Мағжан Жұмабаев – лирик ақын


Кіріспе.
ХХ ғасырдың басы қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Өйткені үлкен-үлкен оқиғалар, тарих сахнасындағы ұлы бетбұрыстар, саяси-әлеуметтік өзгерістер әдебиетке, соның ішінде қазақ әдебиетіне өз әсерін тигізбей қойған жоқ. «Қазақ әдебиетінің өркендеу дәуірі» болып саналатын осы кезеңде Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды ірі-ірі қаламгерлер өмір сүрді. Олардың шығармашылығында әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болмай қалған жоқ. Әсіресе, олардың арасында сол кездің өзінде талай шығынға ұшыраған, поэзиясында да, прозасында да өзіндік ерекшелігі байқалып тұратын қаламгер ол - Мағжан Жұмабаев еді.
Ақынның өзі айтқандай «Ақ сақалы аузына түскен, кәрісінен бастап бесіктен белі шықпаған баласына дейін» ақын туралы бір сөз айтып қалуға тырысты. Олардың ішінде ақынның қасиетін жақсы танып дұрыс пікір айтқандары да бар, көре алмаушылық, іштарлықпен және солақай саясаттың ықпалымен қате пікір айтқандары да болды. Бірақ Мағжан Жұмабаевты ақын ретінде дұрыс танып, ең алғаш мағыналы пікір айтқан Жүсіпбек Аймауытов болды. «Мағжанның ақындығы туралы» деп аталатын Жүсіпбек Аймауытов баяндамасы былай басталды: «Мағжанның ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз; толық сынау үшін, оның алды-артын орап, өрісін арылтып шығарлық сегіз қырлы, негізді білім керек».
Осыдан сексен жыл бұрын айтқан 35 жастағы Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін бүгін мен қайталап отырмын.
Шынында, Мағжанның ақындығын сынау үшін көп оқыған, көпті көрген, өмірден түйгені мол, дүние жүзінің әдебиетінен сусындаған жан болмаса, жиырмадан жаңа асқан жас шәкірт Мағжандай ұлы ақынның шығармашылығын толықтай зерттей аламын деп айта алмаса керек. Дегенмен маған бұл жұмыс барысында көмектесетіндер бар. өйткені Мағжанның шығармашылығын осы уақытқа дейін Жүсіпбектен бастап, біршама ғалымдар зерттеген. Олардың ішінде ерекше атап айтарлығы Мағжантанудың негізін қалаушы Жүсіпбек Аймауытовтың баяндамасы. Сонымен қатар, Шериаздан Елеукенов, Тұрсынбек Кәкішев, Бақытжамал Қанарбаева, Айман Айтбаева, Ербол Тілешов, т. б. еңбектері мен Дина Әлкебаева, Жайық Бектұров, Өтеген Күмісбаев, Мүсілім Базарбаев, Әбділда Тәжібаев, Зейнолла Қабдолов, Рахманқұл Бердібаев, т. б. ғалымдардың мақалалары.
Дәл осындай жиырма-отыз ғалым емес, тіпті онан да көп адамдар Мағжан Жұмабаевтың ақындық қасиетін толықтай ашып беруге кіріссе де, ақынның өлеңдерін, өлеңдері арқылы жан-дүниесін түгел тексері мүмкін емес шығар. Себебі, адам - қарама-қайшылығы мол тұлға. Әсіресе Мағжан Жұмабаевтай аумалы-төкпелі заманда өмір сүрген, сол заманның сырына жете түсіне білмеген, сол себепті жан-дүниесі мың түрлі қарама-қайшылықтарға толы болған адамды толық танып білем деу артық айтқандық болар.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма, - демеп пе еді кезінде Абай. Ал енді дәл осы өлең жолдары Мағжанның жүрегінен шықпайды деп кім айта алар. «Ақын - ерікті-еріксіз өз заманының тонын кимеске, өз әлеуметінің мұңын жоқтамасқа әдді жоқ» [1; 368] . Мағжан да барынша өз заманының зарын зарлап, өз әлеуметінің мұңын жоқтады. Бірақ заманының күн санап өзгеруі, үлкен-үлкен оқиғалар, әсіресе соның ішіндегі 1917 жылғы Қазан төңкерісі ақынды өз әлеуметінен, өз заманына күннен-күнге алыстатып бара жатыр еді. 1917 жылғы Қазан төңкерісі адамдарды байлар тобы және кедейлер табы деп екіге бөліп тастады. Ендігі жерде ақындар кедей табын жырлау керек болды. Ал Мағжан болса халықты бұлайша оп-оңай екіге бөліп тастау әділдік деп санамады. «Жасырман жүзді жақтадым» деп ақынның өзі айтқанындай ол әрқашан қазағым; жұртым; деп жырлап еді. Ал енді тұтас бір ұлтты бай, кедей деп бөлу ақынның үш ұйықтаса түсіне кірмеген нәрсесі. Рас, ол кедей жұртты байлардың қор қылатынын, олардың еңбегңн жейтінін көрмей қалған жоқ. Ақынның нәзік жүрегі бәрін де көрді, білді. Сондықтан да ол он сегіз жасында-ақ:
«Байлары мыңды айдаған шылқып жатыр,
Бар малын болыстыққа сарқып жатыр»
(Жатыр)
«Кедейлер үсіп-тоңып дір қалтырар,
Жылы үйде байлар жатар, уайым жемес»
(Шын сорлы)
«Күшсіздер, сорлыларға атар таң жоқ
Көрінген бақ-дәулеттен ұшқан шаң жоқ»
(Бір күні)
деген еді. Соған қарамастан ол бай мен кедейді бір-біріне қарсы қойып, ел ішінде азамат соғысын тудыруды тіпті ойламаған. «Мағжанның да «ұлтым», «қазағым», «халқым» деген сөздері аз емес, «жерім», «калім», «елім» дерді де көп ұйқастырған. Бірақ, Абай сынап, шенеген міндерді ол бір өлеңінде де көрген емес, Мағжан жырларынан Абай айтатын, жылап жүріп бай баласын жұбататын жалшы ұлын көрмейміз. Абай суреттеген кедей өмірінің сипаттары атымен жоқ» дейді Әбділда Тәжібаев өзінің «Өмір және поэзия» атты еңбегінде [6; 46] . Ал егер шынымен де осылай болса Мағжанның «Жатыр», «Шын сорлы», «Қазағым», «Сорлы қазақ» деген өлеңдерін ол оқымаған ба? Көзі ашық, көкірегі ояу ақынға дәл осылай сөйлеудің қажеті қанша еді. «Айтпас жерде тілің тарт» дейді қазақ. Егер қаламаса үндемей қалуға болатын еді ғой. Ал енді 1989 жылғы Мағжанның шығармалар жинағына жазған алғысөзінде былай дейді «Оның жүрегін революциядан бұрын сатылған болыс, билер, шен таққан шенеуніктер де аз ауыртқан жоқ. Сонда ауыр күрсінген ақын:
Жүрегім, мен зарлымын, жаралыға
Сұм өмір абақты ғой саналыға
Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі
Сондықтан жаным күйіп-жанады да, -
деді». [7; 4] . Тұрсынбек Кәкішев «Батыр Баян» поэмасының жазылу уақыты туралы: «Шіркін, 20 жылдардың басында осындай туынды берген ақынның қолын қақпай еркін жібергенде қандай эстетикалық байлыққа кенелер едік» дейді. [26; 311] . Яғни, Мағжан «Батыр Баян» поэмасын революциядан кейін жазған болса, «Жүрегім, мен зарлымын жаралыға» деген жолдарда революциядан кейін туған ғой. Себебі Мағжанның революцияға дейінгі өлеңдерінде «сұм өмір» деп, өмірден жалығу, зарлану сарындары байқалмайды. 1917-1918 жылдардың оқиғалары санама жетпеді, сахнада не болып, не қойып жатқанын түсінген көрермен секілді күй кештім» [38; 11] дейді Мағжан тергеушіге берген жауабында, әрі 1918 жылы ақпаннан мамырға дейін «Үш жүз» партиясы өкілдерінің көрсетуімен Омбы түрмесінде отырып шығуы ақын жүрегін жараласа керек. Дәл осы уақытқа дейін ол негізінде табиғат, махаббат, әйелдің ауыр халі туралы өлеңдер жазған. Бұны Жүсіпбек Аймауытов та растайды. «Февраль өзгерісіне шейін Мағжан өз басынан алыстап, әлеумет мұңына артық беріле алмады. Сөзінің көбі табиғатты, әйелді, махаббатты суреттеуге арналды. Өзгерістен былай ұлтқа қызмет етуге керек болды, әлеумет жұмысы майданға қойылғаннан былай Мағжан өлеңінің көбін елге арнап жазатын болды . . . Бұрын Мағжан әлеуметтен қашық жүрген өзімшіл ақын болса, енді ол елінің азаматы, ақыны болуға айналды» [1; 377] . Дәл осы жерде Аймауытовтың сөзіне де саясат ықпал еткен болса керек. Себебі, төңкеріске дейін де Мағжан әлеумет тақырыбын көтерген өлеңдер жазған. Рас, ол өлеңдер көбіне Абай, Ахмет, Міржақыптарға еліктеуден туған. Бірақ дәл сол кезде Мағжанның елі, жұрты туралы ашына жазған өлеңдерін тек қана еліктеуден туған деуге бола ма? Егер еліктеумен өлең жазуға болатын болса, жұрттың бәрі ақын болып неге кетпеді?! Себебі, «өлең жазу - есеп шығару емес, есеп шығаруда белгілі ереже, амал, тәсіл болса, өлең - ішкі терең, табиғи тербелістен, тебіреністің нәтижесі. Бұл арада да ақынды салқын ақыл емес, ыстық сезім билемек». [40; 13] .
1917 жылғы елдегі Қазан төңкерісі ақынның жан-дүниесін де төңкеріске ұшыратты. Міне осыдан кейін ақын қаламынан өмірден тарығу, зарлану, әйелді сүю, сүйіп тұрып о дүниеге аттану сарынындағы өлеңдер туа бастайды.
«Күн батып, қараңғылық қанат жайды,
Аспанда сансыз жұлдыз жарқырайды.
Отырған қараңғы үйдің терезесінен
Көремін мұңды, нұрлы толған Айды»,
дейді Мағжан. Рас, көптеген ғалымдар, тіпті Шериаздан Елеукеновтың өзі бұл өлеңді 1910 жылдары жазылған болу керек дейді. Оған дәлел ретінде «белгілі татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың 1911 жылы шыққан «Қазақ қызы» деген романында осы өлеңнің мына:
«Кең дала, көресің ғой анау жатқан,
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.
Асқар тау, балдан тәтті сулары бар,
Әне, сол анам еді мені тапқан, - деген шумағын эпиграф етіп алған. Жинақтарының «Шолпаннан» басқасына енген» дегенді айтады көп томдықтағы түсініктемесінде. Өлең 1910 жылы жазылған болса, оның шумақтарындағы:
«Мінекей, қамаудамын тар үңгірде,
Мұнысы - көмгені ғой тірі көрге.
Мейірімді Ай, мені-дағы жаныңа алшы,
Болайық екі мұңдық біздер бірге, - деген жолдарды қайда қоямыз. Оның үстіне, Тұрсынбек Кәкішев «Мағжан - Сәкен» атты еңбегінде Ғалымжан Ибрагимовтың «Қазақ қызы» романының баспадан шығуы 1911 жыл емес, 1924 жыл дегенді айтады. [26; 25] . Шынында 17-18 жастағы жас жігіт қаншалықты ерте оянған дегенмен де:
Қайғылы Ай, мен де сенің қайғыңа ортақ,
Менде де бұрын бар еді тәж бен тақ,
Жас едім, жалынды едім, батыр едім,
Қолыма қонып еді ол уақыт бақ, - дей ме екен. Сонда дәл осы 1910-1911 жылдары Мағжанның басынан бақыт құсы ұшып кеткен еді дей аламыз ба? Асылында бұл кезең үлкен өмірге енді қадам басқан шағы емес пе?! Әрі бұл өлең 1912 жылы шыққан «Шолпан» жинағына неге енбеген? Демек, қалай болғанда да бұл өлең Мағжанның көңіл-күйінің психологиялық дағдарысқа түскен шағында жазылған. Тұрсынбек ағаның «Мен бұл авторлармен айтысқа түсейін деп отырған жоқпын» [26; 24] дегеніндей, мен де үлкен ағаларыммен айтысайын деп отырған жоқпын. Сөздің реті келді, өз пікірімді айтуым керек болды.
Төңкерістен кейін алып-ұшып Мағжанның өлеңдерін талқылайтын 1924 жыл келді. Бұл туралы ғалым Бейсенбай Кенжебаев мынадай естелік айтады: «Мағжан және оның өлеңдері жөнінде сөйлеушілер екі түрлі ой-пікір, көзқарас білдірді. Бірқатар сөйлеушілер: «Мағжанның бірсыпыра өлеңдері қате: ұлтшылдық, сарыуайымшылдық рухта жазылған. Жалпы Мағжан үлкен ақын» деді де, көпшілік: «Буржуазияшыл-ұлтшыл, бізге мүлде жат ақын» деп қорытты».
«Қажыдым енді, күш бітті,
Көңілсіз, салқын, күн бұлтты,
Жел бұйығып тербелген
Әлдекімнің өлгенін,
Оны қалай көмгенін,
Әңгіме ғып күңіренген.
Жел, күңіренбе, жасың тый,
Өлім күйі - тәтті күй.
Балқиды жанын бұл күйге.
Мені де өлім әлдиле,
Әлдиле, өлім, әлдиле!., -
деп өлім күйін шертіп жүрген нәзік жүректі ақын үшін бұл қаулы оңайға тиген жоқ. Ақын жааны аласұрды, тыныштық таппады. Ендігі жерде ол өзіне өткен өмірден жұбаныш іздей бастады.
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да.
Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң,
Толғанып қарауыл сол баяғыға, -
деуі дәл осы жылдары еді.
Ойлайды, күңіренеді, толғайды ақын,
Күрсініп көзіне жас алады да.
Ақында адамзаттан дос болмайды,
Жалғыз-ақ сырын сөйлер қаламына.
Ақын өз замандастарынан дос таппады. Әрқашан өзгелерден оқ бойы озық жүруді қалайтын ақын сол өзгелердің өзінің бөбегіндей болған өлеңдерін іске алғысыз етіп қаулы шығаруын ауыр қабылдады. Сондықтан ол:
Өткен күн таң-тамаша ертегі ғой,
Ерлері ертегінің өрт еді ғой.
Айырылып отекпінді ерлерінен
Алаштың жанында ауыр дерт еді ғой, -
деп өткен күннің ерлерінен, батырларынан өзіне жолдас іздеді. Кеңес үкіметін мойындаған секілді бірнеше өлеңдер жазса да, негізінде бұл өлеңдер ақынның шын жүректен толғаған жырлары емес еді. Бұл туралы Тұрсынбек Кәкішев: «Мағжан Мәскеуде жүргенде ел жадында қалатын бірде-бір өлең-жыр жазған жоқ. Тындырғаны аударма болды, шынын айтсақ, қымбатшылық жайлаған Мәскеуде аштан өлмеудің амалын етті, өйткені стипендиямен оқытушылықтан алғандары жұмырына жүк те болған емес» еді [26; 325] . «Мағжанның өзімен-өзі күресетін сәті Мәскеуге барған кезден басталды. Оған тапшылдық пиғыл мен қатқыл қаулы шығарған мәскеуліктер жиыны болса, екіншіден, большевиктік әпербақандықты ту қылып ұстаған ҚазАПП, оның даурықтырып жатқан іс-әрекеттері, ожар айтыстары мен қисынсыз тартыстары, орынсыз пәле жабуы, қаралауы, үшіншіден, мені түсінеді-ау деген алаш көсемдерінен, қайраткерлерінен пана таба алмауы болды» [26; 356] .
Міне, Мағжан осылай аласұрып жүргенде, яғни 1927 жылы өзінің әйгілі «Тоқсанның тобы»поэмасын жазды. Негізінде бұл поэма да амалсыздан, өзімен-өзі күресуден, ішкі психологиялық қарама-қайшылықтан туған шығарма еді. Бұл поэманың шын жүректен қайнап шықпаған туынды екенін білді тұстастары. Сондықтан да Шаймерден Тоқжігітұлы бұл туралы: «Мағжан тоқсан жағына шықтым, «бастан құлақ садақа» деп, онды тасаттық қылмақ болып отыр «Адассам ел деп адастым, он деген емен асылы» деп, Мағжан ел деп күйдім, енді тәубе қылсам болмай ма, ел дегеннің не айып-шамы бар дегендей қылғысы келеді. Осымен құтыламын, ол өмірді де ақтаймын дегендей болады. Қазақтың жаңа жұртшылығының алдында бұл жауаппен құтылуға болмады» [34; 417] . «Тоқсанның тобы » туралы да «айқайлаудың орны жоқ» дегенмін. Енді «мелшиіп» қалған Мағжанның қамқорлығын алудан, жыртысын жыртудан аулақпын. Байдың сандырағын, ұлтшылдардың жырын көлеңкелеп барып өткіземін деген пікірден әлдеқашан алыс жатырмын.
«Желке ас болмас» дегендей, Мағжандар әзір бізге дос болмастың соңындамын». [34; 419] .
Міне, осыдан кейінгі Мағжан Жұмабаевтың өмірі бір мәнсіз фильмдей болды. Өмірдің ылғи да бір күңгірт тұстары мәнсіз фильмге ұқсамағанда қайтсін.
«Мағжан Жұмабаев үшінші рет, яғни 1937 жылы 28 желтоқсанда ұсталып, 1938 жылы 20 ақпанда тексерілгенде «Тоқсанның тобы» жарияланғаннан кейінгі қиямпұрысты сыр қылып шертіпті. «Бақытсыздығына қарай, сол кездегі қазақ әдебиетінде ауа райын жасап жүрген кісілер мені аямай әдебиеттен аластатуға тырысты. Әбдірахман Байділдин, Шаймерден Тоқжігітов дегендер нағыз қаныпезер екен, соғыма түсіп күн көрсетуді қойды. Осынау шағын топ басылым бетінде шу көтергені соншалық, жазуға қолым бармай, сал адамдай сансырап қалғаным рас. Тегі бір емес, екі емес, өне бойы ізіне түсіп, тырнақ астынан кір іздеп, шулығын жасай берген соң, жазушылар ортасынан қашады екенсің. Әдебиет табалдырығын аттаған бозөкпе жастан бастап, ата сақалы аузына түскен жасы үлкеніне дейін жұрттың назарына ілігу үшін менің есімімді жіктеп, септеп, сын айтуды әдетке айналдырып алды» (Д. Досжанов, Абақты, 1992. 269-бет) [26; 356] .
Міне, Мағжанның өз аузымен айтылған сөз осындай.
«Сонымен Мағжан «Тоқсанның тобын» жазамын деп қып-қызыл пәлеге қалды. Ел-жұрты түсінгенмен, «ауа жасаушылар», саясат сауғандар, біреудің оң ниетін теріске бұратындар «оңай олжа» тауып, шен алды. Қазақ әдебиетінің гүлдену, ұлы дарынмен ажарлану мақсатынан гөрі өздерінің пенделік құлқына бағып, қазақ мәдениетіне зор қиянат жасады.
Мағжан сияқты қара тырнағына дейін ақынды шығармашылық өмірден айырып, рухани дағдарысқа ұшыратты. Бұл аз болғандай 1929 жылы «Алқаның» бағдарламасын жасадың, совет өкіметіне қастандық ойладың, жасырын контрреволюциялық ұйымға қатыстың деп тұтқындап, 1930 жылы 10 жылға соттап, Беломар - Балтық каналын қаздырдық. 1936 жылы Горькийдің жәрдемімен босап келген теңдесі жоқ ақынды 1938 жылы 19 наурызда атып тындық» [26; 364] . «Ләм деуге шамасын келтірген жоқ. Бірақ ләм дегенде не демекші? Айтуға тиістісін бұдан он сегіз жыл бұрын, 1920 жылы «Жан сөзі» өлеңінде айтқан.
Енді бір ай - жиырма жеті жасқа келем,
Отыз, қырық . . . қартаям, сөнем, өлем, -
деген-тін. 1938 жыл наурыз айының 19 жұлдызында айтқаны жазбай келді. Енді үш ай тірі тұрса, қырықтың бесеуіне шығады екен. Өлетін жасын қырықтың іші деп дөп басқанына қайран қаласың. Тек тоталитаризмнің тым құрыса маса бұйыртпайтынына сенбеген тәрізді. Сол жерінен ғана «қателесіпті».
Болмаса, басыма да бармас па екен?
Атымды аузына да алмас па екен?
Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған
Молама көз қырын да салмас па екен?
Моласының қайда екені күні бүгінге дейін беймәлім.
Атымды аузына да алмас па екен . . . Алғанда қандай . . . қай уақытта да Мағжан халық көңілі көзінен кетпеген» [38; 18] .
Қандай қаламгерлердің болмасын шығармашылық бет-бейнесін толымды ашуда әсіресе лииканың маңызы зор. Бұл жұмыста Мағжан Жұмабаевтың лирикалық өлеңдері талдап түсіндіріледі. Бұл жұмыста Мағжан Жұмабаевтың жалпы шығармашылығы емес, тек қана поэзиялық шығармаларына тоқталамыз. Өйткені ақынның қайраткерлік табиғатын ашуда ең алдымен үлкен рөл атқаратыны, ол - оның өлеңдері.
Жұмыстың зәрулігі - ақын туралы пікір білдірген ғалым-жазушылардың айтқан ой-тұжырымдарын салыстыра отырып және оның өлеңдерін терең зерделеу арқылы ақын Мағжан Жұмабаевтың шынайы таби, атын аша түсу. Бұларға қосу оның лирикалық шығармаларының жалпы адамзатқа ортақ сабақтастығын аша түсумен байланысты. Сонымен бірге ақын жырлаған тақырыптарды рет-ретімен талдаудың маңызы зор деп білеміз.
Жұмыстың жаңалығы - ақын өлеңдері сол дәуірдегі саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланыстырыла отырып, олардың ішкі мән-маңынасын ашы арқылы Мағжан Жұмабаевтың жалпы адамзаттық тұрғыдағы ақын екендігі көрсетілді.
Жұмыстың мақсаты - Мағжан өлеідеріндегі шынайы да нәзік лиризмнің маңызын айқындау. Ұлы суреткер поэзиясындағы лирикалық жанрдың маңызын ашып көрсету.
Жұмыстың осы мақсатына жету үшін ақынның поэзиялық шығармаларына жан-жақты талдау жасалып түсіндірілді.
Жұмыстың теориялық негізінде Қазақстан ғалымдарының ғылыми еңбектері мен ой-тұжырымдары басшылыққа алынған. Практикалық негізінде мазмұн мен пішіннің бірлігі принципі, сипаттау және кешенді түрде талдау жұмыстары жасалынды.
Жұмыстың құрылымы : диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау
Мағжан лирикасындағы тақырып арналары
Қайсыбір шығарма туралы пікір айту үшін біз ең алдымен оның тақырыбы жайлы сөз қозғаймыз. Өйткені, іргетассыз үй болмайтыны секілді, тақырыпсыз шығарма да болмайды. Өйткені сені мазалаған қандай да бір жағдай болмаса, шығарма қайдан тусын?
«Әдеби шығарма туралы әңгімені тақырыптан бастаған жөн» [40; 147] демекші, біз жұмысымыздың бірінші тарауында Мағжан шығармаларының тақырыбы жөнінде сөз етеміз.
Ал енді тақырып дегеніміздің өзі не? Зейнолла Қабдоловтың сөзімен айтатын болсақ: «тақырып - жазушының (ақынның) шындық болмыстан таңдап, талдап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобы» [40; 149] . Ал «шындық күрделі болса, одан туған шығарма да - күрделі. Өмірдегі оқиғалар шым-шытырық болса, оны суреттеген шығарманың мазмұны да әр алуан. Тіршілік жалғасып жатқан мәселелерге толы болса, суреткердің ой-өзегі де біреу емес, бірнешеу» [40; 154] . Мағжан өмір сүрген кезең дәл осындай шым-шытырық оқиғаларға толы болды. Поэзиның шағын түрлерінде бірнеше идея мен бірнеше тақырыптың болуы шарт емес десе де, Мағжан өлеңдерін толықтай бір шығарма деп қарастыратын болсақ, біз бұдан бірнеше тақырыпты бөліп қарастырған болар едік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz