Айнала қошаған ортадағы экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау шараларын жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау
Кіріспе
І . Қазақстандағы ботаникалық бақтардың даму тарихы мен
құқықтық негіздері
1.1 Қазақстанның жалпы ботаникалық бақтары туралы мағлұмат
1.2. Ботаникалық бақ . ерекше қорғалатын табиғи территория.
1.3. Ботаникалық бақтардың экономикалық және экологиялық
маңызы
ІІ. Қазақстан республикасының ботаникалық
бақтарының географиясы
2.1 Құрғақ дала табиғат зонасының ботаникалық бағы
2.2. Шөлейт табиғат зонасының ботаникалық бақтары.
2.3. Қазақстанның шөл зонасындағы ботаникалық бақтар
2.4. Қазақстанның таулы облыстарындағы ботаникалық бақтар.
2.5 Қазақстандағы ботаникалық бақтардың қазіргі дағдайы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Тақырыптың актуальдылығы: Қазақстан Республикасы ғаламдық масштабта өріс алып отырған тұрақты даму Концепциясын (Концепция устойчиво го развития) қабылдауға (1) байланысты ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жүйесіне баса назар аударып отыр. Елімізде «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар тұралы заң» 1997 жылы 15 тамыз айында үкіметтің № 162-1 қаулысы бойынша қабылданған (2). Ерекше қорғалатын табиғи территориялар география ғылымының зерттейтін негізгі нысаналары екенін естен шығармау қажет. Осы заңның жобасында ерекше қорғалатын та- биғи территориялар жүйесіне (система) - мемлекеттік табиғи қорықтар, мемле- кеттік табиғи ұлттық раоктер, мемлекеттік табиғи заказниктер, мемлекеттік таб- иғи ескерткіштер мен қатар зоологиялық парктер мен ботаникалық бақтар кіреді. Ботаникалық бақтар республикадағы биологиялық түр ретінде табиғи ареалында жойылып бара жатқан сирек өсімдіктерді сақтап, өсіретін ерекше қорғалатын табиғи территория. Қазақстанда ботаникалық бақтар жүйесі географиялық принцип бойынша орналастырылып құрылыған еді. Қазақстанның Қызыл кітабына кір- ген сирек өсімдік түрлері бүгінде тек қана осы ботаникалық бақтарда табылады. Сондықтан республиканың табиғатын қорғауда өзіндік орны бар бақтардың географиясын зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы зор. Ботаникалық бақтарды сондай-ақ экологиялық білім мен тәрбие берүдің ошағы екенін естен шығармауымыз қажет. Себебі мекетп оқушыларымен экологиялық тақырыптағы экскурсиялар осы бақтарда өтіп жатады. Болашақ география пәнінің мұғаліміне республикадағы ботаникалық бақтардың географиясын, олардың бірінен бірінің айырмашылығын білу - кәсіби біліктіліктің бір талабы Диплом жұмысының көкейтестілігін осы жағдайлармен тұжырымдауға болады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Айнала қошаған орта- дағы экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау ша-раларын жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау.
Осы мақсатты орындау төмендегі міндеттерді шешү арқылы жүзеге асады: - ботаникалық бақтардың қазақстанда құрылу тарихын зерттеу;
-республикадағы ботаникалық бақтардың қызметін реттейтін нормативті құжатпен танысу;
- сирек өсімдіктерді сақтау мен қорғаудағы ролі анықталды;
- ботаникалық бақтардың структурасын зерттеу және региональды бақтардың экологиясын зерттеу;
- қазіргі экологиялық мәселелрін зерттеп, болашағына анализ жасау.
Диплом жұмысының зерттеу нысанасы : Қазақстанның ботаникалық бақтары.
Зерттеу пәні – ботаникалық бақтардың географиясы және геоэколо- гиялық мәселелері.

1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
2. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
3. Липский В. И. Ботанические учреждения и сады в Южной Европе и Северной Африке (с чертежами и планами) //Второе приложение к Трудам Тифлисского ботанического сада. — СПб.: Типо-литография Герольд, 1902—1904. — С. 1—129.
4. Ресурсы ботанического сада: научные, образовательные и социально-экологические аспекты. Иркутск: Изд-во Иркутского государственного университета, 2005. — 243 с.
5. Обзор «Ресурсы ботанических садов: Материальные и нематериальные аспекты связи биоразнообразия и благосостояния людей» — 28 (2006), pp. 113–134
6. Ботанические сады как экологические ресурсы в глобальной системе социальных координат // Ландшафтная архитектура и дизайн: журнал. — 2010. — Т. 29. — № 2. — С. 7—11.
7. Кузеванов В. Я. Ботанические сады как экологические ресурсы развития цивилизации // Труды Томского гос. ун-та. Серия биологическая. — Томск: 2010. — Т. 274. — С. 218—220
8. Алма-Ата. Энциклопедия / Гл. ред. Козыбаев М. К.. — Алма-Ата: Гл. ред. Казахской советской энциклопедии, 1983. — С. 161—162. — 608 с. — 60 000 экз.
9. Эренбург П.М., Гуцалюк П. Арбузы, дыни. – Алматы.: Кайнар, 1976.-162-169с.
10. Эдельштейн В.И. Овощеводство. Москва: Издательство сельскохозяйственной литературы, журналов и плакатов. 1962.-79б.
11. Юрина О.В. Селекция и семеноводство тыквенных культур. – Москва : Колос, 1986.-87б.
12. Әбілов Д. «Ауылшаруашылық өсімдік тұқым сапалығы». – Алматы: Қайнар, 1993.-92б.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Тақырыптың актуальдылығы: Қазақстан Республикасы ғаламдық масштабта
өріс алып отырған тұрақты даму Концепциясын (Концепция устойчиво го
развития) қабылдауға (1) байланысты ерекше қорғалатын табиғи
территориялардың жүйесіне баса назар аударып отыр. Елімізде Ерекше
қорғалатын табиғи территориялар тұралы заң 1997 жылы 15 тамыз айында
үкіметтің № 162-1 қаулысы бойынша қабылданған (2). Ерекше қорғалатын табиғи
территориялар география ғылымының зерттейтін негізгі нысаналары екенін
естен шығармау қажет. Осы заңның жобасында ерекше қорғалатын та- биғи
территориялар жүйесіне (система) - мемлекеттік табиғи қорықтар, мемле-
кеттік табиғи ұлттық раоктер, мемлекеттік табиғи заказниктер, мемлекеттік
таб- иғи ескерткіштер мен қатар зоологиялық парктер мен ботаникалық бақтар
кіреді. Ботаникалық бақтар республикадағы биологиялық түр ретінде табиғи
ареалында жойылып бара жатқан сирек өсімдіктерді сақтап, өсіретін ерекше
қорғалатын табиғи территория. Қазақстанда ботаникалық бақтар жүйесі
географиялық принцип бойынша орналастырылып құрылыған еді. Қазақстанның
Қызыл кітабына кір- ген сирек өсімдік түрлері бүгінде тек қана осы
ботаникалық бақтарда табылады. Сондықтан республиканың табиғатын қорғауда
өзіндік орны бар бақтардың географиясын зерттеудің ғылыми және практикалық
маңызы зор. Ботаникалық бақтарды сондай-ақ экологиялық білім мен тәрбие
берүдің ошағы екенін естен шығармауымыз қажет. Себебі мекетп оқушыларымен
экологиялық тақырыптағы экскурсиялар осы бақтарда өтіп жатады. Болашақ
география пәнінің мұғаліміне республикадағы ботаникалық бақтардың
географиясын, олардың бірінен бірінің айырмашылығын білу - кәсіби
біліктіліктің бір талабы Диплом жұмысының көкейтестілігін осы жағдайлармен
тұжырымдауға болады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Айнала қошаған орта- дағы
экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау ша-раларын
жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып,
оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау.
Осы мақсатты орындау төмендегі міндеттерді шешү арқылы жүзеге асады: -
ботаникалық бақтардың қазақстанда құрылу тарихын зерттеу;
-республикадағы ботаникалық бақтардың қызметін реттейтін нормативті
құжатпен танысу;
- сирек өсімдіктерді сақтау мен қорғаудағы ролі анықталды;
- ботаникалық бақтардың структурасын зерттеу және региональды
бақтардың экологиясын зерттеу;
- қазіргі экологиялық мәселелрін зерттеп, болашағына анализ жасау.
Диплом жұмысының зерттеу нысанасы : Қазақстанның ботаникалық бақтары.
Зерттеу пәні – ботаникалық бақтардың географиясы және геоэколо- гиялық
мәселелері.
Диплом жұмысының ғылыми және практикалық маңызы ботаникалық бақтардың
географиясын зерттей отырып, олардың географиялық орнына геоэкологиялық
тұрғыдан баға беру. Ботаникалық бақтардың структурасын анықтау және
биологиялық түр ретінде жойылып бара жатқан сирек өсімдіктердің қазіргі
сақтаудың экологиялық мәселелерін анықтау.
Республикадағы мемлекетті ботаникалық бақтарды орта мектеп пен жоғарғы
мектептің оқу үрдісінде туризм мен өлкетанудың басты нысаналары ретінде
қарастыруға болады. Педагогикалық институттардың География және
Тарих-география мамандықтарының Туризм және өлкетану негіздері,
Мектептегі туризм пәндерін оқытқан кезде ерекше қорғалатын табиғи
территориялар тарауын өткен кезде пайдаланылады. Болашақ география пәні-
нің мұғалімі мектеп оқұшыларымен кластан тыс экологиялық ғылыми зерттеу
проектілерін орындау барысында және тәрбие жұмыстарында ботаникалық бақтар
тұралы мағлұматты кеңінен қолданады.
Жұмысты орындау барысында қолданылған материалдар қазақстанның оның
жеке аймақтарындағы ботаникалық бақтарға қатысты ғылыми монографиялар мен
әдебиеттер, периодикалық басылымдардағы және ғылыми журналдар мен интернет
мәліметтері пайдаланылды.
Зерттеудің әдістері диплом жұмысындағы міндеттерді шешу барысында
география мен экология ғылымындағы системді әдіс, салыстырмалы геоэколо-
гиялық сипаттау және картографиялық әдістер қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және
5 параграфтан, қорытындыдан тұрады. Жалпы мазмұны қолжазба бетте
баяндалған, бір карта –сызба, 4 кестеден тұрады.
Бірінші тарауында қазақстандағы ботаникалық бақтар жүйесінің қалыптасу
тарихы, экологиялық маңызы мен нормтаивті құжаттары анализденеді.
Екінші тарау республиканың региондарында орналасқан ботаникалық
бақтарға сараптама жасалып, олардың болашағына қатысты мәселелерге
арналады.
І . Қазақстандағы ботаникалық бақтардың даму тарихы мен
құқықтық негіздері
1. Қазақстанның жалпы ботаникалық бақтары туралы мағлұмат
Қазақстандағы ботаникалық бақтардың құрылуы бұрынғы КСРО-ның тұсында
басталды (3). Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде Қазақстанда бірде бір
ботаникалық бақ жоқ еді. КСРО тұсында республикада алты ботаникалық бақ
құрылды. Оның алғашқы себебі еліміздің шөлейтті шөлді табиғаты қатаң
аймақтарында пайда болып отырған елді мекенді пункттерді когалдандыру
болатын. Бұрынғы КСРО-ның тұсында Қазақстан репсубликасының экономи-
касының қауырт дамығаны белгілі. Жер қойнауындағы байлықтар алынып, жаңа
завод, фабрикалары салынған үлкенді кішілі қалалар пайда болып, рес-
публиканың географиялық картасында орын тебе бастады. Осы қала типті елді
мекенді пунктерде адамның тұруына қолайлы табиғ экологиялық орта –
көгалдандыру арқылы жүзеге асатыны белгілі. Әртүрлі географиялық табиғат
зоналарындак көгалдандыру жұмыстарын бастамас бұрын әуелі ботаникалық
бақтарда ағаштар мен бұталарды жерсіндіріп алады. Жерсінген ағаш пен бұта-
лардың сорттарын қала мен ауылдарға отырғызұға ұсынады. Осы тұрғыдан
алғанда ботаникалық бақтар ғылыми сынақ полигонына ұқсас. Өсімдердің
фенологиялық байқауы стационарлы ботаникалық бақ жағдайында жүргізіледі.
Мұнда өсімдіктердің физиологиясына қатаң ғылыми зертеу жұмысы жүргізі-
леді. Уақыт пен табиғат жағдайына бейімделіп өскен өсімдіктерді ғана
қалалар- да өсіреді.
Алғашқы Алматы ботаникалық бағы Алматы қаласында Қазақ ССР-нің Ғылым
академиясында осыдан 70 жыл бұрын құрылды. Осы күні бұл өте ірі ғылыми-
зерттеу орталығына айналған (6). Республика және дүние жүзі бойынша
өсімдіктерді жерсіндірү (интродукция) мен акклиматизация (бейімделү)
бағытында жұмыстарын кординациялайды. Республиканың ботаникалық
бақтарындағы ғалымдардың ерен еңбектерінің арқасында ыстық, құрғақ шөлейт
пен шөл далаларда көк жасылға бөленген қалалар мен ауылдар пайда болды.
Қалаларда тамаша парктер, аллея мен скверлер өсіп, жанға жайлы мик-
роклимат жасап тұр. Кейінгі жылдары ботаникалық бақтар Қарағанды,
Жезқазған, Лениногор, Бақанаста, Ақтауда дүниеге келді.
Ботаникалық бақтарды орналастырғанда географиялық зональды заңды-
лықты басшылыққа алды: Шығыс Қазақстанда – Алтай, Орталық Қазақстанда –
Қарағанды мен Жезңқазғанда, Батыс қазақстанда Ақтауда, Жетісуда Іле, Сол-
түстік Тянь-Шань тауында (Іле Алатауы) – Алматы ботани- калық бақтары ор-
наласақан.
ХХ- шы ғасырдың 80-90 –шы жылдарынан бастап дүние жүзінде ботани-
калық бақтардың атқаратын функциясы сапалы өзгерістерге ұшырады. Жер бет
-індегі биологиялық әралуан түрлерді қорғау мәселесіне байланысты ботаника-
лық бақтар енді сирек өсімдіктерді қамқорлыққа алатын ерекше қорғалатын та-
биғи территорияға айналды (7,8).
Алғашқы ботаникалық бақтың құрылуы бұрынғы КСРО-ның Ғылым
академиясының 1932 жыл ашылған ботаникалық секторының Қазақстандағы
базасының қызметімен тығыз байланысты. Оны басқарған белгілі совет
флористері Б.К Шишкин, кейіннен М.Г Попов және Н.В. Павлов болды. КСРО –
ның Ғылыми Академиясының Ботаникалық Институты (БИН АН СССР) көмегімен
Алматы ботаникалық бағы 1932 жылы қарашада айында құрылды. Арнайы ғылыми
қызметкрлерден құрылған ортада бөлім меңгерушісі профессор Н.П.Ильиннің
басшылығымен алғашқы ағаш өсімдіктер коллекциясын жасау ісі басталды.
Сәндік (декоративті) ағаштар мен бұталар мен көпжылдық дәрілік өсімдіктерді
ассортиментін зерттеген (9,10,11).
Қорытынды. 1. Қазақстан Республикасында ботаникалық бақтар ХХ-шы
ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап құрыла бастады. Ботаникалық бақтардың
құрылуының негізгі мақсаты, елді – мекенді пункттер қалаларды ауылдарды
жаппай когалдандыруға байланысты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізү болған.
2. Қазақстандық ботаникалық бақтардың ұйымдастыруларында орыс ботаник
флорист ғалымдары Б.К Шишкин, М.Г. Попов және Н.В. Павлов-тар үлкен
еңбек сіңірді.
3. Қазақстанда ботаникалық бақтарды құру идеясын көтеріп, оны жүзеге
асыруда зор еңбек жасаған Қазақстан Ұлттық Академиясының алғашқы президенті
Қаныш Имантайұлы Сатпаев болатын.
1.2. Ботаникалық бақ – ерекше қорғалатын табиғи территория.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе территориялар экологиялық,
ғылыми және мәдени тұрғыдан алғандағы ерекше құнды объектiлерi бола отырып,
Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады. Заң ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар қызметiнiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк
және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
ұғымы - құқықтық қорғау режимi бар не мемлекеттiк табиғи-қорық қорын
сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн шаруашылық қызметi режимiмен
реттелетiн жер, су, орман және жер қойнауы учаскелерi. Осындай табиғи
құндылықтардың бірі - мемлекеттiк ботаникалық бақтар. Ол Қазақстан
Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи территориялары Заңының 14
тарауындағы баптарға сәйкес құрылады (12). Заңның 56-бабына сай
мемлекеттiк ботаникалық бақ деген ұғымға төменде -гідей анықтама беріледі.
1. Мемлекеттiк ботаникалық бақ - өсiмдiктер дүниесiн қорғауға,
молықтыруға және пайдалануға арналған, табиғат қорғау және ғылыми-зерттеу
мекемелерiнiң мәртебесi бар және өңiрлер бойынша сараланған қорғау
режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың жергiлiктi және республикалық
маңызы болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды өңiрлерге бөлу және оларды қорғау
ерекшелiгі мемлекеттiк ботаникалық бақтарға тұрақты пайдалану үшiн
белгiленген тәртiппен жер учаскелерi берiледi.
Мемлекеттiк ботаникалық бақтар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) экспозициялық - өсiмдiктердi егуге және оларды келушiлерге
көрсетуге арналған;
2) ғылыми - ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған;
3) қорықтық - табиғи өсiмдiктердiң бiрегей, типтiк және сирек
кездесетiн топтарын сақтауға арналған;
4) туристік - рекреациялық қызмет көрсетуге арналған;
5) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық өңiрлерге бөлiнедi.
3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда олардың мiндеттерiн орындаумен
байланысты емес және оларда өсiрiлетiн өсiмдiктердiң жойылуына әкелiп соғуы
мүмкiн кез келген iс-әрекетке тыйым салынады.
Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда өсiмдiктерді өсіру:
1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар отандық және дүниежүзiлiк флораның
табиғи және мәдени өсiмдiктер коллекцияларын қалыптастырады және олардың
сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар өсiмдiктермен импорттық және
экспорттық операциялар жүргiзудi, оларды ботаникалық саладағы басқа
мекемелермен айырбастауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттiк
учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады.
Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды пайдалану ерекшелiктерi:
1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-
ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардағы ғылыми зерттеулер табиғи
флораның бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн
және жерсiндiрiлген дақылды өсiмдiктердi қолдан өсiру, тұқымын сұрыптау
және көбейту саласында жүргiзiледi.
Мемлекеттiк ботаникалық бақтар ғылыми деректер банкiн, қорлар,
мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құрып, ғылыми, ғылыми-
көпшiлiк және осы мекемелер қызметiнiң мәселелерi бойынша басқа да
әдебиеттер шығара алады.
3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар ұсынылған жерсiндiрiлген
өсiмдiктердi және олардың қайталама түрлерiн халық шаруашылығына енгiзу
мақсатымен өндiрiстiк сынақтан өткiзу үшiн шаруашылық эксперименттiк
базалар құра алады.
4. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың қосалқы шаруашылықтары,
шеберханалары, өсiмдiктер сататын мамандандырылған дүкендерi және осы
мекемелер бағдарына сәйкес келетiн шаруашылық қызметке қажеттi басқа да
объектiлерi болуы мүмкiн.
Заңның 16 бабына сай ботаникалық бақтар құрамында Мемлекеттiк
дендрологиялық парктер ұйымдастырылады. Мемлекеттiк дендрологиялық парктер
деп:
1. Мемлекеттiк дендрологиялық парк - табиғат қорғау мекемесiнiң
мәртебесi бар және ағаш пен бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыруға және
пайдалануға арналған өңiрлер бойынша сараланған қорғау режимiндегi ерекше
қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк дендрологиялық парктердiң жергiлiктi және республикалық
маңызы болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк дендрологиялық парктердi өңiрлерге бөлу және оларды
пайдалану ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк дендрологиялық парктерде өңiрлер мемлекеттiк
ботаникалық бақтар сияқты мақсат пен қорғау режимдерi ескерiле отырып
бөлiнедi.
2. Мемлекеттiк дендрологиялық парктер мемлекеттiк ботаникалық бақтар
сияқты тәртiппен және нақ сондай шарттармен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу
мақсаттарында пайдаланылады.
Мемлекеттік ботаникалық бақ пен дендропарктер аумағы мемлекеттiк
меншiкте болады, олардың жер учаскелерi және оларда орналасқан объектiлерi
жекешелендiруге жатпайды.
Ботаникалық бақтар мен дендрологиялық парктер төмендегі мақсаттарда
пайдаланылады:
❖ ғылыми;
❖ мәдени-ағартушылық;
❖ оқу;
❖ туристiк және рекреациялық;
❖ шектеулi шаруашылық мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн.
Қорытынды. 1. Ботаникалық бақтар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
бірі ретінде республиканың табиғи құндылықтары болып табылады;
2. Ботаникалық бақтар мемлекеттік меншікте, жекешелендірүге жатпайды
оның аумағында оның табиғатына зиян тигізетін барлық шаруашылық жұмыстары
жүргізілүіне тиым салынады;
3. Қазіргі таңда биологиялық алуан түрлі өсімдіктерді сақтаудың бірден
бір орталығы. Аумағында ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатар экологиялық білім
мен тәрбие берү шараларын өткізуге рұқсат беріледі.
1.3. Ботаникалық бақтардың экономикалық және экологиялық
маңызы
Қазақстан Республикасы табиғи өсімдіктер қорына өте бай. Оның 2,7 млн
шаршы шақырым териториясында табиғи өсімдіктердің 5700 (бес мың жеті жүз)
түрінен астамы кездеседі (14). Олардың ішінде 68 ағаштың түрі, 266 бұталар,
бұта тектестер – 433, шөптесін өсімдіктерден 4000 түрлері. Пайдалы
медициналық, азықтық және техникалық өсімдіктердің өзі 1200 түрден асады.
Өсімдіктер әлемінің байлығы табиғаттың әр түрлі жағдайларына, күрделі
рельефті болуына, климат жағдайларының әр түрлі болуына байланысты.
Өсімдіктердің көптеген түрлері мен формалары өздерінің биологиялық
қасиеті және сапалылығы жағынан тамақ өнеркәсібінде, медицинада, ауыл
шаруашылығында және де халық шаруашылығының басқа да салаларында
қолданылады. Қазақстанның Ұлттық Ғылыми Академиясы өсімдіктердің пайдалы
және жоғары декоративті қасиеттерін зерттей отырып, оның флорасын байытуда
маңызды жұмыстар атқаруда (15,16). Ботаникалық бақтарда сынақтан өткен
жүздеген декоративті ағаштар мен бұталар, мал азығы, дәрілік өсімдіктер
және көгалдандыру мақсатында пайдаланылып келеді. Мысал,: Алматыдағы
Орталық ботаникалық бақ өндіріске 700, Алтай ботаникалық бағы - 550,
Қарағанды ботаникалық бағы - 500, Жезқазған ботаникалық бағы-350 және Іле
ботаникалық бағы -80 өсімдіктердің түрлері мен сортарын өткізді.
Шөл және шөлейт жерлерді көгалдандыру үшін сәнді талдың тамарикстің,
жүзгүннің, құм акациясының жоғары декоративті формалары таратылды. Ресей
мен Қазақстанның кейбір аудандарында сапалы тағамдық өсімдік ретінде
түрімен жергілікті форманы будандастыра отырып сарымсақтың Шоқпар деген
тағамдық сортын шығарды.
Республиканың ірі қалалары мен облыс орталықтарындағы газондарды
түрлендірү мақсатында - қызыл сұлы, далалық мятлик деген түрлерін әрі тез
өсетін әрі қатаң құрғақшылыққа төзімді болғандықтан көгалдандыруға осы
өсімдіктерді ұсынады.Осы аталған өсімдіктердің тұқымдары Алматы облысындағы
Таугүл совхозында өсіріледі.Қазақстанды жаппай көгалдандыру мақсатында
интродукцияның нәтижесінде шет елдерден, атап айтқанда Солтүстік Америка
және Қиыр Шығыстан ағаштар мен бұталар әкелініп біздің жағдайда өсіру қолға
алынған. Оның ішінде әбден жерсіндірілген - қарағай, амур барқытыты, қытай
лимоны, маака черемухасын айтуға болады.Қазіргі таңда көгалдандыру жұмысы
республиканың әр түрі табиғи жағдайларында жүргізіліп жатыр. Ұзақ сынақтан
өтіп жатқан - қылқан жапырақты ағаштың түрлері. Бұларда жер жерде
көгалдандыруда қолданыс табуда. Орталық ботаникалық бақта соңғы жылдары
қылқан жапырақтылардың жергілікті жағдайларға бейімделуін және вегетативті
көбеюдің тәсілдері анықталды.Орталық ботаникалық бақта топырақ және климат
жағдайларының төзімділігін ескере отырып, Тянь-Шань тауларындағы бұталары
мен ағаштарын өсіруге мүмкіндік алды.Гүлөсірушілер шетелдердің көрікті
өсімдіктердің көптеген түрлерін ботаникалық бақтарда өсіріп, отандық
флораны көбейтті. Осы республикадағы ботаникалық бақтардың коллекциясында
гүлді өсімдіктердің 4000-нан аса түрі өсіріледі.Олардың кейбір түрлері
жергілікті жерге әбден бейімделген: раушан, пион, астра , бәй- шешек және
т.б.Орталық ботаникалық бақтың селекционерлері К.Л.Сущков және М.В.
Бессчестнова шай будандары және саябақ раушан гүлінің 21- түрінің жоғары
көрікті сапасын арттырды. Олардың көптеген шетелдік түрлерінен
құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Раушан гүлінің он бес түрі
мемлекеттік түр сапасының сынағынан өткен , тоғыз түрі Алматы облысында
жерсіндіріліп, ал алтауына жеке биологиялық түр ретінде авторлық куәлік
берілді. Раушан гүлінің әсіресе мына түрлерінің маңызы өте зор. Олар
–Қазақстандық Мерейтой, Іле Алатаулық, Алматыдан сәлем, Қыз-Жібек,
Юннаката, Ботагөз деген түрлері.. Будандастыру арқылы пионның ақ гүлінің 10
түрін, иристің 20 түрін және гладиолустың 20 жаңа түрлерін алды.Бұл гүл
түрлері Қазақстанның әртүрлі климаттық зоналарында өнер кәсіптік сынақтан
өтеді. Көгалдандыру шараларында кеңінен қолдану мақсатында Республиканың
Ауыл шаруашылық Министірлігі мен комунальды - тұрмыстық шаруашылықтарына
бұл түрлерді жаппай отырғызуға әр түрлі нұсқаулар жеке брошюралар ретінде
басылып шығарылды (16,17). Алматыдағы Орталық және Қарағанды ботаникалық
бақтарында үйде өсірілетін гүлдерінің биологиялық маңызы зерттеліп, оны
көбейтүдің жолдары көрсетілді.Мемлекеттік мекемелермен үй ішін
көгалдандыруға гүлдердің 100 – ге жуық түрін анықтап, олардың
бактерияларға қарсы күресе алатын қасиеттері мен бірге әдемілік сапасы
туралы нұсқаулар дайындады.Ботаникалық бақтарда көп жыл бойы жеміс жидек
ағаштарының түрлері зертелді, сондай-ақ жаңа сортардың шығарылуына
байланысты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осындай зерттеулердің нәтижесінде
Орталық Қазақстанда, Солтүстік және Оңтүстік Балқаш маңында және Алтай
таулы аудандарында өсе алатын жеміс- жидектердің жақсы өнім беретін
сорттары ұсынылды. Олар атап айтқанда: алма ағашының 10 сорты, алмұрттың -
4, қара өріктің - 8, жүзімнің - 6, шиенің – 6 және қарақаттың – 4 сорты.
Жидекті өсімдіктермен селекциялық жұмыстар жүргізілді. Жасанды және
өздігінен тозаңдандыру жолымен құлпынай мен шиенің мол өнім беретін,
төзімді сортарын шығарды.Өсімдіктердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін
тәжірибе арқылы зертеудің нәтижесінде, химиялық және физикалық
мутагендердің әсерінен гладиолустың, астраның, Шабо қалампырының, грек
жаңғағының сиреннің перспективті мутантты формалары алынды.Алтай
ботаникалық бағы жергілікті дендрофлорадан 65 ағаштар мен бұталардың
декоративті түрін таңдап алды, оның ішінде жиырмасы осы өңірді
көгалдандыруда кеңінен қолданылды. Интродукцияның нәтижесінде көгалдан-
дыруға мынадай өсімдіктер ұсынылған: ағаш тәрізділерден - тікенекті шырша,
ұсақ жапырақты қара тал, үйеңкі, амур сирені, теректің түрлері, қайың, ал
бұталардан таңқурай, қарақат және аморфа.Қарағанды ботаникалық бағы Орталық
Қазақстанның өндірістік аудандары үшін ағаштар мен бұталардың іріктеуін
жасады. Зерттеулер қорытындысы табиғаты қатал бұл ауданға көгалдандыру
үшін 49 түрлі өсімдікті ұсынады, оның ішінде 13 ағаш, 31 бұталар осы
ботанико-географиялық ауданға төзімді болып табылды. Қылқан жапырақтылардың
8 түрі көгалдандыруғы ұсынылды. Қарағанды ботаникалық бағы қарағананның,
рябинанның, сәнді талдың декоративті формаларын көбейту жұмысын аяқтады.
Зиянкестердің биологиялық ерекшеліктерін тексеру нәтижесінде Қарағанды
өндірістік ауданы үшін жасыл желектің ауруларына және зиянкестерге қарсы іс
шаралар қарастырылды.Біржылдық гүлді өсімдіктер кәзіргі уақытта қалаларды
гүлмен безендендіруде кеңінен қолданыс тапқан. Бұл мақсатта көп жылдық
гүлді өсімдіктерден - қызғалдақ, пион, лилия, флонс,гладиолустар, георгина
және раушан гүлдер көп қолданылады. Орталық қазақстанда жүргізілген
зерттеулер нәтижесінде жергілікті жағдайларда өсіруге төзімді деп –
гладиоустың – 22 түрі георгинаның - 17, раушан гүлдің – 107-і, сиреннің -
10 сортын өсіруге ұсынады. Жезқазған ботаникалық бағында интродукция
жұмысының нәтижесінде өндіріске пайдалы өсімдіктердің сорттарының 300 түрін
ұсынады. Оның ішінде ағаштар мен бұралардың 50 түрі, 200 түрлі шөптесін
өсімдіктердің, 50 түрлі жеміс-жидектер түрлері ұсынылды. Жезқазған
ботаникалық бағының қызметкерлері көптеген мал азықтық өсімдіктерді (дала
жоңышқасы, эспарцет) газон түзуші өсімдіктерді (мятлик, сұлы, т.б),
тағамдық пияздардың (алтайлық, батун т.б) түрлерін зертеп өсіруге,
көбейтүге ұсынды.
Іле ботаникалық бағы. Іле ботаникалық бағы физиологиялық және
биологиялық сынақтың нәтижесінде Оңтүстік Балқаш маңындағы шөлдерді
когалдандыру мақсатында пайдалы өсімдіктердің 106 түрі мен сорттарын
таңдап алды.Құмды шөлдің жағдайға төзімді деген 40 түрлі ағаштар мен
бұталарды өсіруге ұсыныс береді.Жабайы өсетін жеміс-жидектерді мәдени
өсімдіктермен бұдандастырудың арқасында жүргізілген жұмыстар олардан ортақ
жақсы сорттар мен түрлерді таңдап шығаруға мүмкіндік берді. Оның ішінде
17 түрлі жеміс ағаштары, 20 түрлі жидекті өсімдіктер, жүзімнің - 34 түрі
бар Осы зерттеулер нәтижесінде қазіргі кезде жоғарғы өнім беру жағынан
ерекшеле- нетін жеміс-жидектердің 15 түрі, жүзімнің - 6 түрі өндіріске
енгізіл- ген. Манғыстау түбегіндегі қалалар мен жұмысшы селоларын
көгалдандыру проблемасы төтенше қиынға соғып отыр. Манғыстау түбегі өзінің
қатаң климаты және табиғи құнары төмен топырағы арқасында өсімдіктерге өте
кедей. Мұнда тамарикс, долана сияқты бұталы өсімдіктердің біраз түрлері
ғана кездеседі.Ботаникалық бақтар республиканың қалалары мен жұмысшы
селоларын көгалдандыру ісінде жұртшылыққа маңызды ғылыми-методикалық көмек
көрсетіп отыр. Республикадағы ірі өндіріс орындарын және Астана, Алматы,
Жезқазған, Қарағанды, Риддер, Ақтау т.б. қалаларын көгалдандыру үшін жыл
сайын 0,5 млн.шамасында көшет материалдарын береді.Қазақстан
Республикасының Ұлттық Ғылыми Академиясының құрамындағы ботаникалық
бақтарда жыл сайын үнемі студенттердің және оқушылардың биологиялық
практикалары мен рекреациялық серуендері өткізіліп тұрады. Мысалы, бір ғана
Аламыт қаласындағы Орталық ботаникалық бағында жыл сайын оқушылар қатысқан
450 экскурсия өткізіледі екен (18). Бұл мемлекеттік ботаникалық бақтардың
қазіргі таңдағы ең бір пәрменді экологиялық білім мен тәрбие берүдің
орталығына айналғанын дәлелдейді. Ботаникалық бақтардағы оранжереяларда
біздің табиғатымызға ұқсамайтың тропикалық және субтропикалық өсімдіктердің
экспозициялары жасақсталған.
Ең үлкен бір экономикалық және экологиялық маңызы, ботаникалық
бақтарды сирек кездесетін өсімдік түрлерінің сақталуы, олардың ғылыми
коллекцияларының жинақталуы. Еліміздегі алуан түрлі өсімдіктерді
биологиялық түр терінде сақтауда жетекші роль арқарады.Қазіргі уақытта
республика территориясында 9 қорық бар, мұнда түрлері азайып, жойылып бара
жатқан өсімдіктер өседі, қорғаладыі. Қазақстан флорасы өзінің сирек
эндемикті және реликті түрлерімен ерекшеленеді. Олардың 700-ден аса түрі
бар, бұл дегеніміз республиканың бүкіл флорасының 12-13 %-ін құрайды.
Эндемизм түр ішінде емес, туыс ішінде де байқалады. Тек Қазақстанда ғана
өсетін сирек реликті түрлері ежелгі геологиялық дәуірлердің куәгері
ретінде бүгінде ара кідік кездесіп қалады. Олардың қатарына Мушкетов
курчавкасы, Ховен майқарағайы, Шренк тобылғытүсі, Регель қызғалдағы,
қаратау лепидолф, жетісу недзвецкиясы, Траутфеттер строгоновиясы, бор
маренасы, және тағы басқа түрлері кездеседі.
Ботаникалық бақтар өсімдіктердің биологиясын, экологиясын зерттеумен
қатар сирек кездесетін түрлерді сақтауда үлкен роль атақарады. Осы күні
республиканың ботаникалық бақтарында жүздеген өсімдік түрлері
интродукцияланып, мәдени өсімдіктер қатарына енді. Олардың шаруашылық
маңызы экономикалық тиімділігімен дәлелденіп отыр.
Қазақстанда өсімдіктердің азықтық, дәрі-дәрмектік және техникалық
түрлері жеткілікті. Мысалы, сабынды тамыр, цитвар жусаны, солодка т.б.
осындай дәрілік өсімдіктер жылда жаппай дайындалудың барысында, түр ретінде
қоры азайып барады. Сондықтан өсімдіктерді қорғауды табиғи қорықтардан
кейінгі екінші орында тұрған ботаникалық бақтар деп танылды.
1998 жылы Б.Л.Комаров атындағы Ресейдің Ботаникалық Ғылыми зерттеу
институтында ТМД елдерінің ботаникалық бақтарының Табиғи өсімдіктерді
комплексті зерттеу және оны қорғау мәселелері деген тақырыпта жалпы
семинары болып өткен. 2000 жылы Санкт-Петербург қаласында ТМД елдеріндегі
ботаникалық обьектілерді қорғауға арналған жиын болып өткен. Ал 2001 жылы
Душанбе қаласында Орта Азия мен Қазақстанның ботаникалық обьектіліерін
қорғауға арналған сьезд болды. Осы жоғарыда аталған ғылыми форумдарда
табиғи өсімдік қорларын қорғау мен тиімді пайдалану мәселелері қаралды. Осы
форумдардың қарарларына анализ берсек (19,20,21), төмендегідей тұжырымдар
жасауға болады:
✓ Қазақстандағы өсімдіктер қорын зерттеп, оны қорғаудың ғылыми
негіздерін тұжырымдау. Өсімдіктерді жеке түрлер емес табиғи
ценоздары арқылы қорғау мәселесін көтерді.
✓ 2.Ботаникалық бақтардың көмегімен республиканың
территориясында жасыл желектердің инвентаризациясын өткізіп,
қала мен ауылдарда көгалдандыру шараларын одан әрі жалғастыру;
✓ Республика халқының арасында өсімдік байлығын қорғау мен
сақтау шарарларына арналған экологиялық білім таратушы
лекторийлер өткізү. Өсімдіктерді қорғау тақырыптарына барлық
ақпарат құралдары – радио, телевидение және газет журналдарды
пайдалану.
Ботаникалық бақтарда сирек кездесетін өсімдіктердің генефондын сақтау
мәселесін академик П.И.Лаврентьев көтерген болатын (19). Сондықтан табиғи
қорықтар мен ботаникалық бақтардың арасындағы ғылыми байланысты тығыз
орнату керек. Ондай байланыстыар төмендегі бағыттар бойынша жүргізілгені
дұрыс:
- сирек және жойылып кетү алдында тұрған түрлердің өсетін ценоздарын
бақтарға мейлінше табиғи жағдайға жақындатып жабдықтау;
- сирек және жойылу алдында тұрған түрлердің санын арттыру;
- сирек өсімдіктердің биологиясын табиғи жағдайда зерттеп, көбейтү
шараларын іздестіру;
- шаруашылық маңызы бар өсімдіктерді одан ары зерттеу, олардың пай-
далы қасиеттерін анықтау;
- ботаникалық бақтарда жинақталған сирек өсімдіктерге комплекстілі
зерттеу жүргізіп, олардың жасанды жағдайдағы тіршілік жағдайын анықтау.
Табиғи қорықтар мен ботаникалық бақтардың арасындағы байланыс
өсімдіктердің ауруын қоздыратын жәндіктерді және микроорганизмдерді
зерттеу, өсімдіктердің қорғаныш функциясын анықтау. Ботаникалық бақтарда
өсірілетін өсімдіктермен жергілікті паразит өсімдіктері арасындағы қарым
–қатнас мәселесіне көңіл бөлү керек.
Ботанкиалық бақ жағдайында өсімдіктерге әсер етіп отырған антропогенді
факторды зерттеу, әсіресе ірі қалалар төңірегінде комплекстілі зерттелегні
қажет. Себебі қалалардың айналасында табиғи өсімдік ценоздарын қалпына
келтірү маңызды жұмыстың бірі.
Бақтар мен табиғи қорықтардың өзара бірігіп атқаратын жұмыстары
экономикаға тиімді практикалық маңызы бар өсімдік түрлерін таңдап алып,
көгалдандыру шараларына енгізүге мүмкіндік береді. Ботаникалық бақтар табғи
қорықтар мен шаруашылықты игерілген территориялар арасындағы байланыс
звеносы бола алады, сонда ғана қорықтарда сақталып, қорғалып отырған
түрлерді шаруашлық қажетін жылдам алып келүге болады.
Қазақстанның ботаникалық бақтарында Қызыл кітапқа кірген сирек
түрлердің бай коллекциясы жасалған. Мысалы Алматы бағында Халықаралық,
бұрынғы КСРО-ның және Қазақстанның Қызыл кітаптарына енген қызғалдақтың 57
түрі сақталған (20). Әртүрлі қызғалдақатрады (тюльпандар) өзара
будандастыра отырып, оның тамаша жаңа түрлері шығарылуда. Мысалы бір ғана
Кауфман қызғалдағының 70 түрлі перспективалық формасы шығарылған.
Шөлді аймақтарда құм көшкіндеріне тосқауыл болатын биік қалың етті
эремурус деген өсімдік әдемі гүлінің арқасында табиғатта жойылуға мәжбүр
болған. Әркім бір тамырымен жұлып алғандықтан саны сиреп, жойылу алдында
тұрған еді. 1976 жылдан бастап осы өсімдікті Орталық ботаникалық баққа
әкеліп көбейту шарараларын жүзеге асырды (21). Бұл өсімдіктің қазір
ботаникалық бақта 34 түрінің коллекциясы жинақталған. Оның 3 түрі Қызыл
кітапқа кіреді.
Қорытынды. 1. Қазақстанның ботаникалық бақтары топырақ пен климаттың
географиялық зональды заңдылығына сай ұйымдастырылған;
2. Ботаникалық бақтарда жергілікті жердің өсімдік түрлері мен қатар
алыс шалғай аудандардың өсімдік түрлері өсіріліп сынақтардан өткізіледі.
Интродукциялық жұмыстар арқасында жасыл ормандары тапшы орталық және
оңтүстік, батыс облыстарда құрғақ, ылғалы аз, қыстағы аязға да төзімді 60-
тан астам ағаштар мен бұталардың түрлері сынақтан өтіп өндіріске ұсынылып
отырған.
3. Қазақстанның ірі қалаларындағы – Астана, Алматы, Қарағанды т.б.
облыс орталықтарында гүлзарларға арнап газонды шөпті өсімдіктер мен
гүлдердің 100 аса түрлерін ұсынды.
4. Қазақстан жеріндегі дәрілік және жем-шөптік азықтық өсімдік
түрлерін зерттеп, олардың пайдалы қасиеттерін ауыл шаруашылығында кеңінен
пайдалануды ұсынды.
5. Қазақстан халқының 50 % - тен астамының қалаларда тұратынын
ескерсек, ірі қалаларда тұрғындарға қолайлы рекреациялық орта қалыптас-
тыруда ботаникалық бақтарда жүргізіліп отырған интродукциялық және
акклиматизациялық зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Адамдардың
тіршілігіне қолайлы елді мекенді пункттерде экологиялық орта қалыптастыру –
үлкен әлеуметтік маңызы бар шаруа. Осы тұрғыдан алғанда ботаникалық
бақтардың шаруашылық және экономикалық маңызы күннен күнге арта беретіні
сөссіз.
ІІ. Қазақстан республикасының ботаникалық
бақтарының географиясы
2.1 Құрғақ дала табиғат зонасының ботаникалық бағы
Жалпы дүние жүзілік іс тәжрибеге сүйенсек отаникалық бақтар геогра-
фиялық зональды заңдылықтарға сай орналастырылады. Қазақстан Республи-
касында да бақатр топырақ пен климаттың зональды жағдайын ескеріп ұйым
дастырған болатын. Сондықтан еліміздегі экономикалық маңызы зор болып
отырған бақтар табиғат зоналары бойынша топтастырып қарастырамыз.
1. Құрғақ дала табиғат зонасы;
2. Шөлейт табиғат зонысы;
3. Шөл табиғат зонасы;
4. Таулы облыстар.
Осы жоғарыдағы республика жеріндегі табиғат зоналары бойынша
орналасқан ботаникалық бақтар келесі ретпен топтастырылады:
- Құрғақ дала зонасында Қарағанды ботаникалық бағы.
- Шөлейт табиғат зонасында - Жезқазған ботаникалық бағы.
- Шөл табиғи зонасының бақтары – Ақтау және Іле ботаникалық бақтары.
- Таулы облыстардағы ботаникалық бақтарға – Орталық немесе Алматы және
Алтай ботаникалық бағын жатқызамыз. Республика жеріндегі ботаникалық
бақтардың ботанико-географиялық сипатын осы ретпен береміз
Қазақстанның құрғақ дала зонасы репсубликаның территориясының 11
пайызын алып жатыр. Батыста Торғай-Төрткүл өлкесінен бастап шығыста Ер тіс
өзені аңғарына дейінгі аралықта созылып жатыр. Бұл табиғи зона Қазақс
-танның экономикасы қауырт дамыған аймағы болып табылады. Индустриаль- ды
Қарағанды –Теміртау, аграрлы ауыл шаруашылықты Ақмола, Қостанай облыстары
орналасқан. Республиканың саяси - әкімшілік орталығының астана қаласына
көшірілүіне байланысты табиғат өонасында табиғатын игерү мен қорғау
мәселесіне үлкен беріліп келеді. Құатты Қарағанды – Теміртау өнеркә- сіпті
торабы бар Орталық Қазақстан экономикалық ауданының урбандалу дә- режесі
өте жоғары. Мұнда халықтың 84,2 пайызы қалалы елді мекенді пункт- терде
тұрады (22). Орталық Қазақстанның табиғаты өте қатал, жерінде табиғи өскен
ормандардың қоры өте аз. Сондықтан тау – кен өнеркәсібі дамыған қала
-ларда, қала типті поселоктерді көгалдандыру мәселесі минеральды шикізатты
игерүмен қатар көтерілген болатын. Табиғи өсімдіктердің ассортиментін арт-
тыру мақсатында, акклиматизация мен итродукцияны жүргізү мақсатында
Қарағанды ботаникалық бағы құрылған болаты.
Қарағанды ботаникалық бағы. Қазақстан Ұлттық Ғылыми академисяна
қарайтын Қарағанды ботаникалық бағы жергілікті басқарушы
органдардың, мекемелердің өтініші бойынша республиканың үлкен
өндірістік орталығында 1940 жылы ашылды. Қаланың оңтүстік-батысында
орналасқан, жалпы ауданы 50 гектар жерді алып жатыр.
Ботаникалық бақ аймағы теңіз деңгейінен 500м биіктікте,
Орталық Қазақстанның құрғақ жусанды даласында орналасқан.
Бұл аумақтың ауа-райы континенталды, жауын - шашыны көп емес.
Көп жылдық бақылаулар бойынша орташа көлемі 198 мм ді құрайды, кей
жылдары 140 тан 260-290 мм-ге дейін, ең көп жауын жабқан кездер
шілде айы. Бір жылдық ауа-райы температурасының ауытқу амплитудасы
87,3 о ке дейін жетеді. Ауа-райының ең жоғарғы нуктесі +46,0 о, ең
төменгі нүктесі -45,0 о. Орталық Қазақстаның ауарайы үнемі жел,
ал жазда құрғақ жел. Бақтық топырақ жамылғысы ашық каштан - қызғылт
түсті, құмды, аса құнарлы емес. Қыста топырағы 0,4-2 м тереңге дейіе
тоң болып қатады, ол қардың қалыңдығына байланысты. Сонымен,
негізгі көрсеткіш- тер бойынша аумақтың климаттық жағдайы өсімдік
өсуге жағдай жақсы деп айта алмаймыз.
Ботаникалық бақтың басты мақсаты жергілікті өсімдік дүниесін
зерттеу болып табылады, Қазақстанның құрғақ дала жағдайында ауыл
шаруашылықтың жаң түрлерін өсіру үшін жаңа өсімдіктерді еңгізу және
оларды өндіріске қосу.
Ботаникалық бақтың 32 га –да құрылуының бірінші жылдары ағашты-
бұталы өсімдіктерден, жеміс-жидектерден және шөптектес өсімдіктерден
тұратын болды. Өсімдіктер қауымдастығын жинау ісінде үлкен шаруалар
атқарған ғалымдармен жұмысшылардың ішінде Г.М. Потапов, М.А. Логви-
ненко, Г.В.Григорьев, А.Г. Разба, Г.М.Кнорре, П.П. Гильцендегер,
В.Г.Катышевцева, Е.Э. Риклэфс, Ж.Н. Корнейчик және қазір жұмыс істеп
жүрген қызметкерлер Э.С.Калугин, Г.С.Ситникова, Е.В.Жолобова, Р.Н.Евдо-
кимова, А.Ф.Сатеев, А.И.Кучмий т.б. атауға болады.
Осы күні ботаникалық бақта 35 адам жұмыс істейді, оның ішінде
3 ғылым кандидаты, 5 кіші ғылыми қызметкерлер және 18 ғылыми
техникалық жұмысшылар. Олар жергілікті және басқа жерден әкелінген
өсімдіктерді интродукциялау және зерттеу бойынша үлкен жұмысты
атқарады. Және де оларды өндіріске еңгізу бойынша жұмыс атқарды.
Қарағанды ботаникалық бақтың өсімдіктер коллекциясы талды-бұталы және
шөптектес өсімдіктердің 2612 түрінен, сұрыбынан тұрады. Орталық
Қазақстанның өсімдіктерін зерттеу нәтижесінде құмды эспарцеттің,
синегибридті люцернаның, костра безостого, житняктың тиімді түрлері
анықталды. Табиғатта жабайы өсетін 30 туысқа бірігетін өсімдіктің 140
түрі интродукцияланған. Олардың ішінде күрделі гүлділіер, дәнді-дақыл,
бұршақты тұқымдастарының ішінен шөптектес өсімдіктер толығынан
көрсетілген. Табиғаттың құрғақшылық жағдайларына төзімді газонды
өсімдіктердің түлерін таңдау және зерттеу жұмыстары жүгізілуде.
Ботаникалық бақта Орталық Қазастандағы ең үлкен 586 түрден
тұратын 31 тұқымдастарға жататын талды-бұталы өсімдіктердің
дендрологиялық коллекциясы жиналған. Бұл коллекцияны жинауды 1941
жылы дендролог - ғалым Г.М.Потапов бастаған еді.. Ол ұзақ жылдар бойы
осы Қарағанды ботаникалық бағының директоры болып жұмыс істеді.
Басында коллекцияға Орталық Қазақстанның жабайы сүректі
ағаштары әкелінді. Өсімдіктің көп түрі Көкшетау облысының Бурабай
орманы технмкумының питомник-дендрариясынан әкелінген.
Ботаникалық бақтың құрылған кезінен ағашты - бұталы өсімдіктердің
1000-нан астам түрі зерттелінді. Коллекцияның көп бөлігін Солтүстік
Америка, Сібір, Шалғай Қиыр Шығыс, шет елдік Орталық Азия, ТМД-ң
европалық бөлігінен, Қырым, Кавказ және Батыс Европа, Қытай,
Жапония өсімдіктері құрайды. Солтүстік Америкадан әкелінген талды-
бұталы өсімдіктер, жергілікті жағдайларға төзімділері ланцетті шетен,
виргин мойылы, золотистая смородина, анация белая, ирга
колосистая, ал қылқан жапырақтылардан Батыс туясы, Шалғай Шығыс
өсімдіктерінің ішінен гиннала үйенкісі, амур сирені, Саржент
калинмсы, моршинистая роза, ТМД-ң европалық бөлігінен ақ және қара
терек, жайдақ қарағаш әкелінді.
Ал бұталы өсімдіктерден барбарис, қарапайым барбарис
өседі.Жергілікті өсімдіктердің ішінен қызықтысы сүйелді ақ қайын,
Бонгарда қараганы, Қытай үшкір жапырақты тал, қарапайым мойыл,
миндаль және т.б.
Орталық Қазақстаның өнеркәсіпті қалаларын, тұрғын үйлерін, елді
мекендерін когалдандыру мақсатында 100 ге жуық түрлі өсімдік таңдап
алынды, оның ішінде 40-ғы сүректі ағаш түрлері. Оларға жапырақты
терек, қайын, үйенкі жатады, ал қылқан жапырақтыларға - қарағай,
май қарағай, шырша, туя.
Бұталы өсімдіктерден ерекше күтімді талап етпейтін барбарис,
долана, шетен, итмұрын, караган, калина, арша ұсынылды.
Ботаникалық бақта баяу өсетін өсімдіктердің биологиясын зерттеу
жұмыстары жүргізілді (қайын, Сібір майқарағайы, сүйелді ақ қайың).
Ағаштарды отырғызудың мерзімдері бекітілген, сүректілер және бұталы
өсімдіктерді өсіруге арналған агротехника сынақтан өтті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Аккадемиясының Қарағанды
ботаникалық бағы Орталық Қазақстанда гүлзарлар өсірүге көп көңіл
бөлінуде. Бақ қызметінің алғашқы кездерінен бастап гүлдердің түрлері
сұрыпталды, соның нәтижесінде 2000 астам түрлері зерттелді. Сәнді
гүлдердің коллекциясы құрылды. Коллекция көп жылдық, бір жылдық,
шөптектес өсімдіктердің 860 түрлерден тұрды. Көп жылдық өсімдіктердің
ішінен - гладиолустың 150 түрі, георгинаның 100 түрі, бір жылдық
өсімдіктердің ішінен - астра, львиный зев, вербина, цинния т.б.
Райхан гүлін жинау және зерттеулер 1946 жылы бастады. Оны
Гильцендеггер бастады. 1946-1961 ж.ж. ботаникалық бақта 165 сұрыбы
зерттелді, оның ішінде 77-сі гүлзарларға ұсынылды.
1967 жылы әлемнің субтропикалық және тропикалық өсімдіктерін
өсірүге арналған экспозициялық оранжерея соғылды. Ол төрт бөліктен
тұрды. Әр бөлімге сәйкес келетін микроклиматы бар. Оранжереяда 500
экзотикалық астам өсімдік бар. Оның ішінде мексикалық және Оңтүстік
Американың өсімдіктерінің түрлері, Оңтүстік Африканың суккуленттері
(алое, малочайное, толстянковые) түрлері бар.
Оранжереяның орталық бөлігінде пальмалар, Солтүстік Америкалық
қылқан жапырақтылары мен жапондық криптомериясы т.б. өсіп тұр.
Оранжереяда ылғалды субтропиктік және тропиктік өсімдіктердің
түрлері –монстера, пеперомии, аспарагус, фикус өседі. Ал су
жағалауында өсетін өсімдіктердің ішінен -лилия, циперус, эфиоптық
калла.
Экспозициялық оранжерея жыл сайын жаңа өсімдіктермен
толықтырылып отырады. Жақын арада өсімдіктер саны 400 ге артты.
Сонымен қатар Қарағанды ботаникалық бағында жеміс-жидек өсімдіктерін
сынау, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
2.2. Шөлейт табиғат зонасының ботаникалық бақтары.
Шөлейт табиғат зонасы Қазақстанның дала және шөл табиғат
зоналарының арасындағы өтпелі зона. Шығыста Зайсан ойпатынан бастап,
Сарыарқаның оңтүс тігін, Торғай өлкесінің солтүстігін қамтып Каспий
бойындағы ойпатты ала созы- лады.Шөлейт зонасының өсімдік жамылғысы аралас,
комплекстілі сипат алады. Бірақ орманды алқаптары жоққа тән деседе болады,
шоқ ормандар аласа таулардың етегінде немесе өзен аңғарларында селдір тоғай
болып кездеседі. Сондықтан шөлейт зонасында пайда болған елді мекенді
пункттерді және өндіріс орындары айналасын когалдандыру мақсатында зона
аумағында Жезқазған ботаникалық бағы құрылды.
Орталық Қазақстан алуан түрлі минеральды шикізатқа, байлыкқа бай өлке.
Пайдалы қазбалардан темір, мыс, марганец, полиметалл, боксит т.б.
шоғырланған. Әлемдік түсті металлургия астанасы – Жезқазған ХХ-ғасырдың 30
-шы жылдарынан бастап қауырт игеріле бастады..
Бұл жерде үлкен шахталар қазіргі заманға сай құрал жабдықтармен,
техникамен жабдықталған шахталар, карьерлер, кен байыту фабрикалары,
завод, т.б. өндіріс шоғырланған қалалар, қала типті поселктар пайда болды.
Қалаларда қолайлы жанға жайлы орта қалыптастыру мақсатында
көгалдандыру жұмыстары жүргізілү қажет болды.Көп уақыт бойы Жезқазғанды
көгалдандыру жұмыстары қалайсыз болады, өйткені оның қалайсыз климат
жағдайына байланысты болады. Бұған арнайы өсімдіктер, көпжылдық төзімді
болуы тиіс, және эксперименттік жұмыстар жүргізілуде. Бұрынғы КСРО-ның
ғылыми Академиясының мамандары 1939 жылы Жезказғанды ауыл шаруашылық
тұрғыдан игерүге, қала халқын азық түлікпен қамтамассыз етүге себеп болатын
қосалқы шаруашылықтар ұйымдастыра бастады. Бірақ олардың жұмысын бірден
алып кетү мүмкін болмады. Себебі, жергілікті жердің климаты құрғақ, суы
тапшы, топырағы тұзды, әрі құнарды емес еді. Жаппай көк-өніс өсіретін
шаруашылықтар дамытпас бұрын оны сынақтан өткізіп алатын полигон қажет
болды. Осындай полигон қызметі Жезқазған ботаникалық бағын құрумен
басталды. Бақтың басты бағыт көгалдандыру жұмысы болып табылады. Бұл үшін
баққа әр-түрлі саладағы ғылымдар - агроном, орманшы, бақташы топырақтанушы,
агрохимик, гидротехник т.б. жинақталды.
Бұрынғы КСРО-ның топырақ пен өсімдік жамылғысын зерттейтін
ботаникалық экспедициясы Жезқазған шаруашылық ауданын зерттеуді бастады.
Топырақ жамылғысын зерттеуді алғаш бастаған Қазақстанның Ұлттық
академиясының кореспондент мүшесі У.У. Оспанов деген топырақтанушы ғалым
бастады.
1957 ж Қаныш Имантайұлы Сатпаев қалауымен Жезқазған ғылыми зерттеу
базасында ботаникалық бақ құрылды. Ол әкімшілік тұрғыдан Қазақстанның
ғылыми Академиясының құрамына қарады.
Ботаникалық бақтың алдына қойылған басты мақсат – сол жердің
климатына сай өсімдіктерді өсіру жолдарын қарастыру болатын. Жезқазған
ботаникалық бағының бас директоры қызметін дендролог, биология ғылымының
кандидаты Б. К. Скупченко атқарды
Жезқазған ботаникалық бағы. Жезқазған ботаникалық бағы Жезқазған
қаласынан жеті шақырым жерде Кеңгір өзенінің оң жағында (Сарысу өзенінің
оң жақ саласы) орналасқан. Климаты континенттік өте құрғақтығымен
ерекшеленеді, суы аз, жазы ыстық, қысы суық, сұр топырақты болып келеді. Ең
суық айлары – қаңтар-ақпан. Орташа ай температурасы -14,6о минимумы -43о
қарының қалындығы 4-40 см. Ол желтоқсаннан сәуірге дейін сақталады. Көктем
қысқа және салқын болады. Жазда орташа температура +22,0 о , ылғалдылығы
36%. Кей күндері абсалютті максимумы +40 о көтеріледі. Жылдың ішіндегі
жылы кезеңнің ұзақтығы 120-140 күнге созылады. Суық күндер сәуір айында
ғана бітеді.
Күзгі суықтау қыркүйектен басталады. Орташа жауын шашын 120 мм. Желдер
ауа ылғалдылығын төмендетеді.
Жезқазған топырақ жамылғысы үш түрге бөліленді кәділігі, күлгін, толық
дамымаған. Көбіне таралған топырақ жамылғысы кәдімгі қоныр (70%). Гумусына
бай емес (1,8 – 2,1%). Топырақты құнарландыру кезінде үстінде грунт сулары
10 м.
Жезқазған ботаникалық бағы Бетпакдала оңтүстік шөлінде және солтүстік
құрғақ шөлдерінде орналасқан.
Жезказған ауданы өсімдік жамылғысына кедей. Жусан, баялыш өсімдіктері
көп. Сонымен қатар бүйіргін, тас бүйіргін, қара жусан, шаир, қызғалдақ
және т.б. өседі. Бұл жері сүректі ағаш – талдарға кедей, бұталардан -
тобылғы, қараған, итмұрын т.б.
Кенгір – Сарысу өзендерінің аңғарында тал, жиде өседі. Ұлытауда ақ
қайыңдар мен терек өседі. Жергілікті жердің өсімдіктерін Жезқазған
ботаникалық бағында интредукциялау жұмыстары жүргізіле бастады.
1939-1953 жылдар арасында көгалдандыру, бау-бақшаның мәдени сорттары
– жүзім, алма, өрік, шие т.б. өсіру сынақтан өтті.
1957жылдан бастап Үлкен Жезказғанды көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Интродукция жүргізу барысында қиындық тұғызғаны топырақ пен климаттың
жағдайының қалайссыздығы. Сондықтан ғылыми зерттеу жұмыстары ерекше
ұқыптылықты қажет етті. Өсімдіктерді сынау барысында, ағаштардың 314 түр
когалдандыруға берілді. Экзотикалық ағаш түрлерінен – Сібір майқарағайы,
емен, америка үйеңкісі, татар үйеңікісі, жылаңқы тал т.б.
Ботаникалық бақта Солтүстік Америка, Европа, Қырым Кавказ, Сібір және
Қиыр шығыс, Шығыс Азия, Орталық Азияның өсімдіктерінен тұратын түрге бай
дендрарий жасақталған. Бұл ағаштарды өсіру үшін топырақты алмастыру қажет
болды.
Солтүстік Америка өсімдігі сол жердің жағдайларына толық бейемделе
қойған жоқ, сыналған 39 түрдің жартысы құрап кетті. Көпшілігі зиянкестердің
арқасында жойылды не суыққа шыдамады. Орталық Азия және Қазақстан басқа
аумақтарынан әкелінген өсімдік түрлері қысқы суыққа және шөлге төзімді
балып келеді. Дендрология коллекциясында раушан гүлінің - 72түрі,
тюльпанның - 44, бұршақтың- 32, қарағанның- 26, барбаристің -22, талдың-19,
аршаның-11 түрі жерсіндірілді.
Биологиялық ерекшеліктердің зерттей отырып оның ішіндегі көгалдандыру
жұмыстарына мына ағаштар - қайың, қаратал, көктерек, жиде, қарағаш,
бұталардан - барбарис, долана, сирень, тамарикс, қарақат ұсынылды.
Үйеңкінің ботаникалық бақта 9 түрі оның ішінде 5 түрі қаланы көгалдандыру
жұмыстарына қолайлы деп табылды. Олар ерекше әсем формасымен өсетендігімен
ерекшеленеді.Теректің екі түрі - жасыл және пенсильван түрлері құрғаққа
төзімді болады.
Жезқазған ботаникалық бағындаа 40-н астам жергілікті жердің өсімдік
түрлері өсіріліп жатыр. Көгалдандыру жұмыстарына жергілікті жердегі
өсімдіктерді ұсына бастады. Сонымен қатар бақта азықтық маңызы бар шөптесін
өсімдіктер мен жұмыс жүргізілуде. Осы күні ботаникалық бақта 900 астам
түрлі шөптесін өсімдік өседі, оның 250 -і Қазақстан флорасының өсімдіктері.
Одан да кең тараған түрі (257түр) бұршақ (190), лилейные (87) одан да
қалайлы, интродукциядан өткен шолді өсімдіктер Қазақстанның Сібір шөптесін
өсімдік шолді, пырей опушенный, изен сары люцерна, эспарцет. Оның жемістігі
астықты жағы биологиясы зерттеледі. Келтірілген жұмыстар Орталық Қазақстан
шөлді жерлерінде жабайы шөптерді өсіру көзделіп отыр. Ол мал шаруашылығына
арналады. Кобіне жұмыс сай шөптерге жүргізіледі. Ботаникалық бақта 200 түрі
бар. Көбіне шөлге, овсяниц, қызыл – ақ полевицасы жатады.
Жезқазған ботаникалық бағында гүлді өсімдіктер түрлері жиналды.
Ботаникалық бақ өзінің қорын Орталық Азия Қазақстаннан әкелінген көшеттерін
әкелу арасында толықтырды. Гүлдер коллекциясында 1300-ге тарта түр
жиналған. Оның 435 –і көпжылдық өсімдіктер, 150-і бір жылдық өсімдіктер.
Бақта жылы оранжерея салынған, онда 187 гладиоус, 166 қызғалдақ, раушан
гүлінің 105 түрі өсіріледі..
Осы гүлдердің өсуін, дамуын зерттеу арқылы сол жерге қалайлы тән өсуін
зерттеп білу арқасында түрлі сортын түрлерін шығаралды. Сол зерттелген
өсімдіктер Жезказған үшін жауқазын, роза, қызғалдақ, нарцис, лилейники,
пионы, астра, гвоздала т.б. Сонымен қолайлы гүлді өсімдіктер: георгины,
лилии, рудбекия, аспарагус, жаздық – астра қытайлық, шалфей, т.б. Бұл
өсімдіктер Жезқазған қаласын гүлдендіру көгалдандыру жұмыстарында
қолданады. Сонымен көбіне көңіл бөлінген гүлдер гладиолустар болды. Оның
170 астам түрі белгілі. Сонымен көктемде, күзде сірілетін түрлері
шығарылады. Сонымен қатар ерте өсімдіктердің шығуы ерте гүлдеді шығарылды.
Бірақ барлық түрі қысқа таман гүлдемейді. Мысалға айта кетсек агератум,
бархатцев тік тұрған вербен, гелиотроп, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz