Бюджеттің кәсіпорын қаржысына тигізетін әсері мен маңызы



Кіріспе.

1.бөлім. Бюджет түрлері және бюджетті жоспарлау.

1.1.Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне” шолу
1.2 Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары .

1.3.Кәсіпорын қызметін ұйымдастыру негіздері..

2.бөлім Кәсіпорын қаржыларын қалыптастырудағы бюджет қржыларының үлесі.

2.1 Кәсіпорын қаржыларын қалыптастыру көздері

2.2 Бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің ерекшеліктері.

2.3 Аймақтық мәселелер және бюджет аралық қатынастар.

2.4 Қазақстан аймақтарындағы бюджетаралық қатынастарды жетілдіру. .

Қорытынды:

Пайдаланған әдебиеттер.

Қосымшалар
Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді.
Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін өңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді.
Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байла¬нысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда.
Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету); артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б. болып табылады
Аймақтардың өзіндік бюджеттерінің табыстарын құру қағидаларына келесілерді жатқызуға болады:
- тиімділік және орындылық;
- аймақтық саясатгың жалпы мемлекеттік макроэкономи-калық саясатқа сай болуы;
- салықтық баламалылық.
1. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері Г.С. Смағұлова Алматы Экономика 2005 ж
2. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік . А. Үмбеталиев. Ғ. Керімбек.Алматы “Бастау”2002
3. Кәсіпорын экономикасы . А. Қ. Мейірбеков. Қ. Ә. Әлімбеков.” Алматы”
4. ҚР Азаматтық кодексі. – Алматы,1994.
5. Салық және бюджетне төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы( салыҚ кодексі).- Алмат: Жеті жарҒы, 2001.
6. ҚРЗ “Инвестициялар туралы”, Егемен ҚазаҚстан,2003,11 Қањтар.
7. ҚРЗ “ИнновациялыҚҚызмет туралы”, Егемен ҚазаҚстан,2002, 9 шілде.
8. ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы зањы ,Зањ газеті , 1997. 5 Қараша.
9. ҚРЗ “Акционерлік ҚоҒамдар туралы”, Егемен ҚазаҚстан ,1998, 23 шілде.
10. ҚРЗ “ҚазаҚстан РеспубликасыдаҒы ењбек туралы” зањы 2002 ж. 1 Қањтар Алматы: Юрист, 2002.
11. Грузинов В. П Экономика предприятия. – М: Банки ибиржи, ЮНИТИ-1998. 54.
12. Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия. –М: ИНФРА- М-1999
13. Экономика предприятия : Учебник для вузов Под ред. Проф.. О.И. Волкова, В.К . Скляренко . –М: ИНФРА- М.-2000
14. Экономика предприятия : Учебник Ф. К. Беа, Э. Дихала, М. Швайтцера. – М: ИНФРА- М- 1999
15. С. РаҚымжан±лы . Экономика, Қаржы – несие, салыҚ- кеден , саҚтандыру, биржа және кәсіпкерлік атауларыныњ орысша- ҚазаҚша сөздігі. Алматы, 1999.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР.

Тақырыбы: Бюджеттің Кәсіпорын қаржысына тигізетін әсері мен маңызы.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1-бµлім. Бюджет түрлері және бюджетті жоспарлау.

1.1.Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне”
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...

1.2 Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары ... ... ...

1.3.Кәсіпорын қызметін ұйымдастыру негіздері.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2-бµлім Кәсіпорын қаржыларын қалыптастырудағы бюджет қржыларының үлесі.

2.1 Кәсіпорын қаржыларын қалыптастыру көздері ... ... ... ... ... ... ...

2.2 Бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.3 Аймақтық мәселелер және бюджет аралық қатынастар ... .

2.4 Қазақстан аймақтарындағы бюджетаралық қатынастарды жетілдіру. ... ...

Ќорытынды: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланѓан
єдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

Ќосымшалар

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі
соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-
экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді.
Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге
ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін өңтайлы болып табылатын
әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде
өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс.
Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін
тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді.
Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге
асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып
табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері
арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу
мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін
негізгі шарттар ретінде қарастырылуда.
Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік
дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы
жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету); артта қалған аймақтарға капитал мен
инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б. болып табылады
Аймақтардың өзіндік бюджеттерінің табыстарын құру қағидаларына
келесілерді жатқызуға болады:
- тиімділік және орындылық;
- аймақтық саясатгың жалпы мемлекеттік макроэкономи-калық
саясатқа сай болуы;
- салықтық баламалылық.
Қазіргі жағдайда, әсіресе жергілікті басқару жүйесін рефор-малауға
орай, жергілікті бюджеттердің табыстарын құрудың осындай әдісі тиімді болып
табылады. Бұл әдісті тиімді пайда-ланудың басты шарты - мемлекеттік
деңгейде үстемелердің шекті көлемдерін белгілеу.
Сонымен, кәсіпорын экономикасын басқару аймақтық ерекшеліктерді ескере
отырып, жалпы мемлекеттік мүдделерді жүзеге асырудың негізгі буыны болып
табылады. Кәсіпорын дамуын басқарудың ұтымды жүйесін қалыптастыру және оны
жүзеге асырудың механизмдерін жасақтау түптеп келгенде түрақты экономикалық
өсудің кепілі бола алады деп қорытынды жасауға болады.

1. Қазақстан Республикасының бюджет кодекiсiне шолу.

Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы кодекске
көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Бюджет кодексi бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейді
және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражаттарының құрылуы мен
пайдалануының негізгі ережелерін, принциптері мен тетіктерін белгілейді.
Егер Қазақстан Республикасының бекіткен халықаралық шартта осы
Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады.

Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының
бүкіл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға
қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың
тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына
арнап ақша бөлу туралы актілері, осы атілердің қайтарымды негізде ақша бөлу
туралы ерешелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяталғаннан кейін күшін
жояды.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға
өзгерістер мен толықтырулар енігзу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына
арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай – ақ Қазақстан
Республикасының үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске
асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына бастап қолданысқа
енгізіледі.
Егер заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде
Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе,
онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады.
Мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке
алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін,
талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық
бюджет;
Инвестициялық ұсыныс – инвестициялық жобаның (бағдарламаның)
мақсатын, оған жету жолдарын көрсететіні және инвестициялық жобаны
(бағдарламаны) одан әрі алдын ала іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндігін
қамтамасыз ететін инвестициялық жоба (бағдарлама) тұжырымдамасы;
Кассалық алшақтық – қаржы жылы ішінде шығыстар көлемінің бюджетке
түсетін түсімдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемінен асып
түсуі;
Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті;
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган –жергілікті
бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті бюджеттің орташа мерзімді кезеңге
арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған
жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын атқарушы орган;
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті
бюджеттен қаржылындыратын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы
жөніндегі бюджеттік есеп және есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды
жүзеге асыратын атқарушы орган;
Кірістерді бөлу нормативі – кірістерді әр түрлі деңгейлердегі
бюджеттердің арасында бөлудың проценттік арақатынасы;
Салалық (секторлық) бағдарлама – Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітетін, экономиканың жекелеген салаларының (секторларының) неғұрлым
маңызды міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;
Басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық
жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі республикалық немесе жергілікті
бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық
жобалардың (бағдарламалардың) тізімі болып табылатын, республиканы немесе
аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарына
қосымша;
Бюджет қаражатын алушы – бюджет қаражатын игерудің барлық деңгейінде
бюджет қаражатын пайдаланатын орталық және жергілікті атқарушы органдар,
мемлекеттік мекемелер, жеке және заңды тұлғалар, сондай – ақ қаржылық
қызмет көрсететін, соның ішінде азаматтық – құқықтық мәмілелер негізінде
қызмет көрсететін тұлғалар;
Аймақтық бағдарлама - мәслихаттар бекітетін, аймақтың (аумақтың)
әлеуметтік – экономикалық дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;
Түзетілген бюджет – тиісінше Қазақстан Республикасының Парламентінде
немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі және
жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере
отырып бекітілген немесе нақтыланған бюжет;
Әлеуметтік – экономикалық дамудың орташа мерзімдік жосапры
–Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мәслихат бекітетін, республиканы
немесе аймақты әлеуметтік – экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге
арналған негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын және оларды іске асыру
жөніндегі шараларды айқындайтын құжат;
Трансфеттер – бюджетне және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына,
сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және
қайтарылмайтын төлемдер;
Бекітілген бюджет – тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан
Республикасының Парламенті немесе тисті мәслихат бекіткен бюджет;
Нақтыланған бюджет – атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының
Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылданған өзгерістер мен толықтыруларды
ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет;
Қаржыландыру – бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;
Қаржы жылы – бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік
жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық әукілетті орган – орташа
мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін
және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган – ішкі мемлекеттік
қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – республикалық
бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі
бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды
жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – Қазақстан
Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттарын
әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының осы бапта көрсетілмеген
басқа ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалған мәндерде
пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы бюджет заңдары ұғымдарының анықтамалары
бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заң
салалары ұғымдарының анықтамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан
Республикасы бюджет заңдарының ұғымдары пайдаланылады.
Осы кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңдар
салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан
Республикасы заңдарының осы салаларында пайдаланып жүрген мәнінде
қолданылады.
Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) кірістері:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансфеттер түсімдері;
2) шығындар:
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру;
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану);
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу
осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады. [3]

Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттердің басты белігі
республикалық бюджетке шоғырланған.
Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын және
өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер
жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық
бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының
заңы мен бекітілген орталықтандырылған қоры.
Жергілікті бюджеттер – облыстық бюджеттер, қалардың, аудандарың
бюджеттері.
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен
бекітіледі.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлердің
өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару,
бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, нақтылығы және
жариялығы қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық – экономикалық
орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО – ның бюджет
жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті
органдарының дербестік алынумен және оларға қаржы ресурстарын иелену
жөніндегі құқықтарының берілумен байланысты. Бұл қағида әлсіреді.
Бюджеттердің бірлігі ел аумағында қолданылып жүрген мемлекет кірістерінің
жалпы жүйесінің өмір сүруіне мемлекет шығыстарының бір келіктігінде
көрінеді. Бұл қағида бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен
ұйымдастырылуының бірлігіне, оның әлеуметтік-экономикалық болжаумен өзара
байланыста кепілдік береді. Бюджет бірлігі қағидатының міндеті Парламент
тарапынан бюджеттік қаражатарының қозғалысына тиімді бақлауды қаржы
саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан
Республикамыз егеменді мемлекеттердің жалпы экономикалық және саяси
негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық
деңгейдегі бюджеттердің зара іс-қимылына, төменгі деңгейдегі бюджеттердің
теңгерімділігі үшін оларды қарждылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта
бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі біріңғай құқытық негізбен, Қаржы министрлігі
бекіткен біріңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір
деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы стастикасы
нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен ақша жүйесінің
бірлігімен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса
бірыңғай әлеуметтік – экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесінің құруды маңызды қағидаты
болып оытрған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің
дербестігі әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістерді бөлуді
тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын
белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады.
Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды
бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген сонымен бірге бюджеттердің
барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың әлеуметтік – экономикалық даму
мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен,
құзырымен анықталады.
Бюджеттің толықтылығы бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының
оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын шоғырландыруда
әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдерімен шығыстары ескерілетін
бюджетті жасауды білдіреді. Қазақстан Республиксының салық және бюджет
заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік
акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың алынатын түсімдердің шығыстарын бюджетке жинақтап,
жұмылдырудың объективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты
барлық ақша түсімдерін, сондай – ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы
бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси
ахуалды, өндірістің дамуы тенденциясын,жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке
алу қажет. Дүние жүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл
қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп
көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп
есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың
орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап
мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың – зейнет ақы, әлеуметтік
сақтандыру, жол, халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу қорларының
қаражаттары енгізілген.
Бюджеттің нақтылығына ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары
туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынға Жолдауына сәйкес оларды
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуына индикативтік
жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі.
Сондықтан оның көрсеткіштері көп нұсқалық есеп – қисаптарымен негізделуі
тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы
жоспарларында жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке
алынуы қажет. Дүние жүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын
ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай ақ оларды нақтылы
жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішіндегі түзетуді пайдаланады.
Нақтылы қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарының сметаларды және жалпы
тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Нақтылы қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және
бұзылуын жою үшін ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының шыншыл
көрсетілуін бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың атқарылуына
сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылы дамудың болжамдарымен
бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік резервтердің
болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздерімен шығыстар бағыттарының
есеп – қисаптарының негізділігімен анықталады.
Бюджеттердің жариялылығы бекітілген бюджеттермен алдағы қаржы жылына
арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы
есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Жариялылық елдерге адам құқығын, демократиялық өзгерістерді сақтаудың
маңызды шарты болып табылады. Бюджет кірістерінің қалыптасуы бюджет
ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізу субъектілердің және
қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің
мазмұны, оны қалыптастыруды көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі,
сондай – ақ бюджет қаражыттарының бағыттары туралы болуы тиіс. Президент
қол қойған Қазақстан Республикасынің бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және
оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндеті болады. Заң,
өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде
жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістерімен шығыстарының көлемі, оның
негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оның
жабудың әдістері жария етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және
бірін бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында
және “Бюджет жүйесі туралы”, “Жергілікті өкілді және атқарушы органдар
туралы”, “Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы”
арнайы заңдарда және басқа да заң актілерінде қамтып көрсетілген.
Төменгі – жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеудің
шарттары дербестікпен қатар теңгерімділік болып табылады.
Барлық деңгейлер бюджеттердің теңгерімділігі бюджет – қаржы
саясатының қажетті талабы болып табылуы мүмкін. Бюджеттерді қарау және
бекіту кезінде билік пен басқарудың тиісті органдары бюджеттердің белгілі
бір мөлшерлерін белгілеу мүмкін.
Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы заңмен
белгіленген. Бюджет тапшылығы жабудың негізгі нысандары мыналар болып
табылады:
- мемлекеттік қарыздар шығару;
- кредит ресурстарын пайдалану.
Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу – ағымдағы қаржы
жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша белгілі бір пайызға
мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету – пайдаланылады.
Бюджеттердің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік
бағдарламалардың тізбесін республика Парламентімен биліктің жергілікті
органдары анықтап бекітеді.

1. 2. Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары.

Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін
пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы
іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың ролі мен мәні
бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен олардың негізгі мақсаттарда , яғни
әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге , білім мен
денсаулық сақтауды дамытуға , индустриалды- инновациялық дамуға , аграрлық
сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіндіктерін анықтайтын
адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағанасы барлық қаржылық жүйенің
әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты
орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді әр
деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процесінде көрінеді. Бюджеттік
жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметті- экономикалық даму
бвғдарламасы табылады.
Жалпы қаржылық жоспарлау және оның маңызды құрамалы буыны- бюджеттік
жоспарлау, яғни бюджетті құру мен атқаруына байланысты жоспарлау, барлық
халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болады. Сонымен қатар ,
қаржы ресурстарын басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың ролі өте зор, себебі
ол тек қана бюджеттің кірісі мен шығындарының жоспарын құруы және оларды
атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттермелерді тағайындау мен бюджеттік
қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы
жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпы
мемлекеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік
өкілеттілікті орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар
арсындағы қаржылық және бюджетаралық қатынгастарды жетілдіру байланысында
және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін
ұтымдылауда білінеді.

Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен , бюджеттік арнаулардың мақсаттық
сипаттарымен, резервтердің барлығымен және кірістер мен шығындардың
теңгерушіліктермен өзара талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау
процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар
мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі
бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер
мен шығындарды басқарудың мағанасы тиісті өкілетті органдардың
мемлекеттік бюджетке салықтар мен түсімдердің түсуін болжамдау , талдау
мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету , бюджеттік
құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық
бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.
Бюджеттік жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
- орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар
арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды
анықтау;
- бюджет процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық
қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
- қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік
мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлу;
- салалар , іс- әрекет салалары мен экономика секторларының қаржы
жоспары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен
әртүрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
- бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін
анықтау.
Бюджеттік жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер
арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарын тиімді бөлуді,
әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін , жыл бойы кірістердің бірқалыпты
түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз
етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарды
орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылау қарастырылады.
Бюджетті жоспарлау мен бюджеттік болжамдау тығыз байланысты. Бюджеттік
болжамдау маңында бюджеттің кірістік және шығыстық бөлімдерінің дамуының
ықтимал бағыттарына нақты бағалау процесі түсіндіріледі. Бұл экономика
дамуын болашақ жоспарлауына негізделеді, себебі натуралды көрсеткіштердің
болашақ өсуінің есепсіз бюджеттік ресурстарды сапалы ғылыми болжамдау
мүмкін емес.
Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты – ол экономикада қазіргі кезеңде
пайда болған тенденцияларды , нақты әлеуметтік- экономикалық шарттарды
және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауларын есепке ала отырып ,
бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау
нәтижесінің мемлекеттің қаржы – бюджеттік саясатында тиімді шаралар
қабылдауда өте маңызды мәні бар.
Бюджетті жоспарлау мен болжау келесі үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді
қарастырады:
- кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша контингентердің
болжамдық мөлшерін анықтау ;
- әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша
реттеуші кірістердің бөлісі;
- қаржылық жәрдем мен бюджеттік қамсыздандыруды теңестіру себебінен
жоғары және төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты дайындау.
Бюджеттік жоспарлау мен болжамдау іс- әрекеттің негізгі шарты- ол жалпы
мемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдардың тұрақты және
бірқалыпты түсуін қамтамамсыз ету.
Бюджеттік жоспарлау бірлестік , жалғастырушылық , басымдылық ,
теңгерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске
асырылады.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік принципі құрамына республикалық және
жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджеттін құрумен қамтамасыз
етіледі. Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип республикалық және
жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын бюджеттік бағдарламалар тізімін
қалыптастыруға , бюджеттер деңгейлер арасындағы кірістер бөлісу
нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін
тағайындауға негізделеді.
Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі орта мерзімді фискалдық
саясаттың бағыттары мен елдің әлеуметтік – экономикалық даму болжамдарына
негізделген ағымдағы және болашақ бюджеттік жоспарлау тіркесімімен
қамтамасыз етіледі.
Басымдылық принцип елдің орта мерзімді әлеуметті- экономикалық даму
жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджетті жоспарлау мен
қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің кірістері мен шығындарының теңгерушілік принципі бюджетті
қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану негізі арқылы қамтамасыз
етіледі. Бюджеттің теңгерушілігінің қажеттілігі қайбір деңгейдегі бюджетті
атқару мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субвенция
беру арқылы немесе бюджет шығындарын қысқарту арқылы немесе мемлекеттік
берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқа да заңнамалармен
қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.
Дәйектемелік принцип бюджет жобасына осы немесе басқа түсімдер не
шығындарды енгізу қажеттілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілер
негізі арқылы бюджет жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.
Бюджетті жоспарлағанда аймақта арасындағы табиғатты-климаттық және
әлеуеті-экономикалық ерекшеліктері есепке алу қажет, себебі олар әр аймақ
тұрғындары жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлары. Сондықтан
бюджетті кодекске сәйкес натуралды нормативтер-ол бюджетті жоспарлау мен
атқаруда міндетті түрде пайдаланылатын материалды немесе материалды емес
қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері. Олар Үкіметпен жасалады
және бекітіледі.
Жергілікті бюджеттерге қолданатын кірістері бөлісу норматьивтер-ол әр
деңгейдегі бюджеттер арасындағы кірістердің пайыздық арасалмағы. Бұл
нормативтердің тұрақты сипаты бар, себебі ол орта мерзімді фискалдық
саясаттың негізінде анықтамалады және оларды пайдалану бюджет жүйесі
бойынша шығындық өкілеттілікті шектеуге байланысты.

Кәсіпорын қызметін ұйымдастыру негіздері.

Бизнес адамзаттың кез – келген ойластырған қызметі ретінде сендіру
негізінде болсын, тиісті мағынасында және заңдық негіздегі жасалуы
жағдайында болсын, мемлекетпен арадағы іскерлікке қатысушылардың
экономикалық қарым-қатынастары нақты ұйымдастыруды қажет етеді. Бизнесті
ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – бұл жеке іскерлік. Бұл жағдайда
бизнесмен жеке тұлға ретінде кәсіпорынның фирманың мәртебесін иеленбей-ақ ,
өздігінен , жалғыз басты болып іс-қимыл танытады. Алайда , егер бұл қызмет
бір рет қана емес кездей-соқ жүргізілмей, жүйелі түрде жүргізілетін болса,
онда міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Әрбір азаматтың, мысалы:
өзінің үй іргесіндегі учаскесінде көкөніс пен гүл өсіріп, оны сатуға құқы
бар. Бұндай жағдайда егер осындай жеке іскерлік белгіленген минимумнан
асатын пайда әкелсе , іскер осы пайдадан салық төлеуі тиіс.
Бірқатар жағдайларда белгілі бір жеке тұлға бизнеспен айналуы үшін
іскерліктің бірнеше түрі мен айналысуға құқық беретін ақылы лицензия алу
қажеттілігі қарастырылған. Мысалы: дәрігерлік қызмет, білім беру қызметін
көрсету, ал кейде тіпті қ±стың белгілі бір мөлшерін атып алатын аңшыларға
немесе ау салатын балықшыларға да әлгіндей лицензия алу қажет.
Егер жеке іскерлік қызмет белгілі бір салада жүйелі жүргізілетін
болса, онда белгілі бір мерзім мен қызмет көлеміне берілетін ақылы патент
алу қажеттілігі туады.
Жеке басты іскер өз шығынын өзі толық көтереді және өз қызметінің
нәтижелері үшін өзі жауап беріп, бастаған ісін кез-келген уақытта тоқтата
алады. Жеке іскерлік қызметтің тағы бір түрі жеке кәсіпорын , фирма , шаруа
(фермерлік) қожалығы болып табылады. Бизнестің мұндай формасындағы мекеме
құру құқы кез-келген азаматта бар. Бұл үшін ол өзінің жеке кәсіпорын
тіркеуден өткізіп , заңды тұлға мәртебесін алуы шарт. Мұндай жағдайда
аталмыш кәсіпорын тек жалғыз адамнан ғана турмауы мүмкін. Бұл кәсіпорының
меншік иесі іскерлік қызметтің субьектісі ретінде танылады, ол кез-келген
мөлшерде қызметкерлер қатарында саналады.
Жеке іскерлік кейде отбасылы кәсіпорын түрінде көрінеді. Мұндай
жағдайда жеке іскерліктен топтық , яғни ұжымдық іскерлікке өту әдісі
байқалады. Жеке бизнес жаппай көрінгенімен тар ауқымдағы қызмет болып
саналады. Бизнестің аламат әлемінде жалғыз басты іскер өте нәзік тұлға
болып көрінеді. Оның пайдасы мардымсыз және ол нарықтың аласапыранынан
жеткілікті дәрежеде қорғалмайды. Сондықтан да бизнесмендер өздерінің
күштері мен қаржыларын біріктіріп жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке
өтуге бейімділіктерін жасырмайды. Бұл жағдайда ортақ фирма немесе басқа да
біртұтас кәсіпорын құру кезінде жекелеген бизнесменнің мүлікке жекеменшігі
сақталады, тек бизнесмендер біртұтас команда құруға өздерінің күштерін
біріктіреді. Дей тұрған мен серіктестіктерді, кооперативтерде оның
құрылтайшылары мен қатысушылары өндіріс құрал-жабдықтарын толық немесе
ішінара біріктіреді. Жеке іскерліктің бұл мүмкіндігі , оның ұжымдық
әдісімен іс жүзінде қабысуы бизнесті дамытудың барынша маңызды фактор болып
табылады.
Сонымен қатар, ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың
қосылуымен, ортақ меншіктің құрылуы мен , аталмыш бірігудің барлық мүлкіне
міндеттеме бойынша жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты. Мұндай
кәсіпорындарда өндіріс құрал жабдықтарына меншік топтық немесе ұжымдық
мәнге ие болады. Бұл жағдайда, ұжымдық меншік шеңберінде басқалармен бірге
ортақ кәсіпорынға біріккен әрбір іскердің меншігіндігі негізгі құрал
жабдықтар ақшалай меншік бөлігін белгілеу түрінде мүлікті үлесіне қарай
бөлу жолыменен жеке меншік құқын сақтауына болады. Жеке меншікті осылай
сақтаудың түпкілікті н±сқасы кәсіпорын құру болып табылады. (16)
Құрал-жабдықтарды, капиталды, басқаруды одан әрі біріктіру
корпорациялар, біріккен кәсіпорындар , және тағы басқа түрдегі ұжымдық
іскерліктің интеграциялық формаларына әкеледі.
Аталмыш жағдайда кәсіпорынның аясында іс жүзіндегі заңдық тәртіппен
құрылған, адамдармен қоғамның әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында атқарлатын өнім өндіру, тауар сату, қызмет көрсету, жұмыс
орындау жөніндегі белгілі бір қызметті жүзеге асыратын шаруашылық
субъектісі танылады.
Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-құқықтық
құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы тұрғысынан әр түрл іболып келеді.
Құқықтық және өндірістік тұрғыдан алғанда олар жекелеген топтармен түрлерге
бөлінеді. Ол үшін нарықтық экономика олардың қызметін айқындайтын
шаруашылық жүргізу заңдылығының белгілі бір формаларын жасаған. Олар
шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер,
сондай-ақ бизнестің мемлекеттік секторында мемлекеттік және муниципалдық
кәсіпорындар. Алайда, бұл формадағы кәсіпорындар өсіп жетіліп, концерн,
консорциум, трест, синдикат, картель сияқты ассоциацияларға, тіпті
халыќаралық және ел аралық корпорацияларға айналу мүмкін. Бизнестің осы
формаларының әрқайсысының мәнімен маңызы қарастырайық. Жеке іскерлік
қызмет ұсақ бизнестің түрі ретінде өзінің кең тарағанына шектеулі
мүмкіндіктерге ие болғандықтар әдетте, болмашы ғана пайда әкеледі. Барынша
ірі бизнесті ұйымдастыру үшін іскер адамдарға ірі фирмаларға бірігіп,
топтық және ұжымдық іскерлікке көшуге тура келеді. Оған қатысушылардың
жазбаша келісімге немесе келісім-шартқа отыруына негізделген мұндай
бірлестіктерді әдетте кәсіпорын ретінде құрылғандықтан серіктестік деп атау
ұйғарылған. Мұндай жағдайда тек қана күш жігер емес, сонымен бірге оған
қатысушылардың өндіріс құрал жабдықтары мен капиталы да біріктіріледі.
Шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың кәсіпорын басқару ісіне,
табысты бөлуге араласуына және оны жойған жағдайда алашақтары бар тұлғалар
мен есеп айырысып болғаннан кейін қалған мүлікті заттай немесе ақшалай
түрінде қайтарып алуына құқылары бар. Сонымен бірге серіктестікке
қатысушылар өздерінің біріккен кәсіпорын алдында құрылтайлық құжаттардың
талаптарын, жарналарды салымдарды дер кезінде және толық беруге
коммерциялық құпияны сақтауға және тағы басқа талаптарды булжытпай орындау
жөнінен белгілі бір міндеттемелер алады. Серіктестікке қатысушылар мүліктік
жауапкершілігінің дәрежесіне қарай толық және командиттік болып келеді.
(16,4)
Толық серіктестік-келісімдік негізде жалпы бизнеске қатысушылардың
ерікті бірлестігі. Іскерлік қызметті жүргізу үшін олар жалпы үлестік
меншікті құратын өздерінің мүліктерін біріктіреді, яғни серіктестіктің
әрбір мүшесінің аталмыш кәсіпорынға мүліктік немесе ақшалай түрде еңгізген
салымына сәйкес өзінің үлесі (пай) болады. Алайда, қаржылық қиындық туған
жағдайда, басқаша айтқанда, серіктестіктің біріккен мүлкінің жалпы құнына
қарыз асып кеткенде олардың мүшелері өздерінің немесе заңдық қатынас арқылы
бөлінбеген болса өздерінің отбасы мүшелерінің мүлкімен жауап береді. Толық
серіктестіктің заңды тұлға мәртебесі бар және шаруашылық қызметі
субъектісінің барлық құқығына ие. Басқаша айтқанда , олар келісімдік
қатынасқа барады, өзіне міндеттеме алып оны орындауға және мемлекеттік
билік ұйымдарымен өзара бірлесіп , іс-қимыл танытады.
Толық серіктестіктің барлық мүшелерінің шектеусіз ынтымақтастығы
жауапкершілігі оған қатысушылардың кәсіпорынды басқару ісінде ерекше
құқыққа ие болуына мүмкіндік береді. Олардың әрқайсысы серіктестіктің
барлық істерін жеке басқаруына жеке өз шешімдері мен іс-қимылдарын ешкіммен
де ақылдаспай жасауына болады. Іс жүргізудегі дәл осындай ерекшелік толық
серіктестікке бір-біріне шексіз сенетін, әріптестердің ешқайсысы да
серіктестікке және олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САЛЫҚТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ
Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні мен функциялары және ролі
Инфляция жағдайы
Қаржы жүйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары
Салалық министрліктердегі қаржылық бақылау органдары
Кәсіпорынның қаржысына әсер ететін негізгі факторлар
Қаржы жүйесінің әлемдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика туралы
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
«Қаржы жүйесі,құрылымы және оның бағыттарының өзара байланысы»
Пәндер