Тіл мәдениеті және лексикалық норма


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 15 - 08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушсі

Ф. ғ. д. С. Р. Боранбаев

«___ 6__» __ 04 2010ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: “Тіл мәдениеті және лексикалық норма”

050117 - Қазақ тілі мен әдебиеті

Орындаған: ФИ-06-1к1 тобының студенті Искакова Мөлдір

Ғылыми жетекші п. ғ. к. доцент м. а. С. Ә. Тұрмаханова

Шымкент - 2010 ж.

Ф. 7. 15 - 07

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факултеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

Мамандығы: 050117 - Қазақ тілі мен әдебиеті

«Бекітемін»

Қазақ тіл білімі кафедрасының

меңгерушісі ф. ғ. д. С. Р. Боранбаев

«_ 06__» 10 2010 ж.



Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға

Т А П С Ы Р М А №

Студент: Искакова Мөлдір ФИ-06-1к1 тобы

Жұмыстың (жобаның) тақырыбы: Тіл мәдениеті және лексикалық норма

Университет бойынша 14. 11. 2009 ж. №10-306 с бұйрығымен бекітілген

Жұмысты (жобаны) аяқтау мерзімі: сәуір, 2010 ж.

Жұмысты (жобаны) орындауға берілген мәліметтер: Тіл мәдениетінің теориялық негіздері мен сапалық қасиеттерін анықтау, әдеби тіл нормаларының тіл мәдениетінің сапалық қасиеттеріне негіз болатын сипаттау тілдік норманың мектепте оқытылу жүйесін талдау арқылы оны оқытудың жүйесін нақтылау.

Жеке тапсырма: Тіл мәдениетінің теориялық негіздерін анықтау және оның қатысымдық сапалық қасиеттерін түсіндіру, әдеби тіл нормасының тіл мәдениеті сапаларының негізі болатынын дәлелдеу

Түсіндіру парағының мазмұны

Бөлімдері
Орындалу мерзімі
Кеңесші
№: 1
Бөлімдері: Кіріспе
Орындалу мерзімі: 04. 09. 09-01. 10. 09.
Кеңесші: С. Тұрмаханова
№: 2
Бөлімдері:
  • Тілдесім мәдениетін игертудің мазмұны мен мақсаты және зерттелуі

1. 1. Мектепе сөйлеу мәдениетін оқытудың мақсаты мен міндеттері және зерттелуі.

1. 2. Тіл мәдениетінің әлеуметтік мәні

1. 3. Тіл мәдениетін игертудің жүйесі

1. 4. Әдеби тіл нормасы және оларды игертудің жүйесі

Орындалу мерзімі:

01. 10. 09-

30. 12. 09

Кеңесші: С. Тұрмаханова
№: 3
Бөлімдері:

2. Лексикалық норма және сөзді сөйлеу мәдениеті

мақсатына орай оқытудың мазмұны, жүйесі

2. 1. Мектепте берілетін лексикалық білім, білік дағды

2. 3. Оқушылардың сөзді мағына-мәнеріне орай орынды да қисынды қолдану дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері

2. 2. Лексикалық нормада сөзді қолдана білуге жаттықтыру және оның ұстанымдары

2. 4. Лексикалық норма және оқушылардың сөз қолдана білу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері

Орындалу мерзімі: 05. 01. 10. -30. 03. 10
Кеңесші: С. Тұрмаханова
№: 4
Бөлімдері: Қорытынды
Орындалу мерзімі: 01. 04. 10. -15. 04. 10
Кеңесші: С. Тұрмаханова

Тапсырма берілген күні 04. 09. 2009 ж.

Диплом жұмысының жетекшісі п. ғ. к. доцент м. а. Тұрмаханова С.

Қолы

Тапсырманы қабылдап алған студент М. Искакова. ФИ-06-1к1тобы

Қолы

Дипломдық жұмысқа ғылыми жетекшісінің пікірі

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында басты міндет - қазақ тілі мәдениетін көтеру мен жетілдіруді насихаттау дей келіп, ана тіліміздің сөздік қазынасын жақсы, дұрыс пайдалану, терминдер мен тілдік нормалардың сақталынуы, нормадан ауытқуының себептерінің айқындалуы сияқты мәселелердің шешілу қажеттілігі айтылған. Сондықтан зерттеу жұмысының тақырыбы өзекті болып табылады.

Зерттеу еңбегі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде тіл мәдениетінің ғылыми-теориялық негіздері, зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді талдау, тіл мәдениетінің нормалық сипаты, оқыту жүйесі анықталған. Әсіресе, зерттеу жұмысында тіл мәдениетінің нормалық негізін ашып көрсеткен.

Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде оқушыларға тіл мәдениетін дамыта оқытуда лексикалық норманы игертудің әдіс-тәсілдері қарастырылған. Мысалы, лексикалық норманы игертудегі сөздік қорды байыту мен сөзді орынды, дұрыс қолдана білуге жаттықтырудың әдіс-тәсілдеріне тоқталған. Бұл мәселе оқушылардың тіліндегі лексикалық қателерді талдау арқылы оның жіберу себептерін анықталғанжәне ол қателерді, түзету арқылы тіл мәдениетін арттырудың жолдары көрсетілген.

Қорытынды бөлімінде зерттеу мәселесі бойынша тұжырымдар жасалып, оқушылардың тіл мәдениетін дамыта оқыту туралы ұсыныстар келтірілген.

Қорыта келгенде, диплом жұмысы - зерттеу мәселелерін жан-жақты аша білген, жүйелі жазылған, аяқталған еңбек. Зерттеу жұмысы сауатты жазылып, диплом жұмыстарына қойылатын талаптарды жоғары деңгейде орындаған. Қорғауға ұсынуға болады.

Ғылыми жетекші п. ғ. к. доцент м. а.

“” 2010 ж. С. Ә. Тұрмаханова

қолы

Диплом жұмысы жөніндегі кафедраның

қорытындысы

Дипломдық жұмыс қаралды және студент М. Искакованың дипломдық жұмысы (жобасы) Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына қорғауға жіберілсін.

Кафедра меңгерушісі: С. Р. Боранбаев

“” 2010 ж.


Кіріспе

Мектепте тілді оқыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінген. Тіл арқылы балаға барлық ғылымның негізі үйретіледі. Ә. Сәдуақасовтың: “Адамды бір-бірімен қоғамдастыратын басты құралдың бірі - тіл. Оқушылардың білімді болуының басы айтушының сөзін тыңдай білуден, дұрыс сөйлей алудан басталады. Әрбір пәннен тиянақты білім алу да тілге байланысты”, - деуі де сондықтан [1, 26] .

Оқушы дұрыс сөйлеп, сауатты жазу үшін, ең алдымен, қазақ тілінің заңдылықтарын үйреніп, айтылмақ ойды ауызша да жазбаша түрде дәл әрі айқын етіп жеткізе білу талабы қойылады. Қазақстан республикасы жалпы орта, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында ««Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, мәдениетінің талаптарына сай іскерлікті меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу», - деп анықталады [2. 7] . Осыған орай қазіргі кезде «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнына стилистика және тіл мәдениеті мәселелері қамтылған.

Диплом жұмысының өзектілігі. Тіпті жалпыға міндетті стандартта бұл мәселелер одан әрі дамытыла түседі: «Соңғы жылдары отандық және әлемдік тәжірибеде тілші, мәдениеттанушы ғалымдарының лингвокультурологияны арнайы ғылым саласы негізінде зерттей бастағаны белгілі. Бұл саладағы тұғырнамалық тұжырымдарды басшылыққа ала отырып, болашақта бағдарлы мектептердегі «Сөз мәдениеті» курсының мазмұны да толықтырыла түсетін болады» деп көрсетеді [2] .

Әрбір елдің қуатты күші, байлық-бағыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани талғам деген халықтың ақыл-ойының көрінісі - тілге тікелей тәуелді екені белгілі. Ал «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында: «8) балаларды, оқушы жастарды ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарға баулуға, эстетикалық және отаншылдыққа тәрбиелеуге ықпал ететін тәрбие жұмысын дамыту», - деген талап қойылады [3] . Бұл - ана тілін оқыту арқылы жүзеге аспақ.

Сондықтан А. Байтұрсынов сөйлеуге үйрету жайлы «…Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай қажет болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек… Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге, қай сөз қандай орында өзгеріп, қалайша бір-бірімен қиюласып, жалғасатын дағдысын білу керек» - деп, сөйлеу мәдениетінің күрделі екендігіне көңіл бөледі [4] . Демек, тіл - халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз - қазақ тілі. Ал ана тілі туралы Б. Хасанұлы: «Ана тілі - жалпыадамдық құндылық әрі ол ұлттық өмірдің күллі саласын тегіс қамтиды», - деп көрсетеді [5] .

Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен араласып, қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Дұрыс қарым-қатынас жасау үшін әр адамның сөйлесе білу мәдениеті туралы білімі мен дағдысы болады.

Тіл мәдениеті - кең ұғым. Ол - қарым-қатынас құралы болып табылатын, тілді жетілдіре беру, ұштай түсумен қатар сөз шеберлігі, сөйлеудегі әдептілік тәрізділерді де қамтиды. Ал сөйлеу мәдениеті, алдымен, әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, орфрэпиялық, орфо-графиялық нормаларын меңгеру, сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу дегенді білдіреді.

Ал Р. Сыздық тіл мәдениетінің нормалық сипатын анықтай отырып: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл статусына ие болуы ұлттық сананы тәрбиелеуде, ұлттық намысты қорғауда, ұлттық мәдениетті көтеруде үлкен мәні бар факторға айналады. Осылардың баршасы тілдің өзіне әлеумет назарын аудартып, оның дұрыс, жемісті қызмет етуіне қойылатын талаптарды күшейтті. Солардың бірі - «тіл мәдениеті» деген білім - ғылым тармағы дүниеген келді. Енді қазақ тілі әлеуметтік қызмет атқарып қана қоймай, оның дұрыс, сындарлы мәдениетті түрде қолданылуы күн тәртібіне қойылды. Бұл уақыт талабы, қоғамның мәдени-рухани сұраныстарының талабы. Тіл мәдениетінің ең өзекті мәселесі - тілдік норма», - деген пікір білдіреді. [6, 3] .

Тұжырымдағанда, қазақ тілін оқытудағы танымдық қатысымдық (клммуникативтік), практикалық мақсаттар үнемі үш бағытта жүргізіледі:

1) тілдің әр тарауымен байланыста үнемі орфографиялық және пунктуациялық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру арқылы;

2) тілдің әр тарауымен байланыста үнемі қазақ әдеби тілінің тілдік нормаларын игерту арқылы;

3) тілдің әр тарауымен байланыста оқушылардың өз ойын нақты, дәл, байланыстыра жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, дамыту арқылы.

Демек, оқушылардың тілдесім мәдениетін дамыта оқыту, тіл мәдениетін нормалық негізде қарастыру, мектеп оқушыларына тілдік норманы игерту арқылы сөйлеу мәдениетін арттыру өзекті мәселеге айналды.

Зерттеу жұмысының мақсаты - мектепте қазақ тілі пәнін оқыту үдерісінде әдеби тіл нормасын игерту негізінде оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Зерттеудің нысаны : Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың қазақ тілінен тілдік норманы меңгерту арқылы тілдесім мәдениетін игерту үдерісі (процесс) .

Зерттеу пәні: Тіл мәдениетін дамыта оқыту әдістемесі.

Зерттеудің міндеттері:

1. Тілдесім мәдениетін оқытудың әдіснамасын айқындап, ғылыми-теориялық негіздерін дәйектеу;

2. Тіл мәдениетінің ғылыми-теориялық негіздерін белгілеу арқылы тіл мәдениетін қалыптастыру жұмысының мазмұнын, көлемін және оның жүйесін нақтылау;

3. Оқушылардың тілдік норма туралы түсінігін кеңейтіп, олардың тілдік қателерін жіктеу арқылы оны болдырмаудың әдіс-тәсілдерін саралап, тіл мәдениетінің қалыптасу деңгейін көтеру;

4. Лексикалық норманы игерту арқылы оқушылардың сөзді қолдана білу мәдениетін қалыптастыру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақ тілін оқыту әдістемесінде алғаш рет әдеби тіл нормасын игерту арқылы сөйлеу мәдениетін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі жасалды, оның басты мақсаты ойлау, сөйлеу, қарым-қатынас мәдениетін дамыту нәтижесінде жака тұлғаны қалыптастыру екендігі дәйектелді;

- жалпы білім беретін орта мекетептерді әдеби тіл нормасы мен тілдесім мәдениетін оқытудың мазмұндық-құрылымдық жүйесі сипатталып мектеп сатылары бойынша оқылатын тілдік норма мен сөйлеу мәдениетінің аспектілері нақтыланды, олардың қазақ тілі пәнінің мазмұнындағы жүйесі сараланды;

Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін мектептердің негізгі және бағдарлы сатыларында қазақ тілі оқыту әдістемесінің теориялық негізін байытуға, оны жаңа уақыт талабымен сабақтастықта дамытуға ықпал етеді. Зерттеу жұмысында айқындалған тілдік норманы игерту арқылы сөйлеу мәдениетін меңгертудің ғылыми-теориялық негіздемелері жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ тілінің оқу бағдарламалары мен оқулықтарына пайдаланылуы мүмкін.

Зерттеудің тәжірибелік (практикалық) маңызы. Зертеудің қорытындылары жалпы білім беретін орта мектептерде тілдесім мәдениетін оқыту санасын жетілдіруге, педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлайтын арнаулы курстардың мазмұнын толықтыруға мүмкіндік береді.

1. Тілдесім мәдениетін игертудің мазмұны мен мақсаты және зерттелуі

1. 1. Мектепе сөйлеу мәдениетін оқытудың мақсаты мен міндеттері және зерттелуі.

Тіл - адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз қоғам өмір сүре алмайды. Тіл - адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты.

Тіл - тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Онда оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізгі арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің бейнесін көруге болады. Сондықтан М. Жұмабаев тілдің осынау қасиеті жайында: «Қазақ тілінде қазақтың сайран даласы, біресе желсіз түнде тынық, біресе құйыңды екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы асықпайтын саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр», - деп көрсетеді [7] .

Тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, сөйлеу деп тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді айтамыз. Сөйлеу - пікір алысу үдерісінде жеке адамның тілді пайдалануы [8] .

Әдістеме ғылымында сөйлеу әрекетінің төрт түрін бөліп көрсетілген оқылым, тыңдалым, айтылым және жазылым. Мұндағы сөйлеу әрекетінің екі түрін - тыңдалым мен айтылымды - тілдесудің ауызша түріне, екі түрін - оқылым мен жазылымды - жазбаша түріне жатқызады.

Ал сөйлеу әрекеті тілдесу жағдаяттарына байланысты қарым-қатынастық мақсаттарды шешуге бағытталған дағдылар жүйесінің шығармашылық сипатқа ие болуын қажет етеді. Тілдесу жүзеге асуы үшін кем дегенде екі адам болуы керек. Бірі - ақпаратты беруші, екіншісі - қабылдаушы. Сондықтан сөйлеу әрекетінің екі түрін тыңдалым мен айтылымды - тілдесудің ауызша түріне, екі түрін - ақылым мен жазылымды - жазбаша түріне жатқызады. Бұлайша бөлу, тілдесудің бұл екі түрінің бір-бірінен едәуір алшақтығы, ерекшеліктері бар екендігін көрсетеді. Ол мәтін көлемінен де, ондағы синтаксистік құрылымнан да, жалпы тілдесу кезіндегі сөздердің мөлшерінен де байқалады. Мұнымен қоса ауызша тілдесу кезіндегі ақпарат есту арқылы қабылданса, жазбаша тілдесу кезінде ақпарат көру арқылы қабылданады. Сондықтан жазбаша тілдесу көру арқылы қабылдап, түсіну дағдысын талап етсе, ауызша тілдесу тыңдай отырып, қабылдап, түсініп, жауап беру дағдысын талап етеді.

Сөйлеу әрекетінің екі түрін өнімді (продуктивті) әрекетке, екі түрін баяндау әрекетіне жатқызады. Өнімді тілдесу кезінде сөйлеуші жеткізетін ойды өзі құрайды, басқаша айтқанда, өзі білетін, өзіне таныс тілдік құралдарды тыңдай отырып, өзі құрастырады. Ал баяндау әрекетінде тыңдап немесе оқып отырған адам айтушы мен жазушыдан келген ақпаратты тыңдап, немесе оқып қабылдайды.

Бұл сөйлесім әрекетінің түрлеріне қоса Ф. Ш. Оразбаева “тілдесімді” көрсетті. Ол: “тілдесім - сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатнастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзіне қолдануына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады”, -деп есептейді [9, 75] . сондықтан біз тілдесімнің әдеби тіл нормасына сай, мәдениетті сөйлеу сапаларының қалыптасуы бойынша қарастырамыз.

Мәдениет сөзін зерттеушілер адамның әрекеті мен өзінің өмірін ұйымдастыруынан көрінетін оның қабілеті мен шығармашылық күші және сол арқылы қоғам дамуының тарихи даму деңгейін айқындауы деп түсіндіреді. Мұны философиялық сөздікте: «Культура - это специфический способ организации и развития человеческой жизнедеятельности, представленной в продуктах материального и духовного труда, в системе социальных норм и учреждений, духовных ценностях, в совокупности отношений людей к природе, между собой и к самим себе», - деп анықтайды. Ал лингвистикалық және лингводидактикалық зерттеулерде мәдениет түсінігі адам баласының қоғамда, өндірісте және ғылымда қол жеткізген табыстарының жиынтығының бір-біріне арақатынасы деп көрсетіледі [10. 3] .

Адам әрекеті көптүрлі, қоғамдық өмірмен жан-жақты байланысты, көп қырлы, күрделі құбылыс болғандықтан, оны мәдениеттанушылар құрылымы жағынан «материалдық» және «рухани» деп, немесе «бұқаралық» және «жоғарғы мәдениет» деп бөлген. Материалдық мәдениетке еңбек құралдары, үй-тұрмыс, тұрмыстық тұтыну заттары, киім, көлік құралдары т. б. жатады да, рухани мәдениетке таным, адамгершілік, тәрбие, білім беру, құқық, философия, өнер, әдебиет, тіл, мифология, дін т. б. жатады. Бұл, әрине, шынайы өмірде аталған құбылыстардың бір-бірімен тығыз байланысты болуынан туындаған шартты түрдегі бөлу болып табылады. Мәдениеттің материалдық жағы рухани мәдениеттің бастауы болса, ал мәдениеттің рухани жағы көбінесе материалдық аяда жүзеге асады, соған иек артады.

Тілшілер мен әдіскерлер де философтар пікіріне қосыла отырып, адам қолымен жасалған дүниенің бәрі мәдениет құндылықтары деп танылады да, ол табиғаттың өзінде бар дүниелермен бірлікте тұрады деп есептеледі. Осы түрғыдан келгенде, мәдениет - адам қабілеті мен оның әрекетінің жиынтығы. Сондықтан зерттеу жұмысымыздың аясында мәдениет пен тіл мәдениеті ұғымына қысқаша талдау келтірейік.

Соңғы жылдары Қазақстанда да мәдениеттану ғылым ретінде дами бастады. Ұзақ жылдардан бергі шығыс мәдениеті идеясын жалғастырып және батыс пен орыс ғалымдарының қазіргі жаңа көзқарастарын қабылдай отырып, қазақ мәдениеттанушылары да өздерінің әртүрлі көзқарастарын ғана ұсынып қоймай, оны қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері тұрғысында дамыта да алды.

А. Айталы «Культура» ұғымы қазақ тіліне «мәдениет» болып аударыл-ғанымен, оның мәні терең сияқты. «Культура» латын тілінен аударғанда «жақсарту», «ізгілендіру», «сүйкімдендіру» деген мағынаны білдіреді. Ол - игілік беруші, асыл қасиет дарытатын қазына. Мәдениет биологиялық инстинктермен емес, әлеуметтік қатынастармен реттелінеді », - дейді [11] . Кез келген халықтың мәдениеті сол халықтың өмірден көрген-білгенін өзінше пайымдауы, өзінше түйіндеуі нәтижесінде қалыптасатындығы туралы: «Сөз жоқ, мәдениет - ең алдымен адам мен қоғамға тән ой-қалып, қимыл-амал, адамдардың қарым-катынасын реттейтін құндылықтардың түйіні, адамдарды қауымдастыққа, тұтастыққа біріктіретін әлеуметтік институт» деп көрсетеді [11] .

Мәдениеттің әрбір ұлтқа, этносқа тән өзіндік сипатына да қатысты ғалымның бірнеше құнды пікірлері, жақсы көзқарастары бар. Бірде: «Мәдениет проблемасы - ұлттық жаңарудың маңызды жолы. Мәдениет пен дәстүр - өзін-өзі билеудің, ұлт болып сақталып қалудың негізі. Ұлттық болмыстың түп негізін іздегенде барлық құндылықтардың, наным-сенімдердің, білім мен парасаттың мәдениетте сақталғанын көруге болады», - деп жазса, енді бірде ғалым: «Ұлттың жаңару процесінде мәдени мұраны пайдалану, оның озығы мен тозығын анықтау, жасампаздық жақтарын сақтап дамыту қоғамдық санада негізгі мәселе», - дейді [11] . Ал ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшелігі туралы жазушы-ғалым А. Сейдімбек: «Этнография сөз болғанда мораль, этика, талғам, түсінік туралы алуан түрлі жағдайды кезіктіруге болады. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дейді қазақтың халық мәтелі. Өзге ел талғамы мен дәстүрінің өзіне ұқсауы шарт емес екендігін мойындау бар. Мейлінше гуманистік пікір екенін қолдамасқа лаж жоқ», - дейді [12] . Әрбір ұлттың өзіндік ерекшелігі дегенде қазақ халқында бай халық ауыз әдебиеті бар екенін, екінін бірінің суырып салып өлең шығаратын ақын, сөзге шешен болғандығын қазақ даласын аралаған орыс, батыс саяхатшылары да, тарихи деректер де, ауыз әдебиеті нұсқалары да растайды. Мысалы, тарихшы, мәдениеттанушы Х. Маданов: «Ауыз әдебиеті халқымыздың төлтума мәдениетінің маңызды саласы, құрамдас бөлігі болып табылады», - десе [13], ұлы жазушы М. Әуезов: «Өлеңмен айтқан билік, жырмен айтқан өсиет, тақпақпен айтқан дау бір кезде татуды араз, жақынды жат қылуға жараса, бір кезде іріген елді біріктіріп, ірікшінің шіріген сөзін саф қылуға жараған. Хан, қара, би, төре, аламаншыл батыр, жетекшіл қарашы, бәрі де айырмасыз сырлы сөздің қадірін білімге ұстарып зейіні ашылған еуропеецтен кем білмеген», - деп жазды [14] .

Тұжырымдағанда, мәдениет - халық жинап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын рухани және материалдық құндылықтар. Оның әр халықтың тіршілігінде көрінетін өзіне ғана тән ерекшелігі, тұрақты сипаты бар. Оның негізі тіл арқылы сақталады. Сондықтан оқушылардың тіл мәдениеті туралы білім, білік, дағды беруде, халықтың мәдениет құндылықтарының негізінде игертіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік норма
Тілдік норма және тіл мәдениеті
Тілдік норманың қалыптануы
Қазақ әдіби тілінің лексикалық нормасы
Лексика - семантикалық, фонетикалық - орфограммалық және грамматикалық варианттардың ерекшеліктерін саралап көрсету, нормадан ауытқу немесе сай келу заңдылықтарын талдау және варианттарды кодификациялаудың теориялық негіздерін іздестіру
Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы
Мәдениет тілі туралы
М.Балақаевтың лингвистикалық ой-пікірлері
Сөз мәдениеті туралы
Тіл - тіршіліктің бастауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz