Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану ерекшелігі мен тиімділігі



Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА АКВАРЕЛЬ ТЕХНИКАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Әр түрлі дәуірлердегі өнердегі акварель техникасының дамуының педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Бейнелеу іс.әрекетінде балалардың эстетикалық талғамдарын дамытатын акварель техникасына қажетті құралдар мен материалдар ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Акварель техникасының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

ІІ ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА АКВАРЕЛЬ ТЕХНИКАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

2.1 Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында акварель техникасымен жұмыс жүргізудің бірізділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.2 Акварель техникасымен жұмыс жүргізудің тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ..40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
КІРІСПЕ.

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстанда қоғамдық реформаларға орай орта білім беру жүйесін жетілдіруде де көптеген шаралар жүзеге асырылды, жалпы орта білім беру саласындағы пәндердің жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты бекітілді және жоғары кәсіби білім берудің стандарттық жобалары даярланды. Жаңа білім стандартына сай білім беру жүйесіне «өнер» бөлімі еңгізілді. Бұл блок «Әлемдік көркем мәдениет» курсы және өнертанудың басқа теориялық пәндері арқылы көрініс табады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім берудегі басты міндет ретінде жеке тұлғаның шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауаттық өмір салтының негіздерін қалыптасты-ру жеке тұлғаның дамуына жағдай жасай отырып, олардың ақыл-ойы мен зердесін байыту, сондай-ақ әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне үйрету атап көрсетілген.
Бұл, әрине қазіргі заман қоғамның рухани-адамгершілік дамуын жедел шешуді қажет ететінін дәйектейді. Сондықтан бұл рухани өміріміздің жанды саласы — мектеп, оның оқу-тәрбие жұмыстарында түбегейлі өзгерістер жасаудың мүмкіндіктерін кеңейтетіні сөзсіз. Демек, ғылыми дүниетанымға жаңа көзбен қарап, жас азаматтың дара тұлға ретінде қалыптасуын өркениеттік тұрғыдан бағдарлауға бет бұруымыз — заман талабымен үндес қадам.
Қазіргі кезде кең өріс ала бастаған білім беруді ізгілендіру бағыты, ең алдымен мәдениеттегі, рухани мұрадағы, тарихымыздағы жалпы адамзаттық құндылықты бағалауға баса назар аударуды қажет етеді.
Бұл орайда, әсіресе ұлттық таныммен әлемдік биік талғамның бірлігі айқын танылатын бейнелеу өнерін оқыту мәселесі өзінің өзектілігімен және өткірлігімен ерекшеленеді. Соңғы кездері Қазақстанда жалпы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі мәселесіне арналған көптеген басылымдар пайда болды.
Жұмыстың өзектілігін Қазақстан Республикасының Білім Министірлігі белгілеген жоғарыда аталған Ережелер мен, Қазақстандағы орта жоғарғы кәсіби және балама (альтернативті) білім беру стандартының қазіргі талаптары өнердің түрлерін жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту үрдісінде кең қолдану мен тарату жұмыстарын жан-жақты жүргізу мәселесін алдыңғы орынға қоюы да дәлелдей түседі.
Өнер арқылы адам қабілетін дамыту мәселесі туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Ежелден ұлы ойшылдарымыз Әл-Фараби, М.Қашғари, Ж.Баласағұн, ұлы Абай өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуға үнемі назар аударып отырған.
Көрнекті педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренко, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев шығармаларында қабілеттері дамытудың және қалыптастырудың жолдары қарастырылған.
Ресейлік көрнекті ғалымдар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Г. Ананьев, А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Б.М.Теплов республикамыздың көрнекті ғалымдары Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Т.Сабыров еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесі теориясының және тәжірибесінің қомақты қоры деп білеміз.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі жаңашыл-педагогтар (Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков), еңбектерінде арнайы сөз етіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін ойын әрекеті арқылы дамытудың педагогикалық шарттары (М.Мұхамедин), оқыту барысында (Б.Тұрғынбаева), эстетикалық тәрбие беру мәселесі (С.А.Ұзақбаева, Б.А.Әлмұхамбетов, А.Қамақов) зерделеген еңбектерде оқушылар мен студенттердің көркем мәдениеттік тәрбиесін (эстетикалық, музыкалық, адамгершілік) жетілдіру жолдары қарастырылып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетілген.
Тікелей шығармашылықты дамыту мәселесін де бірқатар ғалымдар зерттеген. Жоғары сынып оқушыларының әр жақты қызығушылығын және оны қалыптастыруды (Н.Д.Хмель) еңбек сабағында бастауыш сынып оқушыларының сәндік-қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын туғызудың жлдарын (С.А.Жолдасбекова) сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың өзара байланысы арқылы оқушылардың пәнге танымдық қызығушылығын (Б.Т.Нәбиева) болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындау үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану мәселесін (Қ.Болатбаев) қазақ мектептерінде бастауыш сынып оқушыларын сәндік-қолданбалы өнерін қолдану арқылы еңбекке баулу (О.Сатқанов) жолдары арнайы зерттеулерге арқау болған.
Дегенмен зерттеу барысында мынадай қарамақайшылықтардың орын алғанын байқадық. Олар:
- бейнелеу өнерінде акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру қажеттілігі мен оның педагогикалық шарттарының анықталмауы арасында;
- қазақ бейнелеу өнері мүмкіндіктері мен олардың бүгінгі оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды дұрыс пайдаланбауы арасында.
Сонымен, анықталған қарама-қайшылықтар біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану ерекшелігі мен тиімділігі».
Зерттеудің мақсаты мектептерінің 1-4 сыныптарда бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашы-лық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық тиімді шарттарын теориялық тұрғыдан негізден, әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнеріне баулу үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы балалардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
Зерттеудің .....: Егер оқыту үрдісінде акварель техникасын қолдануда шығармашылық іс-әрекетті қалыптастырудың мазмұны, көрсеткіштері, өлшемдері мен деңгейлері анықталып, әдістемелік жүйеде құрылса онда бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы шығармашылық іс әрекет тиімді жүргізіледі. Өйткені бұл жағдайда оқушылардың ақыл-ойы мен зердесі байып, эстетикалық талғамы өсіп, жалпы адамзаттық қиындықтарды меңгеру мүмкіндіктері арта түсері сөзсіз.
Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес төмендегідей міндеттер анықталды:
- бенелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану тарихына шолу жасау;
- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастырудың құрылымын жасау;
- бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолданудың тиімділігін тәжірибе негізінде тексеріп, дәлелдеу;
- бастауыш сынып оқушылардың бейнелеу өнері арқылы іс-әрекет қалыптастыра арналған ғылыми ізденушілік ұсыныстар жасау.
Қолданылған әдебиеттер.

Диссертацияньщ негізгі мазмұны төмендегі еибектерде жарияланған: Оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар мен ғылыми мақалалар
1. Сызу курсын оқыту барысында кеңістікті елестетудің психологиялық-педаі'огикалық негіздері. Батыс Қазақстан жас ғалымдарының IV ғылыми хонференция бағдарламаларының тезистері. 1993. -102-103 б. (Т.Мусалимовпен авторлық бірлестікте).
2. 2121 «Бастауышта окыту әдістемесі жэне педагогика» мамандығы бойьшша бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі тэжірибелік сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау (орыс тілінде) Ақгөбе, 1993. -156. (Т.Мусалимовпен авторлық бірлестікте).
3. Педагогикалық тэжірибеге арналған жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік щсқаулар (орыс тілінде). Ақтөбе, 1993. -156. (Т.Мусалимовпен, В.Мунасыповамен авторлық бірлестікте).
4. Дамыта оқыту. Алматы: // Бастауыш мектеп, 1997.- №7-8.- 31 б.-^=~-
5. Балаларды флористикаға үйрету. Адтөбе: // «Ақгөбе университетінің хабаршысы», 1999. - №1. - 68-70 б. (М.Қорғанбековпен авторльщ бірлестікте)
6. Ойлау қабілеттерін арттыру «Бастауыш мектеп», № 11-12, 1999. - 15-16 б.—
7. Есте сақтау жэне ойлауды дамыту. Алматы // «Қазақстан мектебі», 2000. -' 27-28 б.
8. Нобай арқылы бейнелеу ерекшеліктері. Алматы // «Қазақстан 2000. - №4. - 50-51 б. (Шаштығаринмен авторлық бірлестікте).
9. Сызу және сурет салуға үйрету. Оқу қүралы. Актөбе. Қ.Жұбанов атындагы Ақтөбе мемлекетгік университеті, 1999.-132 б. (Т.Мусалимовпен авторлық бірлестікте).
Ю.Кеңістікті елестету қабілетін дамыту. Атырау, Х.Досмрсаметов атындағы Атырау мемлекетгік университеті // Халықаралық ғылыми-тэжірибелік конференция материалдары. 2001. - 234-236 б.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану
ерекшелігі мен тиімділігі

Мазмұны.

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА АКВАРЕЛЬ ТЕХНИКАСЫН
ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Әр түрлі дәуірлердегі өнердегі акварель техникасының дамуының
педагогикалық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 7
1.2 Бейнелеу іс-әрекетінде балалардың эстетикалық талғамдарын дамытатын
акварель техникасына қажетті құралдар мен материалдар
... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Акварель техникасының ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

ІІ ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА АКВАРЕЛЬ ТЕХНИКАСЫН
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

2.1 Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында акварель техникасымен жұмыс
жүргізудің бірізділігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..35
2.2 Акварель техникасымен жұмыс жүргізудің тиімділігі
... ... ... ... ... ... ... ..40

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...56
Әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 59

КІРІСПЕ.

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстанда қоғамдық реформаларға орай
орта білім беру жүйесін жетілдіруде де көптеген шаралар жүзеге асырылды,
жалпы орта білім беру саласындағы пәндердің жалпыға міндетті мемлекеттік
білім стандарты бекітілді және жоғары кәсіби білім берудің стандарттық
жобалары даярланды. Жаңа білім стандартына сай білім беру жүйесіне өнер
бөлімі еңгізілді. Бұл блок Әлемдік көркем мәдениет курсы және өнертанудың
басқа теориялық пәндері арқылы көрініс табады. Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңының 8-бабында білім берудегі басты міндет ретінде жеке
тұлғаның шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен
салауаттық өмір салтының негіздерін қалыптасты-ру жеке тұлғаның дамуына
жағдай жасай отырып, олардың ақыл-ойы мен зердесін байыту, сондай-ақ
әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне үйрету атап көрсетілген.
Бұл, әрине қазіргі заман қоғамның рухани-адамгершілік дамуын жедел
шешуді қажет ететінін дәйектейді. Сондықтан бұл рухани өміріміздің жанды
саласы — мектеп, оның оқу-тәрбие жұмыстарында түбегейлі өзгерістер
жасаудың мүмкіндіктерін кеңейтетіні сөзсіз. Демек, ғылыми дүниетанымға жаңа
көзбен қарап, жас азаматтың дара тұлға ретінде қалыптасуын өркениеттік
тұрғыдан бағдарлауға бет бұруымыз — заман талабымен үндес қадам.
Қазіргі кезде кең өріс ала бастаған білім беруді ізгілендіру бағыты,
ең алдымен мәдениеттегі, рухани мұрадағы, тарихымыздағы жалпы адамзаттық
құндылықты бағалауға баса назар аударуды қажет етеді.
Бұл орайда, әсіресе ұлттық таныммен әлемдік биік талғамның бірлігі
айқын танылатын бейнелеу өнерін оқыту мәселесі өзінің өзектілігімен және
өткірлігімен ерекшеленеді. Соңғы кездері Қазақстанда жалпы бейнелеу өнерін
оқыту әдістемесі мәселесіне арналған көптеген басылымдар пайда болды.
Жұмыстың өзектілігін Қазақстан Республикасының Білім Министірлігі
белгілеген жоғарыда аталған Ережелер мен, Қазақстандағы орта жоғарғы кәсіби
және балама (альтернативті) білім беру стандартының қазіргі талаптары
өнердің түрлерін жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту үрдісінде кең қолдану
мен тарату жұмыстарын жан-жақты жүргізу мәселесін алдыңғы орынға қоюы да
дәлелдей түседі.
Өнер арқылы адам қабілетін дамыту мәселесі туралы жазылған ойлар,
тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Ежелден ұлы ойшылдарымыз Әл-
Фараби, М.Қашғари, Ж.Баласағұн, ұлы Абай өз еңбектерінде адамның жеке
басын, қабілеттерін дамытуға үнемі назар аударып отырған.
Көрнекті педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренко,
Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев шығармаларында
қабілеттері дамытудың және қалыптастырудың жолдары қарастырылған.
Ресейлік көрнекті ғалымдар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Г.
Ананьев, А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Б.М.Теплов республикамыздың
көрнекті ғалымдары Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Т.Сабыров еңбектері
жеке тұлғаны дамыту мәселесі теориясының және тәжірибесінің қомақты қоры
деп білеміз.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі жаңашыл-педагогтар
(Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков), еңбектерінде арнайы сөз етіледі. Мысалы,
бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін ойын әрекеті арқылы
дамытудың педагогикалық шарттары (М.Мұхамедин), оқыту барысында
(Б.Тұрғынбаева), эстетикалық тәрбие беру мәселесі (С.А.Ұзақбаева,
Б.А.Әлмұхамбетов, А.Қамақов) зерделеген еңбектерде оқушылар мен
студенттердің көркем мәдениеттік тәрбиесін (эстетикалық, музыкалық,
адамгершілік) жетілдіру жолдары қарастырылып, педагогикалық мүмкіндіктерін
ашып көрсетілген.
Тікелей шығармашылықты дамыту мәселесін де бірқатар ғалымдар
зерттеген. Жоғары сынып оқушыларының әр жақты қызығушылығын және оны
қалыптастыруды (Н.Д.Хмель) еңбек сабағында бастауыш сынып оқушыларының
сәндік-қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын туғызудың жлдарын
(С.А.Жолдасбекова) сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың өзара байланысы
арқылы оқушылардың пәнге танымдық қызығушылығын (Б.Т.Нәбиева) болашақ
бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындау үрдісінде халықтық педагогиканы
қолдану мәселесін (Қ.Болатбаев) қазақ мектептерінде бастауыш сынып
оқушыларын сәндік-қолданбалы өнерін қолдану арқылы еңбекке баулу
(О.Сатқанов) жолдары арнайы зерттеулерге арқау болған.
Дегенмен зерттеу барысында мынадай қарамақайшылықтардың орын алғанын
байқадық. Олар:
- бейнелеу өнерінде акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың
шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру қажеттілігі мен оның
педагогикалық шарттарының анықталмауы арасында;
- қазақ бейнелеу өнері мүмкіндіктері мен олардың бүгінгі оқу-тәрбие
үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық шығармашылық іс-
әрекетін қалыптастыруды дұрыс пайдаланбауы арасында.
Сонымен, анықталған қарама-қайшылықтар біздің зерттеу жұмысымыздың
тақырыбын: Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын
қолдану ерекшелігі мен тиімділігі.
Зерттеудің мақсаты мектептерінің 1-4 сыныптарда бейнелеу өнері
сабағында акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашы-лық
әрекетін қалыптастырудың педагогикалық тиімді шарттарын теориялық тұрғыдан
негізден, әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнеріне баулу
үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында акварель
техникасын қолдану арқылы балалардың шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
Зерттеудің ... .: Егер оқыту үрдісінде акварель техникасын қолдануда
шығармашылық іс-әрекетті қалыптастырудың мазмұны, көрсеткіштері, өлшемдері
мен деңгейлері анықталып, әдістемелік жүйеде құрылса онда бастауыш сынып
оқушыларының бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы
шығармашылық іс әрекет тиімді жүргізіледі. Өйткені бұл жағдайда оқушылардың
ақыл-ойы мен зердесі байып, эстетикалық талғамы өсіп, жалпы адамзаттық
қиындықтарды меңгеру мүмкіндіктері арта түсері сөзсіз.
Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес төмендегідей міндеттер
анықталды:
- бенелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану тарихына шолу
жасау;
- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекеттерін
қалыптастырудың құрылымын жасау;
- бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын
қолданудың тиімділігін тәжірибе негізінде тексеріп, дәлелдеу;
- бастауыш сынып оқушылардың бейнелеу өнері арқылы іс-әрекет
қалыптастыра арналған ғылыми ізденушілік ұсыныстар жасау.

1. ӘР ТҮРЛІ ДӘУІРЛЕРДЕГІ ӨНЕРДЕГІ АКВАРЕЛЬ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

Акварель тарихы.
Акварель сөзі латынның адна — су сөзінен шыққан. Акварельден
акварель бояуларымен орындалған бейнелеу техникасын және жеке шығарманы
айтамыз. Акварельдің негізгі қасиеті — мөлдір нәзік бояу қабаттылығы, ол
осы қасиетімен майлы бояудан, темперден, гуаштан ерекшеленеді. Үлкен
суретшілер жұмыстарын осы техника бойынша орындағандықтан өте қарапайым
және жеңіл болып көрінуі мүмкін, шыныдығында бұл олай емес. Акварель өнері
кистьті пайдалану шеберлігін, қағазға бояуды алғашынан соңғы нүктеге дейін
дұрыс қоюды талап етеді.
Акварелист түс сезімінің дамығандығын, бояулар ерекшелігін және әр
түрлі қағаз сорттарының мүмкіндіктерін игеруі қажет. Ол түс ролін атқарады
және максималь ақ болуы керек.
Француз суретшісі Э.Делакруа Бейнелеудің ақ қағаздағы нәзіктілімен
жарқырауы, еш күмәнсіз, ақ қағаздың мазмұндылығының мөлдірлігі деп жазды.
Акварельдің мүмкіндіктері кең, оның бояулары кейде қаныққан немесе
көркем, кейде тығыз әрі қою болып көрінеді. Онымен бейне және графикалық
шығармаларды орындауға болады, бұл суретшінің алдына қойған тапсырмасына
тәуелсіз болады. Ол көбінесе кітапты безендіру мен иллюстрациялауда
қолданылады.
Акварельдің Еуропада дамуы XVІІІ ғасырда басталды. Акварель
табиғаттың құбылмалығын бейнелеуде, жарықтөндіру тиімділігінде қатты әрі
оның әсерлерді көрсетуде айырбастауға келмейді, сондықтан да көптеген
суретші романтиктер оған көп көңіл бөлген. Сондықтан олардың көбі акварель
суретінің майлы болғанын қалады. Осы жағдай XVІІІ ғасырда және XІX ғасырда
Англияда акварелистердің жетістіктері майлы бояулы пейзажға әсерін тигізді.
XІX ғасырда Ресейде акварель өнері К.Брюллов, А.Иванов, П.Федотов
атымен байланысты суретшілер әр түрлі техникаларды пайдаланған: бір қабатқа
бірден жазды, екі-үш бояу қабатын құрғақ қағаз бетіне түсірді, нәзік
кистьпен тетіктерін салды. Тамаша акварельдерді М.Кромской, Н.Ярошенко,
В.Полеков, В.Серов жасаған.
Акварельді И.Репинде жақсы игерген. Ол қалың әрі көркем бейнелер
жасай біліді. Орыс акварельдің тарихында В.Суринованың еңбектері ерекше
орын алады. Оның акварельдері көп бояулы, орындалуы жағынан темпераментті,
өмірге құштар етіп орындалған. Оның еңбегі поэзияға, кеңістікке толы болды.
Сурикованың акварельдері келесі буын суретшілерінің өркендеуіне өз үлесін
қосты.
Н.Врубельдің акварельдері бояудың көп түрлілігімен ерекшеленеді.
Суретші салған көрінбейтін заттардың өзі әдемілікке толы ― тастар,
толқындар.
Еңбегі сіңген акварельдің орыс шеберлерінің жетекшілігі осы сурет
өнерінің кеңес уақытында негізгі дамуына жол ашты.
Акварельді виртуалды түрде А.Острармов, Лебедев те меңгерген. Қазан
төңкерілісі кезінде ол үлкен шебер болған, суретші саяхатқа шығып сурет
салуды ұнатқан, әсіресе ол өзінің туған қаласы Неваның бейнесін салуды
ұнатқан. Қалаға ол осы техника бойынша өзінің көп шығармасын арнаған.
Өздерінің көп қырлы акварельдерін С.Герасимов пен А.Пластов та
шеберлікпен орындаған. Акварель өнерінің қос шеберліктерінде А.Фонвизин
саналады, оның еңбектері нәзік, жұқа түстік гаммамен ерекшеленеді және
еңбегі қызғылт пергаментті түсті болып келеді. А.Фонвизин кистьті сондай
шеберлікпен пайдаланған, ол ылғалды қағаз бетіне өте қаныққан әрі жеңіл
етіп санады.
Әр түрлі дәуір өнеріндегі акварель.
Акварель әрқашан суретшілерді өзінің тазалығымен, мөлдірлігімен,
түсінің ашықтылығымен түстің нәзік нюанстарын берудегі мүмкінділігі-мен,
кистьпен жұмыс істеудің еркіндігімен ерекшеленеді. Осы қасиеттер акварельді
басқа суреттермен салыстырғанда ерекшелігін көрсетеді. Сурет өнерінің бүкіл
тарихында акварельді пайдалану тәсілдері көп өзгерген.
Акварельдің жаңа мүмкіндіктерімен онымен жұмыс істеудің жаңа
тәсілдері ашылған. Акварельдің даму жолын арнайы зерттеулер бойынша ғана
толығырақ таңдауға болады, мұнда тек жеке мысалдар ғана келтіріледі.
Өте ерте заманда египеттіктер суретті папируста салған. Орта ғасырдың
акварель суреттері мен қолжазба кітаптарын безендіретін. Акварель гуашпен
жиі қолданылған.
Қайта өрлеу дәуірінде акварельді неміс суретшісі Альберхт Дюрер жиі
қолданған.
Акварельдің өте кең дамуы XVІІ ғасырда Голландия мен Флондрияда
байқалған. Голландтық пейзаж өнері тилер үстінде жұмыс істеуде акварельдің
жаңа мүмкіндіктері анықталған. Пейзажбен қатар акварель портрет пен
тұрмыстық жанрды да қамтыды. Якоб Иорданстың акварельды жұмыстары
тереңдігімен және тазалығымен ерекшеленеді және ол өз еңбегінде акварельдің
араласқан техникасын сотина мен гуашты қолданған.
Көптеген елдерде акварельді архиген жобаларды көркемдеуде, қала, парк
жоспарларында кең қолданады. XVІІІ ғасырда Францияда акварельдің
қайталанбас үлгісіне нәзіктігімен және суретінің шеберлігімен ерекшеленген
Гюбер Робер жасаған.
Архитектураның пейзажда акварельді тамаша қолданған осы дәуірдің
Истония суретшілері. Акварельдің жаңа мүмкіндіктерін әсіресе пейзаж
саласында ашқан XІX ғасырдағы әртүрлі мемлекет суретшілерінің суреттері.
Англия суретшілері тарихта алғашқы болып акварель көрмесін ұйымдастырған.
Ауа перспективасының тапсырмасын, табиғат құбылысын жеткізу, адам мен
табиғат байланысын Констебль мен Тернер акварель мектебінің алғашқы ағылшын
өкілдері шешкен. Ағылшын мектебінің шеберлері колорит нюанстарын
біріктіретін және түске қаныққан бояу беретін тәсілдерді кең қолданған.
Түстің барлық мүмкіндіктерін кеңінен қолданған әрі акварель
техникасының көп қырлылығын XІX француз шеберлері: Шарм, Домье, Гаварни
және тағы басқалары өз шығармаларында қолданған. Неміс суретшілері арасында
осы уақытта Мемцель бірінші орын алады, ол гуашты жиі қолданғандықтан оның
шығармалары бейненің материалдығымен ерекшеленеді. Италия акварелисттері
калористінің жарықтығы мен түсінің тазалығымен ерекшеленетін пейзаждар
жасаған. Орындау шеберлігінің жоғарылығымен, акварельдің ерекше
қасиеттерінің пайдалануымен XІX ғасыр ортасында испан мектебінің суретшісі
Фортуни ұсынған. Русьте ерте уақыттан бастап акварельмен қолжазба
кітаптарын әшекейлеген. Сақталынған үлгілер қызықты түріндегі әртүрлі ою-
өрнекті композицияларымен ерекшеленген.
Акварель өнерінің жаңа талаптарын орыс өнерінің XVІІІ ғасыр шеберлері
қоя білді. Акварельде үлкен шеберлікке А.Н.Ворошкин, Джокомо Кварети,
Ф.Я.Алексеев олар архитектураның типтес бірнеше пейзаж бейнелеген. Кітапта
архитектураны мотивті қара акварель техникасы мен кистьпен жұмысты
тетіктірді қанатпен салумен қоса отырып Д.Кварети орындаған.
Осы дәуірде акварельдің миниатюралық портреті дамыған орыс акварель
мектебінің дамуы XІX ғасырға жатады. П.Ф.Соколов, Ф.П.Толстой, К.П.Брюллов
сияқты орыс суретшілері акварельдің мүмкіндіктерін кеңінен көрсетеді. XVІІІ
және XІX ғасырда кішкене акварельді портреттер үлгіні нәзік әрі жұмсақ
көрсететін кішкене кистьтермен орындалған. Осы портреттердің жоғары
шеберлігі натураны көңіл бөліп зерттеу арқылы қол жеткізілген. Осы акварель
техникасын біздің кітабымызда қолдану мысалы П.Ф.Соколовтың Портрет дочки
шығармасында көре аламыз. Акварельде теңдессіз шедеврді А.А.Иванов жасаған.
Акварель өнерінің техникалық тәсілдерінің қырлары күшпен күте дамуда.
Акварельдің тамаша үлгілерін орыс суретшілері: В.А.Серов, И.Н.Кромской,
Н.Е.Репин, В.И.Суриков, М.А.Врубель, И.И.Левитан, В.Е.Маковский қалдырған.
Акварель жұмыстарында осы суретшілер әртүрлі психологиялық қалыптағы
адам сипатын бере білмек, әртүрлі сюжеттер таң қаларлықтай бейнеленген.
Кеңес өнерінде акварель суретінде Д.Н.Кордовский, Е.Е.Лонсере,
А.Г.Остроумова, Лебедева, С.В.Герасимов, Д.А.Шмориков, Кукрынинсы сияқты
шеберлер үлкен табысқа жеткен.

1.2 БЕЙНЕЛЕУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМДАРЫН ДАМЫТАТЫН
АКВАРЕЛЬ ТЕХНИКАСЫНА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР МЕН МАТЕРИАЛДАР.

Кемелденген тұлға тәрбиелеу ісі ең алдымен оған қажетті алғы шарттар
мен жан-жақты тәрбиелеу құралдарына тікелей байланысты. Осындай
парасаттылыққа, ізгілікке және әсем талғамға тәрбиелеу құралдарының бірі
өнер болып табылады. Өнердің ― жас ұрпақтың қалыптасуына әсері ұшан-теңіз.
Атап айтсақ, баланың өзін қоршаған ортаны танып - білуіне ұшқыр қиялы
мен нәзік сезімдерінің дамуына, ғибрат пен саналылыққа, биік адамгершілік
сезімдерге, яғни рухани жағынан дамып, жан-жақты жетілуіне ықпал ете алады.
Өнерге жаны құштар, өз ісінің білгірі, терең ойлы бала жүрегін ұға алатын
педагог өз кезегіндегі бала тәрбиесінде өнердің маңызын жете түсініп, өз
мамандығын шығармашылық еңбекпен ұштастырары сөзсіз. Түрлі өнер саласы
бойынша хабардар болып, жалпы көркемдік бағыттағы тәрбие туралы мәліметтер
жинақтауы педагог беделін арттыра түседі.
Тұңғыш ұлттық бағдарлама Балабөбек бағдарламасының Өнер көзі ―
халықта атты бөлімінде, осы әсемдікке, көркемдікке тәрбиелеу мәселесі жан-
жақты қарастырылып, нақты бағыттар берілген. Әсіресе халық өнерінің
нұсқауларын насихаттау, өте нәзік өнер иірімдеріне деген сезімдік
қабылдауларын жетілдіруге мән берілген. Түрлі халық шеберлерінің асқан
таланты мен биік талғамдарының шынайы көрінісі болып табылатын, түрлі
бұйымдарды көріп, терең қабылдап, сол арқылы халқымызға тән өнердің негізгі
бағыттарымен танысуға болатына айтылған. Осы халық өнерінің туындыларын
көріп, көкірек зердесіне түйе отырып бала қазақ халқының ұлттық өнер
ерекшеліктерінен оның түр сипатынан мол мағлұмат алып, төл өнерге деген
мақтаныш сезімдері қалыптасады, көркемдік талғамы ояна бастайды. Ал,
көркемдік талғам ең алдымен өнер туындысын айналадағы не табиғаттағы
құбылыстар мен заттарда біртұтас көрініс беретін құбылыстар. Бағалау, әрине
жеке тұлғаның әсемдік талғампаздығының негізгі белгісі болып табылады.
Әсемдік талғам барынша сезімталдықпен ұштасса ғана, соғұрлым қоршаған
ортадағы объектілердің эстетикалық қасиеттерін терең талдап, әділ бағалауға
мүмкіндік туары сөзсіз. Әсемдік талғам дамыған жағдаятта нақты бір заттар
мен құбылыстардың сыртқы түрі мен мазмұндағы гармонияға, ішкі үндестік пен
үйлесімділікке деген талап та күшейе түсері сөзсіз.
Бейнелеу іс-әрекеті бағытындағы шаралардың мақсаттарының бірі де осы
балалардың бойындағы көркемдік талғамдары мен әсемдік атаулыға
талғампаздықтарын қалыптастыру. Өзін қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда
қабылдай отырып, бала шығармашылық іс-әрекетіне де ықыластана түсері
сөзсіз. Шығармашылық іс-әрекетінің айқындалар тұстары: баланың өз шамасы
мен жас мөлшеріне лайықты еңбек әректі барысында әсемдік пен ұқыптылықты
ықыластана ұштастыруы, эстетикалық танымдық іс-әрекетке деген құштарлығы,
көркем шығармаға деген ынтасы т.б. Баланың көркемдікке деген ынтызар санасы
мен көркем мазмұнды әрекетін қатар қалыптастыра отырып дамытуды біртұтас
педагогикалық үрдістің екі жағы деп те айтуға болады. Көркем бейнелі іс-
әрекеті арқылы өсіп-жетіліп келе жатқан адам өзін-өзі таныту, көрсету мені
көріп, маған қараңыздар деген ішкі қажеттілігін таныта алады. Әсемдік
тәрбиесі біртұтас педагогикалық жүйедегі ақыл-ой, адамгершілік, еңбек
тәрбиелерімен де тығыз байланысты. Ал, эстетикалық талғамдар туралы
айтқанда, ең алдымен жас ерекшелігі туралы айту қажет, өйткені баланың
жасына сай эстетикалық дамуы олардың нақты бір әсер етуші ықпалды
сезінуімен тікелей байланысты. Осы ықпал бағытын жас ерекшелігіне
байланысты, ретімен көрсетіп болсақ: ең алдымен түстің басымдылығы, яғни
түс белгілерін баланың ең алғаш рет басым сезіну қабілеті, содан кейін
жекелеген заттар, гүлдер, жан-жануарлар табиғаттың әр мезгілге сай көркем
құбылыстары мен түрлері, адам болмысы және оның сан алуан әрекеттерінің
мазмұны. Мектепке дейіңгі кезеңде балада көркем талғамға қатысты алып
қарастырылатын болсақ, бейне-ұғымдарға негізінен көңіл аударады: кейін
біртіндеп, бұл қабылдау түрінен қарапайым ұғым түсініктер қалыптасады.
Қабылдау дами келе бақылауға ұласады, бақылау әрекеті біртіндеп мақсатты
бақылау әрекетіне көшеді. Баланың бейнелеу іс-әрекеттің негізгі түрлері
болып саналатын: сурет салу, жапсыру, илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз
кезегінде, оған сан алуан түстер граммасымен танысуға, формалар, сызықтар,
түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады. Баланың ішкі жан
табиғаты өте сезімтал да әсерленгіш, эмоцияналды, сонымен бірге икемді. Ол
ашық, айқын түстерді қолдана отырып, қабылдап отырған зат не құбылысқа
деген өзінің көңіл-күй толқынысын білдіре алады. Мектеп жасына дейіңгі
кезеңде бала әлі де болса өз әрекеті мен оның негізгі нысанасын ұштастыра
бермейді кез келген зат не құбылысқа деген қызығушылығы ең алдымен танымдық
әуестігіне ғана байланысты. Мектеп жасына дейіңгі кездің соңына таяу ғана
бала нақты күйде бір форманы оның мазмұнымен ішкі бірлікте, тұтас күйде
алып қарастыра бастайды. Бала сөз, түс, сазды қабылдауда әуестік
танытқандықтан, жүйелі түрде көркем әдеби шығармалар оқып тұру, саз
өнерінің әуендерді танытуды, сурет салу, жапсыру сияқты бейнелеу іс-
әрекетімен ұштастырып, тығыз жүйелікті сақтау ― балаға көркем тәрбие
берудің берік іргетасы қызметін атқарады дауыссыз ақиқат. Ал, мектеп
табалдырығын тұңғыш рет аттау бала үшін де, оның ата-анасы үшін де
қайталанбас құбылыс болуы, өз кезегінде баланың көркем іс-әрекетіне де
маңызды өзгерістер әкелумен сипатталады. Көркемдік бағыттағы әрекеттері
барған сайын әрі мағыналы бола түседі. Дегенмен оның зейіні мен
қызығушылығы, әлі де болса шашыраңқы, өтпелі күйде, үстірт күйде болуымен
шектеледі. Мысалы: оқушы нақты бір суретті қарау барысында ең алдымен
суреттегі оқиға желісі, мазмұнына ғана зейінін шоғырландырады, біртіндеп
суреттегі кейіпкерлерге, олардың жеке дара бөліктеріне кеше бастайды, ал
эмоционалды көңіл толқуы, көп жағдайда суреттің тұтас алғанда ұнауы не
ұнамауына тікелей байланысты.
Кіші жастағы мектеп оқушысының зейіні тұрақсыз, ол суретті көп қарау
кезінде де шаршауы мүмкін әрі оны көркем өнер туындысы емес, көп жағдайда
сурет салу үрдісінің барысы қызықтырады, ал эстетикалық талғамдарын
қалыптастыру нақты бір жағдайларға тікелей байланысты болып келеді.
Көркем талғамдарын қалыптастыру ең алдымен жеке тұлғаның табиғи
мүмкіншіліктері негізделеді. Ал бұл потенциялды мүмкіншіліктер тек жүйелі
тәрбие арқасында ғана нақты қабілеттерге айнала алады.
Айталық, керемет есту қабілеті бола тұра, адамның саз өнерінің
падишасы болып табылатын симфониялар мен өзіміздің қобыз үні мен домбыра
әуенін түсіне алмауы мүмкін. Сондықтан жан-жақты, жүйелі де терең тәрбие
ғана адам бойындағы биік адами талғамдар мен сезімдердің оянуына түрткі
болып, оны адамның өзіне қызмет етуге бағыттары сөзсіз. Сөз әуені ― адамның
әуен сезімдеріне тікелей әсер етеді, сол сияқты барлық көркемдік қабілеттер
турасында да осыны айтуға болады.
Бейнелеу іс-әрекеті барысында да бала біртіндеп бейнелеу өнерінің
мәнерлеу құралдарын меңгеріп, шығармашылық белсенділіктері қалыптаса
бастайды, көркемдік талғамдарының алғашқы нышандары көрініс береді.
Баланың көркем талғамдары неғұрлым ертерек дамыса, соғұрлым олардың
болашақтағы саналы мінез-құлқы мен оқу әрекеті жемісті болуы тиіс.
Балалардың көркемдік талғамы ең алдымен оның танымдық әрекетінің көрінісі
болып табылады. Ал танымдық әрекеті ― өткен халық мұнарасы мен өнер
тәжірибесінің белгілі бір көркемдік мұра туралы, халық өнері туралы
меңгерген білім жүйесі. Сондықтан баланың танымдық белсенділігі мен
көркемдік талғамын қалыптастыруда бейнелеу іс-әрекеттің алатын орны ерекше.

Материалдар және қажетті құралдар.

Акварельді бояулар мөлдір, сондықтан да қағаздың ақ түсі мен оның
сапасы үлкен роль атқарады. Акварельмен жұмыс істеу барысында тығыз әрі
майда емес қағазды қолданған абзал. Өйткені майда қағаздың бетіне акварель
бір тегіс жатпайды. Ал ылғал тартқыш, қопсыған оның үстіне қою түсті
қағазды акварель мүлдем қажет етпейді. Акварельді бояумен сурет салу
ватманды қағазда өте сәтті шығады. Ол уақыт сынына төтеп бере алады,
мезгілі өткенде сарғайып қалмайды әрі бояу да мұндай қағазға жақсы жұғады.
Ватманды қағаз бояуды сіңіру барысында өзінің дәнді үстіңгі қабатының
шүңірек әрі томпон болып, алмасуының арқасында боялған қабатқа сырттай
қарағанда сан алуан түстілік береді, түстер де бұл орайда қанық болып
көрінеді.
Сондай-ақ акварельге сызу қағаздарын да пайдалануға болмайды. Мұндай
қағазда бояуды жуу арқылы өзгерту оңай. Акварельге қажетті қағазды арнайы
тақтаға немесе планшетке жабыстырады да, оны дымқылдатады. Мұндай шараны
қолданбаған жағдайда, акварельмен жұмыс істеу барысында қағаз тегістілігі
сақталмайды, ал бұл өз кезегінде бояудың дұрыс түспеуіне себепші, бояу
кепкеннен кейін де бұл кемшілік көзге ұрып тұрады.
Қағазды тақтаға жабыстыру кезінде оның жұмыс соңында қиылып
алатындығын ескерген жөн, сол үшін де қағаздың шетінен арнайы межелер
қалдыру керек. Қағазды керу алдында екі жақ шетін сулауды да ұмытпаған
абзал. Желімдеу кезінде қағаздың шеттерін бүгіп, тақтаның қабырғаларына
бекітеді.
Суретшіге тақта перпендикуляр орналасуы үшін, оны қиғаштап қою керек,
ол бір жағынан су тамшыларының төмен сырғып, бояудың бір қалыпты жатуына да
жәрдемдеседі. Артық су тамшыларын дымқыл қыл қаламмен немесе губканың
көмегімен сылып алуға болады. Егер тақтаны көлденең орналастырған жағдайда
артық сулар көлшік түзеді де, қағаз бетінде дақ пайда болады. Мұндайда су
бояу кеуіп, жұмыстың жоспарын бұзады. Егер қағаз жабыстырылған тақтаны
тігінен орналастырсаңыз бояу төмен ағып жұмысты қиындатады.
Өшіргіш, сондай-ақ жағылмалы қарындаш қағаздың бетін өңсіз қылып
күңгірттендіреді. Қағазды жиі ылғалдау салдарынан ол қопсып, күн
сәулелерінің шағылуын көмектеседі де акварельді бейнелеу өнерінің
тұнықтығына нұқсан келтіреді. Акварельмен жұмыс істегенде қолдың тазалығына
аса қатты мән берген жөн, өйткені көзге көрінбейтін тамшының өзі бояудың
дұрыс түспеуіне әсер етеді. Қағаз бен дайын жұмысты папкада сақтаған абзал
(орнаулы күйде емес).
Түстерді таңдау барысында қол астыңызда негізгі бет түстес бірнеше
қағаз қиындылары болуы шарт. Акварель үшін қылқаламның дөңгелек немесе
діңгек пішіндесі ыңғайлы. Қылқаламның барлық қылдарын икемдеуге тырысасыз.
Сапалы қылқаламның талшықтары суға шалып қайта сілкігенде ұшы
үшкірленіп конус тәріздес пішінге ие болады. Қылқалам сатып алу үстінде
оның талшықтарының серпімділігіне назар аударыңыз. Оны ұқыпты жерде
сақтаған абзал. Жұмыс соңында қылқаламды міндетті түрде жақсылап жуып,
сілкіп арнайы қорапшаға немес станқанға салу керек. Акварельмен жұмыс істеу
барысында қоластыңызда үнемі артық бояуды, шешетін дымқыл таза қылқалам
болуы шарт. Суды жиі ауыстырған жөн. Қылқаламды жуатын екінші бір стақанды
да пайдаланыңыз. Қылқалам мөлшері бет көлемі мен жұмыстың орындалу тәсіліне
байланысты. Шағын жұмысқа кішкентай қылқаламды пайдаланады. Көлемді
жұмыстарға өткір ұшты дөңгелек қылқаламды қолданады. Сондай-ақ губка мен
таза шүберек әрқашан керекте болады.
Ақ мәрмәр тәрелке мен қыш тақташа акварель палитрасының қызметін
атқарады. Акварельді бояудың негізгі сапасы оны дайындайтын заттың мұқият
ұнтақталуында. Бояу пигменттер мен оны дәнекерлеуші заттардан тұрады.
Акварельді дәнекерлеуші зат гумми (әдетте шие желімі) болып табылады.
Акварель құрамына аз мөлшердегі глицерин де енеді. Құрамына дәнекерлеуші
зат ретінде бал қосылған бояулар да акварельге жатады.
Акварельді бояулар жиынтық болып сатылады. Оны таңдау кезінде өте
мұқият болыңыз, өйткені кейбір бояулар қажетті түс бермейді, тез өңіп
қалады, ал қайсібірі (мысалы ультрамарин) кебу кезінде шытынап кетеді. Сырт
көзге қанық түсті болып көрінетін техникалық акварельді бейнелеу өнерінде
пайдаланбаған абзал, себебі оның құрамында анилин қоспасы мол. Мұндай бояу
қағазға сіңімді де жұмысты қайта жазу үстінде жуылмай көп әуре-сарсаңға
салады. Бояудың кепкеннен кейін ұн сияқты бұрқырап қалатын сапасызы да бар.
Акварельді бояудың ең сәттісі Ленинград.
Құрамына қарай акварельді бояулар минералды және органикалық болып
бөлінеді. Қазіргі таңда аталмыш екуі де жасанды түрде дайындалады.
Қылқалам ұстаушыларға қоластындағы бояулардың неден тұратынын білу
шарт. Көк түсті акварельді бояуларда кобальт, ультрамарин және берлиндік
көгілдір көп кездеседі. Ал жасыл түсте көбіне-көп сынап, хром тұнбасы, сары
түсте ― охра, кадмия кеңінен таралған. Сондай-ақ қоластыңызда тоқсары түсті
кадмийдің болғаны дұрыс. Қызыл түстің құрамында қызыл кадмий, темір қызыл
немесе қан қызыл охра, қою краплан болады. Қоңыр түстер түрлі жер бояуларын
пайдаланса, қара бояу күйдірілген сүйек пен саздан тұрады.
Іске кіріспес бұрын акварельді бояуларды таза қылқаламмен ылғалдайды.
Егер жұмыс барысында бояудың үсті кірлеген жағдайда, оны жуық арада
қылқаламмен шайған дұрыс. Акварельді бояулар кебу кезінде біршама өңеді. Ал
акварельмен салынған этюдтар күн сәулесі әсерінен өңсізденеді. Сондықтан
мұражай терезелері күн сәлесін қалқалайтын драптармен көмгейленген.
Акварельді жұмыстар ылғалды көтермейді. Жұмыстың сәтті шығуы
қоластыңыздағы материалдарға тәуелді. Олар: бояу, қылқалам және қағаз.
Бояудың ең жақсы жиынтығы Ленинград және Нива.
Қорапшадағы бояулар үнемі бір қалыпта орналасады, алдымен сары, одан
соң тоқсары, қызыл, күлгін, қою көк, жасыл, қоңыр және қара. Мұндай
бірізділік жұмыс істеушінің көзін бір қалыптылыққа үйрету үшін қажет.
Акварельді қалам ― ақтылшым, жұмсақ, № 6-8, бастапқыда орташа
мөлшерлі және № 14-16, жұмыс үлкейген сайын оның көлемі де арта түседі. Ең
ыңғайлысы діңгек пішінді қылқалам, олар серпімді, түрлі қойыртақ жасауда
епті, сондай-ақ үлкенді-кішілі детальдарды салуға шебер.
Қағаздың тығыз, әрі жақсы желімделгені үстіңгі қабаты майда еместігі
ыңғайлы, ондай қағазда ұзақ жұмыс істеуге болады.
Акварельдегі қателіктерді түзетү үшін өшіргішті пайдаланбаған абзал,
аса қажетті жағдайда оның жұмсақ үгілмейтінін ғана қалдырыңыз.

Бояулар.

Бояулар жылы және суық болып екі топқа бөлінеді. Жылы рекке ― сары,
тоқсары, қызыл, қоңыр яғни негізі сары және қызыл түстерді құрайтын бояулар
жатады.
Ал суық реңкке ― көгілдір, көк, жасыл, күлгін түстер енеді.
Көк, қызыл және жасыл бұлар негізгі түстер болып саналады. Ал
қалғандары аралық түстер.
Түс сапасын анықтау барысында бейтарап болып табылатын сұрғылт және
қара түстердің өзінде нюанстар кездеседі. Жылы реңктердің өзін-ақ алатын
болсақ, мәселен қызыл түсті, өзара суықтығы мен жылылығын салыстырғанда,
оның өзі аталмыш екеуіне де жақын екенін аңғарамыз. Мысалы, қызыл кармин
алқызыл түспен суығырақ. Карминге біраз уақыт мөлшерде суық көк ФЦ-ті
қоссақ, түс одан бетер ызғарланады, үстемелеген сайын ол суық түске ене
түсіп соңында күлгін түске айналады. Бұл мысал түстің сапасын анықтаудағы
қиыншылықтар кездесетіндігін ескертеді. Бір түстің өзі мысалы, жасыл
қасындағы түстердің әсерінен бірде жылы, бірде суық болып көрінеді. Бұл
бейнелеу өнерінің ең басты заңдылығы. Табиғилықты жазу барысында оны
бөлшектеп емес, тұтастай көруге талпыныңыз. Палитрадағы түсті
сезімталдықпен іздеген абзал.
Акварельді майлы, желімді, темперлі бояулар жасалатын материалдан
жасайды. Бірақ акварельдер мұқият ұнтақталған, сондықтан да олар су түбінде
тұнып қалмайды. Пигментті дәнекерлеуші желім суда еріп, түссізденуі керек.
Бояуды дайындау барысында оның құрамына бал, глицерин, қант сияқты заттарды
да қосады.
Пигменттер неғұрлым майда ұнтақталса акварель қуаты соғұрлым артады.
Берлиндік көгілдір, краплан, үнділік сары сияқты бояулар қағазға терең
сіңіп, онда мықтырақ бекіп қалады. Майда ұнтақталған пигменттер аталмыш
бояуларға қағаз бетіне бір қалыпты әрі тұнық түсуіне жәрдемдеседі, сол
арқылы олар қанық болып көрінеді.
Өкінішке орай мұндай қасиет бейнелеушіге аса қажетті ультрамарин мен
көк кобальтта тапшы.
Талапкерге ұсақ дәнді бояудың қағаз бетінен қиын аталатындығын білген
жөн. Ірі дәнді пигменттер жеңілірек жуылады. Бұл күнде көптеген бояулар
химиялық жолмен алынады. Сондықтан да екі-үштен артық бояу түрін
араластырмауға тырысыңыз, себебі олардың құрамындағы химиялық негіздер бір-
бірімен үйлеспеуі әбден мүмкін. Мұны суретшілер тәжірибесі мен технологтар
зерттеулері растайды.
Акварельді бейнелеу өнері суретшілер қытай тушы мен бистрін
пайдаланған кезде дүниеге келді. Кейінен олар қара түске қызыл, жасыл, көк
түстерді араластырып, сұрғылт-қызыл, сұрғылт-сары, сұрғылт-көк түстер алды.
Осылайша негізгі үш түске қараны қосу арқылы түстердің көптеген түрлері
пайда болды. Жаңа түстерді шеберлер аса суатты әрі сақтықпен пайдаланды, ал
қара түсті шамалы мөлшерде ғана жүгінді.
Әдетте тәжірибелі суретшіге оны қызықтырушы зат пен құбылысты шынайы
бенелеуге үш-төрт бояудың өзі жеткілікті. Түстер палитрасын пайдалана
бастаған мезетте ойдағыдай нәтижеге жетемін деу әдіспін. Сондықтан да
түстер палитрасына аса ұмтылмаңыз. Сегіз-он түстің өзімен-ақ натюрморт,
портрет пен кез-келген пейзажды сәтті орындап шығуға болады.
Кейбір бояулардың қасиеттеріне кеңірек тоқталсақ. Қызыл кадмий ―
мықты әрі жарық бояу, бірақ басқа түстермен араластырғанда мысалы, охра,
сары марс, табиғи көкпен қосылғанды, ол қоюланып жылдам бұзылады. Қызыл
кадмий алқызыл реңке де жарамсыз.
Тоқсары марс, ағылшындық және венециялық қызыл реңктерге сіңеді,
қызыл охра ерекше қасиеттерге ие. Бұл мүлдем өңін жоғалтпайтын әрі
мөлдіргін сақтайтын бояу.
Мөлдір, әдемі түсті крапланбен кармин де жарыққа төзімсіз, ал басқа
бояулармен қосылғанда лайланып кетеді. Бұл үрдіс әсіресе краплан, жақұтты
жасыл, хромды сутек және тағы басқа бояулармен араласқанда жиі кездеседі.
Сары охра ― алтын және қою сары түстес, аса жарық емес бояу. Ол
жарыққа төтеп беруімен ерекшеленеді, әрі оған дымқыл мен температура да аз
мөлшерде әсер етеді.
Мұндай қасиеттерге табиғи сиена да ие, дегенмен сары охраға қарағанда
аса мөлдір. Жасыл түспен араласқанда аталмыш бояу көңілге қонымды реңктер
береді.
Үділін сары ― өте мөлдір, әдемі алатын түстес сары. Ленинградтық бояу
шығарушы зауыт осыған ұқсас, бірақ сәл тұрақты алатын сары түс дайындайды.
Сары кадмий ― бүгінгі бейнелеу өнерінде алмастырмас дәрежеге жеткен
өте қуатты, таза әрі жарық бояу. Бір кемшілігі аталмыш бояу басқа
бояулармен химиялық өзгеріске тез қунығары, мәселен охра, марс, берлиндік
көгілдір, көк кобальтпен, ал бұл оның қасиетіне нұқсан келтіреді.
Сары кадмий лимон мен тоқсар ытүстің реңктеріне ие. Лимонды кадмий
мен оның сары кадмий тек санаулы бояулармен ғана араласуда тұрақты. Олар
табиғи жер, күйдірілген сүйек, жүзімді қара, ультрамарин қоспаларында өте
тұрақсыз.
Ашық сары кадмий мен орташа сары кадмий тоқсары кадмиймен
араластыруға болмайды.
Сары марс сапалылығы және мөлдірлінімен ерекше. Көк кобальт таза әрі
қоспа күйінде де аса сапалылығымен, жарыққа төзімді қасиетімен артықшылыққа
ие. Кепкен кезде ол ақшылтым реңк береді. Бұл бояу сумен жақсы шайылады да
көгілдір түске енеді, сондықтан да пейзаждың алыс көкжиегін көркемдеуге өте
ыңғайлы. Бейнелеушіге кобальтсыз күн жоқ.
Ультрамарин біршама сапасыздау. Оны кадмий мен араластырмаған жөн,
өйткені қоспа қарайып кетеді. Ультрамарин әдемі тұңғиық түсті болғанымен,
ірі дәнді сол себепті оның пигменті қағазға мықты бекімейді. Сол себепті
ультрамаринмен салынған акварельге қол ұшын және өзге де заттарды тигізу
қауіпті.
Қою көк кобальт акварельдің таптырмас пигменті болып табылады. Мұндай
жарық әрі таза түсті қызыл және көк пигментті араластыру ала алмайсыз. Қою
көк кобальттың тиімділігі сол, ол өзге кадмийлерге тұрақсыз болып келеді,
сондай-ақ бұл бояуды қағазға түсіру де біраз қиындықтар туғызады.
Қасиеті бірегей бояулардың бірі жақұтты жасыл. Ол мөлдірлігі және
реңктің толықтығымен өзгелерден ерекше, жасыл жақұт тәжірибелі акварельшіге
өзге түстердің бәрін алмастырады. Дегенмен, оның ираплантармен араласуына
жол бермеу керек, ол аталмыш бояуды түссіздендіріп жібереді.
Қоңыр марс аталмыш қасиеттерге ие. Бұл бояу жарыққа тұрақты әрі
берік. Оны тек кадмиймен ғана араластырмайды.
Табиғи умбра ― бейнелеушілер арасында кеңінен таралған салмақты қоңыр
түс, тұнық, жарыққа төзімді.
Қара бояулар ― күйдірілген сүйек, жүзімді қара жарыққа төзімді,
мөлдір, көмгейлеу қасиеттермен ерекшеленеді. Оларды тек кадмий мен
араластыруға болмайды, өзгелермен араластырғанда олар аса тұрақты болып
келеді.
Акварельмен жұмыс істегенде оның кебу үрдісінде өзінің бастапқы
түсінен ашығырақ түске көшетінін ұмытпау керек. Бұл қағаз сапасына да
байланысты.

Қылқалам.

Акварельді бейнелеу өнерінде ең кең тараған қылқалам түрі ― белчья.
Оның талшықтары ылғалды тез сорады, әрі жұмсақ.
Акварельді сондай-ақ камшат қылды қылқаламды да пайдаланады.
Тәжірибелі акварельшілер фактураны беруде үлкен жетістіктерге жету
үшін кейде қатты талшықты қылқаламды пайдаланады. Жаңадан сатып алынған
қылқаламның сапасын тексеру үшін, оны суға малып, қатты сілкіңіз. Егер
қылқаламның ұшы үшкірленген болса, ол сапалы.
Ал діңгек пішінді қылқаламды тексеру үшін оны суда ұзағырақ
ұстайды.Жұмыс аяқталғаннан соң қылқаламды таза сумен жуады. Оны талшықтары
үстінде орналасқандай тік қалпында сақтаған жөн. Кір қылқаламды суда ұзақ
уақыт ұстамайды. Мұндай жағдайда талшықтар сетінейді. Егер қылқалам
жуылмай, ал ондағы бояулар кеуіп қалса ол бұрынғы серпімділігін жоғалтып
талшықтар сынғыш бола бастайды.
Пейзаж немесе натюрморт салуда бір қылқаламмен шектелуге болады. Кіші
көлемді акварель үшін № 8 немесе № 10-шы қылқаламды, ал беттің төрттен бір
бөлшегін пайдаланғанда № 14, 15, 16 қылқаламды пайдаланған дұрыс.
Қылқаламның бұдан да кіші нөмірлі мөлшерлерін иемденген абзал. Мұндай
қылқаламмен бейненің түрлі детальдарын, шрифтерін және ұсақ жұмыстарды
орындау ыңғайлы.
Үлкен мөлшерлі қылқалам әдетте тұтас бейнелерді, мысалы аспан, су
тоғандарын салу үшін қолданылады. Оларды жұмысқа кіріспес бұрын бетті
ылғалдау үшін де пайдаланады.
Беттің үстіңгі қабатына қол тигізбеуге тырысыңыз, мұндай жерге бояу
дұрыс жағылмайды, әрі бірқалыптылық бұзылады.
Алайда бейнені анықтау барысында қылқаламды бетке жақын ұстағанда
мұндай кедергілерге тап болуыңыз әбден мүмкін. Бұл жағдайда тек кіші
саусақтарыңызға сүйеніңіз.

Қағаз.

Акварельмен жұмыс істеу үшін ақ тығыз әрі сапалы қағаз қажет. Майда
әрі жылтыр қағаз акварельге қолайсыз, мұндай қағаздағы бояу сырғанап бір
жерге тоғысып қалады. Жазу қағазы да жарамсыз, өйткені ол суды сіңіп алады.
Акварельге ыңғайлы қағаздың үсті дәнді болып келеді. Оның бірнеше
іріктемесі бар, ұсақ дәндіден ірісіне дейін әдетте үстіңгі қабаты қапшық
тәріздес.
Дәнді қабат бояудың мықты бекуіне және ылғалды ұсақ сақтауына жақсы.
Қағазды ылғалдатпасаңыз акварель құрғақ болмайды, ол үшін губка немесе
қалың әрі жұмсақ қылқалам қолданыңыз.
Жаңа сатып алынған қағаз бетінде бірден жұмыс істеуге талпынбаңыз. Ол
біраз уақыт тұруы керек, өйткені оның құрамындағы майлар кебері су қажет.
Сүректен жасалған арзан қағаз тым сапасыз, ол уақыт өте сарғая
бастайды, оны орама күйінде сақтау мүмкін емес. Сапалы қағаздың өзі де
мұқият сақталмаған жағдайда ― кірлеп, бояуды өңсіздендіреді. Сондықтан да
акварельші оны арнайы папкада ғана сақтаған жөн.
Бір айта кетерлігі кейбір арзан қағаздың да сапалы жақтары
болатындығы, олардың ішінде жағымды дәнді қабатты, акварельге оңай
жұғымдысы да бар. Тығыз емес қағазда тек жедел этюдтерді ғана орындайды.
Сізге белгісіз қағаздың сортын сынақтан өткізбей іске кіріспеңіз.
Оның ылғалды қалай ұстайтындығын, бояуды бірқалыпты қабылдайтындығын
тексеріңіз.
Акварельмен жұмысқа кіріспес бұрын қағазды іске дайындау қалай жүзеге
асырылады?
Акварельдің көбі қағазды ағаш рамаға немесе фанерге керіп тастағанға
тырысады. Бұл тек ұзақ жұмыс барысына қолайлы. Ал кейбірі арнайы стираторды
қолданады. Ол екі, кейде үш рамадан тұрады.
Стиратор тақтаға кигізілген бір рамалы да болуы мүмкін. Стиратордың
келесі бетінде арнайы ілгіштері болады. Ол қағазды бекіту үшін қажет.
Қағазды рамаға кигізу барысында оның шетін мұқият керу керек. Содан
соң жылдамдықпен екінші рамаға қыстырып ілгішпен бекітіңіз. Дұрыс керілген
қағаз беті майда болады, жұмыс барысында ешбір қатпар пайда болмайды.
Рамаға дымқыл қағазды ғана емес, құрғақ қағазды да кигізеді. Бұл
қағаз сорты мен суретшінің әдетіне байланысты.
Тым ылғалданған қағаз бетіндегі бояу тез ыдырап, өзінің бастапқы
айқындығын жоғалтады.
Қалың қағазды тақтаға кнопкалардың көмегімен бекітеді. Бұл да
тәжірибені қажет етеді.
Қағаз көлемі рамадан үлкен болады, оның әрбір шетін тақтаның
қалыңдығын қосады. Алдымен қағаздың бір шетін бүгін кнопкамен бекітеді.
Содан кейін екінші шетіне кірісесіз. Қалған шеттерін де осы әдіспен
бекітеді. Бұл орайда қағазды ортасынан шетіне қарай керуге тырысыңыз.

Этюд құралы, палитра.

Акварельді бейнелеу өнері үшін металдан немесе пластмассадан жасалған
палитра ыңғайлы болып келеді.
Егер бояулар кішкене қутышаларда орналасқан жағдайда, олардың
төгілмеуін қамтамасыз ету үшін қорапша ішіне бекітіп қойыңыз.
Бұл әдіс әсіресе суретші табиғат аясына шыққанда ыңғайлы. Оның үстіне
бекітілмеген бояу қатты ылғалданғанда палитраның қақпағына жабысып оны
кірлетеді.
Егер қоластыңызда арнайы акварельді палитра болмаса, оны металл
немесе пластмассадан өзіңіз жасап алыңыз. Қутыдағы акварельмен жұмыс істеу
кезінде, жайдақ тарелка, қалың шыны немесе пластикпен жасалған пластинаны
пайдаланыңыз. Шынының астына ақ қағаз жабыстыруға немесе оны белиламен
ағартуға да болады.
Егер сіз қағаз палитраны пайдалансаңыз, оның қағаз сүтімен
сәкестігіне назар аударыңыз. Алайда мұндай палитрадағы бояулар тез сіңіп,
кебеді де көп шығынға ұшыратады.
Акварельшілер әдетте майлы бояумен жұмыс істеуге арналған этюд —
мальбертпен қолданады. Этюд құрамының ыңғайлылығы сол, оның түбінде үш
аяқшасы бар.

Акварельмен жұмыс істеу.

Акварельге арналған суреттің өзінің ерекшеліктері болады. Қарындаштың
ізі бояудан көрінбеуі керек, сол үшін ауықтарды әдетте өшкін қылып салады.
Сонымен қатар қарындашпен салынған бастапқы сурет неғұрлым анығырақ болса,
бояу соғұрлым тиімді пайдаланылады.
Акварельмен жұмыс істеген кезде қайта түзету, жөндеу жұмыстары
орындалмайтынын есте сақтау керек. Өшіргішпен қарындаш ізін өшіргенде
қағазды бүлдіріп, бояу біркелкі жағылмай қалуы мүмкін. Сол үшін суретті
қатесіз, әрі сондай жұмсақ болсын. Өшіргішті пайдаланбай салуға тырысу
керек. Қарындашты дұрыстап ұштаған соң ғана суретті салу керек. Өте жұмсақ
қарындаш алмаңыз, оның графиті суға еріп бояу мен араласып кетуі мүмкін.
Өте қатты тағы да жарамайды. Ол қағаз бетін жыртып кетеді. Суреттің алғашқы
сұлбасын салғаннан кейін қағаз бетін ақырын ғана таза сумен дымқылдату
керек. Бұл қағаз бетін графиттен түскен артық үгінділерден тазартады.
Өте ұзақ уақытқа арналған, өте ұқыпты салынған жұмысты бір беттен
екіншісіне көшіруге болады. Бұл астынан жарық түсірілген шыны немесе
қарындашпен штрихталған бетті пайдалану арқылы жүреді. Машинаға арнап
сызылған бетті пайдалануға болмайды. Жаңадан акварельмен жұмыс істеп
үйреніп жүрген суретшілер алғаш оңай жұмыстармен қолдарын жаттықтыруы тиіс.
Ең бірінші — ең қарапайымы. Сурет салатын бетті шамамен 30-қа
қисайтып, бояуды керек жерге жағып, оның жан-жағына ағып кетпей сол жерге
сіңуін қадағалау керек. Бояулар бір-бірі мен араласып кетпей, өз орында
қалатындай ғып жағу керек. Тексерудің бірі ол өз бояуыңыздың сапасында.
Әрбір бояуды ең ашық түрінен, ең қою түріне дейін сумен араластыр.
Бояуыңыздың түсі мен сапасын бірде бірте-бірте, бірде бірақ жағу арқылы
сынаңыз. Бұл сізге бояудың бірнеше қабатта және бір ғана қабаттағы түрін
салыстыруға мүмкіндігін береді. Әр түрлі бояуды араластырып езуде шынығып
көріңіз. Бірақ ешқашанда түстің ең ашығынан ең қоюына дейіңгі түрі таза
болуы керек екенін ұмытпаған жөн. Бірінші әр түсті басқасымен араластырып
түстер алып көріңіз, ең алған екі түсті, кейін үшеуін т.с.с. Қанша бөлек
түстер жасай аласыз екен. Сіз байқаған боларсыз, екі ашық түстен мысалы
қызыл мен жасылдан сұр түс алуға болады. Тағы осылай басқа түстер алуға
болады. Бұл екі түстің бірін-бірі жоюы ахроматизация деп аталады ( бірін-
бірі жою).
Кейбір суық түстер мен жылы түстер қосылса бірін-бірі ашып көрсетеді.
Осындай қасиетін суретшілер кеңінен пайдаланады. Бояулар: суық, жұмасқ,
ашық, қою, гармоникалық, лирикалық, бола алады. Тек қана бұл суретшінің
суретінің мәні анық білдіріп тұрса болғаны. Түспен көңіл-күйді білдіріп,
оны көрушілерге білдіруге болады. Акварельмен салудың көптеген тәсілі бар.
Олар: көп қабатты және бір қабат құрғақ бетке, екінші қабатын дымқыл бетке
салу. Суретшілер көбінесе араластырып алған бояуларды пайдаланады. Бірінің
үстіне бірін жағу арқылы салу натюрмортта, пейзажда, портретте,
композицияда кеңінен қолданылады.
Көптеген атақты суретшілер бояуды бірнеше қабат қылып жаққан кезде
тазалығын сақтау арқылы оның түстерінің бірін-бірі ашуын сақтау арқылы
жетістіктерге жеткен. Ол үшін олар түстердің жақсы сінімділігін
пайдаланады. Жаңадан бастаған суретшіге осы әдіспен салған тиімді. Ол
қатенің көп кетпеуіне мүмкіндік береді. Көлеңке мен зат түсінің
айырмашылығын және ең басынан ашық және қою жерлерін сақтаған жөн. Себебі
кеуіп қалған акварель қайта боялмайды. Есіңізде сақтаңыз: әрбір тіпті өшіп
көрініп тұрған бояудың бөлек түрі суретке ең жаман қасиет беріп тұрады. Көп
қабат қылып жаққан суретке қараңғы және өшкен бояулар пайда болады. Қағазды
сәл дымқылдау арқылы сіз өте нәзік түстер ала аласыз. Бірақ кейде анық
көрінуі тиіс сызық саларда қағаз өте құрғақ болуы тиіс. Бояудың ең бірінші
қабаты өте жұқа болуы керек. Онымен бояғанда қағазды тез бояу керек,
жоғарыдан төмен қарай. Алдын ала жағылған бояуды езіп жібермеуі үшін.
Түстерді өте жұқа беттерге жазу арқылы таңдауға болады. Мысалы: фиолетовый
түс алу үшін, алдын ала жазылып кептіріліп қойған қызыл түске ашық көк түс
жағыңыз. Кепкен бетке бояулар жазу суретті тезірек бітіруге көмектеседі.
Бұл әдіс құбылмалы табиғатты салуға қолайлы. Бірақ, ол қыл қаламмен
қателеспей бояуды, дұрыс пайдалануды талап етеді. Екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық тиімді шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемелік ұсыныстар жасау
Бастауыш сынып бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Мектептегі натюрморт сабағының өткізу әдістемесі
Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту әдістері Натюрморт
Оқушыларды табиғатты ойша және елестете отырып бейнелеуге үйрету
Мектеп бағдарламасында көрем еңбек өнерінің элементтерін көркем тіл проблемалық ретінде қарастыру мәселесі
«Еңбекке баулу» оқу пәнінен оқу құрал
Батик – мата бетіне сурет салу
Пейзаждық сурет салу
Пәндер