Аллаға шағыру (дағуат)
1 "Дағуат" сөзі
2 Дағуаттағы ширк
3 Ислам уағызының қажеттілігі
4 БІЛІМ
5 ҚҰДАЙДАН ҚОРҚУШЫЛЫҚ
6 ЫҚЫЛАС
7 ДАҒУТ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?
2 Дағуаттағы ширк
3 Ислам уағызының қажеттілігі
4 БІЛІМ
5 ҚҰДАЙДАН ҚОРҚУШЫЛЫҚ
6 ЫҚЫЛАС
7 ДАҒУТ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?
"Дағуат" сөзін термин ретінде қарастырсақ, "тарату, адамдарға жеткізу" деген мағына береді, ал лексикалық тұрғыдан келсек, "дағуат" көп мағынаға ие болады. Бөл тұрғыда дағуат «шақыру» ұғымында келеді. Мысалы:
1. Шақыру: әлде кімді шақыру немесе оған назар аудару. («әй, бері кел» деген сияқты).
2. Бір нәрсеге көңіл бөлу немесе талаптану. («Бала тәрбиесі - баршаға ортақ» деген сияқты ұрандар)
3. Белгілі бір мәселені мақұлдату және оны қорғау мақсатында басқалардың көңілін тарту. (Мысалы: Отанды немесе экологияны қорғауға шақыру).
4. Жалынып-жалбарынып өтіну, мысалы Аллаға жалбарыну, одан жәрдем сұрау, тілек тілеу.
Алла Тағала айтады:
"Аса төменшілікпен бой ұсынып, Аллаға іштеріңнен дұға оқыңдар ..." (7-Ағраф:55).
Қорыта айтқанда, дағуат сөзі адамдарды белгілі бір мақсаттарға үгіттеу, үндеу, назарын аудару, сол мақсаттың ақиқатына көздерін жеткізіп, көңілдерін сендіру, бағыттау тұрғысында қолданады.
Ал "дағуатшы" сөзінің мағынасы "белгілі бір адамды белгілі бір нәрсеге шақырушы, үгіттеуші" деген ұғымға келеді.
"Дағуатшы" сөзі жалпылама ұғымды береді. Мысалы, "дағуатшы" ақиқатқа шақыруы да мүмкін, жалғандыққа шақыруы да мүмкін. "Дағуатшы" тура жолға салуы мүмкін, оны адастыру да мүмкін. Осылайша, жүректегі сеніміне, ұстанған жолына қарай белгілі бір мақсатқа шақырушы әр адам мақсатының пайдалы не зиянды екеніне қарамастан дағуатшы болып саналады. Мысалы, Иегова, Кришнаид және Блогадать секілді секталарға шақырушылар да – дағуатшылар. Бірақ, олар адамдарды азғыру арқылы адастырушылар.

Аллаға шағыру
(дағуат)
"Дағуат" сөзін термин ретінде қарастырсақ, "тарату, адамдарға жеткізу"
деген мағына береді, ал лексикалық тұрғыдан келсек, "дағуат" көп мағынаға
ие болады. Бөл тұрғыда дағуат шақыру ұғымында келеді. Мысалы:
1. Шақыру: әлде кімді шақыру немесе оған назар аудару. (әй, бері кел
деген сияқты).
2. Бір нәрсеге көңіл бөлу немесе талаптану. (Бала тәрбиесі - баршаға
ортақ деген сияқты ұрандар)
3. Белгілі бір мәселені мақұлдату және оны қорғау мақсатында басқалардың
көңілін тарту. (Мысалы: Отанды немесе экологияны қорғауға шақыру).
4. Жалынып-жалбарынып өтіну, мысалы Аллаға жалбарыну, одан жәрдем сұрау,
тілек тілеу.
Алла Тағала айтады:
"Аса төменшілікпен бой ұсынып, Аллаға іштеріңнен дұға оқыңдар ..." (7-
Ағраф:55).
Қорыта айтқанда, дағуат сөзі адамдарды белгілі бір мақсаттарға үгіттеу,
үндеу, назарын аудару, сол мақсаттың ақиқатына көздерін жеткізіп,
көңілдерін сендіру, бағыттау тұрғысында қолданады.
Ал "дағуатшы" сөзінің мағынасы "белгілі бір адамды белгілі бір нәрсеге
шақырушы, үгіттеуші" деген ұғымға келеді.
"Дағуатшы" сөзі жалпылама ұғымды береді. Мысалы, "дағуатшы" ақиқатқа
шақыруы да мүмкін, жалғандыққа шақыруы да мүмкін. "Дағуатшы" тура жолға
салуы мүмкін, оны адастыру да мүмкін. Осылайша, жүректегі сеніміне,
ұстанған жолына қарай белгілі бір мақсатқа шақырушы әр адам мақсатының
пайдалы не зиянды екеніне қарамастан дағуатшы болып саналады. Мысалы,
Иегова, Кришнаид және Блогадать секілді секталарға шақырушылар да –
дағуатшылар. Бірақ, олар адамдарды азғыру арқылы адастырушылар.
Ал біздер үшін дағуатта екі мақсат бар. Біріншісі: қарапайым адамдармен
сұхбаттасып, сенім және тіршілік істері жөніндегі ұғымдарын кеңейту. Әрбір
адамның өмірдегі мақсатын түсінуіне, оларды тура жолға түсіруге байланысты
баяндамалар, лекциялар қамтылған бағдарламалар жасау. Екіншісі: адамдарды
әлгіндей азғырушы, алдамшы секталар арбап, адастырмас үшін, оларға өз діні
- Исламды жете білуіне және Алланың дінін адамдардың санасына жеткізуге
қатысты насихат жұмысын жүргізу. Ислам діні адамзат атаулыға айнымас айқын
жол көрсету үшін келген, ол адамдардың бірлігіне, рухани қажеттілігін
табуына құқықтарының қорңалуына, игі істерінің оңғарылуына, ақиқат пен
әділдіктің орнығуына жәрдемдеседі.
Енді Ислам уағызының ерекшелігіне тоқталайық. Ол өзге дағуаттардан
пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетіне сай болуымен өзгешелінеді.
Сүннетке сай болу
Сүннетке сай болу деген не? Егер уағызшы пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистері
мен істеріне, өнеге-үлгісі мен өсиетіне сүйеніп дағуат жасаса, онда оның
сүннетке сай келгені болып табылады. Мысалы дағуатшыға қойылар талап
тұрғысынан айтылатын хадистер баршылық.
"Қиындатпаңдар, қайта жеңілдетіңдер! қуанышты хабар жеткізіңдер!
(Сүйіншілеп шақырыңдар!) Жеккөрушілік туғызбаңдар!".
"Сендер дінді қиындату үшін емес, жеңілдету үшін жіберілдіңдер". Бұл хадис
Анастан (р.а) риуаят етіліп, әл-Бухари, Муслим жеткізген. Осындай иснадпен
жеткізілген хадистер сүннетке сай келеді.
Жасырып-жабатыны жоқ, Ислам діннің ішінде де адасушы ағымдар бар. Ал
адамдарды адастырмай, Алланың айнымас ақ жолына түсіру үшін оларға қандай
дағуат жасау керек екеніне келсек, оның да оң шешімін табуға болады. Мұнда
да мұсылман қауымы дағуатты өзінің пайғамбарының (с.ғ.с) сүннетімен жүзеге
асырса ғана адаспайды. Алла Тағала айтады:
"(Мұхаммед (ғ.с). Айт: "Менің жолым осы, Алла жаққа шақырамын. Мен және
маған ергендер ашық дәлел үстінде. Алланы пәктеймін. Сондай-ақ, серік
қатушылардан емеспін" – де!" (12-Юсуф:108).
Адасушы ағымдар мен Ислам дағуатының айырмасы неде? Ислам дағуатшысы
адамдарды Аллаға және пайғамбарға (с.ғ.с) шақырса, адасушы ағымдардың
дағуатшылары адамдарды өздеріне ғана шақырады. Адасушы ағымдар өздерімен
келіспеген бәрінен бойын аулақ ұстайды. Тіпті, жау көретіндері де бар.
Олардың ақиқат өлшемі - өздерінің түсініктері ғана. Олар пайғамбарымыздың
(с.ғ.с) сүннетінен өздерінің ұстанымдарына сай келетін жерлерін ғана алады.
Ал Алланың ақ жолына шақыру бұл ең тура жол және ең жоғары әрі игі іс болып
табылады. Адамдарды пайғамбардың (с.ғ.с) сүннетімен ғана ақиқатқа бастауға
болады, жақсылыққа, ізгілікке шақыруға болады, қараңғылықтан жарыққа алып
шығаруға болады.
өкінішке орай, дағуатта өтірік хадистерді пайдаланатын адамдар бар. Олар
ақиқат дінімізді аңыз-ертегіге айналдырып, ақылды адамдар қабыл ала
бермейтін мысалдарды көптеп келтіре береді. Бұл көкірек көзі ояу жандарды
діннен қашырмаса, шақыра қоймайды. Соның бір мысалын келтірелік.
Бір сахаба (Пайғамбардың (с.ғ.с.) үзеңгілес үмбетінің бірі) үйіне келсе,
әйелі алдынан шығып: О, Отағасы! үйде үнемге ұн қалмады дейді. Сахаба
болса, сабырлы қалпын бұзбай: қорықпа, ұн болады деп айтады да, мешітке
кетеді. Ол онда екі бас қажет намазын оқып, алақанын жайып, Алладан ұн
тілейді. Дұға жасап болған соң, үйіне келіп, әйелінен: үйге ұн келді ме?
деп сұрайды. Ол: Жоқ деп жауап береді. Сонда, сахаба: Ой, әттеген-ай,
мен дәретті дұрыс алмаған екем ғой, әйтпесе, Алла бізге ұн беруі керек еді
дейді. Сөйтеді де, дұрыстап дәрет алып, мешітке барады. Тағы да екі бас
намаз оқып, тілек тілейді. Алладан ұн сұрайды. Сонсоң, үйіне келіп,
әйелінен әлі ұнның келмегенін біледі. Сонда, сахаба тағы да: Ой, әттеген-
ай, мен намазды дұрыс оқымаған екем ғой деп, қайтадан мешітке кетеді. Бұл
жолы намазды дұрыстап оқып, Алладан тағы да ұн сұрап, дұға жасайды. үйіне
келіп, әйелінен: ұн келді ме, жоқ па? деп сұрауға оқтала бергенде,
бұрыннан бері босағада жатқан диірменге көзі түседі. Ол бейне бір жан
біткендей, өзінен-өзі айналып ұн тартып жатады. Диірменнен шыққан ұнның
молдығы сондай, сахаба оны әрең қаптап үлгереді. қажетті ұнды қаптап,
қамдап алғаннан кейін, сахабаны бұл ұн қайдан шығып жатыр? деген әуестік
жеңеді. Диірменнің үстіңгі тасын жоғары көтеріп қараса, бұрыннан бір дән
қалып қойған екен, ұн содан шығып жатса керек. Бір қызығы, дәннің әлі мұрты
да бұзылмапты. Бұл көрініске таұ қалған сахаба дереу Пайғамбарымызға
(с.ғ.с.) барыпты. Алланың елшісіне (с.ғ.с.) бүгінгі көрген-білгенінің бәрін
баяндап беріпті. Сонда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Ой, әттеген-ай, ол
диірменді бекерге тоқтатқан екенсің, әйтпесе, әлгі бір дән ақырзаманға
дейін тартылып, ұн шығарыла беретін еді депті.
Мұнда, адамның жан дүниесіне жаман әсер ететін еш нәрсе де жоқ секілді.
Оның есесіне, таңғажайып оқиғаға тарту арқылы тәтті ертегіге еліттіру бар.
Мұнда, кереметке көзсіз сенуге насихаттау бар. Ал, адамдардың көз алдында
санадан тыс құбылыс болады дегенге аса сене қоймайтындар да бар. Сондықтан,
мына хадистегі кейбір көріністерді адамның ой-қиялының жемісі деп қана
бағалауға бейім адамдар көп. өйткені, диірменнің өзінен-өзі айналуы, жалғыз
дәннен соншама мол ұн шығуы мүмкін іс деуге мүлде келмейді. Әрине ертегіге
ессіз еліткендер мұны дін етіп алуы мүмкін. Бірақ, оларды ақиқатты тапты
деп айта аламыз ба?
Бұл жерде адам өзіне ас-су, азық-түлік табу үшін тек қана дәрет пен намазды
дұрыстаса болды деген ұғым жатыр. Одан басқа қам-қарекет жасамай-ақ, Алла
қажетіңді қанағаттандырады деген сенім өзінен-өзі туады. Дұрыс! Шариғаттың
шартымен сұрасаң Алла Тағала бәрін де береді. Бірақ, белді бүкпей, жанды
қинамай, маңдайды терлетпей табысқа тап бола салудың жөні қалай болар екен?
Атам қазақ: Қолы қимылдағанның ауызы қимылдайды, ал, ақын Абай: Еңбек
етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей демей ме? Олай болса, біз сөз етіп
отырған хадисте еңбек ету жөнінде емеуріннің де жоқ екенін қалай түсінеміз?
Сонда, қалай? Алла деп алақаныңды жайсаң, ризық-несібе аспаннан топ етіп
түсе қалады деп сенуіміз керек пе? Яғни, бұл хадис Адамнан - әрекет,
Алладан – берекет деген қағидаға қайшы келіп тұр.
Дағуаттағы ширк
Дағуаттағы ширк те адамдарды адастыратын уағыз түрі. Бұл дағуат түрі
адамдарды Алланың алдында кешірілмес күнәға душар етеді. Мұны жалпыға
тарату өте қатерлі іс. өйткені мұндай уағызды таратушылар бүкіл бір
халықтың күнәсін өзіне жүктеп алуы мүмкін.
Бір мысал келтірелік: баяғыда Бағдат қаласында Әбдіқадір деген әулие болған
екен. Ол медресе ұстайтын болса керек. Шәкірттері де аз болмапты. Бір күні
Әбдіқадір әулие шәкірттеріне дәріс беріп тұрып, аяғындағы сүйретпесін
Аллаhу-у деп аспанға атып жібереді. Сүйретпе (тәпішке) қайтадан жерге
түспейді, көкке сіңіп, көрінбей кетеді. Шәкірттер аң-таң.
Арада алты ай өтеді. Бір күні Әбдіқадір әулиені іздеп бір топ жолаушылар
келеді. Сөйтіп Әбдіқадірдің аяғына жығылады. Олар: О, әулие, рахмет. Біз
сенің пайдаңды көрдік дейді. Әбдіқадір әулие: Қай пайдамды айтасыңдар?
дейді. Сонда жолаушылар болған оқиғаны бастан-аяқ баяндап береді. Бұл
жолаушылар Қытайдан бері кіре тартып шыққан кісілер екен. керуенге көп
тавар артып келе жатқан кезде қарақшылардың шабуылына ұшырап қалады.
Қарақшылар бұлардың бар дүние-мүлкін, көлігін тартып алып, айдалаға тастап
кетеді. Сол кезде бұлардың есіне Әбдіқадір әулие түсе кетіп: Ей, әулие,
жәрдем бере көр! деп жалбарына бастайды. Сол-ақ екен, олжаны ортаға алып
бөлісе бастаған қарақшылардың басшыларының бастарына аспаннан ұшып келген
аяқ сүйретпесі түсіп, олар естен танып құлайды. Есін жиған соң басымызға
түскен не деп байқаса, табаны ағаш, үсті қайыс кәдімгі сүйретпе екен. мұның
тегін емес екенін түсінген қарақшылар кірешілердің дүниесін қайтарып беріп,
кешірім сұрап, шығарып салыпты. Қайтқан малда береке бар демекші, өз
дүниесі өздеріне тиген жолаушылар қайтадан жолға шығады. Араға алты ай
салып барып Бағдатқа әрең жетеді. Олар сол сапардан орала салып,
Әбдіқадірдің әлгі екі сүйретпесін бүкіл шәкірттерінің көзіне көрсетеді.
Кіреші кісілер қиын-қыстау кезеңде қыспақтан құтқарған Әбдіқадірға рахметін
айтуға келген беті осы екен. Әңгіме осылай аяқталады.
Міне, дағуаттағы ширк деген осы. Бұл аңыз аят-хадиске сай келмейді. Сондай-
ақ ақылға да сыймайды. Шариғаттың шартына сай келмейтін жері – Алладан ғана
тілейтін тілекті Алланың мақұлығы - Әбдіқадір әулиеден сұрап тұр. Бұл –
ширк. Ал ақылға сай келмейтін жері – мүмкіндігі шектеулі адамның аспанға
лақтырған аяқ сүйретпесі алты айшылық жерден қарақшылардың қақ басына
тигені болса керек. Бұл әңгімені айтушылар аңыз адамдарды дінге қызықтыру
үшін айтылған деуі де мүмкін. Алайда адамдарды дінге алдап тартуға
болмайды. өтірікте Алланың разылығы жоқ. Уағызда өтірікті пайдаланатын
болсақ, Ислам үгіт-насихатының өзге адасушы дін иелерінің дағуатынан еш
айырмасы болмай қалар еді. Дағуаттағы ширк – адамдарды дінге тарту кезінде
үгіт-насихаттың сүннетке сай жүргізілмеуінен туындайды.
Сондықтан сау ақылға сай келетін, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетіне
негізделген Ислам уағызы қажет екені талас тудырмайды.
Ислам уағызының қажеттілігі
Қазір күллі әлем Алланы тануды, оның сүйікті елшісі Мұхаммедті (с.ғ.с)
тануды қажетсініп отыр. Сондықтан Ислам дінімен келген ақиқаттарды, діни
міндеттерді, шариғат үкімдерін адамдардың бір-бірімен қатынасындағы
заңдылықты кеңінен тануға сұраныс жылма-жыл артып келеді. Яғни, біз Ислам
дағуатының адамзатқа аса қажет екенін сезе білуіміз керек. Ибн Әл-
Қайим:"Адамдардың шариғатты қажетсінуі ішуді, жеуді айтпағанда, ауаны
қажетсінуінен де артығырақ. Адамның тыныс алуы тоқтаса, әрі кеткенде денесі
өледі, ал шариғат жоқ болса, жүрекпен бірге жан да жүнжіп, мәңгілік өлімнен
де жаман хал кешеді. Бұл екеуінің арасындағы айырмашылық қандай орасан зор
еді".
Сондықтан дағуат арқылы адамдарды Жаратушы Иеге бой ұғындыру керек. Дағуат-
Алланың ақ жолына салатын ең тиімді әдіс, оның нәтижесі адамдарды ақиқатқа
алып келеді.
Ибн Әт-Джузи былай дейді:"Адамдарға Алланың ақ жолын көрсет, мұнымен
пайғамбар (с.ғ.с) және оның артынан ілескендер айналысқан олар Алланың
жаратқандарына ерекше көңіл бөліп, зұлымдықтан тыйып, қайырымдылыққа
шақырған".
Дағуатшы жөніндегі пайғамбардың (с.ғ.с) хадистері:
"Кім жақсылыққа нұсқаса, оны іске асырушының сауабындай сауапқа ие болады".
(Муслим)
"Кім жұртты дұрыс жолға шақырса, ол соңынан ергендердің барлығы жететін
сауапқа ерген болады". (Әбу Хурайра)
Әбу Хурайра былай деген:"Адамдардың ішіндегі ең жақсысы - бізбіз, өйткені
біз оларды тура жолмен Исламға апарамыз".
Бұлар сахих хадистер болып табылады. дағуатшылардың дәрежесін көтеруге осы
мәліметтер жетіп-асады. Бірақ дағуатшылардың бұл мәртебесін місе тұтпай,
олардың Алла алдында аса сыйлы екенін дәлелдеуге білек сыбана кірісіп, өз
ойларынан олардың кереметі жөнінде әр түрлі аңыз әңгімелер құрастырып, әуре
болушылар бар.
Кереметті аңсаушылар келеңсіздікке ұрындырады
Соның бір мысалы мынау:
...Бір топ мұсылман дағуатқа шығып бара жатады. Олармен бірге шығуға тиіс
болған бір жігіттің келіншегін толғақ қысады. Жігіт әйеліне қарайын десе,
сапардан қалып барады, ал, толғақ қысып бебеулеп жатқан әйелді жалғыз
қалдыру да қауіпті еді. Не істеу керек? Сонда, жігіт келіншегіне: Сен,
қорықпа! Мен сені жалғыз қалдырмаймын. Көрші кемпірге айтып кетемін. Ол
сенің жағдайыңды жасайтын болады. Сөйтеді де, кемпірдің үйіне қарай
беттейді. Сол кезде байқап қалады: дағуатшылар аса ұзап кеткен екен. Енді
жігіт сәл кешіксе, олардың қарасын да көрмей қалайын деп тұр.
Дағуатшылардың қатарынан қалып кетуден қатты қорыққан жігіт көрші кемпірге
келіншегін тапсырып кетуге де мұршасы болмай қалады. Әйелін бір Аллаға
тапсырады да, бір Аллаға тәуекел етіп, ол да жолға шығады. Алыстап кеткен
дағуатшылардың қыр соңынан қалмай, ақыры қуып жетеді. Сонан соң, ел-елді,
жер-жерді аралап, уағыз айтып, дағуат жасайды. Қиындықпен өткен қырық күнді
артта қалдырып, ақыры ауылдарына қайтатын да күн келіп жетеді.
...Жігіт үйіне жақындаған сайын жүрегі жиі ұра бастайды. Енді қайтсін, ең
болмаса толғақпен әлек болып жатқан әлсіз әйелін көрші кемпірге де тапсырып
кете алмады. Бейшара әйелі аман-есен босанып, аяқ-қолын бауырына алды ма
екен? Тұла бойы тұңғышы еді, туған баласының халі нешік болды екен, өзі
қиналып қалмады ма екен?
Осындай ой мазалаған жігіт үйіне қалай жеткенін де білмей қалып, есікті
ашып жіберсе... қырқынан жаңа шыққан қызыл шақа баласын қолына алып, әйелі
күліп-ойнап отыр дейді. Жігіт әйелінен: Қалай, жеңіл босандың ба, қиналып
қалған жоқсың ба? деп сұрайды. Сонда, әйелі: Саған Алла сауаптан жазсын,
көрші кемпірге айтып кеткен екенсің, ол мені босандырып алып, алдымен
қалжалап, сонсоң, қырық күн күтіп бақты. үйіне сен келердің алдында ғана
кетті. Алла разы болсын оған деп жауап қайтарады. Жігіт көрші кемпірге
рахмет айтпақ болады. Кемпірге барып: Сіз бізге көмектескен екенсіз, енді
сізге Алла көмектессін деп жігіт жүрек жарды сөзін айтады. Бірақ, кемпір
түк түсінбеген сыңай байқатады: Шырағым-ау, қандай көмекті айтып тұрсың?
дейді. Жігіт: Менің келіншегімді босандырып алып, қырық күн күткеніңізді
айтамын десе керек. Сонда, кемпір: Мен сенің әйеліңді қырық күн күтіп-
бақпақ түгілі, үйімнен аттап шықпағаныма екі айдың жүзі болды. өйтіп
кемпірді келемеждеп қайтесің? деген екен.
Жігіт түк түсінбей дал болады. Не келіншегіне, не кемпірге сенерін
білмейді. Зерттеп көрсе, оның екеуі де рас айтқан екен. Келіншекті
кемпірдің күткені де шын екен, ал, кемпірдің келіншекке бармағаны да рас
екен. Олай болатын себебі, келіншекті күткен көрші кемпір емес, көрші
кемпірдің кейпінде келген періште болса керек. Бұл - дағуатқа шыққан адамға
Алла Тағаланың мейірімі айрықша болатынын айғақтап тұрса керек.
Олардың айтуы бойынша, дағуатқа шыққан мұсылман сансыз сауапқа ие болады
екен. Дағуат ниетімен жүрген адамның балағына қанша шаң тозаңы жұқса, Алла
оған сонша сауап жазатын көрінеді. Ол сауаптың көптігі сондай, санынан
періштелер жаңылысып қалатын болса керек. Сонда, Алла Тағала айтады екен:
Сендер ол адамдардың сапарға қашан шыққанын ғана белгілеп қойыңдар, ал,
сауапты Мен өзім жазатын боламын деп. Алланың ақ жолына шақыру үшін
білімнің де аса қажеті жоқ екен, дағуат жасаушы адамға Алланың өзі көп
нәрсені білдіріп, көп нәрсені түсіндіріп қояды екен. өйткені, дін үшін
жолға шыққан мұсылман Алла Тағаланың толық назарында болады екен.
Сондықтан, үй-ішім, бала-шағам аш-жалаңаш қалды-ау деп уайым шегуге еш
себеп жоқ деп түсінген дұрыс екен.
Сондай-ақ, дағуатшыларға Алла Тағала кереметтерін де көрсетіп қояды екен.
Қатардағы мұсылманның қаперіне де кірмейтін таңғажайып оқиғаларға олар күн
сайын жүздесіп жүретін көрінеді. Ал, дағуатқа шықпаған адам мұндай
мүмкіндікке ие бола алмайды деседі. Адамның ақыл-ойына аса сия қоймайтын
мұндай артықшылықтарды олар Алланың бізге берген айрықша сыйлығы деп
түсінетін секілді.
Мұндай сенім иелері өздерін таблиғ жамағат деп таныстыратыны мәлім. Айта
кету керек, өздеріне жеке ат қойып, айдар тағу – адасушыларға тән қасиет.
өйткені Ислам бөлінбейтін бір жамағат болуға тиіс еді. Енді сол таблиғ
жамағат туралы бірер сөз:
Таблиғ жамағат
Адалын айту керек, бұл ағым өкілдері адамдарға Алла дінін жеткізуде аянбай
жұмыс жүргізіп келеді. Олар өз істеріне сондай адал, уағыздарын ықыласпен
жүргізеді. Дін жетпей жатқан, Исламнан хабарсыз қалған бауырлары үшін қатты
қапа болып, олардың сырттай қамын жейді. ¦дайы дұғада болады. өз істерінің
дұрыстығына қатты сенеді. Олар өз мақсаттарына жету жолында қандай да бір
қиыншылықтарға сабыр ете біледі. Бұл жамағаттың қатарында не бір жайсаң,
жаны таза жандар бар. Мұның бәрі жақсы, сүннетке сай келеді деп айтуға
болады.
Алайда, олар амалдарының бәрін шариғаттың шартына сай атқарып жүр деп айту
қиын. Олар адамдарға Алланың бір екенін айтып жеткізеді, бірақ, оның жүз
түйеге жүк болатын мән-мағынасын түсіндіруді міндетіне алмайды. өйткені,
оған олардың білімі жете бермейді. Сондықтан, олар адамдарды дінге Алла
және Оның елшісін (с.ғ.с.) сүю қажеттілігін сіңіру арқылы емес, өздерін
өзгелерге жақсы көргізу арқылы тартуды көздейтін секілді. өйткені, олардың
уағызында Алланы пәктеуден, ұлықтаудан да гөрі өздерінің ағымындағы
адамдардың артықшылықтарын үгіттеп, үлгі етуге көп мән береді. Олар Алланың
ұлылығын өздерінің басынан өткен кереметтермен ғана байланыстырып айтатын
секілді.
Кейбір адамдардың Алла дінін уағыздау үстінде өздерін насихаттап
кететіндері рас деп Ислам ғұламалары бекер айтпаса керек-ті. Бұл олардың
мына бір мысалынан айқын көрінеді:
Бір дағуатшы жігіт келіншегіне сыйлық алмақшы болады. Ол базар аралап
жүріп, әйелінің көптен бері қолы жетпей армандап жүрген бір заттың сатылып
жатқанын көреді. Жігіт оны сатып алып, әйелін қуантқысы келеді. Бірақ,
заттың бағасы удай қымбат екен. Құны – үш мың теңге тұратын болып шығады.
Ал, жігіттің қалтасында қайта-қайта санап, қаттап қойған мың теңге ғана бар
еді. Сондықтан, әлгі затты сатып алуға жігіттің шамасы жетпейтінін анық
болады. Ол қолы қысқалығына қорланып, қатты қапаланады. Артынша, шүкіршілік
етіп, сабыр сақтауға көшеді. Бірақ, әлгі заттың қасынан кете алмай қалады.
Әйеліне сыйлық етіп апарып, жан-жарының жайнаған жүзін көргісі келеді.
Іштей, Аллаға дұға жасап: Бізге бұл затты бұйырта көр! деп жалбарынады.
Сонсоң, ақшасын қалтасынан шығарып, санай бастайды. О, ғажап! Ақшасы
көбейіп, үш мың теңге болып қапты. Жігіт әлгі затты сатып алып, әйелін бір
қуантыпты.
Осы оқиғаны ойдан шығарған адамның да, оған сеніп, оны қабылдап амал еткен
адамның да, не діни, не дүнияуи білімі жоқ екені анық. өйткені, бұл - ешбір
заңдылыққа симайтын нәрсе.
БІЛІМ
Дағуатты неден бастаған жөн? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын әрине біз
пайғамбарымыздың сүннетіне жүгінуге тиіспіз. Пайғамбарымыздың бір хадисінде
былай деп хабарланады: "Алланың Елшісі Муғазды Йемен еліне жіберген кезде
оған былай деген: "Сен кітап иелері қауымына барасың (яћудилер мен
христиандар). Ең бірінші оларды Алланы бірлеуге ("Алладан басқа Құдай жоқ"
– деп, куәлік беруге) шақыр! Егер де саған осы мәселеде бағынса, онда
оларға Алла Тағаланың әр күн мен түнде бес намазды парыз еткенін хабардар
ет! Егер де олар саған осы мәселеде де бағынса, онда оларға Алла Тағала
олардың байларынан солардың кедейлеріне алынып берілетін садақаны (зекетті)
парыз еткенін хабардар ет! Егер де олар саған осы нәрседе де бағынса, онда
олардың ең қымбатты мал-мүлкіне тиісуден (алудан) сақтан және зұлымдыққа
ұшырағанның дұғасынан (қарғысынан) сақтан! өйткені, ондай дұға мен Алланың
арасында ешбір перде болмайды" (әл-Бухари мен Муслим). Алланы бірлеу Ислам
негізі. Алланы бірлеудің антонимі ширк. Ал ширктің кешірілмейтін күнә
екенін білеміз.
Бұдан байқағанымыздай Ислам дағуаты Алланы бірлеуден басталатыны көрініп
тұр. Алайда Алла Тағаланың аятына жүгінсек, бір Алладан басқа Тәңір жоқ
деген куәлік сөзінен де бұрын білімнің тұратынын аңғарамыз. Бухари: "Білім
сөз бен істің алдында тұрады" – деген. Бұған дәлел ретінде Құрандағы:
(Мұхаммед (ғ.с)! Енді біл! Шын мәнінде Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ" (47-
Мұхаммед:19) – деген Алла Тағаланың қасиетті сөзін келтіреді. Одан әрі
Бухари Алла Тағала сөз бен істі еске алмас бұрын білімді бастаған еді –
дейді. Алланы бірлей білудің өзі де білім.
Алла Тағала айтады:
"(Мұхаммед (ғ.с). Айт: "Менің жолым осы, Алла ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz