Эдип


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Эдип. Жастық шағы

Кадмның Ұлы Фивы патшасы, Полидор мен оның әйелі Нюктиданың Лабдак атты ұлдары болатын. Фивының билігі осы мұрагердің қолында болатын. Лабдактың ұлы, әрі мұрагері Лай еді. Бірде Лай Пелопс патшаның еліне қыдырып барып, сонда Пис қаласында ұзақ уақыт қонақ болды. Бірақ Лай Пелопстың қонақжайлылығына қара ниет қастандық жасады. Лай Пелопстың жас баласы Хрисиппті ұрлап алып, өз елі Фивыға алып кетті. Ызаланған, әрі қайғыға батқан Пелопс ұлын ұрлап кетткен Лайды өз баласы өлтіретін болсын және құдайлар жазаласын деп қарғап сіледі. Хрисипптің әкесі Лайды қарғап- сілегені соншалық, оның қарғысы орындалуға да тисі еді.

Жеті қақпалы Фивыға оралған соң Лай Менойкейдің қызы Йокастаға үйленді. Лай Фивыда бейбіт өмір сүріп жатты, тек оның жалғыз қайғысы - баласы жоқ болатын. Ақырында Лай Дельфыға сапар шегіп, сонда Апполон құдайдан өзінің осы кезге дейін баласыз болуының себебін сұрамақ болды. Апполонның абызы Лайға:

- Лабдактың ұлы, құдайлар сенің тілегіңді орындайды, ұлың болады, бірақ есіңде болсын, сен өз ұлыңның қолынан қаза табасың. Пелопстың қарғысы орындалады! - деп кәрлене жауап берді.

Лайдың зәресі ұшты. Ол тағдырдың жазғанынан қалай қашып құтылудың амалын көп ойластырды. Ақыры ол өз ұлын дүниеге келісімен өлтіретін болды.

Көп кешікпей Лайдың ұлы дүниеге келді. Қатал әке жаңа туылған жас сәбидің аяқтарын қайыспен байлап, өкшелерін өткір темірмен тесіп, өзінің құлдарының бірін шақырып алды да, нәрестені жабайы аңдарға жем етіп Киферон тауларының етегіндегі орманға апарып тастауды бұйырды. Бірақ құл Лайдыңбұйрығын орындамады. Оның балаға жаны ашып, жұрт көзінен таса етіп, жас сәбиді, кориндтің патшасы Полибтің құлына берді. Бұл құл Киферонның етегінде өз мырзасының малын бғатын. құл баланы Полиб патшаға апарып берді, ал баласы жоқ патша оны өзінің мұрагері етіп тәрбиелемек болды. Полиб патша баланың жарақаттан ісіп кеткен аяқтарына қарап тұрып Эдип деп атады.

Эдип осылай өзінің туған баласындай етіп қабыл алған Полиб патша мен оның әйелі Меропаның тәрбиесінде өсті. Өзі де бұларды туған ата-анам деп санады. Тек бірде, ер жетіп, қайратына мінген кезде, өз достарының бірі сауық-сайранның үстінде мас болып мұны асыранды өгей бала деп атап қалды. Бұған Элип аң-таң қалды. Оның көңіліне күдік ене бастады. Ол Полиб пен Меропаға барып өзінің өмірге келу құпиясын айтып беруді өтінді. Бірақ Полиб те, Меропа да бұған ешқандай жауап берген жоқ. Сондықтан бұл құпияның түбіне жету үшін ол Дельфыға аттанды.

Эдип Дельфыға дүние кезіп жүрген жай жолаушы қатарында келді. Мұнда келген соң ол абызға жалбарынды. Оған күн сәулелі Апполон пипияның аузымен:

- Сенің тағдырың өте қорқынышты, Эдип!Сен әкеңді өлтіріп, өз анаңа үйленесің. Осы некеден құдайлар қарғаған, адамдар жек көретін балалар туады, - деп жауап берді.

Эдиптің зәресі ұшты. Ол мұндай сұмдық тағдырдан қалай лашып құтылады?Демек сәуегей бұған ата-анасының аттарын атаған жоқ болатын. Эдип Коринфке енді қайтып оралмауға бекінді. Егер ата-анасы Полиб пен Меропа болса қайтеді?Ол қалайша Полибті өлтіріп, Меропамен некелеседі?Эдип өмір бойы тексіз, елсіз, әулетсіз кезбеші болып қалуға бел байлады.
Эдип Дельфыдан үйсіз-күйсіз жай кезбе болып кетті. Ол қайда барарын білмеді, сондықтан бірінші кезіккен жолға түсіп жүре берді. Бұл Фивыға апаратын жол еді. Жолда Парнас тауының етегінде үш жолдың торабы болған тар шатқалда Эдип екі доңғалақты арбаға мінген ақ шашты айбынды қартқа кездесті. Қос доңғалақты арбаны жаршы айдап, ал оның соңында қызметшілер келеді. Жаршы жолдан шық деп айқай салып Эдипке қамшысын сілтеді. Ашуланған Эдип жаршыны салып қалды да, екі доңғалақты арбаның қасынан өте бермекші болып еді, кенет арба үстінде отырған қарт қолындағы аса таяғымен Эдиптің басына салып қалды.

Эдип ызаланып кетті. Ашу үстінде қолындағы аса таяғымен салып қалғанда, қарт арбадан құлап түсті де тіл тартпай кетті. Ол қызметшілердің бәрін де қырып салды, тек бір-ақ құлдың қашуға маршасы келді. Тағдырдың жазғаны осылай орындала бастады. Эдип Фивыны қан құмар Сфинкстен құтқара көр деп Апполонға жалбарыну үшін Дельфыға бара жатқан өз әкесі Лайды өлтірді.

Эдип жайбарақат сапарын жалғастыра берді. Бұл өлім үшін ол өзін айыпты деп санаған жоқ. Өйткені, алдымен ұрынған бұл емес, ол тек қана қорғанды. Эдип жүре-жүре ақырында Фивыға келіп жетті.

Фивыны керемет ауыртпалық басып тұрған. Кадмның қаласын екі қайта бірден орап алды. Гаифон мен Эхиднаның шағылысуынан дүниеге келген аса қорқынышты Сфинкс Фивының қасындағы Сфингион тауының басына отырып алып құрбандық талап етіп, қала халқын сарсаңға салып отырған шақта бір құл Лай патшаны белгісіз бір жолаушы өлтіріп кетті деп хабар әкелді. Қала тұрғындарының басына түскен ауыртпалықты сезген Эдип бұларға көмек көрсетпек болды. Ол Сфинкске барды.

Сфинкс түрінен адам шошынатын құбыжық болатын. Құдайлар қала тұрғындарының бірі Сфинкс жұмбағын шешпейінше, ол Фивыдан кетпейді деп шешім қабылдаған. Ал бұл жұмбақты Сфинкске музалар үйреткен болатын.

Қасынан өткен жолаушының бәрін Сфинкс өз жұмбағын шештіртетін, бірақ оны ешкім шешкен жоқ, сондықтан олардың бәрі оның жезтырнақтарына түйреліп, ауыр азаппен өлетін.

Эдип Сфинкске келді. Ол оған өз жұмбағын айтты.

- Маған таңертең төрт аяқтап, күндіз екі, ал кешке үш аяқпен жүретін кім екенін айтшы?

Эдип бірден жауап берді.

- Ол - Адам!Ол сәби кезінде, өмірінің таңында төрт аяқтап, күндіз, яғни есейгенде екі, ал кешке, яғни қартайғанда, таяқпен, яғни үш аяқпен журеді.

Эдип жұмбақты дұрыс шешті, ал Сфинкс екі қанатын қомдап алды да, жартастан теңізге құлады. Осылайша Фивыны құбыжықтан құтқарды.

Эдип Фивыға оралғанда, фивылықтар оны өзінің патшасы етіп жариялады. Сонан соң Лайдың жесірі Йокастаға үйленді де одан екі қыз Антигона мен Исмена, екі ұл - Этеокл мен Полиник туды. Осылайша тағдырдың екінші әмірі де орындалды.

Эдиптің ажалы

Халық патша деп жариялаған Эдип даналықпен басшылық жүргізді. Ұзақ уақыт бойы Фивының да, патша семьясының да шырқы бұзылған жоқ, бірақ тағдыр Эдипке бақытсыздық дайындап қойған еді. Міне енді Фивыны зор ауыртпалықтар басты

Уақыт өте шындық арты ашылды. Малшы оны өз қолымен Полиб патшаға апарып бергенін, сәбиді өлімге қимағанын айтты. Әуелі малшы ештеңе айтқысы келген жоқ, бірақ Эдип патша айтпаса ауыр жазаға тартатынын айтып қорқытты.

Эдип өзінің сәби күнінде өлмегеніне өкінді. Есеңгіреп қалған күйі ол сарайға кетті. Сарайда оны жаңа соққы күтіп тұр еді. Йокаста мына шындыққа көз жеткен соң шыдай алмай, өзін-өзі өлтірген болатын. Эдип оның киімінде қадалып тұрған әшекейдің біреуін жұлып алып, үшкір жағын көзіне тығып, жанарын ағызып жіберді. Креонттан өзін Фивыдан қуып жіберуді, жалғыз тілегі балаларына қамқор болуын өтінді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Структурализм және антропологияның ұлттық мектептері
Құрылымдық антропология
Жанталдау әліппесінде негізгі психоанализ терминдері мен ұғымдарының жеңілдетілген анықтамалары
Сюжеттік архетип
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар туралы
Қазіргі замандағы қазақ философиясы
Фрейд психоанализ туралы
Cизиф туралы аңыз
Әйелдің еркекпен теңдігі мәселесін танып білу
Фарида Шәріпова өмірбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz