Бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны



1 Инфляция
2 Жұмыссыздық деңгейі
3 Халықтың жұмыспен қамтылу
4 Жұмыссыздық және жұмыспен қамтамасыз ету
Инфляция дегеніміз – бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпты қалады, ал кейбір бағалар төмендейді. Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Жалпы базалық мерзім баға индексі арқылы анықталады.
Қысқа мерзімдегі инфляцияны айта кететін болсақ:
1. Ақшаның өсуінен инфляция және өнім жоғары болады, алайда инфляция ақшаға қарағанда азырақ арытады.
2. Келешектегі инфляцияның өсуі инфляцияның өсіп, өнімнің азаюына түрткі болады.
Осы орайда қысқа мерзімді инфляцияға және өнімге әсері бар елеусіз факторларды да ескере кетелік:
1. Жиынтық ұсыным қисық сызығын жоғары жылжытатын сұраным механизмінің бұзылуынан инфляция өсіп, өнім азаяды.
2. Келешектегі инфляцияның өсуі жиынтық сұраным қисық сызығын жоғары, оңға қарай жылжытады.
Инфляция мен өнім аралығындағы мұндай кері қатынас-келешектегі инфляциядағы өзгерістерге байланысты жиынтық ұсыным қисық сызығы жылжуының нәтижесі. Мұндай кері қатынасты стагфлация дейді. Өнім төмендесе немесе өспеген жағдайда инфляция өссе, мұндайда стагфлация орын алады.
Инфляцияны тұрақтандыру біршама уақытты қажет етеді және жұмыссыздықты туындатады. Өйткені бұл жалақыны өзгерту үшін қажет. Табыстар саясаты заң негізінде немесе сендіру арқылы жалақы мөлшерін жедел өзгертуді көздейді. Табыстар саясаты жалақы мөлшерін қысқартуға тырысады және бағаны тікелей әрекет ету арқылы көбейтеді. Үкімет жалақы мен бағалар реттелуі тиіс немесе жұмысшылар мен кәсіпкерлерді жалақы мен бағаны баяу, басқаша жолмен көтеруге балады деп сендіреді. Табыстар саясатын жұмыссыздықты тудырмай, инфляцияны төмендетуі сонымен бірге жүргізілетін жиынтық сұранымды төмендету шараларына байланысты. Инфляцияны тікелей тәсіл қолдану арқылы бақылау қиынға соғады. Қиындық экономикадағы жалақы мен баға механизмі әрекет еткендегі өзгеруіне байланысты болады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Инфляция дегеніміз – бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл
жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір
бағалар бір қалыпты қалады, ал кейбір бағалар төмендейді. Инфляция
баға индексі арқылы өлшенеді. Жалпы базалық мерзім баға индексі арқылы
анықталады.
Қысқа мерзімдегі инфляцияны айта кететін болсақ:
1. Ақшаның өсуінен инфляция және өнім жоғары болады, алайда инфляция
ақшаға қарағанда азырақ арытады.
2. Келешектегі инфляцияның өсуі инфляцияның өсіп, өнімнің азаюына
түрткі болады.
Осы орайда қысқа мерзімді инфляцияға және өнімге әсері бар елеусіз
факторларды да ескере кетелік:
1. Жиынтық ұсыным қисық сызығын жоғары жылжытатын сұраным
механизмінің бұзылуынан инфляция өсіп, өнім азаяды.
2. Келешектегі инфляцияның өсуі жиынтық сұраным қисық сызығын
жоғары, оңға қарай жылжытады.
Инфляция мен өнім аралығындағы мұндай кері қатынас-келешектегі
инфляциядағы өзгерістерге байланысты жиынтық ұсыным қисық сызығы
жылжуының нәтижесі. Мұндай кері қатынасты стагфлация дейді. Өнім
төмендесе немесе өспеген жағдайда инфляция өссе, мұндайда стагфлация орын
алады.
Инфляцияны тұрақтандыру біршама уақытты қажет етеді және жұмыссыздықты
туындатады. Өйткені бұл жалақыны өзгерту үшін қажет. Табыстар саясаты
заң негізінде немесе сендіру арқылы жалақы мөлшерін жедел өзгертуді
көздейді. Табыстар саясаты жалақы мөлшерін қысқартуға тырысады және
бағаны тікелей әрекет ету арқылы көбейтеді. Үкімет жалақы мен бағалар
реттелуі тиіс немесе жұмысшылар мен кәсіпкерлерді жалақы мен бағаны
баяу, басқаша жолмен көтеруге балады деп сендіреді. Табыстар саясатын
жұмыссыздықты тудырмай, инфляцияны төмендетуі сонымен бірге жүргізілетін
жиынтық сұранымды төмендету шараларына байланысты. Инфляцияны тікелей
тәсіл қолдану арқылы бақылау қиынға соғады. Қиындық экономикадағы
жалақы мен баға механизмі әрекет еткендегі өзгеруіне байланысты болады.
Инфляция мөлшерін қысқартудың екі негізгі стратегиясы бар. Градулистік
стратегия инфляция деңгейін баяу, ешбір құлдыраусыз азайтуды көздейді.
Ал салқын сәтсіздік стратегиясы ақшаның өсу деңгейін ешбір
кедергісіз, тез арада кемітуді мақсат етеді. Үкімет үшін екінші
стратегияны қолдайды.
Инфляция және өнім деңгейі жиынтық ұсыным және сұраным қисық
сызықтарының қиылысуымен анықталады. Қысқа мерзімді ақша өсуінің
мөлшеріндегі өзгерістер өнімге де, инфляцияға да әсер етеді. Ұзақ
мерзімді ақша өсуінің мөлшеріндегі өзгерістер тек инфляция деңгейіне
әсерін тигізеді.

Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының
ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз
түрінде). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен
экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды.
Жұмыссыздық деңгейін былай есептейді:
Жұмыссыздық деңгейі = _Жұмыссыздар саны * 100______
Жұмыс
күшінің жалпы саны
Статистика агенттігі есептейтін тағы бір статистикалық көрсеткіш, бұл
пайыз түріндегі жасы үлкен тұрғындар санының жалпы жұмыс күшіндегі
үлесі:
Жасы үлкен тұрғындар санының үлесі =
_Жұмыс
күшінің жалпы саны* 100
Жасы үлкен тұрғындар саны
Толық жұмысбастылық ұғымына келетін болсақ онда ең алдымен мен үш түрімен
таныстырғым келеді.
Уақытша жұмыссыздық Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет
түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде жұмысаралық жағдайда
қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын
іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша
жұмыссыз болады. Сонымен қатар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп
жүрген адамдар санаты болады.
Құрылымдық жұмыссыздық Уақытша жұмыссыздық ақырындап Құрылымдық
жұмыссыздық деп аталатын екінші санатқа ауысады. Экономистер
құрылымдық терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе
технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына
еңбек күшін жиынтық сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Уақытша
және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес. Уақытша
жұмыссыздарда сатуға болатын тәжірибе бар, ал құрылымдық
жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өту
керек. Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді, ал құрылымдық жұмыссыздық
ұзақ мерзімді, сондықтан ол қауіпті болып саналады.
Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық
шығындардың жетіспеушілігі мен сипатталатын кезеңде пайда болады.
Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық
төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде
сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп атайды.
Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес, Экономистер
уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды, осыдан
толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100%- нан аз бөлігін қамтитын
жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық
кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық
деңгейлерінің қосындысына тең.

Халықтың жұмыспен қамтылу-Экономикалық тұрғыдан белсенді халық. Бұл жұмыс
күші деуге де болады. Себебі тауарлар және қызмет көрсету өндірісі үшін
жұмысшы күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, экономикалық тұрғыдан белсенді
халықты өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі болып табылады.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына экономикалық қызметтің
барлық түрлерінде жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар кіреді.
Жұмыспен камтылған (жұмыс ісейтін) халық- жұмыспен қамтылуына қарай
жалданып жұмыс істейтін немесе өз бетінше жұмыспен айналысатын
қызметкерлерге жатқызылуы мүмкін тиісті жастағы барлық адамдар.
Жұмыссыздарға-халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігін өлшеу үшін
белгіленген жастағы, қаралып отырған кезең ішінде бір мезгілде үш
негізгі критерийге жауап беретін адамдар жатады: жұмыссыз болды (табысты
жұмысы болмады), оны іздеумен белсенді айналысты, белгілі бір кезең
ішінде жұмысқа кірісуге әзір болды.
Жұмыссыздық деңгейі-экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы
жұмыссыздар санының пайызбен өлшенген үлесі.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы тіркелген
жұмыссыздардың үлесі – жұмыспен органдарында тіркелген жұмыссыздардың
санын экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына бөлу мен
анықталады.
Жұмыспен қамтудың уәкілетті органдарына жұмысқа орналасу мәселелері
бойынша барған азаматтар саны - әр түрлі себептермен басқа немесе
қосымша жұмыс іздеп жүрген жұмыспен қамтылған адамдарды қоса, жұмыспен
қамтудың уәкілетті органдарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша
барған азаматтардың жалпы санын сипаттайды.
Жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны-жұмыспен қамту мәселелері
бойынша уәкілетті органдардың жәрдемдесуімен жұмысқа орналасқандар
саны.

Жұмыспен қамтылған халықты экономикалық қызмет түрлері бойынша бөлу
Экономикада жұмыспен
қамтылғандар, барлығы соның 1999 2000 2001 2002
ішінде
Ауыл шаруашылығы аң аулау және 1335,4 1940,7 2366,3 2366,7
орман шаруашылығы
Балық аулау және балық өсіру 6,9 7,5 13,1 13,5
Өнеркәсіп соның ішінде: 904,5 855,2 830,4 824,0
Кен өндіру 129,0 136,8 166,5 167,3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұсыныс немесе шығындар инфляциясы
Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше
Қазақстанның инфляцияға қарсы саясаты
Қазақстандағы инфляциялық процесстер
Жұмыссыздық, инфляция
Инфляция және онымен күрес
Қазақстан Республикасындағы инфляция саясаты
ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ АҚША
Инфляция және жұмыссыздықтың өзара байланысы
Инфляция және Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты
Пәндер