Мақал-мәтелдер – халық даналығы



1 Мақал.мәтелдер
2 Дайындық ережелері
3 Жіберілетін қателіктер
Мақал-мәтелдер – халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер — өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі. «Сөздің көркі-мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады. Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мысалы: «Кең болсаң,кем болмайсың», «Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені,еменнің иілгені-сынғаны».
Мәтел – ой-бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мысалы: «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді», «Әлін білмеген әлек».Мақалдар негізінен тура мағынасында ұсынылса,мәтелдер астарлы мағынада түсініледі.
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы:
1. Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылады, ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды. Мысалы: Қорқақтыкөпқусаң,батырболады.
2. Мақалкөбінесеқұрамалассөйлемкүйіндекеледі,ал,мәтелжайсөйлемкүйіндекеледі. Кейдебаяндауышыайтылмағантолымсызсөйлемкүйіндекеледі. Мысалы: Көппенкөргенұлы той.

Көпшілік алдына шығып сөйлеуге дайындық
Атам заманнан бері халық алдына шығып сөйлеудің маңызы зор болған. Бұл өнерді бұрын әсіресе саясаткерлер, өнер адамдары, ғалымдар жақсы меңгерген. Күн өткен сайын көпшіліктің алдына шығып сөйлеу өнерінің маңызы арта түсуде. Бұл өнердің ерекшілігі адамның дайындығы мен сөйлеу мәнеріне ерекше байланысты.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер - халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер -- өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі. Сөздің көркі-мақал деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады. Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мысалы: Кең болсаң,кем болмайсың, Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені,еменнің иілгені-сынғаны.
Мәтел - ой-бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мысалы: Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді, Әлін білмеген әлек.Мақалдар негізінен тура мағынасында ұсынылса,мәтелдер астарлы мағынада түсініледі.
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы:
1. Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылады, ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды. Мысалы: Қорқақты көп қусаң,батыр болады.
2. Мақал көбінесе құрамалас сөйлем күйінде келеді,ал,мәтел жай сөйлем күйінде келеді. Кейде баяндауышы айтылмаған толымсыз сөйлем күйінде келеді. Мысалы: Көппен көрген ұлы той.

Көпшілік алдына шығып сөйлеуге дайындық
Атам заманнан бері халық алдына шығып сөйлеудің маңызы зор болған. Бұл өнерді бұрын әсіресе саясаткерлер, өнер адамдары, ғалымдар жақсы меңгерген. Күн өткен сайын көпшіліктің алдына шығып сөйлеу өнерінің маңызы арта түсуде. Бұл өнердің ерекшілігі адамның дайындығы мен сөйлеу мәнеріне ерекше байланысты.
Дайындық ережелері
Сөйлеуге қажетті мәтінді дайындау үшін шешен ең әуелі қанша уақыт сөйлейтінін білуі керек. Уақыт шектеусіз болды дегеннің өзінде көпсөзділіктен қашқан дұрыс. Орташа 5-7 минуттан, жалпы алғанда 10 минуттан аспағаны жөн.
Сөйлейтін сөзіңіздің мақсаты мен жеткізер идеяңызды анықтап алыңыз. Жоспар нақы болғанда ғана мәтін дұрыс жазылады.
Баяндамаңыздың нақты идеясын сөздің басында келтіруге немесе соңында айтып өтуге болады. Ол сіздің жеке қалауыңыз. Сөзіңіз анық, ойлы, бір-бірімен байланыста болғаны жақсы. Ал егер ғылыми конференцияға шыққалы отырсаңыз, міндетті түрде терминдер пайдаланасыз. Белгілі бір сандық көрсеткіштер міндетті түрде келтіріледі, тек бұлар алға қойған міндеттен ауытқымауы керек.
Көпшілікке бағдар жасаңыз. Егер сіз эконмист болып, өз әріптестеріңіздің алдына шыққалы тұрсаңыз, бәрі білетін терминдерді егжей-тегжейлі түсіндірудің қажеті жоқ. Ал басқа мамандық адамдарының алдына шығар болсаңыз, бұлардың мағынасын ашу өте орынды.
Мәтінді дайындап болған соң міндетті түрде бір оқып шығып қате жерлерін жөндеңіз. Қайта-қайта оқып, күнделікті қарым-қатынас әдісіңізді жоғалтып алмауға тырысыңыз. Яғни, жасандылыққа жол бермеңіз. Ол үшін айнаның алдында тұрып біраз дайындық жасаған дұрыс. Жақын адамдарыңыздан сіздің тыңдарманыңыздың рөлін сомдауды өтініңіз.
Киім стилі. Дайындықтан соң киім дайындауға кірісіңіз. Ең бастысы киіміңіз кездесу форматына сәйкес келуі керек. Егер ғылыми форумға барғалы тұрсаңыз, классикалық киім үлгісін таңдағаныңыз жөн. Талапкерлерде семинар жүргізетін болсаңыз күнделікті қарапайым киім болғаны дұрыс. Ең басты ереже, киіміңіз көпшіліктің назарын ерекше аударатындай болмауы қажет. Өйткені мұндай киімдер сіздің баяндамаңыздың мәнін жоғалтады. Сондықтан қызыл туфли, жалтыраған бижутерия, түрлі-түсті көйлек дегендерден аулақ болыңыз. Олай болмаған жағдайда тыңдармандарыңыз сіздің сөзіңізді тыңдаудан гөрі киіміңізді әңгімелеп әуре болады.
Көпшілік алдына шығу
Сонымен, ортаға шығуға дайынсыз делік. Әрине бойыңызды қобалжу билері сөзсіз. Оны болдырмауға тырыспаңыз, тек тыныс алу жиілігіне мән беріңіз. Бір-екі рет терең тыныс алып, баяу дем жіберіңіз. Олардың бірқалыптылығына көз жеткізгеннен соң ғана бәрі дайын болады.
Сөзіңізді амандасудан бастаңыз. Содан кейін сұрақтарды баяндама оқып болғаннан кейін қояға болатынын бір ескертіңіз. Жас баяндамашылар көбінесе тұтқиылдан болған сұрақтардан қорқады. Бірақ сұрақ қойылғанының өзі жақсы. Бұл сіздің баяндамаңызды қызығып тыңдайтындар бар деген сөз. Көпшілік сізді тыңдап қана қоймай, айтқан сөзіңіздің маңыздылығына да мән беріпті. Бұл қуантарлық жайт. Бұл баяндамашының жетістігі. Егер берілген сұрақтарға жауап таба алмасаңыз, қамықпаңыз. Мүмкін болса, әріптестеріңізбен кеңесіңіз. Ол болмаған жағдайда сұрақ қоюшыға бұл төңірегінде мәлімет қарамағаныңызды, келесіде міндетті түрде ескерілетінін айтыңыз. Тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихтан сыр шертетін-халық даналығы
Қазақ мақал-мәтелдеріндегі хандар бейнесі
Құрамында киелі сандары бар мақал-мәтелдерді зерттеу, жіктеу, талдау
Мақал – мәтелдер туралы ақпарат
Мақал - мәтелдердің оқытылуы
Қазақ мақал - мәтелдері
Мақал - мәтел мағыналы шығарма
Қазақ тілінің маңызы
Б. адамбаев - фольклортанушы
Қазақ-ағылшын-орыс мақал-мәтелдерін салыстыра зерттеу
Пәндер