Төзімділік, төзімділікті арттыру әдістемесі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Төзімділік, төзімділікті арттыру әдістемесі.

Төзімділік (қарсылық) - организмнің сыртқы ортадағы әртүрлі (химиялық, физикалық, биологиялық) әсеріне төзімділігі[1] . Ол әр организмнің ерекшелігіне, олардың өмір сүру жағдайына байланысты. Төзімділік тәнді және тәнсіз болып бөлінеді. Тәнсіз төзімділік - организмнің табиғаты әртүрлі ауру қоздырғыштарға, ал тәндісі тек белгілі бір агентке білдіретін қарсылығы. Төзімділік тууына көптеген торшалық, қандық, гендік зат алмасу, жұқпалы ауруларға қарсы табиғи және жасанды қарсылық факторлары катынасады.

Төзімділік - материалдар мен құрылғының бағытын өзгертіп тұратын күштің әсеріне қарсылық жасау қабілеті.

Төзімділікті тәрбиелеу . Оқушы ағзасының дене жаттығулары ұзақ уақыт орындай алу және шаршауға қарсы әрекет жасай алу қабілеті. Төзімділікті дамытуда екі жолды мақсаттайды. Олар: жалпы және арнайы. Жалпы төзімділік белгілі бір дәрежеде баскетболшы ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттыра отырып, арнайы дайындық, оның ішінде арнайы төзімділіктің негізін құрайды. Арнайы төзімділік үйірмеде оқушылардың барлық мүшелері мен жүйелерінің дайындығымен анықталады. Және ол ұзаққа созылатын ойын әрекеттерінде тәсілдік-тактикалық амалдарды тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Оқушының баскетбол спорт түрінде жалпы төзімділігі мына бағытта тәрбиеленеді:

а) жалпы жұмыс істеу қабілетін дамытатын жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелерінің функционалды мүмкіндіктерін кеңейту;

б) оқушылардың тірек-қозғалыс аппаратын бекіту;

в) машықтану жұмыстарының пайдалы көлемін арттыруға алғышарттар жасау;

г) арнайы төзімділіктің дамуына әсер ету.

Арнайы төзімділікті дамытуда біріншіден, арнайы машықтану төзімділігін баскетболшы көлемі жағынан жарыс жүктемелерінен жоғары қарқынды жүктемені көтере алатындай етіп арттыру, екіншіден, осы сатыда барынша мүмкін болатын жарыс төзімділігіне қол жеткізу қажет.

Спорттық үйірмеде жалпы төзімділікті дамыту үшін циклді сипаты бар жаттығулар (кросс, жүзу) бір қалыпты, үлкен және ауыспалы қарқынды, аэробты бағыты бар жаттығулар қолданылады. Баскетболшы үшін жалпы және арнайы төзімділіктің маңызы зор. Оларды дұрыс бірізді, жылдам жаттықтыру сатыларына сәйкес дамыту қажет.

Сонымен оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде спорттық машықтандыру ілімі мен тәжірибесінде жылдамдық, иілгіштік, күштілік, төзімділік және ептілік қасиеттері қарастырылды. . Оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекетіне жасалған талдау ойынның жоғары жылдамдықпен және шапшаң қимылдармен, аялдаулармен, айналулармен орындалатын жылдамдық-күштілік әрекеттерінен құрылатындығын көрсетеді.

Еліміздегі балалар мен жасөспірімдер гигиенасында, денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты - қандай да бір спорттық нәтижелерге жету емес, жоғары деңгейдегі денсаулық көрсеткішіне жету. болып табылады. Бұл мақсат жеке адамдармен қатар, жалпы қоғамның мүддесіне де сәйкес келеді. Көпшілік қауым баланың чемпион титулына талаптануына тиым сала алмайды, бірақ оны денсаулығына әсер ететін қауіптен қорғауға міндетті.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін, денешынықтыру тәрбиесінің міндеттері оның жетістіктеріне байланысты біршама өзгертілді және әлі де өзгертілуде. Жастардың әлеуметтік іс-әрекеттерге жарамдылығы негізінде жүргізілген есептеулер бойынша бұл өзгертулердің тиімділігі өте көптеген факторларға байланысты.

Денешынықтыру тәрбиесінің негізгі міндеттеріне: денсаулықты нығайту, функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімі дамуының үйлесімділігін жетілдіру; қимыл-қозғалыс дағдыларын, бұлшық ет күшін дамыту; жылдамдық, төзімділік, ептіліктің негіздерін құрып, жетілдіру; еркіндік пен тәртіп саласын дамыту; гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу; т. с. с. жатады.

Денешынықтыру тәрбиесін салауттандырудың тиімділігін төмендегі жағдайлардан көруге болады: организмнің қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі артады; өсу мен даму процесстерінің жақсаруына жағдай жасайды; жылуреттеуші механизмдер жетіледі; организмнің салқын тигеннен пайда болатын ауруларға қарсы төзімділігі жоғарылайды т. б. ;

Адам эволюциясы қимыл-қозғалыс белсенділігімен үзбей байланыста болады. Қимыл-қозғалыс тіршіліктің белгісі және организмнің биологиялық қажеттілігін қамтамасыз етудің, әлемді танып, білудің құралы. Қимыл-қозғалыс белсенділігі дегеніміз - белгілі уақыт аралығындағы дене қозғалыстарының жиынтығы.

Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік, баланың өмірге алғаш келген күнінен бастап пайда болады, бірақ, ол әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Тіршілік жағдайы мен тәрбие жүйесі тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігін шұғыл төмендетіп, не болмаса, жоғарылатып жіберуі мүмкін. Ол ерте жаста биологиялық (генетикалық) механизммен ал одан кейінірек, ересек жастарда әлеуметтік механизм бойынша реттеледі.

Бірақ казіргі кезде денешынықтыру тәрбиесінің өсіп келе жатқан жастардың тілегі мен мүмкіндіктерін ескеретін, көптеген жаңа түрлері пайда болып жатыр. Бұлар, спорт-тық билер, ырғақты гимнастикалар "аэробика", қытай гимнастикасы "ушу" және т. б. Олардың көбі, өзінің жаңалығымен, қолайлылығымен арнаулы бөлмелер мен арнаулы құралдарды қажет етпейді. Сондықтан денешынықтыру тәрбиесінің қосымша түріне қатал регламентация сақталмаса да болатын сияқты. Олардың негізі еркін таңдау, қолайлылық және формалды түрде болмауы керек.

Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінде оқытудың үш тәсілі кеңінен қолданылып жүр: қатал регламентация тәсілі, ойындар және жарыстар өткізу.

Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінің әрбір жас топтарына және мекемелердің типтеріне қарай бөлінген мемлекеттік бағдарламасы бар. Бағдарламалар балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің төменде көрсетілген типтеріне арнап өңделген: балалар бақшасы; жалпы білім беретін мектеп; кәсіпттік - техникалық білім беретін мекеме; балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебі.

Санитарлық дәрігер мектеп жасына дейінгі балалардың денешынықтыру тәрбиесіне баға беру үшін төмендегі үлгі бойынша тексеру жүргізеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл атлетика спорты түрлері және классификациясы
Жылдамдық және оны дамыту әдістері
Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту әдістемесінің негіздері
Күш сапасын бақылау
Дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі рөлі
Балуандардың дене сапаларын тәрбиелеу әдістемесі
Киокушинкай каратэ спортшылары үшін дене шынықтырудың маңызы
Дене тәрбиесінің сабақ жоспары
Жас футболшыларда жалпы төзімділікті тәрбиелеу
Дене тәрбиесінің құралдары мен жаттығулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz