Солтүстік Үстірттің геологиялық даму тарихын, геологиялық құрылымын зерттеу және пермь-триас кешендерінде мұнай және газ шоғырларын табу


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

АНДАТПА

Бұл дипломдық жобада геологиялық - техникалық - экономикалық көрсеткіштер арқылы мұнай қабатын іздеу үшін, геологиялық -геофизикалық зерттеулер материалдарын

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан Орлиная мұнай кенорнын ашуға негізделген.

Бұл жобада пермь-триас, жоғарғы триас өнімді қабаттарын ашып, жалпы қалыңдығын, жиналу мөлшерін, коллекторлық сипатын пермь-триас кешеніне дейін ашып шоғыр контурын жасау.

Жобалық тереңдігі 5650 м болатын төрт іздеу ұңғымаларын бұрғылау қарастырылған.

С 3 категориясы бойынша геологиялық қоры 127, 1 млн. т, ал алынатын қоры 38, 16 млн т.

АННОТАЦИЯ

В дипломном проекте обосновывается геолого-технико-экономическая целесообразность постановки поисковых работ на нефть, на основе геолого-геофизических материалов, собранных по площади нефтяное месторождение Орлиная расположено в Мангистауская область в Бейнеуском районе.

Целью данного проекта является уточнение контуров залежей пермо-триасовых продуктивных горизонтов, эффективных толщин, фильтрационно-емкостных характеристик коллекторов, выявление и оконтуривание залежей нефти в среднем перми и триас.

Проектируется заложение четыре поисковых скважин с проектными глубинами 5650 м.

Геологические запасы подсчитаны по категории С 3 составляет 127, 1 млн. т, а извлекаемые запасы - 38, 16 млн. т.

КІРІСПЕ

Солтүстік Үстірт ірі мұнайгазды провинция шегінде орналасқан, Тұран плитасының солтүстік бөлігімен байланысқан, шығысынан Бозащы және шығысында Оңтүстік-Торғай кәсіптік мұнайгаздылы аймақтармен шекаралас, олар негізінен геологиялық-геофизикалық жұмыстарымен орындалған.

Дипломдық жобаның мақсаты болып перм-триас түзілімдерінде, мұнай және газ шоғырларын іздеу және іздеу жұмыстарының тиімді жолдарын негіздеу болып табылады.

Орлиная ауданында іздеу бұрғылауды жобалау геология-гефизикалық құжаттар мен сейсмологиялық барлау мәліметтерімен орындалды. Оның негізіне диплом алды тәжірибеде жиналған геологиялық геофизикалық құжаттарынан және қосымша әдебиеттерден алынды.

Диплом жобасының мақсаты Солтүстік Үстірттің геологиялық даму тарихын, геологиялық құрылымын зерттеу және пермь-триас кешендерінде мұнай және газ шоғырларын табу болып табылады.

Жобада төрт 5650м, 5120м, 5120м, 5140м тереңдіктегі іздеу ұңғымалары қарастырылған. Көрсетілген тереңдіктер қиманы ашуда, литологиясын анықтауда, өнімді жиектерді стратиграфиялауда және мұнай газдылы перм- триас түзілімдерін анықтайды.

Дипломдық жоба «Дипломдық жобаның әдістемелік сілтемесі» талаптарына сай орындалған. (Халелов. А. К. Смабаева Р. К. )

1. Геологиялық бөлім

1. 1 Алаңның физикалық, географиялық, экономикалық жағдайлары

Әкімшілік жағынан жұмыс аймағы Маңғыстау обл. Бейнеу ауданында орналасқан. Зерттелетін ауданның географиялық орналасуы Солтүстік Үстірттің солтүстік-батыс және орталық бөлігін алып жатыр.

Жер бедері жазық әрі тегіс келген. Тек оңтүстік алаңның солтүстік бөлігінде жер бедері анық өзгерістерге ұшыраған. Солтүстік алаңда өтуге қиын сорлар кездеседі. Абсолюттік белгілер + 60м ден + 135мге дейін өзгереді, бедердің салыстырмалы жоғарылау биіктігі 80 мге дейін жетеді.

Орографиялық жағдайда кенорын ауданы әр уақытта гидрогафиялық желінің (өзендер, бұлақтар) толық жоқтығымен шөлді аймақты сипаттайды. Жер бедерінің абсолюттік белгілері -15 м-ден -25м диапозонында ауысып тұрады.

Ауданның климаты континентальды ыстық құрғақ жаз (+40°С дейін) бен тіпті қарсыз суық қыспен (-25°С дейін) сипатталады. Жазда құмды сипатталатын, негізі солтүстік - шығыс бағыттағы қатты желдер белгіленеді. Климат. Қарастырылып отырған аудан төрттік климаттық ауданға, ішкі ауданға VIA, жылы периодтың созылымдығымен, күнді күндердің молдығымен, жауын-шашын мөлшерінің аздығымен сипатталады. Аудан климаты шұғыл континентальды, құрғақ, жел режимінің жоғары активтілігімен, жыл бойы ауа-райының шарттарының үлкен ауытқулары: салқын қыстан ыстық жазға дейін, жауын-шашын аз мөлшерімен (шамамен жылына 120 мм) және ауа құрғақтығымен сипатталады.

Қыс (желтоқсан-ақпан) аздап салқын, аз қарды, көбіне бұлтты ауа-райы тән. Қалыпты аяздар желтоқсан айының ортасында басталады. Ең суық ай ақпан болып саналады, ауа температурасы күндіз -3-5°С, түнде -3-13°С (минималды -34°С) . Күндіз сирек емес ауа температурасы +11°С дейін жылулық байқалады.

Жауын-шашын көбісі қар болып келеді, қалыпты қар қаптамасы қалыптаспайды. Қар қаптамасы биіктігі негізіннен 5 см-ден аспайды. Грунт мұздауының орташа тереңдігі 70-100см.

Көктем (наурыз-сәуір) ашық ауа райымен сипатталады, ауа температурасы күндіз +5 - +15°С, түнде +2 - +8°С. Cәуірде түнде температура негізінен оң, апрелдің ортасына қарай түнгі аяз мүмкін.

Жаз (мамыр-қыркүйек) құрғақ және ыстық, ашық ауа райы. Ауа температурасы күндіз +23°С - +37°С (максималды +43°С), түнде +11°С - +15°С. Жауын-шашындар сирек, көбіне қысқа мерзімді жауындар ретінде.

Күз (қазан-қараша) қазанда ашық ауа райы, қарашада бұлтты болып келеді. Кейде шықтап жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +5 - +13°С, ал түнгі аяз қарашаның екінші жартысында басталады.

Аудан жел қысымы бойынша III ауданға (15 м/сек) жатады. Қысқы периодта ауданда желдің орташа жылдамдығы VI ауданға жатады.

Атмосфералық жауын-шашындар таралуы жыл мезгілдері бойынша біркелкі емес. Максимум қысқы-көктемгі периодқа тән, ал маусымнан қазанға дейін жауын-шашындар тіпті түспейді. Жауын-шашынның максималды мөлшері желтоиқсан-сәуірге тән. Ауданда ауаның орташа жылдық салыстырмалы ылғалдығы 56-75% тең. Көбіне жоғары белгілері қысқы-көктемгі уақытта (75), төменгі жазда (56) тең.

Ылғалдылықтың үлкен дефициті ауаның жоғары абсолютті температураларда, сәйкес температуралық градиентте маңызды булануына шарттар түзіледі. Жел. Ауа райы көбіне желді. Желдер жыл бойы негізіннен солтүстік, шығыс, солтүстік-батыс, және оңтүстік-шығыс бағытты болып келеді. Желдің орташа айлық жылдамдық мәні 4, 1 ден 7, 4 м/с-ке дейін ауытқиды. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 4, 6 м/с құрайды.

Желдің орташа айлық жылдамдығы жыл бойы аз мөлшерде 3, 8-ден 5, 1 м/с-ке дейін өзгереді. Жоғары орташа айлық жылдамдық қыс уақытында (5, 1 м/с), аздығы жазда (3, 8 м/с) қарастырылады.

Атмосфералық жауын-шашын. Жауын-шашын режимі аз мөлшерде әркелкі ауа массалар жаралуы мен жергілікті рельеф байланысына тәуелді. Қарастырып отырған аудан көп мөлшерде құрғақтылық тән, өйткені жауын-шашынның негізгі қайнары болып саналатын ауаның ылғалды атлантикалық массаларының байланысы аз болып келеді.

Ауа ылғалдылығы. Ауаның орташа жылдық салыстырмалы ылғалдығы 58%, максималды салыстырмалы ылғалдығы желтоқсанда 85% жетеді, минималды тамызда 58% құрайды. Ылғалдылықтың үлкен дефициті ауаның жоғары абсолютті температураларда, сәйкес температуралық градиентте маңызды булануына шарттар түзіледі. Өсімдік және жануарлар әлемі жартылай шөлді аймақтарға тән. Зерттелетін ауданның гидрогеографиясы өте кедей, өзен және көлдер жоқ. Азды көпті кішігірім бұлақтар мен тұзды, ішуге жарамсыз жасанды артезиандар кездеседі. Техникалық су көздері болып сордың жоғарғы бетіндегі сулар, яғни шектеулі және күнделіксіз қоймалар болып табылады.

Орлиная алаңы Қазақстан республикасы, Маңғыстау облысының территориясында, Бейнеу ауданында орналасқан. Маңғыстау облысы 165, 6 мың шаршы километр аумақты территорияны алып жатыр, ол Қазақстан территориясының жалпы ауданының 6, 1 % құрайды. Бейнеу ауданы 1973 жылы түзілген. Аудан орталығы - Бейнеу ауылы. Ақтаудан Бейнеуге дейінгі арақашықтық 470км, аудан территориясы 40, 5 мың шаршы км. құрайды. 2005 жылғы 1 қазанда ауданда 36, 5 мың тұрғындар бар, Бейнеу ауылында 21, 3 мың адам. Құрамында 10 ауыл әкімшіліктері бар.

Жұмыс аумағы өте төмен және біртексіз қоныстандырылған, экономикалық жағынан да өте әлсіз дамыған. Жергілікті халықтың көпшілігін қазақтар құрайды. Мұнай және газ кенорындарын өндіру және пайдалы қазба жанармайларын мұнай-газ құбырларымен тасымалдау незізгі экономика деп танылады. Тұрғылықты орындар шағын және олардың басым көбі Бейнеу- Маңғышлақ темір жол маңында орналасқан. Зерттеу ауданында Бейнеу және Сай-Өтес бекеттері салынған.

1. 2 Алаңның геологиялық геофизикалық зерттелу тарихы

Қазіргі зерттеу жұмыстарымыз, жоғарыда көрсетілгендей Солтүстік- Үстірт иілімінің орталық және солтүстік бөлігінде жүргізілген ОТНӘ жұмыстарының жалғасы болып табылады.

Ауданның геологиялық зерттеулері 1940 жылдарында А. Л. Яншин басшылығымен жүргзіле басталды. Қырықыншы жылдардың орта кезеңінен Букілодақтық әуегеологиялық бірлестігі(БӘГБ) аумақтың ортамасштабты карталауын өткізеді. Бұл уақытта Батыс-Қазақстан геологиялық басқармасы және өзге қоғамдар ірімасштабты геологиялық түсірулер мен 200-500м-лік карталау ұңғымаларының бұрғылау жұмыстарын қолға алды. Осы зерттеулер нәтижесінде елуінші жылдары өңірдің бірінші геологиялық карталары жарыққа шықты.

Қиманың барлығын зерделенуіне бағытталған, юраға дейінгі кешенді қосқанда, терең барлау және параметрлік бұрғылау жұмыстары елуінші жылдардың соңында Солтүстік Үстіртте №1 тірек ұңғымасынан басталды. Осы мақсатта Оңттүстік- Ембі көтерілімінде 1949жылдан бастап Төресай ауданында терең бұрғылау ұңғымасы жіберілді. 1965жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Солтүстік Үстірттің іздеу ауданында және іргелес аумақтардағы Камменная, Арыстановская, Қарақұдық, Адамли, Жайылған, Шаршықұдық, Гагаринская, Терешковская, Аманжол, Хорлық, Бегеш, Манаши және т. б. құрылымдарда терең ұңғымалар бұрғыланды. Бұл ұңғымалармен мезозой қимасы мен жарым жарты палеозой шөгінділерін анықтап зерттеді. Ал Оңтүстік- Ембі көтеріліміндегі Молодёжная, Оңтүстік Молодёжная, Мынсуалмас және т. б аудандарда параметрлік бұрғылау жүргізілді. Палеозой қимасында асқан ірі қалыңдық Мынсуалмас, Молодёжная, Торбай аудандарында анықталды.

Шөгінді тыстың үлкен қалыңдығының ашылуына байланысты аймақтың геологиялық құрылымын анықтауда негізгі орынды рольді атқарған геофизикалық зерттеулерді айтамыз.

Гравиметриялық және вариометриялық тусіру зерттелінетін аймақта 30шы жылдардан басталды. Қазіргі уақытта жұмыс ауданының барлығын дерлік масштабы 1:200 000 түсірілім және 1:50 000 масштабты жартымиллигальды түсіріліммен қамтыды. 1983 жылда Оңтүстік- Ембі көтерілімінің карбонатты шөгінділердің даму аймағында масштабы 1:25000, ауырлық күшінің ауытқуын анықтау дәлдігі 0. 1 мгл жоғарғыдәлдікті гравиметриялық түсіру өткізілді. Ауданда гравиобарлаудың шешетін негізгі мақсаты, іргетас құрылымын анықтау және карбонатты шөгінділердің даму аймақтарын зерттеу болып табылады.

Әуемагнитті түсіру 1:2 және 1:5 масштабпен барлық жұмыс ауданын алып жатты. Бұл түсірулер 1960 жылдардан бастап қолға алынды. Бұл әдістің мәліметтері, гравиметриялық түсірілімдермен және аймақтық КСТӘ жұмыстарымен үйлесіп іргетас құрылымын анықтауда қолданылды. Соңғы жылдары аумақтың солтүстік-батыс жартысы масштабы 1:200 000 әуемагнитті түсірілімдермен жабылды.

Электробарлау жұмыстары ең бірінші болып 1961-1962 жылдары аймақтық КСТӘ жұмыстары кешенімен бірге «Спецгеофизика» бірлестігі, нүктелі зондылау түрінде ЗСТ, МТЗ және ТТ әдістерімен жүргізілді. 1980 жылдан бастап ЗСТ және МТЭ әдісіндегі жұмыстар Гурьев геофизикалық экспедициясымен жаңартылды. Бұл жұмыстардың нәтижелері карбонатты шөгінділерді карталауда қолданылады.

Шағылу толқындары әдісі (ШТӘ) 40жылдардың ортасынан 70жылдардың басы аралығында зерттелетін аумақта жүргізілді. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты болып, мезо-кайназойлық кешеннің жергілікті құрылымының геологиялық құрылысын анықтау болып табылады. ШТӘ жұмысының қолдауымен керекті мөлшерде жергілікті құрылымдарды терең асты бұрғылау дайындалды. Әдістің кемшілігі ескі пермтриас және палеозой түзілімдерінің тыс қалуы болып табылады.

Орта тереңдік нүкте әдісі(ОТНӘ) 1971-72 жылдардан өткізіле басталды. Қазіргі уақытта ОТНӘ-нің бөлшекті-барлау және өңірлік жұмыстары орындалды. Бұл әдістің қолданысқа келуі, зерттелу тереңдігін ұлғайтты және терең деңгейжиегін анықтаудың сапалығын арттырды. ОТНӘ-нің едәуір қажетті нәтиже бергені аумақтың Оңтүстік- Ембі көтерілімінің оңтүстік ойысындағы карбонатты түзілімдердің дамуын анықтауы болып табылады.

КСТӘ өңірлік жұмыстары 1960 жылдардан бастап, «Срецгеофизика» және Тұрлан геофизикалық экспедиция бірлестіктерінің күшімен жүргізілді. Жұмыстың негізгі мақсаты өңірдің іргетас құрылысын зерттеу. Солтүстік- Үстірт пен Каспиймаңы ойпатының біріккен жеріндегі қолайсыздық пен қималардың(30-35км) сирек жүйелілігі бұл әдістің кемшілігін көрсетеді. КСТӘ іздеу жұмыстары біріккен аймақта Тұрлан геофизикалық экспедициясымен сексенінші жылдардың басынан жаңартылды. Қималар салыстырмалы түрде аз созылыңқы - 30-50 км, аралықтары 10-12 км болып келген. Осы жұмыстардың нәтижесінде Гурьев геофизикалық экспедициясының ОТНӘ арқылы болжалған, яғни, Оңтүстік-Ембі көтерілімінің оңтүстік ойысындағы карбонатты түзілімдердің дамуын растады.

Сейсмикалық жұмыстармен көптеген құрылымдар мен күмбездерде де жүргізіле бастады.

70-жылдарда ортақ тереңдік нүкте әдісі (МОГТ) атты сейсмикалық жұмыстар жүргізіле бастады. Бұл әдіс бірден-бір пайдалы әдіс болып шықты. Келешектегі жылдарда көп жылғы зерттеулер жемісі П. Я Авров, В. П. Авров, Г. Е-А. Айзенштадт, Ә. К. Азнабаев, М. С. Арабаджи, З. Е. Бүлікбаев, Б. Б Бейсенов, К. Б Бакиров, А. Б. Вайблат, В. А. Богомолов, Г. А. Байбатыров, Ю. М. Василева, Ю. М. Гридасов, Р. Г. Гарецкий, И. Б. Дальян, В. С. Днепров, Д. А. Джангриньянц, Р. И. Грачов, Ш. Е. Есенов, А. Б. Живодеров, В. С. Журавлев, Г. Ж. Жолтаев, А. К. Заморенова, Ю. А. Иванов, М. П. Казаков, Н. А. Кали нин, Н. Я. Кунин, П. И. Краев, В. В. Липатова, Д. А. Кухтинова, В. Б. Колпаков, Н. В. Неволин, Г. Г. Молдакулов, В. С. Мильничук, О. Д. Коцюба, В. М. Пилифосов, М. В. Проничева, Р. Б. Сопожников, Ж. С. Сыдыков, Л. П. Трайнин, Г. Х. Хакимов, М. М. Чарыгин, М. А. Чимбулатов, Я. С. Эвентон, В. П. Якуцен және т. б. ғалымдардың жұмыстарында қорытындыланған. Үстір алаңының стратиграфия, тектоника, мұнайгаздылығы және гидрогеология бойынша әртүлі сұрақтар қарастырылады.

1. 3 Литологиялық-стратиграфиялық сипаттамасы

Ауданның геологиялық қимасы күрделі құрылымды, бірінші орында бұл юрағадейінгі жыныс кешеніне тиісті болып келеді. Юрағадейінгі түзілімдердің стратиграфиялық бөлінуін, литологиясын, фациялық құрамын және өзге қалыңдықтармен қарым-қатынасын анықтауда В. С. Князев, Т. К. Флоренский, Д. А. Кухтинов және т. б. еңбектері алынды. Солтүстік Үстірттегі юрағадейінгі кешенді баяндалған соңғы еңбектердің бірі болып, бірнеше авторлар ұжымы құрастырған монографиясы алынды, оларға: В. В. Липатова, Ю. А. Волож, Э. С. Воцалевский, В. И. Кривонос және В. П. Николенко.

Солтүстік Үстірт юрағадейінгі қимада бірнеше жыныс кешені ерекшеленеді:

  1. Кембрийалды жасындағы іргетас жыныс кешені;
  2. Шөгінді тыстың жыныстары, бұлардың арасынан келесі кешендерді бөліп алуға болады:
  1. жоғарғы девон-таскөмір жасындағы сұр түсті вулканогенді-шөгінді жыныстар;
  2. таскөмір- ескі пермь жасында деп анықталған, теңіздік сұр түсті терригенді-карбонатты кешен;
  3. жоғарғы пермь және триастағы басым континентальды қызыл- сұр түсті жыныстар, бұлар құрамына байланысты үш литологиялық-стратиграфиялық қалыңдыққа бөлінеді:

а) жоғарғы пермь- төменгі триаспен анықталған, қызыл түсті қалыңдық.

б) шұбар түсті ортаңғы триас литолого-стратиграфиялық қалыңдық;

в) жоғарғы триас сұр түсті литолого-стратиграфиялық қалыңдық.

Жоғарғыпротерозойлық докембрийлік криссталды және метаморфты тақтатастар Солтүстік Үстірт ауданындағы ашылған ең ескі жыныстар болып табылады. Олар Қосқала Г-1 ұңғымасынан өткен, 3138-3270 м тереңдік аралығында. Бұл түзілімдердің құрамында, аймақтық метаморфизм және интрузиялардың байланысынан болған, тақтатастардың бірнеше түрі құрылды.

Іргетас жыныстары

Солтүстік Үстірт аумағында қыртысты іргетас түзілімдері қалың тыс астында шоғырланған, тек кейбір, кішігірім аудандарда, Туарқыраның ортаңғы бөлігінде беткейге шыққан. Ұқсастығы бойынша Тұран плитасының таулы жиектерімен сәйкес келеді екен, іргетас құрамында келесі литологиялық- стратиграфиялық кешендер кезсдеседі:

  1. Төменгі палеозойлық мәрмарланған карбонатты жыныстар - Pz1
  2. Төменгі палеозойлық эффузифті- тақтатасты түзілімдер - Pz1
  3. Ортаңғы палеозойлық метаморфталған конгломератты- құмтасты түзілімдер - Pz2.

Іргетас жыныстары: бірінші кезекті- шөгінділер, пирокласты және магмалы, бірақ аумақтың даму процессінде метаморфталған. Жыныста біршама екінші ретті түзілімдер белгіленген, олар тек аумақтық метаморфизм әсерінен ғана емес, соған қоса байланысты және динамометаморфизм салдарынан болған.

Палеозойлық вулканогенді-шөгінді

Солтүстік Үстірт шекарасы палеозой жыныстармен Оңтүстік- Ембі мега науасы бойнша өтеді. Ұңғымаларды бұрғылау құжаттарының зерттеу нәтижесі, қарастырып отырған аймақтың түзілімі бірдей жасты оңтүстік-шығыс Каспий маңы ойпатының түзілімдерімен сәйкес келеді және девон, таскөмір, пермдік жүйелерімен көрсетілген.

Девон жүйесі(D)

Девон түзілімдері, бұрғылау жұмыстарымен зерттелгені едәуір ерте қыртыстарды иемделген метаморфты емес палеозой жыныстарынан тұрады. Олар мынадай ұңғымаларда ашылған: Г-10, Г-11 (Жаңасу), Г-7 (Төресай) и П-1, П-2, П-3 и П-4 (Солт. Мыңсуалмас) .

Жоғарғы бөлім (D 3 )

Франс ярусы (D 3 f)

Франс ярусы тек Жанасу ауданында Г-2 ұңғымасында ерекшеленген, жыныстардың құлау бұрышын(50C°) алғанда, ақиқат қалыңдығы 224м деп анықталды. Бұл түзілімдердің төменгі бөлігі, сұр түсті конгломерат-аргиллит және жоғарғы бөлігі қара-сұр, сынықты және карбонатты аргиллитпен көрсетіледі. Франс ярусының қалыңдығы 253-694 м(ашылған)

Фамен ярусы(D 3 fm)

Бұл ярус Франс ярусын ашқан ұңғымаларда көрсетіледі. Яруста екіге бөлшектелген (Г-11 Жанасу) және төрт бөлшекті құрылымдар бар. Барлық ярус қимасын сұртүсті және шұбартүсті аргилиттер алып жатыр. Құмтасты-алевролиті жыныстар енді дамыған, ал карбонаттар сирек кездеседі.

Литологиялық ерекшеліктерін қарастыра отырып, ескі девон дәуірінде бұл аймақта басымды тайыз су және теңіз жағажайлық жағдай туғанын анықтадық. Бұл уақытта айтарлықтай тұнбалық ағымдардың(турбитидтер) дамығанын көреміз. Жоғарғы девон жыныстарында коллекторлық қасиет жоқ болып келеді. Айта кететін жайт тек юраға дейін шайылған беткей астындағы үгілу аумағында, екінші кеуектілік және жарықшақты өткізгіштікпен сипатталған кесекті таужынысты бөлек қабаттар белгіленнген. Олар Солт. Мыңсуалмас 3-ші ұңғымасындағы конгломерат-аргилиттермен қалыңдығының жабынында мұнаймен қатысы бар екені бақыланған.

Таскөмір жүйесі (С)

Таскөмір жыныстары- Оңтүстік- Ембіде көптеген ұңғымаларда Солтүстік-Үстіртте белгілі бір ұңғымаларда ашылған. Зерттелген бұрғылау құжаттарының көмегімен таскөмір жүйесінің барлық барлық бөлімі ұңғымалар қимасында бөліп көрсетілген.

Төменгі бөлімі (С 1 )

Төменгі таскөмір шөгіндісі Оңтүстік-Ембіде күмбезінің палеокөтерілімінде Жаңасу ауданында Г-10, Г-11 ұңғымаларында не бары 33м қалыңдық ашылды. Олар юралық түзілімдердің астында шөгіліп, құмтас-алевритті жыныстармен және турней жасындағы аргиллиттремен көрсетілген. Тортай ауданында жиырма шақты(қалыңдығы 1700м), ал аздаған ұңғымалармен Молодежная, Оңтүстік-Мододежная, Төресай аудандарында төменгі таскөмір жасының өте қалың терригенді қималары анықталды. Аздаған қыртыстар мен қабатшалармен жоғарғы визейасты және серпухов ярустарындағы карбонатты жыныстармен Төресай, Молодежная аудандарында белгіленген. Бұл қималарды Каспиймаңы ойпатының оңтүстік бөлігіндегі қаратон типті төменгі таскөмір карбонатты қимасына өтпелі деп санауға болады. Төменгі таскөмірлі шөгінділер тайыз сулы(карбонатты жыныстар), сол сияқты салыстырмалы терең сулы, турбитид тәріздес түзілген.

Жоғарыда айтылған ұңғымаларда жоғарғы-девонға қарағанда, төменгі таскөмір жыныстары тығыздалған және катогенезді түзілісі әлсіз. Құрамдарында арасында кеуекті, каверналы және жарықшақты өзгешелікті, коллектор қасиетін иеленетін, оған қоса тығыздалмаған саздар білінеді.

Солтүстік Үстірт маңында бөлінбеген таскөмір шөгінділерінің төменгі және ортаңғы бөлімдері тек шығыс Үстірт бөлігінде Қарақұдық ауданы, Г-1 ұңғ; Оңтүстік-Қошайыр ауд. Г-1, Көкбақты Г-2, оған қоса Солтүстік Түркіменстан аумақтарымен қабысқан. Барсакелмес ойпатында(Қарақұдық ауд. Г-1 ұңғ. 3533-3680м аралықтарында) олар негізінде, органогенді және органогенді сынықты әктастармен көрсетілген; қалыңдығы 112м-ден 1ұңғ. 450м-ге 5ұңғ. Дейін ауытқып тұрады.

Таскөмір жыныстары Солтүстік Үстірт ұңғыма қималарының барлығында сұр түсті, маңызды катагенезді түзілмелері және жоғарғы тығыздықтарымен сипатталады. Бірақ, әктастардағы микрожарықшақтылық пен екінші кеуектіліктің сілтеден айырылуы, бұл жыныстардың төмен коллекторлы қасиетті болуына жағдай тудырады. Бұрыштық және стратиграфиялық үйлесімсіздікпен олар жоғарғы перм мен төменгі триас жасындағы қызыл түсті терригенді жыныстарды жауып жатыр.

Ортаңғы бөлімі(С2)

Ортаңғы таскөмір шөгінділері жеткілікті жоғарғы қалыңдықтықпен Оңтүстік-Молдежная ұңғымаларында, Г-1 (2516-3090м), Төресай Г-3 (2253-2736м) Г-1 (2516-3090м), қалыңдықтармен белгіленген. Олар тек москвалық яруста белгіленіп және басты түрде ашық органогенді әктастармен, әлсіз қыртысты карбонатты аргиллитермен, мергельдермен, доломиттермен түзілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қаратүлей алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылы болашағы мен мұнай-газ кеніштерін іздестіру жұмыстарының жобасы
Қабат қалыңдығы 100 метр
Түзілімдердің қалыңдығы 136 метр
Алмаз алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылығының болашағы және жобалау әдістері
Жұбантам алаңына барлау жұмыстарын жүргізу нәтижелері және өнімді беткейдің мұнай газ шоғырларын анықтау жұмыстары
Еліғажы алаңының геологиялық құрылымы және мұнайгаздылығы
Тұрлан геофизикалық экспедициясы
Батыс-Қазақстанда орналасқан Cолтүстік Шығыс алаңында мұнай іздеу жұмыстарының геолого-технико-экономикалық тиімділігі
Алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұ-най іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайту
Жұмыстар нәтижесі авторы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz