Әл-Фиқһул-Әкбар – Имам Ағзам Әбу Ханифа кітабының қазақша мәтіні



1 Таухидтің өзегі және ақиданың негізделуі
2 Алла тағала халықты күпірлік пен иманнан ада етіп жаратты
3 Мәсіге мәсіх тарту . сүннет
4 Дін . иман
Таухидтің өзегі және ақиданың негізделуі дұрыс болған мәселе: Аллаға, оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, өлгеннен кейін қайта тірілуге және жақсылығы мен жамандығы Алладан болған халдегі тағдырға иман келтірдім, есеп-қисап, таразы, жәннат пен тозақтың барлығы ақиқат деп айту міндетті.

Алла тағала сан жағынан емес, серігінің жоқтығы жағынан – бір. «Айт: Ол Алла – жалғыз. Алла – Самад (ешкімге мұқтаж емес, оған басқалар үнемі мұқтаж). Ол тумады, туылмады. Әрі оған тең келер ешкім болмады» («Ықылас» сүресі). Ол өзі жаратқан мақұлықтарының ешбіріне ұқсамайды, әрі жаратқандарының ешқайсысы оған ұқсамайды. Ол есімдерімен, зати (өз затына тән, заттық) және фиғли (іс-әрекеттік) сипаттарымен бар болған, бар бола береді де. Зати сипаттарына келсек, (олар) хаят (тірі болу), құдірет, ілім, кәлам (сөйлеу), сәмғ (есту), басар (көру) және ирада (қалау, ерік). Ал фиғли сипаттарына келер болсақ, тахлиқ (жарату), тарзиқ (ырыздық беру), иншә (жоқтан бастау), ибдағ (өрнексіз, ұқсассыз алғаш жарату), сунғ (көрнекті етіп жарату) және т.б. іс-әрекетке қатысты сипаттар.

Алла тағала өз есімдері және сипаттарымен, оған басқа есім және басқа сипат жаңадан пайда болмай-ақ бар болған, бар бола береді де (мұның мәнісі): Ол өз ілімімен Ғалым болды, ал ілім оның әзелдегі (уақыт пен мекен кеңістігі жаралудан бұрын) сипаты. Алла өз құдіретімен Құдіретті болды, ал құдірет оның әзелдегі сипаты. Ол өз кәламымен Сөйлеуші болды, ал кәлам оның әзелдегі сипаты. Алла жаратуымен Жаратушы болды, ал жарату оның әзелдегі сипаты. Ол өз ісімен іс атқарушы, ал істі орындау оның әзелдегі сипаты. Істі орындаушы – Алла тағала, ал істі орындау әзелдегі сипат болып есептеледі. Орындалған іс – жаратылған нәрсе. Алла тағаланың ісі жаратылған заттан бөлек. Оның әзелдегі сипаттары жаңадан пайда болмаған, жаратылмаған. Кімде-кім ол сипаттар жаратылған немесе кейіннен пайда болған десе не қалыс қалса, немесе ол жайында күмәнданса, ол Алла тағаланы жоққа шығарған кәпір болады.

Құран – мусхафтарға (жиналып, кітап халіне келтірілген парақ) жазылған, жүректерде сақталған, тілдермен оқылған және пайғамбарымызға (с.ғ.с.) түсірілген Алланың сөзі. Біздің Құранды дыбыстап оқуымыз – жаратылған іс, оны жазуымыз – жаратылған шаруа, оны оқуымыз – жаратылған әрекет, ал Құранның өзі жаратылмаған.

Алла тағаланың Құранда Мұса және басқа да пайғамбарлар (ғ.с.) жайында, перғауын мен ібіліс туралы әңгімелеп жеткізуінің барлығы – олар жайында хабарлап айтқан Алланың сөзі. Алланың сөзі жаратылмаған, ал Мұсаның және басқа жаратылғандардың сөзі жаратылған болып табылады. Ал Құран Алланың сөзі, ол – қадим (бар болуының бастауы жоқ һәм жоқ болған қас қағым сәті де жоқ), олардың сөзі емес.

Мұса (ғ.с.) Алла тағаланың сөзін естіді. Себебі, Алла тағала: «Алла Мұсаға шынайы сөз сөйледі» («Ниса», 164), – деп айтқан-ды. Алла тағала Мұсаға сөз айтпай тұрып та, Мутакаллим (Сөйлеуші) еді. Алла тағала жаратылысты жаратпай тұрып әзелден Халиқ (Жаратушы) еді. «Оған ешбір нәрсе ұқсамайды, сондай-ақ, ол Естуші әрі Көруші» («Шура» сүресі, 11-аят).

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фиқһул-Әкбар – Имам Ағзам Әбу Ханифа кітабының қазақша мәтіні

Таухидтің өзегі және ақиданың негізделуі дұрыс болған мәселе: Аллаға, оның
періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, өлгеннен кейін қайта тірілуге
және жақсылығы мен жамандығы Алладан болған халдегі тағдырға иман
келтірдім, есеп-қисап, таразы, жәннат пен тозақтың барлығы ақиқат деп айту
міндетті.

Алла тағала сан жағынан емес, серігінің жоқтығы жағынан – бір. Айт: Ол
Алла – жалғыз. Алла – Самад (ешкімге мұқтаж емес, оған басқалар үнемі
мұқтаж). Ол тумады, туылмады. Әрі оған тең келер ешкім болмады (Ықылас
сүресі). Ол өзі жаратқан мақұлықтарының ешбіріне ұқсамайды, әрі
жаратқандарының ешқайсысы оған ұқсамайды. Ол есімдерімен, зати (өз затына
тән, заттық) және фиғли (іс-әрекеттік) сипаттарымен бар болған, бар бола
береді де. Зати сипаттарына келсек, (олар) хаят (тірі болу), құдірет, ілім,
кәлам (сөйлеу), сәмғ (есту), басар (көру) және ирада (қалау, ерік). Ал
фиғли сипаттарына келер болсақ, тахлиқ (жарату), тарзиқ (ырыздық беру),
иншә (жоқтан бастау), ибдағ (өрнексіз, ұқсассыз алғаш жарату), сунғ
(көрнекті етіп жарату) және т.б. іс-әрекетке қатысты сипаттар.

Алла тағала өз есімдері және сипаттарымен, оған басқа есім және басқа сипат
жаңадан пайда болмай-ақ бар болған, бар бола береді де (мұның мәнісі): Ол
өз ілімімен Ғалым болды, ал ілім оның әзелдегі (уақыт пен мекен кеңістігі
жаралудан бұрын) сипаты. Алла өз құдіретімен Құдіретті болды, ал құдірет
оның әзелдегі сипаты. Ол өз кәламымен Сөйлеуші болды, ал кәлам оның
әзелдегі сипаты. Алла жаратуымен Жаратушы болды, ал жарату оның әзелдегі
сипаты. Ол өз ісімен іс атқарушы, ал істі орындау оның әзелдегі сипаты.
Істі орындаушы – Алла тағала, ал істі орындау әзелдегі сипат болып
есептеледі. Орындалған іс – жаратылған нәрсе. Алла тағаланың ісі жаратылған
заттан бөлек. Оның әзелдегі сипаттары жаңадан пайда болмаған, жаратылмаған.
Кімде-кім ол сипаттар жаратылған немесе кейіннен пайда болған десе не қалыс
қалса, немесе ол жайында күмәнданса, ол Алла тағаланы жоққа шығарған кәпір
болады.

Құран – мусхафтарға (жиналып, кітап халіне келтірілген парақ) жазылған,
жүректерде сақталған, тілдермен оқылған және пайғамбарымызға (с.ғ.с.)
түсірілген Алланың сөзі. Біздің Құранды дыбыстап оқуымыз – жаратылған іс,
оны жазуымыз – жаратылған шаруа, оны оқуымыз – жаратылған әрекет, ал
Құранның өзі жаратылмаған.

Алла тағаланың Құранда Мұса және басқа да пайғамбарлар (ғ.с.) жайында,
перғауын мен ібіліс туралы әңгімелеп жеткізуінің барлығы – олар жайында
хабарлап айтқан Алланың сөзі. Алланың сөзі жаратылмаған, ал Мұсаның және
басқа жаратылғандардың сөзі жаратылған болып табылады. Ал Құран Алланың
сөзі, ол – қадим (бар болуының бастауы жоқ һәм жоқ болған қас қағым сәті де
жоқ), олардың сөзі емес.

Мұса (ғ.с.) Алла тағаланың сөзін естіді. Себебі, Алла тағала: Алла Мұсаға
шынайы сөз сөйледі (Ниса, 164), – деп айтқан-ды. Алла тағала Мұсаға сөз
айтпай тұрып та, Мутакаллим (Сөйлеуші) еді. Алла тағала жаратылысты
жаратпай тұрып әзелден Халиқ (Жаратушы) еді. Оған ешбір нәрсе ұқсамайды,
сондай-ақ, ол Естуші әрі Көруші (Шура сүресі, 11-аят).

Алла Мұсаға сөз сөйлегенде әзелдегі сипаты болып табылатын кәлам сипатымен
сөйледі. Оның барлық сипаттары жаратылғандардың сипаттарынан өзгеше (Бұның
мәні): Біледі, алайда, біз білгендей емес, құдіреті жетеді, бірақ, біздің
шамамыз келгендей емес, көреді, біз көргендей емес, естиді, біз естігендей
емес, сөйлейді, біз сөйлегендей емес. Біз құралдар (тіл, тіс, ерін және
т.б.) және әріптер арқылы сөйлейміз. Ал Алла тағала құралсыз, әріптерсіз
сөйлейді. Әріптер жаратылған, ал Алланың сөйлеуі жаратылмаған. Алла – зат,
алайда басқа заттар сияқты емес. Зат сөзінің мәні – Алланың денесіз
(материя), жауһарсыз (субстанция) және арадсыз (атрибут) бар болуын
дәлелдеу. Алланың шегі (өлшемі), қарсыласы, серігі және ұқсасы жоқ. Құранда
айтуы бойынша, Алла тағаланың қолы, жүзі және нәпсісі бар. Олай болса, Алла
тағала Құранда айтып өткен жүз, қол және нәпсі – бұлардың бәрі оның
сипаттары, олардың қандай екені белгісіз. Алланың қолы – оның құдіреті
немесе нығметі деп айтылмайды. Себебі, бұлай деу сипатты жоққа шығару
болып табылады. Әрі бұл қадария мен муғтазиләнің пікірі. Негізі оның қолы –
қалай екендігі белгісіз бір сипаты. Алла тағаланың ашуы мен ризалығы – оның
сипаттарының ішіндегі қалай екендігі белгісіз екі сипаты болып табылады.

Алла тағала заттарды жоқтан бар етті. Ол заттар бар болмай тұрып-ақ, Алла
тағала оларды әзелден білген. Ол заттардың тағдырын белгілеп, оларды (сол
тағдырға сай) жүзеге асырды. Дүниеде және ақыретте ешбір нәрсе Алланың
қалауы, ілімі, қазасы (жүзеге асыруы), тағдыры мен ләуху-махфузға жазуы
болмай орындалмайды. Алайда Алла тағдырды үкім етіп емес, сипаттап (яғни,
бұл осылай болсын, деп емес, шексіз ілімі арқылы осылай болады, деп)
жазды. Қаза (тағдыры белгіленген нәрселердің уақыты келгенде жаратылуы),
қадар (тағдыр) және қалау – Алланың әзелдегі қалай екені беймәлім
сипаттары.

Алла тағала жоқты, жоқ болған хәлінде жоқ деп біледі. Сондай-ақ, ол оны бар
еткенде оның қалай болатынын да біледі. Алла тағала барды бар болған хәлде
бар деп біледі. Әрі ол оның қалай жоқ болатынын да біледі. Алла тағала
түрегеліп тұрған кісіні тұрған хәлінде тұр деп біледі. Ол кісі отырған
кезде Алла оны отырған күйінде отыр деп біледі. Осы кезде Алланың ілімі
өзгеріссіз қалады және оған жаңа бір ілім қалыптаспайды. Бірақ, өзгеріс,
ауысу жаратылғандардың бойында орын алып отырады.

Алла тағала халықты күпірлік пен иманнан ада етіп жаратты. Содан кейін
оларға тіл қатты, бұйрық берді және тыйым салды. Кәпір болған адам, Алланың
қараусыз қалдыруымен (хизлән), оның өз ісімен, ақиқатты жоққа шығаруымен
және оған қарсы келуі арқылы кәпір болды. Иман келтірген кісі, Алланың оған
деген тауфиқы (Алланың сәттілік жаратуы, нәсіп етуі) және жәрдемімен, өз іс-
әрекеті, (тілімен) мойындауы және (жүрегімен) растауы арқылы иман келтірді.

Алла адам ұрпағын оның белінен шымалдай етіп шығарды. Оларды ақыл иелері
етіп жаратып, оларға үндеді, иманға бұйырып, күпірліктен тыйды. Олар
Алланың Раббы (Алла тағаланың есімі. Мағынасы: Қожайын, ие, қамқоршы және
тәрбиелеуші) екенін мойындады. Міне бұл олардың иманы болды. Олар осы
табиғатпен (яғни, мұсылман болып) туылады. Ал кім бұдан кейін кәпір болса,
ол (дінін) ауыстырған, өзгерткен болып табылады. Енді кім иман келтірсе
және растаса, ол иманында тұрақтап, жалғастырған болады. Алла
жаратқандарының ешбірін кәпір болуға және иман келтіруге мәжбүрлеген емес,
әрі оларды (яғни, рухтарын) мүмін етіп те, кәпір қылып та жаратпады.
Әсілінде Алла оларды (иманға да, күпірлікке де бейім) адамдар етіп жаратты.
Иман мен күпір пенделердің іс-әрекеті. Алла тағала кәпір болған адамды
күпірлік хәлінде кәпір деп біледі. Ол бұдан кейін иман келтірсе, Алла,
ілімі мен сипаты еш өзгермей-ақ, оны иман келтірген хәлінде мүмін (иманды)
деп біледі, әрі оны жақсы көреді.

Пенделердің қимыл және қозғалыссыздық сияқты іс-әрекеттерінің барлығы
олардың шынайы тұрғыда жасаған амалы болып саналады. Ал Алла тағала ол
амалдарды жаратушы. Ол іс-әрекеттердің барлығы Алланың қалауымен, ілімімен,
қазасымен және тағдырымен іске асады. Күллі тағат-ғибадат Алла тағаланың
бұйрығымен, жақсы көруімен, разылығымен, ілімімен, қалауымен, қазасымен
және тағдырымен міндеттелді. Барша күнәлар Алланың ілімімен, қазасымен,
тағдырымен, қалауымен орын алады, алайда оның жақсы көруімен, разылығымен
және бұйыруымен емес.

Пайғамбарлардың (с.ғ.с.) баршасы үлкенді-кішілі күнәлардан, күпірліктен
және басқа да жаманшылық атаулыдан пәк. Бірақ, олардың сүрінуі мен
қателесулері орын алған. Мұхаммет (с.ғ.с.) оның сүйіктісі, құлы, елшісі,
нәбиі, таңдаулысы, дарасы. Әрі ол қас-қағым сәтте де пұтқа табынып, Аллаға
серік қосқан емес, сондай-ақ, ешқашан үлкен және кіші күнә жасаған емес.

Пайғамбарлардан кейін адамдардың ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу Ханифа және мүржия мәселесі
Имам ағзам хақ діннің бастаушысы. Әл Фиқһул Әкбар
Төрт мәзһаб имамдарының қысқаша өмірбаяны
Әбу Ханифаның ұстаздары
Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы
Матуриди мәзхабының ерекшелігі мен әшария мазхабынан айырмашылы
Имам Матуридидің иманды түсіндіруі
Әбу Юсуф бин Ибрахим бин Хабиб бин
ӘЛ - ПАЗДАУИ ІЛІМІНДЕ ҚҰДАЙЛЫҚ СИПАТТАР
Сәләф және сәләфиліктің мағыналары және айырмашылықтары
Пәндер