Ежелгі қаңлылар
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І.ТАРАУ.ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫЛАРДЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ
1.1 «Қаңлы» атауы және Қаңлы мемлекетінің
территориясы туралы деректер ... ... ... ... ... .. 10
1.2 Қаңлы мемлекетінің саяси құрылыс және әскери
қуаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
ІІ.ТАРАУ.ҚАҢЛЫ РУЛЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 Қаңлы мәдениеті : шаруашылығы, жазу өнері,
қолөнері, музыка және би өнері ... ... ... ... ... .. 24
2.2 Қаңлы қауымының діни наным.сенімдері, әдет
ғұрып ,салт.дәстүрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... . 50

КІРІСПЕ
Қаңлы - қазақ халқының этникалық негізін құраушы көне де байырғы тайпаларының бірегейі.Бізге жеткен дәйекті жазба деректер үйсін,қаңлы тайпаларының біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырлардың өзінде-ақ атағы бүкіл Азия құрылығындағы түркі әлеміне әйгілі болғанын,қуатты мемлекет ретінде бой түзегенін дәлелдегені қашан.Алайда, “Қаңлытану” проблемасы зерттеулер ісінде толыққанды, кешенді шешімін таба алмай келеді.
Ата-баба мұраларын зерттеп тарих қойнауының тереңіндегі қасиетті сырларды шешу,жаңғырту бүгінгі ғалымдар үлесіне тиетін зор міндет.Бүгінгі Қазақстан Республикасының негізгі халқы-қазақтардың этникалық іргетасы саналған қаңлы,үйсін руларынан тұратыны белгілі.Олай болса,қаңлы тарихын зерттеу-республика тарихының іргетасын көтеретін өзекті де күрделі мәселе деп білу маңызды. «Тарих-халықтардың» қасиетті кітабы,олардың тұрмыс салты мен тіршілігінің айнасы, жан дүниесі мен әдет-ғұрпының көне естелігі,ата-бабаларының ұрпағына қалдырған өсиеті»,-деп айтқан тарихшы Н.М.Карамзиннің ұлағатты сөздер біз қарастырғалы отырған проблеманың өзектілігін аша түскендей /1/.
«Қаңлытану» проблемасының өзекті де күрделі мәселесі-Қаңлы мемлекеті және оның көшпелі түркі тайпаларының көне дәуірдегі өмірінде алған орны,өркениетті қоғам құру жолындағы атқарған игілікті істері.Шынында да,кең байтақ Орта Азияда егеменді ел болып,тәуелсіз мемлекет құрып отырған қазақ халқының қасиетті жерінде көне дәуірдің өзінде өркениетті қоғам болғанын дәлелдейтін деректер нені көрсетеді? Бұл көне рулық бірлестіктердің (қаңлы, үйсін) Қытай,Үнді,Кушан,Иран, т.б. осы сияқты өркениетті елдермен терезесі тең болып мәдени,әлеуметтік қарым-қатынас жасап келуі,қала қорған,қамал орнатып,сәулет өнерімен шұғылдануы-тым ерте қол жеткен өркениеттіліктің бір көрінісі болса керек.
Қаңылтанудағы өзекті мәселе көп, соның бірі қаңлы этониміне байланысты дүние.Этнонимнің түпкі негізі жөнінде түрлі көзқарастар айтылып жүр, бір сөзбен айтқанда бұл ғалымдар назарындағы шешімін табу қажет күрделі мәселе.Сондай-ақ қаңлы тілі, қаңлы шежіресі, қаңлы жазуы, қаңлы мәдениеті әлі де тереңірек қарастыруды қажет етіп отыр.
Қаңлы тарихына қатысты жазылған арнайы зерттеу жұмыстары болмағанмен ол жөнінде баяндалатын материалдар өте көп.Мұндай материалдар көне қытай авторларының хабарынан бастап, Отандық, Ресей, Батыс авторлары еңбектерінде қамтылады. Әсіресе, бүгінгі тәуелсіз қоғам құрып отырған жағдайда ұлттық мұрамызды қайта жаңғырту кең құлаш алып келеді. Аталған тақырыпты қарастыруға мүмкіндік беретін алғашқы мағлұмат қытай деректерінде кездеседі.Қытайдың экспанциясының батысқа жылжуы Шығыс Түркістандағы,Қазақстанмен Орта Азиядағы жағдайды дәл білу қажеттілігін туғызды.Бұл орайда халықтармен тайпалардың мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы,олардың өмір-салты,саяси құрылысы мен соғыс оқиғалары туралы материалдар мақсатты түрде жиналды.Бұл ақпарат әдетте барлауды мақсат ететін елшілердің, саудагерлердің, саясатшылар мен миссионерлердің Орта Азия иеліктеріне сапарларының нәтижесінде алынып жеткізіліп отыратын. Сонымен мәліметтер жинау Қытай әскерлерінің жорықтары кезінде жүзеге асты.Сондай жорықтардың ең ертедегі б.з.б 104-102 жылдардағы Хань әскерлерінің Ферғана алқабындағы Давань иелігіне жасаған жорығы болатын.Қазақстан халықтары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (б.з.б 140-86 ж.ж)батыс облыстарға жіберген тұңғыш қытай елшілігінің жетекшісі Чжан-Цяннан алынған.Чжан-Цянь «батысқа» б.з.б 138 жылы және б.з.б 115 жылы екі саяхат жасады.Оларда Сюндарға (ғұндарға) қарсы Орта Азия тұрғындары Юэчжилермен және Жетісу үйсіндерімен одақтасуға қол жеткізу мақсаты көзделген еді. Чжан-Цянь өз миссиясы барысында жат жерліктер шаруашылығының жай күйіне, олардың әскерлері санына,қару-жарақ санына ерекше назар аударды, сондай-ақ, олардың әдет-ғұрпының, мінез-құлқының, киім-кешегінің ерекшеліктерінің бәрін жазып алып отырды. Әулетті тарихтар ішінде Қаңлы мемлекеті туралы ең көлемді және бағалы деректер Сыма Цянның (б.з.б 145-86 жылдары) «Тарихи жазбалар» («Шицзи») деген тарихи еңбегінде келтірілген.Мұнда қаңлылардың қытаймен қатынастары туралы маңызды мәліметтер жиналған. «Шицзиден кейін «Ежелгі Хан» тарихы» келеді,оның негізінен б.з 1ғ. Бань Гу жазып,оның оқымысты қарындасы Бань Чжао аяқтаған,Қытай мен Орталық Азияның б.з.б ІІ-ғасырынан бастап жаңа заманға дейінгі тарихы баяндалатын 26 дәулет тарихы Қытайдың бірегей тарихи мұрасы болып табылады.Осы секілді аталған Қытай мәліметтері Н.В.Кюнер /2/, Ю.А.Зуев /3/, А.Г.Малявкин /4/ еңбектерінде кеңінен орын алған.
ХІХ ғасырдың орта шенінде Н.Я.Бичуриннің Қытай жазба ескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметтер жинағын бастырып шығаруы синологиядағы аса құбылыс болды.Үш томдық еңбекте Қытай деректемелерінің Қазақстанды ертеде және орта ғасырларда мекендеушілердің тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған. Қытай хроникаларының материалдарына ауқымды тарихи филологиялық түсініктеме берген.Мысалы, «Канцзюи» терминінің мағынасы жөнінде зертелген еңбектерге тоқталар болсақ онда авторлар мынандай болжамдарға тоқталады.Н.Я.Бичурин еңбегінде «Кангюи» Қытай тілінен шыққан сөз екендігі және ол мемлекет деген мағынаны білдіретіні айтылған. Н.Я.Бичуриннің күрделі еңбегіне көптеген авторлар позитивті бағасын берді /6/. Еңбектің Қытай тілінен сауатты түрде аударылуы ерекше көрсетілді. «Канцзюи-го» қазіргі Қытай тілінде де мемлекеттік бірлестік атауын білдіреді.Канцзюи сөзінің этимологиясы әлі белгісіз.Оның екінші буыны «го» термині анықталған. Оның мағынасы А.Г.Малявкиннің анықтауы бойынша Хань дәуіріндегі Қытайда айтылған

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Кайдар Ә.М. Қаңлы (тарихи шежіре).Алматы,2004.
2. Кюнер Н.В.Китайские известия о народах Южной Сибири,Центральной Азии и Дальнего Востока.М.1961.
3. Зуев Ю.А.К вопрости о взаимоотношениях усуней и Канцзюй с гуннами и Китаем во Ііполовине І в.до.н.э.(поход гуннского шаньюя Чжи-Чжи на Запад)//ИАН КазССР,серия общественных наук,вып.2(5)-А-А,1957.
4. Малявкин А.Г. Танские хроники о государствах Центральной Азии.-Новосибирск,1989.
5.Бичурин Н.Я.(Иакинф) Собрание сведение о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена.-Т.1-2.-М-Л.,1950-332с;1953.-332;
Он же,Собрание сведении по исторической географии Восточной и Средней Азии.-Чебоксары,1960-758с.
6. Бернштам А.Н. Н.Я.Бичурин и его труд «Собрание сведение о народах,обитавших в Средней Азии в деревние времена».-М.Л.1950.Т.1.
7.Малявкин А.Г.Танские хроники о государствах Центральной Азии.-Новосибирск,1989.
8.Подушкин А.Н.Арысская культура Южного Казахстана(ІVв.до н.э..-Vн.э.)(Дисс.на соискание учоной степени д.и.н.)Алматы,2002.
9. Акишев К.А.,Кушаев А.В. Древняя культура саков и усуней долены реки Или.А-А.1963.
10. Байпаков К.М.,Смагулов Е.А. Новые данные по археологии Отарского оазиса // Известия АН КазССР.Серия общественных наук.-А-А.1990.№6.С.21;Байпаков К.М. Көненің көзі //Парасат.2002.№9:Байпаков К.Н.,Подушкин А.Н.Памятники земледельческо-скотоводческой культуры Южного Казахстана.А-А.1989.
11. Ленина Л.М. К истории исследовании Хорезмской археолого-этнографической экспедиции // Приаралье в древности и средневековье.М.,1998.с.53.
12. Бернштам А.Н. Н.Я.Бичурин и его труд «Собрание сведение о народах,обитавших в Средней Азии в древние времена».-М-Л.,1950.Т.1.С.216.
13. Маргулан А.Х.О происхождение племени Канглы//Мир казаха.Алматы,1997.
14. Мұхамедханұлы Н. Қаңлы мемлекеті және оның мәдениеті //Жұлдыз.2000.7.
15. Бронников Н.А.Кангюй,канглы или как июеужи //Записи Московского археологического института.XXXV,М.1914.
16. Кляшторный С.Г. Кангюйская этнотопонимика в орхонских текстах //СЭ.1951№3
17. Қайдар Ә.М.Қаңлы (тарихи шежіре )Алматы.2004.
18. Аристов И.А. Заметки об этническом составе тюрских племен и народностей и сведения об их численности //Живая старина.Вып ІІІ-ІV.СПб,1896;Аристов И.А.Опыт выяснения этничекого состава киргиз-казахов Болшой Орды и каракиргизов.// «Живая старина.Вып.ІІІ-ІV.СПб.1894;Кляшторный С.Г. Кангюйская этно-топонимика в орханских текстах //СЭ.1951.№3;Аманжолов С.А.Вопросы диалектологии и истории казахского языка.А-А,1959;Әбдірахманов А. Қазақстанның жер-су атаулары.Алматы,1959.
19. Молчанова Топонимический словарь…С.201-202
20. Бичурин Н.Я.(Иакинф)Собрание сведение о народах,обитавших в Средней Азии в древние времена.-Т.1-2.-М-Л..,1950-332с.
21. Малявкин А.Г. Материалы по истории уигуров в … Новосибирск,1969. С.38.
22. Сонда, 534 б.
23. Сонда, 169-642 б.
24. Аристов И.А. Опыт выяснение этнического состава киргиз-казахов Большой Орды и каракиргизов. // «Живая старина».Вып.ІІІ-ІV. СПб.1894
25. Маргулан А.Х. О происхождние племени Канглы // Мир казаха.Алматы,1997.
26. Құдайбердіұлы Ш. Түрік,қазақ Һәм ханжар шежіресі.Алматы,1991,35 б.
27. Қайдар Ә.М. Қаңлы (тарихир шежіре).Алматы,2004. 275 б.
28. Бернштам А.Н. Историко-археологическая топонимика. М.Л.,1950.С.21 б.
29. Бичурин Н.Я. Собрание сведении по исторической географии Восточной и Средней Азии.-Чебоксары, 1960.-758 с.
30. Позднеева А.Н. Путишествие…С.322.
31. Бичурин Н.Я. Аталған еңбегінде,166 б.
32. Мұхаметжанұлы Н. Қаңлы мемлекеті және оның мәдениеті //Жұлдыз.2000.7
1. Новосибирск,1989.
33. Бичурин Н.Я. (Иакинф). Собрание сведение о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена.
-Т.1-2. –М-Л., 1950.-332сС.95.
34.Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксартам.М., 1962.С.129.
35. Қайдар Ә.М. Қаңлы (тарихи шежіре). Алматы,2004.12б.
36. Сонда, 128 б.
37. Гафуров. Таджики… С.138.
38. Бернштам А.Н. Н.Я.Бичурин и его труд «Собрание сведение о народах,обитавших в Средней Азии в древние времена». –М-Л., 1950. Т.1.С.94-95.
39. Сулейменов О. Азия. Алматы,1995.С.524.
40. Мұхаметжанұлы Н. Қаңлы мемлекеті және оның мәдениеті //Жұлдыз.2000. 7.149б.
41. Байпаков К.Н.,Подушкин А.Н. Памятники земледельческого-скотоводческой культуры Южного Казахстана. А-А.1989.
42. Мұхаметжанұлы Н. Қаңлы мемлекеті және оның мәдениеті //Жұлдыз.2000. 7.152б.
43. Бартольд Б.В. Там же, 100 б.
44. Артыкбаев Ж.О. История Казахстана. Алматы,1991.С.87.
45. Қайдар Ә.М. Қаңлы (тарихи шежіре). Алматы,2004.185б
46. Сонда 174 б
І-Деректер
2. Кюнер Н.В.Китайские известия о народах Южной Сибири,Центральной Азии и Дального Востока.М.1961.
3. Малявкин А.Г.Танские хроники о государствах Центральной Азии.-Новосибирск.1989.
4 Бичурин Н.Я.(Иакиноф).Собрание сведение о народах,обитавших в Средней Азии в древние времена.-Т.1-2.-М-Л.,1950.-332с;1953.-332;
Он же,Собрание сведении по исторической географииВосточной и Средней Азии.Чебоксары,1960.-758с
5 Бернштам А.Н. Н.Я.Бичурин и его труд «Собрание сведение о народах,обитавших в Средней Азии в древние времена».-М-Л.,1950.Т.1.
6.Толстов С.По древним дельтам Окса и Яксартам.М.,1962.
7.Бронников Н.А.Кангюй, юеужи//Записи Московского археологического канглы или как и института.XXXV,М.,1914.
8.Кляшторный С.Г.Кангюйская этнотопонимика в орхонских текстах //СЭ.1951.№3
ІІ- Арнайы зерттеулер.
1. Подушкин А.Н. Арысская культура Южного Казахстана (ІV в. до н.э.-V н.э.) (Дисс. На соискание учоной степени д.и.н.)Алматы,2002.
2. Акишев К.А.,Кушаев А.В.Древняя культура саков и усуней долины реки Или.А-А.1963.
3. Левина Л.М.К истории исследовании Хорезмской археолого-этнографической экспедиции //Приаралье в древности и средневековье.М.,1998.С.53.
4. Кайдар Ә.М.Канлы (тарихи шежіре)Алматы,2004.
ІІІ.Мерзімді басылым
1.Зуев Ю.А.Квопрости о взаимоотношениях усуней и Канцзюй с гуннами и Китаем во Ііполовине Ів.до н.э.(поход гуннского шаньюя Чжи-Чжи на Запад)//ИАН КазССР ,серия общественных наук,вып.2(5)-А-А,1957.
2.Байпаков К.М ,Смагулов Е.А.Новые данные по археологии Отрарского оазиса//Известия АН КазССР.Серия общественных наук.А-А.1990.№6.
С.21; Байпаков К.М. Көненің көзі //Парасат.2002.№9; Байпаков К.Н.,Подушкин А.Н. Памятники земледельческо-скотоводческой культуры Южного Казахстана.А-А.1989.
3.Бернштам А.Н. Историко-археологические очерки центрального Тянь-Шань и Помиру Алтая.//МИА,Вып.26. –М,1952.216С.
4.Маргулан А.Х. О происхождение племени Канглы //Мир казаха.Алматы.,1997.
5. Мұхаметханұлы Н.Қаңлы мемлекеті және оның мәдениеті. //Жұлдыз.2000.№7.

І-ТАРАУ.ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫЛАРДЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ
1. Қаңлы атауы және Қаңлы мемлекетінің
территориясы туралы деректер ... ... ... ... ... .. 10
2. Қаңлы мемлекетінің саяси құрылыс және әскери
қуаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
ІІ.ТАРАУ.ҚАҢЛЫ РУЛЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ
ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1. Қаңлы мәдениеті : шаруашылығы, жазу өнері,
қолөнері, музыка және би өнері ... ... ... ... ... .. 24
2.2 Қаңлы қауымының діни наным-сенімдері, әдет
ғұрып ,салт-дәстүрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... . 50
КІРІСПЕ
Қаңлы - қазақ халқының этникалық негізін құраушы көне де байырғы
тайпаларының бірегейі.Бізге жеткен дәйекті жазба деректер үйсін,қаңлы
тайпаларының біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырлардың өзінде-ақ
атағы бүкіл Азия құрылығындағы түркі әлеміне әйгілі болғанын,қуатты
мемлекет ретінде бой түзегенін дәлелдегені қашан.Алайда, “Қаңлытану”
проблемасы зерттеулер ісінде толыққанды, кешенді шешімін таба алмай келеді.
Ата-баба мұраларын зерттеп тарих қойнауының тереңіндегі қасиетті
сырларды шешу,жаңғырту бүгінгі ғалымдар үлесіне тиетін зор міндет.Бүгінгі
Қазақстан Республикасының негізгі халқы-қазақтардың этникалық іргетасы
саналған қаңлы,үйсін руларынан тұратыны белгілі.Олай болса,қаңлы тарихын
зерттеу-республика тарихының іргетасын көтеретін өзекті де күрделі мәселе
деп білу маңызды. Тарих-халықтардың қасиетті кітабы,олардың тұрмыс салты
мен тіршілігінің айнасы, жан дүниесі мен әдет-ғұрпының көне естелігі,ата-
бабаларының ұрпағына қалдырған өсиеті,-деп айтқан тарихшы Н.М.Карамзиннің
ұлағатты сөздер біз қарастырғалы отырған проблеманың өзектілігін аша
түскендей 1.
Қаңлытану проблемасының өзекті де күрделі мәселесі-Қаңлы
мемлекеті және оның көшпелі түркі тайпаларының көне дәуірдегі өмірінде
алған орны,өркениетті қоғам құру жолындағы атқарған игілікті істері.Шынында
да,кең байтақ Орта Азияда егеменді ел болып,тәуелсіз мемлекет құрып отырған
қазақ халқының қасиетті жерінде көне дәуірдің өзінде өркениетті қоғам
болғанын дәлелдейтін деректер нені көрсетеді? Бұл көне рулық
бірлестіктердің (қаңлы, үйсін) Қытай,Үнді,Кушан,Иран, т.б. осы сияқты
өркениетті елдермен терезесі тең болып мәдени,әлеуметтік қарым-қатынас
жасап келуі,қала қорған,қамал орнатып,сәулет өнерімен шұғылдануы-тым ерте
қол жеткен өркениеттіліктің бір көрінісі болса керек.
Қаңылтанудағы өзекті мәселе көп, соның бірі қаңлы этониміне
байланысты дүние.Этнонимнің түпкі негізі жөнінде түрлі көзқарастар айтылып
жүр, бір сөзбен айтқанда бұл ғалымдар назарындағы шешімін табу қажет
күрделі мәселе.Сондай-ақ қаңлы тілі, қаңлы шежіресі, қаңлы жазуы, қаңлы
мәдениеті әлі де тереңірек қарастыруды қажет етіп отыр.
Қаңлы тарихына қатысты жазылған арнайы зерттеу жұмыстары болмағанмен
ол жөнінде баяндалатын материалдар өте көп.Мұндай материалдар көне қытай
авторларының хабарынан бастап, Отандық, Ресей, Батыс авторлары еңбектерінде
қамтылады. Әсіресе, бүгінгі тәуелсіз қоғам құрып отырған жағдайда ұлттық
мұрамызды қайта жаңғырту кең құлаш алып келеді. Аталған тақырыпты
қарастыруға мүмкіндік беретін алғашқы мағлұмат қытай деректерінде
кездеседі.Қытайдың экспанциясының батысқа жылжуы Шығыс
Түркістандағы,Қазақстанмен Орта Азиядағы жағдайды дәл білу қажеттілігін
туғызды.Бұл орайда халықтармен тайпалардың мінез-құлқы мен әдет-
ғұрпы,олардың өмір-салты,саяси құрылысы мен соғыс оқиғалары туралы
материалдар мақсатты түрде жиналды.Бұл ақпарат әдетте барлауды мақсат
ететін елшілердің, саудагерлердің, саясатшылар мен миссионерлердің Орта
Азия иеліктеріне сапарларының нәтижесінде алынып жеткізіліп отыратын.
Сонымен мәліметтер жинау Қытай әскерлерінің жорықтары кезінде жүзеге
асты.Сондай жорықтардың ең ертедегі б.з.б 104-102 жылдардағы Хань
әскерлерінің Ферғана алқабындағы Давань иелігіне жасаған жорығы
болатын.Қазақстан халықтары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди
(б.з.б 140-86 ж.ж)батыс облыстарға жіберген тұңғыш қытай елшілігінің
жетекшісі Чжан-Цяннан алынған.Чжан-Цянь батысқа б.з.б 138 жылы және б.з.б
115 жылы екі саяхат жасады.Оларда Сюндарға (ғұндарға) қарсы Орта Азия
тұрғындары Юэчжилермен және Жетісу үйсіндерімен одақтасуға қол жеткізу
мақсаты көзделген еді. Чжан-Цянь өз миссиясы барысында жат жерліктер
шаруашылығының жай күйіне, олардың әскерлері санына,қару-жарақ санына
ерекше назар аударды, сондай-ақ, олардың әдет-ғұрпының, мінез-құлқының,
киім-кешегінің ерекшеліктерінің бәрін жазып алып отырды. Әулетті тарихтар
ішінде Қаңлы мемлекеті туралы ең көлемді және бағалы деректер Сыма Цянның
(б.з.б 145-86 жылдары) Тарихи жазбалар (Шицзи) деген тарихи еңбегінде
келтірілген.Мұнда қаңлылардың қытаймен қатынастары туралы маңызды
мәліметтер жиналған. Шицзиден кейін Ежелгі Хан тарихы келеді,оның
негізінен б.з 1ғ. Бань Гу жазып,оның оқымысты қарындасы Бань Чжао
аяқтаған,Қытай мен Орталық Азияның б.з.б ІІ-ғасырынан бастап жаңа заманға
дейінгі тарихы баяндалатын 26 дәулет тарихы Қытайдың бірегей тарихи мұрасы
болып табылады.Осы секілді аталған Қытай мәліметтері Н.В.Кюнер 2,
Ю.А.Зуев 3, А.Г.Малявкин 4 еңбектерінде кеңінен орын алған.
ХІХ ғасырдың орта шенінде Н.Я.Бичуриннің Қытай жазба
ескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметтер жинағын
бастырып шығаруы синологиядағы аса құбылыс болды.Үш томдық еңбекте Қытай
деректемелерінің Қазақстанды ертеде және орта ғасырларда мекендеушілердің
тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған. Қытай хроникаларының
материалдарына ауқымды тарихи филологиялық түсініктеме берген.Мысалы,
Канцзюи терминінің мағынасы жөнінде зертелген еңбектерге тоқталар болсақ
онда авторлар мынандай болжамдарға тоқталады.Н.Я.Бичурин еңбегінде
Кангюи Қытай тілінен шыққан сөз екендігі және ол мемлекет деген мағынаны
білдіретіні айтылған. Н.Я.Бичуриннің күрделі еңбегіне көптеген авторлар
позитивті бағасын берді 6. Еңбектің Қытай тілінен сауатты түрде
аударылуы ерекше көрсетілді. Канцзюи-го қазіргі Қытай тілінде де
мемлекеттік бірлестік атауын білдіреді.Канцзюи сөзінің этимологиясы әлі
белгісіз.Оның екінші буыны го термині анықталған. Оның мағынасы
А.Г.Малявкиннің анықтауы бойынша Хань дәуіріндегі Қытайда айтылған иелік,
князьдық яғни мемлекет дегенді білдіреді 7. Сондай-ақ, Қытай деректері
Канцзюидің тәуелсіз әрі қуатты мемлекет болғанын хабарлай отырып оның
түрлі этникалық құрылымынан тұратын күрделі конгломерат екенін де
айқындайды. Қазақстан археологиясының қазіргі жетістігі, соның ішінде
әсіресе Сырдария, Арыс, Қаратау жалпы Оңтүстік Қазақстан жерлері бойынша
жүргізілген экспедиция материалдары қаңлы тайпалық одағының құрылуына
қатысқан полиэтникалық топтар туралы болжам жасауға мүмкіндік
береді.Қаңлылардың көшпелі бөлігінің негізін сақ және сармат,сюнну
тайпаларының өкілдері құрайды. Олар Оңтүстік Қазақстанның қолайлы
аудандарын саяси тұрғыдан бағындырып қаңлылармен әлеуметтік-экономикалық
қатынасқа түскенін дәлелдейді. Сөйтіп, этномәдени синтез және ассимиляция
процесі жүрген. Бұл Қаңлы мемлекетінің бүкіл тарихының өне бойымен (600
жылға созылған) өтеді.
Археолог А.Н.Подушкиннің зерттеуінне сүйене отырып біз
археологиялық қазба жұмыстарынан табылған заттар канцзюий-готерминін
саяси және этникалық мән беретінін көреміз.Ол бұл заттардың негізінде
б.э.д.II – б.з. IV ғасырлар аралығында Оңтүстік Қазақстанда нақты көшпелі
және отырықшы халық дәстүрі болғаны жөнінде көптеген мағлұматтар аламыз деп
атап көрсетеді.Полиэтникалық қалыптасуындағы қаңлылардың ерекшелігін
анықтау қиын Себебі, қаңлылардың этникалық тарихы мүлдем белгісіз.
Сондықтан да, дейді А.Н.Подушкин өз еңбегінде в контексте
сформирулированного понимания этничности Концзюя, мы вправе рассматривать
основной комплекс артефактов Каратобинского этапа Арысской культуры в
качестве этноопределяющего комплекса канцзюиского этнического
компонента8. Керамикалық материалдар көшпенді және отырықшы тайпалардың
этно анықтаушы бірден-бір көзі болып табылады дей келе,- зерттеуші оның
физико-географиялық, шаруашылық, мәденитәртібі, тіпті өмір образының
сипатын анықтауға болатынын ескертеді. Бізге бұрыннан белгілі болғандай,
жекелеген жағдайда номадтар керамикалық өндірісті игерген.Сондай-ақ көшпелі
шаруашылықта да керамика қолданылған (кесе, табақ т.б.). К.А.Акишев,
А.В.Кушаев 9, К.М.Байпаков., Е.А.Смағұлов 10 еңбектерінде этно
анықтаушы ролі ретінде керамика көшпелі бірлестіктер.Мысалы, сақ, үйсін
сюннулерге де тән бола алады деп көрсетеді. Бұл пікірді Л.И.Левина К
истории исследовании Хорезмской археолого – этнографической экспедиции
(При Арале древности и средневековье.МРАН,1998) атты еңбегінде былайдеп
бекітеді: ...керамика является основным индикатором не только культуры,
времени но и одним из основных показатели этнической принадлежности 11.
Сонымен,көріп отырғанымыздай Н.Я.Бичуриннен бастап қаңлы проблемасын
зерттеумен айналысқан авторлар оның толық шешімін тапқан
жоқ.Байқағанымыздай Қытай мәліметтері өте мардымсыз әрі анық емес.Сол
себептен де қаңлылар туралы қарама-қайшы келетін пікірлер де көп.Мысалы:
С.П.Толстов және А.Н.Бернштам 12 тұжырымдары дәлел бола алады.
Отандық зертеушілердің ішінен қаңылтану мәселесін көтеріп ол
туралы қомақты еңбек жазған А.Х.Марғұлан 13,Н.Мұхаметжанұлы 14 және
орыс авторлары ішінен Н.А.Бронников 15,С.Д.Кляшторный 16 т.б. болды.
Ал бүгінгі таңда қаңлы тақырыбына арналған үлкен монографияның
авторы академик Ә.Қайдардың 17 күрделі ізденісінен кейін жарыққа шыққан
зерттеуін ерекше көрсетеміз.Автор бұл еңбегінде қаңлылардың этникалық
тарихынан бастап саяси, әлеуметтік, экономикалық, этнографиялық тіпті
шежіре, аңыз, хикаяларға дейін қамтыған дерек материалдармен жазып шыққан.
Автордың бұл тұңғыш еңбегінен көптеген жылдар шешімін таппай келе жатқан
проблеманың сыры ашыла бастағанын байқаймыз.Монографияда жаңа болжам, тың
идеялар да кездеседі.
Бітіру жұмысымның құрылымына тоқталып өтетін болсам кіріспеден, екі
тарау, төрт параграфтан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.Сонымен, мен бұл зерттеу жұмысымның бірінші тарауында қаңлы
терминіне этнонимдік талдау жасап, Қаңлы мемлекетінің территориясы, оның
ішкі құрылысы және саяси жағдайларына тоқтатылдым.Жаңа көзқарастағы
материалдарға сүйене отырып қаңлы терминіне берілген бірнеше түрлі
идеялық көзқарастар да назардан тыс қалмады. Әсіресе деректік негіздермен
мемлекет территориясы жөніндегі анықтамалар келтірілді.
Ал екінші тарауда,қаңлы рулық бірлестігінің рухани материалдық
мәдениеті жөнінде мол әрі қызықты этнографиялық хабарламалар
келтірдік.Бүгінде әлі де болса көпшілікке мәлім емес тың деректер
келтірдік.Мәселен, сонау б.з.д ІІ ғасырдың өзінде қаңлыларда болған жазу
өнері, заңдық ережелер, қолөнер және музыка, би өнері саласының өзіндік
өркениеттік деңгейдегі жетістіктері болғаны ерекше баяндалды.Сондай-ақ діни
наным-сенімдері, әдет-ғұрып,салт-дәстүрлері кеңінен көрсетілді.
Бұл бітіру жұмысымның қорытындысында осы тақырыпты қорытындылап, әрі
тарауға өзіндік баға беріп отырдым.
Жұмыс соңында пайдаланылған деректер, ғылыми зертеулер және мерзімді
басылым тізімін келтірдім.
І-ТАРАУ.ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫЛАРДЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ
1. Қаңлы атауы және Қаңлы мемлекетінің территориясы туралы
деректер.
Түркітану саласында қаңлы этнонимнің, не этнопонимінің шығу
тегін айқындау негізгі өзекті мәселе болып саналады.
Қаңлы деген кімдер,ру тайпа ма,ұлыс па,әлде жер-су атауы ма,ол
қашан және қай жерде,қалай пайда болды? Бұл атаудың мағына-мәні не,ол қалай
өте ежелгі тайпалардың атауы болып қалыптасты?Бұл жұмбақтың түйінін шешу
көптеген жылдарға ізденістен кейін де ғалымдар үшін мүмкін болмай
отыр.Өйткені оған жауап ретінде берілетін варианттарды сан-саналы
болуы.Ал,бұл мәселені одан әрі күрделендіріп отыр.Сондықтан біз бұл тарауда
қаңлы атауының екі түрі көзқарастағы бастамдарына тоқталайық.
Қаңлы атауының өзен-су идеясы көптеген ғалымдардың еңбектерінде
18 алға тартылған болатын. Қайдар Абдуали зерттеу еңбегіне үңілсек
қаңлы ұғымына байланысты атаулардың жалпы саны 40-тан астам екен .Олар
мынандай болып келеді:
Кәну-Кану
Кәңгерес-Кенгерес
Кенегес-Кенегес
Кеңгелер-...
Бұл аталған сөздердің бәрінің түбірі Кан сөзінен таралып отыр.
Демек бұл түбір - қаңлы тайпасының атамекені саналатын бір заманда қаң,
қаңға, қаңқа аталған тек Сырдарияның өзіне ғана тән атау емес,сонымен
қатар бүкіл Азия құрлығының төрт бұрышына түгел таралған жүздеген
географиялық (жер-су) және этнонимиялық (ру-тайпа) атаулардың дүниеге
келуіне негіз болған.Әмбебап түбір сөз. Мәселен, Үндістанда Ганг, Оңтүстік
Кореяда Канган, Солтүстік Кореяда Канге, Қытайда Цзянь (осылай жазылғанымен
Қытайша оқылуы Кань) делініп келеді. Ал, Сырдың бір замандағы аты Қақ
Қаңға болған,енді Алтай өңіріндегі өзен атауларына назар аударсақ,онда
былайша болып келеді: Ақ-қан (Ақ өзені), Ара-қан (Ара өзені), Арын қан
(Арын өзені), Асқар-қан (Асқар өзені), Бай-кан (Бай өзені),Берке-кан (Берке
өзені), т.б Осы деректерді келтірген сөздіктің авторы О.Т.Молчанова: По
данным картотеки топонимов Сибири при Томксом университете есть еще шесть
как, правый приток М.Потом,Тихий Кан; р,Кан-правый приток Енисея, Кан на
территории Сибири...19 деп жазды.
Басқаны қойғанда, тек Ш.Уәлиханов еңбектерінде ған кездесетін қақ
түбіріне қатысты 6-7 туынды атау өзі нені көрсетеді:Қаңлы,Қанглы, кангюй
(қақғұй),канезы (қақездер), канкалы (қаңқалдар), кенегес (кенегестер),
кангары (қаңғарлар) т.б2 .
Осылардың бәрі сайып келгенде,қаңлы кангюй этнонимімен
этнотопонимдерінің қалыптасуына негіз болған гидронимдік түбір екндігін
дәлелдейтін деректер.
Ал,енді Кан – қаң түбірлі вариантты атауларға тоқталар болсақ онда
ол мынандай болып келеді.
Кангюй – этнотопоним:Сырдария бойында б.д.д ІІ-ғасырда пайда
болып,дәурендеген алғашқы түркі мемлекеттерінің бірі.Бұл тарихта
белгілі,және қалыптасқан дерек. Кангюй (қаңлының Қытайша атауы).
Н.Я.Бишуриннің пікірі бойынша, мемлекеттің, әрі сол мемлекеттің
негізін құрушы және оны ұзақ ғұмырлар бойы (VІІІ ғасырға дейін) билеп
төстеген негізгі тайпа-
2 Валиханов Ч.Ч.Собр.соч.в пяти томах А-А 1961-1968
қаңлылалрдың атауы 2. Ал Малявкин А.Г. өзінің
ұйғырлардың ІX-XІІғ.ғ.тарихына байланысты қытай деректері негізінде
жүргізілген зерттеулерінде қаңлы этнониміне әртүрлі қатысы бар кан-цзюй
21 кангы22, канго23 атауларын келтіріп, кан-цзюй атауы қаңлы халқының
өз атауы емес.,Тан патшалығы дәуіріндегі Шығыс Түркістандағы Соғды
колониясындағы қаңлылардың атауы деп көрсетеді.Ал Н.Аристов 24 қаңлы
түріктердің дулаттардан да көне тайпалары деп айтты.
Енді қаңлы атауына байланысты қалыптасқан екінші көзқарас ол-
арба идиясы. Жоғарыда қаңлы этнонимінің түп-төркіні гидроним түбірінен,
оның өзен-судеген мағынасы бар екенін айттық.
Қаңлы-арба идиясының бұрынғы сарынымен жалғасып келе жатқанын
біз көптеген қазақ авторларының еңбектерінен де көруге болады.Мәселен,
академик Ә.Марғұлан өзінің О происхождении племени канглы атты еңбегінде
былай деген : Термин канка встречается в древнейших источниках.Так канка
упоминает в Зенд-Авесте. Канка генетические связан с названием племени
канглы,древнейшим центром которого был город Канка. ...повозка канкбыла
принадлежностью и средством передвижения исключительно представителей
знати дей келіп,Абулғазы,Рабғузи т.б.еңбектеріне сілтеме жасайды25.
Құдайберді Шәкәрімнің өзі де шежіре жәйлі еңбегінде: Қаңлы
деген арбалы деген сөз,ұйғыр ішінен қаңлы аталған, бұлар бұрын бек көп ел
болған,Стамбулдағы Осман түрікте қаңлы нәсілінен-деп жазады26. Мұндай
деректерді көптеп келтіруге болады.Тарихи әдебиеттерде былай қойғанда қаңлы
этнонимін қаңға-арбадан шығаратын этимологиялық түсініктемелердің бар
екенін айтпасқа болмайды.Соның бірі –түрік ғалымы Іспет Зәки Ейұбоғлұның
Түркі тілінің этимологиясының сөздігі атты еңбегінде қаңлыэтнониміне
берілген түсініктеме.
Көп ізденістерден қорытынды шығарған академик Ә.Қайдар былай
деп түйін шығарды:қаңлы-қырықтан астам атауы, сан алуан елдің
қалыптасуына ұйытқы, құрамдас бөлшегі болсада, түп-төркіні біреу-ақ,
ол:қан қаң түбірінен тараған түрік тайпаларының ең байырғы, ірі әрі
ұзақ жасап келе жатқан көне этникалық топтардың бірегейі,қазақ жерінде
дүниеге келген көне тайпа-қаңлының байырғы атауы27.
Қаңлылардың территориясын анықтауға арналған жұмыстар да
өте көп. Оның бес иелігі болғаны Сусе,Фуму,Юни,Ги және Юегань белгілі.Әйтсе
де бұл мәселе әлі де зерттеуді қажет етеді.
Бүгінгі Қазақстандық және Орта Азиялық ғалымдар қаңлылар
иелігіне Сырдариядан Іле өзеніне дейінгі аймақ жатады деп
есептеген.А.Н.Бренштам және кейін оны қолдаған ғалымдар В.Вбартольд
пікіріне сүйенеді.
А.Н.Бернштам Сырдариядағы қаңлылардың иелігін былайша
белгілейді:
1.Сусе-Сырдарияның орта ағысы,Арыс өзені және Қаратау
жоталары;
2.Фуму-Сырдария ауданы бойынша Жаңақорғаннан Қазалыға
дейін;
3.Юни-шам (Ташкент)өңірі;
4.Ги-Сырдарияның төменгі ағысы;
5.Юегань-Амударияның төменгі ағысы,Хорезм өңірі;
Сусе жеріндегі Битянь қаласы яғни Қаратау таулы
аймағы28.
Енді төмендегі деректегі маңызды үзінді негізінен әр
иеліктің аумағы, әкімшілік орталығы жөнінде кеңірек мәлімет аламыз.Онда
былай делінген:В государстве Канцзюй было пять удельных князей (Сяо
ван).Первого звали князь Сусе, его резиденция в городе Сусе.До
(местопребывания) наместника 5776 ли,до заставы Янгуань 8025ли.Второй
именовался князем Фумо резиденция его была в городе Фумо.До место
пребывания наместника 5767ли.Находятся в городе Юйни.До (местопребывания )
наместника 5266 ли,до заставы Янгуань 7525 ли.Четвертый именуется цзи,его
резиденция находятся в городе Цзи.До местопребывания наместника 6926 ли,до
заставы Янгуань 8555 ли.Имя пятого князя Аоцзянь,резиденция его находятся в
городе Аоцзянь.До местопребывания наместника 6906ли,до заставы Янгуань 8355
ли.(Хань-Шу, Повествование о государстве Канцзюй-Н.Я.Бичурин аудармасы.ІІ-
том.186б.)
Бұл мәліметтерді Чжан Цянның дәлдікпен жеткізуіне
қарағанда ол Чжан Цянь прошел ...концзюй29, ...побывал лично ...у
концзюй30дегендей ол тек қана канцзюй орталығы Битяньда ғана емес оның
бес иелігінде де болған деп сенімді түрде айтуға болады.
Б.з.д.104-102 ж.ж. Хань-да-юань соғысының аяқталғаннан
кейін Канцзюйге Хань офицері Шань Гуань өз әскерімен ешқандай жол
сілтеушісінсіз-ақ басып кірген болатын.Ол Ю қаласының билеушісін ұстап алып
жазаға тартты.Ю Қытай әскери отрядын талқандауға қатысқан болатын.Тағы бір
мысал.Б.з.д.36 жылы Чжи-чжи Шаньюйдің солтүстік суннуйлік ордасы және
әскерінің қиратылуына байланысты үш әскер Оңтүстік жолмен Цунлин (Памир )
арқылы және Да-Юань (Ферғана), Думай (Талас) өзеніне дейін келді.
Қытай авторларының (саяхатшылары, дипломаттар,
чиновниктер, әскерилері ) батыс өлке туралы мәліметтері мынандай
тенденцияны анық көрсетеді дейді Н.Я.Бичурин: Проникновение и освоение
Ханьцами Заподного края (Сиюй) шло в рамках долговременной великодержавной
политики Поднебесной по сдерживанию и нейтрализаций сюнну31.
Бұл саясат Нань-Шань,Куэнь-Лун,Тянь-Шан таулы
аймақтармен жоспарлы түрде Батысқа жылжыды.Уақыт барысында аталған бағыт
Ұлы Жібек жолының оңтүстік және солтүстік тармағына бөлініп кетті. Ұлы
жібек жолының бойында орналасқан көптеген мемлекеттерді (қалалар, иеліктер,
хандықтар картаға түсіріп отырды).
Тарау соңын қорытындылай отырып Қаңлы туралы мәліметтердің басым
көпшілігін Қытай деректерінен тұратынын байқадық.Бұл деректердің негізінен
Қаңлы мемлекетінің ұлан-ғайыр жерді алып жатқанын көреміз.Сондай-ақ, бұл
мемлекеттің түркі тайпаларының ішіндегі ең қуатты мемлекет болғандығы да
көп хабарламаларда анық айтылған.Ал этимологиялық талдау барысында бүгінде
40-тан астам варианттардың бар екендігін академик Ә.Қайдар еңбегінен
алынған мәліметтерден кездестірдік.
1.2 Қаңлы мемлекетінің саяси құрылысы және әскери қуаты
Үлкенді-кішілі кез келген мемлекеттің өз дәуіріне,заман талабына,саяси
экономикалық,табиғи-географиялық жағдайларына байланысты қалыптасқан
құрылымы, құрамы, сондай-ақ оны басқару жүйесі және ол үшін аса қажетті
мемлекеттік атрибуттары,атап айтқанда: саяси,тарихи, экономикалық
негізі,табиғи географиялық ортасы өзіндік рәміздер, ортақ тілі, жазуы,
ақшасы заңы, этникалық тұтастығы, әскери күші, өмір тіршілік көздері мен
тәсілдері болуы шарт.Біз қарастырған еңбектер,онда келтірілген дерек
мағлұматтар шамамен ХV ғасырдай дәуірлеген Кангюй мемлекетінің бойынан
түгел табылады деп айтуға толық негіз болады.
Қаңлы мемлекетінің жалпы қоғамдық бейнесі туралы төмендегіше
қорытынды түйін жасаймыз.
1.Қаңлы мемлекетінің алғашқы қалыптасқан тарихи кезеңі бізге белгісіз.Қытай
елшісі Чжан-Цзянның түркі әлеміне берген ресми хабары бұл мемлекеттің
құрылған,не құрыла бастаған нақтылы кезеңін емес дүниеге келіп, дәуірлеп
тұрған дәуірін баяндайды.Демек, Қаңлы мемлекеті өз бастауын айтып жүрген
б.д.д ІІІ-ғасырын емес,ІІ-ІІІ ғасыр одан бұрынырақ алатынын ескерген жөн.
2.Қаңлы мемлекеті- түркі әлеміне көптен белгілі тарихи шындық. Сонау көне
дәуірден-ақ қаңлы мемлекетінің қалыптасуына этникалық негіз болып,
іргетасын қалаған әр тектес көп тілді қауым емес, бір текті, Сыр бойында
тым ерте пайда болған ірі де біртұтас қаңлы тайпасы.
3.Көне қаңлы мемлекеті өзінің статусы жағынан көне дәуірдің талабына
лайықты құл иеленушілік қоғамынан кейін әскери ақсүйектер билік жүргізу
негізінде қалыптасқан феодалдық-патриархалдық мемлекет болған.
4.Өз алдына өз билігі өзінде,өз жері бар,көрші елдермен терезесі тең қарым-
қатынасы тығыз ел болған.Қаңлы мемлекеті де өзінің ішкі сыртқы саясатын осы
бейбітшілік принципінде қалыптастырғанын көреміз.Мәселен қаңлы патшасының
өз ұлын Қытай патшасының қолына жіберіп аманат ретінде беруі,еліне келген
Қытай елшілеріне өз деңгейіне сай сый-сияпат көрсетпей,өзінің тәкаппарлығын
танытуы-осының бәрі мемлекет деңгейіндегі сыртқы саясат болса керек.
5.Қаңлы мемлекетінде ел-жұртты заң жүйесімен басқару да жазбаларда сөз
болады. Заң жинағы (кодексі) патша сарайында тұрады, қажет адамдар
онымен сонда барып танысады деген дерек бір ортадан басқаруға қажет
өзіндік жарғысы болғанын аңғартып тұр.Аса қылмыс жасаған адамдардың өзін
ғана емес сол қылмыс жасау әрекетін дер кезінде тия алмаған ата- анасымен
жақын туыстарының бәрін де қатал жазаға тарту да осы заңда көрсетілген.
6.Патша сарайының дәстүрі, патшаның өзі мен отбасының,үй ішінің қалыптасқан
тәртібіде жазба деректерде біршама сөз болады. Мәселен,қаңлы патшалары
бірінен-кейін бірі нәсілдік жолмен тағайындалып отырған.Бес деңгейдегі
бейлік жүйесі сатылы принциппен жүргізілген.Қаңлы патшалығында көп әйел алу
салты да болған.Патша сарайындағы мәртебелі қонақтармен, шетелдік
елшілермен кездесу салтанатында әрбір адамның отыратын өз орны
болған.Патшаның нақсүйер патшасы бұл кеңес кездесулерде оның оң тізесіне
сүйеніп отыратын болған.
Қаңлы патшасының жаз жайлауы, қыс қыстауы, сондай-ақ бірнеше жерде
жазғы және қысқы сарайлары болған.
7.Қаңлы мемлекетінің билік жүйесіндегі өзіндік бір ерекшелігіне оның
мемлекетке бағынышты қосымша бес иелікке басшылық етуі және тәуелді болған
(мысалы: аландар елі) елдер мен қарым-қатынас жасау тәртібі жатады.
Қаңлы мемлекетіне байланысты Қытай дерек көздерінде айтылмаған бұрын
соңды көп сөз болмаған күрделі проблеманың бірі – көне Кангюй мемлекетіне
көне Хорезм жеріндегі Кан-Хорезм мемлекетінің қатыстылығы.Бұл акад.
С.П.Толстов зерттеулерінен кейін жария болған.Бірақ кейбір тарихшылар көп
мойындай қоймаған жаңа идея.Ол ұлан ғайыр Хорезм жеріндегі Канха-Хорезм
мемлекеті VІІІ-ғасырдан бұрында,кейінде көне Кангюй мемлекетінің құзырында
болған және оны жалғастырған мемлекет деп қарайды.
Мемлекет құрамы мен құрылымы Қаңлы мемлекетіне қатысты өзекті
мәселелердің ең бастысы-оның құрамы мен құрылымын айқындау.Ол үшін
мемлекетті үш шеңберде қарастырайық.
Бірінші шеңберге Қаңлы мемлекетінің өз басына тән негізгі мемлекеттік
жер көлемі ғана кіруге тиіс.Ол хронологиялық нүкте аралығымен өлшенгені
жөн.Оның бірі-б.д.д екіншщі ғасырда Қытай елшісі Чжан-Цзянның мағлұматы
бойынша белгіленген Кангюй мемлекетінің өз үлесіндегі жер аумағымен,
екіншісі-VІІІ ғасырға дейінгі Кангюй-Канқа-Хорезм мемлекетінің үлесіндегі
жер аумағымен өлшенуге тиіс.
Екінші шеңберге бір-біріне жалғаса дамыған бір мемлекеттің екі кангюй
және Канқа-Хорезм атанған құрамына бағынышты,солардың билігінде болған
тәуелді иеліктерменен бектіктер, кішігірім қала патшалықтарыдала
хандықтарының өріс қоныстары жатады.
Үшінші шеңберге жалғаса дамыған Кангюй-Канқа-Хорезм мемлекетінің
аталған территорияларының сыртында қаңлылардың әр кезде,әртүрлі тарихи
демографиялық себептерге байланысты тұрақтанып, тұрып қалған өріс-қоныстары
жатады.Қаңлылар жасаған бұл аумаққа түркі әлемінің көп жері енетіні
белгілі.Оларға мәселен,Қазақстанның ұлан-ғайыр кең территориясының Сыр
бойынан басқа жерінен, Орта Азияда, Иран, Тұран, Түркістан жерінде кейін
пайда болған Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан
территорияларын, сондай-ақ Түркі әлеміне тән Татарстан, Башқұрстан, Ноғай,
Қырым; Сібір өңіріндегі Сақа, Хакас, Тува, Алтай және Осман империясын
сондай – ақ Моңғолия, Қытай, Ресей т.б. елдердің жерлерін жатқызуға болады.
Осы аталған өлке аймақтардың бәрінде де кезінде көне қаңлы тайпалары
жеке дара қауым, тайпа ұлыс болып та, шағын этникалық топ болып та тіршілік
жасағаны және кей жерлерде күні бүгінге дейін жасап келе жатқаны белгілі.
Осы орайда, қаңлылардың түркі әлеміне кең тарап кетуіне негіз болған
үш себепті атай кетуге болады: біріншіден, олардың түркі тайпаларының
ішіндегі ең көне әрі байырғыларынан саналуы, екіншіден, өзінше қалыптасқан
тарихи тағдыры, үшіншіден, эмиграциялық, демографиялық өміршең табиғаты
т.б. ерекшеліктері жатады.
Мемлекетті басқару жүйесі. Қаңлы мемлекетінің б.д.д. II ғасырда
қалыптасқан қорыта келе, Қытайтанушы қазақ тарихшысы Нәбижан Мұқаментханұлы
ол жүйесінің төмендегіше бес деңгейін атап көрсетеді.
1.Билеу жүйесінің ең жоғарғы бірінші деңгейі – Ваң- патша,
яғни қаңлы патшасы. Ол Қаңлы мемлекетінің барлық иесі, ел билеуші ең биік
лауазымды адам.
2.Екінші деңгейдегі ел билеуші – Фу Ваң, бұл патшаның
орынбасары немесе орынбасар патша. Ол патшаның бірінші көмекшісі, әрі
әскери істерін басқарушы бас сардар саналады. Бүгінгі біздің түсінігімізше
ол – жоғарғы қолбасшы. Ол ірі жорықтарға өзі қолбасшылық жасаған, әрі елін
жаудан қорғау міндетін де атқарған. Автор бас сардардың ісін көрсету үшін
Ханнамадан бір мысал келтіреді: Қаңлы патшасының орынбасары Баудін
бірнеше мың қол бастап шығып, Чыгуш (Қызылсай) қаласының шығыс алабын талан
таражылады, үлкен күн бидің (бұл үйсін елінің басшысы) мыңнан астам адамын
қырғындап, көптеген малдарын айдап әкетті. Содан соң олар Хань патшалығының
әскерлерімен айқасып олардың артқы шеп тасымал керуендерін мейлінше тонады
– деп жазады.
3.Үшінші деңгейдегі мемлекет билеуші Гүйрын, ақсүйектер немесе
төрелер. Олар негізінде халықтық әлеуметтік істерді, ел аралық
қатынастарды, бітімгершілік миссияларды басқаратын лауазымды адамдар. Олар
кезекті кеңес жиналыстарына қатысып маңызды қарарлар қабылдайтын
мемлекеттер кеңесшілер болып саналады. Басқаша айтқанда, олар ең жоғарғы
ақсүйектер кеңесінің мүшелері болып саналады.
4. Төртінші деңгейдегі мемлекет билеушісі – ябвуылар.
Бұлар – ірі ру басшылары немесе ұлыстардың басшылары. Олар өз руларының
әскерлері мен әкімшілік істерін басқарады. Сонымен қатар, ақсүйек – төрелер
кеңестеріне қатысып, мемлекеттік келелі істерді атқаруға, шешім қабылдауға
өз ықпалын жасайтын беделді адамдар болып саналған.
5.Бесінші деңгейдегі мемлекет билеушілері – түменбасылары.
Қаңлы мемлекетінде әкімшілік пен әскери жүйе біртұтас болады деп
көрсетеді Н. Мұқаметханұлы. Қытай деректеріне сүйеніп, әрбір отбасының бір
адамы тұрақты түрде әскер қызметін атқаруға міндетті болған. Олар
жәйшылықта өндіріспен, мал бағу және басқа да тіршіліктермен айналысады да,
ал соғыс бола қалған жағдайда, қосынданып, қолдарына қару жарақтарын алып
шайқасқа аттанатын болған. Мысал ретінде автор: Ханнамда б.з.д. 36 жылы
Қытай әскерлері қаңлы жеріндегі Жыжы тәңірқұтты өз қорғанында қоршауға алып
шабуыл жасаған, қаңлының жүз мыңдаған әскері он топқа бөлініп, оларғада
төрт жағынан қоршауға алып шайқас жасамақ болды. Түнде олар қосындарымызға
бірнеше рет тап берді, бірақ бәрінде ырықты орынға жете алмаған соң шегініп
кетті делінген деп көрсетеді32.
Қаңлы мемлекетінің әскери күші. Мемлекет болған жерде оның
жерін, елін қорғайтын қарулы қолы, әскери күші болуы міндетті. Демек,
іскери күш қай заманда болмасын мемлекеттік құрылымының құрамдық бөлігі
болып саналған. Сондықтан жалпы дәурендеу мерзімі он бес ғасырға созылған
Қаңлы мемлекетінің тарихында тұрақты әскер күшінің болғандығы Қытай
жылнамаларында көрсетіліп отырған. Кангюй мемлекетіне алғаш рет елші Чжан
Цзяньнің мағлұматы бойынша бұл мемлекеттің 120 мың садақшы жауынгері
болған.
Бичурин кангюй мемлекетінің халқы ұстаған әскерінің санына
тоқталып: Народу население состоит из 120 тысячи семейств, 600000 душ;
строевого войска 120 000 человек, - деп көрсетеді33.
Осыншама әскери күш ұстау Қаңлы мемлекетінің, одан кейінгі қаңлы
қауымының сонау көне дәуірден басталып, XIX ғасырға дейін жалғасып келген
дәстүрі екеніне көз жеткізуге болады. Бұл дәстүрді біз Хорезм заманында да
өз дамуын тауып, одан кейін де жалғасқанын көреміз.
Көне Хорезм жеріне археологиялық зерттеу жүргізген ғалым С.П.
Толстов өз жұмысының бір тарауын Конница Кангюя деп атап салт атты
әскердің теңгеге түсірілген бейнесіне байланысты мұздай қаруланған атты
әскердің сол кездегі мемлекет өмірінде ерекше орын алғандығын баяндаған.
Сондай – ақ, академик С.П. Толстов көп зертеулерінің бірінде
Сырдарияның бойында Ескендір Зұлқарнайынмен болған қанды шайқаста оған
қарсы шыққан жергілікті скифтердің қатарында Кангюй – Хорезм атты
әскерлерінің болуы ықтимал деп көрсетеді. Қару жарақ пен қаруланған бұларды
тек ауыр оқ атқыштармен ғана мертіктіруге болатын еді дейді. Ол әскерлердің
қарулары әртүрлі болып, белдерін алтынды белдіктермен буынып, аттарын
теңгемен пластика жабулармен жабулаған еді34.
Қазақстан жеріне, еліне ғасырлар бойы баса көктеп кіріп, ел
жұртын қан қақсатқан Жоңғарлар мен Қалмақтарға қарсы қан төгіс жойқын
соғыстардың барлығына да қаңлы қауымының ер азаматтары белсене қатысады.
Соның бір мысалы ретінде екі болыс қаңлы ауылының Жетісу жеріне қоныс
аударып келуін айтуға болады.
Шыңғысқан шапқыншылығынан кейінгі Кангюй – Канқа – Хорезм
мемлекеті ыдыраған дәуірлерде қаңлы тайпасы қалың отырған хандықтар мен
қағанаттарда тек қаңлылардан ғана құралған әскери күштердің болғандығы
белгілі. Мәселен, Қадырғали Жалайыридің Жылнамалар жинағында: Ұрысхан
әскерінің оң қанатында екі мың қаңлылар, ал сол қанатында - алаш мыңы
болды деп көрсетеді35.
Қаңлы полкы. XIX ғ. Қоқан хандықтарының архивінде сақталып келе
жатқан мыңдаған іс қағаздары мен құжаттардың А.Л. Троицкая жариялаған
каталогінде көшпелілер полктарының лауазымды әскер басшыларына азық –
түлік жіберілуіне байланысты сол полктардың аттары мен орналасқан мекен
жайлары аталады. Мәселен: Кара - тепа, Карван, Канглы...36. Осы дерекке
қарағанда да XIX ғасырдың өзінде біріңғай қаңлылардын құралған бір полк
әскер болғандығы белгілі.
Міне бұл деректерден біз кангюй мемлекетінен басталған әскери
күш жабдықтап ұстау дәстүрі көпке дейін созылғандығын көреміз. Бұл қаңлы
қауымының биік рухын, өз жері мен ел жұртын қорғауға деген патриоттық
сезімінің биіктігін көрсетсе керек. Қытай мен Моңғол империсяның құзырында
жүрген көптеген қаңлылардың ел басқару, ғылым – білім, өнер саласында ғана
емес, сонымен қатар жоғары дәрежелі әскери лауызымды қызметтерді де атқаруы
олардың жауынгерлік рухын сипаттайтын қасиет.
II – тарау. ҚАҢЛЫ РУЛЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ
ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ.
2.1. Қаңлы мәдениеті: шаруашылығы, жазу өнері, қолөнері, музыка және
би өнері.
Шаруашылығы. Қаңлы мемлекеті алып жатқан жер табиғи климаттық
және ландшафтық – географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі
болған. Мұнда тау аңғарларындағы құнарлы тау беткейлері, өзендердің
аңғарлары, кең байтақ дала кеңістектері, шөлейттер мен шөлдер де бар еді.
Нақты шағын аймақтардың әрқайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің
негізгі бағытын да географиялық орта анықтады. Оның үстіне түрлі аудандар
адамның игеру дәрежесі мен, шаруашылық қызметке тартылуы мен шаруашылықтың
белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленеді. Хорезмде, Арал өңірінде,
Зерафран аңғарында, Ташкент алқабында ертедегі және алдыңғы антик дәуірінде
отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптасқан. Көшпелі
(жартылай көшпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан
тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді.
Дәнді дақылдар дәндері мен астық қамбаларының табылғанына, еден
сылағы мен қамкесектен сабан – топан қалдықтарының болғанына дәнүккіштер
мен астық сақтайтын құмдардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz