

негізінде тәрбиелеу деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: 5-6 жастағы балалардың экологиялық мәдениетін
дидактикалық ойындар негізінде тәрбиелеуді теориялық тұрғыда негіздеу және
оның тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу объектісі: 5-6 жастағы балалардың экологиялық мәдениетін
тәрбиелеу жүйесі.
Зерттеудің пәні: 5-6 жастағы балалардың экологиялық мәдениетін
дидактикалық ойындар негізінде тәрбиелеу үдерісі.
Зерттеу міндеттері:
- 5-6 жастағы балалардың экологиялық мәдениетін дидактикалық ойындар
негізінде тәрбиелеудің теориялық негіздерін анықтау;
- экология, экологиялық тәрбие, экологиялық мәдениет, дидактикалық
ойындар ұғымдарының мәнін анықтау;

негізінде тәрбиелеудің мазмұны мен мүмкіндіктерін анықтау;

негізінде тәрбиелеудіңде оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерін анықтап,
педагогикалық үдерісте тиімділігін тексеру.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге,
мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш мектеп құжаттарына талдау беру,
озық тәжірибелерді зерделеу, сауалнама, әңгімелесу, тест, деңгейлік
бақылаулар, сабақтар ұйымдастыру, оларды талдау;
Зерттеу базасы: Түркістан қаласы, №31 бастауыш мектеп-балабақша
кешені.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған
әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.

Қазіргі кезеңде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасындағы
қайшылықтар бастауыш мектеп пен педогогиканың алдына бірқатар жаңа
міндеттерді қойып отыр. Оларды шешу қазір мектепте оқып жүрген ұрпаққа,
табиғатқа деген теріс әсерлерді жоюға және болашақта бұл қатынасты тиімді
ортаға бұруда нақты талап бере алады.
Классикалық педагогика табиғат туралы ғылыми білімдердің мазмұны,
оларды ашу әдістері, табиғатты тану үдерісінде көзқарасты қалыптастыру,
бастауыш мектеп оқушысын табиғаттың әсерімен адамгершілік-эстетикалық
дамыту, баланың табиғатпен өзара қарым-қатынасының оған білім беру
жүйесіндегі орны мен маңызы туралы қағидалар тұжырымдалған. Табиғаттың
әсерімен балада гуманистік сезімдерді бекітудің педагогикалық құндылығын
ұлы педагогтар Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистерверг ерекше атап
көрсеткен [42, 50-52бб.].
Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың
Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуы, арнаулы өкіметтік
қаулы-қарарларының қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің
күннен-күнге арта түсуі балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі
тәрбие орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының әртүрлі формалары мен әдістерін
пайдалануды міндеттейді. Мұның мәні - 5-6 жастағы балаларды табиғатқа
ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын үнемді пайдаланудың мәселе
екендігін ұғындыру, табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті
біліммен, икемділік, дағдылармен қаруландыру. Біздің елімізде ... әрбір
азамат табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті деген
талаптар барлық уақытта бірдей дәйектілікпен жүзеге асырылып жатпағаны
мәлім [43, 38б.].
1998 жылы қабылданған Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық
білім және тәрбие берудің ұлттық бағдарламасында: Қоғамның іргелі
құрылымынан қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды –
XXI ғасырдың азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиеленіскен
әлеуметтік-экологиялық жағдайда іс-әрекет жасауға үйретеді, – делінген .
Қазақстан Республикасында экологиялық білім берудің тұжырымдамалық
негізіне өркениетті елдің өзін-өзі қолдап тұрақты дамуының тұжырымы жатады.
Бұл тұжырымның негізі Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған қоршаған орта
және даму РИО-92 конференциясында қабылданды [44, 44-47б.]. Тұрақты
дамудың негізгі ережелерін Біріккен Ұлттар Ұйымы комиссиясы әзірлеп, оны
1993 жылы Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттері басшыларының
бас қосқан конференциясында мақұлдады.
Экология - биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған.
Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат
алғанымен экология терминін ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель (1866).
Экология термині гректің (ойкос-үй, тұрақ, мекен және логос - ғылым)
тұрақ, мекен туралы ғылым - деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі
организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын, айнала қоршаған
ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.
Э.Геккельдің экология ғылымына берген анықтамасына кейіннен көптеген
толықтырулар енгізіле отырып өзінің зерттеу аясын, мазмұны мен мақсат
міндеттерін кеңейте түсті. Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты
бағытталған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу аясын дамыта отырып
адамзат - қоғам – табиғат ортасындағы қарым-қатынастарды және биосфера
шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып
зерттейтін комплексті ғылымға айналды. Экология ғылымдардың ғылым
деңгейіне көтерілді[45].
Сонымен, экология гректің oikos–үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана)
және logos – ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің
дәлме-дәл мағынасы экология – өз үйіңдегі организмдер туралы ғылым
дегенді білдіреді, яғни организмдер мен қоршаған орта арасындағы
жиынтықты немесе олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше
баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді [46, 45б.]. Қазіргі кезде
көптеген зерттеушілерге тән ортақ пікір – ол тірі организмдер мен қоршаған
ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы
өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімен өзара қарым-қатынастық
байланысын зерттейтін ғылым деп санайтындығында.
Экология ғылымы табиғаттағы барлық өзгерістерді айнала қоршаған
табиғи ортасы және адамның іс-әрекетімен байланыстырып зерттейтін кешенді
ғылымдарға, нақтырақ айтқанда барлық жаратылыстану ғылымдарының негізгі
өзегіне айналды.
Ал XVI-XVIII ғғ. ұлы педагогтары Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо,
Г.Песталоций прогрессшіл ой-пікірлері классикалық педагогикада балаға
табиғатпен қарым-қатынас арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын
қалыптастыру заңдылықтарын негіздеген ...адамның бүкіл рухани тіршілігі
табиғатпен берік байланыста болған - деп тұжырымдаған.
Экологиялық білім мен тәрбиенің мақсаты ұлы философтар, ойшылдар,
ғалымдар зерттеулерінде қалыс қалмаған.
Кезінде орта ғасыр ғұламалары табиғатқа қатысты өз көзқарастарын
философиялық-әдіснамалық тұрғыда тұжырымдаған. ІХ-ХV ғғ ғұламалары Әл-
Фараби, Ж.Баласұғын, Қ.А.Ясауи, М.Қашқаридың тіл ғылымы, логика,
психология, география, этика және т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің
мәні ерекше. Соның ішінде, Әл-Фараби медицина, биология, география
ғылымдарын теориялық-философиялық тұрғыда негіздеген.
Бар өмір тіршілігі табиғатпен етене араласып өтетін, оның аясында
өскен халқымыздың түған жерге қатынасы туралы халықтық педагогикаға, ақын-
жырауларымыздың, ағартушыларымыздың даналық сөздеріне қанып өскен
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінде табиғатқа
көзқарастарының ғылыми әрі тәрбиелік мәні мол. Ш.Уәлиханов туған халқының
табиғатпен қатынасындағы әдет-ғұрпын, дәстүрін, этикасын зерттей отырып,
қазақтар арасындағы шамандық сенім олардың ... табиғтты шексіз
қадірлеуінен туған деген қорытынды жасап, өз ұрпағының табиғатпен қатынас
жасауда ізгілікке баулитын халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары
бағалайды. Ол ...табиғат көріністерінен эстетикалық ләззат алып, сұлулық,
әсемдік, тартымдылық және ұнасым мен үндестік атаулыны сезімтал сергект
көңілмен қабылдау қажет делп табиғаттың сұлулығын тану адамдарға рухани
күш беретіндігін айтады.
А.Құнанбаевтың қара сөздеріндегі философиялық ой-пікірлері оны табиғат
заңдылықтарын терең пайымдай алуымен бірге оған байланысты ғылыми
көзқарастарын да танытады. Ол табиғаттың бар байлығын баласының ауызына
таусылмас азық болып отыратындығын көрсете келіп Кім өзіңе махаббат
қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз деп өскелең ұрпақты табиғат
ананы аялап сүйе білуге үндейді. [43, 39б.].
Халқымыздың көрнекті ұлы ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин,
Ш.Уалиханов табиғат – сүйіспеншілік пен адамгершілік көзқарастарының негізі
– деп түсініп, жастарға оны аялауға, оның тепе-теңдігін сақтауға ақыл кеңес
берсе, Ш.Құдайбердиев ар, ұяты бар, қайырымды, ұстамды адам қоғамның кез
келген кезеңінде өзінің лайықты орнын біледі - деп ескерткен. Ұлы ғұлама-
ойшылдардың қоршаған ортаға, табиғат болмысына деген ой-пікірлері мен
көзқарастарының көкейкестілігі бұрынғысынан артпаса кеміген жоқ. Кейінгі
жылдары халықтың санасында экологиялық білім, экологиялық тәрбие
ұғымдары қалыптаса бастады. Бұл қос ұғым мән – мағынасына қарай бірін-бірі
толықтыратын түсініктер. Яғни, экологиялық білім мен тәрбиенің бірге
қалыптасуы оң нәтиже береді. Ал, экологиялық екі ұғымнан келіп экологиялық
ойлау туындайды. Экологиялық ойлау – қоршаған орта туралы оң түсініктердің
жиынтығы. Егер адам экологиялық тұрғыда ойласа, оның табиғатқа деген
көзқарасының дұрыс сипатта болғаны. Ондай азамат ешуақытта табиғатқа қиянат
жасамайды, керісінше, оның қамқоршысы болатыны анық.
Экологиялық білім берудің бірнеше аспектілері бар. Соның бірі –
гносеологиялық аспект. Бұл адам баласының табиғаттың біртұтастығын тани
отырып, оның табиғи туындысы екенін мойындауы.
Экологияның практикалық аспектісі – адам баласының табиғат туындысы
ғана емес оған тәуелді болатынын мойындай отырып, оны тиімді пайдалануға
ұмтылады немесе толық түсінеді. Табиғаттың адам үшін емес, керісінше,
адамның табиғат арқасында ғана өмір сүре алатынын ғылыми тұрғыда түсіну
болып табылады.
Ал, экологияның этикалық аспектісі – адам баласының қоршаған табиғи
ортада өзін-өзі дұрыс ұстауы әдеп-моралінің қалыптасуы. Бұл жағдай қоғам
мен табиғат арасындағы үйлесімділікті қалыптастыруға жол ашады.
Экология ғылымының аспектілерін мектепке дейінгі мекемедегі
тәрбиеленушілерге экологиялық білім мен тәрбие беруде негізге алған жөн
[47].
И.Д.Зверев экологиялық білім мен тәрбиенің мақсаты ретінде қоршаған
ортаға жауапкершілікті және іс-әрекеттік қарым-қатынастарды
қамтамасыздандырушы ғылыми білімдер жүйесін, көзқарастар мен сенімдер
жүйесін қалыптастыруды санайды [48].
Т.В.Кучер экологиялық білімнің мақсатын тәрбиеленушілерге табиғат
қорларын тиімді пайдалану барысында септігін тигізетін табиғат заңдары
туралы қажетті білімді жеткізу деп есептейді. Ғалымның пікірі бойынша
қоршаған ортаның сапасын тиімді басқару үшін қоршаған ортада кездесетін
жағдайларға адамның әсер етуіне баға беру іскерлігі қажет.
Оған қоса ғылымда экологиялық проблемаларға байланысты экологиялық
ұғымдар (А.Н.Захлебный, И.Д.Зверев, И.Т.Суравегина; экологиялық сана,
экологиялық ойлау мен дүниетаным (Каропа Г.Н.); табиғатқа қарым-қатынас
(Б.Г.Иоганзен); экологиялық мәдениет (А.Н.Захлебный, Е.В.Никанорова,
Н.Н.Моисеев) сияқты жаңа білімдер қалыптасты [49, 22-23б.].
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық
көзқарасын, санасын қалыптастырып, табиғатқа үлкен парасаттылық,
жауапкершілік қарым – қатынасын тудыру. Экологиялық мәдениеттілік адамның
сезімін тәрбиелеуден, экологиялық сананы қалыптастырудан пайда болады.
Экологиялық тәрбие мен білім беру – көп сатылы үрдіс. Біріншіден,
адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін
негіздейді. Екіншіден, жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелейді.
Үшіншіден, сарамандық іс - әрекетте білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал
ететін ерекшелік факторын қалыптастырады .
Экологиялық білім берудің теориялық-философиялық негіздері И.Кант,
К.Э.Циалковский және В.Н.Вернадскийдің еңбектерінен бастау алады. Олардың
негізгі идеялары қазіргі қоғамды тұрақты даму жолына түсіріп, білім беруді
гуманизациялау. Яғни, экологиялық білім мен тәрбие беру педагогика
ғылымының жаңа бағыты болып қалыптасуына жол ашты. Бұл туралы экологиялық
педагогиканың негізін салушылар Н.М.Мамедов пен И.Т.Суравепша: Экологиялық
білім – дәстүрлі пәндерді философиялық-әдіснамалық, педагогикалық-
психологиялық, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан білім беру сапасын, жаңа
технологиясын өміршең ететін тұғырға көтеріп келеді - деп өте орынды
айтқан.
Экологиялық білім берудің педагогикалық негіздері бірқатар
зерттеушілердің: жан – жақты қарастырылғаны туралы біз жоғарыда айтып
өткенбіз [50].
Ғалымдар экологиялық білім мен тәрбие берудің мәнін ашқанда табиғатқа
саналы қарым-қатынас жасап, оны қорғайтын, табиғи қорды тиімді
пайдаланатын, Отанын, елін сүйетін болашақ жастарды адамгершілікке-
эстетикалық, эмоциялық-моральдық тұрғыдан тәрбиелеуді мақсат етіп, орта
мектептердің оқу-тәрбие үрдісін мазмұнын және болашақ мұғалімдерді
экологиялық, білім беруде жоғарыда аталған дағдыларға оқушыларды
тәрбиелеуге дайындауды ұдайы жетілдіріп ұйымдастыруды талап етеді. Біз, өз
жұмысымызда олардың еңбектерін жүйеге келтіреміз және зерттеулерінің
негізгі бағыттарын айқындаймыз. Бұл бағыттар бізге тәжірибелі-эксперимент
барысында экология сабағын өткізуге үлкен септігін тигізеді.
Мектепке дейінгі мекемедегі білім беру жүйесінің дамуына Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайларының әсері зор болады.
Әсіресе, Қазақстан жағдайында экологиялық проблемалардың шиеленісуі
көпшіліктен экологиялық сауаттылықты қажет етті.
Тарихи зерттеулерде (В.Г.Храпченков) Қазақстандағы оқу жүйесі бірнеше
кезеңдерге бөліп қарастырылады. Олар негізінен: 1 – кезең Кеңестік
үкіметтің 1917-1930, 2 – кезең – 1930-1956, 3 – кезең – 1956-1990 жылдар
аралығын қамтиды. Аталған кезеңдердегі мектеп жүйелері негізінен өткендегі
идеяларға қаныққан білім мен тәрбиеге негізделді. Жаратылыстану пәндері
бойынша (табиғаттану, ботаника, зоология, жалпы биология) ғылым салаларының
желісі бойынша табиғат игіліктерін игеру, пайдалану біржақты қарастырылды.
Табиғатқа деген тұрпайы көзқарас: Табиғатты бағындыру керек, Табиғат
қорлары шексіз таусылмайды - ұғымы қалыптасты. Ал, экологиялық білім мен
тәрбие беру туралы ой-пікірлер болса, табиғат туралы білім берудің
көлеңкесінде қалды. Сөйтіп мектептерде экологиялық білімді қалыптастыру 3-
ші кезеңнен (1968-1970 ж) бастау алды. Бұған 1968 жылы БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО-
ның ұйымдастыруымен өтілген Халықаралық конференцияның үлкен себебі болды.
Онда Адам және биосфераның бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада алғаш
рет экологиялық білім беру халықаралық деңгейде қарастырылды. Осыған орай,
бұрыңғы Кеңес үкіметінде 1970 жылдан бастап Министрлер Кеңесінің қаулысымен
барлық жоғары оқу орныдарында Табиғатты қорғау курсы оқытыла бастады.
Мектептерде пән сабақтар арқылы жеткіншектерге табиғатты қорғаудың жаңа
бағыты – экологиялық білім мен тәрбие берілді. Экологиялық білімді дамытуда
Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987) және т.б. халықаралық деңгейде
өтілген конференциялардың рөлі үлкен болды [51, 29-30б.].
Экологиялық білім берудің 4-ші кезеңі, Қазақстан Республикасының
Егемендік алған жылынан 1991 жылдан басталды. Өйткені, осы жылы елімізде
алғаш рет Табиғат қорғау туралы Заң қабылданып, көпшілікке экологиялық
білім мен тәрбие беру мемлекеттік тұрғыда тұрақтала түсті.
Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінде алғаш рет
Экология факультеті ашылып мамандар даярлау қолға алынды және жалпы білім
беретін оқу жүйелерінде де экологиялық білім және тәрбие беріле бастады.
Экологиялық білімді дамытуға Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
министрлігі аса назар аударуда. Оған дәлел, Балбөбек бағдарламасының
дайындалып тәжірибеге енгізілуі [52].
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында
ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты адамзат тәрбиелеп өсіру –
отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Заман алға қойған бұл
міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап
отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің
бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.
Осы орайда еркін елдің ертеңін баянды ету бағытында жүзеге асырылып
жатқан саяси әлеуметтік жағдайларды ескере отырып дайындалған білім, ғылым
саласындағы ресми құжаттар тәжірибеде қолданылуда.
Қазақстан Республикасы Конституциясы, Білім беру туралы Заңы
Мемлекеттік білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасы, Қазақ
балабақшасында тәрбиелеу және білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы
(1991), Үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасы 1995 (т.б. құжаттар негізінде
республика мектепке дейінгі ұйымдарына арналған төл туынды Балбөбек
бағдарламасы [52] дайындалып 1996 жылдан бастап, ал 2009 жылдан бастап
Алғашқы қадам [53], Зерек бала [54], Біз мектепке барамыз [55].
бағдарламалары жаппай тәжірибеге енгізілді.
Кез-келген ғылым саласы сияқты, экологияның екі аспектісі бар. Оның бірі-
таным шеңберін кеңейту, яғни табиғат дамуының заңдылықтарын ашу және оларды
түсіндіру.
Екіншісі–жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды
шешу үшін қолдану. Экология маңызының барған сайын артуын-практикалық
маңызы бар бірден-бір ірі мәселе табиғаттың жанды және жансыз компоненттері
арасындағы байланыстарды ескермей шешілмейтіндігімен түсіндіруге болады.
Біз зерттеу барысында экологиялық білім проблемасын мәдениеттану
тұжырымдамасы тұрғысынан қарастырған ғалымдардың ой-пікірлерін негізге
алдық.
Мәдениет – тарихи даму барысында адамзат жасаған материалдық және
рухани игіліктердің жиынтығы. Адамдардың қолымен жасалынып жатқан
құндылықтар, осы құндылықтырмен адамдардың өзара байланысы, олардың оны
игеруі мәдениеттің маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан
қарағанда, мәдениет – адамдардың бірлесе ғылыми, моральдық - әлуметтік,
көркем және техникалақ құндылықтар жасаудағы қарым – қаты-настар жиынтығы.
Сөйтіп, мәдениеттің мәні адамның өзіндік адамдық еңбегімен байланысты
туындайтын өнім деуге болады.
Мәдениет жалпыға ортақ әлуметтік құбылыс ретінде қоғам мен адамның
өмір сүру салты болып та анықтала алады. Қазіргі таңдағы қоғамның алдында
экологиялық апатқа әкеп соқтыруы мүмкін табиғатпен өзара әрекеттің қазіргі
тәсілін сақтап қалу, не болмаса адам өміріне пайдасы бар биосфераны
сақсақтап қалу мәселелері тұр. Көлемді экологиялық дағдарыстың қатерлілігі
адамзат ата-улының өмір сүру шарты болып табылатын субъектінің жаңа
этикасын, құнды-лықтарының жаңа жүйесін қалыптас-тыруды талап етіп отыр.
Осыған орай қалыптасқан кәсіби іс - әрекеттерді экологиялық этика
нормаларына сәйкес өзгерту туындайды (А. Швейцер, Н. Моисеев және т.б.)
[56].
Экологиялық мәдениет - әрбір қоғамдаға жалпы мәдениеттін ең мәнді
элементтерінің бірі болып табылады, өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы
қоршаған ортаның өмір сүру талаптарымен байланыста болады. Яғни экологиялық
мәдениет әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен табиғаттың өзара қарым –
қатынасын реттеу қажеттілігінен туындайды. Б.Т. Лихачевтің пайым-дауынша
экологиялық мәдениеттің мәні экологиялық тұрғыда негізделген еркін
қалыптастыруы мүмкін. Экологиялық мәдениет тұлғамен, оның түрлі қыр –
сырымен және қасиеттерімен органикалақ байланыста болады. Ғылыми
әдебиеттерде экологиялық мәдениет ұғымына көп-теген түсінік, анықтамалар
берілген. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру проблемасы бойынша алыс және
жақын шет елдік ғалымдардың қырықтан астам еңбектерінде қарастырылуы оның
күрделі де, сан қырлы екендігіне көз жеткізеді. Экологиялық мәдениет
ұғымына берілген анықтамаларды пайымдауда олардың мазмұны мен басты
идеяларына қарай бірнеше бағытта қарастырылғандығын көрсетеді: экологиялық
мәдениет – жалпы мәдениеттің бір бөлігі; экологиялық мәдениет адамдардың
табиғатпен қарым – қатынастары жөніндегі қалыптасқан дүниетанымы, сенімі,
түсініктері, білімі, іскер-лігі, құндылық бағдар жүйесі; эколгиялық
мәдениетке – адамның өмірлік белсенді тұғырнамасы; экологиялық мәдениет
адамның табиғатты теориялық, мате-риалдық – практикалақ, рухани ізгілікті
меңгеруі және жаңартудағы мәнді күш – қуатының өлшемі, іс - әрекетінің жиын-
тығы; экологиялық мәдениет – адамның табиғатпен ғана емес, әлеуметтік –
тарихи ортамен, биосферамен өзара әрекеттестігі [57, 39б.].
Демек, экологиялық мәдениет экологияны танып-білу, мінез-құлық, жүріс-
тұрыс сипаты негізінде табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, сақтай білу
дегенді түсіндіреді деуге болады. Экологиялық мәселелердің қатарына
өсімдіктерді, жан-жануарларды күте білу және табиғат аясында өзін-өзі алып
жүру ережелерін сақтау да қосылады. Табиғат – адам тәрбиешiсi. Адам болып
туып, адам болып қалу үшiн табиғаттың атқарар ролi зор. Табиғат бөлшектерi:
жан-жануарлар дүниесi, өсiмдiктер әлемi, өзен, сай, биiк таулар, сағым
тербеген сары дала – бәрi адамдардың ақыл-ойына – сана, денесiне – қуат,
бойына – күш, өнерiне – шабыт, көңiлiне – қанат бередi. Табиғат жайлы
түсiнiктi балабақшада балалар Таным саласы бойынша қоршаған ортамен
таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алады. Ал В.А. Сухомлинскийдiң
пiкiрiнше экологиялық мәдениет дегенiмiз – баланы гүлге су құюға немесе
тазалыққа үйрету емес, ол баланың санасына табиғат дегенiмiз – бiртұтас
жүйе, ол адам мен табиғаттың бiрлiгiнен құралатындығын жеткiзу [58, 9б.].
Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау адамның рухани экологиялық
мәдениетін оңтайластырудың маңызды механизмдерін атап көрсетуге мүмкіндік
берді:
- экологиялық мәдениет бағыттарының ғылыми тұрғыда негізделген жаңа
тұжырымдамасын және қазіргі адам өмір сүру кейпін қалыптастыру;
- мектеп жасына дейінгі балаларға игі экологиялық мәдениеттің тәжірибесін
жеткізудің жаңа механизмін қалыптастыру;
- оған сәйкес келетін адамгершілік тұрғысындағы белгілеулерді қалыптастыру
(Кристя И.В., Шинкарук В.И.) [59, 51б.]
Экологиялық мәдениет – күрделі ұғым. Әдістемелік әдебиеттерде оның
мазмұны мен көлемі әр түрлі деңгейде айқындалып бір ізге тсүпей келеді.
Экологиялық мәдениет – экологиялық білім беру жүйесінің міндетті бір
бөлігі, адамның материалдық және рухани тіршілігін тегіс қамтиды.
Экологиялық мәдениет – табиғатты танып білу, пайдалану және жаңартумен
байланысты іс-әрекет түрлерінің мәдениеті [60, 55-58бб.].
Жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз – табиғатты аялау
талабына сай келетін білім, іскерлігі және дағдысы, іс-әрекетке әзірлігі
мен оны жүзегне асыруы Келтірілген анықтамаларға қарағанда экологиялық
мәдениет қалыптастырудың мақсаты – адам – қоғам - табиғат жүйесінде
үйлесімділік орнату, таби,ғи байлықты сақтау, молайту және тиімді
пайдалануда жауапкершілік сезімін туғызу. Экологиялық мәдениетті
қалыптастыру - аса күрделі үдеріс, ол идеология, саясат, құқық, ғылым,
өндіріс, өнер, ағарту салаларының бірлесе жұмыс істеуі арқылы жүзеге асаы.
Экологиялық мәдениет пен этикалық құрамына мыналар кіреді: табиғат пен
қоғамның дамуы заңдылықтарын білу, табиғатты қорғау қажеттілігін түсіну;
табиғатқа тигізетін өзінің салдарын болжай білу; табиғат пен қарым-
қатынасында заңды ережелерді сақтау.
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық санасы, ойлауы,
сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық білім беру мен
тәрбиесінің нәтижесінде қалыптасады
Белгілі америкалық эколог Эренфельд; тірі табиғатты қорғауға
қатысты кез-келген іс- әрекеттің сенімді негізі ретінде экологияны
қарастырсақ , квалификациялы мамандардың жетіспеушілігін сезінуде- деп
жазған екен. Демек, осы бағыттағы жұмыстардың ішінде қосымша педагогикалық
білім беру ісін ұйымдастыруда, қосымша экологиялық білімнің де маңызы зор.
Осы проблемалардың шешімін табудың көкейкестілігі өз халқының
болашағын сақтау үшін барлық адамзаттың және биосфераның тұтастай
экоыңғайлы іс-әрекеттер мен мінез-құлықтарға көшуімен, қоршаған табиғат
ортасына тұтынушылық қарым-қатынастың ауысуымен, тұлғалық сана мен қоғамға
экомәдени құндылықтарды жеткізуді қамтамасыздандыруға қабілетті
факторларының болуымен, оның жаңа дүниетанымды қалыптастыру құралына
айналуымен, олардың әлемдік қауымдастық тұрғысында мойындалуымен және
экологиялық дағдарыстың тереңдеп кеткен жағдайымен түсіндіріледі. Осы
тұрғыдан алып қарағанда қоғамның барлық қабаттарында экологиялық сана мен
мәдениеттің дамуына бағытталған экологиялық білім қоғам мен табиғат
арасындағы тепе-теңдікті белгілеуде маңызды рөл атқарады.

Экологиялық білімнің әдіснамалық негіздеріне мынадай философиялық
қағидаларды жатқызуға болады:
- дүние материалдық болып табылып байланыстар мен өзара әрекеттердің
күрделі жүйесін қамтиды, сондықтан да оның элементтерінің өзгеруі өзара
байланысты болады;
- табиғатты қорғау материалдық өмір элементтерінің өзара тәуелділігі мен
қатынастары заңын қолданудан талап етіледі;
- адам мен қоғам тірі табиғат эволюциясының нәтижесі және оның ажырамас
бөлігі болып табылады;
- биосферадағы кертартпа өзгерістер ғылыми-техникалық прогресстер арқылы
емес, ал қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттерін реттеу бойынша шаралардың
жетіспеуінен және болмауынан пайда болады;
- табиғат қоғамның даму темптеріне тікелей әсер еткенімен, қоғамдық
қатынастар сипатына әсер етпейді (Разенкова Д.Ф.).
Экологиялық білім қазіргі заман өркениетінен тұрақты дамуға көшудің
жалпы идеялары контексінде жалпы тұрақтылықтың стратегиялық мақсаты мен
жетекші бағыттарын анықтайтын оның жүйе құрушы факторы ретіндегі рөлге ие.
Экологиялық білімнің әр түрлі аспекттері зерттеу пәні ретінде
Қазақстандық ғалымдардың Н.Сарыбеков, М.Н.Сарыбеков , К.А.Сарманова,
А.С.Бейсенова, А.Р.Көшенова, Ж.Ж.Жатқанбаев, К.А.Аймағанбетова,
К.М.Беркимбаев, А.Е.Манкеш, Б.Қ.Шаушекова, М.С.Молдалиев, З.Ш.Шавалиева,
Ж.С.Сихынбаева, және т.б. да назарынан тыс қалған жоқ.
Сонымен бірге А.С.Бейсенованың Жоғары оқу орындарында және жалпы
орта білім беретін мектептердің экологиялық білім беру
концепциясы, Н.Сарыбековтың Төменгі сынып оқушыларын табиғат қорғауға
тәрбиелеу методикасы, А.А.Сотникованың Болашақ мамандарға
экологиялық білім берудің адамгершілік аспектісін қалыптастырудағы
дайындығы, Ө.Танабаевтың Әдебиет пәні арқылы сабақ және сыныптан тыс
жұмыстарда жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру
жолдары, А.Болтаевтың Пән аралық байланыс арқылы экологиялық білім мен
тәрбие беруде жауапкершілік қатынасын қалыптастыру, атты еңбектерін ерекше
атап өтуге болады. Ә.Бейсенованың Экология негіздері, Экология,
Экологиялық білім мен тәрбие беру, Экология және табиғат қорғау, Адам
экологиясы , Экологиялық білім тұжырымдамасы т.б. ғылыми-зерттеу, оқу-
әдістемелік жұмыстары ғылыми жағынан құнды еңбектер[56].
М.Н.Сарыбеков экологиялық білімді әлеуметтік-философиялық тұрғыда
зерттеу барысында оның әдіснамалық негізі ретінде экологиялық философия,
экологиялық психология, экологиялық педагогика сияқты ғылыми бағыттардың
өзара байланысын негіздеді. Оның анықтауы бойынша экологиялық педагогика
экологиялық білімнің мазмұны мен принциптерінің, әдістері мен формаларының
өлшемдерін анықтайтын педагогика ғылымының жаңа перспективалы әдіснамалық
бағыты. Экология мен педагогиканың өзара қатынасын ғалымдар былайша
белгілейді: экология экологиялық дағдарыс жағдайларынан туындайтын жалпы
проблеманы көрсетеді, осының негізінде экологиялық педагогика педагогикалық
білімнің нақты мазмұнын құрайтын білім берудің әрбір сатысында меңгеруге
қажетті білім, іскерлік, дағдылар көлемін анықтайды [28, 36б.].
Қазақстандық ғылымда экология біліміне А.Г.Сармурзинаның ғылыми
мектебінің қосқан үлесі зор. Ол өз мектебінің өкілдерімен бірге
экологияландырылған химия курсының құрылымын жүйелілік тұрғысынан
негіздеді, ақыл-ой әрекеттерінің кезең бойынша даму теориясын жасады. Оның
пікірі бойынша экологияландыру оқытудың әрбір кезеңінде өзіне тән
құрылымдық, атап айтқанда мотивациялық, когнитивтік, эмоционалдық-еркіндік,
практикалық компоненттерінің біріне міндетті түрде сәйкес келеді. [61].
А.С.Боранбаев өзінің зерттеуін мектептің оқу-тәрбие үдерісін
экологияландыру негіздеріне арнады. Көптеген зерттеушілер экологиялық білім
міндеттерін оқытудың әр түрлі әдістерімен сабақтар, семинарлар,
конференциялар, компьютерлік ойындар, әңгімелесулер, диспуттар, КВН,
викториналар және т.б байланыстырады. Ғалымдар құбылыстарға талдау жасау
барысындағы ғылыми-зерттеу және ізденіс әдістері мен амалдарын меңгеруге,
оларды салыстыруға, салғыластыруға мүмкін болатын варианттарды жобалауға,
бағалауға, себеп-салдарлық байланыстарын белгілеуге аса назар аударады
[62].
Ж.Шілдебаев республикада экологиялық білім жүйесін қалыптастыру
кезеңдерін бөліп көрсеткен және экологиялық білім мазмұнының әдістемелік
жүйесінің моделін, сондай-ақ экологиялық білімді қалыптастырудың құрылымдық
моделін жасаған [35, 47б.].
Манкеш А.Е. үздіксіз білім беру үдерісінде отбасы → балабақша→ бастауыш
мектепте экологиялық тәрбиенің сабақтастықта жүргізілуі, кіші жас
балаларының осы саладан меңгерген білім, іскерлік дағдысының жүйелі,
бірізділікте қалыптасуына және оларға күнделікті өмірде тиімді пайдалана
білу тұрғысынан қарастырды[6, 26б.].
Сонымен, 5-6 жастағы балалардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу
мәселесі интеллектуалды, адамгершілікті, рухани негізін салушы, біртұтас
білім беру үдерісінің стратегиялық мақсаттары мен жетекші бағыттарын
анықтаушы жүйе түзуші компоненті тұрғысында қарастырылуы тиіс.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы
жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр
жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез-келген
сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс.
Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет
етеді.Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие
жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс
түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.
Мектепке дейінгі бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен
ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық
қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың
ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы –
денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың
негіздері қаланатын өте маңызды кезең.
Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мынандай мақсат тұрады:
балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту,өлі және тірі табиғатпен
таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-
құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге,
пайдасын түсінуге тәрбиелеу. Сондықтан балабақшаның алға қойған
міндеттері:
• Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.
• Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын кеңейту және
жүйелеу.
• Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.
• Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.
Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өнетін ортасын, қоршаған
табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол
үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу,
сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты
адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы
жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның
кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян
келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай
білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану
және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар
отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян
келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақ-тарға
жауаптар іздейді.
“Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа...” - деген екен. Жас
бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады,
содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін түсі-неді, әсемдікті
танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды гүлдермен таныстыру кезінде,
олар олардың түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар арқылы танысып, хош иісімен
далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары келмейді.
Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады.
Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушылық өте ерте жастан
қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл
құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы
ұяларды т.б.
Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер, түстердің
ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады:
барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге
тырысады.
Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып,
экологияға деген сүйіспеншілік, қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең
маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз та-
биғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда
балалардың дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың
маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз
байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу
адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі
де сан алуан. Экологиялық тәрбие балалардың сезімдері мен санасына ықпал
жасап, көзқарастары мен нанымдардың орнығуына жәр-демдесе отырып, оның
дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға
табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда
ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізді. Ойын тәрбиешілер мен мектеп
жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы
десек те болады. Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы болуы.
Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді ашуға
болады. Жалпы экология барлық оқыту – тәрбиелеу үрдісімен байланысты. Осы
оқу іс-әрекеттерді тиімдідұрыс пайдалануы мектеп жасына дейінгі баланы жан-
жақты дамыта отырып,білімді игеруге қызығушылықтарын тудырады. Балалар оқу
іс-әрекетінде алған білімдерін іс-жүзінде тәжірибелерде өздері жасап,
нәтижесін көреді. Мысалы: өсімдікке ауа қалай енетінін анықтауды қызыға
орындайды.
Мектепке дейінгі экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін ойын арқылы
дамыту. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамытушы ойындар мен сөздік
ойындардың маңызы өте зор. Олар байланыстырып сөйлеу мен есте сақтауды,
ойлауды дамытады.К.Ушинский бұл жөнінде былай деген: “Егерде педагог бір
нәрсені баланың есінде қалдыруды көздейтін болса, ол сабақта көзбен көру,
дыбыс органы-мен айту, қолымен ұстау және сезім мүшелерін қолдануы
керек”[42, 51б.].
Балаларды үй жануарлары, құстар, балықтар, гүлдер, аңдар, жәндіктер,
жеміс – көкөністермен таныстырып болған соң, “Қайсысы артық, неге?”, “Не
өзгерді?”, “Дәмінен айыр?”, “Даусынан айыр” т. б. ойындар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz