Табу және эвфемизмдер


ТАБУ ЖӘНЕ ЭВФЕМИЗМДЕР
Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталады. Қараңғылык пен діншілдік құрып тұрған өткен замандарда адам баласы өмірді жете таный білмеу салдарынан, зат пен оның атауының арасында табиғи байланыс бар деп жансақ түсінушілік болған. Адамзат өзі тудырған кейбір создерді күнделікті түрмыста өз атымен атамай, басқаша атауға мәжбүр болған. Мұндай тыйым салынган сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі. Бүл әдет түрік халықтарының тарихында кең тарағанқ. Қазақ халкының революцияга дейінгі тұрмысында да бұл сияқты соқыр сенім бірқыдыру өмір сүріп келгсндігі аян. Осындай тарихи оқиғаның нақтылы бір айғағы (көрінісі) ретінде мынадай бір аңыз әңгімені келтіруге болады.
\Аталардың аты:
Баяғыда Аюбай, Түлкібай, Итбан деген үш ағайынды адам өмір сүріпті. Булардың отырған ауылы терең сайдың ішінде екен. Қүндердің бір күнінде ағайынды ақсақалдар үйде әңгіме дүкен құрып отырады Бір кездс ауылдың иттсрі жабылып үріп шулап коя береді. ‘Төрдегі ақсақалдардың бірі босаға жақта күйбеңдеп жүрген келінге:- Шырағым, иттер неге үріп кетті, байқап келші, - деп жұмсайды. Келін жүгіре басып далаға шықса ауылдың арт жағында үлкен бір аю түлкіні қуалап барады екен де, итт ер соған үріпті. Үйге қайта енбек болган келін кенет “Япыр-ау, мұның бәрі аталардыц аты ғой, калай айтсам екен деп қысыла-қысыла ішке енеді - Иә, балам, иттер неге үріпті деп сұрайды ақсақалдың бірі. Сасқалақтаган келін:-Ауыл сыртындағы аршалы бетте атакем тэкемді зыттыра куып бара жатыр екен, осы ауылдағы жэкемдердң бәрі соларға қарай үріп жүр, - депті (“Қазақстан әйелдері”, 1967, № 7, 27-бет) .
ескі әдет-ғұрпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған-туыстарын өз атымен атамайтын болган. Солардың әрқайсысына лайықтап (жолына, жасының үлкен-кішісіне қарай) өз тұсынан басқадай ат коюға мәжбүр еткен. Мысалы: кызға қарап көз, бикеш, шырайлым, еркежан десе, ұлға кекілдім, айдарлым, шырақ, тетелес, мырза жігіт, төре, мырза аға, би аға делінген. Егер аты дөрекілеу болса, иттеріс деп те атаған. Сол тәрізді ата-ене, абысын-ажын, кайын аға қайын жұрт, нағашы, жиендерге дейін шетінеи ат қойып шығатып болған. Қелін ат қойғанда кездейсоқ түрде емес ат қоятын адамдардыц мінез-құлқын, тұр-тұрпатын, өнер-талабын жан-жақты тексеріп, түрлі касиеттеріне қарай сәйкестендіріп атаған. Мәселен, тете емес кайнысын т етелес деп атамаған тұлым қоймаган қайнысын тұлымдым демеген. Жасы үлкен адамдардың аттары басқа зат атауларымен аттас болып келсе, онда келін оларға да басқаша жаңа ат ойлап табатын болған. Мәселен, Жылкыбан болса мінгіш деп, Қойшыбай болса - аз бан деп, Бүркітбай болса - үлкен құс деп, Тышқанбай болса- қаптесер деп, Қарабай болса - баран деп, Ақберген болса- шаңқан деп атайтын болған. Ауылды жерде әлі күнге дейін ескі салт-сананың сарқыншақтары жасы мосқал тартқан адамдардың арасынан там-тұмдап болса да кездесіп қалады. Бұлар қазір кедесе калса, ескі ырым, діни ұғым бойынша емес, халықтың этикалық, эстетикалық калыптасқан көне нормасы түрінде жұмсалады. Ұят сақтап, сыпайыгершілік білдіру иба, рәсім ретінде қолданылады. Демек, табудың бұл түрінің мән-мағынасы түбірімен өзгерген, көнеріп, бір жола күнделікті колданыстан шыққан деуге болады.
Қазақ тілінде табудың енді бір түрлері табиғаттың дүлей күшімен, адамды опат қылатын ауру аттары мен қаскүнем жыртқыш аң-жәндіктермен тікелей байланысты шыққан. Мәселен, революцияға дейінгі казақ аулында жай түсті десек, “адамға кырсығы тиюі мүмкін” деген наным бойынша, оны жасыл деп атайтын болған. Шешек ауруының атын атасақ, “жұғады”, “жабысады” деген сенімге байланысты шешек ауруының атын тура ата-май, әулие, қорасан, мейман, қонақ, деп өзгеше атаған. Қасқырды қ аскыр деп атасақ, естіп қойып, “малымызға шабады” деп қорқып, оны итқүс, қара қүлақ, серек құлақ, ұлыма деп атайтын еді. Жыланды да жылан десек, “келіп шағады” деп үрейленіп, оны түйме, қамшы, үзын құрт деп айтқызған. Ұры алған, жоғалған малды ұ рланды десек, “мүлдем табылмай кетуі мүмкін” деген сеніммен қолды болды деп айт дейтін. Мал сауылып бітті дегеннің орнына мал байыды, кун батты дегеннін орнына күн айыды, жиналған адамдар кетейік, қайтайық дегеннің орнына к өбейейік деп айтуды әдетке айналдырған еді. Соның нәтижесінде осы ұғымдарға катысты бірнеше синонимдер пайда болған. Бұлар белгілі контекстте әр түрлі стильдік мән тудырады.
затты, құбылысты өз атымен тура атамай, басқаша атау мен атау тек табумен ғана байланысты емес. Сөздің ұғымы дөрекілеу қолайсыздау, көңілге тиетіндеу болып келген жағдайда да тілде бір сөз бір сөзбен алмастырыла береді. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер келіп басады. Мұндай құбылыс тіл білімінде эвфемизм деп аталады. Эвфемизм табу сияқты үрейленуден туған соқыр сенімге негізделмейді, сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді. Демек, қазіргі кездегі қолданылып жүрген эвфемизмдер өскелең халқымыздың бүгінгі таңдағы қалыптасқан этикалық және эстетикалық нормасының күнделікті көріністері деп есептеледі. Сондықтан табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен шатыстыруға болмайды. Екеуі екі түрлі мақсаттан шыққан.
Қазақ тілінде эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудың мынадай жолдары бар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz