Кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекелестік



Жоспар:

КІРІСПЕ 3

.1 . БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 5
1.1.БӘСЕКЕЛІСТІК ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ 8
1.3. БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ 14

2."АЛМАТЫ НАН" АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1."АЛМАТЫ НАН" АҚ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2. «АЛМАТЫ НАН» АҚ ТЕХНИКО ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ 19
2.3. "АЛМАТЫ НАН" АҚ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІГІН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

3. КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 24

ҚОРЫТЫНДЫ 29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
Кіріспе
Қазақстан өз алдында егемендігін алып, тәуелсіз, зайырлы аспанында көк туы желбіреген ел болып қалыптасқаннан кейін, кең байтақ әлемде өз орнымызды табу мақсатында нарықтық жүйеге көшіп - әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде орныға бастадық. Өндіріс – елдің экономикалық потенциялының негізі, бәсекеқабілетті өндіріс қана экономиканың бәсекеқабілеттіілігін қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасының Өндірістік саясаты, осы салада жасалатын барлық нормативтік құқықтық актілер, мемлекетті басқару процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы мақсаты Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеқабілеттігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, яғни соның нәтижесінде жалпы әкономиканың бәсекеқабілеттілігін жоғарлату. Қазақстанның өндірістік бәсекеқабілеттілігі – адамдарды оның саяси шеніне, қоғамдағы жағдайына тәуелсіз біріктіру. Бәсекеқабілеттілігі жоғары өндірісті қалыптастырудың нәтижелері төмендегідей:
• Ішкі нарықтың дамуы және ЖІӨ - нің өсуі
• Халықаралық шикізат нарығының жағдайына қарамастан валютаның түсуі және экспорттың өсуі
• Бюджетке салықтың тұрақты түсуі
• Шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарын тиімді қолдану
• Елдің ғылыми техникалық потенциялын сақтау және дамыту
• Қалықты жұмыспен қамту
• Саяси және әлеуметтік тұрақтылық
Нарық кәсіпорынды шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін, өз қызметін қайта құруда шешімді әрекет жасауға ынталандырады. Нарық жағдайында кәсіпорын тауар өндірушілерге тәуелсіз шаруашылық жүргізудің негізгі объектісі болып табылады және өзгермелі экономиклық ортаның жағдайына бейімделу, залал шекпей жұмыс істей білу қабілетіне байланысты.
Нарықтық экономиканың негізгі принциптері:
• Кәсіпорынның экономикалық және заңды дербестігі
• Еркін бәсекнің қалыптасуы
• Баға қалыптасудың еркіндігі
• Мемлекеииің кәсіпорын жұмыстарына әкімшілік араласуын болдыртпау
• Тың қаржы – нарық жүйесі
• Нарықтық экономиканың негізгі принциптерін мемлекеттік қорғау.
Қаржылай көрсеткіштердің нәтижесі кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі абсолютті тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде кәсіпорынның экономикалық дамуының негізі болып табылатын нарықтық экономика жағдайындағы ең маңызды корсеткіш табыс және бәсеке қабілеттілік. Табыстың өсуі өзін-өзі қаржыландыру үшін қаржылық база құрады.
Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекелестіктің рөлін айқындау, бәсекелестік формаларын және бәсекелестікті қамтамасыз ететін әдістерді көрсету.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Горфинкель В.Я. Предпринимательство, М.ЮНИТИ 2001 г.
2. Аграрлық нарық проблемалары, 2003 ж. №1-3. 113-116.
3. Бисенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш. Кәсіпкерлік негіздері, Орал 2001 ж.
4. Қамшыбаев Р.А., Баймағамбетова Л.Қ. Халықаралық маркетинг, Экономика, Алматы 2003 ж.
5. Бюллетень нормативных провавых актов, 2000 г. №8, стр -94-99 .
6. Вестник министерство образования и науки РК. 2004г. №3, стр. 167-172.
7. Транзитная экономика 2004 г. №9, стр 57-62.
8. Вестник КазЭУ 2003г. №10, стр. 73-79.
9. Транзитная экономика 2004г. №4, стр. 71-79.
10. Егемен Қазақстан 2004ж. 13 сәуір .
11. ҚР–ның Президенті Н. Назарбаевтің 2030–стратегиялық бағдарламасы .
12. ҚР–ның Президенті Н. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы .
13. Экономика предприятия, Сафронова М. М.2004.
14. Қаржы және қаражат 2004ж. №2, 91-96 беттер.
15. Егемен Қазақстан 2005ж. 24 маусым.
16. Маркетинг, Есімжанова А.К., Алматы:2004 .
17. КазЭУ хабаршысы, №9, 2003.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Кафедра: Экономика

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекелестік

Тексерген:_______________________
Орындаған:

Жоспар:

Кіріспе 3

.1 . Бәсекелестік туралы түсінік 5

1.1.Бәсекелістік және оны талдау қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Бәсекелестіктің түрлері және формалары 8

1.3. Бәсеке қабілеттілІкті бағалау әдістері 14

2."Алматы нан" АҚ экономикалық әлеуетін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2.1."Алматы нан" АҚ қысқаша сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

2.2. Алматы нан АҚ технико экономикалық көрсеткіштерін талдау 19

2.3. "Алматы нан" АҚ бәсеке қабілеттігін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

3. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдары 24

Қорытынды 29

Қолданылған әдебиеттер 30

Кіріспе

Қазақстан өз алдында егемендігін алып, тәуелсіз, зайырлы аспанында
көк туы желбіреген ел болып қалыптасқаннан кейін, кең байтақ әлемде өз
орнымызды табу мақсатында нарықтық жүйеге көшіп - әлемдік экономиканың бір
бөлігі ретінде орныға бастадық. Өндіріс – елдің экономикалық потенциялының
негізі, бәсекеқабілетті өндіріс қана экономиканың бәсекеқабілеттіілігін
қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасының Өндірістік саясаты, осы
салада жасалатын барлық нормативтік құқықтық актілер, мемлекетті басқару
процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы мақсаты
Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеқабілеттігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар
жасау, яғни соның нәтижесінде жалпы әкономиканың бәсекеқабілеттілігін
жоғарлату. Қазақстанның өндірістік бәсекеқабілеттілігі – адамдарды оның
саяси шеніне, қоғамдағы жағдайына тәуелсіз біріктіру. Бәсекеқабілеттілігі
жоғары өндірісті қалыптастырудың нәтижелері төмендегідей:

Ішкі нарықтың дамуы және ЖІӨ - нің өсуі
Халықаралық шикізат нарығының жағдайына қарамастан валютаның түсуі және
экспорттың өсуі
Бюджетке салықтың тұрақты түсуі
Шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарын тиімді
қолдану
Елдің ғылыми техникалық потенциялын сақтау және дамыту
Қалықты жұмыспен қамту
Саяси және әлеуметтік тұрақтылық
Нарық кәсіпорынды шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін, өз қызметін қайта
құруда шешімді әрекет жасауға ынталандырады. Нарық жағдайында кәсіпорын
тауар өндірушілерге тәуелсіз шаруашылық жүргізудің негізгі объектісі
болып табылады және өзгермелі экономиклық ортаның жағдайына бейімделу,
залал шекпей жұмыс істей білу қабілетіне байланысты.
Нарықтық экономиканың негізгі принциптері:
• Кәсіпорынның экономикалық және заңды дербестігі
• Еркін бәсекнің қалыптасуы
• Баға қалыптасудың еркіндігі
• Мемлекеииің кәсіпорын жұмыстарына әкімшілік араласуын болдыртпау
• Тың қаржы – нарық жүйесі
• Нарықтық экономиканың негізгі принциптерін мемлекеттік қорғау.
Қаржылай көрсеткіштердің нәтижесі кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі
абсолютті тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде кәсіпорынның экономикалық
дамуының негізі болып табылатын нарықтық экономика жағдайындағы ең маңызды
корсеткіш табыс және бәсеке қабілеттілік. Табыстың өсуі өзін-өзі
қаржыландыру үшін қаржылық база құрады.
Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпкерлік қызметіндегі
бәсекелестіктің рөлін айқындау, бәсекелестік формаларын және
бәсекелестікті қамтамасыз ететін әдістерді көрсету.

1 . Бәсекелестік туралы түсінік

1.1Бәсекелестік және оны талдау қажеттілігі

Нарық механизмнің қалыпты әрекет етуі еллдің қаржы, ақша және валюта
жүйелердің тұрақтылығы жағдайында ғана болуы мүмкін. Бұл жүйелердің
тұрақсыздығы нарықтық іс-әрекеттердің наразылығын тудырып, жағымсыз
жағдайларға алып келетін нарықтық үрдістерді, соның ішінде, ең бастысы,
бәсекелестікті бұрмалайды. Орталықтанған жоспарлы экономикалы елдер
нарықтық экономикаға өту барысында шешуге тура келетін басты мәселелер
болып, нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуына қажетті талаптарды құру
және бірінші кезекте, нарық монополизациясының дәрежесін біршама төмендету
табылады.
Өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасына әкімшіл-әміршіл жүйеден мұраға
қалған өте жоғары монополизация нарықтық бәсекелестікті әлсіздетеді. Бұл
мәселені шешеудің басты құралы ретінде, демонополизацияның ізділікті,
экономикалық қамтылған саясатын жүргізу табылады. Соның ішінде, біріншіден,
жоғары монополизация мен бәсекелестіктің шектелуіне алып келетін қосылу
және ззге де шаруашылық аралық келісімдерге шектеулер жүйесін әзірлеу;
екіншіден, қалыптасқан кәсіпкерлік монополиялардың шоғырланбауын ойластыру;
үшіншіден, мемлекет тарапынан монополияланған салаларда бәсекелестікке
белсенді көмектесу.
Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін,
артықшылықтары мен кемшіліктерін ғана емес, сондай-ақ тандаған нарықтағы
бәсекелестіктің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына
байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы бәсекелестіктің қозғаушы
күштерін өте жақсы білуі керек. Бұл жағдайда өз бәсекелестерінің іс-
әрекеттері сипатын бағалау жүйесін, оның ішінде олардың іс-әрекетінің
құрылымдық талдауын пайдалануға болады.

Бәсекелестер мақсаттары мен

талаптарының диагностикасы

Бәсекелестердің нарықтық үлесін
Талдау және бағалау

Бәсекелестердің Бәсекелестер Бәсекелестер өткізу
тауар- бағаларының торабының құралуын
лық саясатының фор өзгерісін зертеу және олардың өтізуді
малары мен әдістерін ынталандыру
зерттеу құралдарын талдау

Бәсекелестердің
қаржылық қуаты
мен тұрақтылығын
бағалау

Нарықтың бәсекелестік картасын
құрастыру

1 –cурет. Нарықтағы бәсекелестер іс-әрекетінің құрылымдық талдауы*

Бәсекелестіктің салалық деңгейіндегі қозғаушы күштерін зерттеу
нарықтық экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын жалпылама
бәсекелестік механизімнің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай
зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды:
Салада потенциалды бәсекелестердің, яғни жаңа тауар өндірушілердің
пайда болуы, бағалардың төмендеуі және (немесе) шығындардың өсуі, тиісінше
пайда нормасының түсуіне алып келуі мүмкін өндірістік қуаттардың артуына
әкеліп соқтырады.
Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында белгілі бір тосқауылдар болуы
мүмкін. Олардың негізгілері:
- өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі;
- өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың көп түрлілікке әдеттенуі;
- капитал қажеттілігі;
- жабдықтаушыларды:ң алмасуына байланысты сатып алушылардың да сол
кезеңдегі шығындары;
- тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушілігі;
- саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленген тосқауылдар.
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасындағы бәсекелестіктің қарқындылығы
мынадай факторлармен анықталады:
-бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің теңдігі
- саланың салыстырмалы баяу өсуі;
- үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдық қорлар құны түріндегі
тұрақты шығындардың жоғары деңгейі;
- дифференциацияның жоқтығы (және тиісінше – конверсия шығындары);
- қуаттардың секірмелі өсімі;
- жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.
Өнімнің бағасы, дизайны және сапасы нарыққа шығарылған ұқсас өнімге
бергісіз болса ғана өнім бәсекеге қабілетті деп есептеледі.
Өнімнің бәсеке қабілеттілігі ISO 9000 және 14000 серияларының
талаптарына сай болуы тиіс. Оны жобалау, жасау, өндіру және өткізу сияқты
сапа ілгесінің барлық сатысында мақсатты және жүйелі түрде жүзеге асыра
отырып, анықтау қажет.

1.2. Бәсекелестіктің түрлері және формалары

Нарықтық экономиканың ең басты принципі – тауар өндірушілердің еркін
бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе
жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді
тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы
өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандылығына
байланысты.
ІХІ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды.
Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты
болды.
Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсатуға, еңбек
өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға
ынталандырды.
Бәсекелестіктің негізгі екі түрі бар:
1) Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері
арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы
қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың
табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2) Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары арасындағы
күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі
жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп
шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі
төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде жаңа тауарлар пайда
болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі,
осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа
қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы
және кәсіпкерлекті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу,
өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі- жұмысшылар жалдайды, үшіншісі- акция,
облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу
өндірісті қаржыландырады (инвестициялайды) т.б. Әрбір кәсіпкер немесе
бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын
арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады.
Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді
көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір
фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал
шоғырланып орталықтанады ол монополия құрылуына әкеледі, яғни нарықты басып
алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно-жалғыз,
полия-сату.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық
бәсеке, олигополия.
1. Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт
ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма, 2) сатылатын тауардың орнын
басатын тауар жоқ, 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды, 4)
нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ
компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт кәсіпорындары,
метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде
болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.
2. Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар
ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасыүлкен рөль атқарады, оған
қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.
3. Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара
баға жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия
сөзінің мәні: Олиго- көп емес, азғантай; полия- сату.
Бәсеклестік әдістері:
1. Баға бәсекесі – басқа бәсекелестіктерге қарағанда төмен бағамен тауар
сату, төмен тарифпен қызмет көрсету. Бұл жағдайда бағаның төмендеуі өнім
бірлігіне шығындарды азайтқаннан немесе пайда есебінен болады. Ірі
монополистер бағаны төменге түсіріп барлық бәсекелестіктерді жояды, сонан
кейін бағаны өсіріп жіберген зиянын немесе ала алмаған пайдасын қайтарады.
2. Баға емес бәсеке – нарыққа жоғары сапалы, артық сенімділігі бар,
пайдалану мерзімі ұзақ, жоғары өнімділікті, көп ассортиментті тауар
ұсынады. Өнімнің аса ерекше маңызды параметрі – экологиялық тазалығы, қуат
сиымдылығы, эстетикалық көрсеткіші, қауіпсіздігі т.б.
3. Арсыз бәсекелестік – бұл әдіс бәсекелестіктің нормасын, ережесін бұзу,
демпинг (төмен бағамен сату), нарықта үстемдік ету, өтірік мәлімет т.б.
Бәсекелестер фирманың өзі қызмет істеуге тырысатын нарық түрлерін
таңдауына өте қатты әсер етуге алады. Бұл жерде бәсекенің 3 түрін көрсетуге
болады
Функционалды бәсеке – бұл әр түрлі қажеттіліктерді көптеген тәсілдермен
қанағаттандыруға болатындықтан туындайды Осыған сәйкес қанағатты
қамтамасыз ететін барлық тауарлар функционалды бәсекеге жатады, оған спорт
дүкендеріндегі спорт құралдары мен жабдықтары жатады.
Көріністі бәсеке – бір ғана мақсатқа арналған маңызды өлшемдермен
ерекшеленетін тауарлардың түрі. Мысалы: бір класты 5 орынды жеңіл
автокөліктер, бірақ двигательдерінің мүмкідіктері әр түрлі болады.
Затты (предметная) бәсеке – фирмалардың ұқсас тауарларды шығаруының
нәтижесі, олар дайындаудың сапасымен, кейбір жағдайда бірдей сапамен
ерекшеленеді.2
Кәсіпорын өнімінің бәсеке қабілетілігін қалытастыру үшін басқару мен
өндірісті жаңалап қана қоймай, бұл не үшін істеліп жатқанын нақты біліп,
қандай мақсатқа қол жеткізу керек екенін айқындау керек. Бұл жерде ең
бастысы: бәсекелестік күресте өзіңнің салыстырмалы артықшылықтарыңды тез
және тиімді қолдана білу. Барлық күштер сені әлеуетті бәсекелестеріңнен
оңашалайтын салаларды дамытуға бағыттау қажет. Көптеген алдыңғы қатарлы
фирмалар барлық жұмысшылары еруге міндетті өзінің салыстырмалы
артықшылықтырын ереже, лозунг түрінде қалыптастырды.
Кәсіпорын ондірісінде әлемдік класты қалыптастыру үшін өзің жұмыс
істейтін әлемдегі ең таңдаулы салада немесе нарықта маңызды бір өндірістік
қызметтің аспетісін таңдауы қажет. Ол үшін бәсекелестік нарықтағы
кәсіпорын өнімінің салыстырмалы артықшылықтары қандай екенін айқындап,
өндірістің қандай аспектілеріне немесе шаруашылықтың қандай қызметіне ең
бірінші көңіл аудару керектігін анықтаған жөн (мысалы, өндіріс шығындары
және баға, сапа, техниккалық деңгейі, қызмет көрсету деңгейі, өндіріс
икемділігі және т.б.).
Жалпы кәсіпорынның төрт негізгі бәсеке қабілеттілік деңгейін немесе
дәрежесін бөліп көрсетуге болады. Бірінші деңгейлі кәсіпорынның басшылары
басқарудлы ұйымдастыруды ішкі нейтралды деп қарастырады. Басшылар өз
қызметін өнімді беруде деп қана түсінеді де, тұтынушылары мен бәсекелестері
үшін ешқандай сыйлық ойластырмайды. Олар өз өнімдерінің техникалық және
конструкциялық жетілу деңгейіне соншалықты сенімді, яғни бәсекелестерімен
салыстырғанда артықшылықтары маркетинггтік қызметте және тұрмыстық
бөлімдердің қуаттылығында, олар жарнамаға тауарын қою арқылы сатып алушыны
қуантуға дайын. Барлық қосымша өндірістегі немесе басқарудағы жоғарылау
ешбір мотивациясыз артық болып саналады.
Мұндай жақындау жоғары дәрежеде жеткіліксіз болып көрінгенмен егер ол
жылдам бәсекеден сақтайдын нарықта өз нишасын таба алса, кәсіпорын табысты
болып саналады. Бірақ кәсіпорын немесе фирма өсіп өндіріс көлемін ұлғайту
барысында келесі әрекеттер қалыптасуы мүмкін: кәсіпорын алғашқы жұмыс
істеген нарық нишасынанкелесі бір оның сегментінде бәсекеге түсуі мүмкін
немесе алғашқы ниша өсуші нарыққа айналып басқа өндірушілер үшін тартымды
бола бастайды. Бұл жерде тек қана өнімді өқндіре білу аз, яғни
бәсекелестер ұсынған өндіріс шығыны, сапа, жеткізудің нақтылығы, қызмет
көрсету деңгейі аясындағы салыстырмалы артықшылықтарды иеленуге тырысу
керек.
Сондықтанда бәсеке қабілеттілігі екінші деңгейдегі компаниялар
өздерінің өндірістік жүйесін сыртқы нейтралды етіп жасауға тырысады. Бұл
дегеніміз кәсіпорынның негізгі бәсекелестері орнатқан стандартқа толық
сәйкес болу. Олар техникалық приемдарды, технологияларды, өндірісті
ұйымдастыру әдістерін алдыңғы қатарлы кәсіпорындардан алып өзінде қолдануға
және шикізат материалдарын, полуфабрикаттарды және толықтырушы заттарды да
басты бәсекелестері алатын көзден алуға тырысады. Өнімнің сапасын
басқарудағы принциптері, қор деңгейін бақылауы, ішкі өндірістік бітеулері,
өзінің өндірісіндегі жұмыскерлермен қатынасты да дәл сондай сипатты
орнатады. Керек болса олар басқарушылар мен мамандарды, әсіресе жоғары
квалификациялы, білікті инженер – техник мамандарын осы саладағы
компаниялардан шақыруға тырысады.
Осындай туындаған мәселелерді шеше алған кәсіпорындар ғана өз
бәсәкелестерін жеңіп бәсекеқабілеттіліктің үшінші деңгейіне жетеді, басқару
өндірістік жүйеге, оны дамытуға және жетілдіруге белсенді әсер ете
бастайды.2

Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің
ерекшелігінің жиынтығы сатып алу сату актісінде көрінеді. Мұндай
ерекшеліктердің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы
негізінде туарлар мен тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық
жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.
Өнімнің бәсеке жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруға мүмкіндік
беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтйды.
Бәсекеге қабілетті өнім нарықта тез және жеңіл сатылады. Әрбір сатып алушы
өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы
алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық
сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген
қанағаттанушылық деңгейіне жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды,
оның тағы да нарықтық пайда болу қарсаңында қалыптасады.
Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық
сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы
мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі
ұқсас тауар – бәсекелестер ерекшеленеді. Тауарлы нарықтың зерттеулері
көрсеткендей сатып алу туралы тұтынушылардың үштен бірінің соңғы шешімі
тауардың сапа көреткіштерімен байланысты.
Мәселенің мәнін толық түсіну үшін негізгі салдарын ашып
көретуге болады:
1. Бәсеке қабілеттіліктің үш негізгі құрамдас болігі бар. Біріншісі
өнімнің сапасымен тікелей байланысты, екіншісі сатып алушының
экономикалық мүмкіндіктерімен, шектеулерімен және тауарды өткізу
экономикасымен байланысты. Үшіншісі тұтынушыға сатып алушы ретінде
ұнамды немесе ұнамсыз болып табылатын барлық тауарлар мен қызмет
көрсетулер және тағы басқалар.
2. Сатып алушы – ең басты тауарды бағалаущы. Бәсекеқабілетті
тауарлардың барлық элементтері әлеуетті сатып алушыға күмән
тудырмайтындай айқын болуы керек. Жарнамада бәсекеқабілеттілік
кешенін қалыптастырарда сатып алушылар мінез-құлқының жеке
факторларын, интеллектуалдық деңгейін және психологиялық
ерекшеліктерін ескерген жөн. Қызықты факт: шетелдік жарнама беруші
барлық құралдар жарнамамен байланысты материалдарда сауатты және
сауатсыз аудитория бөліп көрсетеді
3. Әр нарық өзінің атып алушысымен сипаталады. Тәжербиеде
бәсекеқабілеттілікке жалпы анық көзқарас қалыптасқан. Ол біз
талқыға салып отырған ойды толықтырады.

1.3. Бәсеке қабілеттілікті бағалау әдістері

Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау талданатын өнімні ң
салыстырылатын база параметрлерін қою арқылы арқылы жасалады. Салыстыру
базасына сатып алушының қажжеттілігі мен үлгі жатады. Үлгі дегеніміз –
максималды сату көлемі немесе болашақта өткізу даму болашағы бар балама
тауар. Бәсекелестік көрсеткіштің бірлік есебі төмендегі формула бойынша
есептеледі: ,

gi – i - параметрі бойынша бәсеке қабілеттіліктің бірлік параметрлік
көрсеткіштері ;

Пi –талдалатын өнімнің i- параметрінің ауқымы;

Пin –Қажеттілік толық қанағаттандырылатын i- параметрінің ауқымы;

n – талданатын параметрлердің саны.

Көрсетілген әдіс өнімнің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін оның
параметрлерін төмендету немесе жоғарлату қажеттіліктерін көрсетеді.

Техникалық параметрлері бойынша көрсеткішті есептеу төмендегі
формула бойынша есептеледі:

,

- Техникалық параметрлері бойынша бәсеке қабілеттілігітің топтық;

- i – техникалық параметрі бойынша бәсеке қабілеттіліктің бірлік
көрсеткіштері единичный показатель;

- қажеттілікті сипаттайтын жалпы техникалық параметрді жинау
арқылы i- параметрінің ауқымы;

- бағалауға қатысатын параметрлер саны.

Экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіштер: ,

З, З0 – бағаланатын өнім немесе үлгі бойынша тұтынушының толық шығындары;

,

Т – қызмет мерзімі;

i – тәртіп бойынша жылдар.

Кешенді сандық көрсеткіштер арқылы белгілі бір нарық жағдайында тауардың
бәсеке қабілеттілігін көрсететін аралас әдіс – бәсеке қабілеттілік
коэффициенті:

,

i = 1, ..., n – бағалауға қатысатын өнім параметрлерінің саны;

j = 1,..., n – өнім түрлері;

Li – өнімнің қалған параметрлерімен салыстыру бойынша маңыздылық
коэффициенті;

Pij – конкурентоспособное значение для j- өнімі үшін i- параметрі бәсеке
қабілеттілігінің мәні;

Pin – көрініс қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін i-
параметрінің күтілетін мәні ;

, егер Pij параметрі мәнінің жоғарылауы өнімнің бәсеке
қабілеттілігінің жоғарылауына әсер етеді;

, егер Pij параметрі мәнінің жоғарылауы өнімнің бәсеке
қабілеттілігінің төмендеуіне әсер етеді (мысалы: габарит, баға,
салмақ т.б.); 2

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау 3 кезеңде жүгізіледі.

Бірінші кезеңде оның параметрлері белгіленеді және олардың
маңызы анықталады. Осылай, кондитерлік өнімнің бәсекеге
қабілеттілігін бағалау үшін сарапшыларға оның органолептикалық,
дәмдік сапасы, өнім қауіпсіздігі, бағасы, орауы және өндіруші
имиджі деген

көрсеткіштерінің маңызы бағалауға ұсынылады. Бұл

көрсеткіштер 1-ден 5-ке дейін аралықтағы олардыңмаңыздылығын атқаратын
шкаламен бағаланады.Көрсеткіштерді таңдау тұтынушы мүддесі арқылы
түсіндіріледі. Бұйым қауіпсіздігі сапа сертификаттарымен бекітілген
дәрігерлік-биологиялық талаптарға, шикізат пен тамақ өнімдері сапасының
санитарлық нормаларына сай келетін сертификаттарымен анықталады.
Мемлекеттік стандарт органдары тағам бұйымдарының сапасын бағалау кезінде
оргонолептикалық көрсеткіштерді (формасы, түсі және сыртқы түрі, құрылымы
және консистенциясы, дәмі және иісі) қолданады.

Зерттеудің екінші кезеңінде тұтынушылардан пікір сұрау жүргізіледі.

Үшінші кезеңде сұраныс нәтижесі талданып, өнім бәсекеге
қабілеттілігі бағаланады. Әр параметр бойынша бәсекеге қабілеттілік
коэффиценті есептелінеді.

1-кесте. Бәсекеге қабілеттілік параметрлері маңыздылығының сарапталған
бағасы

Параметрлер Орташа бал Маңыздылығын білдіретін
коэффицент
Өнім қауіпсіздігі 4.6 0.218
Баға 3.9 0.187
Буып-түю,орау 3.7 0.176
Өндіруші имиджі 4.0 0.189
Дәмдік сапасы 4.8 0.229
Барлығы 1.0

2. Алматы нан АҚ-ң экономикалық әлеуетін бағалау

2.1. Алматы нан АҚ-ң қысқаша сипаттамасы

Алматы нан кәсіпорны 1976 жылы Қазақ ССР Министрлері Кеңесінің
жарлығымен құрылды. Қазіргі кезеңде кәсіпорын әртүрлі тоқаш-кондитер
өнімдерін шығарумен айналысады. Берілген өнімдердің ассортименті өте кең
және әр алуан, атап өтер болсақ олар келесідей:

- иленген және кебексіз ұннан қара бидай наны

- жоғарғы ұннан тоқаш өнімдері

- тәтті нан, тоқаш бұйымдары

- бәліш, самса, бауырсақ

- печенье

- торот пен пирожный

- кекс, орамалар

- шығыс тәтті тағамдары

- вафли, вафли торттары

Аталған өнім топтарының бір-біріне ұн сортымен, дайындау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекені жүргізудегі экономикаға тигізетін әсері
Банк менеджментінің негізгі бағыты
ҚР сақтандыру қызметінің қалыптасуы және даму кезеңдері
КІШІ КӘСІПОРЫНДАРҒА ЛИЗИНГ БЕРУ ЖОЛДАРЫ
Персоналды басқару қызметінің кадрлық потенциалы
Сақтандыру жіктелуінің негіздері
Сот медицина орталығы
Кәсіпорынның өнімді өткізуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Бәсеке және оның түрлері
Компаниялардағы бизнес - жоспарлау міндеттері мен функциялары
Пәндер