Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
1. Қазақ тілі синтаксисінің теориялық тұрғыдан зерттелуі;
2. Қазақ тілі синтаксисінің әдістемелік жағынан зерттелуі;

Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тіл мәртебесі қазақ тілінің дамуына ауқымды міндеттер қояды. Бір ғасырдан астам тарихы бар қазақ тіл білімінің синтаксис саласы - өзіндік ерекшелігімен қалыптасып, дамып келе жатқан сала.
Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді: 1) сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркесінің құрамы, олардың түр-түсі қарастырылады; 2) Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түсі қарастырылады.
Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистік және граммтикалық талдаудың негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар, олар синтаксистен байланысын үзбейді.
Сөз тіркесі – сөйлем құраудың материалды негізі де, сөйлем – кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде, өзара байланысты катетегориялар ретінде қарастырады. Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде , ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық-синтаксистік категория ретінде тексереді [ 1, 4 б.].
Сөйлем – синтаксис зерттейтін басты тілдік бірліктердің бірі. Ол атқаратын қызметі тұрғысынан да, синтаксистік форма ретіндегі алынған сөзден , сөз тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады.
«Сөйлем – белгілі бір мағыналық және интонациялық тұтастыққа ие, граммтикалық тәртіппен байланысқан сөздер тізбегі ретінде адамдар тілінің кіші бөлшегі. Сөйлем, сонымен бірге, қарым-қатынас бөлшегі бола отырып, ойдың да қалыптасуыменберілісінің единицасы ретінде тіл мен ойлаудың бірлігін көрсетеді. Сөйлем логикалық пікірмен қатысты, бірақ онымен парапар емес: әрбір пікір сөйлем түрінде беріледі, бірақ кез-келген сөйлем пікірді білдіре алмайды. Сөйлем адам әрекетін білдіре отырып, оның еркі мен сезіміне қатысты эмоциялық, сезімдік ұғымдарды білдіруге де қызмет етеді. Сөйлемнің грамматикалық негізін шақ, жақ, модальдік категорияларының және хабарлау интонациясының жиынтығынан тұратын предикативтілік құрайды...» [2, 227 б.].
Қазан революциясына дейін түркі тілдерінің барлығының да синтасистік құрылысы жөнді зерттелмеді. Практикалық граммтикалардың кейбіреуінде ғана болмаса, көшілігінде синтаксис тіпті атаусыз қалып отырды.

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Оқулық. –Алматы. «Санат» 2003.
2. Розенталь Э.Д., Теленкова М.А. Словарь-справочник лингвистических терминов. –Москва.: Просвещение, 1985.-399 с.
3. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары.-Мектеп, 1987 ж.
4. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқа курсы. Алматы, 1940 ж.
5. Сауранбаев Н., Бегалин Ғ. Қазақ тілі граммтикасы. Алматы, 1944.
6. М. Петерсон. Очерки синтаксиса русского языка.- Москва, 1923.
7. Қазақ тілі тарихы жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.
8. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.
9. Мадина Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер. –Алматы, 1959.-72 б.
10. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –Алматы, 1993.-495 б.
11. Садуақасов Ж. Қазақ тіліндегі бірқұрамды сөйлемдер.-Алматы, 1996.-201 б.
12. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы.-Алматы, 1992. -446 б.
13. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-Алматы, 1966.
14. Сауранбаев Н. Қазақ тілі.-Алматы, 1953.
15. Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак-киргизовского языка.Синтаксис. СПБ.: Типография имп. АН, 1897.-Ч2.-92 с.
16. А.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы: Ана тілі, 1992.
17. А.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы: Ана тілі, 1992.
18. Грамматика русского языка.-М.: Изд-во АН СССР., 1960.-Т2, ч. І.
19. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Оқулық.-Алматы:Санат, 1993.
20. Головкин Б.Н. Основы культуры речи.-М.: Высшая школа, 1980.
21. Серғалиев М. Етістікті сөз тіркесінің синонимиясы. Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті. 1991 ж.
22. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-Алматы:Ғылым, 1999.
23. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқа курсы. Қолжазба ретінде. Алматы, 1940.
24. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.-Алматы: Санат, 1994 .
25. Сауранбаев Н. Қазақ тілінің синтаксис мәселелері //Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері.-Алматы, 1941.
26. Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. Очерктер.-Алматы: Қаз ССР ҒА баспасы, 1948 .
27. Қазіргі қазақ тілі.-Алматы,:ҚазССРҒА-ның баспасы, 1954 ж.
28. Сауранбаев Н. Қазақ тілі.-Алматы:ОПБ, 1953.
29. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі.-Алматы: Санат, 1995.
30. Әміров Р. Іргелес салалас сөйлемдер //ҚазМУ хабаршысы. Филол. сер. 1999.-№ 31. -22-30 бб.
31. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі.-Алматы: Білім, 1995 ж.
32. Есенов Қ., Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы.-Алматы: Ғылым, 1982.
33. Оңалбаева К.Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі есімді сөйлемдер. Филол.ғыл.канд.дис.-Алматы, 2002.
34. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері.-Алматы: Мектеп, 1969.
35. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгісі.-Алматы, 1940.
36. Басымов Х. Сөйлем мүшелері туралы. Ауыл мұғалімі. 1939, № 21-22.
37. Ермеков Ә. Грамматикалық талдау.-Алматы, 1958.
38. Хасенов Ә. Пунктуацияны оқыту жолдары.-Алматы, 1957.
39. Мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселері.-Алматы, 1957.
40. Дәулетқұлов Ш. Синтаксисті оқыту тәжірибемнен. Мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселесі жинағы.-Алматы, 1959.
41. Арғынов Х. Жай сөйлем синтаксисінің көрнекі құралы.-Алматы, 1966.
42. Байқуатова О. Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту.-Алматы: Мектеп, 1977.
43. Аманжолов С. Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис.-Алматы, 1939.
44. Садирова К.К. Синтаксистік бірліктерді кіріктіре оқыту. Ақтөбе мемлекеттік университетінің хабаршысы. № 2, 2001.
45. Құрманова Н.Ж. Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы жаттығулар жүйесі және оның ерекшеліктері. Білім берудегі менеджмент. № 2, 2004.
46. Құрманова Н.Ж. Қазақ тілінің сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясы туралы. Білім берудегі менеджмент. № 1, 2004.
47. Құрманова Н.Ж. Қазақ мектептерінде сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері. Педагог.ғыл.докт.дис.-Алматы, 2004.
48. Теоретические основы развития школьного образования в Казахстане.-Алматы, 1999.С. 67.
49. Теоретические основы развития школьного образования в Казахстане.-Алматы, 1999.С.73
50. Хомереки О.Г., Поташник М.М., Лоренсов А.В. Развитие школы как инновационный процесс.-М.: Новая школа, 1994.-С.3.
51. Ангеоловский К. Учителя и инновации.-М., 1991.-180 с.
52. Шамова Т.И., Малинин А.Н., Тюле Г.М. Инновационные процессы в школе как содержательно-организационная основа механизма ее развития.- М., 1993.-С.7-17.
53. Қадашева Қ.Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі. Педагог.ғыл.докт.дис.-Алматы, 2001.-352 б.
54. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения.-М.: Педагогика, 1986.
55. Рысбай Б. Қазақ тіліндегі шектеулі тіркестер: Филол.ғыл.канд.дис.: 10.02.02.-Алматы:КазМҰУ, 1998.-152б.
56. Сайрамбаев Т., Рысбай Б. Қазақ тіліндегі шектеулі тіркестердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Қазақ университеті, 2001.-141б.
57. Ильясова Н. Қазіргі қазақ тіліндегі атаулық тіркестер: қалыптасуы мен даму үрдістері. Филол.ғыл.канд.дис.: 10.02.02.-Алматы:КазМемҚызПИ, 2003.-125б.
58. Иманалиева Ғ. Қазақ тіліндегі шылаулар синтаксисі. Филол.ғыл.канд.дис.: 10.02.02.-Алматы:КазМҰУ, 1994.-150б.
59. Қадашева Қ. Көмекші сөзді сөйлем мүшелері. Филол.ғыл.канд.дис.: 10.02.02.-Алматы:КазМҰУ, 1993.-129б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Магистратура
6N0205 – Филология (Қазақ тілі)
Курстық жұмыстың тақырыбы:
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Орындаушы: Шайбекова А.Б.
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., проф. м.а. Бейсембаева З.Б.
Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.д. Ермекова Т.Н.
Алматы, 2008 ж.
Жоспар:
1. Қазақ тілі синтаксисінің теориялық тұрғыдан зерттелуі;
2. Қазақ тілі синтаксисінің әдістемелік жағынан зерттелуі;
Кіріспе
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тіл мәртебесі қазақ тілінің
дамуына ауқымды міндеттер қояды. Бір ғасырдан астам тарихы бар қазақ тіл
білімінің синтаксис саласы - өзіндік ерекшелігімен қалыптасып, дамып келе
жатқан сала.
Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға
бөлінеді: 1) сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу
қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркесінің құрамы,
олардың түр-түсі қарастырылады; 2) Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің
құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түсі қарастырылады.
Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі
ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз
байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы
синтаксистік және граммтикалық талдаудың негізі болады. Лексикология мен
морфология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар, олар синтаксистен
байланысын үзбейді.
Сөз тіркесі – сөйлем құраудың материалды негізі де, сөйлем – кісінің
ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың
түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын
білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде, өзара байланысты катетегориялар
ретінде қарастырады. Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде , ал
жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып тұратын
морфологиялық-синтаксистік категория ретінде тексереді [ 1, 4 б.].
Сөйлем – синтаксис зерттейтін басты тілдік бірліктердің бірі. Ол
атқаратын қызметі тұрғысынан да, синтаксистік форма ретіндегі алынған
сөзден , сөз тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады.
Сөйлем – белгілі бір мағыналық және интонациялық тұтастыққа ие,
граммтикалық тәртіппен байланысқан сөздер тізбегі ретінде адамдар тілінің
кіші бөлшегі. Сөйлем, сонымен бірге, қарым-қатынас бөлшегі бола отырып,
ойдың да қалыптасуыменберілісінің единицасы ретінде тіл мен ойлаудың
бірлігін көрсетеді. Сөйлем логикалық пікірмен қатысты, бірақ онымен парапар
емес: әрбір пікір сөйлем түрінде беріледі, бірақ кез-келген сөйлем пікірді
білдіре алмайды. Сөйлем адам әрекетін білдіре отырып, оның еркі мен
сезіміне қатысты эмоциялық, сезімдік ұғымдарды білдіруге де қызмет етеді.
Сөйлемнің грамматикалық негізін шақ, жақ, модальдік категорияларының және
хабарлау интонациясының жиынтығынан тұратын предикативтілік құрайды... [2,
227 б.].
Қазан революциясына дейін түркі тілдерінің барлығының да синтасистік
құрылысы жөнді зерттелмеді. Практикалық граммтикалардың кейбіреуінде ғана
болмаса, көшілігінде синтаксис тіпті атаусыз қалып отырды.
Синтаксис мәселелерінің едәуір көлемде қамтылған түрі 20 жылдардан
басталды. Бұл кезде сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз қазірде қолданылып
жүрген тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер, олардың түрлері, әр мүшенің
грамматикалық белгілер мен орналасу тәртібі, қай сөз таптарынан болатындары
кейінгі кезеңдерде қамтылып, жай сөйлемдер өз ішінен толымды, толымсыз,
болымды, болымсыз, хабарлы, сұраулы, лепті, тілекті, бұйрықты деп бөлінді,
сөйлем мүшесі бола алмайтын оқшау сөздер көрсетілді. Құрмалас сөйлемдер мен
олардың түрлері талданды.
30-жылдар ішінде бастауыш сыныптарға арналған 3-4 грамматикалық оқулық,
синтаксис мәселеріне арналған 20-дай мақала, бір жинақ, отызыншы жылдың
екінші жартысында орта мектептерге арнеалған екі оқулық шығарылды. Ауыл
мұғалімі, Халық мұғалімі журналдары беттерінде жарияланған мақалалардың
басым көпшілігі сөйлем мүшелерін айқындай түсуге арналды. Бұған, әсіресе,
белсенді ат салысқандар – Х.Басымов пен С.Жиенбаев.
30 жылдардың екінші жартысында мақалаларадың басым көпшілігі сөйлем
мүшелерін талдауға арналды. Ауыл мұғалімі журналының 1935 жылы
7 санында С.Жиенбаевтың Сөйлемнің үйірлі мүшелері туралы
деген мақаласы жарияланды. Мақалада автор үйірлі мүшені танытатын үш түрлі
белгі бар дейді де, оларға: а) үйірлі мүше тобымен жүреді, бірінен бірі
айырылмайды; ә) интонациялық жақтан жай мүшелер сияқты; б) өзіндік үзілісі
(пауза) жоқ дегендерді келтіреді. Осы мақаланың толықтырылған түры 1936
жылы Труды казахского института национальной культуры дейтін жинақта
жарық көрді [3, 70 б.].
Елуінші жылдарға дейін жанама толықтауыш пен мекен пысықтауышын бір-
бірінен ажыратуда көптеген қайшылықтар болды. Бұл, әсірісе, оқыту ісіне
үлкен зиянын тигізді. Мұны бір ізге келтіру мақсатымен Халық мұғалімі
журналы М.Балақаевтың мақаласын жариялап, соның негізінде пікір алу
ұйымдастырды. Бірнеше жылға созылған пікір таласы Қазақ тілі мен әдебиеті
журалының 1959 жылғы екінші санында қорытындыланды.
1936 жылы орта мектепке арналған тұңғыш оқулық шығарылды. Оның авторы
Қ.Жұбанов жай сөйлемдерді мағынасына қарай және құрылысына қараай жіктеді.
1939 жылы С.Аманжолов пен Н.Сауранбаев авторлығымен шығарылған Қазақ
тілінің грамматикасы атты оқулықтан бастап атаулы сөйлем қосылды. Бірақ
бұл сөйлемді С.Аманжолов жай сөйлемдердің мағынасына қарай жіктелген тобына
қосса [4, 10-17 б.], Н.Сауранбаев құрылысына қарай жіктеген тобына қосты
[5, 191 б.]. 30 жылдардың аяғына дейін жай сөйлемдердің қазірде аталып
жүрген түрлерінің барлығы да тегіс қамтылды. Сондай-ақ сөйлем мүшелерінің
құрылыс сипаттары – күрделі, үйірлі, бірыңғай мүше дегендери де, кейінде
синтаксистің күрделі бір саласы ретінде қаралып жүрген сөздер тіркесі
жөнінде бастама пікірлер де осы кездерде дүниеге келіп қалыптаса бастады.
Осылардың арқасында, 40-жылдардан бері қарайғы жұмыстар бұрын ашылмаған тың
бірдемелерді ашу бағатында емес, жай сөйлемнің болсын, сөйлем мүшелерінің
болсын, айқындалып ашылған түрлерін кеңейте, тереңдете зерттеу бағытында
жүргізілді.
1940 жылы С.Аманжолов Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқа курсы
деген оқулық шығарды. Оқулық екі бөлімнен құралған: оның Синтаксистің
методология мәселелері деп аталатын теориялық бөлімі – социологияға толы,
екінші бөлімі – Арнаулы бөлім деп аталған. Мұнда сөйлем мүшелері, сөз
таптарының сөйлем мүшесе болу қызметі, сөйлем мүшелерінің өзара байланысы,
жалғаулар мен шылаулардың мағыналары, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем,
олардың түрлері сөз болады.
1941 жылы С.Жиенбаевтың Синтаксис мәселелері деген шағын кітапшасы
шықты. Сөйлем мүшелерін жіктеу, олар арасында болатын синтаксистік
қатынастар туралы айтқандары болмаса, бұл кітапшаның алға қойған негізгі
мақсаты – құрмалас сөйлемді жіктеу болған.
Синтаксистің негізгі нысаны сөйлем емес, сөз тіркесі, сөйлемнің өзі сол
сөздер тіркесінің бір түрі ғана емес, сөз тіркесі сөйлемнің , сөйлемнің өзі
сол сөздер тіркесінің бір түрі ғана дейтін пікірді орыс тіл білімнің
көрнекті өкілі Ф.Ф.Фортунатов пен оның көп шәкірттерінің бірі –
М.Н.Петерсон қолдады. М.Петерсон 1923 жылы жариялаған Очерки синтаксиса
русского языка дейтін еңбегінде синтаксистің ең түйінді мәселесі және
негізгі нысаны – сөздер тіркесі, сөйлем сол сөз тіркестерінің бір түрі [6,
28 б.] деп жазды.
1968 жылы О.Төлегеновтің Жалпы модельді және мақсат мәнді жай сөйлем
типтері деп аталған кітабы шықты. Сөйлемдегі модальділік мән қазақ тіл
білімінде арнайы сөз болмаған тақырып, автор аталған еңбегінде соны талдап
шешуге талпынған.
1972 жылы Р.Әмірова Особенности синтаксиса казахской разговорной речи
деп аталатын монографиясында сөйлеу тілі синтаксисінің практика үшін де,
теория үшін де мәні зор екендігін тілдік бай материалдарға сүйене отырып
зерттеп шыққан. Бұл тақырыпты арнайы сөз еткен зерттеулер көп емес,
солардың ішінен екі түрлі еңбекті бөліп айтуға болады: оның бірі –
Р.Сыздықованың Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы деген атпен 1970
жылы жарық көрген монографиялық зерттеуі де, екіншісі осы еңбек авторының
Поэзиялық шығармалардың синтаксистік құрылысы деген атпен 1964 жылы
жарияланған еңбек.
Синоним мәселесі лексика тұрғысында болмаса, синтаксистік жақтан
зерттелмеген. Тың жақтан осы мәселе М.Серғалиевтің Синтаксистік
синонимдер деген атпен 1981 жылы жарияланған монографиялық еңбегі арқылы
жарыққа шықты. Автор осы тақырыпқа қатысты тұжырымдарды жинақтап, соған
сүйене отырып, қазақ тіліндегі синонимдік құбылыстарды нақты тілдік
фактілермен айқындап, сөйлемдер мен сөздер тіркесіндегі синонимдік
құбылыстарды оларға азды-көпті ұқсайтын, бірақ синонимге жатпайтын тілдік
тұлғалардан, тіркестерден ажыратудың жолдарын көрсеткен.
Қазан революциясына дейін қазақ тілі граммтикасының басқа салаларынан
едәуір құнды пікірлер айтылды, бірақ мұндай пікірді құрмалас сөйлемге
байланысты айтуға болмайды [7]. 1917 жылы жарық көрген 7-8 практикалық
грамматикалардың ешқайсысында да құрмалас сөйлем сөз болған емес, тек
П.Мелиоранский мен В.Катаринский жазған қазақ тілі граммтикаларында ғана
сложное предложение, подчиненное предложение деген атаулар кездеседі.
Бірақ бұларда да құрмалас сөйлемнің сырын ашу мақсатында емес, етістіктің
есімше, көсемше түрлерінің синтаксистік қызметтерін айқындау үстінде ғана
бұлар бағыныңқы сөйлем баяндауышы болады деген түрде аталады.
30-жылдардан екінші жартысынан бастап, құрмалас сөйлемге байланысты
мақалалар, орта мектепке арналған оқу бағдарламасы мен оқулық жарық көрді.
Бұлардың ішінде баспа бетін бұрын көргені – оқу бағдарламасы. Бағдарламада
лингвистикада қалыптасқан жалпы дәстүр бойынша, құрмалас сөйлем, салалас,
сабақтас делінік екі түрге бөлінген. Салалас сөйлем компоненттерінің бір-
бірімен құрмаласуының 10 түрлі жолы көрсетіліп, мағыналық қатынастарына
қарай: ыңғайлас, ереуіл, талғама, себеп-салдар, шарт-жағдай салаласы
делініп, 5 түрге бөлінген [8, 359 б.]
1938 жылы Ауыл мұғалімі журналының 6-санында Н.Сауранбаевтың
Құрмалас сөйлем туралы деген мақаласы жарияланды. Мақалада құрмалас
сөйлемдерді салалас, сабақтас, аралас деп үшке бөлген.
30-жылдар ішіндегі еңбектердің құрмалас сөйлемдерді едәуір жан-жақты
сипаттағаны – С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың Қазақ тілінің грамматикасы
атты оқулығы болды. Оқулықта аталған мақала ізімен құрмалас сөйлемді
салалас, сабақтас, аралас деп үш топқа бөлген. Салалас сөйлемді
жалғаулықты, жалғаулықсыз деп бөлу де тұңғыш рет осы оқулықтан басталды.
40-жылдар ішінде құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты жарияланған
мақалалар саны да, оқулықтар түрі де, жазылған ғылыми еңбектер де әлдеқайда
көп болды. С.Аманжолов жоғарыда аталған оқулығында құрмалас сөйлемді үшке
бөлсе, ғылыми курсында оның үстіне тиянақты басыңқысыз сабақтас дегенді
қосып, төртке бөлді. 1939 жылғы оқулығында сабақтасты 10-ға бөлсе, 40-жылғы
курсында 18-ге бөледі. Құрмалас сөйлемді арнайы зерттеген Н.Сауранбаев
1948 жылы шыққан Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі дейтін
кітабында құрмалас сөйлемді іргедес құрмалас, салалас құрмалас, сабақтас
құрмалас деп үшке бөлсе, 1954 жылы баспадан шыққан Қазіргі қазақ тілі
атты кітапта салалас, сабақтас, аралас, үйірлі мүшелі құрмалас деп төртке
бөлді. Автор еңбегіндесабақтасты сөйлем мүшелерінің атымен анықтауыш
бағыныңқы, толықтауыш бағыныңқы, пысықтауыш бағыныңқы т.б. деп алты түрге
бөлсе, соңғы кітапта мезгіл, себеп, амал, мақсат т.б деп жеті топқа бөлген.
Елуінші жылдарға дейін жарық көрген кейбір академиялық басылымдарды
оқу құралы ретінде пайдалануға болады деген ұсыныс айтылғанмен, олардың
ешқайсысы да оқу бағдарламасына сәйкес жазылған оқулық емес еді. Қазақ тіл
білімінің барлық саласынан да оқу бағдарламасына сәйкес оқулықтар жазу
талабы елуінші жылдардың аяқ кезінде ғана қолға алынды. Соның нәтижесінде
1961 жылы Қазіргі қазақ тілі деген атпен жоғары оқу орындарына арналған
оқулық жарық көрді. Тұтас алынған құрмаластың болсын, оның жеке салаларының
(сабақтас, салалас түрлерінің) болсын жіктеулеріндегі ала-құлалақтар бір
жүйеге келтірілді.
1960-жылдардан бері қарай құрмалас сөйлемге арналған біраз еңбектер
жарық көрді. 1969 жылы Қ.Есенов Қазіргі қазақ тіліндегі шартты және
қарсылықты бағыныңқылы сөйлемдер деген еңбек жариялады. Осы тақырыпта
автор кандидаттық диссертация қорғаған болатын. Еңбекте шартты және
қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың қалай жасалатындығы сөз болады. 1974
жылы Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер деген екінші кітабы жарық
көрді. Автор еңбекте сөйлемнің мүшелерінен оқшау тұратын айқындауыш,
оңашаланған мүше, қаратпа, қыстырма сөздер, бірыңғай мүшелер арқылы құрамы
ұлғайып, күрделеніп айтылатын сөйлемдерге арналған.
І. Қазақ тілі синтаксисінің теориялық тұрғыдан зерттелуі.
Қазақ тілі төңірегіндегі зерттеулердің, қазақ тілі синтаксисін жоғары
оқу орындарында, мектептерде оқыту үстіндегі ізденістердің, жалпы
лингвистикалық теориялық ағымның жетістіктеріне қарамастан, қазақ тілінің
жай сөйлем жүйесінде әлі де болса танылмаған мәселелердің көп екені
байқалады.
Жай сөйлемдердің құрылуы жөніндегі бүгінгі теориялық мағлұматтар қазақ
тіліндегі барлық деректерді қамти алғаны анық болып отыр. Сөйлеу процесінде
байқалатын деректер теорияда қалыптасқан ережелерге сай келмейтін
құрылымдар бар екенін дәлелдейді.
Тіліміздегі жай сөйлемнің ойды, лебіз бен пікірді білдіретін басты
грамматикалық тұлға екені белгілі. Сондықтан да бұл жай сөйлемдердің
табиғаты өте күрделі. Оның құрылысы, бір жағынан ойды білдіретін логикалық
тұлғалардың құрылысымен ұштасып жатса, екінші жағынан сөйлеуші жүктеген
коммуникативтік мүддеге тәуелді болады. Осы диалектикалық байланыс пен
тілде туындайтын қайшылықтар жай сөйлемдер жүйесіне әсер етіп, оны
күрделендіре түседі.
Қазақ тіл білімінде жай сөйлемдер құрылысына, мағыналық мазмұнының
сипатына қарай бірнеше топқа бөлінеді.
1. Коммуникативті мақсатына қарай:
а) хабарлы сөйлем;
ә) сұраулы сөйлем;
б) бұйрықты сөйлем;
в) лепті сөйлем;
2. Сөйлем құрамында тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына байланысты:
а) жалаң сөйлемдер;
ә) жайылма сөйлемдер;
3. Сөйлем құрамында ойға қажетті синтаксистік позициялардың түгел
қатысқан, қатыспағанына қарай:
а) толымды;
ә) толымсыз;
4. Жоғарыда көрсетілген топтардан құрылымы жағынан ерекшеленетін мынандай
топтары бар:
а) жақты сөйлемдер;
ә) жақсыз сөйлемдер;
б) атаулы сөйлемдер;
Қазақ тіл білімінде де, түркітануда да жай сөйлемдер жүйесі бастауыш-
баяндауыш болып құралған сөйлемдерді зерттеу арқылы танылып келеді.
Синтаксистің ең үлкен саласы – жай сөйлемдердің зерттелу тарихы
ілгеріректе басталғанымен, оған қатысты шешілмеген біраз мәселелер әлі де
жүйелі шешімін күтуде.
1950 жылдан бері жай сөйлемнің бір түрі жақсыз сөйлемдер, сондай-ақ,
атаулы сөйлемдер фактологиялық материалдарға сүйеніп, зерттеліне бастады.
Жақсыз сөйлемдерге арналған монографиялық еңбектерінде Ғ.Мадина қазіргі
қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдерді баяндауыштың жасалу ыңғайына қарай,
қандай тұлғалардан жасалғанына байланысты, оны үш топқа бөліп қарап,
әрқайсысын ана тіліміздің фактілерімен дәлелдеп, маңызды түйін жасады [9].
1960-1970 жылдары К.Аханов жай сөйлемдерді бір құрамды, екі құрамды,
бір тұрлаулы мүшелі, екі тұрлаулы мүшелі деп топтастырып қараса [10],
Ж.Садуақасов қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдерді зерттеу нысаны етіп
алды [11]. Жай сөйлемнің басқа түрлерінен тек оқулық аясында ғана мағлұмат
беріп жүр.
Толымсыз сөйлемдер қазақ тіл білімінде әлі де түпкілікті зерттеуді
қажет етеді. Оқулық көлеміндегі жұмыстарда бұл мәселе тек шолу жасаумен
ғана шектелген. Осы кезге дейінгі барлық грамматикаларда толымсыз сөйлемдер
жай сөйлемнің бір түрі ретінде енгізіліп келді. Бұл еңбектерде аталған
сөйлем түріне берілген анықтамалар, негізінен, ойға қатысты сөйлем
мүшелерінің түгел қатысу, қатыспауын басшылыққа алған. Дегенмен, қазақ тіл
білімі мамандарының арасында толымсыз сөйлемге бірізді берілген анықтама
жоқ.
Қазақ тіл білімінің негізін салушы ұлы ағартушы ғалым А.Байтұрсынұлы
Тіл тағлымы атты еңбегінің Сөйлем түрлері деген бөлімінде толымды және
толымсыз сөйлемдерге мынандай анықтама берген: Тұрлаусыз мүшелері бар
сөйлем толымды сөйлем деп аталады. Мысалы, Өлген келмес, өшкен жанбас.
Берген алар, еккен орар. Ал тұрлаулы мүшелерінің біреуі не екеуі де жоқ
болса, сөйлем толымсыз деп аталады. Мысалы, Ит тойған жеріне, ер туған
жеріне. Барымен базар, жоқты қайдан табар [12, 297-529 б.].
Ал қазақ тіл білімінің зерттеушісі профессор Қ.Жұбанов толымды және
толымсыз сөйлемдерді толық сөйлем және олқы сөйлем деген атауларымен
атайды да, негізгі мүшелер түгел (бастауышы да баяндаушы да бар) сөйлемді
толық сөйлем дейміз, ал негізгі мүшенің (бастауыш пен баяндауыштың)
біреуі не екеуі де жоқ болса, сөйлем олқы сөйлем деп те аталады деген
анықтама береді [13, 146 б.].
Автор мысал ретінде мына өлең жолдарын келтіреді:Қартайдық. Қайғы
ойладық. Ұлғайды арман (Абай).
Берілген өлең жолдарының соңғы бөлімін толық сөйлем деп, алдыңғы екі
сөйлемді олқы сөйлем деп көрсетеді.
Мектеп грамматикаларындағы берілген анықтамалар тұрғысынан қарасақ,
толымды сөйлемге бастауышы мен баяндауышы түгел қатысып тұрған сөйлемдер
жатқызылады, ал бастауышы жоқ сөйлемдер әрдайым толымсыз сөйлемдер болмақ.
Профессор Н.Сауранбаевтың берген анықтамаларында толықтауыштың қатысу-
қатыспауы да сөйлемнің толымды я толымсыз екендігін білдіреді
[14, 190 б.]. Сонда сөйлемнің толымды не толымсыз болуы үшін сөйлемнің
қалған тұрлаусыз мүшелері – анықтауыш пен пысықтауыштың қатысу-қатыспауы
неліктен деген заңды сұрақ туады.
Қазақ тілінде де, жалпы түркітануда да синтаксис, оның ішінде жай
сөйлем де, құрмалас сөйлем де оқулық, жеке монография, тіпті диссертациялар
ретінде қорғалып келеді. Сондықтан синтаксистің сөйлемдер жүйесіндегі жай
сөйлем мен құрмалас сөйлемдер, олардың айырмашықтары, түрлері, жасалу
жолдары едәуір зерттелді деуге де болады.
Құрмалас сөйлемнің ғылыми негізін П.М.Мелиоранский, А.Байтұрсынұлы,
Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Р.Әмір,
Б.Шалабай т.б. ғалымдар өздерінің мектептепте, орта арнаулы оқу орындарының
филология факультеттеріне арнап жазған оқулықтары мен оқу құралдарында
баяндалады.
Әсіресе, құрмалас сөйлем синтаксисі қазан төңкерісіне дейінгі және одан
кейінгі кезеңде де үнемі сөз болуда.
Құрмалас сөйлем туралы П.М.Мелиоранский, А.Архангельский,
Б.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев,
А.Ысқақов, С.Жиенбаев, Х.Басымов, Х.Арғынов, Т.Қордабаев, Р.Әмір, Қ.Есенов,
Б.Шалабай, Б.Сағындықұлы, С.Қазыбаев, Қ.Мамытбеков, О.Төлегенов, Ұ.Салиева,
Қ.Шәукенұлы, Б.Қапалбеков, С.Айтжановалардың еңбектері жарық көрді.
Н.Сауранбаев, Т.Қордабаев, Қ.Есенов, Б.Сағындықұлы тек құрмалас
сөйлемге байланысты арнай зерттеу жұмыстарын жазды. Осы монографиялық
еңбектерде құрмалас сөйлемнің тарихы, зерттелуі, жай сөйлемдерден
айырмашылығы, құрмаластың салалас, сабақтас, аралас түрлері, олардың жасалу
жолдары, анықтамасы сөз болды.
Құрмалас сөйлем синтаксисі – тіл білімінің ең күрделі салаларының бірі.
Бұл жөнінде жоғарыда аталған ғалымдармен бірге С.Жиенбаев, Қ.Есенов,
Б.Сағындықұлы, О.Төлегенов, Қ.Мамытбеков, Ұ.Салиева, Б.Қапалбеков,
С.Айтжанова сияқты ғалымдар кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғап,
монографиялар жариялап, құрмалас сөйлем туралы көптеген мәселелердің бетін
ашу үшін 1958 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті журналы бетінде арнай пікір-
талас ұйымдастырылып, онда кейбір ғалымдардың ой-пікірлері жарық көрді.
Осы ғалымдардың әрқайсы құрмалас сөйлемнің жасалуы мен мағыналық
түрлері жайында өзіндік ұсыныстарын айтумен қатар пікір қайталаушылықтары
да болды. Әсіресе, құрмалас сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай топтауда
пікір қайшылықтары туындап отырады.
П.М.Мелиоранскийдің еңбегінде құрмалас сөйлемдер тек сабақтас
құрмаласқа қатысты ғана сөз болады [15].
Ал Қазақ тіл білімінің атасы атанған А.Байтұрсынұлы құрмалас
сөйлемдерді сыйысулы және қиысулы құрмалас сөйлемдер деп бөледі.
Мұндағы қиысулы құрмалас сөйлемдері қазіргі салалас пен сабақтас
құрмалас. Автор салас құрмалас сөйлемді 5 түрге:
1) жиылыңқы;
2) қайырыңқы;
3) айырыңқы;
4) сұйылыңқы;
5) қойылыңқы [16], сабақтас құрмаласты:
1) бастауыш бағыныңқы;
2) анықтауыш бағыныңқы;
3) толықтауыш бағыныңқы;
4) мезгіл пысықтауыш бағыныңқы;
5) мекен пысықтауыш бағыныңқы;
6) сын пысықтауыш бағыныңқы;
7) себеп пысықтауыш бағыныңқы;
8) мақсат пысықтауыш бағыныңқы;
9) ереуіл бағыныңқы – деп, 9 түрге бөліп қарастырады [17, 303-307б.].
Синтаксистің негізгі салаларының бірі сөз тіркесі тіл жүйесінде ерекше
орын алады. Сөздің бір-бірімен тексеру заңдылықтарын, оның құрылымдық және
мағыналық ерекшеліктерін ажыратып алмай, әрі сөз тіркестерін құраушы
бөлшектердің тіркесу қабілеттілігімен оларды байланыстыратын амал-
тәсілдерді айқындап алмай, сөз тіркесі мен сөйлемдер синтаксисі жөнінде
мәселеге тоқталу мүмкін емес. Сонымен қатар сөз тіркесі мен сөйлемнің
жұмсалу қалпы айрықша сөз етуді қажет етеді.
Сөз тіркесі ұлт тілінің лексика-граммтикалық заңдылықтарына лайық
жасалады. В.В.Виноградов сөз тіркестері ұлт тілінің ерекшеліктерін айқын
көрсететін категория деп жазады [ 18, 11 б.].
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесін басыңқы сыңардың мағыналық қасиетіне
қарай топтастыруда кейбір ерекшеліктердің байқалатыны анық. Мәселен, ғалым
К.Аханов пен профессор М.Серғалиев есімді, етістікті сөз тіркестеріне
үстеулі сөз тіркестерін қосқанды жөн санаса, ал профессор Т.Сайрамбаев
ғалым М.Балақевтың ортақ меңгеру деген пікірін негізге алып, етістікті
сөз тіркесінің қатарына ортақ басыңқы сөз тіркесін қосқанды құптайды.
Еркін сөз тіркестері сөйлеу кезінде жасалып, коммуникативтілік қызмет
атқарады. Еркін сөз тіркесінің сөйлеу кезінде жасалатыны жөнінде ғалымда
айтылған тұжырымдар өте көп. Соның негізгісі түйіндісі профессор
Р.С.Әмірдің Жай сөйлем синтаксисі атты оқулығында қарастырылған деп
есептейміз. Автор былай жазады: Сөздер сөйлем құрау үстінде өзара түрлі
функционалдық қатынасқа түседі. Ол функционалдық қатынас сөздердің
грамматикалық байланысы арқылы көрінеді [19, 10 б.]. Демек, сөздердің
граммтикалық байланысы арқылы көрінісі еркін сөз тіркестері десек, олардың
сөйлеуде пайда болатыны, сөйтіп негізінен коммуникативтік қызметте
жұмсалатыны түсінікті болады.
Синтаксистің негізгі объектісінің бірі – сөз тіркесін тану, зерттеу
мәселесі В.В.Виноградов, Н.А.Баскаков т.б. ғалымдардың еңбектерінде сөз
болып, зерттеу нысанына айналды. Сондай-ақ сөз тіркесі туралы Н.К.Дмитриев,
Н.Б.Дырянкова, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова, Л.П.Поцелуевский
сияқты көрнекті зерттеушілер өз еңбектерінде арнайы тоқталып, көптеген
пікір-тұжырымдар келтіреді.
Б.Н.Головкин сөз тіркесі сөйлеу мәдениетінің 3 маңызын былай:
а) признаки и свойства, которые говорят и о ее
коммуникативном совершенстве; б) совокупность навыков и знаний человека,
обеспечивающая целосообразное и незатруднительное применение языка в целях
общения; в) область лингвистических знаний о культуре речи как совокупности
и системе ее коммуникативных качеств, -деп атап көрсетеді [ 20, 7б.]. Сонда
сөз тіркесінің сөйлеу мәдениетін игерген адам білім мен дағдының
жиынтығын мақсатқа сәйкестілігін қамтамас ете отырып, тілді қарым-қатынас
мақсатында қиналмай қолдана алады.
Қазақ тіл білімінде бұрыннан зерттеу нысаны болған сөз тіркесін
құрылымдық қалыптасу заңдылығы (М.Балақаев, Р.Әмір, Т.Сайрамбаев, Е.Ағманов
т.б.) жағынан жан-жақты зерттеулермен теориялық тұрғыдан толыға түсуде.
Сөз тіркесін зерттеу кейінгі кезеңдердің жемісі болғанымен, тиянақты
зерттеулер жасалғаны белгілі. Осы орайда сөз тіркесінің көптеген теориялық
мәселелерін жан-жақты ашып зерттеген профессор М.Балақаевтың еңбегі қазақ
тіл білімінде емес, жалпы түркі тілдерінде де ерекше орын алатына дау
туғызбайды.
Профессор М.Балақаевтың сөз тіркесі жөніндегі ой-тұжырымдары мен
пікірлерінің өзіндік орны бар. Осы бағытта ғалымның ізін жалғастыруда сөз
тіркесінің әр түрлі мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әр
қырынан танытып, өз жалғасын тапты.
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік сөз тіркесінің синоним болу
мүмкіндіктері туралы профессор М.Серғалиевтің Етістікті сөз тіркесінің
синонимиясы деген еңбегінде кеңінен баяндалады [21].
Түйдекті тіркес терминің алғаш рет қолданған профессор М.Балақаев
болатын. Ғалым Основные типы словосочетаний в казахском языке атты
еңбегінде Глагольные словосочетания со служебными словами деген тарау
берілген. Онда септеулік шылаулардың түйдекті тіркес құрамында келіп,
етістікті сөз тіркес құраудағы ерекшелігі мен жасалу жолдары сипатталған.
Сондай-ақ зерттеуде түйдекті тіркестің көмекші есімдер арқылы жасалатыны
айтылған.
Қазіргі қазақ тілінде тіркестердің бірпнеше түрі анықталып отыр. Атап
айтсақ, еркін тіркес, атаулық тіркес, түйдекті тіркес. Бірақ бұл
тіркестердің барлығы бірдей сөз тіркесі болып табылмайды. Аталған тіркестер
(еркін тіркестен басқасы) сөз тіркесінің құрамына сол тобымен еніп, күрделі
сөз тіркесін құрайды.
Тұрақты тіркес фразеологияда жан-жақты зерттелініп, түрлі бағытта
қарастырылып жүр. (І.Кеңесбаев, Қ.Қожахметова, Г.Смағұлова, С.К.Сәтенова,
Р.А.Авакова, Б.С.Уызбаева, Қ.К.Сарыбасов, Қ.Саркенова т.б.). Атаулық
тіркестер мен шектеулі тіркестерге бүгінгі күні арнайы диссертация жазылып,
зерттеу еңбектері жарық көрді. Қазақ тіліндегі шектеулі тіркестер
тақырыбында Б.Рысбай кандидаттық диссертация жазып [55 6], сөздік шығарды
[56 7]. Автор қазақ тіліндегі шектеулі тіркестерге, негізгі белгілері мен
терминдік сипатына ғылыми анықтамалар берді. Шектеулі тіркестердің жасалу
жолдары, сөз табына қатысы, басқа тіркестерден айырмашылықтары сараланады.
Н.Ильясова Қазіргі қазақ тіліндегі атаулық тіркестер: қалыптасуы мен
даму үрдісі атты кандидаттық диссертация қорғады [57 8].
Ғ.Қ. Иманалиева Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулардың синтаксисі атты
кандидаттық диссертациясында шылаулардың синтаксистік ерекшелігін сөз
тіркесіне қатысты шылаулар, жай сөйлемге қатысты шылаулар, құрмалас
сөйлемге қатысты шылаулар деп үшке бөліп қарастырған [58 9]. Қ.Қадашева
көмекші сздердің сөйлем мүшелерін жасаудағы ерекшеліктерін арнайы зерттеген
[59 10].
К.Жұбанов құрмалас сөйлемдерді салалас құрмалас және сабақтас
құрмалас деп екіге бөліп қарастырса [22], С.Аманжолов құрмалас сөйлемдерді
төртке: 1) салалас; 2) сабақтас; 3) аралас; 4) тиянақты басыңқысыз сабақтас
деп бөлсе [23], құрмалас сөйлемнің салалас түрін: ыңғайлас, қарсылықты,
себеп-салдар, іліктес, шартты, үлестес, баяншы, бейтараптық, талғаулы,
кехектес [24] деп, ал сабақтасты: шартты бағыныңқылы, қарсылықты
бағыныңқылы, пысықтауыш бағыныңқылы, оның ішінде: а) себеп-салдар
пысықтауыш бағыныңқылы; ә)мезгіл пысықтауыш бағыныңқылы; б) қимил-сын
пысықтауыш бағыныңқылы; в) мақсат пысықтауыш бағыныңқылы деген түрлерін
ұсынады [24].
Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемдерді жіктеуде әртүрлі пікірде болды.
Мысалы, 1941 жылы жарық көрген Қазақ тілі синтаксисі мәселелерінде
құрмалас сөйлемді салалас және сабақтас деп екіге бөлсе [25], 1948 жылғы
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесінде іргелес салалас, салалас
құрмалас, сабақтас құрмалас деп үшке бөлген [ 26]. Ал 1954 жылғы
Академиялық Қазақ тілі оқулығында салалас құрмалас, сабақтас құрмалас,
аралас құрмалас және үйірлі мүшелі сабақтастар деп төртке бөліп
қарастырнған [27]. Осындағы салалас құрмаластың жалғаулықсыз түрін
ыңғайлас, мезгілдес, қарсылықты, шарттас, амалды мәнді құрмалас десе, ал
жалғаулықты түрін: мезгілдес салалас, себепті салалас, қарсылықты салалас,
талғаулы салалас деп 4 түрге бөледі [28, 195-197б.]. Сабақтас құомаласты:
1) шартты бағыныңқылы; 2) қарсылықты бағыныңқылы: 3) пысықтауыш
бағыныңқылы, оның ішінде: а) амал-қимыл пысықтауыш бағыныңқылы; ә) себеп
пысықтауыш бағыныңқылы; б) мезгіл пысықтауыш бағыныңқылы; в) мақсат
пысықтауыш бағыныңқылы деп бөлсе [28, 208б.], Қазақ тіліндегі құрмалас
сөйлемдер жүйесі деген еңбегінде сабақтасты: 1) анықтауыш бағыныңқы; 2)
толықтауыш бағыныңқы; 3) пысықтауыш бағыныңқы; 4) шартты бағыныңқы; 5)
қайшы сабақтас құрмалас; 6) салыстырмалы сабақтас деп жіктейді [26].
Профессор Т.Қордабаев салаласты: 1) мезгілдес; 2) себептес; 3)
қарсылас; 4) талғаулы; 5) кезектес; 6) түсіндірмелі; 7) салыстырмалы; 8)
шартты [29, 55 б.] деп 8 түрге, ал сабақтасты: 1) шартты бағыныңқылы; 2)
қарсы бағыныңқылы; 3) салыстырма бағыныңқылы; 4) себеп бағыныңқылы; 5)
мезгіл бағыныңқылы; 6) қимыл-сын бағыныңқылы; 7) мақсат бағыныңқылы [29,
112 б.] деп көрсетеді.
Профессор Р.Әмір құрмалас сөйлемдерді:
1) жалғаулықты салалас сөйлемдер;
2) іргелес салалас сөйлемдер;
3) сабақтас құрмалас сөйлемдер деп үшке бөледі де, мұндағы іргелес
салалас сөйлемдердің мынандай мағыналық түрлерін береді:
1) мезгілдік;
2) қарсылықты;
3) себептік;
4) шарттық;
5) теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас;
6) айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас;
7) объективтілік қатынасты білдіретін іргелес салалас;
8) телінбе компонентті іргелес салалас сөйлемдер [30];
Қ.Есенов салалас құрмаласты:
1) мезгілдес;
2) себептес;
3) қарсылықты;
4) шартты;
5) салыстырмалы;
6) талғаулы;
7) кезектес;
8) түсіндірмелі,
9) көп компонентті салалас сөйлем деп сегізге бөлсе [31, 19 б.],
сабақтас құрмаластарды:
1) шартты бағыныңқылы;
2) қарсылықты бағыныңқылы;
3) мезгіл бағыныңқылы;
4) себеп бағыныңқылы;
5) амал бағыныңқылы;
6) мақсат бағыныңқылы;
7) түсіндірмелі бағыныңқылы деп жіктейді [32, 69 б.].
Ал 1995 жылы шыққан еңбегінде автор сабақтас құрмаластың осы аталған
түріне салыстырмалы және үлестес сабақтас құрмалас сөйлемдерді қосып
қарастырады ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz