Жабаев Жамбыл– қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Кіріспе
I. Жабаев Жамбыл. қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
2. Жамбылдың ақындық қуатты
3. Ж. Жабаев .импровизатор.айтыскер ақын
Қорытынды

Қазақ елі жорға шешендерден кенде болған емес, оны айтыс өнерінің түркі жұртының ішінде қазақ жерінде өркендеп, шарықтауы дәлел бола алады. Суырып-салмалық өнер ақындардың бір-бірінен үйреніп, еліктеуінен, бірін-бірі ұстаз тұтуынан өркендеген. Жамбылдың ұстазы қазақ-қырғызға бірдей ортақ Сүйінбай болса, Сүйінбайдың ұстазы Қабан жырау делінеді.
Сүйінбайдың шәкірті төкпе ақын Жамбыл шешендігі жөнінде айтылар сөз оның ауызша айтқыш, сайыста айтысқыш шеберлігіне негізделуі қажет. Айтысқа шеберлік – жалпы ақындық өнердің, шешендік өнердің өзгеше бір биік саласы. Жамбыл ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермеген Құлмамбеттей жүйрікті сүріндіріп, айтыс ақыны ретінде бағы ашылды.
Қазақ әдебиеттануы ғылымының тарихында Жамбылдың зар заман поэзиясы ағымының құрамында аталмай келгені мәлім. Алайда, осы ағымды арнайы зерттеушілер М.Әуезовтің, Х.Досмұхамедұлының З.Қабдоловтың, Б.Омарұлының, Қ.Мәдібаеваның еңбектерінің нысанына алынған ақындардың барлығы дерлік Жамбыл өмір сүрген кезендердің тұлғалары. Ал, олардың жырлаған зар замандық ой өрімдерімен тектес жырлар Жамбылдың шығармашылығында да бар. Жамбылды XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы зар замандық ақындармен сарындас үндес жырлаған ақын ретінде айта аламыз [1,11].
Жамбылдың ақындық қуатты, сыншыл жырларының біразының нысанасы – XIX гасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы патша үкіметінің негізгі қызметшілері болған қазақтың болыстары. Халқының озбырлықтың құрсауынан арыла алмаған ауыр тағдырын бейнелі жыр өрнектерімен, реалистік-романтикалық зарлы-шерлі сарынмен ақтарыла жырлаған ақынның мұңы – заманының сыры:
Терең-терей ойландым,
Мұңды шаға жырладым.
Жақсылыққа жетпесем,
"Тудым" – дедім – несіне?!
Шиеленген ел күйі,
Қалмаған соң шешіле.
Ызалы сөз өкімге
Қарсы айтылды кесіле.
Жамбылдың шығармашылық тұлғасы тұтастай суырып салмалық (импровизациялық) өнер құдіретінің көрінісі. Ішкі жан дүниесіндегі қайнап жатқан толғанысты ойлардың жарыққа шығу сәттері – жарқылдаған ұшқындары, алаулаған оттары, тұтас қызуы бет қаратпас бейне жаңартаудай әсерлі.

1. Садырбаев С.Фольклор және Жамбыл. – А: Ана тілі, 1996 2.Тебегенова А.Т.Жамбыл шығармашылығына жаңа көзқарас.Ұлттық сипат және дәстүр жалғастығы // Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
2. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-кітап: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 467 бет.
3. М. Жолдасбеков, «Жамбыл және оның ақындық ортасы»//«Асыл арналар», – Алматы.1986.
4. Садырбаев.С. Қазақ фольклорының эстетикасы // Қазақ халық әдебиеті. – А: Рауан, 1990.
5. Сүйіншәлиев Х.ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – А: Мектеп, 1989.
6. Жамбыл Жабаев творчествосы.Алматы.1989
7. Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклор. 1 т. Алматы: 1993.
8. Тәжібаев Ә. Жамбыл –ұлы заманның ұлы ақыны //Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. Алматы. 1975.
9. Қосымова Г.Қазақ шешендік өнерінің негіздері. – А: Білім, 2003.
10. Жармұхамедов М. Жыраулық поэзияның даму ерекшеліктері. – Алматы : Ғылым, 1983.
11. Қоңыратбай .Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991.
12. Нұрмағанбетова О. Жамбыл – айтыс өнерінің шебері //Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. Алматы. 1975.
13. Жармұхамбетов М. Жамбылдың айтыстағы дәстүрі //Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. Алматы. 1975.
14. Негимов С. Өлең жырлары. –Алматы: Ана тілі, 1997. 208
Қосымша пайданылған әдебиеттер.
1 Жамбыл Жабаев шығармалары. Алматы. 1994
2. А.Бұлдыбай. Ж.Жабаев дастандары. // Ж. Жабаев творчествосы. Алматы, 1995 ж. 213-245 бет.
3.Сүйіншәлиев Х.ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – А: Мектеп, 1989.
4. Адамбаев Б.Халық даналығы. – А: Рауан, 1996.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы.- Алматы: 1960, 1Т., 1-кітап.
6.Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті: (Зерттеулер). – Алматы: Ғылым, 1983. –360 б.
7. Шешендік шиырлары - Алматы: Қайнар, 1993.

Қазақ елі жорға шешендерден кенде болған емес, оны айтыс өнерінің түркі
жұртының ішінде қазақ жерінде өркендеп, шарықтауы дәлел бола алады. Суырып-
салмалық өнер ақындардың бір-бірінен үйреніп, еліктеуінен, бірін-бірі ұстаз
тұтуынан өркендеген. Жамбылдың ұстазы қазақ-қырғызға бірдей ортақ Сүйінбай
болса, Сүйінбайдың ұстазы Қабан жырау делінеді.
Сүйінбайдың шәкірті төкпе ақын Жамбыл шешендігі жөнінде айтылар сөз
оның ауызша айтқыш, сайыста айтысқыш шеберлігіне негізделуі қажет. Айтысқа
шеберлік – жалпы ақындық өнердің, шешендік өнердің өзгеше бір биік саласы.
Жамбыл ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермеген Құлмамбеттей жүйрікті сүріндіріп,
айтыс ақыны ретінде бағы ашылды.
Қазақ әдебиеттануы ғылымының тарихында Жамбылдың зар заман поэзиясы
ағымының құрамында аталмай келгені мәлім. Алайда, осы ағымды арнайы
зерттеушілер М.Әуезовтің, Х.Досмұхамедұлының З.Қабдоловтың, Б.Омарұлының,
Қ.Мәдібаеваның еңбектерінің нысанына алынған ақындардың барлығы дерлік
Жамбыл өмір сүрген кезендердің тұлғалары. Ал, олардың жырлаған зар замандық
ой өрімдерімен тектес жырлар Жамбылдың шығармашылығында да бар. Жамбылды
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы зар замандық
ақындармен сарындас үндес жырлаған ақын ретінде айта аламыз [1,11].
Жамбылдың ақындық қуатты, сыншыл жырларының біразының нысанасы – XIX
гасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы патша үкіметінің негізгі қызметшілері
болған қазақтың болыстары. Халқының озбырлықтың құрсауынан арыла алмаған
ауыр тағдырын бейнелі жыр өрнектерімен, реалистік-романтикалық зарлы-шерлі
сарынмен ақтарыла жырлаған ақынның мұңы – заманының сыры:
Терең-терей ойландым,
Мұңды шаға жырладым.
Жақсылыққа жетпесем,
"Тудым" – дедім – несіне?!
Шиеленген ел күйі,
Қалмаған соң шешіле.
Ызалы сөз өкімге
Қарсы айтылды кесіле.
Жамбылдың шығармашылық тұлғасы тұтастай суырып салмалық
(импровизациялық) өнер құдіретінің көрінісі. Ішкі жан дүниесіндегі қайнап
жатқан толғанысты ойлардың жарыққа шығу сәттері – жарқылдаған ұшқындары,
алаулаған оттары, тұтас қызуы бет қаратпас бейне жаңартаудай әсерлі. Сыншыл
да өткір, бейнелі оралымдарымен өрнектелген астарлы философиялық тұжырымды
толғаныстардың тереңдіктері, замандық құбылыстар мен адамдардың алуан сырлы
келбеттері – бәрі де ақын жүрегінен атқылаған жыр жанартауының өмірдің
найзағайлы аспанымен астасқан суреткер! Демек, ұлы Жамбылдың суырып
салмалық (импрови-заторлық) ақындығындағы сөзді де сазды да тұтқиылдан
айтатындығы – оның ішкі жан жүйесіндегі бұлқынып, толықсып қайнап жатқан
қат-қабат ойларының қабаттаса, тізбелене атқылауының жүйелене жырлауының
көрінісі. Жамылдың философиялық әуенді толғауларының да, сыршылдық бояулары
қалың лирикалық және, сыншылдық тілі өткір сатиралық өлендерінің де,
айтыстарының да, эпикалық дастандарының да – бәрінің де осы суырып салмалық
қасиетінің табиғатына негізделе дүниеге келгені анық.
Жамбыл өсе келе тек қазақ еліне ғана емес, барша әлемге әйгілі жырау,
ақын, жыршы болып қалыптасқан. Сөз өнерінің бұл үш түрін бір адамның
меңгеруі сирек кездесетін құбылыс. Ал Жамбыл өзін әрі жырау, әрі жыршы,
әрі ақын ретінде сезінген (Шын жүректен жыр төгіп, сөйлеп бір кетті
жырауың, Нені естісек, соны айту ежелден ісі жыршының, Жамбыл ақын
сөйлеген сөзді бекер демеңдер). Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен
өткізген Жамбыл – өткен екі ғасырдың куәсі болды, қайшылыққа толы, күнгейі
мен көлеңкесі аралас, жақсылығы мен жамандығы қатарлас екі түрлі қоғамда
ғұмыр кешті.
Жамбыддың Ресей патшалығы отаршылдығы саясатына қарсы зар замандық
өлеңдері бұрын тек қана кеңестік жүйенің орыстық орталыққа жалтақтауының
(көбінесе, жалбақтауының) кесірінен қарастырылмай келгенді. Қазақстанның
қазіргі тәуелсіздік жолындағы жаңа тарихының бұрынғы-соңғы мәселелерін
қайта таразылауда қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл шығармашылығындағы нағыз
әлеуметтік сыншылдықты әділ бағалай аламыз. Бұл орайда, Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мына пікірін өз бағдарымызға
нысана ете аламыз: Тарихты әділет тұрғысынан объективті таразылау, әрдайым
осы қағидаттан айнымау - ғылыми үдерімнің биік мұраты болуы тиіс. Бүгінгі
күнге дейін халқымыздың басынан кешірген тарихи шындықты ғылыми ақиқат
биігінен саралап беруге түрлі объективтік және субъективтік себептердің
салдарынан мүмкіндік болмағаны да рас [2,45].
Шыншылдық пен сыншылдық қасиетін Жамбыл ақындармен айтыстарында да
сақтап, турашылдығымен ерекшеленеді. Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ
елге танытқан, оның есімін бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға, Сыр бойына
таратқан өнері оның айтыстары. Ақындармен айтыс Жамбылдың суырып салмалық
дарынын шыңдады, ақындық шеберлігін арттырды, азаматтық өресін өсірді және
тақырып аясын кеңейтті. Жамбылдың Жаныс ақынмен, Бөлектің қызымен, Бұрым
қызбен, Айкүміспен, Сарамен, Сары ақынмен, Шыбылмен, Бөлтірікпен,
Майкөтпен, Сарбаспен, Құлмамбетпен, Доспамбетпен, Шашубаймен, т.б.
айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды.
I. Жабаев Жамбыл– қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы,
өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл
тауының етегі. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей
руы. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер
айрықша биікке көтерілген. М.Әуезовтың қазақ халқында ерекше дамыған айтыс
өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік
өлкелерінде шоғырлана бастайды деуінде үлкен тарихи себеп бар.
Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел
ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде,
Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді.
Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық
дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп
еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай,
балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі,
Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Макөт пен Майлықожаның
келуі, ту-у Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың
алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты
еді. Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас
кезінен ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде-ақ өскен ортасын ән
мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген.
Жамбылдың өлеңге, ақындыққа құмарту сезімі ерте оянған. Өзінің айтуынша, 13
жасында бастап ақын болуға бекем бел байлайды. Дүмше молдадан оқығанша,
ақын болам деп әкесінен рұқсат сұрайды.
Жас талаптың Жетісу өңірінің данқты ақыны Сүйінбаймен кездесіп, ботасын
алуы оның ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады. Бірде 14-15 жастардағы
Жамбыл жарапазан айтуды сылтауратып, Сүйінбай аулына келкді. Үйінің
сыртында ат үстінде тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең шығарып,
ұзақ жырлайды [2,45].
Ардақтын үйдің иесі,
Бата бер менің жырама.
Қуат бітіп үніме,
Қөңілін тапсын елімнің.
Жар бол да, өзің жердем ет,
Жібер мені бір демеп,– деп өтінеді жас талап ақын.
Айтқандарына сүйінген Сүйінбай Жамбылды үйге шақырып, ұзақ отырып, өлеңін
зор ықылыспен тыңдайды, бала ақын болашағынан үлкен үміт күткен көреген
жырау: Осы шабысыңнан тайма! Өлкең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсың!
Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті жырла! Көне, тозығы жеткен
жолға түвпе, жаңа жол, даңғыл жолға түс! Өленің бүкіл халық сүйсініп,
көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын! Сенің көңіліңнің асылы патшаның
қазынасынан да бай болсын! – деп бата береді. Жамбыл да:
Менің пірім- Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай.
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп жырласам,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай,– деп, Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы
сақтап, ұстазының есімін ардақтаумен өтеді.
Жамбыл ақындық айлысқа 17–18 жасында араласып, Көрұғлы, Өтеген сияқты
дастандарын да сол тұстарда жырлай бастаған.
Ақын Менің өмірім шығармасында:
Топ десе, он жетімде тартынбадым,
Семсердей майдандағы жарқылдадым.
Ақынды ауылға ермек басып озып,
Жұлдызай көзге түсіп, жалқындарым,–дейді.
Жамбыл жиырма жасында сол кездің атақты ақыны – Жаныспен айтысып оны
жеңеді. Менім пірім – Сүйінбай деген өлеңін Жамбыл осы Жаныспен
айтысқанда айтады. Жамбылың Жылқышы, Пұшықтың ұрыға айтқанысияқты
өлеңдері сол шамада шығарылады. Атақты Айкүміспен айтысы да осы тұста
болады.
Одан кейін Сәт сайланарда, Жалғызбын деп жүрмесін, Алматыда Абайдың
баласы Әбдірахманның қайтыс болуына байланысты көңіл айтуы, Өсиет,
Әділдіқ керек халыққа, Кәрібайдың төбеті тәрізді белгіле өлен,
толғаулары туады [1,25].
Жамбыл 35 жасында, яғни 1881 жылдың күзінде Іле бойында өткен бір үлкен
жәрмеңкеде сол кезде орта жастардағы атақты ақын Құлмамбетпен айтысып ,
жкңіске жетеді .Сөйтіп, Жамбыл щсыдан былай Жетісу өңірінің нөмірі бірінші
ақынына айналады. Бірақ айтыстан кейін де екі ақын бірін-бірі құрметтеп,
ардақтап өткен. Атақты Бақтыбай ақынмен кездескен де:
Қаздай қалқып, ерінбей,
Өлең тердім жасымнан.
Майкөп ақын, Құлмамбет
Орын берді қасынан,– деп,
Жамбыл аға ақынның есімін құрметтеп, ардақтай ауызға алады.
Жамбылдың ақын болып қалыптасуы тек Жетісу ақындық мектебінің ауқымында
қалған жоқ. Ол өзіне дейін өмір сүрген атақты жыраулардың, өзімен қатарлас
ақындар мен жыршылардың бай мұрасын, күллі халық поэзиясын толық меңгеріп,
өз шығармашылығына тұғыр еткен. Асан Қайғы, Бұқар жырау, Шөже, Балта,
Шернияз, Шортанбай, Дулат, Сүйінбай, Досқожа, Нысанбай, Майкөт, Майлықожа,
Құлыншақ, т.б. ақындарды үлгі тұтқан. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз
елінің де сөз өнерін жетік білген. Қырғыз манасшылары мен жыршылары
арасында әріптес достары көп болған, солармен бірге қырғыз айылдарын
аралап, өлең айтып, жыр тоғытқан, күй тартып, айтысқа түскен. Атақты
Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен
өнер сайысына түскен, солармен жарыса Манас, Ер Төштік эпостарын
жырлаған, олардың ілтипат-ықыласына бөленген. Ақын бүкіл әлемге тараған
Мың бір түннің тарауларын, Орталық Азия мен Кавказ халықтарына ортақ
Көрұғылы жырын, Фирдоуси Шахнамасының үзінділерін жасынан жаттап алып,
айтып жүрген. Осындай қайнарлардан нәр алған Жамбыл өсе келе тек қазақ
еліне ғана емес, барша әлемге әйгілі жырау, ақын, жыршы болып қалыптасқан.
Сөз өнерінің бұл үш түрін бір адамның меңгеруі сирек кездесетін құбылыс.
Ал Жамбыл өзін әрі жырау, әрі жыршы, әрі ақын ретінде сезінген (Шын
жүректен жыр төгіп, сөйлеп бір кетті жырауың, Нені естісек, соны айту
ежелден ісі жыршының, Жамбыл ақын сөйлеген сөзді бекер демеңдер). Жүз
жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген Жамбыл – өткен екі ғасырдың
куәсі болды, қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі аралас, жақсылығы мен
жамандығы қатарлас екі түрлі қоғамда ғұмыр кешті. Жамбылдың шығармашылық
өмірі, негізінен, 19 ғасырдың 70-ші жылдарынан басталған. Бұл қазақ халқы
үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдары бүкіл қазақ елін түгел жаулап алған
Ресей империясы енді оны басқарудың жаңа амалын тапқан-ды. Сөйтіп, 1868
жылғы Жаңа мизам негізінде Қазақстан үлкен 6 облысқа, облыстар уездерге,
уездер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлініп, қазақ даласына ішкі Ресейдің
басқару жүйесі отаршылдық сипатқа көшірілді. Соның салдарынан қазақ халқы
арасына Ресей мемлекетінің бюрократтық аппараты тудырған көптеген келеңсіз
құбылыстар мен іс-әрекеттер жайылды. Осының бәрі халықтың ғасырлар бойы
қалыптасқан тұрмыс-салтын бұзды, елдің ішіне іріткі салды, адамдардың
санасы мен мінез-құлқын өзгертті. Сөйтіп, бұрын болмаған ұлыққа
жағымпаздық, болыстыққа талас, ағайынға жала жабу, біреудің үстінен шағым
айту, кісіні алдау, өтірік айту, барымта сияқты жағымсыз қылықтар мен жаман
құлықтар пайда болды, барымташылықты малдаған арамтамақтар көбейді. Жерден,
малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, рухы жадап, ел күйзеліске ұшырады.
Ол аз болғандай, 20 ғасырдың 20-жылдарында ақ пен қызылдың соғысы,
атамандар мен комиссарлардың ылаңы, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты
оқиғалар халықтың бүкіл бітіміне теріс әсерін тигізді, қарапайым адамдардың
да, зиялылардың да психологиясын өзгертті. Осындай жағдайдың куәгері болған
Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын суреттеді, өзінің өкініші мен
күйінішін ащы дауыспен жырлайды, мысқылдайды, сынайды, күйініп те, қиналып
та сөйлейді. Шыншылдық пен сыншылдық қасиетін Жамбыл ақындармен
айтыстарында да сақтап, турашылдығымен ерекшеленеді. Жамбылды нағыз ақын
ретінде байтақ елге танытқан, оның есімін бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға, Сыр
бойына таратқан өнері оның айтыстары. Ақындармен айтыс Жамбылдың суырып
салмалық дарынын шыңдады, ақындық шеберлігін арттырды, азаматтық өресін
өсірді және тақырып аясын кеңейтті. Жамбылдың Сайқал қызбен, Жаныс ақынмен,
Бөлектің қызымен, Бұрым қызбен, Айкүміспен, Сарамен, Сары ақынмен,
Шыбылмен, Бөлтірікпен, Майкөтпен, Сарбаспен, Құлмамбетпен, Доспамбетпен,
Шашубаймен, т.б. айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды. Оның
айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та
бар. Осының қай-қайсысында да Жамбыл өзінің нағыз майталман, кестелі сөздің
шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен екенін көрсетеді. Жамбыл айтыстарының
көтеріңкі, лепті интонациямен басталады, ұйқастары әр алуан болып келеді.
Қарсыласын ащы мысқылдау, өлеңмен тұқырту, өзін көтере сөйлеу, қарсыласы
мақтаған адамдарын мінеу секілді сол заманның айтыстарына тән барлық әдісті
Жамбыл да пайдаланады. Қажетті жерде Жамбыл өз руының атынан да сөйлейді.
Сонымен қатар айтыстарда Жамбылдың ақындық, дара мені айқын көрінеді.
Әсіресе, атақты ақындармен сүре айтысқа түскенде өзінің жеке қасиеттерін
ерекше сезінеді, өзінің көпшіліктен бөлек тұлға екенін айрықша түсінеді.
Мұны ол айшықты образдар мен метафоралар арқылы жеткізеді (Мылтықта түтеп
тұрған мен бір пистон, Құйындаған көкке ұшқан мен бір пырақ, Сен ?
күйкентай, мен тұйғын, Мен қорғасын сақамын, Мен ? бір соққан
дауылпаз, Сөз иесі мен деймін, т.б.). Айтыста көрінетін Жамбылдың екі
мені (рулық әрі ақындық) кейін, 1930-1940 жылдары өте жоғары мәнге ие
болып, азаматтық мен дәрежесіне көтеріледі. Бұл кезде Жамбыл ақын ғана
емес, ұлы жырау болған еді. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын
белсене қатынасты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың
ортасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап
шығарды. Оның көбісі сақталмаған. Тек есте қалып, хатқа түскені ? Патша
әмірі тарылды, Зілді бұйрық деген өлең-толғаулары. Осы шығармаларында
Құлансаз, Қарабастау жайлауындағы Қарғалы, Самсы, Ұзынағаш және Шейінпенде
болған қақтығыстардан елес береді. Жамбыл көтерілісшілерді өлең-жырымен
жігерлендірді, оның үгітшілік қимыл-әрекетін патша әкімдері жазаламақ
болды, бірақ халық Жамбылды қорғап қалып отырған. Жамбыл 1919 жылы Жетісу
халық ақындары бас қосқан слетке қатысты. 1934 жылы республикалық өнер
шеберлерінің тұңғыш слетінде жыр толғап, тағы бір көзге түсті. Замана
ағымы, Белсенділерге, Қазақстан тойына, Жастар алдындағы сөз сияқты
арнау, толғаулары осы тұста жырланды. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ
әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде оның дауысы бұрынғыдан да асқақ
естілді. Ежелгі данышпан жырауларша Жамбыл 1930-1940 жылдар аралығында
мемлекеттік мәні бар мәселелерді көтеріп, қоғам өмірі мен ел мүддесін
жырлайды, замана жайында толғайды. Мұндай толғауларында қарт жырау,
көбінесе, ертедегі болмысты суреттеп, көне тарихқа көз жүгіртеді, өз
дәуірінің асқарынан дана абыз болып замана ағымын шолады, мезгіл мен өмір
туралы ойланады, соларға мінездеме береді. Ол байырғы ұлы жыраулардың
дәстүрін қайта түлетіп, біздің дәуірімізге жаңа сапада, соны мазмұнға
байытып жеткізді. Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Үмбетей, Бұқар жырау сияқты
Жамбылдың да қалың жұртшылық алдында мемлекет басшылары мен партия
көсемдеріне қарата айтқан жырларында жалпы мемлекеттік мәселелерді
көтереді. Ұлы Отан соғысы тұсында бүкіл Кеңес Одағында Жамбылдан дәрежесі,
мәртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің әлемнің шартарабына
танылған тұсы да осы кезең еді. Ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құрылған
жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. Оның Украинаны,
Мәскеуді, Кавказды, Ленинградты (қазіргі Санкт-Петербор) қорғаушыларға
арнап, солардың рухын көтере, ерлікке шақыра жыр төккені де жыраулықтың
үрдісі. Ол замана туралы толғап, дәуірге сипаттама береді, өтіп жатқан
оқиға-құбылыстарға өз бағасын айтады. Жамбыл поэзиясында жырауға тән
нақылдық, афоризмдік сипат, ойшылдықтың абыздық нұсқалары, саз өнерінің
ерекше құдыреті танылады[4,55].
...Абай мен Жамбыл сияқты ақын-жыршылар шығармасы әдеби сын мен
әдебиеттану ғылымынан өзекті орын алып, Абайтану, Жамбылтану қазірде өз
алдына үлкен сала болып қалыптаса бастады.
Жамбылтану – XX ғасырдың қазақ өдебиетіндегі кең арналы сала. Бұл
саланың негізгі өзегі – қазақ поэзиясының алыбы Жамбылдың ұлттық
әдебиетіміздің жыраулық-ақындық дәстүрлерін бойына жинаған шығармашылық
әлемі. Сондықтан, бұл арада біз зерттеуші М. Дүйсеновтың Жамбылтану өрісі
деген еңбектеріндегі әдебиет тарихындағы алып тұлғаларды бағалаудың табиғи
заңдылықтарына байланысты айтылған пікірлеріне сүйенгіміз келеді: Әдеби
процесті айқындайтын өлшем – көркем сөз өнері иелерінің ізденістері мен
табыстары, қалыптастырған дәстүрлері. Мұны көрсету үшін, ең алдымен,
солардың көш басында тұрған ірі-ірі өкілдерінің өзіндік, даралық
болмыстарын қарастырып, тереңірек ашу қажет. Абай, Жамбыл сияқты ақын,
жырау-жыршылардың творчестволық өмір жолдары арнайы зерттеу объектісіне
айналуының осындай зандылығы бар.
...Абай мен Жамбыл сияқты ақын-жыршылар творчествосы әдеби сын мен

алдына үлкен сала болып қалыптаса бастады [2,5].
Ұлы Жамбылды халықтың алғаш тануы – оның балалық шағындағы ақындық
атының естіле бастаған кезі. Қазақ пен қырғыз халықтарына есімдері мәлім
атақты ақын Сүйінбайдан, Майкөттен бата алып, ұлттық сөз өнері тарихындагы
ұлы Абайдан, Махамбеттен, Базардан, Майлықожадан, Құлыншақтан, Орынбайдан,
Шөжеден және т.б. көрнекті ақындардан шығармашылық үңдестік тапқан Жамбыл
даңғыл жолды болашаққа бет алды.
Ауызша ақпа-төкпелік жыршылықты, суырып салма (импровизация) өнерін ту
еткен толғанысшыл лирик, қиссашы-дастаншы, эпик, айтыскер ақындық шеберлік
қырларымен Жамбыл бүкіл Жетісуға, Оңтүстік Қазақстанға, Сыр бойына,
Сарыарқаға танымал тұлғаға айналды. Жамбылды танудың көшпелі тұрмыстың
табиғи мазмұнына тән оны көзбе-көз көру мен сыртқа даңқының жайыла
естілуіне негізделген жарты ғасырлық шығармашылық уақыты – Жамбылтанудың
бірінші кезеңі. Бұл – Жамбылды шынайы табиғи дарын, үздік өнер иесі ретінде
танудың тарихи мерзімі. Негізгі сипаты – тек қана ауызша танылуы.
Жамбылтанудың екінші кезеңі – оның бейнесінің, шығармаларының қағаз
бетіне түңғыш түскен жылдары. Оның біріншісі – Жамбыл бейнесінің түңғыш рет
1913 жылы Ресей патшасы әулетінің таққа отыру мұрагерлік тарихының 300
жылдығына арналып, осы Алматыда өткізілген ауылшаруашылық өндірісі
көрмесінде ұйымдастырылған айтыста Жамбыл бірінші орын алып, қобызшылар мен
домбырашылардың да бірінші орын алғандарымен бірге суретке түсірілгені [2].
Жамбыл есімінің тұңғыш 1925 жылы Ташкент қаласынан шыққан Терме
жинағына енгеніне байланысты профессор С. Садырбайұлы осы жарияланым туралы
нақтылап баяндайды: Мұнда мынадай деректер айтылады. 1922 жылы 9 маусымда
Ұзынағашта (қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы) Жетісу облысының кедей-
батырақтарының съезі болады. Сол съезге Жетісу өлкесінен ең тандаулы 10
ақын шақырылды. Солардың арасында "Көрұғлы" дастанын 15 күндей жырлайтын
Жамбыл да бар", – дейді автор. Сонан соң әрбір ақынның аты-жөні, руы, жасы,
жатка айтатын жырлары, өлендері, айтыстары атап-атап айтылады.
Автор бірінші сөзді Жамбылдан бастайды. Жапаұлы Жамбыл Ұлы Жүз,
Шапырашты, Екей, жасы – 68-де, жылы қоян, сауаты жоқ, дауысы нашар, тұратын
жері Үзынқарғалы болысы, 4-ауылы. Жатқа білетін өлендері Көрұғлы Сұлтан
дастаны, Ерназар Бекет, Сүйінбай мен Қатағанның айтысқаны, Садыр патша
мен Жамбыл патша, өзінің Құлмамбетпен айтысуы, Шалтабай дастаны,
Абылайханның Бұқар жыраумен үш жүздің баласын аралағаны және әр түрлі
шежірелер мен термелер [2].
Қазақ мәдениеті қайраткерлерінің бірі Фатима Ғабитова 1923 жылы
Жамбылдың үйлеріне келгенін, тұңғыш көргенін, жырлағанын тындағанын айтады.
Бірінші мен Жамбылды 1923 жылы февральдың аяқ шенінде көрдім. ...Біздің
ұлды болғанымызды естіген Жамбыл жанына бір жолдас ертіп, құттықтауға
келіпті. .. .Жамбылды қарсы алдық.
Жетпістен асқан, сирек қара сақалы аздап күмістелген, өткір қой көзді,
орта бойлы шал, өзін аттан түсіріп қоршап алған оқушылардан батыл түрде
сытылып шығып, кебісін ауыз үйге тастай сала, тура залдың төріндегі
төселген көрпені басып шешіне бастады. ...Жамбылдың үстінде томар бояуға
боялған қызылкүрең, қара әдіппен әдіптелген тері тон, басында қара елтірі
албан бөрік, бұтында тері шалбар, аяғында киіз байпақпен киген мәсі. Тон
ішінен киген киімдері де қолдан тоқылған шекпеннен істелген киімдер
еді ... ұйықтаған қауымды жұма намазына дайындалған Жамбыл оятгы. Демек,
мұсылмандықтың исламдағы парыздарын орындаи жүрген ұлы ақынның имандылықтан
қиыс кеткендерді арнайы жырлай сынауы – ұлтгық поэзиядағы дәстүр
жалғастығының айқын көрінісі [2,45].
Жамбыл шығармашылығының екінші кезеңі XX ғасырдың басындағы қазақ
әдебиетінің тарихының құрамында қарастырылуы тиіс. Қазак әдебиеттануы
ғылымының тарихында Жамбылдың бұл кезендегі шығармалары Патша әмірі
тарылды, Зілді бүйрық т.б. тек қана 1916 жылғы ұлттық-азаттық
көтерілісіне арналған әдебиеттің құрамында ғана қарастырылып келеді. Ал,
казіргі жаңаша бағалау талаптары тұрғысынан қарағанымызда, Жамбылдың XX
ғасырдың алғашқы отыз жылы кезіндегі шығармаларын әдеби дамудың тұтас
мазмұнымен бірге алып бағалаймыз. Әсіресе, дәстүрлі ақындық поэзияның
ауызша әрі жазба түрлерін қатарлас ұстанған, Шығыстың классикалық әдебиеті
дәстүрлерін қазақ топырағында байыта, дамыта жырлаған ақындар мен Жамбылдың
шығармаларын да уақыт пен кеңістік заңдыдықтары тұрғысында өзара бірлікте,
байланыста бағалаймыз. Әсіресе, XX ғасырдың басындағы Ресей патшалығының
отарлық саясатына қарсы сыншыл реализмді, демократаялық көзқарастарда
жырлаған қазақ поэзиясының зар замандық әдеби ағымының аясында Жамбыл да
басты тұлғалардың бірі ретінде бағаланады. Профсссор 3. Бисенғали: "Енді
алда тұрған міндеттердің бірі – XX ғасыр басындағы әдеби процесс, әдебиет
тарихын жазу. Оның даму заңдылықтары мен ерекшеліктері тексерілуі тиіс", –
дейді [2].
Бұл орайда біз дәстүрлі ақындық поэзияның фольклор мен өдсбиет
дәстүрлері тоғысқан көп ғасырлық қалыптасқан ықпалының XX ғасыр басындағы
жалпы әдеби дамудағы маңызын басты назарда ұстай қарастыруды айтамыз.
Ұлттық әдебиеттегі әдеби тектер (эпос, лирика, драма) жанрларының көп
ғасырлық көркемдік іргетасы, арнасы кең ақындық поэзияның ықпалымен дамуы –
занды ерекшелік. Жамбыл тектес ақындық поэзияның фольклор мен әдебиет
дәстүрлері тоғысқан ерекшсліктерін XX ғасыр басьшдағы әдебиет өкілдері
жалғастыра отырып, жаңғырта дамытты. Бұл арада профессор 3. Бисенғалидың
пікірін тағы да назарымызға аламыз: Қазақ әдебиеті замана, уақыт, өмір,
қоғам, адам тіршілігінің пәлсапасын эстетикалық игеру бағытында халық
әдебиеті мен мәдениетінің інжу-маржандарын қолданды. Қазақ халқыньщ сөз
енеріне етене жақындығы, ерекіне қабілеті белгілі. Оның дүниені эстетикалық
қабылдау, бейнелеу әрекетінің аса еркіндігі, өткірлігі, шеберлігі әлемге
аян. Осы асыл қазынаның арқасында қазақ қоғамдық санасы романдық ойлауға
еркін көтерілді. Демек, біз XX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі көрнекті
романдардың, повестердің, драматургиялық туындылардың пайда болуының,
қалыптасуының көркемдік негізі фольклор мен дәстүрлі ақындық поэзия
болғандығын тиянақты тұжырымдай аламыз.
Әрине, XIX ғасырдың екінші жартысында ұлы Шоқан, Ыбырай, Абай
қалыптастырған, жаңа жазба реалистік әдебиеттің ықпалы белгілі. Бірақ, бәрі
де фольклор мен ақындық поэзия дәстүрлерін негізге алады. XX ғасыр
басындағы Жамбыл және сол тектес ақындық поэзия өкілдері осылайша жалпы
ұлттық әдебиет тарихының көркемдік-эстетикалық жүйесімен біртұтас
бағаланады. Халел Досмұхамедұлы бұл кезеңдегі ұлттық әдебиет алыптары Ахмет
Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Шәкөрім
Құдайбердиев және т.б. бәрі де дәстүрлі ақындық поэзияға айрықша ілтипатпен
карады.
Жамбыл шығармашылығынң үшінші кезеңі – XX ғасырдың 30–40 жылдарындағы
қазақ әдебиеті дамуымен бірге қарастырылып келді. Бүл кезевдегі Жамбыл
Жабаев, Нүрпейіс Байғанин, Доскей Әлімбаев, Айманкүл Тәжібаева, Нартай
Бекежанов, Иса Байзақов, Кенен Әзірбаев, Қалқа Жапсарбаев, Үмбетәлі
Кәрібаев, Есдәулет Қандеков, Саяділ Керімбеков және т.б. дәстүрлі ақындық
поэзия өкілдсрі әдебиетіміздің ұлттық дөрежесінің жалпы адамзаттық
көркемдік-эстетикалық биіктіктермен деңгейлес екендігін толық дәледдеді.
Сондықтан да, бұл дәуірдегі қазақ әдебиетінің алыптары Сәкен Сейфуллин,
Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит
Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин – бәрі де Жамбыл және оның дәстүріндегі ақындар
поэзиясының көп ғасырлық көркемдік арнасын, кеңейтуге ат салысты. Жамбыл
және оның дәстүріндегі ақындар қазақ поэзиясының XIII-XV ғғ. Алтын Орда, XV-
XVIII ғғ. Қазақ хандығы, XIX ғ. мен XX ғасыр басы кезеңдеріндегі тақырыптық-
идеялық, жанрлық, көркемдік-стильдік мәселелерді толық қамтитын мазмүн мен
пішін тұтастығындағы эстетикалық қуатты күшейе түсті. Бұл кезеңде ақындар
КСРО көлеміндегі халықтарға, одан кейін шет елдерге де танымал бола
бастады. XX ғасырдың 30-40 жылдары Жамбыл және т.б. ақыңдық поэзия өкілдері
орыс жөне т.б. Еуропа халықтарының тіддеріне аударылды. Нақтылап айтқанда,
XX ғасырдың аяғына таман Жамбыл қазақтың ұлтгық тарихында тұңғыш рет
планетаға қазақ атын танытты. F. Мүсірепов тілімен айтқанда: Ат үстіндегі
Жәкең даусы Алатаумен бірге жаңғырта шықты. Әлем құлағы жатсырамай тыңдады.
Тоқсанға келген қарт Жәкеңнің қайта туып, қайта жасаған соңғы он жылы
осылай басталды. Мұны Феномен демеске болмаса керек.
2. Жамбылдың ақындық қуатты
Ақын-жыраулар – қазақ тарихының барлық кезеңдерінде де, әділеттің ақ
туын көтерген тұлғалар. Олар – ел басқарған хандардан және басқа да
билеушілерден тайсалмай әшкерелеген от ауызды, орақ тілді қайраткерлер.
Асан Қайғының, Шалкиіздің, Қазтуғанның, Доспамбеттің, Марғасқаның,
Жиембеттің, Үмбетейдің, Ақтамбердінің, Бұқардың, Шалдың, Жанақтың,
Махамбеттің, Жамбылдың осындай өлендері дәстүрлі – ақындық-жыраулық
поэзиядағы классикалық шығармалар. Махамбеттің Жәңгірге айтқаны,
Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі, Жамбылдың Мәмбетке, Сәт
сайланарда, Шалтабайға, Қалиға, Көкімге және т.б. өлеңдерінде байлық
пен билікті озбырлық құралы еткен әділетсіз жуандар сыналады. Жамбылдың
замандарға арналған толғауларында шапқыншы Шыңғыс хан, отаршыл Николай,
басқыншы фашист Гитлер айыпталады. Жамбыл халқының бостандығы, төуелсіздігі
жолында күрескен Кенесары ханның, Сыздық сұлтанның және т.б. қазақ пен
қырғыздың көрнекті қайраткер тұлғаларын жылы сезіммен жырлайды.
Хандарға, ел билеушілеріне теңдес деңгеймен, кейде асқақ, сыншыл
көзқараспен қарап, халықты басқару мәселелеріне байланысты еркін ой айту –
қазақтың ақын-жыраулары поэзиясында желісі үзілмеген дәстүр. Бұны біз
Махамбет, Сүйінбай, Жамбыл және т.б. ақын-жыраулар арқылы XIX-XX ғғ..
поэзиясында жалғасқанын көреміз. Мысалы, Жамбылдың Туған елім атты
толғауындағы:
Қазақ-қазақ болғалы
Көрдік қой талай хандарды,
Өткіздік қой біз бастан,
Азапты ауыр заңдарды –деуі – тарихтың шындығы. Ақынның бұл толғауындағы
Ресей патшасына, оған итаршы болған қазақ билеушілеріне, елімізге мәңгі
тыныштық бермеген Қоқан, Хиуа хандарына байланысты тарихи шындықтың
жырлануы ақын жырының халықтығын дәлелдейді.
Ақын – халық тағдырының сақшысы. Отаршыл мемлекеттердің билеушілері мен
солардың өз жеріміздегі итаршыларының (болыс, старшын, ауылнай) мінез-
құлық, әрекеттері ақындар жырлары арқылы ел тарихына өшпестей болып
жазылды.
Ақын-жыраулар даналықпен, батырлықпен халықтың құрметіне бөленген ел
басқарушыларын мақтаньшпен жырлайды. Бұқардың, Үмбетейдің, Абылай ханға,
Нысанбайдың, Досқожаның Кенесары ханға арналғаи өлең-толғаулары – осы
дәстүрдің көрінісі. Жамбылдың "Сыздық сұлтанға", Шәбденге деген өлеңдерін
де осы тұрғыда бағалаймыз. Сыздық сұлтанға арналған өлеңде Кенесары ханға,
оның күресін жалғастырған Сыздық сұлтанға деген халық көңілінің құрметі
реалистік романтикалық әуендер тұтасқан сарынмен жырланады:
Сен бір қалған көз едің,
Кенесары асылдан...
Сыздық атың жайылды,
Бұл өңірге жасыңнан.
Айбатыңды көргенде,
Дұшпандарың бас ұрған.
Даңқынды естіп жүруші ем,
Шартарапқа шашылған.
Ақ жүзінді көрген соң,
Енді мауқым басылған...
Қорыта келгенде, ақын-жыраулар халық тағдырына қатысы бар тарихи
тұлғаларды жырлау арқылы әдебиеттің демократиялық мазмұнын қалыптастырды.
Қазақтың ақындық-жыраулық поэзиясының поэтикалық үндестігі – әдеби
дамыдағы дәстүр жалғасының көрінісі.
Жамбыл – өзіне дейінгі ақын-жыраулар дәстүрін дамыта, кеңейте жырланғаи
суреткер ақын. Асан Қайғы, Махамбет толғауларындағыдай өмір құбылысын
қарама-қайшылықты қалпымен бейнелей жырлауды Жамбыл дамыта өрістетті.
Мысалы, Туған елім толғауында өзі елестеткен тұлғаны нағыз романтикалық
бейнелеудің биік үлгісіне көтере жырлады. Ақын-жыраулар поэзиясына тән
романтикалық тұрғыда шендестірілген қарама-қарсылықты құбылыстардың
тектестіріле жырлануының үздік белгісін кездесеміз:
Асқар тау биік дер едім,
Көрініп түр тебөсі.
Ақылы дария дер едім,
Бірақ кейде дарияның
Қайырлайды кемесі.
Шайқалған жорға дер едім,
Ат та шаршап болдырар,
Кездессе жердің белесі...
Толғау өлеңнің нысанасына алынған тұлға поэтикалық-көркемдік
жинақтаудың аса жетілген қалпымен өте ұлғайған романтикалық бейнелеумен
өрнектеледі. Ақынның шарықтаған қиялымен сомдалған поэтикалық бейне
фольклорлық-мифологиялық бейнелеу әуенімен өрнекгеледі:
...Туған айдай дер едім,
Түнде бар да күндіз жок-
Жайнаған күндей дер едім,
Күндіз бар да, түндс жоқ.
Темір қазық дер едім.
Тек түрғаны болмаса,
Онда тіл де, үн де жоқ!
Түнде де бар, күндіз бар,
Жанып тұрған жалынды от...
Ақын-жыраулар поэзиясында жақсы және жаман адам ұғымдарын салыстыру жиі
қолданылады. Сол ұғымды кеңейте, терендете қарастыруда ақын-жыраулар
адамның мінез-құлқына барабар өзге тіршілік иелерін үнемі қатарластыра
егіздей қолданады.
Мысалы, Махамбеттің Атадан туған аруақты ер өлеңінде:
Атадан туған аруақты ер,
Жауды көрсе жапырар.
Үдей сокқан дауылдай.
Жамандарға қарасаң,
Малын көрер жанындай.
Жүйрік аттың белгісі,
Тұрады құйрық – жалында – ай –дейді.
Ал, Азамат ердің баласы атты өлеңінде де асыл қасиеттері бар тіршілік
иелері поэтикалық егіздеумен өрнектеледі:
Арғымақтың баласы
Аз оттар да, көп жусар.
Барармын баян қылып бәрін төске,
Бейілің, берекеңмен болар есте ...
Адамның алыс жүрсе аңсары ауып,
Көруге құмартары сол емес пе?
Қоштасу өлендерінде әдетте мәңгілік қауыша алмастай қимастық сезім
тебіреністері мол болып келеді. Ал, Жамбылдың қоштасуында сыйласқан
көңілдегі адамдардың бірін-бірі ұмытпай жүретіні, келесі көріскенше
сағынышпен күй кешетін көңіл әуендері өрнектеледі:
Ағайын-туған есен бол.
Алшайын атқа мінейін.
Енді айналып келгенше,
Аңсай-аңсай жүрейін.
Шүйгініңе сонылап,
Шынарыңа түнедім.
Қош аман бол, құрметгі ел,
Қадірінді білейін!
Өсиет өлендер-әлемдік поэзияда ежелден қалыптасқан жанрлық үлгілердің
бірі. Көбінесе, өмірдің ұзақ жылғы белестерінен өткен қариялық кезеңнің
асуына көтерілген үлкен тұлғалар өсиет сөздер, өлеңдер айтатын болған.
Өсиет өлендерде фәни және бақи дүниелік мазмұны табиғатындағы жалғастық,
тіршілік мәні айтылады.
Жамбылдың Өсиет атты өлеңі – адам ғұмырының фәнилік және бақилық
арасындағы қарым-қатынастар мазмұнына арналған туынды. Өмір мен өлімнің
кезектестігіне, жалғастығына құрылған тіршіліктің дамылсыз қозғалысындағы
тынысының "дүние серуен", "адам бір көшкен керуен" "екендігін айта келіп.
өткінші дүние суретін айқын елестетеді.
Дүниені қызық қалдырып,
Амалсыз өмір белінен
Кірсе лебіз– шықса жоқ.
Хауіп етіндер өлімнен.
Бұл дүниеде "дос - жаранға, кемтарға қайырлы" болып, қайырымдылық
арқылы ғана жақсы өнеге қалдыруға болатыны өсиет етіледі. Адамның артта
мәңгілік мұра болып сақталатыны – қайырымдылық істері екендігі атап
айтылады:
...Қылған қайыр болмаса,
He әкетесің өмірден?
Дәулетіңнен не пайда
Таусылмастай көрінген?!
Жалғыз мұраң сол болар
Қол қайырың берілген.
Басқа дүние бірі де
Көмілмейді кебінмен.
Жамбылдың Бата атты өлеңі – қазақтың тұрмыстық-салттық тіршілігінің
мазмұнын арқау еткен шығарма. Қазақтың бата-тілек өлендері отбасылық немесе
әулеттік жиындарда (тойларда, астарда) жұртшылыққа, қауымға, кейде жеке
адамдарға арналып айтылады. Бата өлеңдерінің мазмұнында келер күндердің
жақсылықтарының мол болуына тілек білдіріледі.
Қазақ халқының тарихында бата берудің әртүрлі мақсаты болған. Атақты би-
шешендер, ақындар, ұсталар (зергерлер, үй салушылар және т.б.) өзінің
өнерін иеленгісі келетіндерге арнайы бата-тілек берген. Қазақ тұрмысында ас-
дәмді ішерде және тамақтанғаннан кейін берілетін баталар көбірек
қалыптасқан. Ахмет Байтұрсынов Бата – біреуге алғыс берілгенде айтылатын
сөз десе, Халел Досмұхамедұлы: Әдетте, батаны қонақтардың ішіндегі ең
жасы үлкенге береді және ол көбінесе өлең түрінде болып келеді, – дейді
[2, 21].
Жамбылдың Бата атты өлеңі ағайындардың бас қосқан жиынында айтылған
тілек жыры. Бата өлеңінің мазмұнында еркек пен әйелдің зайыптық-жұбайлық
жұбының үйлесімді, көңіл жарастығының болуына әуелі тілек арналады. Әйел
мен еркектің жарасты жұбайлық отбасында дүниеге келген ұлдар мен қыздардың
тұрмыстық-шаруашылық кәсіптеріне бейім болып өсуін, тілеген ақын жылқыны,
қойды, түйені бағу, егін егу жұмыстарын меңгерген балалардың өмірдегі
азаматтық бақыт тұрмысын тілеп жырлайды:
Қос-қостан тауып ұл мен қыз,
Мінгені болсын жорға тай.
Ертең ерте біреуі,
Қойға кетсін қудалап.
Түйеге кетсін біреуі –
Екі көзін уқалап.
Егін ексін біреуі
Су сағасын томалап.
Оттың басын шаңдатып.
Жылқы бақсын біреуі,
Асауларды күделеп,
Сөз сәйлесін біреуі
Көп ішінде сүбелеп.
Жамбылдың шығармашылығындағы фолъклорлық-этнографиялық жанрлардың бірі
– дидарласу өлеңдері. Дидарласу – қазақ тарихындағы атақты би-шешендердің,
ақын-жыраулардың, ел ағаларының тұрмыстық қарым-қатынастарындағы аса
маңызды кездесулерді бейнелейтін сөз. Бірін-бірі сырттай ғана естіп, біліп,
бірақ бетпе-бет отырып кездеспеген сөйлеспеген адамдар дидарласуды өмір
сапарының елеулі оқиғасы ретінде түсінген. Жамбылдың ұзақ өмірінде бұндай
дидарласулар өте көп болған. Солардың ішінде Жамбылдың ақындық азаматтық
мұратына, бағдарына игі ықпал жасаған ақындармен дидарласуларының маңызы
ерекше. Сондықтан Жамбыл шығармаларының ішінде Сүйінбайға Тоқтағұлға
Майкөтпен дидарласу, Бақтыбаймен дидарласу және т.б. өлеңдердің
мазмұнында аға буын ақындардың ұстаздық тәлімгерлік түлғаларын құрметтеу,
дәріптеу, айрықша байқалады. Сүйінбайға өлеңінде.
Сүйеке, сүйенішім, өнерпазым,
Әйгілі, ақылгөй, желді сөздің – деп, ұстазының өнеріне деген шәкірттік
көңілін білдіреді. Ал, қырғыздың үлкен ақыны Тоқтағүл 1898 жылы бай-
манаптардың жаласымен Сібірге жер аударылған. 1912 жылы үлкен Кәмин деген
жайлауда Шебден атты кісіге ас беріп, сол аста Жамбыл мен Тоқтағұл
дидарласады. Сол дидарласуда Жамбыл өзінің Тоқтағұлға арналған құрмет
сөзімін өлең жолдарымен білдіреді. Тоқтағұлды бұғауын үзіп қашқан кең
даланың еркін өскен асау құланына балап отырып, ақынның асыл сапаларын
үстемелей бейнелейді:
Келдің бе, ақиығым, алыс жерден,
Өтіпсің самғап ұшып, асқар белден,
Алмас пышақ қап түбінде жатпас деген,
Хан-төре айналмай ма, сендей ерден.
Ал, Кененге атты өлеңде де өзіне шәкірттік ықыласымен, ақындық
өнерімен ұнаған ақын інісіне сүйсініс сезімін білдіреді. Бөдене мен
тұрымтай, бүұққан дауыс сен бе едің, деп ақындық жолына жүйрік ақындық
сапар, жолын тілейді. Бұл аталған өлеңдердің жауаптасу кезектері
сақталмаған. Ал, толық сақталғандары Майкөтпен, Бақтыбаймен болған
дидарласу өлеңдері.
Майкөтпен дидарласу өлеңінде аға буын мен жас толқын ақындардың
кездесу сәтінің өсерлі қалпын көреміз. Өлеңмен амандасу мазмұнындағы бұл
шығарма – аға мен іні ақындардың кездесу сәтіндегі сұхбаты. Майкөт
Сандыбайұлы (1824—1902) – XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті
тұлғаларының бірі. Ол мұсылмандық Шығыс әдебиетін меңгерген, медреселік
білім иесі, оқымысты ақын ретінде танымал болған. Шығыстың араб-парсы
әдебиеттерін, қазақтың халық әдебиетін терең меңгерген. Айтыстары,
дастандары, лирикалық өлендері арқылы ақындықтың ұстаздық тұғырында
танылады. Зерттеуші С.Садырбаевтың айтуынша: Ол Мың бір түн, Көррұғылы
сұлтан, Шах-наме, Едіге [5,35].
Жамбыл – қазақтың ұлттық қалыптасу, даму дәстүрлерін бойында жинақтаған
тұлға. Ол қазақ тұрмысындағы жайлау туралы дәстүрлі ойлауды поэтикалық жаңа
бейнелік биігіне көтереді. Ақын көшпенділер мәдениетінің дәстүрлі тұрмыстық
қолданысындағы сөзінің әлеуметтік мәнді баламалы Жайлау –Заман мағынасына
жеткізе жырлады. Өзін қоршаған қоғамдық-әлеуметтік ортаның құбылыстарын тек
қана қазақтың дәстүрлі тұрмыстық танымы, эстетикалық, көзқарасы түрғысынан
бағалаған. Жамбыл жырлары – ұлттық қазынамыз. Ақын Жайлау-Заман
тұрпатындағы бейнелеуде тарихтың өткені мен бүгінін, болашағын жалғастыра
жырлады. Қазақ даласының монғол шапқыншылығына, жоңғар қалмақтарының
басқыншылығына, Ресей патшалығының отаршылығына ұшыраған ғасырлары
лирикалық қаһарман-ақынға Заман, Дала, Жайлау ұғымдарын әлеуметтану
тұрғысында бағалаумен жырлатады. Туысқан ел өлеңінде халық тағдырын зар
заман поэзиясы дәстүрімен жырлауы айқын көрінеді:
...Көз алдымнан өтеді,
Кешегі бір сұр заман.
Сұр заманда түн еді,
Ауылымның үстін торлаған
Даласы қайғы аңыраған,
Жайлауы жайсыз қаңыраған,
...Қыстаудан көшіп шұбырып,
Айрылдық тағы жайлаудан.
XX ғасырдың 30-40 жылдары – қарт ақын Жамбылдың қазақ ауылдарының
жаңаша түлеуін көрген кезеңі. Әлеуметтік теңсіздіктің барлық түрлерін ұзақ
ғұмырында көп көрген ақынның қартайған кезіндегі көрген бұл жаңалықтары
қиялындағы суреттердің шындыққа айналғанын дәлелдегендей көріністер
болғандығы анық. Сондықтан, Жамбылдың XX ғасырдың 30-40 жыддарындағы
өлендерінде қазақ ауылдарының ежелден қалыптасқан классикалық суреттерінің
ұлттық-этнографиялық бояулары айқындалған қалпымен бейнеленеді. Мысалы,
Мәстек пен тұлпар өлеңіндегі лирикалық қаһарманның романтикалық қиялы
аясында бірнеше поэтикалық тұлғалауды танимыз: біріншісі – лирикалық
қаһарман жүрген уақыт пен кеңістікті жайлауларды мекендеген қазақ ауылдары
қалпындағы суреттеулермен бейнелеу; екіншісі – лирикалық қаһарманның
замандар белестерін аралаған асыл арманының, мұратының орындалу деңгейлерін
мәстек пен тұлпар ұғымдарының поэтикалық бейнелеулері арқылы бергені.
Өлең композициясының алғашқы бөліміндегі мәстек мінген лирикалық
кейіпкердің жақсылықты ғана іздеумен ауылдарды аралап келе жатқан арманды
сапары көз алдымызға Жерұйықты іздеген Асан Қайғының да сапарларын еске
түсіреді. Қоғамдық-әлеуметтік дамудың әралуан қайшылықтары, көшпелі
тұрмыстың қиындықтары мен қызықтары араласқан қазақ ауылдарының тынайы
тіршілігі ақынның лирикалық толғаныстарымен көз алдымызға елесететіледі:
Ауылдан ауыл аралап,
Тулағымды сабалап.
Тепсіне бердім тұрмадым...
...Өлеңімді өрлеттім,
Өрге құлаш серметтім,
Қалың елді ішінде,
Зарын айтып сорлының
Қайғылына еңіреттім.
Жесірлерді жетектеп.
Жетімдерді тербеттім.
Замандарды қазақ ауылдарының жазғы жайлауда отырған кезеңіне баламалай
жырлаған ақын ұлттық психологиялық дүние-танымның уақыт пен кеңістік
жүйесіндегі табиғи сабақтастығын дәлелдейді Өлең композициясының идеялық
түйінді кезеңінде лирикалық қаһарманның романтикалық асқақ арманының,
көздеген мұратының орындалған кезеңі де өмір шындығы түрінде суреттеледі.
Ақын бұл кезенді қазақтың тұрмыстық-салттық тіршілігіндегі көктемнен жазға
ұласқан жайлаудағы сәнді, салтанатты, береке, молшылық тасыған, адамның
көңілінің шалқуы мен өмір қазанының қайнаған сұлулықтары, қозғалыстары
тұтасқан ажарымен бейнелейді.
Көктемнің күні туыпты,
Қалыпты тұман басыла
Үйір-үйір жылқыны
Үйріп әкеп қойыпты,
Өзімнің дәл қасыма,
Жайлауды басты өз малым,
Жаңадан жырды қозғадым.
Сонымен қатар, Жамбыл туған халқының атамекендерінің де сақталуын,
туған өлкенің табиғат байлықтарының (өзен, көл, тау, ағаш, андар, құстар,
төрт түлік мал т.б.) азып-тозбауын ойлап жырлайды. Осындай кең көлемді
азаматтық парасаттылық биіктіктері тұрғысынан ойлауда ақындар өз заманының
сыншыл тұлғаларына айналады. Сыншылдықпен жырлау арқылы ақындар
қайраткерлік, күрескерлік іс-әрекеттері мен жырлары тұтаса өрілген халық
екіндері ретінде тарих белестерінде даралана танылады, халқының
сүйісііеншілігіне бөленеді.
Өмір шындығын сыншылдықпен жырлаған бұл дәстүр – қазақтың төл
әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдеріндегі шығармашылық тұлғалардың
барлығына да тән ерекшелік. Сондықтан, Жамбыл және оның дәстүріндегі
ақындар мұраларынан сыншылдық сарындардың мол кездесетіні – табиғи жағдай.
Жамбыл – өмір шындықтарының жыршысы. Қазақ әдебиеті тарихындағы ақын-
жыраулардың барлығына да тән осындай мазмұнда жырлауды жалғастыруынан
ақынның жалпы сөз өнеріндегі көркемдік әдіс табиғатына тән бағдарын
танимыз, Әдебиет тарихындағы өмір шындығын жырлауда, жазуда тұтынатын
сыншыл реализм туралы академик З.Ахметов айтқан анықтаманың Жамбылдың
ақындығына да негіз болатыны байқалады: Сыншыл реализм – әдебиеттегі
көркем әдіс, оның басты ерекшелігі – өмірді шыншылдықпен бейнелеп,
адамдардың тағдырын, олардың типтік мінез-бітімін, характерін типтік
жағдайда көрсете отырып, қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды, кемшіліктерді
қатты сынға алу [ 2-89].
Жамбылдың заман шындықтарын көзімен көріп, оған әділ бағасын бере
жырлауына таптық емес, гуманистік мұраттар тұрғысынан баға береміз.
Адамдарды қоғамдык құбылыстарды ақ пен қара, жақсылық пен жамандық атты бір-
біріне қарама-қарсы қасиеттердің бірін-бірін жоққа шығара, бірақ бірінсіз
бірі өмір сүре алмайтын философнялық заңдылықтары бойынша жырлауды танимыз.
Өмір шындығын ақындық ойдың елегінен өткізуге, әрине, көркемдік
жинақтау түріндегі негізі қорытындылар, тұжырымдар жасалады. Жамбылдың
балалық шағынан жүзге дейінгі ғүмырында көрген адамдары, тарихи оқиғалары,
куңделікті тұрмыстық тіршілік қозғалыстары, қарым-қатынастары және т.б. –
бәрі де шығармаларында ақындық тілдің реалистік-романтикалық бояуларымен
жырланған. Бұл орайда біз Жамбылдың қазақ сөз өнерінің тарихындағы
әдебиеттік көркемдік әдістерге лайықты жасалған шығармашылық тұлғасын
көреміз.
XV-XVIII ғасырлардағы Қазак хандығы тұсындагы жыраулар – сол қоғамдық-
әлеуметтік құрылыстардың негізгі ұйытқылары, ұраншылары, қорғаушылары.
Бірақ, солар сол ортаның ең үлкен Сыншылары. Олар хандардың да, бұқара
халықтың да жақсылықтары мен жамандықтарын саралап жырлады. Тіпті,
хандардың жөнсіздіктерін беттеріне басып,, ашық түрде мәлімдеп жырлады
(Асан Қайғы, Қазтуған, Марғасқа, Бұқар және т.б.). Бұл дәстүр жалғасып,
кейіннен Сүйінбай, Махамбет, Жамбылға және т.б.-ға ұласты. Демек, Жамбыл
жырларындағы әділетсіз хандарды, байларды, сынау сарыны – қазақ әдебиетінде
ежелден қалыптасқан сыншыл реализм дәстүрлерінің жалғасы. Сондықтан, Жамбыл
бір ғана талтық көзқарасқа сыймайды.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы тақырыптық-идеялық мазмұны жағынан
ерекшеленетін зар заман ақындары туралы алғашқы пікірлср негіздері ұлы
ағартушы ғалымдар Ахмет Байтүрсынов, Халел Досмүхамедұлы, Мұхтар Әуезов
еңбектеріндс қаланған болатын. Халық ақындарының зар замандық жырларында
отаршылдықтың зардаптарынан қазақ халқы тұрмысының азып-тозуының
көріністері реалистікпен жырланды. Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өзінің
Әдебиет тарихы (1927) атты кітабындағы "Зар заман ақындары тарауында
Абаймен тұстас болған ақындардың бәрінде де зар замандық сарынның
болғандығын айтады: Енді осы дәуірдегі зар заман ағымына кіретін кім?
Бізше бұл ағымға XIX ғасырда болған ақындардың бәрі кіреді. Жоғарғы айтқан
ағымға айтыс ақындарының кіретін себебі, бұлардың барлығы бірдей ылғи
айтыспен өткен емес. Басқыншылар зорлығымен жерден ауған ел, елден қуылған
ер болса, соның барлығын айтыс ақындары да жылаған, жоқтау өлеңдерін айта
білген [6-208].
Жамбылдың жырлары – қазақ халқының құралу, қалыптасу, даму тарихындағы
ауыр кезеңдерді жеткізетін, шертетін шежіре сыр. Лирикалық кейіпкер Ақын
өзінің жекс басының қиын тағдырлы өткелдерін айту үстінде халқының да
басқыншылықтың құрбаны болып, босқыншылыққа ұшырағанын айтады, Мысалы,
сонау XIX ғасырдың ортасында Қоқан, Хиуа хандықтарының басқыншылық қанды
жорықтарының зардабына ұшыраған қазіргі Қаратау атырабындағы, қазіргі Шу,
Талас жеріндегі қазақ халқынның басына түскен нәубет оқиғаларын көз
алдымызға елестетеді:
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торынан.
Байқара, Жамбыл, Ханда мен туыппын
Жамбыл деп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz