Қазақстан Республикасының экономикалық көрсеткіштеріне ақша – несие құралының әсер ету ерекшеліктері



КІРІСПЕ
1 БӨЛІМІ: ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ОРЫНЫ.
1.1. Орталық банктің мәртебесі, ұйымдастыру формалары мен қызметтері
1.2. Ақша.несие саясатының құралдары мен әдістері

2 БӨЛІМІ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН РЕТТЕУДЕ АҚША.НЕСИЕ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӘСЕР ЕТУ РӨЛІ
2.1. Ұлттық банктің ақша.несие саясатының құрылу тәртібі Ұлттық экономика дамуына ақша.несие құралдарының әсер етуі

3 БӨЛІМІ: ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Қазіргі кезде отанымыздағы экономикалық жетістіктер несие жүйесіндегі өзгерістермен тығыз байланысты, әрбір сала өзінің даму серпіндерін қосымша ақшалай қаражаттар тарту жолымен іске асырады. Бұл негізінен екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің тиімді қызмет етуі деуге болады, сонымен қатар басшы банк атқаратын реттеуші орнын ерекше айта кету керек. Ұлттық банк негізіне жалпы мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асырушы мекемесі болып келеді. Қабылданған «Ұлттық банк тұралы» Заңға сәйкес, ол өз іс-әрекетінде пайда табуды көздемейді, тек ақша нарығында тұрақтылықты сақтап отыру бағытын алға қояды.
Қабылдаған Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің 2006-2008 жылдар аралығына іс-әрекетіне арнайы бағдарлама негізгі бағыты ретінде, өз ақша-несиелік саясатында бағалар тұрақтылығын қамтамас ету болып анықтаған. Бұл бағдарламаға сәйкес Ұлттық банк болашақтағы өзгеріс дамуы екі бағытта болуы мүмкін деп болжайды: бірінші бағыты, мұнайдың дүниежүзілік бағалары орташа деңгейде сақталуы; екінші бағыты, бағалар көтерілген жағдай. Бірінші бағыты мүмкін болу жағдайы бүгінгі күні Ұлттық банк пен қаралмайды, себебі жақын аралықта мұнайға сұраныс төмендеуі ықтималы аз.
Ақаша-несиелік саясаттың негізгі мақсаты инфляцияны төмендету болып табылады. Бұл мақсатты қамтамас ету Ұлттық банк пен Үкіметке мүдделеріне жүктелген. Айтылған шараларды жүзеге асыруда олар қажетті өкілетімен және құралдармен қамтылған.
Ақша-несиелік саясаттың келесі бір мақсаты қаржы нарағаның тұрақты қызмет етуін қамтуы болып табылады, ол валюталық айырбас қатынастары икемділігін сақтау арқылы инфляцияның кері әсерін болдырмау негізінде экономика өсуін ынталандыруы қаралады.
Ұлттық банкқа мемлекет тарапынан эмиссиялық құқы бекітілген, осыдан ол ақша шығаруда монополды орын алады, сонымен бірге жалпымемлекеттік экономика тұрақтылығы саясатын қамтиді, тауарлы-ақшалай тепетеңдікті сақтауды іске асырады. Нарықты экономикаға көшу макро деңгейде несиелік саясатын жедел іске асыруымен тиімді өсу жолдарына итермелейді.
Макродеңгейде Ұлттық банктің ақша-несиелік саясаты жалпымемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталған іс-әрекеті болып табылады. Ақша-несиелік саясатының негізгі объектісі болып жалпы экономикадағы қолма-қол және қолма-қол емес ақша масасы қаралады. Ұлттық банктің бұл реттеуде көздейтін мақсаты тауарлы-ақшалай тепетеңдікті қамту, экономиканың дамуын ынталандыру, ұлттық валюта тұрақтылығын сақтау, мемлекеттің берешегін басқару.
1. Алимбаев А.А., Белялов А.З., Алкеева А.Б. Финансово-кредитная система Казахстана: актуальные проблемы и перспективы развития. – Караганды: ТОО «Арко», 2003.
2. Жамишев Б.Б. По отдельным вопросам развития финансового сектора Республики Казахстан // Банки Казахстана. 2005. № 1. – С.8-12.
3. в странах СНГ // Банки Казахстана. 2005. № 11. – С. 18-21.
4. Байсеитов Б.Р. Банковское сообщество Казахстана в современных условиях // Банки Казахстана. 2004. № 6. – С. 21-23.
5. Зиябеков Б. О развитии банковской системы Республики Казахстан // Банки Казахстана. 2003. № 5. – С. 21-27.
6. Байбулатов Р.Ж. О банковском дистанционном надзоре Национального Банка Республики Казахстан // Банки Казахстан. 2003. № 2. – С. 15-19.
7. Досниязова А.К. Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ // Банки Казахстана. 2005. № 10. – С. 56-61.
8. Кошебаева Г.К. Денежно-кредитная политика, как составная часть государственного макроэкономического регулирования // Банки Казахстана. 2005. № 12. – С. 15-18.
9. Кинасова О. Перегрев экономики и регулирование инфляционного процесса // Банки Казахстана. 2005. № 9. – С. 41-43.
10. Об Основных направлениях денежно-кредитной политики Национального Банка Казахстана на 2005-2007 гг. / Пресс-релиз № 007 от 02.02.2005 г. // Банки Казахстана. 2005. № 2. С. 2-4.
11. Уровень жизни населения. Мониторинг. Агентство Республики Казахстан по статистике. – Алматы, 2005.
12. Баймуратов У.Б. Новая модель национальной денежно-финансовой системы Республики Казахстан // Транзитная экономика. 2004. № 5-6. - С. 17- 21.
13. Жунусова Г.Р. Интеграционные процессы в банковской системе Казахстана // Банки Казахстана. 2002. № 1. – С. 6-10.
14. Банковское дело: Учебник /Под ред. О.И.Лаврушина. – М.: Финансы и статистика, 1998.
15. Нурсеит Н.А. Устойчивость национальной валюты. – Алматы, 2000.
16. Илларионов А. Денежно-кредитная политика и ее особенности: Автореферат, 2002.
17. Нурсеит Н.А. Обеспечение устойчивости и ликвидности банковской системы // Банки Казахстана. 2003. № 3. – С. 15-22.
18. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под ред. О.И.Лаврушина. – М.: Финансы и статистика, 1998. – 448 с.
19. Давыдова Л., Райманов Д. Банковское право Республики Казахстан: Учебное пособие / Под общ. ред докт. Юрид. наук А.И.Худякова. - Алматы: Жети жаргы, 2004. – 640 с.
20. Деньги. Кредит. Банки: Учебное пособие для вузов / Под ред. Г.С.Сейткасимова. – Алматы: Аражат, 1999.
21. Михайлова И.В. Проблемы и перспективы развития кредитных отношений
22. Баймуратов У.Б. Новая модель национальной денежно-финансовой системы Республики Казахстан // Транзитная экономика. 2004. № 5-6. - С. 17- 21.
23. Жунусова Г.Р. Интеграционные процессы в банковской системе Казахстана // Банки Казахстана. 2002. № 1. – С. 6-10.
24. Банковское дело: Учебник /Под ред. О.И.Лаврушина. – М.: Финансы и статистика, 1998.
25. Илларионов А. Денежно-кредитная политика и ее особенности: Автореферат, 2002.
26. Нурсеит Н.А. Обеспечение устойчивости и ликвидности банковской системы // Банки Казахстана. 2003. № 3. – С. 15-22.
27. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под ред. О.И.Лаврушина. – М.: Финансы и статистика, 1998. – 448 с.
28. Давыдова Л., Райманов Д. Банковское право Республики Казахстан: Учебное пособие / Под общ. ред докт. Юрид. наук А.И.Худякова. - Алматы: Жети жаргы, 2004. – 640 с.
29.
30. Айманбетова Г. Итоги года и планы на будущее // Банки Казахстана. 2004. № 2.– С.15-17.
31. Искакова З.Д. Перспективы развития банковской системы Республики Казахстан // 2003. № 4. – С. 12-15.
32. Ачкасов Н.Г. Операции банка // Денежное обращение. – Алматы. 2005. № 5. – С. 12-16.
33. Пресс-релиз № 004 от 13.01.2005 г. «О предварительных итогах 2004 г.» // Банки Казахстана. 2005. № 1. – С. 2-8.
34. Обращение Президента Н.Назарбаева к народу Казахстана. Программа «Казахстан-2030». 1996.
35. Банковское дело / Под ред. Г.С.Сейткасимова. – Алматы: Каржы-Каражат, 1998.
36. Рамазанов Н. Неосторожный оптимизм / Деловая неделя. № 9. 10 марта.
37. Сайденов А.Г. О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка // Банки Казахстана. 2005. № 10. – С. 2-4.
38. Назарбаев Н. Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана от 1 марта 2006 г. // Казахстанская правда. 2006. 2 марта. № 45-46.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КӨПСАЛАЛЫ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ

ДАМЕНОВА АЙГЕРІМ АСҚАРҚЫЗЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: Қазақстан Республикасының экономикалық көрсеткіштеріне ақша –
несие құралының әсер ету ерекшеліктері
мамандығы 070640 Қаржы және несие

Қорғауға жіберіледі
Кафедра менгерушісі
э.ғ.к., доцент
______________________
_____________2006 ж.

Орындаған студент:
Даменова А.А.
ФК-42к

Ғылыми жетекшісі:
э.ғ.к., профессор
Қуанышов С.С.

Рецензент:
э.ғ.к., профессор
Нурғалиев Ө.Н.

Қарағанды 2006 ж.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ
3
1 БӨЛІМІ: ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ОРЫНЫ.
6
1.1. Орталық банктің мәртебесі, ұйымдастыру формалары мен қызметтері
6
1.2. Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері
14

2 БӨЛІМІ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН РЕТТЕУДЕ АҚША-НЕСИЕ
ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӘСЕР ЕТУ РӨЛІ 32
2.1. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құрылу тәртібі
32 2.2. Ұлттық экономика дамуына ақша-несие құралдарының әсер етуі
45

3 БӨЛІМІ: ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК
ТӘЖІРИБЕСІ 50

ҚОРЫТЫНДЫ
58 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
61
ҚОСЫМШАЛАР
63

Кіріспе.
Қазіргі кезде отанымыздағы экономикалық жетістіктер несие жүйесіндегі
өзгерістермен тығыз байланысты, әрбір сала өзінің даму серпіндерін қосымша
ақшалай қаражаттар тарту жолымен іске асырады. Бұл негізінен екінші
деңгейдегі коммерциялық банктердің тиімді қызмет етуі деуге болады, сонымен
қатар басшы банк атқаратын реттеуші орнын ерекше айта кету керек. Ұлттық
банк негізіне жалпы мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асырушы мекемесі
болып келеді. Қабылданған Ұлттық банк тұралы Заңға сәйкес, ол өз іс-
әрекетінде пайда табуды көздемейді, тек ақша нарығында тұрақтылықты сақтап
отыру бағытын алға қояды.
Қабылдаған Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің 2006-2008 жылдар
аралығына іс-әрекетіне арнайы бағдарлама негізгі бағыты ретінде, өз ақша-
несиелік саясатында бағалар тұрақтылығын қамтамас ету болып анықтаған. Бұл
бағдарламаға сәйкес Ұлттық банк болашақтағы өзгеріс дамуы екі бағытта болуы
мүмкін деп болжайды: бірінші бағыты, мұнайдың дүниежүзілік бағалары орташа
деңгейде сақталуы; екінші бағыты, бағалар көтерілген жағдай. Бірінші бағыты
мүмкін болу жағдайы бүгінгі күні Ұлттық банк пен қаралмайды, себебі жақын
аралықта мұнайға сұраныс төмендеуі ықтималы аз.
Ақаша-несиелік саясаттың негізгі мақсаты инфляцияны төмендету болып
табылады. Бұл мақсатты қамтамас ету Ұлттық банк пен Үкіметке мүдделеріне
жүктелген. Айтылған шараларды жүзеге асыруда олар қажетті өкілетімен және
құралдармен қамтылған.
Ақша-несиелік саясаттың келесі бір мақсаты қаржы нарағаның тұрақты
қызмет етуін қамтуы болып табылады, ол валюталық айырбас қатынастары
икемділігін сақтау арқылы инфляцияның кері әсерін болдырмау негізінде
экономика өсуін ынталандыруы қаралады.
Ұлттық банкқа мемлекет тарапынан эмиссиялық құқы бекітілген, осыдан ол
ақша шығаруда монополды орын алады, сонымен бірге жалпымемлекеттік
экономика тұрақтылығы саясатын қамтиді, тауарлы-ақшалай тепетеңдікті
сақтауды іске асырады. Нарықты экономикаға көшу макро деңгейде несиелік
саясатын жедел іске асыруымен тиімді өсу жолдарына итермелейді.
Макродеңгейде Ұлттық банктің ақша-несиелік саясаты жалпымемлекеттік
мәселелерді шешуге бағытталған іс-әрекеті болып табылады. Ақша-несиелік
саясатының негізгі объектісі болып жалпы экономикадағы қолма-қол және қолма-
қол емес ақша масасы қаралады. Ұлттық банктің бұл реттеуде көздейтін
мақсаты тауарлы-ақшалай тепетеңдікті қамту, экономиканың дамуын
ынталандыру, ұлттық валюта тұрақтылығын сақтау, мемлекеттің берешегін
басқару.
Ақша-несиелік реттеу процесі екі сатыдан қаланады. Бірінші сатыда
Ұлттық банка ақша-несиелік сала көрсеткіштеріне әсер етеді. Екінші сатыда
көрсеткіштер бойынша өзгерістері өндіріс саласына ықпал етеді. Осыған
байланысты ақша-несиелік саясаттың аралық және түпкі мақсаттары бөлек
қаралады. Алға қойылған мақсаттары келесі: экономиканың тұрақты қарқынды
дамуы, жұмыспен жоғарғы деңгейде қамтылуы, бағалар тұрақтылығы, еліміздің
төлем балансы теңдіген сақтау болып келеді. Бірденен барлық мақсаттарға қол
жеткізу мүмкін емес, бұл барлығымызға әйгілі. Сондықтан олардың орындалу
сатысын қалау қажет. Монетарлы саясаттың басымды бағытының мақсаты,
еліміздегі бағалар деңгейін тұрақтандыру.
Белгіленген мақсаттарды орындау кезінде қатесіз аралық нысаналарын
белгілеу қажет, өйткені олардың арасында тығыз байланйсы бар. Олар келесі
көрсеткіштер түрінде көрініс алады: ақша масасы көлемі, пайыз мөлшері
деңгейі.
Мемлекет ақша масасын реттеуде және ақша ұсынысын іске асыруда
пайдаланатын мақсаттары мен құралдары ақша-несиелік саясаттының мазмұнын
құрайды.
Негізгі ақша-несиелік саясаттың міндеттері:
төледер және есеп-айырысу операцияларын тиімді жүргізуде ұлттық валюта
тұрақтылығын қамту;
ақша айналымы тәртібін ұйымдастыру, оларды реттеу және орындалуын
қадағалау;
айналымдағы ақша көлемін өзгерту жолымен экономикалық коньюнктураға
септігін тигізу.
Қазақстан Республикасының ақша-несиелік жүйесі гиперинфляция жағдайында
құрылды, бұл кезде Ұлттық банк қатаң ақша-несиелік саясатын ұстануға мәжбұр
болған, ол өз алдында инфляция деңгейін төмендетуге бағытталған, сонымен
бірге монетарлық саясатқа әсерін тигізді. Нарықты жағдайына көшуде елімізде
барлық салада қолайсыз экономикалық құлдырау жағдай байқалған, әсіресе қажы
саласында. Экономикалық тұрақтылық жағдайын қалыптастыру мақсатында, несие
жүйесі халықаралық стандартарға сәйкес құрала басталды да көптеген
операцияларын орындауға көшті.
Қазіргі кезде банк негізгі өндіргіш күш болып келеді, себебі оның іс-
әрекеті тікелей экономикамен байланысты, өндірістің серпінді және үздіксіз
дамуын қамтиді, халықтың байлығы өсуне қатысады.
Бұл дегеніміз, мемлекеттің англо-американдық қаржы нарығы моделін
жақтайтынын білдіреді, мұнда мемлекеттің қаржы нарығында атқаратын ролі
негізінен қаржылық бақылау және инфляциялық таргеттеумен шектеледі.
Ұлттық ақша-несиелік жүйесі, бұл жалпы Қазақстан Республикасы
экономикасын реттеуге соғым беретін орталық болып табылады. Ақша-несиелік
жүйесінің тұрақтылығы мемлекетке маңызды болып келеді, содықтан бұл
нарықтың экономикасын құраушы құралдарын зерттеу дипломдық жұмыстың
өзектігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып Қазақстан Республикасының ақша-
несиелік саясаты, оның іске асыру құралдары атқаратын ролін ашып көрсету,
өйткені олар нақты экономика секторларына ықпал етеді. Алға қойылған
мақсаттарын орындау үшін, келесі міндеттер қаралады:
– Қазақстан Республикасының нарық экономикасында ақша-несиелік саясатының
экономиқалық мазмұнын көрсету;
– ақша-несиелік саясатының құралдары қызмет ету тетігін ҚРҰБ және
несиелік нарықты және несие мекемелер реттеу және бақылау Агенттігі,
екінші деңгейдегі банктер іс-әрекетіне сүйене ашып көрсету;
– қазіргі кездегі ҚРҰБ ақша-несиелік саясатының түрлерін қарастыру;
– Қазақстандағы ақша-несиелік саясаты дамуына алдында тұрған мәселелері
мен болашағын зерттеп баға беру.
Зерттеу объектісі болып мемлекеттің жалпы ақша-несиелік саясаты
қаралады.
Дипломдық жұмыстың маңыздылығы болып ҚРҰБ ақша-несиелік саясатын және
құралдарын зерттеу арқылы, қаржы тұрақты кызмет ету жолдарын қарастыру және
оларды тұрақты экономикалық дамуына алдын-ала шарт жасау.
Дипломды жұмыс құрлымы бойынша кіріспеден, үш бөлімінен, қорытынды және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен құрылған.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі болып Қазақстан Республикасының
нормативты-құқтық актілері, шетел және отандық ғалымдар мен экономистердің
еңбектері, ҚР статистика жөнінде Агенттік мәліметтері, ҚРҰБ есеп берулер
ақпараттары қаралды.
1 БӨЛІМІ: ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ОРЫНЫ.

1.1 Орталық банктың мәртебесі, ұйымдастыру формалары мен қызметтері

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының
орталық банкі болып табылады, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің
жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді, "Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген
шекте Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді, өз
қызметінде Конституцияны, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі
туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан
Республикасының басқа да нормативтік құқықтық және заңнама актілерін,
Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы
жасасқан халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа
алады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық
нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің дербес балансы бар,
өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірлесіп тікелей
бағыну схемасындағы біртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.
Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне
сәйкес Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өздері болатын
елдің заңдарын ескере отырып филиалдары мен өкілдіктерін аша алады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының
Үкіметімен үйлестіреді және онымен тұрақты консультациялар өткізіп
отырады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму
стратегиясын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер ол өзінің негізгі
функцияларын орындауы мен ақша-несие және валюта саясатын жүзеге
асыруына қайшы келмейтін болса, оны жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Ұлттық Банктің
міндеттемелері бойынша жауапкершілік атқармайды, сол сияқты
Қазақстанның Ұлттық Банкі де мұндай жауапкершілік алған кезде
болмаса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелері бойынша
жауапкершілік атқармайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары Қазақстан
Ұлттық Банктің, оның филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының
заңнамамен бекітілген өкілеттіктерін жүзеге асыру жөніндегі қызметіне
араласуға құқылы емес.
Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдары
негізінде және оларды орындау үшін өз құзыретіне жататын мәселелер
бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық банктердің, банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және
олардын, клиенттерінің, басқа да заңды және жеке тұлғалардың орындауы
үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады.
Қазақстан Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері оның
"Қазақстан Ұлттық Банктің Хабаршысы", "Вестник Национального Банка
Казахстана" ресми басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде
жарияланып отырады.
Қазақстан Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасы бейнеленген және өзінің атауы жазылған мөрі, сондай-ақ
өзінің эмблемасы болады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі филиалдарының, өкілдіктерінің және
ұйымдарының өз мөрі бар [11].
Қазакстан Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан
Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады,
оны орындау үшін оған мынадай міндеттер жүктелген:
• мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
• төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
• валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
• қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық банктің негізгі мақсаттары мен міндеттерін осылайша тұжырымдау
жария етілген Еуростандарттарға өтуді және инфляциялық таргеттеу
қағидаларын дәл көрсетеді.
Қазақстанның Ұлттық Банкі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес
мынадай негізгі функцияларды атқарады:
1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын
жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың
эмиссиясын жүзеге асыру;
3) банктердің банк функциясын жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің банк, қаржы жөніндегі
кеңесшісі және агенті функцияларын және Үкімет пен басқа да
мемлекеттік органдарға, олармен келісе отырып өзге де қызмет
көрсетуді жүзеге асыру;
5) төлем жүйелерінің жүмысын ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық
бақылауды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін басқару;
8) қаржы ұйымдарының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге
асыру, сондай-ақ Қазақстан Ұлттык Банктің кұзыретіне жатқызылған
мәселелер бойынша олардың қызметін реттеу [13].
Қазақстан Республикасында өзгермелі айырбас курсның режимі
енгізілуіне байланысты Ұлттық банк валюта курсн орталықтандырылған түрде
қатаң басқаруды жүзеге асырмайды. Ұлттық банктің валюта нарығындағы мақсаты
теңгенің курсн қандай да болмасын деңгейде ұстау емес, шетел валютасының
теңгеге қатысты құны өзгеруінің күрт ауытқуларын баяулату болып табылады.
Жалпы банк жүйесі Қазақстан республикасы қаржы секторының негізі
болып табылады,ол бірнеше рет реформалаудан кейін оның ең қарқынды дамыған
және тұрақты бөлігіне айналды.
2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық банктің қаржы нарығын және қаржы
ұймдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі барлық қызметтері дербес
мемлекеттік органға – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне берілді. Әлемдік тәжірибе
көрсеткендей, мұндай қадағалау мен реттеу ұйымы қаржы секторын дамыту үшін
неғұрлым тиімді [14,б.11].
1993 жлы 15 қарашада өзіміздің ұлттық валютамыз теңгені енгізу Ұлттық
банктің алдында мүлдем жаңа міндеттердің пайда болуна алып келді.
Негізгі міндеттердің бірі теңгенің төлемдік қызметін күшейту және
ұлттық валютаға деген сенімді арттыру болды. Осы бағытта қабылданған
шаралар: экспорттық және импорттық ьаж салықтарына, кедендік төлемдерге ақы
төлеуге теңгемен аудару, шетел валютасымен бөлшек саудаға тыйым салу болды.
Өндірістің дамуына, елге шетел капиталы әкелуінің өсуіне, отандық ірі
инвесторлардың (зейнетақы қорлары сияқты) пайда болуына қарай ұлттық валюта
сияқты валюта нарығы да нығая түсті. Сонымен қатар ұлттық валютаға деген
сенім жоғарылады. Осындай жағдайларда экономикалық қызметті ынталандыру
үшін валюталық қатынастарды ырықтандыру жалғастырылды [15,б.4].
Ұлттық валютамыз – теңгенің қолдану аясы кеңіп, шетел валютасының
айналыстағы ролі төмендей түсуде [16,б.6].
Мысалы, 2005 жылғы сәуірде теңгенің АҚШ долларына қатысты номиналдық
нығаюы 0,71%-ды құрады (жыл басынан бері номиналдық девальвация 1,24%-ды
құрады), Теңгенің биржалық курсның ауытқу ауқымы  1 АҚШ доллары үшін 130,45-
132,51 теңге (айдың соңында – 131,61 теңге) болды. Әлемдік валюта
нарықтарында 2005 жылғы сәуірде доллардың еуроға қатысты нығаю үрдісі
сақталып отыр, айдың аяғында бағам 1,2873 болды (2005 жылдылдың басынан
бері   доллардың курс 5,29%-ға нығайды). Алтынның бағасы жыл басынан бері
 0,93%-ға төмендеп, сәуір айының аяғында бір унция үшін 434,39 доллар
деңгейінде белгіленді. Мұнайдың бағасы жыл басынан бері 18,4%-ға қымбаттап,
сәуірдің аяғында 1 баррель үшін 49,33 долларды (Брент сорты) құрады.
Теңгенің нақты тиімді айырбас курсның (НТАБ) индексі 2005 жылдың үш айында
өзгермеді. Бұл ретте теңге ТМД елдерінің валюталарына қарағанда 4%-ға
құнсызданды, ал қалған елдердің валюталарына қатысты  2,1%-ға нығайды. 2005
жылдың 4 айы ішінде теңге нақты көрcетілуінде ресей рубліне қатысты 4,8%-ға
құнсызданды, ал еуроға қатысты 4,4%-ға нығайды. Алдын ала деректер бойынша
теңгенің АҚШ долларына қатысты нақты нығаюы ағымдағы жылдың  4 айында 0,3%-
ды құрады.
Теңгенің ресми айырбас курс 2005 жылғы сәуірде орташа алғанда 1 АҚШ доллары
үшін 131,37 теңгені, 1 еуро үшін 170,03 және 1 ресей рублі үшін 4,72
теңгені құрады. Еуроның айырбас курс 167,60-171,87 теңге аралығында өзгерді
(сурет 1).

1 сурет
Теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми курсы
Негіздеме: Қазақстан республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

Осыдан, ұлттық валютамыз теңгенің шетел валюталарымен салыстырғанда
едәуір нығайғанын көруге болады
2003 жылғы сәуірде теңгенің айырбас курс бір доллар үшін 151,55-152,38
теңге шегінде ауытқыды. Бір ай ішінде теңге 0,22%-ке (2002 жылғы сәуірде –
0,36%-ке құнсызданды) нығайды және айдың соңында биржалық бағам бір доллар
үшін 151,76 теңге болды. Жыл басынан бері теңгенің АҚШ долларына номиналдық
нығаюы 2,62% болды. Сәуірдің аяғында ресми бағам бір долларға 151,75 теңге
деңгейінде белгіленді. Сәуірде биржалық операциялар көлемі қосалқы сауда-
саттықтағы мәмілелерді қоса есептегенде наурызбен салыстырғанда 11,9%-ке
өсті және 397,2 млн. долл. құрады (2002 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда
2 есеге жуық өсті). Жыл басынан бері биржалық операциялар көлемі 1664,4
млн.долл. болды. Биржадан тыс валюта нарығында наурыздағы көрсеткішпен
салыстырғанда операциялар көлемі 12%-ке өсті және жедел деректер бойынша
460,6 млн. долл. болды. 2002 жылғы сәуірмен салыстырғанда операциялар
көлемі 7,6%-ке көбейді. Жыл басынан бері банкаралық валюта нарығындағы
операциялар көлемі жедел деректер бойынша 1746,9 млн.долл. болды [17,б.7].
Ал, 2004 жылғы сәуір айында ішкі валюта нарығында ұлттық валютаны одан
әрі нығайтуға алғышарттар сақталған болатын. Теңгенің АҚШ долларына қатысты
номиналдық нығаюы 0,53%, жыл басынан бастап 3,59% болды. Биржалық бағам
ауытқуының ауқымы 137,62-138,92 теңгені құрады (айдың аяғында -138,19
теңге). 2004 жылғы сәуірде теңгенің орташа алғанда ресми курс бір АҚШ
доллары үшін 138,20 теңге, бір еуро үшін  166,00 теңге және бір ресей рублі
үшін 4,82 теңге болды [18,б.3].
Жоғарыда айтып өткендей, Ұлттық банктің басты мақсаты бағалардың
тұрақтылығын қамтамысыз ету. Осыған байланысты 2004 жылдың 4 тоқсанына
экономиканың нақты секторындағы бағаларға талдау жасап өтейік. 2004 жылғы 4-
тоқсанда өнеркәсіп кәсіпорындары өнімінің және қызмет көрсетуінің бағалары
2,6% (3 тоқсанда – 7,9%) жоғарылады. Аралық тұтыну өнімдері 2,9%, тұтыну
тауарлары – 1,8%, өндіріс құралдары ж.не өндірістік сипатта қызмет көрсету
– 0,6% қымбаттады.Өнеркәсіптік өндіріс салаларының құрылымында бағалардың
негізгі өсуі тау-кен өндіру саласына тиесілі – 4,4%, өңдеу өнеркәсібінде
және электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлуде бағалар тиісінше
0,8% және 0,6% өсті. 2004 жылғы 4-тоқсанда алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда
өңделмеген мұнай мен табиғи газ өндіру бағаларының өсу қарқынының баяулауы
(17,3%-ға қарағанда 4,3%) 2004 жылғы қазан-желтоқсанда бензин бағаларының
өсу қарқынының баяулауына (3-тоқсандағы 17,2%-ға қарағанда 2,9%) ықтимал
себептердің бірі болды.
Алайда, 2004 жылғы 4-тоқсанда мұнай және газ өндіруде бағалардың өсуі
оны бөлу салаларындағы құнның жоғарылауына ықпал етті, бұл ең соңғы
нәтижесінде, халыққа ақылы қызмет көрсету құрылымындағы газбен жабдықтау
бойынша қызмет көрсетудің қымбаттауына алып келді (6,0%).
Өңдеу өнеркәсібі салаларының ішінде 2004 жылғы 4-тоқсанда тамақ
өнімдері өндірісінде бағалардың өсуі 1,4% (3-тоқсанда – 0,6%) болды, бұл
азық-түлік тауарлары нарығындағы бағаларды асыра белгілеуге ықпал етті.
Ауыл шаруашылығының өнімі 2004 жылғы 4-тоқсанда 0,1% арзандады,
сонымен бірге өсімдік шаруашылығының өнімдеріне бағалар 7,0% төмендеді, ал
мал шаруашылығының өнімі 9,5% жоғарылады.
Өсімдік шаруашылығы өнімінің, ең бастысы дәнді дақылдар бағаларының
төмендеуі (6,7%) азық-түлік нарығындағы бағалардың деңгейінде көрінген жоқ.
Бұл осы салалардағы өнім қосымша қайта өңдеуді қажет ететіндігіне
байланысты және бұл төмендеу белгіленген лаг бойынша көрсетілуге тиіс.
Сонымен қатар мал шаруашылығы өнімінің қымбаттауы (жұмыртқа, сүт, мал
және құс еті) іс жүзінде бір мезгілде тамақ өнімдері бағаларының өсуінде
байқалды. Осыларды қорытындылай келе, түрлі макроэкономикалық
көрсеткіштердің әсерінен инфляция біршама жоғарылап, ал ол өз кезегінде
өндірістік және ауылшаруашылық бағалардың айтарлықтай өсуіне алып келді
[19,б.28].

Жалпы алғанда Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер бойынша монетарлық
шолуды жүзеге асырады. 2004 жылғы 4-тоқсанда екінші деңгейдегі банктердің
жиынтық активтері 18,4% 1315,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Өткен
тоқсандардағы сияқты бұл өсу екінші деңгейдегі банктердің ішкі активтерінің
ұлғаюына байланысты еді, сонымен қатар олардың таза сыртқы активтері азайды
(1-кесте).

1 кесте

Екінші деңгейдегі банктер бойынша монетарлық шолу

(өткен кезеңге қарағанда %)

о-тоқ.
2004 жылғы 4-тоқсанда екінші деңгейдегі банктердің таза сыртқы
активтерінің құрылымында шет елге орналастырылатын депозиттердің және
резидент еместерге несиелердің ұлғаюы есебінен резидент еместерге талаптар
29,8% өсті. Сонымен бірге Қазақстан банктерінің шоттарындағы резидент
еместердің депозиттерінің өсуіне байланысты резидент еместердің алдындағы
міндеттемелер 23,3% өсті. Алайда резидент еместер алдындағы
міндеттемелердің өсуінің резидент еместерге қойылатын талаптардан
абсолюттік мәндегі жоғарылауы таза сыртқы активтердің 17,3% азаюына алып
келді.
2004 жылғы 4-тоқсанда банктердің ішкі активтерінің абсолюттік өсуіндегі
негізгі үлес олардың Ұлттық Банктегі аударылатын және басқа депозиттерінің
2,7 есе ұлғаюы нәтижесінде Ұлттық Банкке қойылатын талаптардың өсуіне
тиесілі еді. Сонымен бірге, банктердің экономиканы несиеленуінің жоғары
қарқыны сақталды. 2004 жылғы 4-тоқсанда екінші деңгейдегі банктердің
экономика секторларына талаптары 11,6% өсті.
Қорытындысында, Үкіметке таза талаптардың 21,5% және басқа да таза ішкі
активтердің 8,8% төмендеуіне қарамастан, тұтастай алғанда екінші деңгейдегі
банктердің ішкі активтері 18,1% ұлғайды.
Айналыстағы қолма-қол ақша 2004 жылғы 4-тоқсанда 379,3 млрд. теңге, ал
олардың өсу қарқыны өткен тоқсанмен салыстырғанда – 21,5% болды.
Айналыстағы қолма-қол ақша өсуінің жоғары қарқындары әдеттегідей жылдың осы
кезеңіне тән болғанмен, 2002-2003 жылдарға қарағанда ағымдағы жылы олар
біраз жоғары болды (тиісінше 14,4% және 9,4%).
Қарастырылып отырған кезеңде айналыстағы қолма-қол ақшаның өсуі
негізінен халықтың ақшалай кірістерінің маусымдық ұлғаюымен, оның ішінде
жалақы төлеуге мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі салдарымен
түсіндіріледі. Шынында, 2004 жылғы 4-тоқсанда өткен тоқсанмен салыстырғанда
мемлекеттің жалақы төлеуге шығыстары 14,5% өсті (2002-2003 жылдардың 4-
тоқсанында – тиісінше 26,9% және 12,6%) [16,б.6].
2004 жылдың аяғында қалыптасқан халықтың қолма-қол долларға төмен
сұранысы айналыстағы қолма-қол ақшаның өсуіне бірқатар ықпалын тигізді.
2004 жылғы 4-тоқсанда айырбастау пункттерінің долларды нетто-сатуы өткен
тоқсанмен салыстырғанда 15,6% төмендеді, бұл жылдың осы кезеңіне тән емес.
2002-2003 жылдардағы осындай кезеңмен салыстырғанда, керісінше осы нетто-
сатудың тиісінше 41,4% және 51,9% өсуі байқалды. Сонымен бірге 2004 жылғы 4-
тоқсанда өткен кезеңмен салыстырғанда банктердің долларды нетто-.келуі
38,8% төмендеді, ал 2002-2003 жылдардағы осындай кезеңдерде тиісінше 26,4%
және 36,7% ұлғаю орын алды. Яғни жинақ ақшаны доллармен сақтау тартымдылығы
төмендеуде және теңгенің нығаюы жағдайларында ішкі нарықта доллардың сатып
алушылық қабілеті азайып келеді. Нәтижесінде, халық долларды қолма-қол
теңгеге айырбастай отырып, оны аз сатып алып, көбірек сата бастады.
Банктердің және Қазпошта АҚ-ның кассаларындағы қолма-қол ақша
айналымы ақшалай кірістердің өсуінің және қолма-қол долларға сұраныстың
төмендеуінің айналыстағы қолма-қол ақшаның ұлғаюына ықпалын растайды (2-
кесте).

2 кесте
Банктердің кассалары арқылы қолма-қол ақша
беру мен түсімдер сальдосы

2004 жылғы 4-тоқсанда банкоматтар мен жеке тұлғалардың ағымдағы
шоттарын есептегенде, жалақы төлеу бойынша банктер мен Қазпошта
кассаларынан қолма-қол ақшаны нетто-беру өткен жылдың осындай кезеңімен
салыстырғанда 26,8%, ал банктердің айырбастау пункттерінің валюта сатып
алуға нетто-беруі – 28,5% өсті. Жалпы алғанда, республика бойынша қолма-қол
ақша айналысының көрсеткіштерін бақылау, экономика субьектілерінің
қажеттіліктеріне сәйкес қолма-қол ақшаның қажетті көлеміне қолдау көрсетуге
бағытталған іс-шаралардың тұтас кешенін жүзеге асыру, ескірген ақша
бірліктерін айналыстан алу және оларды қолдан жасаудан қорғау – Ұлттық
банктің елде болып жатқан ағымдағы экономикалық өзгерістер барыснда ерекше
маңызы бар қолма-қол ақша айналысын реттеу саласындағы 2004 жылғы негізгі
қызметі осылардан тұрады [20,б.3].
Резиденттердің депозиттері
Банк жүйесінде және несиелік серіктестіктерде депозиттер түсуінің өсуі
барлық 2004 жылға тән болды. 2004 жылғы 4-тоқсанда резиденттердің
депозиттері 25,5% өсіп, 1255,4 млрд. теңгеге жетті (3-кесте).
Резиденттердің депозиттері құрылымында нақты секторды кредиттеудің
негізгі көздерінің бірі болып табылатын резиденттердің басқа депозиттерінің
жоғары үлесінің сақталуы оң бағаланады. Мәселен, 2004 жылғы 4-тоқсанның
аяғында бұл үлес 70,7% болды, ал қалған 29,3%-ы аударылатын депозиттерге
тиесілі еді.

3 кесте
Резиденттер депозиттерінің өзгеру динамикасы
(өткен кезеңге қарағанда %)
04. 1

Сонымен бірге, басқа депозиттерге шетел валютасымен көрсетілген өзге де
салымдар мен депозиттер кіреді.
Қарастырылып отырған кезеңде банктік емес заңды тұлғалардың депозиттері
резиденттер депозиттерінің өсуіне (84% жуық) негізгі үлес қосты. 2004 жылғы
4-тоқсанда шетел валютасындағы депозиттердің өсу қарқындарының баяулауы
банктік емес заңды тұлғалардың депозиттері құрылымына тән ерекшеліктер
болып табылады. Бұл әлемдік валюталар бағамдарының айтарлықтай
өзгермелілігі жағдайларында кәсіпорындардың өздерін валюталық тәуекелге
ұшыратпауға тырысуына байланысты болуы ықтимал. Валюталық депозиттердің
белгіленген көлемінің болу қажеттігі, резидент еместермен болашақтағы
операцияларды жүзеге асыруға не шетел валютасындағы банктік заемдарды
өтеуге байланысты деп пайымдауға болады.
2004 жылғы 4-тоқсанда өткен кезеңмен салыстырғанда халықтың теңгедегі
басқа депозиттері 32,7% өсті, ал халықтың шетел валютасындағы басқа
депозиттері, керісінше, 9,6% қысқарды. Бұл халықтың негізінен жинақ ақшаны
шетел валютасымен сақтағаннан гөрі ұлттық валютамен сақтағанды жөн
санайтынын куәландырады.
Негізінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің негізгі мақсаты
бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, экономикалық өсуге барынша
ықпал ететіні жалпыға мәлім. Баға тұрақтылығы орын алған кезде ресурстар
барынша тиімді бөлінеді, капиталды нақты өндіріске салу ынталандырылады,
әлеуметтік тұрақтылыққа қолдау жасалады, халықтың жинақ ақшасы жылдам
жиналады.

1.2 Ақша-несие саясатының құралдары және әдістері

Орталық банктің ақша-несие саясаты деп оның айналымдағы ақша массасын,
несие көлемін, пайызтік мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы және қарыз
капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған іс-
ішараларының жиынтығын айтады. Ол саясаттың мақсаты - ақша айналымы мен
несие жағдайына әсер ету арқылы шаруашылық конъюнктурасын реттеу. Ақша-
несие саясаты несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға, немесе оларды
іріктеуге және шектеуге (несиелік рестрикция) бағытталады. Өндірістің
дағдарысы және жұмыссыздықтың күшеюі жағдайында, орталық банк несие беруді
кеңейту және пайыз мөлшерін азайту арқылы өндірістің жандануына себепші
болады. Керісінше, экономикалық өрлеу кезінде кездесетін алыпсатушылық,
бағаның өсуі, үйлесімсіздіктің өрлеуі сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау
мақсатында орталық банк несиеге шек кою, пайызтік төлемді жоғарылату, төлем
құралдарын шығаруды тежеу және басқа да әрекеттермен шұғылданады.
Ел экономикасының жағдайы ақша-несие жүйесімен тығыз байланысты. Несие
институттарының санына, несие ресурстары мен жүргізілетін операцияларының
көлеміне қарай кез келген мемлекеттің ақша-несие жүйесінің негізі
коммерциялық банктер болып саналады. Оған дәлел, көптеген мемлекеттерде
ақша массасының 75%-тен 90%-ке дейінгісі банктік депозиттер (клиенттердің
банкке салған қаражаты), ал тек 25-10%-і орталық банктің банкноталары.
Сондықтан мемлекеттің ақша-несие аясын мемлекеттік реттеу қызметі,
орталық банк арқылы коммерциялық банктердің операцияларының масштабы мен
олардың түрлеріне ықпал жасауымен ғана табысты бола алады.
Экономиканы ақша – несиелік реттеудің теориялық аспектілері қазіргі
кездегі экономикалық ғылымның қарқынды бағыттарының бірі болып табылады.
Бұл біріншіден, берілген тұжырымдамалардың әдістемесінің өзіндік
ерекшелігімен, екіншіден, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін дамытудың
қазіргі кездегі объективті заңдылықтарымен шарттастырылған.
Мемлекеттік ақша – несиелік реттеу көмегімен экономикалық дағдарыстарды
жеңілдетуге, инфляция өсімін ұстап тұруға ұмтылады.Экономикалық
конъюнктураға қолдау көрсету мақсатында, мемлекет елдің экономикасының
әртүрлі салаларына капитал салымдарын ынталандыру үшін несиені қолданады.
Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1.Рестрикциялық ақша-несие саясаты
2. Экспансиялық ақша-несие саясаты
Рестрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік
операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы
мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспансиялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-
несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету, теңге мен
баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады [1, б.32].
Ақша-несие саясатының құралдарын жалпы мынадай әдістерге біріктіруге
болады:
• Дәстүрлі және дәстүрлі емес;
• әкімшілік және нарықтық;
• жалпы және іріктелген;
• тікелей және жанама әсер ететін;
• қысқа мерзімді, орта және ұзақ мерзімді.
Қандай да бір механизмнің тікелей немесе жанама әсер ету әдістерін
бөліп қарастыруға болады. Мысалы, есепке алу саясатты жүзеге асырғанда ақша
нарығында тікелей реттеу жүзеге асырылып, сол уақытта капиталдар нарығына
жанама әсер етіледі.
Ақша-несие саясатының ұзақ мерзімді мақсаттары дегеніміз бір жылдан
бірнеше жылдарға арналған орталық банктің стратегиясы болып табылады.
Ақша-несие саясатында бір уақытта қолданылатын әдістерді қолдану
тиімділігі мерзімдері бойынша әртүрлі мақсаттарды жүзеге асыру
барысында олардың табысты үйлесуінен тәуелді болады. Ұзақ мерзімді
реттеу әдісіне ақша-несие саясатының дәстүрлі құралдары жатады (
мысалы, минималды резервтер саясаты, қайта қаржыландыру ставкасы).
Қысқа мерзімді мақсаттырды жүзеге асыруға дәстүрлі емес әдістер қызмет
етеді(валюталық саясат шегіндегі СВОП операциялары, ашық нарық
саясаты шегіндегі арбитраж, т.б.)[ 2, б.408].
Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:
- Пайыз саясаты (қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, ресми мүдделендіру
мөлшерлемесінің деңгейін бекіту);
- Қазақстан Орталық банкінде жинақталатын ең төменгі міндетті нормасын
белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне
және түрлеріне байланысты жіктеу;
- Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ашық нарықтағы
операцияларды жүргізу;
- Банктерге және үкіметке несие беру;
- Валюталық нарықтағы басқыншылық;
- Кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі
мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
- Ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі [1,б.33].
Ақша-несие саясатының аталған құралдарын барлық коммерциялық банктердің
операциялары мен жалпы ссудалық капитал нарығына әсер еткендіктен жалпы
әдістерге жатқызуға болады.
Сондай-ақ несиенің жекелеген формалары (мысалы, тұтынушылық) мен түрлі
салаларды несиелеуді реттеуге (тұрғын үй құрылысы, экспорттық сауданы)
бағытталған іріктелген әлістер қолданылуы мүмкін. Іріктелген әдістерге
мыналар жатады:
• Жекелеген банктер немесе ссудалар үшін банктік несиелер көлемін
тікелей шектеу (несиелік төбелер);
• Несиенің нақты түрлерін беру шарттарын қадағалау, жекелей алғанда,
қамтамасыз ету сомасы мен берілген ссуда мөлшері арасындағы
айырмашылықты, депозиттер бойынша және несиелер бойынша ставкалар
арасындағы айырмашылық сияқты маржа көлемін бекіту.
Реттеудің дәстүрлі әдісіне орталық банктің пайыздық ставкасын жатқызуға
болады. Ресми ставканы жоғарылату коммерциялық банктердің өз резервтерін
толтыру үшін несие алу мүмкіндігін қысқартады, ол өз кезегінде олардың
ссудаларының төмендеуіне әкеледі. Ставкаларды жоғарылата отырып, Орталық
банк несиені шектеу саясатын, яғни несиелік рестрикцияны жүргізеді. [3, б.
236]. Орталық банк өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделенліру мөлшерін
белгілейді.Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы
жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты
белгілейді.Орталық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік
ақша – несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру
мөлшерлемесіне ықпал ету үшін пайдаланады [4,б.118].
Пайыздық ставкалардың көтерілуі елге шетелдік қысқа мерзімді капиталдың
тартылуына әкелетіндіктен, төлем баланс жағдайы мен валюталық курс
деңгейіне әсер етеді. Нәтижесінде төлем балансы белсендендіріледі, шетел
валютасының ұсынысы артады, шетел курсы төмендеп, ұлттық валюта курсы
жоғарылайды.Орталық банктің ставкасын төмендету несиені кеңейту (несиелік
экспансия) саясатының әдісі болыптабылады. Ресми ставкаларды өзгерту
ссудалық капитал нарығы үшін белгі беру ролінде болады: ставкалардың
жоғарылауы несиелік рестрикция саясатын жүргізуді,ал төмендеуі несиелік
экспансияны жүргізуді білдіреді [3,б.236].
Қазақстан Орталық банктің басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін
көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны
және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары
пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның
көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі
бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Орталық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық
операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы
ретінде қызмет етеді.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген
сұраныс пен инфляция деңгейіне байланысты келеді. Орталық банк мүдделендіру
мөлшерлемесін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер
етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік
жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер
үшін, Орталық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегінде негізгі
бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді:
Орталық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын
несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін
нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде
сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгеленетін Орталық банктің қысқа
мерзімді шоттары бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Орталық банктің
мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған.
Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлеуметтік ресурс
болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.
Пайызтің ресми мөлшерін өсіру коммерциялық банктердің өз резервтерін
толтыру үшін несие алатын мүмкіншілігін азайтады, ол өз кезегінде
коммерциялық банктердің алған қарызын қысқартады, демек ол ақша массасы мен
нарықтық пайыз мөлшерін өсіреді. Сөйтіп Орталық банк пайыз мөлшерін
жоғарлатып несиені шектеу саясятын, яғни несиелік рестрикция жүргізеді.
Пайыз мөлшерін жоғарылату елге қысқа мерзімді шетел капиталын тартуға
әкеп соқтырады. Сонымен катар, ол төлем балансы мен валюта курсының
деңгейіне де әсер етеді. Қорытындысында төлем балансы активтеніп және шетел
валютасын ұсынушы көбейіп, демек шетел валютасының курсы төмендеп, ал
ұлттык валютаның курсы жоғарылайды. Орталық банктің пайыз мөлшерін
төмендету әдісі яғни несиені кеңейту саясаты - несиелік экспансия деп
аталады.
Ресми пайыз мөлшерін өзгерту барлық қарыз капиталы нарығына екі жақты
әсер етеді: пайыз мөлшерін жоғарылату несиелік рестрикция саясатының
басталуын, ал несиелік экспансия пайыз мөлшерін төмендету саясатының
басталуын көрсетеді.
Коммерциялық банктердің резервтеріне, демек олардың қарыз беру
мүмкіндіктеріне міндетті резерв нормасын өзгертудің елеулі әсері бар.
Міндетті банктік резервтің нормасын жоғарылату деген банктік каражаттың
жұмсалмай, орталық банктің шотында жұмсауға тыйым салу жағдайында ұсталуын
және оны коммерциялық банктер несиеге беруге колдана алмауын көрсетеді.
Нәтижесінде банктік қарызбен айналымдағы ақша массасы қысқарып, қарыз
бойынша пайыз жоғарлайды. Ал міндетті банктік резервтің нормасын төмендету
банктік несие мен ақша массасын ұлғайтып, нарықтық пайызті төмендетеді
[5,б.231].
Ең төменгі міндеттер нормасы
Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін
несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті
төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері акционерлерінің мүдделерін
қорғау мақсатында Ұлттық банк минималды резервтік талаптар механизмін
қолданады [4,б.118]. Коммерциялық банктердің ресурстарына, және сәйкесінше,
олардың ссуда беру мүмкіндіктеріне міндетті резервтер нормалары айтарлықтай
ықпал етеді. Міндетті банктік резервтер нормаларының жоғарылауы банктік
қаражаттардың көп бөлігінің орталық банктер шоттарында қалып,
коммерциялық банктермен несие беру үшін пайдаланыла алмайды. Нәтижесінде
банктік ссудалар мен айналыстағы ақша массасы қысқарады, ссудалар бойынша
пайыздар жоғарылайды.Банктік резервтер нормаларын төмендету банктік
несиелер мен ақша массасының кеңеюі мүмкіндігін арттырады, ал бұл өз
кезегінде нарықтық пайыздың төмендеуіне әкеледі [3,б.237].
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен
қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі
құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму
жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру
қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін
реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген ҚР
коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы
нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген
болатын.Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер
резервтерінің артық болуы яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шотардағы
қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана
қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл
банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы
қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап
отыруға тиістілігін білдіреді [6,б.309].
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы,
банк дүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең
төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға
құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.
Ақша-несие саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін өзгерту.
Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын Орталық банк коммерциялық
банктерге несие береді. Егер де есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда
Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктер қымбат несие
алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесін өсіреді.
Несиенің азаюы және ақшаның қымбаттауы барлық жүйеге таралады. Экономикада
ақша ұсынысы төмендейді. Есеп мөлшерлемесінің кемуі керісінше әсер етеді.
Әдетте тіркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден төмен
болады,бірақ Орталық банктен несие алу белгілі әкімшілік қиындықтарға
тіреледі.
Қысқа мерзімдік несие коммерциялық банктердің резервін толтыру үшін
беріледі. Орта және ұзақ мерзімдік несиелерді Орталық банк ерекше
жағдайларда береді.
Орталық банктің ақша-несиелік реттеуінің неғұрлым кең түрде қолданатын
құралдарының біріне коммерциялық банктердің міндеттемелеріне қатысты
резервтік талаптарын жатқызуға болады. Бұл құрал қолданылу
қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
Минималды резервтер – бұл орталық банктегі коммерциялық банк
салымдарының міндетті нормасы. Минималды резервтік талаптардың нормаларын
өзгерту арқылы орталық банктер белгілі параметрде ақша массасының көлемін
ұстап тұрып, коммерциялық банктердің өтімділік деңгейін реттейді. Орталық
банк минималды резервтік талаптардың нормаларын жоғарылату нәтижесінде
коммерциялық банктер иелігіндегі және активтік операцияларды кеңейту үшін
қолданылатын бос ақша қаражаттарының сомалары азаяды. Ал резервтер
нормаларын төмендету, керісінше, несиелендіру мүмкіндкітерін арттырады.
Минималды резервтік талаптар ақша-несие саясатының құралы ретінде
коммерциялық банктердің депозиттері бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету
құралы ретінде пайда болған. Олардың осы тағайындалуы қазір де сақталған.
Олар негізгі екі қызметті атқарады; “қатаң реттеу” құралын білдіре отырып,
банктік өтімділікті ағымдық реттеу үшін жағдайлар жасап, сол уақытта
несиелік эмиссияны шектеуші болып табылады. Орталық банктер неғұрлым иілгіш
реттеу құралдарын пайдаланғандықтан, екінші қызметтің мәні үнемі артады.
Минималды резервтік талаптардың нормасы заңды тәртіпте бекітіледі.
қазіргі уақытта резервтік талаптарды бекітудің неғұрлым кең таралған
формасына міндеттемелерден түскен пайыз ретінде норманың анықталуы жатады.

Шетел валютадағы салымдарға орнатылатын резервтік талаптар нормалары
ұлттық валютадағы міндеттемелерге қолданылатын нормаларға қарағанда төмен
болады. Ал кейде шетел валютасындағы салымдар минималды резервтерді есептеу
барысында есепке алынбайды. Ал кейде минималды резервтер нормаларының
деңгейі депозиттер мөлшерінен тәуелді болады,-мұндай тәжірибе Жапония мен
Австрияға тән.
Айта кететін бір жәйт, орталық банктердің көпшілігі коммерциялық
банктедің міндетті резервтері бойынша пайыздардың төленуін қарастырмайды.
Ақша-несие саясатының тиімді құралы ретінде минималды резервтік
талаптарды орнату саясаты соңғы жылдары айтарлықтай өз мәнін жоғалтты.
Өйткені ақша-несие саясатының ашық нарық операциялары сияқты құралының ролі
артуда [7,б.60].
Ашық нарықтағы операциялар
Құнды қағаздар нарығы дамыған елдерде ашық нарық операциялары ақша-несиелік
саясаттың неғұрлым кең таралған құралы болып табылады [3,б.237].
Екінші әлемдік соғыстан кейінгі кезеңнен бері ашық нарықтағы
операциялар кең түрде пайдаланылып келеді, бұл ақша-несие саласын
реттеудің тікелейден нарықтық (жанама) құралдарына көшуінің жалпы
тенденциясына сәйкес келеді.
Ашық нарықтағы операциялар орталық банктің құнды қағаздарды сату және
сатып алу бойынша операцияларын білдіреді. Осы операциялардың объектісі –
нарықтық құнды қағаздар, қазынашылықтың, мемлекеттік корпорациялардың және
өнеркәсіптік компаниялар мен банктердің міндеттемелері, сондай-ақ орталық
банкпен есепке алынатын вексельдер.
Ашық нарықтағы операциялар – ақша нарығы мен банктік несиеге және жалпы
экономикаға тиімді ықпал етуін қамтамасыз ететін орталық банктің ақша-несие
саясатының неғұрлым иілмелі нарықтық құралы.
Ашық нарықтағы операциялар – Орталық банктің айналыстағы ақша жиынының
көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің құнды
қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын білдіреді
[4,б.118].
Біріншіден, бұл операциялар олардың ресурстарының көлемі арқылы
коммерциялық банктер іс-әрекетіне ықпал етеді.Егер орталық банк ашық
нарықта операцияларды сатып, ал коммерциялық банктер оларды сатып алса,
онда осы банктермен орталық банкте ашылған корреспонденттік шоттардағы
қаражат қалдықтары сатып алынған қағаздар құнына азаяды.Сәйкесінше олардың
клиенттерге несие ұсыну бойынша мүмкіндіетері қысқарады.Бұл айналыстағы
ақша массасының қысқаруына әкеледі. Коммерциялық банктерден құнды қағаздар
сатып алу барысында Орталық банк олардың корреспонденттік шоттарына сәйкес
сомаларды аударады, бұл оладың несие беру барысындағы мүмкіндіктерін
кеңейтеді.
Екіншіден, ашық нарықтағы операциялар мемлекеттік құнды қағаздар курсы
мен пайыздық ставкаларын реттеу үшін қолданылады.
Қысқа мерзімді пайыздық ставкаларды реттеу үшін дәстүрлі түрде орталық
банктің вексельдер(қазынашылық және коммерциялық) және қысқа мерзімді
мемлекеттік облигациялармен операциялары қолданылады.Олардың сатылуы ақша
нарығындағы қол ақшаларды шектейді және пайыздың нарықтық ставкаларының
жоғарылауына әкеледі.Сонымен қатар, қазынашылық вексельдер мен қысқа
мерзімді мемлкеттік облигацияларды сатып алу-сату сұраныс пен ұсыныстың
өзгеруіне және осы қағаздардың табыстылығы мен курсының өзгеруіне әкеледі,
бұл өз кезегінде ақша нарығындағы қысқа мерзімді ставкалар мен ұлттық
валюта курсының деңгейіне ықпал етеді.
Ұзақ мерзімді пайыздық ставкаларды реттеудің дәстүрлі әдісіне орталық
банктің ұзақ мерзімді мемлекеттік міндеттемелерімен жасалатын операциялары
жатады. Орталық банктің осындай міндеттемелерді сатып алуы олардың нарықтық
курсының артуына әкеледі (оларға деген сұраныстың кеңеюі нәтижесінде).
Облигация бағасының өсуі облигация бойынша купондық табыс сомасының оның
нарықтық курсына қатынасымен анықталатын олардың нақты табыстылығының
төмендеуіне әкеледі.Ұзақ мерзімді облигациялардың нақты табыстылығының
азаюы нарықтағы ұзақ мерзімді пайыздық ставкалардың төмендеуіне әкеледі.
Орталық банктің ашық нарықта облигацияларды сатуы олардың курсының
төмендеуіне және облигациялар табыстылығының жоғарылауына әкеледі
[3,б.238].
Бұл біршама ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділігі және
несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы құралдарының бірі болып табылады.
Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені
эмиссиялауын шектеуді білдіреді.
Орталық банк ашық нарықта құнды қағаздарды сатып алуы барысында банктің
меншік резервтерінің көлемі артады, ал сатуы кезінде, керісінше, азаяды.
Орталық банктің ашық нарықтағы операциялары түрлі техникалық
процедураларын пайдалануды болжайды. Олар мәмле шарттары бойынша, мәмле
объектілері бойынша,мәмлелердің мерзімділігі бойынша, операция жүргізу
саласына байланысты, пайыздық ставкаларды орнату тәсілі бойынша бөлінеді
[4,б.120].
Дәстүрлі, классикалық түсінікте ашық нарықтағы операциялар құнды
қағаздардың қайталама нарығында жүзеге асырылады. Алайда, қайталама нарық
дамымаған елдерде ашық нарықтағы операцияларға алғашқы нарықтағы
операциялар да теңестіріледі.
Салыстырмалы шағын көлемде ашық нарықтағы операциялар банктік жүйенің
өтімділігіне және ақша айналысының жағдайынасандық емес, негізінен сапалық
әсер етеді. Ашық нарықтағы операциялардың көлемі кеңейгенде ақша нарығының
сандық параметрлеріне тиімді ықпал ету мүмкіндігі туындайды. Нәтижесінде
ашық нарықтағы операциялар ақша айналысы мен жалпы экономика жағдайын
реттеудің әрекет етуші құралына айналады.
Осы айтылғанның барлығын Орталық банк коммерциялық банктердің неселік
мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк алдында сатып
алған құнды қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса,
банктердің несте ресурстарының мөлшері шектеледі не керісінше [8,б.49].
Орталық банк ашық нарықтағы операцияларын мұқтаждық пайда болуына
немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.
Валюта нарығындағы басқыншылық
Ақша-несие саясатының келесі маңызды құралдарының бірі валюта
курсының саясаты немесе курстық саясат. Ұлттық валюта курсының тұрақтылығын
сақтаудың баға және ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
маңызы өте зор. Ұлттық валюта курсының төмендеуі ішкі нарықтағы алдымен
шетел, содан соң отандық тауарлар бағасын көтереді, яғни ұлттық ақша
өлшемінің сатып алу мүмкіндігін азайтады. Ұлттық валюта курсының үнемі
төмендеуі жағдайында ішкі нарықтағы тауарлар бағасы өндіріс шығындарына
емес, ұлттық валютаның кұлдырауына бейімделеді. Курстың төмендеуі
инфляцияны тудыратын факторға айналады.
Орталық банктің валюта курсын валюталық интервенциямен (яғни шетел
валютасын ұлттық валютаға сатып алу-сату) реттеу ақша айналысына тікелей
әсер етеді. Шетел валютасын сатып алу ұлттық валюталы ақша массасын
өсіреді, ал сату ақша массасын қысқартады.
Валюта курсын реттеу мақсатында ресми пайыз мөлшерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының теорилық негізі
ААҚ «Тұк казхром» кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау
Несие тәуекелділігі жайлы
Ақша айналысы және формалары
Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары туралы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық мәні мен оның обьектілері
Шығын тәсілдерін қолдану
Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi
Кәсіпорынның айналым қоры
Шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттары
Пәндер