Қазіргі геокешендердің эволюциялық дамуына әсер ететін табиғи-антропогендік факторларды анықтап, негізгі ландшафттардың жіктелуін анықтау


МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

I. ҚАЗІРГІ ГЕОКЕШЕНДЕРДІҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА

ӘСЕР ЕТЕТІН ТАБИҒИ-АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР

1. 1. Геокешендердің табиғи даму тенденциясы . . . 5

1. 2. Антропогендік факторлардың әсер ету кезеңдері . . . 9

1. 3. Антропогендік ландшафтардың пайда болу ерекшеліктері . . . 14

II. ТЕХНОГЕНДІК ЛАНДШАФТАР

2. 1. Техногендік ландшафтар түсінігінің қалыпасуы . . . 21

2. 2. Геокешендердің дамуына техногенез факторларының тигізер

әсері . . . 22

2. 3. Өндірістік аймақтардың техногендік ландшафтары . . . 24

2. 4. Бұзылған ландшафтарды қайтадан орнына келтіру . . . 32

ІІІ. АГРОЛАНДШАФТТАР

3. 1. Агроландшафт түсінігінін қалыптасуы . . . 34

3. 2. Суармалы егістіктің агроландшафтары . . . 42

3. 3. Қала ландшафтары . . . 50

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 67

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қоғам мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынастың нәтижссі ертеден-ақ әр түрлі саладағы ғалымдардың назарын аударып келгенімен, осы уақытқа дейін толығымен шешімін таппаған мәселенің бірі болып отыр. Бұл мәселені дұрыс шешу бүкіл әлем халқының алдында тұрған міндет, өйткені бүгінгі таңда табиғи процестердің дамуында орын алып отырған жағымсыз құбылыстарды жою немесе мүлдем болдырмау шараларымен адамзаттың болашақтағы өмір сүруі тікелей байланысты екендігі мәлім.

Қоғам мен табиғи орта арасындағы байланыстардың қарым-қатынасы мен ерекшеліктері марксизм-лененцизмнің негізін қалаған ғалымдардың еңбектерінде орын алған. Сондықтан, қоғам мен табиғи орта арасындағы байланыс проблемалары қазіргі күннің жаңалығы емес. Бұл проблеманың экологиялық, әлеуметтік негізі құл, иеленуші, феодалдық немесе капиталистік кезеңдерде бір-біріне ұқсас болғанымен тарихи уақытта масштабы мен формасы әртүрлі болды. Ол табиғи ресурстарды тұтынудағы айырмашылықтардан көрінді. Қоғамның дамуының алғашқы сатысында-ақ бұл процесс географиялық ортаның табиғи ресурстарын пайдалану арқылы іске асты: құстар мен жануарлардың етін, жемістердің тұқымы мал тамырын азық ету. Кейіннен отты игеріп тамақ пісіру, жануарларды қолға ұйрету мал шаруашылығынан отырықшы егін шаруашылығына ауысу, орман ағаштарын өртеп, оның күлін жыртылған жерді өндеуге пайдалану. Маркс айтқандай: "адам табиғи заттарды өзінің мұқтажын қанағаттаңдыру үшін әр түрлі формада өзгертті. Өнеркәсіп салаларының дамуына байланысты біртіндеп техника жетістіктері жақсы дамыған сайын өзгерту деңгейі арта түсті".

Энгельс те "Диалектика природы" еңбегінде қоғам мен табиғи орта арасындагы себеп-салдар байланысына назар аударды. Ол "жануарлардан адамның айырмашылығы адам баласы өзгеріс енгізе отырып табиғи ортаны өзіне қызмет етуге бағындырды, адам әсері үстем болды" - деп жазған еді. Осы өзгерістсрдің жағымсыз жақтарына да тоқтадды: "біздің әрбір жіберген қатеміз, жағымсіз өзгерісіміз үшін табиғи орта бізден кек қайтарады " - дегсн. Осы айтылған ойларын нақтылы мысалдар арқылы толықтырады: "Месопотамияда, Герцияда, Кіші Азияда жыртылған жердің көбейту үшін ну орман ағаштарын кескенде адамдар уақыт өте келсе оның орнында қу дала қалыптасатын, климатгың ылғалдылық дедгейнің өзгеретінін білген жоқ. Таулы өлкелердін солтүстік беткейінде сақталған, бірақ оңтүстік беткейінде шырша ормандарын кесіп, алып шалғын зонасын нашарлатып, егістіктің көлсмін ұлғайтқанда италияндықтар осы арқылы алып шалғынында жайылатын малдың азық қорының, жыл мезгілдердің таудан бастау алатын бұлақтардың құрғайтынын, эрозиялик; процсетердің үдейтінін ескермеген еді. Бірак, ең негізгісі - біз табиғи ортада өмір сүретіндіктен оның заңдылықтарың түсініп, дұрыс пайдалана білуіміз керек ".

Қоғамның тарихи даму барысында табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың жағымсыз жақтары табиғи орта емес адамзат үшін де қолайсыз болып отырғаны анық. Өйткені, кейбір ресурстарды ысырап етіп пайдаланудан оларды жасанды түрлермен ауыстыруға мәжбүр болып отыр. Мысалы, XX ғасырдың екінші жартысында тек ірі капиталдық елдер ғана табиғи ресурстарды осыдан жүз жылдың бұрынғымен салыстырғанда 30-40 есе артық пайдаланған. Егін шаруашылығы үшін көп территорияны жырту, орман ағаштарын кесу, өртеу, эрозия, дефляция, атмосфераның ауаның ластануы құрлық пен дүниежүзілік мұхит суының ластануы, урбанизация деңгейінің артуы және қазба байлықтарды мол өндіру барлығы табиғи орта тепе теңдігін бұзып, табиғи ландшафтардың сапасын, табиғи әлеуметтік нашарлататыны анық.

Табиғи жағдайда әрбір ландшафт өздігінен кайталанып орнына келетін жүйе болып табылады. Сондықтан, табиғи ландшафтың бір ғана компоненті өзгеріссіз, оның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады: нәтижесінде ландшафтың ішкі морфологиялық құрылымы толығымен өзгереді немесе осы өзгерістерді жоюға тырысады. Осылай, адам әсерінен өзгерген немесе жасанды пайда болған антропогендік ландшафтар модификациясы қалыптасады.

Құрылымын антропогендік факторлардың әсерінен, өзгерткен антропогендік ландшафтар модификациясын теориялық және қолданбалы мақсатта зерттеу В. А. Николас, Г. П. Герасимов, Ф. Н. Мильков, Л. И. Куракова, А. М. Рябчиков, А. И. Перельман т. б. ғалымдардың еңбектерінен көрініс тапты. Қазақстан Республикасының табиғи ландшафтарының антропогендік өзгеру ерекшелігін зерттеп, осы бағытта география ғылымына үлес қосып келе жатқан ғалымдар: А. В. Чигаркин, К. М. Джаналеева, Г. В. Гельдыева, Т. И. Будникова т. б.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: қазіргі геокешендердің эволюциялық дамуына әсер ететін табиғи-антропогендік факторларды анықтап, негізгі ландшафттардың жіктелуін анықтау.

Зерттеу әдістемесі: Негізгі статистикалық материалдарды өңдеу барысында, оларды сұрыптау, жүйелеу және талдау әдістері, тарихи, салыстырмалы, картографиялық әдістер пайдаланылды. Дерек көздерін жинау кезінде, оларды салыстыру, өңдеу, толықтыру мәселесі.

Зерттеудің құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. ҚАЗІРГІ ГЕОКЕШЕНДЕРДІҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА

ӘСЕР ЕТЕТІН ТАБИҒИ-АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР

1. 1. Геокешендердің табиғи даму тенденциясы

Географиялық ғылымдар жүйесінде қоғамның табиғи ортаға әсері мен олардың арасындағы қарым-қатынасты зертеу, әрине, соңғы жаңалықтардың бірі емес. Бұл жағдайда В. Б. Докучаев пен Л. И. Воейковтың классикалық еңбектеріне, ал шет елдік географиясы саласында Джорж Марштың ғылымы зерттеулердің жүгінсек жеткілікті.

Бірақ антронотен түсінігі осы ғылыми еңбектерден біршама кейін пайда болады. . Бұл ілімді өтксн ғасырдың 30- жылдардың ленинградтық профессорлар А. Д. Гожев пен Б. Н. Городков ұсынды. Ғалымдардың сол кездегі және кейінгі еңбектерінде антропогендік ландшафт деп адамның іс-әрекеті салдарынан пайда болғал комплекетерді түсінді. Антропогендік ландшафт түсінігін кең және тар мағынада түсіну кеңінен өріс алған. Дегенмен, қазіргі география ғылымында Воронсж университетінің география мамандары ұсынған ғылыми тұжырым жиі қолданылады. Олардың тұжырымы бойынша, антропогендік ландшафтар деп ландшафттың бүкіл аумағында болмаса да басым ауданында адамның шаруашылығы әсерінен бір немесе бірнеші компоненттерінің түбегейлі өзгеріске ұшырауын түсінеміз.

Табиғи кешендердің тарихи даму ерекшелігінне шолу жасау олардың болашақтағы өзгерісіне баға беру үшін қажет. Л. С. Бергтің "табиғи ландшафтарды танып - білу үшін оның қашан қалай пайда болғаның, уақыт өте келе неге айналатынын анықтау керек" - деген тұжырымы осы ойдың бірден-бір дәлслі болып табылады. Алуан түрлі табиғи факторлар мен продестер комплекстсрдщ дамуына бірдей әсер етсе де әрқайсысының қарқыны мен бағыты әрқалай.

А. А. Григорьев, М. И. Будыко сияқты ғалымдар, әсіресе климатқа негізгі фактор ретінде көп көңіл бөлген /6/. Климаттың жылу мен ылғалдың қарым-қатынасы, ылғалдану коэффициенті сияқты көрсеткіштсрінін рөлі ерекше. Сонымен қатар, климаттың. көп жылдық көрсеткіштерінщ ауытқуы, кеңістік пен уақыт арасында өзгеруіне көп көңіл бөлу қажет.

Жалйы ылғалдану теорцясы бойынша солтүстік жарты шарға әр түрлі ұақтықтағы ритмикалық ауытқулар тән. Ең ұзақ ритмнің мезгілі - 2000 жыл. Ол ірі екі фазаға бөлінеді /28/: а) салқын-ылғалды - 300-500 жыл; б) жылы және құрғақ - 600-800 жыл; в) бірінші мен екінші фаза аралығындағы өтпелі фаза - 700-800жыл.

Дегенмен, қазіргі климаттың өзгеруі ылғадданудьң бірде артып, бірде төмендеп ауысып отыруына сәйкес. Шнитников бойынша, мұндай кезендердің ұзақтығы - 45 жыл. Ылғалданудың соңғы өсу фазасы Қазақстан территориясында өткен ғасырдың 40 ж. болған /29/.

Сонымен, өткен геологиялық даму кезеңінде де климаттық көрсеткіштер өзгеріп отырған. Мерзімі бойынша климаттық көрсеткіштердің өзгеруі соңғы геологиялық кезеңде пайда болтан: 70 млн. жыл бұрын жылы климат оның қайта суылыл, мұздықтарды пайда өтуімен ауысып отырған. Мұздықты кезендер плейстоценде (ұзақтығы 1 ж. ) мұзаралық жылынумен (ұзақтығы 2 ж. ), соңғысы осы күнгс дейін созылуда. Плейстоцен мен голоцен аралығындағы климаттың өзгеруі қазіргі табиғи зоналардың шекараларының қалыптасуына ықлал етті.

Алғаш рет МХ. Байдал /4/ Қазақстан герриториясы үшін апатты қуаңшылықтың калыптасуын күнің активтігімен байланысты екенін дәлелдеді: күн активгілігінің (белеенділігінің) II жылдық цикл максимумыңда қуаңшылық сирек, ал керісінше болған жағдайда қол, яғни жиі қайталанып отыруды. Ал ауа температурасыныд көп жылдық өзгеру дикды - 30 жыл. Сонымен, жоғарыда айтылған авторлардың еңбектерінен ылғалдану режимінің, темлература мен жауын-шашын мөлшсрінің өзгеруі күннің актинтілігімен байланысты екенін түсінеміз. Циклдық өзгерістер жылы және суық кезеңдердің бір-бірімен ауысып отыратынынан байқалады. Бұл кезеңдердің ұзақтығы әрқалай: 2-ден 11-22 және 30 жылға дейін.

Сонымен, Қазақстан территориясьшың қазірігі климаттық жағдайының өзгеруі, мысалы, теңіздердің деңгейлсрінің тартылуы мен өзен суларының азаюы жағымсыз табиғи процсстердіц қалыптасуына әсер етті. Егер де өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін батпақтану, су эрозиясы, тұздану, дефляция сияқты продестер басым болса, қазір теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеуі көп кездеседі. Аридті климат үдеді, батпактардың, қамысты комплекстер мен тогайлардың ауданы азайділ. Кейбір жерлерде өзең көлдер құрғап, сортап және сор шұңқырлар пайда болды. Осы процестердің нәтижесінде табиғи комплекстердің ауысуы, түз шоғырлаау, өсімдік пен топырақтың нашарлауы, жалпы алғанда, эолдық процестср ұлғайды. Мұндай процестер бүкіл Қазақстан территориясына тән.

Осы процестердің тарихи кезеңде дамуы мен кеңістік бойынша алмасып отыруы бірнеше факторға байламысты. Әсіресе территроияның морфострукралық және морфоркулыптуралық құрлымын, неотоникалық қөзғалыстардың режимін, климат және антропогендік факторларды ерекше атап кетуге болады. Осы процестерге байланысты аккумуляция мен денудация, экзогеддік процестердің қарым-қатынасы кедістік бойынша әр түрлі . Бағыты мен қарқыны әр түрлі эолдық процестер бүкіл Қазақстан территориясында дамыған.

Дефляция процестері климаттың континентальдығы мен жиі-жиі соғатын қатты желдермен байланысты да, көтерінкі рельеф формаларына жақын орналасқан депрессиялардың дамуында маңызды рөл атқарады. Тұйық депрессиялар қатты қызатындықтан, құмдар мен шаң-тозаңдар олардан тымық ауа райы кезінде де ұшатыны белгілі.

Қарқындылығы жоғары дефлядиялық процестер теңіз түбінен босаған жерлерде де басым. Осының нәтижесінде теңіз, көл түбінен босаған шаң-тозаң, химиялық құрамы әр түрлі тұздар басқа территорияға ұшырылады. Теңіз, көл түбінен босаған тау жыныстарының құрамына, механикалық құрылымына байланысты олар әр түрлі қашықтыкқа жетеді, сөйтіп пайда болған орталығынан алыс аймақтарға шоғырланады.

Тәулік пен жыл мезгілдері бойынша температураның күрт өзгеруі химиялық және физикалық үгілуге негіз болады. Мұндай үгілу процестері бүкіл территорияда кеңінен тараған. Олар белгілі бір рельеф формасын құрмайды, дегенмен басқа аридті продестсргс материал жинақтайды. Шөлдену, құрғақтану процестсрінің нәтижесінде топырақ пен өсімдік жамылғысының сандық және сапалық қасиеттері нашарлайды. Әсіресе топырақ жамылғысының тұздануы, бірақ тұздану қарқындылығы территория бойынша әрқалай. Өйткені, өзен аңғарлары мен теңіз деңгейінен және жер асты суларынан қаншалықты алыс, жақын орналасқанына байланысты өзгермелі сипатқа ие болады. Сондықтан, бір тибиғи комплекстерде тұздану қарқынды болса, екіншісінде керісінше. Оның салдары: тұздану мөлшсрі алуан түрлі тақырлар мен шалғынды , батпақты, сортаң топырақ түрлерінің дамуы.

Топырақ жамылғысының, ауа қабатынын тұздалуының негізгі көзі палеоген және неоген дәуірлерінің құмды-саздақты тау жыныстары. Территорияға, жалпы, хлоридті-сульфатты тұздану тән. Қарқынды тұз шоғырлану Қазақстанның жазық аймактары мен қазан-шұнқырлы территорияларында кездеседі.

Мысалы, Сырдария сияқты ірі өзен суының азаюм оның жағалауында орналасқан өзен, қолдердің, батпақтардың су және гидрохимиялық режиміне де ықпал етеді. Ол судың минералдануының көбеюінен, өзен, қолдердің тартылуынан, батпақтардың құрғауынан айқын көрінеді.

Шайылу процестері рельеф формасының көтеріңкі аймақтарыңда дамыған. Олардың төменгі етегінде орналасқан ойпаттарда делювий, пролювий процестері басымырақ.

Беткей денудациясының құрамдас бөлігі гравитациялық процестер болып табылады. Тау жыныстарының литологиялык құрамы, климаттық, топырақ пен өсімдік жамылғысынын ерекшеліктері ірі беткейлерде ысырынды, шайылу. эрозия сияқты процестердің жақсы дамуына әсер етеді. Олардың ұзындығы 0, 5 км-ден 2 км дейін, ені - 0, 1-1 км. Гравитациялық процестердің нәтижесінде борпылдақ тау жыныстары қалыптасады да, эолдық процеске дайын материал пайда болады.

Құрғақтану процесінің үдеуіне байланысты топырақтың беткі қабатында жарықтарпайда болады. Әсіресе, осындай жарықтар айқын байқалатын тақырлы жерлер құрғаған қазаншұңқырларда кеңінен өріс алған.

Батпақтану процесі 60-жылдармен салыстырғанда нашар дамыған, көптеген батпақты ойыстар құрап тақырға сор қазан-шұнқырларға айналып отыр. Бірақ, толығымен жойылып кетеді деп айтуға болмайды кішігірім батпақтар өзен аңғарларында кездеседі.

Сонымен, табиғи ортаның қазіргі жағдайында территорияның барлық компоненттері тұрақсыз. Әсіресе, биота тұрақсыздығын ерекше атап өткен жөн. Ол топырақ жамылғысының механикалық құрамына, ылғалдану денгейіне ирригациялық жүйелерге және мал жайылымына тікелей байланысты. Топыраққа қарағанда өсімдік жамылғысы аз уақытта шөлді типтерге ауысады. Сондықтан, өсімдік жамылғысы табиғи компоненттердің даму сатысын көрсететін негізгі индикатор. Өсімдіктің динамикалық өзгерісі негізгі жайылымына жерлердің өнімділігінің өзгеруінен, яғни күрт төмен айкын көрінеді. Өсімдік трансформациясы олардың бір топтарыпын екіншісімен ауысуынан, ылғал сүйгіш өсімдіктердің орнына қуаншылыққа төзімді, тұз сүйгіш өсімдіктердің қалыптасуынан байқалады. Дегенмен, табиғи жағдайлардың нашарлауы (шөлдену бағытында) жалпы өсімдік топтарының зоналық ауысуына әсерін тигізбейді. Өйткені зноалық өсімдік жамылғысы да аридті теорриторияларға тән галофитті ксерофитті формациялардан тұрады.

Сонымен, қазіргі ландшафт құрушы процестср зоналық және азональдық геологиялық, геоморфологиялық ерекшеліктермен айқындалады. Өз кезегімен табиғи зона шеңберіндегі ландшафт құрушы процестердің таралуы литогендік негізге релъефтің морфометриялық және морфологиялық ерекшелігіне де тікелей бағынышты.

Казіргі табиғи кешендердің дамуына, эвалюциялық ерекшелігінс антрологендік факторлардың тигізер әсеріне ерте кездеақ назар аударғаң. Ал соңғы уақытта ғылыми-техникалық революция жетістіктерне байланысты оның әсері кейде табиғи процестер әсерінен де артық болып отыр. Қазіргі ландшафтардың шығу тегі мен болашақтағы даму бағытын анықтауда тек табиғи факторларды есепкс алу жеткіліксіз. Табиғи комплекетердің қуаншылыққа ұшырауының әр түрлі деңгейде болу себебі, табиғи факторлармен қатар, антропогендік факторлардың әсерінен қажет.

Шөлдену, тұздану т. б. процестердің нақты көрсеткіші - ең алдымен топырақ және өсімдік жамылғыларының азғындауы, егіс өнімділігінің кемуі. Тіпті, ну тоғайлардың мүлдем жойылып кету мүмкіншілігі байқалады. Нәтижеде - ауыл шаруашылық айналымынан шығын қалған жерлердің көлемі артады және айналымдағы жерлердің биолоғиялық өнімділігі төмендейді.

Қазақстанның суармалы егістік жерлерінің басып бөлігі ағынсыз шұңқырларда орналасқаңдықтан, қайта тұздануға қолайлы. Екіншіден, егістік аймақтарда суару нормасы дұрыс жүргізілмесе топырақ құрамы, құнардығы да өзгеріске ұшырайды, сөйтіп құларлы жерлердін ауданы кемиді, Егістік жерлердің мелиоративтік жағдайында нашарлауы қайта тұздануға, тұзды жер асты суларының жоғары көтсрілуіне себеп болады. Кейде қайта тұздану суармалы егістікке су каналдары арқылы жіберілген тұзды су қосылуы арқылы да пайда болады.

Өзен суларының әр түрлі пестицидер мен минералдары тыңайтқыштармен ластануы да қосымша фактоор болып табылады. Бұл процесс тіпті “химиялық ластану” деген атқа ие болған. Олар өзен аңғарында орналасқан өнеркәсіп қалдықтары мен мал фермаларынан жиналатын органикалық ағын сулар.

1. 2. Антропогендік факторлардың әсері ету кезеңдері

Табиғи ортаға антропогендік факторлардың тигізер әсері үнемі даму үстінде және саяси-қоғамдық формация типіне байланысты өзгермелі болады. Сондықтан, табиғи лапдшафтардың антрокогендік факторды әсерінен өзгеруі: қоғамның алғашқы даму сатысында компоненттердің аздаған өзгерісінен казіргі кездеп ғаламшарлық (глобальды) масштабтағы техдогендік ауытқуға дейін артып отырады. Жекелеген компоненттердің өздігінен қайтып орына келу қасиетіне байланысты бір өзгерістер қайтымды болса, кейбірі қайтымсыз, яғни табиғи ландшафт құрылымынан мүлдем жоғалып кетуіне әкеліп соқты.

Қазақстан территориясындағы ландшафтардың пайда болуы мен даму тарихына арналған ғылыми еңбектерден табиғи ландшафтардың даму эволюциясы ұзақ уақыт бойы эндогендік және экзогендің факторлардың әсерінде болғаның байқаймыз. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының антропогендік тигізер әсері плейстоцен, ал ең негізгісі голоцсн кезеңінде байқала бастады. Палеолит дәуірінде аңшылық пен балық аулаумсн айналысу салдарынан жергілікті жердің фаунасы ғана өзгеріске ұшырады. Айтарлықтай өзгерістер неолит пен тас дәуірінде байқалды. Кейінен Қазақстан тсрриториясыыда және феодалдық мемлекеттердің пайда болуыан қалалар мен ирригациялық каналдар салынып, тұрғылықты халық егін шаруашылығымен байналысты. Бұл жұмыстар жергілікті жердің литогендік және биогендік компоненттерінің өзгеруінен көрініс тапты. Көне феодальдық мемлекеттер туралы тарихи мәліметтер жеткілікті сондықтан осы кезеңдегі табиғи орта өзгсрістері туралы толық мағлұмат ала аламыз. Орта ғасырда Қазақстан торриториясында адам шаруашылығының әсер формасы туралы мәліметтер жоқпен тең. Моңғол шапқыншылығы кезінде көптеген қалалардың, мәдени орталықтардың жойылып кетуі меи халықтың қырылуы туралы мағлұматтар да ғылыми оқулықтарда мардымсыз. Қазақ халқының тұрмысы, мәдениеті мен әдет-ғұрпы туралы мәліметтер ғылыми баспаларда XVIII ғасырдан бастап арта бастады. Табиғи ландшафтардың морфологиялық құрылымының халық шаруашылығының әрекетінен өзгеруі Кеңес өкіметінің құрылуымен байлаиысты. Бұл кезен Қазақстанда ауыл шаруашылығының, экономиканың қарқынды дамып, Қазақстан дамыған индустриальды республпкаға айналумен ерекшеленді.

Бірнеше миллион жылға сөзылған тас ғасырында антропогендік әсер Қазақстанда онша маңызды болмады. Палеолит дәуірінде өсімдік пен жануарларға адамның тигізген әсері мардымсыз болды, өйткені қоректену үшін жеуге жарамды өсімдіктердің жеміс-жидегін, тамырын жинаумен және жабайы аңдарды аулаумен шектелді. Тас ғасырының соңына сәйкес келетін неолит кезеңінде адамдардың егін мен мал шаруашылығымен айналысуымен антропогендік әсер үдей түсті. Олар сол игерген торриторияларымда отырықшы болды, сондықтан да, табиғи ортаның өзгеруі елеулі бола бастады.

Көне палеолит тұрақтары Қазақстаның - орталық шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған: Жаман - Айбат, Бөріқазған. Бұл еңбек құралдары тастан жасаған шель - ашель мәдениеті дамыған дәуір еді. Сондықтан, мұндай құралдарды жасау тасты территориядарда ғана мүмкін болды. Адамзаттың коршаған ортаның рельеф пішінне өсімдік пен жануарлар дүниесіне тигізген әсері әлсіз болды. Жоғарғы палеолитте климаттың күрт суынуына (плейстоцсннің днеир мүздығының шекарасы шскарасы 48° с. с. дейіи таралды) байланысты адамдар Орталық және Оңтүстік Қазақстанның өзен аңғарларында қоныстануға мәжбүр болды. Алғашқы адамдардың отырықшылыққа көшуі антропогендік әсердің жаңа формаларының пайдалана бастауына көрініс тапты. Адамдардың отты пайдалана бастауынан жасанды орман өрттері жиі болып отырса, топтасып аң аулау нәтижесінде ақ бөкен, жабайы ат сияқты жанулардың жойылып кетуі орын алады.

Мезолит дәуірінде бұрынғы аңшылық пен жеміс-жидекті жинаушылыкка топтасып балық аулау кәсіпшілік қосылып, антропогендік әсердің формасы түрлене бастады. Садақ пен жебені ойлап шығаруға байланысты жабайы аңдарға тигізер әсер ұлғая түсті. Осы кезеңдері негізгі тарихи жаңалықтардың бірі - мал мен егін шаруашылығын өту процестерінің өту мейлінше арта бастауы.

Неолит кезеңдері кең байтақ Қазақстаннң орталығында, Бетпақ далада, Ембі, Торғай және Сарысу өзендері жағалауында қоныстанған адамдардың тұрмысында аң, балық аулау, жеміс-жидектері жинау да сақталып келген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ландшафт компоненттері арасындағы байланыс
Сырдария өзені төменгі ағысы ландшафттарының құрылымдық өзгерістері
Жайық өзені атырауының ландшафтық құрылымы
Антропогендік ландшафттардың дамуының алғышарттары
Сырдария өзені атырауының физикалық-географиялық жағдайын талдау арқылы iрi сауармалы егiншiлiк аймағының геоэкологиялық мәселелері мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдары
Ландшафттық типологиялық карталарды құрастыру мен ауыл шаруашылық жерлердің территориясын ұйымдастыру
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ландшафттың экологиялық қасиеттері
Ландшафттың экологиялық қасиеттері туралы
Антропогендік ландшафт туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz