М.Дулатұлының шығармаларындағы сипатталатын ұлттық құндылықтарды оның өзінің тілі арқылы көрсету


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 М. ДУЛАТҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ
1. 1 М. Дулатов - жан-жақты дарын иесі . . . 7
1. 2 М. Дулатұлының тілдік тұлғасының лингвомәдени деңгейі . . . 16
2 М. ДУЛАТҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Прозалық шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер . . . 23
2. 2 Поэзиясындағы лингвомәдени бірліктер . . . 33
2. 3 Ағартушылық еңбектеріндегі лингвомәдени бірліктер . . . 46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелері. Әрбір ұлттың дүниетанымы, ұлттық болмысы, ұлттық мәдениеті өзінің тілінде көрініс табатыны белгілі, яғни ұлттық мәдениеттің тірегі-оның тілі болмақ. Тіл-дүниетаным құралы. «Тілде халықтың бүкіл тыныс-тіршілігі, оның шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымы сақталған» [1] .
Тіл-мәдениет айнасы. Онда ұлттық таным, ұлт мәдениеті, ұлттық мінез, өмір салты, әдет-ғұрпы, құндылықтар жүйесі, дүниеге көзқарасы, түйсігі, сана-сезімі көрініс табады. Сондықтан қазіргі таңда ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетті байланыстыра зерттейтін тіл білімінің лингвомәдениеттану деп аталатын саласы кең қанат жаюда.
Тіл мен мәдениет сабақтастығы, тілдің танымдық тұрғыда зерттелуі тіл білімінің өзекті салаларының бірі ретінде қарастырылуда және түркологияда және қазақ тіл білімінде оның алғаш негізін салушылар ретінде В. Гумбольдт, В. Н. Телия, А. Вежбицкая, В. Воробьев, В. Маслова, Н. Д. Арутюнова, Д. С. Лихачев, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Н. Уәли, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова, А. Сейілхан, А. Ислам т. б. ғалымдарды айтуымызға болады.
Орыс ғалымы В. А. Маслова тіл білімінің бұл саласына байланысты мынадай анықтама береді: «Лингвокультурология - это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологии исследующая проявление культуры народа, которые отразились и закрепились в языке» [2] .
Лингвомәдениеттану ұлттық тіл деректерінің бойынан мәдени нышанды тауып, қарастырып, сол атаудың ұлт мәдениетіндегі өзіндік ерекшеліктерін танытуға көбірек бағыт бұрды.
Осы саланың негізгі ұғымдарының бірі - лингвокультурология, яғни лингвомәдениеттану. Оның негізгі ұғымдарының бірі-лингвокультурема. Лингвокультурема-лингвомәдени бірліктер болып саналады.
М. Дулатұлы шығармаларын тұрғыдан талдау барысында лингвомәдени бірліктерге (лингвокультурема) баса мән беріледі.
М. Дулатұлы шығармалары арнайы лингвистикалық зерттеу нысаны болған емес, осыдан барып М. Дулатұлы мұрасын тілдік тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі айқындалып, өзектілігі аңғарылады. Сондықтан оның шығармаларындағы лингвомәдени бірліктердің қолдану деңгейіне тұрғыдан талдау жасау зерттеудің негізгі өзектілігін сипаттайды.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау. Халықтың көркем әдеби шығармасы ұлттық мәдениеттің қайталанбас құбылысы болып табылады. Көркем туынды ұлт тілінің құдіретін танытып қана қоймай, оның сыр-сипатын, бүкіл болмысын жан-жақты ашуға, тануға негізделген.
Сондықтан да ұлттық рухани құндылықтарды санасына сіңірген, ұлттық
тілді жетік меңгерген, бүкіл ұлттық болмысты бойына жинақтаған адам ғана
көркем шығарманы дүниеге келтіре алады.
М. Дулатұлының өз сөзімен айтқанда: «Бір жұрттың жайынан мұндай нәрсе
жазу үшін жазушы әуелі сол жұрттың өз баласы дәл өзіндей болып сіңіскен, ол жұрттың жайын білуінде зәредей кемшілігі жоқ болуы шарт. Екінші-көргенін, білгенін һәм сезгенін оқушының дәл көз алдында елестегендей суреттеп жаза білерлік туа шебер, жүйрік (талантты) болуы шарт. Осы айтылған қасиет бір кісінің бойында түгел болмаса, ол кісі әдебиет майданына қалам ұстап шығып, жазушы бола алмайды» [3, 213] .
Қазіргі тіл білімінде тіл мен мәдениет байланысын, оның ішіндегі тіл иесінің алар орнын анықтаумен ұштастыра қарастыру көзделіп отыр. Осымен байланысты әдеби тілді дамытушы жеке тілдік тұлғаның тіл ерекшелігін тұрғыдан зерттеу - тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай, жеке тілдік тұлғаны лингвомәдениеттану бағытында зерттеу оның терең қырларын ашуға өз септігін тигізеді.
Осы тұрғыда М. Дулатұлының шығармаларының лингвомәдени мәні негізінде анықталатын тілдік тұлғаның болмысын ашуға ұмтылыс тіл мен мәдениет сабақтастығын дәйектейтін өзекті мәселелердің санатындағы қажеттіліктен туындап отыр
Дипломның мақсаты, міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты - қазақтың ұлттық санасын оятушы арыстарымыздың бірі - М. Дулатұлының шығармаларындағы сипатталатын ұлттық құндылықтарды оның өзінің тілі арқылы көрсету.
Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер белгіленді:
- М. Дулатұлының шығармаларындағы лингвомәдени бірліктердің деңгейін анықтау;
- М. Дулатұлының көркем шығармаларындағы (прозалық-поэзиялық), кірме сөздер мен рухани-діни сөздердің, фразеологиялық тіркестер құрамындағы тілдік бірліктердің лингвомәдени мәнін ашу:
-ұлттық салт-дәстүрге байланысты лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық өнер, ойын сауыққа қатысты лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық мінез бірліктеріне байланысты лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық шынайы сезімді аңғартатын лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық сөз әдебіне байланысты лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық мөлшер, өлшемге байланысты лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық соматизмге қатысты лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық теңеуге қатысты лингвомәдени бірліктер;
-ұлттық діни ұғымға қатысты лингвомәдени бірліктер ;
-алғыс-қарғыс мәнді сөздерге және бата беруге байланысты лингвомәдени
бірліктер;
-ағартушылық бағыттағы лингвомәдени бірліктер.
Зерттелу объектісі . М. Дулатұлының прозалық, поэзиялық шығармаларындағы тілдік тұлғалардың және лингвомәдени бірліктердің қолда-
ныс ерекшеліктері.
Теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы. Жұмыстың дереккөзі ретінде Міржақып Дулатұлының 2002-2004 жылдары М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты ұжымы жарыққа шығарған бес томдық шығармалар жинағы және М. Дулатұлының 1991 жылы жарық көрген бір томдық, 1997 жылы шыққан екі томдық жинағы.
- Міржақып Дулатұлы шығармалары тілдік тұрғыдан бұрын арнайы қарастырылмағандықтан, тұңғыш рет зерттеліп отырғандығы аңғарылды.
- Осы тұрғыда М. Дулатұлы шығармаларының лингвомәдени қырлары ашылды. Тілдік тұлға мәселесінің қазақ тіл біліміндегі зерттелуі жалпы қарастырылды. - Жазушы шығармасындағы ойы, бітімі, кесек-кесек ой түйіндері мен таным әлемі негізінде анықталды. Қазақ ұлтының рухани дүниетанымы оның тіліндегі дүние көрінісі ретінде байқалды.
-М. Дулатұлының тілдік тұлғасы оның кешенді шығармашылық әлемін зерделеу арқылы талданды (журналист, ақын, тарихшы, қоғам қайраткері, саясаткер, тілші, математик, педагог, жазушы, драматург, дәрігер т. т. ) . Алдағы уақытта да бұл тұлғаны әр қырынан арнайы зерттеу қажет екендігі анықталды
Практикалық маңыздылығы. М. Дулатұлының шығармалары лингвомәдениеттану ұстанымдары негізінде түсіндірілуі, сонымен қатар жоғарыда аталған теориялық тұжырымдар жеке тілдік тұлғаның тілінен нақты дәйектелуінің нәтижесіндегі зерттеу тұжырымдары қазақ тіл білімінде қалыптасушы лингвомәдениеттану салаларына белгілі дәрежеде үлес қосады.
Ғылыми зерттеу нәтижелері жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде жүргізілетін когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвостилистика, тіл мәдениеті пәндері бойынша оқылатын дәрістерде және жеке тілдік тұлға шығармашылығының тілін талдауға бағытталған арнайы курстарда пайдаланылуға болады.
Теориялық және әдіснамалық негіздері. Этностың ұлттық мәдени-танымдық жүйесін зерттеу барысында теориялық-әдістемелік негіз ретінде антропоцентристік және когнитивтік лингвистиканың «ғаламның тілдік бейнесі» теориясының қағидалары басшылыққа алынды. Соған сәйкес сипаттау, салыстыру, семасиологиялық, этнолингвистикалық талдау, топтау, жүйелеу әдістері қолданылды.
Тақырыпты зерттеу барысында мынадай теориялық тұжырымдар ұсынылады:
- Міржақып Дулатұлы шығармалары тілдік тұрғыдан бұрын арнайы қарас-
тырылмағандықтан, тұңғыш рет зерттеліп отырғандығы аңғарылды.
- Осы тұрғыда М. Дулатұлы шығармаларының лингвомәдени қырлары ашылады. Тілдік тұлға мәселесінің қазақ тіл біліміндегі зерттелуі жалпы қарастырылады. - Жазушы шығармасындағы ойы, бітімі, кесек-кесек ой түйіндері мен таным әлемі негізінде анықталады. Қазақ ұлтының рухани дүниетанымы оның тілін-
дегі дүние көрінісі ретінде байқалады.
-М. Дулатұлының тілдік тұлғасы оның кешенді шығармашылық әлемін зерделеу арқылы талданады (журналист, ақын, тарихшы, қоғам қайраткері, саясаткер, тілші, математик, педагог, жазушы, драматург, дәрігер т. т. ) . Алдағы уақытта да бұл тұлғаны әр қырынан арнайы зерттеу қажет екендігі анықталды.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 м. дулатұлының өмірі мен қызметіне қысқаша шолу
1. 1 М. Дулатұлы - жан-жақты дарын иесі
Үстіміздегі ғасырдың бас кезінде қоғам өмірінің көкжиегінде көрінген қазақ зиялылары шоқжұлдызының адамзатта сирек кездесетін, феномендік қасиеті болған. Ол жан-жақтылық, білім-ғылымның, мәдениеттің әр қырынан көріне алатын талантты, халқына бір емес, бірнеше түрлі қызмет етуді мақсат тұтқан, сегіз қырлы, бір сырлы жандар еді. Оның үстіне әлеуметтік қопарылыстар мен тарихи «тәжірибелер» кезеңіне тап болып, тар жол тайғақ кешуде бастарынан сан рет небір зұлмат шақтарды өткізген Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, С. Асфендияров, Қ. Жұбановтардың қажыр-қайратына ұлт болып, ел-жұрт болып таң қалмасқа болмайды. Олардың түрмеде отырып өлең жазуы, аш-жалаңаш айдауда жүріп, мамандық игеруі, сөйтіп жүріп небір кітаптар жазуы, сөздіктер түзуі тағы да осы сияқты қоғамға қажетті игі істермен айналысуы таңғаларлық нәрсе! Ол үшін қаншама күш-қуат керек десеңізші! Сол кезеңдегі осындай әлеуметтік қопарылыстар мен тарихи қиын жағдайларға тап болып, тар жол, тайғақ кешуді бастарынан өткізген зиялы қауым өкілдерінің қажырлылығына кейінгі ұрпағы қайран қалумен, басын июмен келеді!
Олар қоғам өмірінің сан саласына араласқан. Мысалы, ақын Мағжанның математика, педагогика оқулықтарын жазуы, Ахмет Байтұрсыновтың тіл мен әдебиеттану ғылымына қатар араласуы, оқу-ағарту ісімен мықтап шұғылдануы, әрі ақын, әрі публицист, әрі қоғам қайраткері болуы, дәрігер Х. Досмұхамедовтың тіл білімінің ең бір қиын саласы - фонетикамен шұғылданып, күні бүгінге дейін күні бүгінге дейін мәнін жоймаған еңбек жазуы, қазақтың бай көркем әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуі, туған халқының әлеуметтік тарихына тарихына үңіліп, монография қалдыруы, заңгер Әлихан Бөкейхановтың қазақтың әдебиет, мәдениет тарихымен шұғылдануы, дәрігер Санжар Асфендияровтың тарих ғылымына баруы - бұл адамдардың таным-білім ауқымының кеңдігін танытып қана қоймайды, сонымен қатар, олардың осы ауқымының кеңдігін танытып қана қоймайды, сонымен қатар, олардың осы жан-жақты ой-санасын әлеумет мүддесінің ең қажет тұстарына, бірінші кезектегі шаруаларына жұмсай білген еңбегін көрсетеді. Бұған да елі-жұрты барынша тәнті болады! Солардың бірегейі ретінде, ортасынан ойып орын алатын қазақ халқының біртуар ұлдарының бірі - Міржақып Дулатұлының орны ерекше!
М. Дулатов сан қырлы тұлға, үлкен талант иесі ретінде халқының жүрегінен мәңгілік орын алған феномендік тұлға.
Міржақып Дұлатұлы - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Туған жері - Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы) . Әкесі - Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.
Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан, шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.
Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi - ұстаз, бipi - ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.
Атап айтқанда, ол - лингвист, әдебиетші, сыншы, зерттеуші, публицист, ғалым, жазушы, ақын, ұстаз, математик, журналист, қоғам қайраткері, жаратылыстанушы, аудармашы, заңгер ретінде халқымыздың әдеби-мәдени тарихынан үлкен орын алған.
М. Дулатұлының шығармашылығы сан-салалы қырлардан тұрады. Өзінің көзі тірісінде жарық көрген кейбір дүниелері күні бүгінге дейін жинақталу үстінде, сондықтан М. Дулатұлы шығармалары уақыт өткен сайын табылып, көлемді дүниеге айналуда.
Ұрпағына қанша дүние жазып қалдырса да, ескерілмей, кер заманның кесіріне ұшыраған дарын иесінің мұралары кеш те болса, басы біріктіріліп, оқырманына жол тартуда.
Халқы үшін аянбай еңбек еткен перзентінің мұраларын ер-азаматтың басына қаралы күн туғанда, туған халқы да бағалап, оның шығармаларын қойын-қонышына, сірне-сірне болған көрпе-жастықтарының арасына тығып сақтады.
Ақталғаннан бері қарай, М. Дулатұлының 1991 жылы бір томдық,
1997 жылы екі томдық, 2002-2004 жылдары М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты ұжымы бес томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарды.
Міржақып Дулатов - әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы - "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы-ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұнын халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.
Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылыш шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңгыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.
М. Дулатовтың шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатов шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
М. Дулатұлының жарық көрген кітаптары: «Оян, қазақ!», «Бақытсыз Жамал», «Азамат» (өлеңдер жинағы), «Терме», «Есеп құралы» оқулығы, сонымен қатар, бастауыш мектепте екі жыл оқылатын «Қирағат кітабы».
М. Дулатұлының қазақ ұлтын оятқан «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы сол кезеңде халқымыздың ұлттық рухын жоғары көтерген құнды шығарма болғаны белгілі.
Сол уақыттағы белгілі ғалым Қошке Кемеңгеров: «Оян, қазақты» кезінде ел қазақтары құрандай жаттаған. Міржақыптың атын алты алашқа таратқан «Оян, қазақ!» болатын», -деп жазды.
Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынадай өлең жолдарымен бастайды:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас- ты.
Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету-әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi - "Шағым" өлеңі.
…Бір қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді толып жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?
Қажыған қам көңілді бip көтерер,
Жанымда жан ашитын адам да жоқ, -
деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы әлгіндей кертартпа кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады. Сондай сәттерде айналасынан өзіне серік болатын, тірек болатын адам іздейді. Таппай көңілі құлазиды. Дегенмен ақынның мұңы терең қайғыға ұласьш кетпейді. Өлеңінің соңында: "Әділдік аста қалған еш күні жоқ", - деп, түптің түбінде әділдіктің жеңетініне сенеді. Сол жолда өзінің бар күшін, өмірін аямайтынын былайша жеткізеді:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан, шаруаңа жараса, алаш!
Аталған өлең жолдарынан азамат ақынның алдына қойған мақсатын қаншалықты айқын түсінетінін байқатады. Ақынның мақсаты-халқының тағдырына ара түсу, елі үшін еңбек етуге, бел бууға шақыру. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты, әділетсіздікті әшкерелейді, олардан арылудың жолын іздейді. Мәселен, "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат" өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттелш, ондағы ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздікті сынға алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz