Экономикалық білім


ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ
Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушыларға экономикалық білім беру мәселелерін орталықтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Казақстан мемлекеттік уииверситеті жанынан оқу-әдістемелік бірлестік ұйымдастырған еді. Осы бірлестік тарапынан еңбек пәнінен беретін мұғалімдер үшін жаңа мамандықтар дайындау қажеттілігі туралы ұсыныс түсірілді. Сондықтан бұл мамандықтар үшін Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылдың 10 маусымындағы №460 бұйрығымен мемлекеттік жалпы міндетті білім берудің стандарты дайындалып бекітілді. Жаңа дайындалған білім беру стандартына мамандықтардың біліктілік сипаттамасында жалпы талаптарга қосымша экономикалық білім беруге қатысты мәселелер де қарастырылған. Мысалы, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік пәнінің мұғалімі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс.
Оқытылатын пәнінің ерекшеліктері ескеріліп, білім мен тәрбие мәселелерін шешу, кәсіптік білімді қалыптастыруға қажетті ұйымдық-педагогикалық мәселелерді меңгеру, сапалы кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеру және тағы басқа. Бұл мамандықтың ерекшелігі оқушы технологиялық үрдістерді меңгеруімен қатар сол технологиялық тәсілдерден хабардар болуы тиіс. Бұдан болашақ еңбек пәні мұгалімдеріне экономикалық білім берудің қажеттілігі туындайды.
Бұл мамандықты бітіруші түлек еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мамандықты меңгеріп қана қоймай, Қазақстан Республикасының Конституциясының Заңдарын, бала құқықтарының Конвекциясы туралы, Үкіметтік білім беру саласы туралы, мектеп жасындағы балаларға білім беру, тәрбиелеу, алғашқы кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі шешімдерін білуі тиіс. Бұл мәселелердің қарастырылуы оқушыларға білім берудің алғашқы сатысында үздіксіз кәсіптік білім беруді ұйымдастыру қажеттілігінен туатын мәселелер. Мұны оқушының білімін, шеберлігін, дағдысын үнемі көтеруге бағытталған келешек мамандық иесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын шешуге нсгізделген үрдіс деп қарауымыз қажет.
Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мамандығының жалпыға міндетті білім беру стандартында арнайы пәндер циклындағы пәндер топтамасында айтарлықтай ерекшеліктер бар. Жалпы кәсіптік пәндер циклында педагогикалық білім берудегі экономикалық мәселелер қамтылған, мұндағы ескеретін ерекшелік тек өндіріс саласының таңдау бағытына қарай бөлінеді.
Қажеттіліктен туындаған бұл мамандық иелерінің айырмашылықтары тек блоктағы пәндердің мазмұнында ғана емес, сонымен қатар базалық жалпы мәдениеттік еңбек мәселелері де қамтылған. Жалпы еңбек мәдениетін қалыптастыруға бірнеше пәндер циклы енгізілген. Ол пәндердің басты мақсаты - еңбек мәдениетінің шығармашылық бағытын дамытуға және қалыптастыруға, экономикалық білімнің қажеттілігі мен шарттары шығармашылық еңбекпен байланысты болатындығына көз жеткізу. Бұл пәндерді оқытуда жалпы теориялық пәндерден кейін оқыту қажеттіліктері де айқындалған.
Білім беру стандартына байланысты кафедралар жұмыс бағдардамасын дайындау барысында мамандықтың бағытына орай технологиялық дайындау бағыты көрсетілуі тиіс. Бұл пәндерді оқуға 7 және 8-семестрлерде 190 сағат жоспарланған.
Экономикалық және кәсіпкерлік пәндерге байланысты оқытылатын пәндерде технологиялық дайындаудың мемлекеттік заң актілері, қазіргі теория мен тәжірибедегі жағдайлар қарастырылып, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың мәні оқытылады.
Мұндағы қойылатын мақсаттар мыналар:
- келешек еңбек технологиясы және кәсіпкерлік пәнінің мұғалімі аймақтың ерекшелігіне байланысты экономикалық мәселелерді білуі және оны өмірде кәсіпкерлік іске пайдалану жолдарын меңгеру көзделеді;
- болашақ мұғалім экономикалық мәселелер төңірегіндегі ділгірліктерді оқып білу арқылы адам және экономика, адам қызметі және экономика, адам капиталы туралы ұғымдар бойынша жан-жақты мәлімет алады;
- адам капиталы оның білімділігі мен кәсіби іскерлігіне байланысты болатындығы туралы мәселелерді оқып үйренеді және болашақ мамандығына қатысты болатындығына көз жеткізу нәтижесінде үздіксіз білім алу жолы арқылы білім жетілдіру қажеттілігі түсіндіріледі.
Әрине, бұл мақсаттарды шешу үшін бірнеше міндеттер айқындалады.
Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мамандығын меңгерген мұғалім мектепті жаңа белеске көтеруге талпыныс жасайтын негізгі тұлға бола алады.
Өз міндеті мен қызметін дұрыс ұйымдастыра білген мұғалім мектепті кішігірім, шағын өндіріс орнына айналдырып, кәсіпкерлік жұмысты жандандыра түседі.
Мектеп қоршаған ортасындағы ондіріс саласына сәикес жұмыс аткаруы, ол муғалімиіи педагогикалық шсберлігі мен уйымдастыру кабілетіне және дайындығына байланысты болатыны анық. Осыған байланысты типтік оқу бағдарламасында көрсетілген "Технологиялық дайындау бағыты бойынша экономикалық білім негіздері және кәсіпкерлік" пәнінің бағдарламасы төрт тараудан құралған.
- Адам - экономиканы дамытудың негізгі көзі. Бұл тарауда Қазақстанның стратегиялық даму кезеңдері, ондағы басымдылық туралы мәселелер қамтылған. Қоғамның әлеуметтік бағдарламасы, халықтың экономикалық сауаттылығы қарастырылады. Халыққа экономикалық білім берудегі психологиялық-педагогикалық негіздер және оны ұйымдастырудың жалпы білім беретін формасы мен мазмұны. Оқушылардың экономикалық ойлау қабілетіне байланысты берілетін экономикалық білім, шеберлік, дағды негіздері. Экономикалық білім мен тәрбие берудегі кәсіби бағдар мен кәсіптік тандау жолдарының мәні. Аймақтың экономикалық ерекшеліктеріне байланысты мемлекетгік бағдарлама және материалдық жетістіктер: экономикалық дамудың негіздері.
- Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайындағы мемлекеттік қаржы және қаржы жүйесі. Мемлекеттік қаржы жүйесінің құрылымы. Мемлекеттік қаржылық-экономикалық саясатты өркендетудегі рөлі.
- Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызмет. Шағын кәсіпкерліктерді дамытудағы мемлекеттік саясат және оның өркендсуі. Кәсіпкерлік қызметтің ерекшелігі. Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебелері. Кәсіпкерлік қызметтің нысаны. Кәсіпкерлік қызметті тіркеу. Кәсіпкерлік қызметтің есепке алынуы және есебі. Салық төлемдерінің жүйесі. Салық инспекциясында салық төлемдерін есепке алудың жолдары және есеп берудің формалары. Салық төлемдерінің сомасы. Банктегі есеп шоттары. Ақшалай есептесудің тәртібі. Табыс пен шығынды ссепке алу. Сақтандыру жарнамалары: зейнеткерлік, медициналық және әлеуметтік қамсыздандыру және т. б.
4. Нарық жағдайында инвестиция мемлекеттік экономикалық жүйені өркендетудің және жеке кәсіпкерлікті дамытудың жолдары. Инвестицияның
экономиканы көтерудегі ролі. Инвестиция, инвесторлар және инвестициялық
қорлар.
Тәжірибелік сабақтарда әрбір теориялық сабақтың мазмұнына сәйкес арнайы материалдарды талдау жолдары арқылы заңдар мен заң актілерін, нұсқаулар, ережелерді тиянақты окытып үйрету жолдары қарастырылады.
Жоғарыдағы келтірілгендерден анғарылатыны, болашақ мұғалімдерге экономикалық білім беру - қазіргі нарық жағдайының қажеттілігі және оқушыларды болашаққа дайындаудың қоғам алдындағы міндеті.
Кіріспе
Бүгінгі таңда елімізде қоғамның әлеуметтік, рухани-мәдени жағдаяттарын, экономикасын дамытуға бағытталған елеулі іс-шаралар атқаруда. Мемлекеттік тұрғыда қолға алынып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар, әр алуан бағдарламалар сол сөзіміздің жарқын дәлелі болса керек.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның ішінде экономика саласына зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру, тәрбиелеу жүйесін реформалау - соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, оқу интернаттарда, ЖОО-да экономикалық оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыруда.
Оқу орындарында оқу жүйесінің жаңаша өзгеріп, оқу үрдісінің неғұрлым жүйелі түрде жүргізілуі де дәлелі болса керек. Өзгерістердің негізгі мақсаты жаңа заман талап етіп отырған өскелең өмірдің қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Осынау түбегейлі өзгерістер республикамыздың білім беру жүйесіне де оң ықпал етіп, бұл салада да көптеген реформалар жүргізілуде.
Еліміздің білім беру жүйесінің жаңа даму кезеңі Мемлекетіміздің басшысының 2004 жылғы 11 қаңтардағы жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикамыздың білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасынан басталады. Осы бағдарлама мемлекеттік саясаттық, экономикалық білім саласындағы стратегиясын, негізгі бағыттары мен міндеттерін және оларды жүзеге асыратын тетіктерді айқындап берген. Елбасының талабына орай білімнің бәсекеге қабілетті болуына баса назар аударылуда.
Тәрбие - педагогикалық процеспен бірге экономикалық процеспен тығыз байланысты, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөліктер.
Экономика - өмір қажеттілігі. Адам өмір сүріп жатқан қоғамда бірде-бір саланың, бірде-бір мамандықтың, бірде-бір елдің экономикалық заңдарды мойынсынбай әрекет етуі, экономикадан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Барлығы да экономика әлемінің талаптарын ескеріп отырады. Адам экономикаға қатыссыз мәселені шешсе де, оның мәні экономикамен тікелей байланысты болады.
Олай болса, оқушылардың экономикалық білімін тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Мектеп жайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру кәсіптік педагогтартарға жүктеледі. Оның нәтижелі ұйымдастырылуы, педагогикалық, экономикалық білім дәрежесінің сапасы мен педагогтық шеберлігіне байланысты болып келеді.
I. Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбие. Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғы шарттары болып табылады.
Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экшюмикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі (ауқымдағы) негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуіміз керек.
Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материялық негізін түсіндіреді, адамзат қоғамы өмірінің құпия сырларын ұғынудың, қоғамды қайта құрудың объективті негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ғылым адам және оның экономикалық қатынастарын зерттейді
Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыру. Осының негізінде оқушылар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынуы, қоғам және тұлғаның мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа қатынастарды қалыптастыру үйренуі керек. Қазіргі бастауыш мектеп, негізгі базистік мектеп және бағдарлы мектептердің оқу тәрбие жұмыстарына экономикалық тәрбие мәселелерін жүйелі ендіру мүмкіндігі туып отыр. Бастауыш мектептегі қол еңбегі барысындағы құндылық, базистік мектептегі техникалық еңбек барысындағы үнемшілдік, бағдарлы мектептегі салалық еңбектің экономикалық негіздері тәрбие жұмысын жаңа негізге көшірудің құралына айналуда.
Халыққа білім беру біздің елімізде мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынып келді. Мемлекетіміздің экономикалық саясатына түбегейлі өзгеріс енуіне байланысты білім беруді қаржыландыру табиғаты да өзгеруде. Білім берудің мемлекеттік стандартына сай оның белгілі бір мөлшерде қаржылануы сақталынады. Оқу орындарының роліне өзгеріс енуде. Шешілетін мәселенің бәрі оқу орындарының өзінде шоғырлануда. Мысалы, мұғалімдердің еңбек ақысы және оларды ынталандыру, оқу-материалдық жабдықтарды ұстау және оны байыту т. с. с.
Қаржыландыру көзі мемлекет тарапынан және оқығаны үшін оқушылардың төлемінен құрылады. Халыққа білім беруді қаржыландыруға рыноктық экономика ықпалының өзіндік ерекшелігі бар. Олар:
-қосқан еңбек үлесіне сай мұғалімдердің еңбек ақысын елеулі жекелендіру;
-оқу орындарының тек өзіне лайықты оқушыларды тандап алудағы өзара бәсекенің пайда болуы, ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздеу мен оны тәжірибеге ендіруді жандандыру;
-оқушылардың және олардың ата-аналарының оқыту процесіне ықпал етуге түбегейлі мүмкіндік алуы, ал мұның өзі барлық оқушыларға бірдей деңгейлікте қарамай олардың дербес қабілеттерін айқындауға және дамытуға жағдай туғызу;
-оқу орнының материалдық-техникалық базасын осы заманғы ғылыми-техникалық талаптар деңгейіне жеткізу жағдайының жасалуы;
-әкімшілік басқаруға жұмсалатын қаржының үнемделіп, оның білім беру мұқтажына бағытталуы;
-педагогикалық-ғылыми зерттеу мекемелерінің оқу орындарымен тікелей келісім шарттар арқылы қаржылануы т. с. с
Мұның бәрі елімізде халыққа білім берудің деңгейін көтеруге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Дегенмен, халық ағарту ісіне осы тұрғыдан жөн. Олар:
- халықтың белгілі бір бөлігінің білім алуға қаражатының жетпеуі мүмкін,
сондықтан елімізде сауатсыздықтың өсуіне кездесуі;
- оқу орындарының жіктелуі пайда болып, төлем ақысы жоғары мәртебелі оқу-орындарының жарыққа келуі;
- білім алудың төлем ақысының үнемі өсе түсуі т. с. с.
Рыноктық экономикалық саясаттың бұл салаларын түбегейлі жою мүмкін емес, бірақ мемлекет тарапынан белгілі бір деңгейде реттеуге болады. Мемлекет білім алғысы келетіндердің бәріне көмектесуі қажет. Мұны жүзеге асырудың ең тиімді жолы білім алуға ынталы адамдарға мемлекет тарапынан белгілі мерзімге кредит (қарыз) беру.
Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте көкейкесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру қажет. [5. 158]
1. 1 Экономикалық тәрбие және білім беру шаруашылық іс-әрекетті жақсарудың өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті және маңызды шарты. Мұның негізгі міндеттері мемлекеттің жүргізіп отырған экономикалық саясатымен айқындалады. Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік-экономикалық саясаты оқушылардың тәрбиесі мен білім алуына жоғары талаптар қойып отыр. Себебі бұрын қалыптасқан экономикалық саясат, экономикалық қатынастар күйреп, жаңа рыноктық, экономикалық саясат пен қатынастар орын тебуде.
Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп төмендегідей міндеттерді ескереді.
1. Қоғамның рыноктың экономикалық заңдары мен заңдылықтары меншіктің түріне қарай өндіріс дамуы мен өмір сүру заңдылыктары жөніндегі білімдерді игеру.
- Мемлекеттің экономикалық теориясы мен саясатын, өндірісті жедел қарқынмен дамыту міндеттерін тәжірибеде шешудің жолдары мен әдістерін жақсы білетін, өзінің оқу-өндірістік іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті, өз ісіне ие бола алатын, өзіне және қоғам игілігіне ұқыпты және ыждағатты қатынас жасайтын тұлғаны қалыптастыру;
- Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай, еңбектің жаңа, алдыңғы түрлері мен әдістерін тез игеруге мүмкіндік беретін
біліктермен қаруландыру;
4. Ақыл-ойға сыйымды қажеттіктерді қалыптастыру.
Экономикалық тәрбие және білім беру мектептегі барлық оқу пәндерінің мазмұны арқылы жүреді.
Қоғамтану Құқық негіздері География
Оқушылардың экономикалық
ойлауын
Тарих дамытуда үлесі бар пәндер Биология
Химия Еңбекке баулу Физика
Түрлі пәндерді оқу барысында, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда оқушыларда меншік түрлері, тұтынымға сай игілікті жасау бағыттары, еңбек және өндірістік тәртіп, жалақы сияқты ұғымдар қалыптасады.
Оқушылардың ең алғашқы экономикалық білімі әр түрлі пәндер бойынша сабақтарда қалыптасады. Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылық тәжірибесінде ең жақсы тұқым соттарын пайдалануда, тыңайтқыштарды ұтымды етіп, өсімдіктерді қоректендіруде тәжірибе жұмысы экономикалық нәтижені көруге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылық тәжірибесі оқушылар өндіріс бригадасының учаскесінде ұйымдастырылады. Республикамыздың әр түрлі зоналарында топырақ және ауа райы жағдайлары еске алынып, тәжірибе учаскесінде мәдени өсімдіктер өсіріледі. Мысалы, Республикамыздың Оңтүстік аймағында күріштің «Кубань-3», «Дубровский-129», т. б. Сорттары, ал Терістік облымтарда бидайдың «Ишимский-10», жүгерінің «Днепетровск-438» сорттары өсіріледі.
Өсімдіктерді өсіру, олардан мол өнім алу үшін агротехникалық ережелер басшылыққа алынады. Әсіресе еске алатын басты мәселелердің бірі - дақылдар егілетін жердің топырағындағы қоректі элементтердің мөлшерін агрохимиялық лабораторияда анықтайды. Содан кейін бір гектар жерге өсірілетін мәдени өсімдікке берілетін әр түрлі тыңайтқыштардың әдеттегі нормаларына сүйеніп, топырақтағы қоректі заттардың (N, Р, К) және минеральдық тыңайтқыштардың мөлшерін орта есептен анықтап, топырақты қоректендіреді.
Химия сабақтарында, әсіресе эксперимент өткізуде еңбек мәдениетіне төселеді, олардың біліктілігі дамиды, лаборатория жабдықтарын, аспаптарды (приборлар), реактивтерді құнттап ұстайды, түрлі материалдарды, электроэнерияны, суды үнемдеп жұмсауда олардың жауапкершілік сезімі артады. Физика сабақтарында ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттары анықталады. Олар өндірісті электрлендіру, механикаландыру, автоматтандыру. Бұл бағыттармен танысу үшін сыньштан тыс жұмыстардың барысында оқушылар мұғалімдердің тікелей басшылығымен эр түрлі экономикалық тақырыптарға баяндамалар, рефераттар жазады, физика пәнінің айналадағы ортаны қорғауға және халық шаруашылығының салаларына ықпалы баяндалады.
Оқушылардың экономикалық тәрбиесінде қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек ерекше орын алады. Өйткені олар еңбек арқылы түсіретін қаржының құндылығына түсінеді. Егер еңбек материалдық құндылықты өндіруге бағытталса, онда ұғымды табысқа жетеді.
Өнімді еңбекте оқушылардың ісіне, өнімділік процесін ұйымдастыруға, есеп алу, бақылау және нәтижені талдау жұмыстарына оқушылардың қатысуының маңызы өте зор. Бұлардың бәрі материалдық қаржы қорын, жұмыс күнін өнімді пайдалана білуге, ұйымшылдыққа, тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Экономикаық тәрбиеде оқушылар мынандай ұғымдарды білуі қажет. Олар: ұлттық кіріс, қаржы, еңбекақы, пайда рентабельділік, өзіндік құн, еңбек өнімділігі, акция, бизнес, рынок, т. б.
Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесі негізгі бағыттардың бірі. Бұл мәселе негізінен, үйелменде шешіледі. Мұндағы мектептің қатынасы жанама ғана А. С. Макаренко: «Ержетіп өмірге аяқ басқан адамның өзіндік қаржы қоры жөнінде тәжірибесі болуы және ақшаны жұмсай білуі керек», - деп жазды.
Бұл үшін оқушылар еңбегімен ақша табуға және оны жұмсауды жоспарлауды үйренуі қажет. Жазғы демалыс күндері оқушылар ересектердің өнімді еңбегіне қатынаса отырып, еңбек нормасын, оны бағалауды, еңбек ақыны есептеуді дәл білуі керек. Әсіресе жоғарғы сынып оқушылары лагерьде онда жүргізілетін мәдени іс-шараларын қаржыландыратындай және ұжым қорына қосатындай ақшалай табыс табуына болады.
Еңбекті жандандыру үшін жоғары сынып оқушыларына еңбек ақысын қолына берудің маңызы зор, өйткені бұл кезеңде олардың өз бетінділікке ұмтылуы ерекше байқалады. Бұл өз еңбегімен өзін лагерьде болған күндерінде қаржыландыруға және қолына тиген ақшаға зат сатып алуға мүмкіндік береді. Қазіргі рыноктық қатынастар оқушыларды оқудан тыс уақыттарда ақылы еңбекке қатыстыру мәселесін шешуді қажет етеді.
Қазіргі қоғамдық өмір оқушылардың қалада, ауылда, құрылыста т. б. Үлкен ұжымдық, кішкене топтық, жеке еңбегін ұйымдастыру, оның жыл бойында мезгілдік, қысқа уақыттағы жүйесін жасауды талап етеді. Мұндай жүйені жасау шаруашылық (жұмыс қолы жетіспеушілік, педагогикалық еңбекке тәрбиелеу, бос уақытын ұйымдастыру), жеке тұлғалық (қаржы көзі) сияқты көп мәселелердің шешімін табар еді. Осы мәселені ақыл-ойға сыйымды шешу оқушылардың ақшаға қатынасын, сонымен бірге жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік бағдарын қалыптастырады, экономикалық тәрбиенің маңызды бағытын шешуге көмектеседі. [5. 160 ]
Ұрпақ тәрбиесі - қай қоғамның, қай кезеңнің болмасын өзекті мәселелерінің бірі. Педагогикалық психологияның көшбасшысы К. Д. Ушинскийдің пікірінше: «Егер педагогика адамды жан-жақты тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен, адамды барлық қатынаста біліп алу керек». [7. 28]
1. 2 Халқымыз жастарға экономикалық тәрбие және білім беру ісіне зор көңіл аударуда. Қазіргі халық шаруашылығына өз еркімен еңбектенетін, өз еңбегінің мәніне түсінетін мақсатқа, сәйкес экономикалық шешім қабылдай алатын, экономикалық біліммен қаруланған, құнтты, ыждағатты, шаруақор жас мамандар керек.
Осы тұрғыдан қарастырсақ, оқу мектепке экономикалық тәрбие мәселелеріне байланысты теориялық және практикалық біліммен оқушыларды таныстыру қажет. Ол үшін көрсеткіштер еске алынады:
- қазіргі кезеңдегі мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі міндеттері мен бағыттары;
- жас ерекшелігіне сәйкес оқушылардың экономикалық түсініктерді, ережелерді, заңдарды меңгеру деңгейі;
- жұмысты жоспарлау, материалдарды, құралдарды, жабдықтарды тиімді пайдалану, жұмыс орнын тәртіпке келтіру, уақытты бағалай білу, өзінің және жолдастарының жұмыс процесін, оның нәтижесін талдай білу және сапасын көтерудің мүмкіндігін табу, еңбек өнімділігін арттыру.
Мұның бәрі оқушылардың ұқыптылық, ұйымдастурышылық, іскерлік, тәртіптілік, жауапкершілік сияқты қасиеттерін қалыптастырады.
Жалпы орта біілім беретін мектептер жағдайында оқушыларға экономикалық тәрбие мен білім беруді ұйымдастырудың негізгі формалары: сабақ, факультатив, саяхат, үйдегі оқу тапсырмасы, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек т. б. Экономикалық тәрбиенің оқудан тыс қолданылатын формалары да бар. Олар: қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, әр түрлі пәндер үйірмелері, пікірталастар, конференциялар, сұрақ-жауап кештері.
Бұл ұйымдастыру формалары, әдетте оқу және тәрбие саласында жиі қолданылады.
Экономикалық тәрбиемен, біліммен өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін мынадай әдісті қолдануға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz