Мемлекеттік аппарат туралы



М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы
Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
Өкілетті органдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Атқарушы органдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Сот билігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
3. Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған адебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Кіріспе

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты» деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі – бұл аппарат болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:
- мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары;
- мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру,
- мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі принциптерін талдап беру.
Жалпы мемлекеттік аппарат өзінің мақсаты бар және оны орындау үшін –өз құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір буынына жатады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке – жеке қарастырып өтелік.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А. Қ., Тәукелев А.Н.
Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы, ҚазМу баспа орталығы. 1999. 320б.
2. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы. 27б.
3. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті» 2004ж. 106б.
4. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа компаниясы, 2003. 328б.
5. Қазақстан Республикасының «Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақстан. 1995ж. 21 қазан. 3-5б.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы, «Жеті жарғы».
2000ж. 48б.
7. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақтан 1999ж. 15 мамыр. 3-4б.
8. Қазақстан Республикасының соттарының қысқаша тарихи кезеңдері. Зерттеу нәтижесі. //Тураби. 1/2001 10-11б.
9. Амандықов С.К. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқу құралы. – Астана. 2001ж. 348б.
10. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы. 574б.
11. Қазақстан Республикасының «Соттар және судьялардың құқықтық жағдайы туралы» Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақстан. 2000ж. 28 желтоқсан. 3-4б.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы
Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ..5
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
Өкілетті
органдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .8
Атқарушы
органдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .12
Сот
билігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
3. Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...
... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған адебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..23

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата
Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді
мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен
мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат
табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең
өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік аппараты деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары,
құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен
байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге
асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең
негізгі құрамды элементі – бұл аппарат болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету
мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар
жатады:
- мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі,
белгілері және нысандары;
- мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың
түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру,
- мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі
принциптерін талдап беру.
Жалпы мемлекеттік аппарат өзінің мақсаты бар және оны орындау үшін
–өз құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір буынына жатады. Курстық
жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке – жеке қарастырып өтелік.

1 Мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттамасы.
1.1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары.
Мемлекеттік аппарат – бұл қоғамды басқару үшін арнаулы
құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет
қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады;
мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі;
мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік
кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды
мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады 1, 48б..
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы
Заңының 2-бабында: Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар
мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және
мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де
міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет
делінген 2, 3б..
Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы
қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси
қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір
органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары,
қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде
мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады.
Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын – патшаның
билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар
парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік
бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференция, профессионализмнің өсуі.
Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес
келеді. Мемлекеттік қызмет – конституциялық негізде баянды етілетін
азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы
мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді
атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі 1, 48б..
Әдетте заң әдебиеттерінде мемлекеттік аппарат және мемлекет
механизмі түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік
аппарат – бұл мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық
функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік
органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі 3,
5б..
Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық
өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін
қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық
механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес, мемлекеттік
аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
1) тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен,
тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген
қызмет түрлері;
2) құқықтық нысандар – бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет
түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып
табылады және мемлекеттік міндетті салдарды туындатады.
Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына
мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын
дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
б) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен
байланысты қызмет;
в) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және
қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б.
байланысты қызмет 3, 22б..
Осы жерде мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттағы белгілеріне
тоқталып өтелік.
Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқарумен шұғылданатын
адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан
қорғайды).
Екіншіден, мемлекеттік аппарат органдардың және мекемелердің қиын
жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста
болады.
Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық қызметтері
ұйымдастыру және қаржы құралдарымен қамтамасыз етіледі 4, 69б..

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы
Өкілетті органдар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына мыналар
жатады:
1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру
барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы
мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім
беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда
жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік
мекемелер мен кәсіпорындар;
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін
қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары
3, 22б..
Мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға
бағытталған мемлекеттік органдардан тұрады.
Мемлекеттік орган дегеніміз – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы
және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе
мекеме.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын
қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік
органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
- мемлекеттік билік органдары;
- мемлекеттік атқару органдары;
- сот билігі.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ
ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық
тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық
алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді 1, 51б..

Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң шығару
функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы
өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі
палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан,
республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше
барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын
депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс
Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және
сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша
сайланатын алпыс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек
парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы
жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке
береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан
тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы
Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының
сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты
органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның
сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар жиырма бес
жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының
құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі
жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа отыз
жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент
негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының
бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің
үйлестіруші органдары – бюро, жұмыс органдары – тұрақты
комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент
мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент
келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді,
халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық
заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын
шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асырады 5, 3б..
Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес,
Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал
содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
1) заңдар қабылдайды;
2) республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді,
бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды,
мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып
тастайды;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының
мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті,
әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық
дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін
белгілейді;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де
көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;
7) Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін
жояды 6, 24б..
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Парламенті және
оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық Заңының 9-бабына
сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының
арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын
дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат
Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті
ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның
депутаттары ұсынады 5, 4б..
Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер
құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін
Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.
Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар
шығарады.
Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін
ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан
Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің
қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.
Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін
күшіне енеді 6, 27-28б..

2.2 Атқарушы органдар
Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда
өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы
билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі
құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы.
Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап
береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет
басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының
үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы
органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін
мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан –
Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген 1, 53б..
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық Заңның 1-
бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге
асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне
басшылық жасайды.
Үкіметті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, орынбасарлары,
Республика Үкіметінің аппаратының басшысы, Республика министрлері,
мемлекеттік комитеттердің төрағалары құрамында Республика
Президенті құрады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық Заңның 4-
бабына сәйкес, Республика Үкіметінің өкілеттік мерзімі төмендегідей:
Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-
қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында
өзінің өкілеттіктерін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы
бекітілгенге дейін Республика үкіметі өз міндеттерін атқара
береді 7, 1-2б..
Қазақстан Республикасының Конституциясының 60-бабында Үкіметтің
келесідей құзыреті берілген. Оларға қысқаша сипаттама беріп өтелік:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның
қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың
жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы
туралы есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын
қамтамасыз етеді;
3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын
қамтамасыз етеді;
4) Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар
әзірлейді;
6) Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де
орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне
басшылық жасайды;
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге
де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің
қолданылуын толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата
тұрады;
8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың
басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік құқық теориясының негіздері
Биліктің бөліну принциптері
Мемлекеттік аппараттың түсінігі
Мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы
Егемнді мемлекеттік билікпен құқықтық мемлекеттік мүшемен білдіру, егеменді билікті мемлекетпен қоса бағынуды хабардарлау түрінде себебі
Мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашу
Мемлекет аппараты, тетігі
Атқарушы билік органдарының жүйесі және құрылымдары
Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде
Конституциялық Кеңесті құжаттау және оның құжаттамасын басқару
Пәндер