Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту



Кіріспе

І Бөлім Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ойын дамыту

1.1 Ақыл.ойды дамытудың мақсаты мен міндеттері

1.2. Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл.ойын тәрбиелеу . педагогикалық проблема

ІІ Бөлім Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ойының даму теориясы

2.1 Ақыл.ой тәрбиесінің құралдары

2.2 Ақыл.ой тәрбиесінің әдістері

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері елімізде білім саласында көптеген өзгерістер болып жатыр. 1992 жылы «Білім туралы заң», 1993 жылы бастауыш сыныптық базистік бағдарлама, жалпы орта мектепке арналған көп вариантты оқу бағдарламалары, тәрбиеге байланысты «Атамекен», «Кәусар бұлақ», «Елім-ай», бағдарламалары, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамалары, 1999 жылы «Білім туралы» жаңа заң жарық көрді.,
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» деп аталатын еңбегінде: «...Бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, Заңды Үкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен бастап, Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», – деп көрсетті.
,«Бар жақсылық – балаларға» атты ұранмен мектепке дейнгі тәрбиеге мемлекеттік, бүкіл халықтық қамқорлық жасалғаны мәлім. Балабақшалар сан жағынан көбейіп, тәлім-тәрбие мазмұнын жаңарту, балалардың денсаулығын сақтау, ана мен балаға, отбасына қамқорлықты күшейту, 5-6 жастағы балаларды мектепке дайындау, олардың ақыл-ойын, дүниетанымын жетілдіру, ана тілінде сөйлеуге үйрету мәселелері; жөнінде Б. Баймұратова, «Мектепке дейінгі балалар тілін дамыту», «Сәбилердің сөздік қоры мен сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері» , В.Н.Андросова «Ересек балалардың поэзиялық шығармалараға қызығушылығын арттыру», В.А.Давыденко «Нәрестелердің ойыншықтармен қимыл-қозғалыс жасауының психологиялық ерекшелігі» кандидаттық диссертациялар қорғалды., Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде монографиялық еңбектер («Баланы мектепке дайындау жөнінде») жазылып, қазақ тілінде алғаш рет бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдары жарияланды. Осындай зерттеулер қазақ тілінде жұмыс істейтін балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға айтарлықтай үлес қосқаны сөзсіз.
,Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориялық мәселелерін қарастырған отандық ғалымдар Н.Құлжанова, В.Н.Андросова, Л.А.Давиденко, Е.Б.Дайрабаева, Г.И.Исмагулова, А.Қаржаубаева, Т.Ж.Қалдыбаева, А.К.Меңжанова, О.А.Михалькова, В.Я.Никитин, М.Т.Турскельдина, Б.Баймұратова, Қ.Қойбағаров, К.Сейсенбаев, Ж.Рысбекова, Қ.Т.Шериазданова және М.Оспанбаеваның Ғ.З.Таубаева және т.б. еңбектерін атап көрсетуге болады.,
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ойын дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, ақыл- ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді. Ақыл- ой тәрбиесін шешу жолдары: бір жағынан баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екінші жағынан баланы шаршататын немесе қажытатын, шамадан тыс міндеттерді жүктеуді болдырмау болып табылады . «Бізге білім «дайын түрінде» келмейді», - деп Пиаже айтады
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. -Алматы, 2003, - 60 б.
2. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы. // «Егемен Қазақстан», 22.09.1999
3. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. // «Егемен Қазақстан», 11.06.1999.
4. Байжұманова Бибіхан “Ақыл ой және таным әрекеті”//Қазақстан мектебі// 2007 ж.
5. Орынғалиева Шолпан “Ақыл ой тәрбиесі” //Қазақстан мектебі// №10,2007ж.
6. Ә. Н. Нысанбаев « Адамзат ақыл –ойдың қазынасы» Алматы -2005ж .

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

І Бөлім Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту

1.1 Ақыл-ойды дамытудың мақсаты мен міндеттері

1.2. Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу -
педагогикалық проблема

ІІ Бөлім Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының даму теориясы

2.1 Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары

2.2 Ақыл-ой тәрбиесінің әдістері

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері елімізде білім
саласында көптеген өзгерістер болып жатыр. 1992 жылы Білім туралы заң,
1993 жылы бастауыш сыныптық базистік бағдарлама, жалпы орта мектепке
арналған көп вариантты оқу бағдарламалары, тәрбиеге байланысты Атамекен,
Кәусар бұлақ, Елім-ай, бағдарламалары, Қазақстан Республикасы жалпы
білім беретін мектептердің тұжырымдамалары, 1999 жылы Білім туралы жаңа
заң жарық көрді.,
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық
бірлігінде деп аталатын еңбегінде: ...Бұл міндет білім берудің, мәдениет
органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық
жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын
қастерлеуден, Заңды Үкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір
адам бала кезінен бастап, Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты
екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген ойды бойына сіңіріп өсетіндей
істеген жөн, – деп көрсетті.
,Бар жақсылық – балаларға атты ұранмен мектепке дейнгі тәрбиеге
мемлекеттік, бүкіл халықтық қамқорлық жасалғаны мәлім. Балабақшалар сан
жағынан көбейіп, тәлім-тәрбие мазмұнын жаңарту, балалардың денсаулығын
сақтау, ана мен балаға, отбасына қамқорлықты күшейту, 5-6 жастағы балаларды
мектепке дайындау, олардың ақыл-ойын, дүниетанымын жетілдіру, ана тілінде
сөйлеуге үйрету мәселелері; жөнінде Б. Баймұратова, Мектепке дейінгі
балалар тілін дамыту, Сәбилердің сөздік қоры мен сөйлеу тілінің даму
ерекшеліктері , В.Н.Андросова Ересек балалардың поэзиялық шығармалараға
қызығушылығын арттыру, В.А.Давыденко Нәрестелердің ойыншықтармен қимыл-
қозғалыс жасауының психологиялық ерекшелігі кандидаттық диссертациялар
қорғалды., Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытудың
педагогикалық-психологиялық мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізу нәтижесінде монографиялық еңбектер (Баланы мектепке дайындау
жөнінде) жазылып, қазақ тілінде алғаш рет бағдарламалар, оқу-әдістемелік
құралдары жарияланды. Осындай зерттеулер қазақ тілінде жұмыс істейтін
балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға айтарлықтай үлес
қосқаны сөзсіз.
,Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу мен
оқытудың теориялық мәселелерін қарастырған отандық ғалымдар Н.Құлжанова,
В.Н.Андросова, Л.А.Давиденко, Е.Б.Дайрабаева, Г.И.Исмагулова,
А.Қаржаубаева, Т.Ж.Қалдыбаева, А.К.Меңжанова, О.А.Михалькова, В.Я.Никитин,
М.Т.Турскельдина, Б.Баймұратова, Қ.Қойбағаров, К.Сейсенбаев, Ж.Рысбекова,
Қ.Т.Шериазданова және М.Оспанбаеваның Ғ.З.Таубаева және т.б. еңбектерін
атап көрсетуге болады.,
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ойын дамытуды дұрыс ұйымдастыру
үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек.
Осыларды ескере отырып, ақыл- ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны,
ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді. Ақыл- ой тәрбиесін шешу жолдары:
бір жағынан баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екінші жағынан
баланы шаршататын немесе қажытатын, шамадан тыс міндеттерді жүктеуді
болдырмау болып табылады . Бізге білім дайын түрінде келмейді, -
деп Пиаже айтады
,Ақыл–ой тәрбиесі –балалардың белсенді ойлау қызметінің
дамуына ересектердің мақсатты ықпалы . Ол қоршаған дүние туралы түсінікке
жеңіл білімдерді хабарлауы, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді
зияткерлік дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді
дамытуды қамтиды.
Ақыл – ой тәрбиесі – адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын
игеруіне жол ашатын тәлім – тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл – ой
тәрбиесі арқылы балалардың оқып білім алуына іс - әрекетін бағыттау – сана
сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт – бағдар бере отырып
жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан – жақты тәрбиелеудің
құрамды бөліктерінің бірі.,

І Бөлім Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту

1.1 Ақыл-ойды дамытудың мақсаты мен міндеттері

,Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы
болып табылады. Білім алуға және ғылымға ұмытылыс халық санасының тереңінен
әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары
бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты
игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере
алатынын түсінді. Білімнің мәнін Ақылдан қымбат байлық жоқ, Ақылды
сатып ала алмайсың, Ақыл – тозбас киім, білім – сарқылмас бұлақ деген
халықтың даналық сөздерінен – ақ байқауға болады.,
Ақыл-ой тәрбиесі – тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой
тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал
жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының
қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіппен
орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар,
тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене
күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру
мәселелерін шешу мүмкін емес.
Ақыл-ой тәрбиесі – адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі
ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері
олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерделенген мәселелердің бірі.
Ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы
табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті
айтады. Ойлау – таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ол білмеуден білуге
қарай бағытталған ой қозғалыстың адам миында бейнеленуі.
,Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері Олар:
- ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;
- негізгі ойлау операцияларын меңгеру;
- зиялылық біліктерді қалыптастыру;
- дүниетанымды қалыптастыру;,
Ақыл-ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруде
қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез,
салыстыру, класификация жатады.
Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша бүктеу немесе бүтіннің жеке
қасиеттерін ойша бөлу болып табылады .
Синтез – заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе
құбылыстардың жеке жақтарын олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру.
Анализ бен синтез біріне-бірі қарама-қайшы ойлау операциялары болғанымен,
олар бір-бірімен үздіксіз байланыста болады.
Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер
бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру
деп атайды.
Салыстыру – жинақтаудың қажетті алғы шарты, .
Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе
құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды.
Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгере
және нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін,
білімдарлығын көрсетеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің тағы да бір маңызды міндеті балалардың ғылыми
дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем
танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жинақты
етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүниетанымдық
жұмысты бекітеді, баянды етуді талаптандырады. Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды
мндеті – ақыл-ой қызыметінде, білімді үнемі молайтуға қажеттілікті дамыту.
Ақыл-ой тәрбиесін және мәдениеттілікті көтеру – балаларды біліммен
қаруландыру, ойды таным және творчествалық қабілеттерді дамыту, ақыл-ой
жұмысы мәдениетін бойға сіңіру міндеттерін алға қояды. Ақыл-ой тәрбиесі
процесінде интеллектуалдық қызымет жоғарлайды.

1.2. Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу -
педагогикалық проблема

Педагогикалық сөздікте ақыл-ой тәрбиесіне келесідей анықтама берілген:
ақыл-ой тәрбиесі – адамның таным қабілетін дамытып, ер жетіп, есеюіне,
білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-
ой тәрбиесі арқылы оқушының оқып, білім алуындағы іс-әрекетін бағыттап,
сана-сезімінің дамуына, ғылым негіздерін меңгеруіне бағыт –бағдар
беріледі.
,Белгілі ғалым А.Меңжанова мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ой
тәрбиесінің мақсаты – балаларды табиғат пен қоғамдық өмірдің сан қилы
қарапайым құбылыстары жайлы біліммен қаруландыру, сезім мен қабылдау
ерекшеліктерін жетілдіру арқылы ақыл-ой қабілетін (зейін, ой, ес, қиял,
тез және дұрыс шешім қабылдау, тұжырымдау, игерген әдет пен дағдыны,
білімді іс-әрекет үдерісінде туған міндеттерді шешуге пайдалана білу, өз
еңбегнің сапасын, оның қорытындысын, ынта-ықыласын болжай алу) дамытуды
қамтамасыз ету, - деп анықтаған. Меңж 66 67 ,
,Г.Исмағұлова ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз балалардың белсенді ақыл-
ойының дамуына үлкендердің мақсат көздей отырып ықпал етуі, яғни балалар
ұғымыныа түсінікті тілмен қоршаған дүние, әлем жайлы білімді жүйелі
хабарлау, қызығушылығын, интеллектуалдық әдет пен дағдысын, танымдық
қабілетін дамытуды айтады., Менңж 67
Ақыл-ой тәрбиесі іс-әрекет үдерісінде : адамдармен қарым-қатынас,
ойын, еңбек, сурет, жапсыру, құрау, құрастыру, тәрбие, оқу, т.б.
үдерістерде жүзеге асырылады.
Ақыл-ойдың дамуы – бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелілік
ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және
сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы
шап- шаң қарқын мен жүреді . Таным процестері жетіледі, бала ақыл- ой
әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың ақыл- ойының дамуын
қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар.
Карл Юнг интеллектуал ретінде анықтайтын адамды онша жақсы көрген
жоқ. Ол бір клиенттің мінез-құлқын былай талдады: Бұл науқас
нағыз қылмыскер ретінде болмаған, тек, атап айтқанда, интеллектуал
болып, ақыл күшіне сенгені соншама, істеген жаманынан өз ойынан
қайта алады деп түсіндірді
,Ойлау құрылымының механизмін түсіну үшін ақыл – ой қызметінің
репродуктивті және продуктивті бөліктері қатынастарының қағидасы ерекше
маңызды. “Ойлау – шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі
үрдісі, бірақ оның диалектикалық, қарама – қайшылықтық бірлігінде
продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен” деп көрсетеді
З.Калмыкова.,

Н.Менчинская өз еңбегінде “Жақсы дағдыланған және нық бекітілген
тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың ақыл – ой дамуына елеулі әсер береді”
деп, оның дамытушылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау
Сенсорлық білім - сенсорлық танымның қалыптасуын және сезімдер мен қабылдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әсерлер
Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі бала ойлауының негізгі түрі
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процестерін дамытудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық сипаттама
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Пәндер