Кәсіпорын - экономикалық жүйенің негізгі бөлігі


Түркістан гуманитарлық техникалық колледжі
Қабылдаған:
Орындаған:
Түркістан 2012
КӘСІПОРЫН - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ
Кәсіпорындарға жалпы сипаттама
Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорыны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сырткы ортасы болады.
Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т. б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекелесуге кабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғарғы пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар енім шығару болып табылады.
Өнеркәсіп кәсіпорнының функциялары мыналар:
- өндірісте және жекеше тұтынылатын өнім шығару;
- тұтынушыга өнімді жеткізу және сату;
- өнімді сатып болғаннан кейін қызмет атқару;
- кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
- кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және басқару;
- кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
- кәсіпкерлік;
- салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін орындау;
-мемлекеттік заңдарды, стандарттар мен нормативтерді орындау.
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Қазақстанда «Меншік туралы» заңға байланысты мемлекеттік меншіктегі, жеке меншіктегі және аралас меншіктегі кәсіпорындар құрыла алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар - бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылады. Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттік болса, ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Ал, егер кәсіпорын мемлекеттік ұйымдардың қарамағында болса, ол кәсіпорын қазыналық болып есептелінеді.
Кәсіпорындар түрлі белгілеріне қарай белінеді:
- сала түріне байланысты;
- шаруашылық іс-әрекетінің түріне байланысты;
- құқықтық жағдайына байланысты;
• меншік жағдайына байланысты.
Меншік формасына байланысты кәсіпорындардың түрі:
- мемлекеттік;
- кооперативтік;
- ұжымдық;
- жеке.
Қазақстан Республикасы экономикасының
ұйымдық-құқықтық нысанға байланысты
кәсіпорындар негізгі жіктелуі
1. Қаржылық емес корпорациялар / ұйымдар
1. 1. Мемлекеттік корпорациялар
- Мемлекеттік кәсіпорындар
1. 1. 2. Кеңшарлар
1. 2. Жеке және аралас корпорациялар
- Шаруашылық бірлестіктері
- Сауда биржалары
- Коллективтік кэсіпорындар
- Фермер шаруашылығы
- Дін ұйымдары шаруашылықтары
- Қоғамдық ұйымдар шаруашылықтары
- Тұтыну кооперативтері шаруашылықтары
- Бірлескен кәсіпорындар
- Басқа да кәсігюрындар
2. Қаржылық корпорациялар / ұйымдар
- Қазақстан Үлттық Банкі
- Коммерциялық банктер
- Қамсыздандыру компаниялары
- Зейнетақы қаржылары
- Инвестициялық кәсіпорындар мен ұйымдар
- Депозиттік ұйымдар
- Басқа да қаржылық ұйымдар
3. Коммерциялық емес ұйымдар
- Мемлекеттік құрылтайлар
- Қоғамдық құрылымдар мен қаржылар
- Қоғамдық ұйымдардың құрылтайлары
- Қоғамдық бірлестіктердің одағы
- Тұтыну қоғамдары
- Қамсыздандыру жүйесі
- Сот және заң ұйымдары
- Діни ұйымдар мен қоғамдар
- Басқа да коммерциялық емес ұйымдар
4. Үй шаруашылыгы
- Жеке еңбек
- Азаматгардың жеке шаруашылықтары
Салалық құрылымына байланысты: өнеркәсіптік, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылыгы, байланыс және басқа.
Ұйымдастыру формаларына байланысты: акционерлік, ұжымдық, мемлекеттік, фермерлік, жанұялық, жалқы (жеке) және басқа.
Жеке сектор. Қазақстанда жеке сектор мынадай бөлімдерден тұрады:
• жеке кәсіпкерлік;
- толық серіктестік;
- коммандиттік серіктестік;
- жауапкершілігі шектеулі қоғам;
- қосымша жауапкершілікті серіктестік;
- ашық акционерлік қоғам;
- жабық акционерлік қоғам;
- өндіріс кооперативтері.
Жекеше кәсіпорын - жеке меншік құқық негізінде жұ-мыс істейтін кәсіпорын. Жеке кэсіпорын азаматтың мүлкінен, шіынған табыстан, несиеден және басқа да заңды көздерден құралады.
Толық серіктестік бір-біріне жеке сенім артқан занды ұйымдардың немесе жеке адамдардың бірлестігі, онда каты-сушылардың бәріне серіктестіктің міндеттемелері бойынша оздерінің барлық мулкімен ынтымақты жауапкершілік жүктеледі. Қатысушылардың жарналық үлестері, алынған табыс-тар мен басқа да занды көздер есебінен құралған серіктестік мүлкі ортақ үлестік меншік құқығы негізінде оның барлық қитысушыларына тиесілі. Толық серіктестікке қатысушылар ааңды ұйымдар дербестік пен заңцы ұйым кұқығын сиқтайды. Жарғылық қоры минималды есептік коэффициент 25 өлшемінен кем болмауы керек.
Коммандитгік серіктестік - сауда немесе коммерциялық қогамның бір түрі, оның қатысушылары кәсіпорын бойынша қауіп-қатерді езінің барлық мүлкімен толық мойнына алушы-дарга және коммандистерге немесе кәсіпорынға жұмсалғаны үіиіи ғана жауап беруші және пайдадагы үлесін ғана алушы сшіымшыларға бөлінеді (100 айлық есептік көрсеткіш) .
Жауапкершілігі шектеулі қоғам - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның түрі. ЖШҚ-ның мүшелері есебінен жиналған жарғы қоры бар. ЖШҚ жабық қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін қоғамның басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады. Қоғам акциялар шығармайды. Мұның өзі қоғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы тарту мүмкіндігін шектейді.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам - қатысушылары өздерінің жарғы қорына қосқан үлесіне байланысты мівдет-темелерге жауап беретін қоғам.
Акционерлік қоғам - жарғы қоры бар кәсіпорын, онын капиталы көптеген жеке капиталдарды біріктіру нәтижесінде, акцияларды шығарып, сату арқылы құралады және онын пайдасын акционерлер дивиденд түрінде беліседі. Қоғамның әрбір мұшесінің жауапкершілігі оның акцияларының құны-мен шектеледі.
Ашық акционерлік қоғам - акциялары бағалы кағаз нарығында олардың белгіленген бағасына сәйкес келетін баға бойынша еркін айналатын акционерлік кәсіпорын.
Жабық акционерлік қоғам - акциялары тек құрылтай-шылары арасында ғана таратылатын акционерлік қоғам.
Өндіріс кооперативтері - азаматтардың еркін түрде бірік-кенін білдіретін заңды тұлға.
3. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ
Кәсіпорынға қажетті заттар:
- материал, шикізат;
- қосалқы бөлшектер, кұрал-жабдықтар, есептеу құралдары, ақпарат, отын, отын-энергия, жер ресурстары, ғимараттар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтар, ақша қаражаттары.
Кәсіпорынның шығаратын заттары:
- белгілі бір ассортименттегі, номенклатурадағы, көлемдегі дайын өнім;
- өндіріс қалдықтары;
- өндіріс шығындары;
- ақша қаражаттары. Кәсіпорынның құрылымы:
- негізгі өндіріс;
- көмекші өндіріс;
- қызмет етуші және қосалқы бөлімдер.
Кәсіпорын жүргізетін процестер:
- ғылыми зерттеулер;
- проект (жобалау) конструкциялау;
- дайындау;
- жөндеу;
- бақылау;
- қызмет ету, сақтау, тасымалдау, Іүптеу, орау, басқаруКәсіпорынның басқару функциялары:
- статистика, есеп;
- талдау;
- жоспарлау;
- шешім қабылдау;
- ынталандыру;
- бақылау;
- реттеу.
Кәсіпорындардың ұйымдастыру функциялары:
- нормалау;
- оперативтік жоспарлау;
- диспетчерлеу;
- басқару функциясын орындау;
- ресурспен қамтамасыз ету;
- жұмыс орындарын жоспарлау;
- ыңғайлы жұмыс жағдайларын жасау;
- дайын өнімді сату.
НЕГІЗГІ ТУСІНІКТЕР
- Өнеркәсіптік кәсіпорын
- Кәсіпорын функциялары мен көлемі
- Кәсіпорындардың салалық құрылымы
- Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы
- Кәсіпорындардың негізгі түрлері
- Ірі кәсіпорындар
- Орташа кәсіпорындар
- Шағын кәсіпорындар
- Аса ірі кәсіпорындар
КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
ӨНДІРІС ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫМ
ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК.
ӨНДІРІС Қ¥РЫЛЫМНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Өндіріс - қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалды өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің да~ муын еңбек кұралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.
Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми-техникалық процестің нә-тижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқы-лы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорьш - цехтардан, учаске-лерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйым-дастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.
Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-қатынастары және өндірістің келемі мен жұмыс-шылардың саны кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіп-орынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шыгындарын, табиғи байлық пен техниканы колданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын.
Цехтардың 3 тұрі болады:
- негізгі;
- көмекші;
- қосалқы және т. б.
Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Кемекші цехтарға - құрал-жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы
цсхтарға - қайта өндеу цехтары, шығарылған өнімді өндіретін қораптар мен баска да жұмыстар жатады (орау, жуктсу, тасымалдау, түсіру) .
Цехтар - учаскелерден тұрады. Учаскелер 3 түрге бөлінеді:
• негізгі;
- көмекші;
- қосалқы.
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылымныц үш түрі (типі) бар:
- заттай;
- технологиялық;
- аралас.
Заттай қүрылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цсхтары мен учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса белгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымның көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын жақсартады. Соның. аркасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.
Технологиялық құрылым қолданылғанда технологиялық
процестің ретіне байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік
құрылымның бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды дамытады және өндірістің бір номенклатуралы өнім шығарудан келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал
жасайды . Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастардың қүрделенуі, жоғарғы өнімді құрал-жаб-
дықтар мен құралдар қолданудың мүмкіншілігінің жоқтығы. Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің төмендеуіне, шығында көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.
Ал өндірістік құрылымның аралас түрі болса, заттай құрылымның да, технологиялық құрылымның да элементгерінен тұрады және бұл тип цехаралық тасымалдардың көлемі азаюына, өнім өндірудің өндірістік циклының қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға еңбек өнімділігін арттыруға, онімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін тиг
ӨНДІРІСТІ ¥ЙЫМДАСТЫРУ ТҮРІ
Өндірісті ұйымдастырудың түрі дегеніміз - өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктері мен техникалық жағдайының жалпы сипаттамасын беру. Өндірісті үйым-дастырудың түріне көптеген факторлар әсер етеді:
- мамандандыру деңгейі;
- өндіріс көлемі;
- шығарылатын өнім номенклатурасының күрделілігіжәне төзімділігі т. б.
Өндірістің негізгі үш гүрі болады:
- жеке-дара өндіріс;
- сериялық өндіріс;
- жаппай өндіріс.
Жеке-дара өндіріс - алуан тұрлі және тұрақты емес но-менклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы: ірі трубиналар, кемелер, металлур-гиялық, кен жабдығы және т. б. Сондай-ақ, жеке тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелік заводтар, кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.
Ерекшеліктері:
- әртүрлі номенклатуралы өнімдердің шығарылуы;
- жұмыс орындарын технологиялық мамандандырубойынша ұйымдастыру;
- әмбебап құрал-жабдықгар мен технологияларды колдану;
- қолмен жинау жұмыстарының үлкен көлемі;
- жоғарғы білікті әмбебап жұмысшылардың саныныңкөп болуы;
- өндіріс циклының ұзақтығы;
• аяқталмаган өндіріс көлемінің көп болуы.
Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы, біртектесөнімдерді бір уақытта сериялармен шығаруды көздейді. Сериялы өндіріске партиялармен енгізілген, конструкциялары бірдей өнімдерді бір уақытта шығару жатады. Негізгі ерекшеліктері:
• біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақг
ты шығарылып тұруы;
- жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауғамамандануы;
- бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;
- мамандандырылған құралдар мен технологиялық жаб-дықтардың көп қолданылуы;
- қолмен жинау еңбегінің аз мөлшері;
- орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;
- өндіріс циклының ұзақ еместігі;
• өнім сапасын бақылау процесінің автоматтандырылуы.
Түрлері - ұсақ сериялы, орташа сериялы, жаппай сериялы өндірістер, мысалы: самолет шығаратын, мотор шығаратын заводтар.
Жаппай өңціріс - өндірісті мамандандырудың ең жоғары ситысы. Мысалы: автомобиль, трактор заводтары. Бұл түрі бойынша әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылады.
Ерекшеліктері:
- тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемдешығару;
- жұмыс орнының тек қана бір операцияны орындауғамаманд андырылу ы;
- жүмыс орындарының операциялардың ретіне қарайорналасуы;
- арнайы және мамандандырылған технологиялық құ-рал-жабдықтардың үлкен көлемі; • механикаландырылған, автоматтандырылған техноло-гиялық процестердің көп қолданылуы;
- операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аз-дығы;
- қолмен жинау жұмыстары көлемінің азаюы;
- ең төменгі білікті жұмысшылардың еңбегін қолдану;
- өндіріс циклының қысқаруы; • өндірісті басқаруды және жоспарлауды шоғырландыру;
• кәсіпорындарды басқаруда автоматгаңдыруды енг
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ
ЖОСПАРЛАУДЫҢ МӘНІ, МЕТОДОЛОГИЯ-ЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді енбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынныц даму жоспары, өндірістік бағдарлама, кәсіпорынның әлеумет-тік-экономикалық даму жоспары жатады.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау ба-рысында, жоспарлау методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.
Жоспарлау методологиясына жоспарларды жасаудың түр-
лері мен әдістері жатады. Жоспарлау методологиясын да-мытудың негізгі бағыттары:
- жоспарларды дамыған ғылыми-техникалық және есептік-экономикалық негіздеуді ұлғайту;
- қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;
- өндірісті техникалық-экономикалык негіздеу;
- баланстық есептеулер жүргізу;
- өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту;
- материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;
- еңбек өнімділігін арттыру;
- жоғарғы сапалы өнім шығаруды ұлғайту;
- жоспарлардың ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz