«Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері»
Кіріспе
І. Инвестиция, оның экономикалық мәні. Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайдағы инвестициялық климат және кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
1.1 Инвестицияның мәні, атқаратын қызметі және түрлері
1.2 Қ.Р.дағы қазіргі жағдайдағы инвестициялық климат және кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
1.3 Қ.Р.дағы кәсіпорындардың инвестициятық саясаты, оның мәні мен рөлі
ІІ. Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тенденциясы және инвестицияларды тартудың тиімділігі мен олардың кәсіпорындарда тиімді бағытталуы.
2.1 Қазақстандағы инвестициялық қызметтердің тенденциясы.
2.2 Қазақстандағы инвестициялық саясаттың динамикасы мен құрылымы
2.3. Инвестициялауды тиімді бағыттау . бәсекеге қабілетті өнім шығарудың
негізі
ІІІ. Кәсіпорындарда инвестициялрды тарту мәселелері
3.1. Кәсіпорындарда инвестицияларды пайдалану мәселелері және шешу жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасының егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да, міне, он төрт жыл болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек».
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық серіктестіктері, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін беруде.
Кәсіпорындарды, жеке бір сала ұйымдарын құйылып жатқан инвестицияларды да осы егемендік алғалы бергі кезеңге жатқызамыз.
Инвестицияны, алуан түрлі күрделі қаржыны белгілі бір жобаларға ұйымдастырылған түрде жұмсау үшін шешім қабылдау өте қиын.Кәсіпорындар өздерінің инвестициялық саясатының тиімділігіне байланысты инвестицияларды тиімді жүзеге асыра алады.
Дәл осы инвестициялар жайлы мәселелерді қарастыру мақсатында өзімнің курстық жұмысымның тақырыбын «Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері» деп таңдадым. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде өзім таңдаған тақырыбымның теориясы айтылады. Ол бөлім «Инвестиция, оның экономикалық мәні. Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайдағы инвестициялық климат және кәсіпорындардың инвестициялық саясаты» деп аталады және ол 5-12 беттер аралығында орналасқан. Екінші бөлім талдау бөлімі. Бұл бөлімде «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің тенденциясы, олардың динамикасы мен құрылымы, және кәсіпорындарда тиімді бағытталуын» зерттеу туралы айтылады. Ол 13-28 беттер аралығында жатыр. Ал соңғы үшінші бөлім «Кәсіпорындарда инвестицияларды тарту мәселелері» деп аталады.

1. Прямые иностранные инвестиции в Республике Казахстан
Саясат №5 2004 ж.
2. Инвестиционная среда и условия экономической благоприятности в
Казахстане
Транзитная экономика №4 2004 ж.
3. Халықаралық экономикалық қатынастар
Әлемдік инвестициялардың негізгі тенденциялары
4. Инвестициялық процесс - әлеуметтік жүйе ретінде
Ізденіс №1 2004 ж.
5. Стимулирование инвестиций и повышение конкурентоспособности
казахстанской экономики Қаржы-қаражат №1 2004 ж.
6. Инвестиционная привлекательность Республики Казахстан в
межстрановом сопоставлении
7. Инвестициялық ахуалды жетілдіру - өскелең талап
Егемен Қазақстан 6 маусым 2003 ж.
8. Инвестициялар / көрсеткіштер
Қазақстан және оның өңірлері №1 2003 ж.
9. Жұманова Б.
Инвестицияның тиімділігін бағалау методологиясы
Саясат №10 2003 ж.
10. Регулирование инвестиционной деятельности в экономике Казахстана
Транзитная экономика №5 2004 ж.
11. Вопросы регулирования инвестиционного процесса
Транзитная экономика №6 2004 ж.
12. Сейтказиева А.М., Байкадамова А.Б.
Инвестиционная деятельность предприятия Алматы 1998 ж.
13. Сатубалдин “Инвестиционный потенциал региона: методологические
аспекты оценки и механизм использования”
14. Жолдасбаева Г.Ә. “Кәсіпорын экономикасы” Алматы 2002 ж.
15. Инвестиционная политика Транзитная экономика №1 2000 ж.
16. Закон "Об иностранных инвестициях"
17. Данные Национального Статистического Агентства РК.
18. Журнал "Business central Europe" № 7. 2001
19. Сагандыкова С. Иностранные инвестиции в Казахстане: анализ и прогнозы инвестиционных процессов в экономике. Алматы: Гылым, 1994.
20. Сущность и классификация инвестиционных решении
Финансы и Кредиты 12/2004

Жоспар
Кіріспе
І. Инвестиция, оның экономикалық мәні. Қазақстан Республикасындағы
қазіргі жағдайдағы инвестициялық климат және кәсіпорындардың инвестициялық
саясаты
1. Инвестицияның мәні, атқаратын қызметі және түрлері
2. Қ.Р-дағы қазіргі жағдайдағы инвестициялық климат және кәсіпорындардың
инвестициялық саясаты
3. Қ.Р-дағы кәсіпорындардың инвестициятық саясаты, оның мәні мен рөлі
ІІ. Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тенденциясы және инвестицияларды
тартудың тиімділігі мен олардың кәсіпорындарда тиімді бағытталуы.
2.1 Қазақстандағы инвестициялық қызметтердің тенденциясы.
2.2 Қазақстандағы инвестициялық саясаттың динамикасы мен құрылымы
2.3. Инвестициялауды тиімді бағыттау – бәсекеге қабілетті өнім шығарудың
негізі
ІІІ. Кәсіпорындарда инвестициялрды тарту мәселелері
3.1. Кәсіпорындарда инвестицияларды пайдалану мәселелері және шешу жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 4 б.

қазіргі жағдайдағы инвестициялық климат және кәсіпорындардың

. 5 б.
1.1 Инвестицияның мәні, атқаратын қызметі және
түрлері

... ... ... ... ... ... .. 5-7 б.
1.2 Қ.Р-дағы қазіргі жағдайдағы инвестициялық климат және
кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8-10 б.
3. Қ.Р-дағы кәсіпорындардың инвестициятық саясаты,
оның мәні мен рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11-12 б.

... ... ... ... . 13 б.
2.1 Қазақстандағы инвестициялық қызметтердің
тенденциясы

... ... ...13-15 б.
2.2 Қазақстандағы инвестициялық саясаттың динамикасы мен
құрылымы

... ... ... ... 16-23 б.

... ... ... ... ... ... 24-28б.
ІІІ. Кәсіпорындарда инвестициялрды тарту
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29 б.
3.1 Кәсіпорындарда инвестицияларды пайдалану мәселелері және шешу
жолдары

... ... ... ... ... 29-33 б.

... ... ... ... ... ...34 б.
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
б.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да,
міне, он төрт жыл болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні
аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. Осы жылдар ішінде
тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Ә. Назарбаев
өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып
қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз
керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек.
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап
шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің
әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын
түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар,
зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке
негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын
тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік
кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар,
жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді.
Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық
серіктестіктері, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып,
әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын, орта және ірі
бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін
беруде.
Кәсіпорындарды, жеке бір сала ұйымдарын құйылып жатқан
инвестицияларды да осы егемендік алғалы бергі кезеңге жатқызамыз.
Инвестицияны, алуан түрлі күрделі қаржыны белгілі бір жобаларға
ұйымдастырылған түрде жұмсау үшін шешім қабылдау өте қиын.Кәсіпорындар
өздерінің инвестициялық саясатының тиімділігіне байланысты инвестицияларды
тиімді жүзеге асыра алады.
Дәл осы инвестициялар жайлы мәселелерді қарастыру мақсатында өзімнің
курстық жұмысымның тақырыбын Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың
инвестициялық саясатының ерекшеліктері деп таңдадым. Курстық жұмыстың
бірінші бөлімінде өзім таңдаған тақырыбымның теориясы айтылады. Ол бөлім
Инвестиция, оның экономикалық мәні. Қазақстан Республикасындағы қазіргі
жағдайдағы инвестициялық климат және кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
деп аталады және ол 5-12 беттер аралығында орналасқан. Екінші бөлім талдау
бөлімі. Бұл бөлімде Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің
тенденциясы, олардың динамикасы мен құрылымы, және кәсіпорындарда тиімді
бағытталуын зерттеу туралы айтылады. Ол 13-28 беттер аралығында жатыр. Ал
соңғы үшінші бөлім Кәсіпорындарда инвестицияларды тарту мәселелері деп
аталады. Бұл бөлім 29-33 беттерде орналасқан. Соңында қорытынды 34 бетте,
ал пайдаланылған әдебиеттер 35 бетте орналасқан.
1. Инвестиция, оның экономикалық мәні. Қазақстан Республикасындағы

1.1. Инвестицияның мәні, атқаратын қызметі және түрлері
Инвестицияны тар мағынасындағы анықтамасын капитал құнын сақтау мен
оны өсіруді қамтамасыз ететін, пайда, басқаша айтқанда оң табыс көлемін
әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар
инвестиция емес, өйткені ақшаның құндылығын инфляция азайтуы мүмкін және ол
ешқандай табыс әкелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау
банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы
салым кепілденген табыс береді.
Көбінесе инвестиция деп – пайда, табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді
алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен әр түрлі экономика салаларының
обьектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық
түрлері түсіндіріледі. Инвестиция құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк
несиелері акциялар мен басқадай құнды қағаздар, қозғалмалы және
қозғалмайтын мүлік (ғимараттар, құрал-жабдықтар, т.б.), жерді пайдалану
құқығы, табиғи ресурстар, мүліктік құқықтар және тағы басқалары кіреді.
Инвестицияның экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны “тірі және
затталған еңбектің өндірістік қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс
үрдісінде тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған
салымдар үрдісі”. М.И. Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың
өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға, ұзақ мерзімді, пайда
алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады.
Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің осы
кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтың өсімі немесе ұлттық
табыстың тұтынылмаған бөлігі.
Инвестор – салым иесі, инвестицияларды жүзепге асыратын жеке адам,
ұйым немесе мемлекет.
Инвестициялау (инвестициялық процесс) –бұл қарапайым және өндіріс
қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры,
машиналар мен құрал-жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды.
Олар өндірістік процесс барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның
дамуы, оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі
техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақтану
және қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.
Инвестиция – алуан түрлі күрделі қаржы бойынша инвестиция мемлекеттік
және жеке, тура және портфельді (қоржынды) болып негізгі материал мен тауар-
материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға,
тұрғын-үй құрылыстарының қызметтеріне бөлінеді.
Портфельді инвестиция (қаржы инвестициясы) деп кәсіпорынның құнды
қағаздарын сатып алу сияқты жобалар тобына капиатал салуды айтады. Ол
мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы
қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған. Портфельді инвестиция
жағдайында инвестордың негізгі міндеті оптималды инвестиция портфелін
құрастыру және басқару болып табылады. Әдетте, ол қор нарығындағы құнды
қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асырылады. Осыған
орай портфельді инвестициялар көбінесе, қысқа мерзімді қаржылық операциялар
түрінде көрінеді.
Нақты инвестиция деп - өндіріс процесіне тікелей қатысатын
инвестицияларды айтамыз. Олар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына,
құрылысқа т.б. жұмсалымы. Мысалы, құралдарға, ғимараттарға, материалды
қорына салынатын инвестициялар.
Нақты инвестиция инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін -
өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Портфельді немесе
қаржы инвестициясы жағдайында инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу
арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасындағы “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау”
Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік
кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған
инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар –
қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік
бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың
атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші
рөлге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді
резервтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
Инвестицияның негігі түрлері. Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір
бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске
асырудағы жіберілген ақша қаражаттары.
Объектісіне қатысты инвестициялар келесі түрлерге жіктеледі:
1. Мүліктік инвестициялар (материалды инвестициялар);
2. Қаржылық инвестициялар;
3. Материалдық емес инвестициялар.
Мүліктік инвестициялар – бұл нақта инвестициялар. Қаржылық инвестициялар –
бұл қаржылық мүлікке салынатын салымдар, басқа фирмалардың жұмыстарына
қатысу және борыштық құқығына ие болу. Мысалы, акция, басқа да құнды
қағаздарды сатып алу.
Ал материалдық емес құндылықтарға қатысты инвестицияларға зерттеу
мен талдау жасау, кадрлар даярлау, жарнама және басқаларға салынатын
инвестициялар жатады.
Әрекеттің бағытына қарай инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы инвестициялар немесе нетто-инвестициялар, кәсіпорынды
негіздеуде немесе сатып алуда жүзеге асырылатын инвестициялар;
2) өндірістік потенциалды ұлғайтуға бағыттылған, кеңейту
инвестициялары (экстенсивті инвестициялар).
3) қайта инвестициялау, яғни кәсіпорынның негізгі қорының құрамын
қолдау мақсатында жаңа өндіріс құралдарын жасауға немесе сатып
алуға бағытталған бос инвестициялық қаражаттармен байланысты
инвестициялар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- бар объектілерді жаңа объектілермен ауыстыруға бағытталған
ауысттыру инвестициялары;
- рационализациялауға арналған инвестициялар, технологиялық
жабдықтарды немесе роцестерді жетілдіруге жұмсалады;
- шығару бағдарламасын өзгертуге жұмсалатын инвестициялар
- девирсификациялауға арналған инвестициялар, олар өнімнің
номенклатурасының өзгеруіне, өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және
жаңа сату рыногын ұйымдастыруға жұмсалатын инвестициялар;
- болашақта кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге
бағытталған инвестициялар.
Бұған ғылыми жұмыстарға, кадрларды дайындауға жарнама, қоршаған ортаны
қорғауға бағытталған инвестициялар кіреді.
Инвестициялық процестің өзіне тән кешенді сатылары бар. Олар:
- капитал салымын қаржыландыру;
- инвестициялық объектілерін анықтау;
- аталғандардың орындалуын бақылау.
Инвестиция жайында шешім қабылдау басқарманың стратегиялық қиын міндеті
болып табылады. Инвестициялау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы
тиімді шараның бірі.
Инвестициялар белгілі бір тәуекелмен байланысты. Бұл тәуекел
салымдардың қайтарылу мерзімі көп болған жағдайда артады, бұл мезгілде
нарық коньюктурасы, шикізат бағасы және жұмыс күші және тағы басқалары да
өзгеруі мүмкін. Сондықтан салынған қаражаттар тез қайтарылуды қамтамасыз
ететін жобаларға жұмсалады.
1.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты және қазіргі
жағдайдағы инвестициялық климат
Инвестициялау проблемалары әрдайым экономикалық ғылымның назарында
болады.Өйткені қайта өндіріс жүйесінде өндірістік ресурстарды қайта жаңарту
мен көбейтуде, яғни экономикалық өсімнің жоғары қарқының қамтамасыз етуде
базалық рөл инвестицияларға тиесілі.
Экономиканы тамырынан реформалау бүгінгі таңда күрделі проблемалармен
қатар келуде. Өндірістік потенциал жеткілікті ірі болса да, қалыптасып келе
жатқан экономиканы бір-бірімен шамалы байланысқан, қайтаөндірістік
біртұтастықты құрамайтын кәсіпорындардың жиыны ретінде сипаттауға болады.
Жалпышетел капиталын тарту мен қорғау процедурасы қазіргі кезде 20-дан
астам заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Оларға
сәйкес Қазақстанда шетел инвестициялары барлық рұқсат етілген ұйымдық-
құқықтық формалардың (соның ішінде шетелдік фирмаларды, яғни толығымен
шетел инвесторлары иелігіндегі, олардың филиалдары мен өкілеттіктері,
немесе мүлігінің бір бөлігі тиесілі біріккен кәсіпорындар құру арқылы)
қызметінің кез- келген объектілері мен түрлеріне салынуы мүмкін. Ел
экономикасына ірі масштабты инвестициялық ресурстарды тарту, оларды
рационалды және тиімді пайдалану қажеттілігін ескере отырып, Президент
Жарлығы бойынша біріңғай атқарушы орган- Қазақстан Республикасының
инвестициялар бойынша Мемлекеттік комитеті құрылды.
1998 жылдың 30 маусымында Президент Жарлығы бойынша ҚР Президенті
тұсындағы шетел инвесторларының Одағы құрылған болатын.
Қабылданған заңнамалық актілер, ұйымдастырушылық шаралар қазақстандық
экономикаға шетел инвестицияларының ағымына әсер етті. 2003 жылы
Қазақстанның экономикалық өмірінде маңызды оқиғалар болды:
1) Дүниежүзілік қауымдастыққа ТМД елдерінің арасынан бірінші болып
Қазақстан нарықтық экономикалы ел болып танылды, сондай-ақ бірінші болып
инвестициялық елдік рейтингті иемденді:Заң шетелдік және ұлттық инвесторлар
үшін шарттарды теңдестіреді, Әлемдік банк Қазақстанды инвестицияларға
неғұрлым тартымды әлемнің 20 елінің қатарына қосты, 08.01.2003ж. ҚР
“Инвестициялар туралы” Заңының қабылдануы.
“Саясат экономиканың шоғырландырылған түсінігі” болғандықтан,
инвестициялық саясат инвестициялық процесстерді құра отырып, елдің
экономикалық және әлеуметтік дамуын анықтайды. Инвестициялық саясат бір
жағынан өндірістік процестермен анықталады, ал екінші жағынан оларға әсер
етеді. Инвестициялық саясатты қандай деңгейде жүзеге асатындығына
байланысты келесідей жіктеуге болады: халықаралық- мегодеңгей, ұлттық
(мемлекеттік)- макродеңгей, жеке фирмалардың инвестициялық саясаты-
микродеңгей. Ұлттық немесе мемлекеттік инвестициялық саясат- бұл мемлекет
пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында шектеулі инвестициялық
ресурстардың айналымы, бөлінуі, тұтынылуы мәселесі бойынша өндірістік
қатынастар жиынтығы.
Мемлекеттік инвестициялық саясаттың құрылуы инвестициялық стратегия
мен тактиканы өңдеуді білдіреді. Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы- бұл
анықталған мерзімге қойылған негізгі мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін
шектеулі инвестициялық ресурстарды пайдалану жолымен жүзеге асырылатын
ірімасштабты шешімдер мен қызметтің анықталған бағыттарының жүйесі.
Инвестициялық тактика- бұл инвестициялық стратегияның белгілі - бір нақты
кезеңінің мақсаттарына жету мен мәселелерін шешуге бағытталған экономикалық
қызметтің әдістері, тәсілдері мен формаларының жиынтығы.
Жағымды инвестициялық климат инвестицияланатын елдің оңды саяси,
құқықтық және қаржы- экономикалық жағдайында экономиканың нақты сакторына,
бағалы қағаздарға, қызметтерге және т.б. шетелдік және отандық
инвесторлардың тиімді әрі рационалды капитал салу мүмкіндігін білдіреді.
Шетелдік эксперттердің ойынша, барлық Орталық Азия елдерінің ішінде
Қазақстанда либералды заңдылық, айтарлықтай дамыған банк секторы, қарқынды
дамып келе жатқан қор нарығы.
Қазақстандағы инвестициялық климатты әрі қарай жетілдіру үшін ҚР
Президенті тұсындағы шетелдік инвесторлардың Кеңесі , ҚР индустрия және
сауда Министрлігі тұсындағы шетелдік инвестициялар бойынша арнайы Комитет,
“Қазинвест” Қазақстандық инвестицияларды дамыту орталығы әрекет етеді,
сондай-ақ инвестициялық айтыстарды шешу механизмі өңделуде, инвесторлар
үшін жағымды экономикалық және саяси факторлар ұсталуда және т.б.
Қазақстандағы инвестициялық тәуекелдердің деңгейін сақтау мақсатында
халықаралық сауда және инвестициялармен байланысты саяси тәуекелдерді
сақтандырумен айналысатын “Экспорттық несиелер мен инвестицияларды
сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы” АҚ-ы құрылған
болатын. Бұл мемлекетке әрекеттегі инвесторлардың тарапынан сенімді
арттыруға ғана емес, сондай-ақ жаңа инвесторларды тартуға да мүмкіндік
береді. Инвестициялық саясаттың инновациялық бағытталуына басты назар
аударылуы қажет. Мемлекеттік инвестициялық саясаттың негізін қалаушы
принциптерінің бірі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принципі
болып табылады. Инвестициялардың шикізаттық бағытталуын жекелей ауыстыру
үшін Қазақстанның 2010 жылға дейінгі индустриалды- инновацыялық Стратегиясы
жасалған болатын. Онда басты назар өңдеуші өнеркәсіпке аударылады, ал
өнеркәсіптің өңдіруші емес салаларына салым салатын инвесторларға мемлекет
түрлі преференциялар мен жеңілдіктер ретінде қолдау көрсетеді.
Мемлекеттің қолдаушы рөлінің дәлелі ретінде Үкіметтің инвестициялық
жобаларды жүзеге асыруға республикалық быджеттің шығындар үлесін ұлғайту
жолымен инвестициялық жобаларға қатынасын айтарлықтай ұлғайтуын айтуға
болады.
Стратегия тұсында қазақстандық компаниялардың дамуына әсер ететін
Қазақстандық инвестициялық қор, сондай-ақ инновацияларды ендіру және дамыту
бойынша кең өкілдіктер бекітілген инновациялық қор құрылған болатын.
Қазіргі жағдайда ел экономикасына шетел инвестицияларын тарту үшін
банктердің жұмысы мен банктік емес қаржылық институттар жүйесінің
(сақтандыру мекемелері, зейнеткерлік және инвестициялық қорлар, трасттық
компаниялар және т.б.) дамуын жетілдіру есебінен тұрғындардың несиелік-
банктік жүйеге жинақтарын тарту және салық салу жүйелерін жетілдіру
негізінде бюджет табыстарын көтеру есебінен ішкі жинақтар мобилизациясының
нақты бағдарламасын жасау қажет, сондай- ақ экономиканың нақты саласын
көтеру бойынша бюджет дефицитін қаржыландырудың дұрыс саясатын жүргізу
қажет.
Инвестициялық процестердің оперативті диагностикасының сенімді
құралдарының жоқтығы басқару органдарын ақпараттық-методикалық вакуум
негізінде шешімдер қабылдауға мәжбүрлейді.
Аудандық инвестициялық саясатты жүзеге асырудың негізгі басты
бағыттарын анықтау үшін аудандардың инвестициялық потенциалын салыстырмалы
талдауды жүргізу керек. Мұнда халықаралық практикада инвестициялық
тартымдылықты анықтаудың бірнеше әдістері бар екенін айта кету керек.
Олардың ішінде жиі қолданылатындары- бұл инвестициялық тартымдылықты
бағалаудың рейтингтік әдісі және корреляциялық талдау.
1.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты, оның
мәні мен рөлі
Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі экономикалық, соның ішінде
инвестициялық саясатқа тікелей байланыстыболады. Оның көмегімен мемлекет
өндіріс көлемінің қарқынына, ҒТП-тің жеделдетілуіне, қоғамдық өндіріс
құрылымының өзгерісіне және басқа да көптеген әлеуметтік мәселелердің
шешілуіне тікелей әсер ете алады.
Инвестициялық саясат – бұл инвестициялық қызметті жандандыру
мақсатында шаруашылық жүргізуші барлық объектілер үшін жағымды жағдайлар
жасау бойынша мемлекет жүргізетін мақсатты шаралар жиынтығы.
Жалпы алғанда, мемлекет инвестициялық белсенділікке әр –түрлі әсер
етуі мүмкін:
- несие – қаржылық саясат арқылы;
- өндірістің дамуы және техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар
салатын кәсіпорндарға түрлі салықтық жеңілдіктер беру арқылы;
- амортизациялқ саясат арқылы;
- шетел инвестицияларын тарту үшін жағымды жағдайлар құру арқылы;
- ғылыми – техникалық саясат арқылы және т.б.
Инвестициялық саясаттың мақсаты Қазақстан Республикасының экономикалық
және әлеуметтік дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру болып табылады.
Ол инвестициялық қызметті жандандыруға , сондай – ақ отандық экономиканы
жене қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге бағытталған.
Жалпы мемлекеттік инвестициялық саясаттан басқа салалық , аймақтық
және жеке шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық саясатын
ажыратылады. Олардың барлығы өзара тығыз байланыста болады , бірақ
мемлекеттік инвестициялық саясат анықтаушысы болып табылады.
Инвестициялық саясаттың құрылымы:
Мемлекеттік экономикалық және
әлеуметтік саясат
Мемлекеттік инвестициялық саясат
Салалық
инвести-
циялық
саясат
Аймақтық
инвести-
циялық
саясат
Жеке шаруашылық
жүргізуші
субъектілердіңинвестициялық
саясаты
Кәсіпорындағы инвестициялық саясаты оның бизнес – жоспарының
стратегиялық мақсаттарынан туындауы тиіс. Ал егер бұл жоспар болмаған
жағдайда ешқандай инвестициялық қызмет те болмайды. Бұдан бөлек
кәсіпорндағы инвестициялық саясатты жасау кезіндегі көптеген қателердің
алдын алуға мумкіндік беретін белгілі – бір принциптерді ұстануы қажет.
Кәсіпорындағы инвестициялық саясаттың келесідей маңызды принциптері
бар :
- инвестициялық саясаттың кәсіпорнның стратегиялық жоспарлары мен оның
қаржылық тұрақтылығына жетуге мақсатталуы ;
- инфляция мен тәуекел факторының есебі ;
- инвестциялардың экономикалық негізделуі (бизнес - жоспар);
- қолда бар ресурстардан туындайтын инвестициялардың маңыздылығы мен
жүзеге асыру реттілігі бойынша жобалар мен инвестицияларды ранжирлеу ;
- инвестицияларды қаржыландырудың сенімді әрі арзан қайнар көздері мен
әдістерін таңдау және т.б.
2. Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тенденциясы және инвестицияларды

Мемлекеттегі экономикалық дамудың позитивтік процесі инвестициясыз
мүмкін емес. Негізгі капиталдағы инвестициялар әрбір елдің, әсіресе
Қазақстан сияқты өтпелі елдердің әлеуметтік – экономикалық дамуының
перспективаларын анықтайды.
Қазақстан экономикасының дамуы көптеген кәсіпорындарының қайта
жандандырылуын және құрылуын, сондай – ақ қазір жұмыс істеп тұрған
өндірістік инфрақұрылымның жаңартылуын талап етеді. Бұл, өз кезегінде
еліміздегі инвестиция көлемінің едәуір көтерілуін ғана емес, сондай – ақ
олардың тиімді қолданылуын талап етеді. ҚР агенттігінің көрсеткіштері
бойынша статистикада инвестицияның үлкен бөлігі мұнай газ секторына
бағытталғанын көрсетеді: 2000ж – 42%, 2003ж – 86%, 2004ж – 96%. Жалпы отын
энергетикалық кешеніне 2015ж – ға дейін 74млрд. доллар инвестиция
бөлінеді.
Қазба байлықтарын қолдануға 2003ж бөлінген инвестицияның көлемі
6,1млрд. доллар, оның ішінде шетел инвестициясы – 5,2 млрд. доллар, ал
отандық – 885млн. долларды құрайды. Бүгінгі таңда республикамыздағы қазба
байлықтарының дамуының негізгі инвесторы АҚШ, Нидерланды, Оңтүстік Корея,
елдеріндегі компаниялар болып табылады. Басқа елдердегі инвестиция 2
пайыздан аспайды. Қазіргі танда Қазақстандағы инвестициялық жұмыстардың
ішінде бірнеше негізгі тенденцияларды көрсетуге болады.
1. Қазақстан кеңестік заманнан кейінгі шетел капиталдарының
негізгі мемлекет – реципиенті, инвестиция көлемі бойынша Шығыс Еуропа және
ТМД елдері арасында Венгриядан кейін 5 – ші орын алады. Сарапшылардың
бағалауы бойынша Қазақстан 2003 ж. Орталық Азияға түскен тікелей
инвестицияның 80% алған, ал Бүкіләлемдік Банк Қазақстанды инвестиция
көлемін көп тартушы ретінде әлем елдерінің жиырмалығына енгізді. Сонымен,
орташа есеппен жылына 1млрд. доллар инвестиция алатын 200 әлем елдерінің 50
– шісі болып Қазақстан тұрады.
2. Қазақстан инвестиция көлемі бойынша алдағы елдердің
қатарында болуына қарамастан, түсіп жатқан шетел капиталдары әлде де
жеткіліксіз. 2002ж республика экономикасына 20 млрд. доллар құйылған.
ТМД елдеріне тікелей шетел инвестицияларының көлемі.
1999ж. 2000ж. 2001ж. 2002ж. 2003ж. 2004ж
Әзербайжан 627 1115 1023 510 130 227
Армения 18 52 232 130 133 140
Беларусь 105 352 203 444 90 169
Грузия 45 243 265 82 131 160
Қазақстан 1137 2107 1233 1468 1278 2760
Қырғызстан 47 83 109 35 19 -
Молдова 24 79 74 37 138 150
Ресей 2479 4865 2761 3309 2714 2540
Тәжікстан 16 4 30 21 24 -
Түркменстан 108 108 64 80 100 -
Өзбекстан 55 167 140 121 73 71
Украина 521 624 743 496 595 772
2003ж. ҚР статистика агенттігінің көрсеткіштері бойынша шетел
инвес-тициясы 300, 3млрд. теңге, яғни 2млрд. долларды құраған, бірақ ол
жалпы инвестицияның 25 % құрайды. Инвестиция көлемінің азаюы кредиттердің
проценттері, сондай – ақ 2003 жылдың 1-ші жартысындағы мұнайдың төлем
бағаларымен байланысты.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі республика экономикасындағы шетел
инвестицияларының жалпы қоры 14 млрд. доллар. Республиканың шетел
инвестициясына деген әр жылдың қажеттілігі сарапшылардың бағасы бойынша 4-5
млрд. доллар болып табылады.
3. Тікелей инвестициялаудың барлық операцияларында алыс шетел-
дердегі резидент емес адамдардың қатысы бар. ҚР экономикасын инвестициялау
көлемі бойынша көшбасшылық орынды – АҚШ – 36% жоғары, Ұлыбритания - 17% ,
Италия – 12,8 % алады. Инвестор елдердің бірінші ондығына Оңт.Корея, Қытай,
Канада, Нидерландия кіреді.
Соңғы уақытта Қазақстанда мұнай – газ саласына Газпром және
Лукойл сияқты ресей компаниялары едәуір активтендірілген.
Алматы қаласындағы өткен Саммитте Ресей президенті Путин былай
деді: Ресейдің Қазақстанмен қарым – қатынасы газ секторына байланысты
болады.
Инвестицияның көптен құйылуын АҚШ, Ұлыбритания, Италия
Қазақстандағы мұнай газ секторына үлкен қатысымен түсіндіреді. Американдық
инвесторлар энергия өндірісіне, азық-түлік өндірісіне, кен шығаратын
өнеркәсіптерге қатысы бар.
4. Тікелей инвестицияның республикаға тартылуының негізгі формасы
– біріккен кәсіпорындар болып табылады. Бірақ шетел инвестициялы
кәсіпорындардың санының көбеюі республика экономикасының жақсаруына әсері
өте аз. Жалпы ішкі өнім құрамында мұндай кәсіпорындардың өнімдері мен
ұсыныстары 1 % - ды құрайды.
5. Шетел инвестициясының көп көлемі кен өндіретін өнеркәсіп
орындарындағы құрал жабдықтарды бағытталады. 1993ж мен 2003ж аралығында
республика экономикасына түскен шетел инвестициясының жалпы қорының 65,5 %
- і кен өндіретін өнеркәсіп орындарына, әсіресе 56,5 % - і мұнай газ
секторына бағытталған, өңдеу өнеркәсіп орындарында 12,4 % құрады.
Мұнай және газ өндіруге шетел инвестицияларының көптеп құйылуы
Теңіз, Шығыс Қашаған, Қарашығанақ орындарындағы инвестициялық жобаның іске
асырылуын жалғастырумен түсіндіріледі.
6. Сонымен қатар ішкі инвестиция көбейіп, шетел инвестиция көлемі
қысқарды. Егер 2000жыл мен 2001жылды қаржылық емес активтері едәуір көлемде
шетел инвестицияларына бағытталған болса, онда 2002ж ішкі инвестицияның
көлемі 69,5% құраған.
Бұл Қазақстанның әлемдік қаржы нарығына тәуелділігінің
азайғанын көр-сетеді. 2002ж инвестициялық жобаларды қаржыландыру жеке
есептен және тар-тылған қаржылардан болған, оның ішінде шетел инвестициясы
27,2% - і құраған.
Орташа уақытты перспективада сарапшылардың бағасы бойынша
инвестицияның негізгі көлемі бұрынғыша әкономикада шикізат секторын
ұйымдастыруға және кәсіпорындардың негізгі құрал жабдықтарына құруға
бағытталады.
Орталық Азия – Центр газ – транспорттық системаны күрделі
құрылыс және жөндеуге арналған 2002-2010 жылдық жоспардың жобасына ағымдағы
инвестициядан жалпы көлемі 1,5 млрд. доллар ақша бөлінуін қарастыруда.
7. Инвестицияны қаржыландыру құрылысының динамикасы мемлекет
бөлшегінің жоғарылағанын көрсетеді.
2004ж . инвесторлар негізгі капиталға 1193 млрд. теңге құйған,
оның ішінде мемлекеттік инвестиция 99 млрд. теңгені құраған және ол алдыңғы
жылдардағыдан 25,6 пайызға жоғары.
Егерде мемлекет өзінің дамуы жағынан дамыған елдерден қанша қалық
болса, экономиканың әрбір саласындағы инвестициялық жұмысты қолдау және
бақылауда мемлекеттің ролі соншалықты жоғары болу керек.
8. Инвестицияның жалпы көлемінің 25 % - ын кредиттік ресурстар
мен халықаралық ұйымдардың қаржылары, 50 % - ын шетел инвестициясы, 1 % -
ға жуығын портфельдік инвестициялар құрайды.
Сонымен акционерлік компаниялардың акцияларын және облигацияларын
сатып алу формасында болатын сыртқы қаржыландырудың бір түрі болып
есептелетін портфельдік инвестиция - шетел инвестициясының мұндай формасы
біздің елімізде өзінің қолданатын орнын тапқан жоқ. Портфельдік инвестиция
Қазақстанға жеке жобаларды жекешелендіруде шетел инвестицияларының қатысуы
арқылы қаратылған.
2.2. Қазақстандағы инвестициялық саясаттың динамикасы мен құрылымы
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 22 млрд. долларға жуық сомасында өзіне
тікелей шетелдік инвестицияларды тартты. Біздің республикамыз ТМД елдері
арасында халықтың жеке басына шаққандағы ТШИ-лары бойынша ең жоғары
деңгейді көрсетіп отыр.
Әлемдік банк Қазақстанды инвестиция үшін тартымды 20 ел қатарына қосып
отыр. Қазақстандағы ТШИ-ның сандық және сапалық көрсеткіштері оларды тарту
тиімділігі мен қолдануды кешенді талдауды қажет етеді.
Қазақстанда 2003 жылы ТШИ-дың жалпы құйылуы 4 595,7 млн. долларды құрады.
ТШИ-лар екі негізгі ұйымдық-құқықтық формада жүзеге асырылады:
• Еншілес фирмалар мен филиалдарды құру;
• Меншік үлесі аралас кәсіпорындар құру, сол сияқты бірлескен
кәсіпорындар
ТШИ-ларды тартудың тиімді формасы бірлескен кәсіпорындар болып табылады.
2003 жылдың басында Қазақстан территориясында шетелдік капитал қатысуымен
5300 кәсіпорын қызмет етті. Бірлескен кәсіпорындар құруда ең белсенді
серік – ел Ресей Федерациясы, Германия, Ұлыбритания, Иран, Қытай, Түркия,
АҚШ т.б., ал белсенді тікелей инвестор-елдер АҚШ, Швейцария, Нидерландия,
Ұлыбритания, Италия т.б. болып табылады. Жапонияны ерекше атап өту керек,
себебі ол басқа елдерге қарағанда көбіне инфрақұрылым (мыс, Иртыш арқылы
көпір құрылысына, жолдарды жөндеуге т.б.) объектілерін инвестициялайды.
ТШИ-ларды тарту және тиімді пайдалану мемлекетпен жүргізілетін
инвестициялық саясатқа және қалыптасып жатқан инвестициялық климатқа
тікелей байланысты.
ҚР-ның инвестициялық саясаты ұзақ мерзімді болашақта экономиканың
құрылымдық өзгерісін анықтайтын дамудың ұлттық экономикалық (оның ішінде
сыртқы экономикалық) стратегиясынан шығады.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның инвестициялық саясатының негізгі
бағыттарының бірі:
1) Экономиканың өсуінің, оның әлеуметтік бағдарлауын күшейту мақсатымен
инвестиция тиімділігін жоғарылату
2) Техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруды сәйкесінше үдемелі
жүйелер енгізумен тездету
3) Экономиканың басты салаларына өзара тиімді негізде ТИШ-ларды тарту
4) Инвестициялық климатты жетілдіру және басқалар
Қазақстандағы ТШИ-лар көбінесе шикізатқа бағытталған, ол ТШИ құрылымы
динамикасында көрсетілген. ТШИ-лардың үлкен үлесі тау-кен өнеркәсібіне
келеді: 2001 ж. - 67,8%, ал 2002 ж. – 51,72%, 2003 ж. – 47,61%-ды (олардың
ішінде ТШИ-лардың 46%-ы шикі мұнай мен табиғи газды өндіруге келеді)
құрады.
Инвестицияларды шетелден тартудың себебі ішкі рыноктың кеңею кезіндегі
капитал қажеттігі болып табылады. Оны тиімді пайдаланса, ол экономикалық
өсу мен өндірісті жаңартудың маңызды көзі болады. Инвестициялар сыртқы
қарызды көбейтпейді, олар жұмыс орындарының көбеюіне, жаңа
технологиялардың келуіне, ұлттық өндірісті модернизациялауға, сыртқы
экономикалық тиімді байланыстарды орнату процесінжылдамдатуға әсер етеді.
Инвестор-компания шетелдік компанияның бір бөлігін иемдену құқығының орнына
технологияларды, маманданған кадрларды және рыноктарды беруі мүмкін.
Инвестициялық саясат елдің экономикалық стратегиясының маңызды
элементі болып табылады және ол оның мақсатымен, мәселелерімен анықталады.
Шетелдік инвестицияларды тарту келесі мақсаттарға жету үшін қажетті жағдай
болып табылады:
- барлық мұнай саласын қайта жарақтандыру, жаңа өңдеу технологиясына өту,
мұнайды өңдеу үшін қажетті базаны қамтамасыз ету;
- мұнай өнеркәсіптерін аумақтардың инфрақұрылымдық әлеуметтік және
өндірістік даму жобасын іске асыру;
- оның буындарының даму базасын қамтамасыз етуге.
ҚР-ның статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 1993-97
жылдар арасында Қазақстанға 15,6 млрд. долл. сомасында шетелдік капитал
тікелей инвестиция, коммерциялық несие, халықаралық қаржы ұйымдарының
қарыздары және бағалы қағаздардың портфелі түрінде тартылды.
Шетелдік компаниялардың инвестициялық қызметінің бірінші этабында
(1992-1993 ж.ж.) аз ғана жарғылық капиталымен үлкен мөлшерде бірлескен
кәсіпорындар құрыла бастады. Екінші этабында (1993-1995 ж.ж) экономиканы
либерализациялау нәтижесінде қазақстан экономикасының маңызды салаларына
шетелдік инвесторлар кіре бастады. Үшінші этап барысында және қазіргі (1995-
2004 ж.ж.) шетелдік капиталды тарту кезінде ірі кәсіпорындар
жекешелендірілді.
Тікелей шетелдік инвестициялардың ең көп тартылған кезі 1993 және 1997
жылдар болды.
Инвестиция құрылымында 49% - тікелей шетелдік инвестицияларға, 1%
-портфельді инвестицияларға, 28% - несие құралдарына, 22% - халықаралық
қаржы ұйымдарының қарыздарына келеді.%%
Тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың тиімділігі белгілі. Оларды
тиімді, орынды пайдалану кезінде олар ұзақ мерзімді бюджетке ауыртпалығын
түсірмей, ол Қазақстанның экономикасы үшін маңызды өндірістерді
инвестициялау үшін айтарлықтай қаржы ресурстарын алуға мүмкіндік береді.
Мысалы, ҚР-ның Мемстатком-ының мәліметтері бойынша 1997 жылдың 1
қаңтарында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz