Кедендік төлемдерді алу



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. Кедендік төлемдерді алудың теориялық тұрғылары
1.1. Кедендік төлемдер ұғымы және түрлері
1.2. Кедендік төлемдерді алуды ұйымдастыру

2. Қазақстан Республикасында кедендік төлемдерді алудың қазіргі кездегі күйі мен түрлері
2.1. 2002.2004 жылдар арасындағы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі деңгейі
2.2. Кедендік төлемдерді төлеу ерекшеліктері мен көлемінің қазіргі кездегі күйін талдау (Алматы қаласы бойынша Бас Кеден басқармасының үлгісінде)

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесінде толық жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік шеңберінде өзінің үлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазіргі таңда мемлекетіміз сыртқы сауда саясатын жаңа әріптестерді іздестіруге, олар арқылы сату нарықтарын кеңейтуді көздейді Осындай жағдайда дамыған ел өз шекараларын ашып, реттеудің әкімшілдік әдістерін ғана қолдана алады. Ал біз үшін әзір мұндай реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндігіміз жоқ, себебі ұлттық экономикамыз әлсіз болып, халықаралық деңгейде болып жатқан құбылыстар мемлекетке зор әсерін тигізеді
Сонымен, сыртқы экономикалық қатынастарын ары қарай дамыту, халықаралық байланыстарын реттеуді тиімді асыру үшін мемлекеттік басқарудың маңызды элементтерінің біреуін — кедендік жүйені әлемдегі үнемі болып жатқан өзгерістерге сай қалыптастырып, шет елдермен сауда қатынастарын реттейтін кедендік тәсілдерінің тиімділігін жоғарлататын жаңа еңгізулерді үнемі қарастырып отыру керек. Кедендік тарифтерді реттеу кеден саясатының негізгі бағыты болып табылады. Оның себептері бірнеше: біріншіден, кедендік төлемдер бюджеттің кіріс жағының 75%-ке дейін бөлігін қүрайды, өйткені Қазақстан дамушы елдер қатарына жатады (дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 40% мөлшерінен аспайды); екіншіден, халықаралық экономикада жүріп жатқан либерализацияға қарамастан ұлттық экономиканың әлсіз дамыған салалардағы өндірушілерді шет ел бөсекелестерден қорғау мөселесі біз үшін маңызды роль атқарады. Осыған байланысты кеден қызметін, құралдарын жетілдіру кеден төлемдерінің мазмұнын, ерекшеліктерін, мөлшерін қарастыру дипломдық жүмысының тақырыбын таңдауыма себеп болды.
Мемлекеттің жан-жақты қарым-қатынасын реттеудің қажеттілігі өседі, өйткені мемлекеттердің өзара тәуелділігі күшеюде. Әлемдегі барлық мемлекеттер әр түрлі төсілдермен өздерінің сыртқы сауда қызметін реттейді.Сыртқы экономикалық қызмет реттеудің алғашқы әдістерінің бірі -мемлекеттердің ұлттық кеден бақылаужүйесін тиімді жүргізу халықаралық қатынастарда бекітілген нормаларда жөне ережелерге сөйкес болу керек.
Қазақстан Республикасының экономикасы қазір өте тұрақсыз, қиын кезеңнен өткеруде. Сондықтан оған әртүрлі сыртқы сауданы реттеу тәсілдері, бүкіл экономикалық қатынастарда саны үнемі көбейіп тұратын қорғау шаралары қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Кеден ісі туралы заңы,
16 шілде 1999 ж.
2. Таможенное дело в РК. Алматы, 2000 г. Алибеков С.Т.
3. Шалтыков А.И. История таможенного дело, Алматы, 1999г.
4. Сарсембаев М.А. Таможенное право. Учебник.
Алматы, 2002г
5. Петров Ю. Практика таможенного регулирования. М, 2001г.
6. Нуреева З.Л. Таможенное регулирование импорта//ВЭД в Казахстане №76 2004г.
7. Данильцев А.В. Междунаодная торговля: инструменты регулирования м, 2004г.
8. Шишаев А.И. Регулирование международной торговли товарами М, 2001г
9. Кден ісін ұйымдастыру және оны басқару. Мадиярова Д.М., Текенов Ұ.А., Қалдыбаева А.Е. Алматы, 2000ж.
10. Нургалиева Д.М. Совершенствование таможенного оформления товаров и транспортных средств. //ВЭД в Казахстане №7, 2005г.
11. Козырин А.Н. Таможенные пошлины. М, 2002г.
12. Мадиярова Д.М., Текенов У.А. Транспортное обеспечение ВЭД

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. Кедендік төлемдерді алудың теориялық тұрғылары
1. Кедендік төлемдер ұғымы және түрлері
2. Кедендік төлемдерді алуды ұйымдастыру

2. Қазақстан Республикасында кедендік төлемдерді алудың қазіргі кездегі
күйі мен түрлері
1. 2002-2004 жылдар арасындағы Қазақстан Республикасының сыртқы
экономикалық байланыстарын ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі
деңгейі
2. Кедендік төлемдерді төлеу ерекшеліктері мен көлемінің қазіргі
кездегі күйін талдау (Алматы қаласы бойынша Бас Кеден
басқармасының үлгісінде)

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесінде толық
жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік
шеңберінде өзінің үлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазіргі
таңда мемлекетіміз сыртқы сауда саясатын жаңа әріптестерді іздестіруге,
олар арқылы сату нарықтарын кеңейтуді көздейді Осындай жағдайда дамыған ел
өз шекараларын ашып, реттеудің әкімшілдік әдістерін ғана қолдана алады. Ал
біз үшін әзір мұндай реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндігіміз жоқ, себебі
ұлттық экономикамыз әлсіз болып, халықаралық деңгейде болып жатқан
құбылыстар мемлекетке зор әсерін тигізеді
Сонымен, сыртқы экономикалық қатынастарын ары қарай дамыту,
халықаралық байланыстарын реттеуді тиімді асыру үшін мемлекеттік басқарудың
маңызды элементтерінің біреуін — кедендік жүйені әлемдегі үнемі болып
жатқан өзгерістерге сай қалыптастырып, шет елдермен сауда қатынастарын
реттейтін кедендік тәсілдерінің тиімділігін жоғарлататын жаңа еңгізулерді
үнемі қарастырып отыру керек. Кедендік тарифтерді реттеу кеден саясатының
негізгі бағыты болып табылады. Оның себептері бірнеше: біріншіден, кедендік
төлемдер бюджеттің кіріс жағының 75%-ке дейін бөлігін қүрайды, өйткені
Қазақстан дамушы елдер қатарына жатады (дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш
40% мөлшерінен аспайды); екіншіден, халықаралық экономикада жүріп жатқан
либерализацияға қарамастан ұлттық экономиканың әлсіз дамыған
салалардағы өндірушілерді шет ел бөсекелестерден қорғау мөселесі біз үшін
маңызды роль атқарады. Осыған байланысты кеден қызметін, құралдарын
жетілдіру кеден төлемдерінің мазмұнын, ерекшеліктерін, мөлшерін қарастыру
дипломдық жүмысының тақырыбын таңдауыма себеп болды.
Мемлекеттің жан-жақты қарым-қатынасын реттеудің қажеттілігі өседі,
өйткені мемлекеттердің өзара тәуелділігі күшеюде. Әлемдегі барлық
мемлекеттер әр түрлі төсілдермен өздерінің сыртқы сауда қызметін
реттейді.Сыртқы экономикалық қызмет реттеудің алғашқы әдістерінің бірі
-мемлекеттердің ұлттық кеден бақылаужүйесін тиімді жүргізу халықаралық
қатынастарда бекітілген нормаларда жөне ережелерге сөйкес болу керек.
Қазақстан Республикасының экономикасы қазір өте тұрақсыз, қиын
кезеңнен өткеруде. Сондықтан оған әртүрлі сыртқы сауданы реттеу тәсілдері,
бүкіл экономикалық қатынастарда саны үнемі көбейіп тұратын қорғау шаралары
қажет.
1 Кедендік төлемдерді алудың теориялық тұрғылары

1.1. Кедендік төлемдер ұғымы мен түрлері

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы
тауарлар мен көлік қүралдарын өткізу кезінде және
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында кеден ісі туралы"
Заңмен (бұдан ары — "Кеден ісі туралы Заң") бекітілген басқа да жағдайларда
кеден төлемдерінің келесі түрлері алынады.
* кеден бажы;
* Қазақстан Республикасының кеден органдары
лицензияны беру үшін алым;
- кедендік рәсімдеу бойынша маманның біліктілік
күәлігін беру үшін алым;
-кедендік рөсімдеу үшін кедендік алым;
-алдын ала шешім қабылдау үшін төлем.
Кеден бажынан басқалары Қосымша 1-де көрсетілген).
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін
және бұл аумақтан алып кетілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік
баждар салынады. Кеден баждары — тауарларды, бағалы заттарды,
әр түрлі қозғалатын мүлікті, оның ішінде кеден ведомствосының бақылауы
астында шекара ақылы өткізілетін жылу, электр және тағы басқа
энергияларды әкелу, аумақтан асырып өткізу немесе алып кету
кезіндегі кеден органдарымен алынатын міндетті түрдегі мемлекеттік
ақшалай алымдар. Баж салынатын тауарлар мен баж мөлшерлемелерінің тізімі
Қазақстан Республикасының Кедендік тарифінде көрсетілген. Кедендік тариф
сыртқы сауданы экономиакалық реттеудің классикалық құралы болып табылады.
Кедендік баждар Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасына
(СЭҚ ТН) сәйкес жүйеленген және топтастырылған. СЭҚ ТН Қазақстан
Республикасының Үкіметімен анықталынады және Тауарларды кодтау мен суреттеу
үйлестірілген жүйесіне негізделінеді. Үйлестірілген жүйе (ҮЖ) Дүниежүзілік
Кеден Ұйымымен (ДКҰ) жүргізіледі).
Қазақстан Республикасында кедендік тарифті қолдану мақсаттары:
* Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлік
құралдарын әкелудің құрылымын оңтайлату;
* тауарларды әкелу мен әкетудің, Қазақстан
Республикасының аумағындағы валюталық кірістер
мен шығындардың тиімді қатынастарын ұстап тұру;
* Қазақстан Республикасының экономикасын шетел
бәсекенің тиімсіз әсерінен қорғау;
* әлемдік экономикаға Қазақстан Республикасының
тиімді интеграциясы үшін жағдай жасау.
Экономикалық мазмұны бойынша кеден баждары келесі түрлерге
бөлінеді:
- мемлекеттік бюджеттің кірістерін көбейтуге арналған
фискалды баждар;
- ұлттық өнеркәсіптің кейбір салаларын шетелтауарларының
ағымынан қорғау мақсатында қолданылатын протекционистік
баждар;
- белгіленген мемлекеттерден әкелінетін кейбір тауарларға қатысты
преференциалдық әкелу баждары;
- белгіленген мемлекеттерден әкелінетін кейбір тауарларға қатысты
олардың импортын көтермелеу мақсатымен енгізілетін
жеңілдетілген (ынталандыратын) баждар;
- теңестіретін, яғни импортталатын тауарлардың бағаларын
ұлттық өндірістің тауарлар бағаларымен теңестіру мақсатымен
негізгі әкелу баждарын толықтыратын баждар.
Республикамызда кеден баждар мелшерлемелерінің келесі түрлері
қолданылады:
* адвалорлық;
* ерекшеленген;
* аралас.
Адвалорлық (лат. аd lavorет - құн бойынша) мөлшерлемелері баж
салынатын тауардың кедендік құнының пайызы мөлшерімен есептелінеді.
Адвалорлық ставка бойынша есептелінетін кеден баж сомасы келесі формула
арқылы есептелінеді:
ТС * АС = ТП,
мұндағы:ТС - қолданылып жүрген кеден заңдарына сәйкес анықталынатын
тауарлардың кедендік құны, АС -кеден бажының адвалорлық мөлшерлемесі, ТП -
кеден бажының сомасы.
Ерекшеленген мөлшерлемелері баж салынатын тауардың бірлігі үшін
белгіленген мөлшерінде есептелінеді. Ерекшеленген мөлшерлемесі бойынша
есептелінетін кеден баж сомасы келесі формула арқылы есептелінеді:
к * сп = тп,
мұндағы: К - баж салынатын тауар бірліктерінің саны, СП — кеден
бажының ерекшеленген мөлшерлемесі, ТП — кеден бажының сомасы.
Аралас мөлшерлемелер — бұл адвалорлық және ерекшеленген
мөлшерлемелерді қамтитін мөлшерлемелер. Аралас мөлшерлемелерді қолдану
барысында кедендік баж сомаларын есептеудің келесі әдістері қолданылады:
* адвалорлық және ерекшеленген мөлшерлемелерді бірге қолдану
(мысалы: 5% + 2 еврокг), яғни адвалорлық және
ерекшеленген мөлшерлемелері бойынша есептелінген кедендік
баждарының сомаларын қосу;
* есеп сомасының үлкенін таңдау (мысалы:20%,бірақ 1 кг. Үшін
2 евродан аз емес), бұл кезде төленуге тиісті кеден баж сомасын
анықтау үшін кеден баж сомасы адвалорлық және

ерекшеленген мөлшерлемелері бойынша есептелінеді,бірақ
олардың үлкені төленеді.
Тауарларды әкелу мен әкетуді оперативті реттеу үшін Қазақстан
Республикасының Үкіметі маусымдық баждарды бекітеді. Бұл кезде кедендік
тарифте көрсетілген кедендік баждарының мөлшерлемелері қолданылмайды.
Маусымдық баждарының мерзімі жылына алты айдан аспау керек.
Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында
әкелінетін тауарларға баждардың ерекше түрлері салыну мүмкін: арнайы,
антидемпингтік, өтемдік.
- Арнайы баждар келесі шаралар ретінде қолданылады: қорғаныс шара
ретінде, егер тауарлар ұқсас немесе тікелей бәсекеге түсетін тауарлардың
ұлттық өндірушілеріне залал келтіретін немесе келтіре алатын көлемімен
немесе шартымен Қазақстан Республикасының аумағына
әкелінетін болса; басқа мемлекеттер немесе олардың одақтары жағынан кемсіту
және тағы басқа (Қазақстан Республикасының мүдделеріне кері әсер тигізетін)
әрекеттерге жауапты шара ретінде.
- Антидемпингтік баждар тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына
әкелетін мемлекеттегі бағасынан төмен бағамен әкелінетін жағдайда
қолданылады, егер мұндай импорт ұқсас тауарлардың ұлттық өндірушілеріне
материалдық залал келтірсе (келтіре алса) немесе Қазақстан
Республикасындағы ұқсас тауарлардың өндірісін ұйымдастыруға немесе
кеңейтуге жол бермес.
- Өтемдік баждар Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өндіріс
немесе экспорт кезінде тура немесе жанама түрде жәрдемақылар пайдаланылған
тауарларды әкелген жағдайда қолданылады, егер мұндай импорт ұқсас
тауарлардың ұлттық өндірушілеріне материалдық залал келтірсе (келтіре алса)
немесе Қазақстан Республикасындағы ұқсас тауарлардың өндірісін
ұйымдастыруға немесе кеңейтуге жол бермесе.
Әдетте тауардың шығу еліне байланысты кедендік тарифтердің бірнеше
мөлшерлемесі болады:
* минималды (негізгі);
* максималды (басты);
* преференциалдық .
Өзара ең қолайлы режимін (ЕҚР) ұсынуды қарастыратын сауда
келісімшарттарға отырған мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қатысты
минималды мөлшерлеме қолданылады. Сауда келісімшарттар жасаспаған
мемлекеттерден әкелінетін немесе шығу елі белгісіз таурлар екі еселенген
негізгі, яғни басты мөлшерлемесі салынады.Дамушы мемлекеттерден
импортталатын тауарларға кеден бажының преференциалдық мөлшерлемесі
салынады. Ең аз дамыған елдерде шығарылған тауарларды әкелу кезінде
преференциалдық нөльдік мөлшерлеме қолданылады. Өнеркәсіптік дамыған
мемлекеттердің дамушы елдер үшін преференциялары Біріккен Ұлттар Ұйымының
қарауында ұйымдастырылған Преференциялар жалпы жүйесіне кіреді.
Кеден баждарының мөлшерлемелері Қазақстан
Республикасының Үкіметімен бекітіледі, бірыңғай болып табылады және
Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарларды өткізетін
тұлғаларға, мәміле түрлеріне, кеден заңдарында көрсетілген кездерінен басқа
жағдайларға байланысты өзгертілмейді, және ресми жарияланғаннан кейін отыз
күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарлар мен көлік
құралдарын әкелу кезінде импорттаушылардан кеден төлемдерінің ішінде
қосымша құнға салынатын салықтары (ҚҚС) мен акциздер алынады.
Ұлыбританияның Салықтық Әкімшілік ету жағынан Кеңесшісі Брайн Джонс
ҚҚС пен акциздер туралы келесідей айтқан:
Акциздік алым немесе акциздік салық ол фискаддық баж деп аталатын
алым, өйткені оны едгізудің басты мақсаты — пайда табу. Сондықтан бұл салық
импортталатын және ұлттық тауарларға да салынады. Импортталатын және ұлттық
тауарларға салынатын баж мөлшері бірдей болу керек, себебі бір жағына
деген қалауы болмау керек. Дәстүрлі акциздік тауарлар: спиртті
ішімдіктердің барлық түрлері, темекі өнімдері және жол отыны. Осы тауарлар
өндірістері салыстырмалы түрде арзан болады, бірақ мемлекеттердің көбісінде
оларға үлкен салықтар салынады. Импортталатын акциздік тауарларға ақциздік
салық салынған кезде, оны кеден бажымен шатастыруға немесе кеден баж
ретінде қарастыруға болмайды.
ҚҚС сатуға салынатын салық болып табылады, бірақ
бұл салық сатуға салынатын салықтың басқа түрлерінде
бар проблемаларды жою үшін еңгізілген. ҚҚС-тың
жалғыз мақсаты — кірісті көбейту, және барлық тауарлар
мен қызметтерге қатысты (айрықшалықтарды аз
мөлшерде ғана ескеріп) салықты пайдалану арқылы оған
жету.Айрықшалықтар неғүрлым көп болса, салықта
шатасулар соғұрлым көп болады. ҚҚС-тың нормадағы
(әдетте "орналасу жері, принципі" ретінде қолданылады)
ҚҚС импорттық тауарлардан алынады, бірақ экспорттық
тауарларға салынбайды. Тауарлар қай мемлекетте
тұтынылса, сол мемлекетте ғана салық салынады. "Шығу
жері принципі" бойынша ҚҚС кері бағытта істейді, яғни
импорттайтын тауарлардан емес, шығарылатындарынан салық алынады.ТМД
елдерімен саудасында Қазақстан "орналасу жері принципін", ал алыс шетел
мемлекеттермен саудаласқанда "жеткізу орны принципін" қолданады."
Импорттайтын тауарлар мен көлік құралдарына ҚҚС пен акциздер кеден
органдарымен ҚР кеден заңдарына сәйкес салынады.
ҚР аумағына әкелінетін тауарлар бойынша ҚҚС-ты салу объектісі болып,
келесі сомаларды қамтитін көрсеткіш қарастырылады: ҚР заңдарына сәйкес
анықталатын тауардың құны, кедендік рәсімдеу үшін алынатын алымдар,
импорттық кедендік баж, импорттайтын тауарларға төленетін акциз қолданады,
ал алыс шетел мемлекеттерімен саудаласқанда жеткізу орны принципі бойынша
(Брайн Джонс. Кедендік баж, акциздық налогтар, ҚҚС-ң қысқаша суреттемесі
1995 ж.).
Импорттайтын тауарлар мен сәйкес көлік құралдарына ҚҚС пен акциздер
кеден органдары мен ҚР заңды актілеріне сәйкес салынады. ҚР аумағына
әкелінетін тауарлар бойынша ҚҚС-ты салу объектісі болып келесі сомаларды
қамтитын көрсеткіш табылады:
ҚР кеден заңдарына сәйкес анықталатын тауардың кедендік құны, кедендік
рәсімдеу үшін кедендік алымдар, импорттық кедендік баж, импорттайтын
тауарға төленетін акциз.
Кеден заңдарына сәйксс анықталатын кедендік құн немесе тауардың заттай
мөлшері импортталатын акциздік тауарлар бойынша салық салу объектісі
ретінде алынады. Белгілеуге жататын тауарлар бойынша, есептелген акциз
сомасы алып келінетін тауарлардың көлемі бойынша акциздік алым маркаларының
құнына азайтылады.
Төленетін акцизбен ҚҚС тауардың мәлімдеген кедендік құнымен бірдей
валютада алынады. Тауарлар бірлігі үшін еврода мөлшерлемесі бойынша акциз
салынатын тауарларға қатысты, есептеу негізі болып нақты заттай мөлшері.
Тауар бірлігінің евродағы салық салу мөлшерінде тауарларға байланысты
акцизән есептеу ептеу мына формуламен алынады:
А1=В1*А1
мұндағы: А1 — акциз мөлшері, Вt — тауар саны, А1 — тауар бірлігінің
евродағы акциздік мөлшсрлемесі
ҚҚС сомасы мынадай формулалармен есептелінеді
1)кеден бажымен акциз салынатын тауарлар бойынша ҚҚС- (Қ +
Қа+Б+Ас)*М100;
2) кедендік бажы салынатын, бірақ акциз салынбайтын тауарлар
бойынша
ҚҚС= (Қ + Қа+Б)*М100
3) кеден бажда акцизлс салынбайтын тауарлар бойынша:
ҚҚС (Қ + Қа+Б)*М100
мұндағы Қ - кедендік құн;
Қа — кедендік алым саласы;
Б — кеден баж сомасы;
Ас — акциз сомасы;
М - қосымша құн салығы мөлшерлемесі
Кедендік жеңілдік пен тарифтік жеңілдікті ажырата білу керек
Кедендік жеңілдік — кеден заңдарының ережелерінде көрсетілген кез
келіген жеңілдік:кедендік бақылау жеңілдіктері, кедендік төлемдерді
төлеу жеңілдіктерінің ішінде, кедендік баждан басқа, ҚҚС акциздер және
басқа міндетті төлемдер, тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы
арқылы өткізугс байланысты алынатын төлемдер
Тарифтік жеңілдік дегеніміз кедендік тарифте көрсетілгендей тек қана
кедендік бажды алуға байланысты салық салу жеңілдігі
Сондықтан кеден жеңілдігі түсінігі тариф жеңілдігі түсінігінен
кеңірек.
Кез келген кеден жсңілдігінің мақсаты салық міндеттемесінің көлемін
қысқарту.
Тарифтік жеңілдіктің мәнін түсіндіру, салық жеңілдіктерінің
анықтамасына қарау керек:
- заңды актілермен анықталатын халықтар жеңілдіктер беріледі:
салықтың салық салынбайтын ең аз мөлшері;
- салық объектісінің анықталған элементтерін салық салудан
алып тастау;
- жеке адамдар әлде төлеуші категориялар салық төлеуден
босатылған;
- салық мөлшерлемелерін төмендету;
- салымдық жалақыдан алып тастау (есептеу мерзімдегі
салықтық төлем), мақсатты салықтық жеңілдіктер, оның ұзарту немесе
бөлшектеу);
* басқадай салықтық жсңілдіктер.
Кедендік ісі заңында қелесі кедендік жеңілдіктер қаралған.
Кедендік төлемдерді салудан босату тарифтік преференциялар, кедендік
төлемдер мен салықтардың артық төлемін қайыру, сондай-ақ талаптың ескеру
мерзімі .
Жабдық, шикізат және материалдардың (спирт, алкоголь және темекі
өнімдерінен тыс импорты, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру үшін
өңдеусіз сатуға белгіленген тауар импорты).
ҚР Агентствосының инвестициялар мен инвесторлар бойынша келісілген
контрактысына сәйкес, кедендік баж салымынан жартылай ғана бөлшектей
босатылады.
ҚР кедендік тариф бойынша преференциялар ҚР халықаралық келісімі
бойынша ҚР үкіметінің шешімімен ҚР кедендік тарифы бойынша преференциялар
төмендетілген мөлшерлемеде беріледі, кеден бажынан босатылады, әлде
тауарлардың преференциялық әкелінетін (шығару) квотасын енгізу.
ҚР кедендік аумағына әкелінетін және ҚР преференциялардың ұлттық
жүйесін қолданатын дамушы мемлекеттерден шыққан тауарлар, кеден бажының
төмендетілген мөлшерлемелерімен салынады.
ҚР кедендік аумағына әкелінетін және ҚР преференциялардың ұлттық
жүйесін қолданатын ең аз дамыған мемлекеттерден шыкқан тауарлар кеден
бажынан босатылады.
ҚР преференциялардың ұлттық жүйесін қолданушы дамушы және ең аз
дамыған мемлекеттердің тізімін және кедендік баждың төмендетілу мөлшерлеме
көлемін ҚР үкіметі анықтайды. Дамушы әлде ең аз дамыған мемлекеттерден
шығарылғап тауарға ҚР кедендік тарифы бойынша преференцимлар келесі
талаптар бір мезгілде орындалғанда ғана беріледі:
* тауардың дамушы немесе ең аз дамыған
мемлекеттен шыққанын дәлелдейтін, тарифтік
преференттік режим дамушы әлде ең дамыған
мемлекеттерден шыққан тауарларға тауардың шығу
сертификатының түппұсқасын кеден органына табыс
ету;
* ҚР мемлекетінде шыққан тауарлардың
сертификаттарын уәкілдікс ендіру біліктік
органдарының мөрінің бедерлемесі, мекен-жайы,
атаулары берілмесе тікелей сатып алу шарттарын
орындау, бұл кезде тауар сатып алынды деп
қаралады, егерде ҚР резиденті оны алған тұлға
кәсіпкерлік қызметінің субъектісі ретінде қойылған
тәртіп бойынша тіркелген мемлекетіне тарифтік
преференциалдық режим таратылса;
* тікелей жеткізу тарифтарын орындау бұл кезде
ҚР префренциалдық тарифтік режимі таратылатын
мемлекеттен тасымалдайтын тауарлар тікелей
жеткізілген болып саналады. Тауарлар тікелей
жеткізу ережесіне сәйкес, бір немесе бірнеше
мемлекеттердің аумағымен транспортталса,
географиялық, экономикалық, транспорттық жағдайларға байланысты,
тауарлар уақытша сол мемлекеттің аумағына жиналып қойылса, кедендік
бақылауда болады.
Тікелей жеткізу ережесіне, кедендік бақылауда жәрмеңкелерде
импортердың сатып алған тауарлары, тауар көрсетілген мемлекетінің өзгоруеһ
кеден бақылауында болса сәйкес келеді.
ТМД елдерінде шыққан және ҚР кедендік аумағына әкелінетін тауарлар
үшін ҚР мен кеден одағы немесе еркін сауда аймағын құрса, ҚР тауардың
шыққан сертификатының түпнұсқасын кедендік органға тапсырғанда ҚР кедсндік
тарифының мөлшерлемесі бойынша преференция беріледі, сондай-ақ басқа
құжаттар (сана сертификаты, қауіпсіздік, счет-фактуралар, бұйым құжаттары,
тауардың көлік жөнелтпе құжаты т.б.) ҚР мемлекеті анықтаған тәртіп бойынша
жүргізіледі.
Кедендік одақтың қатысушы мемлекеттерінің нақты келісімі бойынша,
тауарды рәсімдеу үшін салынатын кедендік алымдардан босатылады, сол
мемлекеттер деп шығарылып солардың кедендік аумағынан, ҚР кедендік аумағына
әкелінсе сондай ақ, кері бағытта да солар қаралады, транзит есебімен.
Кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік алымнан босату мақсатымен тауардың
шыққан тегін басқа құжаттардың негізінен белгілейді (тауардың шыққан
сертификатынан тыс): сала сертификаты, қауіпсіздендіру, счет фактуралар мен
бұйым құжаттары.
Талап, шарт, шектеулер бұзылған кезде олардың сақталынуы кеден
төлемдеріне берілетін жеңілдіктер кеден төлемдерінің сомасы және салық
кеден органдарымен ҚР заңдарында қаралғандай жауапкершілік шара және
өсімпұл төлендіріледі.
Кеден ісі заңыньң 137 бабына сәйкес импорттайтын шикізат пен
материалдарды өнеркәсіптік өңдеуге жататын кеден бажын төлеу мерзімін
ұзарту әлде бөлшектеу кеден төлем органымен берілгеннен басқа уақытта кеден
төлемдері ҚР кеден органдарымен кеден декларациясын қабылдамай тұрғанда,
әлде қабылдаған күні төленеді. Кедендік рәсімдеу үшіп кедендік алымдарды
төлеу үшін төлеу мерзімі не ұзартылмайды, не бөлшектелінбейді.. Жеке
тұлғалар ҚР кедендік шекарадан тауар алып өткізілгенде кедендік рәсімдеу
үшін төленетін кедендік баж салымдар кедендік органдар мен кедендік
декларация қабылданған кезде бірге төленеді. Егер белгіленген мерзімде
кедендік декларация берілмеген болса, онда кедендік іс Заңының 195 бабына
сәйкес анықталғандай кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік баж бен
салымдардың төлеу мерзімі, кедендік декларация беру мерзімінің аяқталған
күнінен бастап саналады.
Кедендік баж бен салымдарды төлеу ақшалай және де ақшасыз түрде ҚР
ұлттық валюта-тенгеде, және ҚР ұлттық Банкісімен бағаланатын шет-елдік
валюта, осындай төлемдер тек қана шет-елдік валюта төлене алатын
жағдайлардан тыс кезде. Кедендік рәсімдеу үшін кедендік баждан тыс,
төленетін кедендік баж сомалары, кедендік баждың бір түрінен әр түрлі
валютамен төлеу кедендік органының рұқсаты қажет.
Сол күнгі Ұлттық Банк курсымен шет елдік валютаны
тенгеге айналдырып санайды:
* кедендік декларация қабылдауға;
- төлем жайындағы төлемдер, кедендік органдарға кедендік
декларация беретін тауардың кедендік рәсімдеуіне байланысты емес төлемдер.

Теңге курсы бір дана шет-елдік валютаға алынған кезде, шет-
елдік ва.лютаны теңгеге айналдыру үшін келесі формуланы қолданады:
Тнг—Ев кв
мұндағы Тнг тенге сомасы, Ев - шетел валютасының сомасы,
кв - ҚРҰБ валюта курсы.
Теңге курсы шетелдің валютасының стандарттық бірлігі мен алынса
(10,100,1000) онда теңгеге айналдырылғанда мына формуланы қолданады:
Тнг=ЕвЕс кв,
мүндағы Тнг — тенге сомасы, Ев - шетел валюта сомасы,
Ес — шет ел валютасының стандарт бірлігі, Кв - ҚРҰБ валютасының курсы.
1.2. Кедендік төлемдерді алуды ұйымдастыру

Кедендік салымдардың мақсаты үшін практикада қолданатын
кедендік тариф құнын бағалау әдісімен тығыз байланысты. Тауарлық
бағалаудың ұлттық айырмашылығы баждарды протекционизмдік
кедергі ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Кедендік бағалау әдісі
импорттайтын тауардың құнын көтеруге әкелсе, оған адволорлық баж қолданса,
онда ол тарифтік мөлшерлеменің көтерілуіндей әсер етеді.
Жоғарыда көрсетілгендей тауарлық бажды есептеу негізгі болып
тауарлардың кедендік құны алынады. Оның үстіне, тауардың кедендік құны
пайдаланатын кез:
- сыртқы экономикалық және кедендік статистика;
- сауда-экономикалық қатынасты мемлекеттік реттеуінен басқа
өлшем бірлігін қолданғанда, тауар құндылығына байланысты оның
ішінде ҚР кеден заңдарына сәйкес сыртқы сауда
мәмлелерімен олар бойынша банктердің есептеулерінің
валюталық бақылауын жүзеге асыру.
Кедендік ісі заңының 195 бабына сәйкес, импорттайтын
тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін келесі әдістер қолданады.
1) әкелінетін тауарлардың мәміле бағасы бойынша;
2) ұқсас тауарлардың мәміле бағасы бойынша;
3) біртектес тауарлардың мәмілее бағасы бойынша;
4) бағасын алу;
5) бағасын қосу;
6) резервтік әдіс.
Кедендік бағалауды анықтаған кезде негізгі әдіс болып әкелінетін
тауарлардың мәміле бағасы бойынша бағалау болады.
Егер негізгі әдісті қолдана алмаса, басқа әдістердің бірі қолданады.
Алдыңғы әдіспен кеден құнын анықтай алмаса, келесі әр-бір әдіс алынады.
Бағасын алу, қосу әдісі декларанттың қарайы бойынша керісінше қолдануға
болады.
Әкелінетін тауарлардың мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін
қолданғанда кеден құнын анықтау үшін негіз ретінде бағалауға жататын
тауарлардың мәміле бағасы алынады.
Мәміле бағасы - әкелінетін тауарлардың нақты төленген немесе төленетін
бағасы. Кеден құнын анықтау үшін мәміле бағасы пайдаланған келесі шығындар
кіреді (егер олар бұрын кірмесі):
1) ҚР кедендік аумағына тауарды әуежайға, портқа, немесе басқа
жерге әкелуге шыққан шығын:
* тасымалдау құны;
* тауарды түсіру, тиеу, қайта тиеуге шыққан
шығындар;
* сақтандыру сомасы.
Көрсетілген шығындар күнге кірмеуі мүмкін егерде олар ҚР кедендік
аумағына тауар әкелінгеннен кейін өндірілсе және сомасы құжатпен
дәлелденсе:
2) сатып алушының шығарған шығындары:
* тауар сатып алудағы комиссиялық алымнан тыс,
комиссиялық және делдалдық сыйақы;
* контейнерлер немесе көп айналатын ыдыс құны,
егерде олар сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық
номенклатурасымен сәйкес бағаланатын тауармен бір тұтас деп
қаралса;
• орайтын құралдармен оған байланысты
жұмыстардың құны кіргізілген, ораудың құны;
3) келесі тауарлар мен қызметтің сәйкестік бөлшек құны,
импортердың тікелей немесе жанама құнсыз әлде төмендетілген
бағасымен беруші өндіруге қолданатын немесе бағаланатын тауарды
шығарып сату мақсатымен;
• шикізат, детальдар мен жиынтық бұйымдар
бағаланатын тауардың құрама бөлшегі болып
келетін;
• құрал-саймандар, мөртабан т.б. сондай заттар
бағаланатын тауарларды өндіргенде қолданылған;
• құралдар, бағаланатын тауарды өндіргенде
ұсталған (жанар-жағар май т.б.);
* инженерлік жұмыстар, тәжірибие-конструкторлық
жұмыстар, дизайн, көркемдік рәсімдеу,
эскиздармен сызулар бағаланатын тауардың
өндірілуіне өте қажет ҚР аумағынан сырт
орындалған;
4) бағаланатын тауарды сататын шарт ретінде сатып
алушы тікелей немесе жанама парасатты меншікті
объектісін пайдаланғанда лицензияланған және
басқа төлемдер;
5) бағаланатын тауардың пайдаланғанда немесе
келесі сатқандағы табатын тікелей әлде жанама
пайда бөлімінің мөлшері. Әкелінетін тауардың мәміле бағасы,
кедендік құнды, анықтағанда пайдаланыла алмайды егерде:
1. бағаланатын тауарды сатып алушы пайдаланғанда
үкім құқығына байланысты шектеу қойғанда мынадан басқа:
- ҚР заң актілерімен қойылған шектеулер;
- тауарлардың қайта сатылуы мүмкін
географиялық региондарды шектеуі;
- тауар құнына аса әсер етпейтін шектеу;
2. әсер етуін есептен шығару мүмкін емес сату
немесе мөлшерлеме бағасы тәуелді шарттарды
сақтау;
3. қүжаттан дәлелденбеген мәліметтер, кеден
құнын ресми мәлімдегенде декларант
пайдаланған;
4. импортер мен экспортер бір біріне тәуелді,
мынадан тыс жағдайда, декларант
дәлелденгендей, бір-біріне тәуекелділігі
мөлшерлеме бағасына әсер етпесе.
5. Осы кезде бір біріне тәуелді деп саналады, егер:

* мәмлеге қатысушының бірі әлде мәмлеге
қатысушының қызметкері бір мезетте басқа
мәмілеге қатысушылар қызметкері болса;
* мәмлеге қатысушылар өндірістің бірлескен
мүшесі болса;
* мәмлеге қатысушылар жалға қатынас
байланысты болса;
* мәмлеге қатысушының бірінде дауыс беруге
құқылы пакет акциясы болса, басқа
қатысушылық жарғы капиталынан 5 % төмен (аз)
болмауы керек.
* мәмлеге қатысушылардың екеуі де, үшінші
адамның тікелей немесе жанама бақылауында
болса;
* мәмлеге қатысушылар немесе олардың қызметкерлері
жақын туыс болса.
Ұқсас тауарлармен мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін қолдану
барысында кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде ұқсас тауарлармен
мәміле бағасы алынады. Бұл кезде барлық жағынан, оның ішінде келесі
параметрлер бойынша ұқсас тауарлар қарастырылады:
* мақсаты мен мінездемесі;
* сапасы, тауар белгісі және нарықтағы беделі;
* шыққан елі;
* өндіруші.
Кедендік қүнды осы әдіспен анықтағанда Кеден ісі туралы Заңының 129
бабына сәйкес:
1) егер тауарлар бағаланатын тауарлармен бір елден шықпаса,
онда сол тауарлар бағаланатын тауарлармен ұқсас деп есептелмейді;
2) бағаланатын тауарлардың өндірушісінен басқа тұлғамен
өндірілген тауарлар бағаланатын тауарларды өндірген тұлға ұқсас тауарларды
шығармаған жағдайда ғана ескеріледі;
3) тауарлар ұқсас деп есептелмейді, егер тауарлардың жобалауы,
тәжірибе-құрастырушылық жұмыстары, көркемдік рәсімдеуі, дизайні, эскиздері
немесе сызбалары:
* Қазақстан Республикасына экспортқа өндіру мен
сатуға байланысты қолдану үшін сатушымен сатып
алушыға ақысыз берілсе немесе төмен бағамен
сатылса;
* Қазақстанда дайындалып, соған байланысты
олардың құны тауардың кедендік құнына
еңгізілмеген болса.
Кедендік құнды анықтаудың негізі ретінде ұқсас тауарлардың мәміле
бағасы алынады, егер ол тауарлар:
1. ҚР аумағына енгізу үшін сатылса;
2. бағаланатын тауарды алып кеткенге дейін 90 күн
аралығында немесе алып кеткен соң 90 күн өткенге
дейін алып келінсе;
3. шамамен тура сондай көлемі мен коммерциялық
деңгейде (бөлшек немесе көтерме сауда үшін) алып
келінсе.
Ұқсас тауарлардың саны өзгеше болса не басқа коммерциялық тұрғыда алып
келінсе, мәлімдеуші осы өзгешеліктерді ескере отырып, тауарлардың бағасына
түзету енгізеді және кеден органына соны дәлелдейтін құжат тапсырады. Бұл
жерде кедендік құнды жоғарыда көрсетілгсн шығындарды ескере отырып түзету
керек. Осы әдісті қолданған кезде ұқсас тауарлармен мәміле бағасы
біреуден артық болса, онда импорттайтын тауардың кедендік құнын
анықтау үшін олардың ең төменгісі алынады.

Біртектес тауарлармен мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін қолдану
барысында кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде импорттайтын тауармен
біркелкі тауарлардың мәмілеге сәйкес бағасы алынады. Біртектес тауарлар
дегеніміз, барлық жағынан бірдей болмаса да, мінездемелері және құрамдас
бөліктері бірдей болғандықтан, бағаланатын тауарлармен өзара ауыстырыла
алатын немесе олардың функцияларын орындай алатын тауарлар. Тауарлардың
біртектестілігін анықтағанда олардың мынадай мінездемелері ескеріледі:
* сапасы, тауар белгісінің болуы және нарықтағы
беделі;
* шығу елі.
Кұнды алу әдісі бойынша кедендік құнды анықтау үшін бағаланатын
тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы күйінен өзгертілмей
сатылуы керек. Көрсетілген әдіспен кедендік құнды анықтау үшін негіз
ретінде тауар бірлігінің бағасы алынады. Бұл бағамен бағаланатын тауарлар
көп мөлшерде мемлекет аумағында сатушыдан тәуелсіз сатып алушыға
әкелу мерзіміне максималды жақын кезде (кіргізген күннен бастап 90 күннен
аспай) сатылу керек.
Тауар бірлігінің бағасынан ашып көрсетілуі мүмкін болатын келесі
құрамдас бөлшектері алынады:
1) әдетте төленетін немесе төленуге келісілген комиссиондық
сыйақылар, немесе Қазақстан Республикасына әкелінетін
сол түрлі (классты) тауарларды сатуға байланысты жалпы шығындарды
өтеу және пайда табу мақсатында әдетте қосылатын үстемелер;
2) тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу мен
сатуға байланысты төленуге тиісті импорт
баждарының, салықтарының, алымдарының және
т.б. төлемдерінің сомалары;
3) Қазақстан Республикасында тасымалдауға,
сақтандыруға, тиеу мен түсіру жұмыстарына
кететін әдеттегі шығындар.
Бағаланатын біртектес немесе үқсас таурларды әкелінген сәттен
өзгермеген қалпында сату жағдайлары болмаса, мәлімдеушінің талабы бойынша
қайта өндірістен өткен тауарлар бірлігінің қосымша құнға түзету енгізілген
бағасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік төлемдер
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері
Кеден төлемдерi
Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу
Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға қазақстан республикасы)
КЕДЕН ІСІНДЕГІ САЛЫҚ ПЕН ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарының алдын алу және ашу, тергеу
Кедендік құқықтық қатынастар. Кедендік құқықтық қатынастардың мазмұны. Кеден құқығының субъектілері
Кедендік рәсімдер түрлері
Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы
Пәндер