Жарылыс


ЖОСПАР

  1. Жарылыс теориясы және оның түсініктері.
  2. Жарылыс, жарылыстың меншікті күші, жарылыс қауіпті жүйе.
  3. Өрттер мен жарылыстар.
  4. Жарылыстың ғимараттарға, жабдықтарға, нысандарға әсері
  5. Өрт сөндіру құралдары
  6. Кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру.

Жарылыс теориясы және оның түсініктері.

Жарылғыш заттар - сыртқы әсердің ықпалымен өте тез химиялық өзгеріске түсіп, жылу бөлініп, катты қызған газдардың түзілуінен күшті соққы пайда болатын химиялық құрамалар мен қоспалар. Жарылғыш заттар оқты, минаны, снарядты лақтыруға қажетті энергия көзі болып табылады, сондай-ақ әр түрлі жару жүмыстарын орындауда қолданылады. Мысалы, бұрандалы патронның салмағы 3, 25 г болатын дәрі заряды атылғанда 0, 001 секунд ішінде жанып, 3 каллорий жылу бөледі де, температурасы жарылыс сәтінде 2400-2900°-қа тең 3 л газ шығарады. Газ ете жоғары кысым тудырады (3000 кг/см2) да, оқты ұңғы каналынан 700 м/сектан аса жылдамдықпен айдайды. Жарылғыш заттар қолданылу сипатына карай:

  • бөлшектегіш (бризанттық),
  • лақтырғыш (дәрі)
  • пиротехникалық болып болінеді.

Ядролық жарылғыш заттар дегеніміз - жарғыш сипаттағы ядролық (термоядролық) реакция нәтижесінде қас-кағым сәтте өте көп мөлшерде энергия шығаратын зат. Мүмкін болатын шығын және залал көзқарасында жарылыстар үлкен және ерекше қауіп төндіреді.

Жарылыс-шекті көлемдегі үлкен мөлшерлі энергияның қысқа мерзімде босап шығуы. Жарылыс жедел кеңеюі кезінде қоршаған заттарға соққылық механикалық әсер көрсететін жоғары дәрежедегі қысымдағы өте қатты қыздырылған газ (плазма) пайда болуына әкеледі. Қатты ортадағы жарылыс оның қирауы мен және ұсақталуымен, әуе және сулы ортада - ауа немесе гидравикалық соққы толқынының пайда болуымен қатар жүреді.

Жарылыстық соққы - жарылыс кезінде қысымның, тығыздықтың және орта температурасының бірден өсуі жүретін орта қозғалысы. Жарылыстық соққының алдыңғы шебі ортада тез таралады. Жарылыстың соққы әсерінен жарылыс оның ошағынан алыс тұрған заттарға, нысандарға механикалық әсер береді.

Жарылыс болуы мүмкін:

  • конденсацияланған жанғыш заттардың детонациясы нәтижесінде;
  • тұтанатын газ және шаң бұлтының тез жануы нәтижесінде;
  • қатты қыздырылған сұйыққа немесе қысылған газға толы ыдыстың күтпеген қирауынан;
  • қызыдрылған қатты заттардың суық сұйықтармен араласуы нәтижесінде.

Энергия тасымалдаушы түріне және энергия бөліну жағдайларына қарай жарылыс кезінде энергия көзі химиялық та, физикалық та процесстер болуы мүмкін.

Химиялық жарылыс энергиясы көзі- тез және өздігінен өтетін жанғыш заттардың тотықтырғышпен немесе тұрақсыз қосылыстардың термиялық ыдырауы әсерінен болатын экзотермиялық реакциялар.

Қысылған газдар энергиясы көзі-сұйықтың қарқынды булануына немесе газға айналуына, температураның өсуіне әкелетінаппараттың жабық көлеміндегі ішкі және сыртқы энергиясы.

Химиялық заттардың энерго тасымалдаушылары қатты, сұйық, газ тәрізді заттар және қышқылды ортадағы жанғыш заттардың аэробөлшектері.

Жарылыс, жарылыстың меншікті күші, жарылыс қауіпті жүйе.

Өрт және жарылыс қаупі бар нысандардағы апаттардың алдын-алу және халық пен қызметшілерді қорғау шаралары. Экономикалық әлеуметті, тұрмыс және тұрғын үйлердегі өрттер мен жарылыстар осы нысандағы адамдар мен халыққа үлкен қауіп тудырады және орасан зор материалды шығынға әкелуі мүмкін. өндірістік және тұрғын үй ғимараттары мен нысандардағы өрт қауіпсіздігі туралы сұрақтар үлкен маңызға ие және мемлекеттік шешімдер мен қаулылар арқылы бекітіледі. Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шараларымен және белсенді өрттен қорғау ұйымдастырылуымен қамтамасыз етіледі.

Өрттің алдын алу түсінігі-өрттің пайда болуын ескертуге және олардан келетін шығынды болдырмау шараларын құруға бағытталған шаралар кешені.

Белсенді өрттен қорғау - пайда болатын өрттермен табысты күресу жолдарын және жарылыс қауіпі бар жағдайларды болдырмауды ұйымдастыратын шаралар.

Нысандарды өртке қарсы қорғау негіздері стандарттармен бекітілген (ГОСТ 12. 1. 004-76 «Өрт қауіпсіздігі» және ГОСТ 12. 1. 010-76 «Жарылыс қауіпсіздігі»)

Өрттің алдын алу шаралары өндірістегі технологиялық процестердің негізгі құрамдас бөлігі. Өрттің алдын алу шараларын ұйымдастырумен Мемлекеттік өрт бақылау органдары айналысады.

Өрттің алдын алуға қол жеткізу үшін:

  • өрт нормалары мен ережелерін әзірлеу және нысандарға енгізу мен орындалуын бақылау керек:
  • өртке қарсы құралдардың дайын тұруын және жетілдіруін қамтамасыз ету;
  • нысандарды, тұрғын үйлерде және қоғамдық орындарда өрт-техникалық зерттеулерді үнемі жүргізу;
  • халыққа өрт-техникалық білімді насихаттау керек.

Өрттің алдын алу шаралары ұйымдастырушылық, техникалық, режимдік және пайдаланушылық деп бөлінеді.

Ұйымдастырушылық шаралар қарастырады:

  • жабдықты және көлікті дұрыс пайдалануды;
  • ғимараттар мен нысандардың дұрыс құрылуын;
  • жұмысшылардың және нысан қызметкерлерінің өртке қарсы нұсқауларын;
  • өрттік -техникалық комиссиялардың, ерікті өрт құрылымдарын ұйымдастыруды;
  • өрт құрылымдарын күшейту жөніндегі сұрақтар мен бұйпрықтарды шығаруды.

Техникалық шараларға мыналар жатады :

  • ғимараттарды жобалауда электр өткізгіштерді және жабдықтарды, жылыту жүйесін, желдету жүйесін, жарықтандыру жүйелерін орнатуда өртке қарсы ережелермен нормаларды ұстану;
  • жабдықтарды дұрыс орналастыру.

Режимді сипаттағы шаралар - өрт қауіпі бар орындарда дәнекерлеу және басқа да отпен байланысты жұмыстар жүретін бөлмелерде шылым шегуге тиым салу.

Пайдаланушылық шаралары - технологиялық жабдықты өз уақытында сынау, жөндеу және жағдайын бақылау.

Өрттің алдын алу нысан түріне байланысты жүргізіледі. Азаматтық ғимараттарда, қоймаларда, базаларда, өндірістік нысандарда, көлікте, ормандарда және шымтезек әзірлеуде әртүрлі шаралар ұйымдастырылады.

Азаматтық ғимараттарда жылыту жүйесі, электрмен жабдықтау, газды немесе керосинді құралдармен байланысты өртке қарсы шараларды қарастырады.

Қоймаларда, базаларда, дүкендердегі өрттің алдын алу шаралары келесі ережелерді қамтиды:

  • ғимараттар құрылысы кезінде арақашықтықты сақтау
  • ішкі су құбырын құру;
  • өрт және өрт күзет дабылының құрылғысы
  • үлкен қойма бөлмелерін өртке төзімді қабырғалардан тұрғызу
  • тез тұтанатын және жарылғыш заттарды бөлек сақтау
  • пеш пен газбен жылытуға тиым салу.

Өнеркәсіп нысандарындағы өрт профилактикасы барлық нысандарға ортақ талаптар негізінде ұйымдастырылады.

Ғимараттардың өртке төзімділігін арттыру үшін ағаш құрастырмаларды гипс, цемент және т. б. заттармен сылау немесе оларға өртке төзімді бояулар жағу керек. Лифт және басқа да механикалық құрлдар адамдарды тасымалдағанда есепке алынбайды. Эвакуация жолдарының ені 1м кем болмауы керек, осы жолдардағы есіктер ені 0, 8 кем емес болуы керек. Эвакуацияға қажетті уақыт СНиП терде бекітіледі.

Жарылысты болдырмау шаралары.

Жарылысты болдырмаудың 3 принцпі белгілі:

  • жарылғыш жүйелердің қалыптасуына жол бермеу;
  • жану себептерінің алдын алу;
  • жану салдарына төзімді құрылғы шеңберіндегі өрт ошағын жайылтпау.

Жанғыш жүйелердің түзілуіне қарсы 3 әдіс бар:

  • қоспадағы жанғыш заттар концентрациясын тұтану концентрациясынан аз деңгейде болуын қадағалау;
  • сұйық оттегімен жұмыс істейтін құралдар мен қондырғыларды тазалау. Жанғыш майлар қызғанда термиялық ыдырауға түседі де, өзінен тез жанатын көмірсутекті функциялар бөледі.

Жану бастамасының алдын алу

Жануға бастама болатын заттарға электр разрядтары мен фрикциялы қшқындар жатады. Статистикалық зарядтардың пайда болуы және жинақталуына диэлектрлік сұйықтар жағымды орта болады, сондай-ақ қатты және сұйық күйдегі бөлшектері бар газдар да осы ортаға жатады. Фрикциялы ұшқындар металл заттардың үйкелісінде немесе қатты соққы кезінде пайда болады.

Қоспалар жарылысы кезінде адамдар мен жабдықтарды зақымданудан сақтау әдістері .

- жарылыс кезінде максимал қысымға төтеп бере алатын мықты құрылыстарды жобалау;

- жарылыс қауіпі бар аймақтарда жануды қолдағанға аз ғана оттегі бар инертті орта жасау;

- жарылыс қауіпі бар аймақты мықты қабырғамен оқшаулау;

- жарылыс қаупі бар өнеркәсіпті жарылыс кезінде қоршаған ортаға зиян келтірмейтін орындарға орналастыру;

- жарылысты өшіру;

- жұмысшылар үшін панахана тұрғызу.

Жарылғыш заттар . Қатты және сұйық энерготасымалдаушылар көбінесе конденсациалық жарылғыш заттар класына жатқызады.

Жарылғыш заттар дегеніміз көп мөлшерде жылу бөле және газ түзілуімен қатар жүретін, жылдам химиялық реакцияға түсетін химиялық қосылыстар немесе заттар қоспасы. Жарылғыш заттар құрамына тотықтырғыштар немесе басқа химиялық тұрақсыз қосылыстар кіреді. Жарылыс болар кезде осы заттарда үлкен жылдамдықпен экзотермиялық тотығу-тотықсыздану реакциясы немесе көп мөлшерде жылу энергиясын және газ бөлетін термиялық ыдырау реакциясы жүреді. Бұл реакция қызу, соққы, үйкеліс, басқа жарылғыш заттардың жарылуы немесе басқа сыртқы әсер нәтижесінде пайда болып, жылу немесе масса алмасу, соққы толқыны жолымен заряд бойына таралады.

Жарылғыш заттар ыдырауға бейім болады, бұл кезде молекулааралық байланыс энергиясы жылу түрінде бөлінеді, сонымен қоса, температура артқан сайын жарылғыш заттар ыдырауы арта түседі. Салыстырмалы төмен температурада жарылғыш заттардың ыдырау жылдамдығы көп болмайды және ұзақ уақыт бойы өз күйіндегі байқалатын өзгерістерді елемейді. Бұл жағдайда жарылғыш заттар мен қоршаған орта арасында жылулық тепе - теңдік орнайды.

Егер жарылғыш заттар арқылы бөлінетін жылу қоршаған ортаға тарала алмайтын жағдай туындаса, температураның артуына қатысты жарылғыш заттар өздігінен үдемелі химиялық ыдыраупроцесі жүреді, ол жылулық жарылыс деп аталады.

Жарылыс процесінің жүзеге асуының басқа да жолдары бар: мұнда химиялық реакция жарылғыш зат заряд бойымен толқын түрінде қабаттан қабатқа таралады. Заряд бойында қозғалып келе жатқан толқынның алғы фронты соққы толқыны, яғни бастапқы күйден өте жоғары температуралы күйге ауысатын толқын.

Соққы толқынымен қоса жүретін, энергияның жылдам бөлінуі болатын жарылғыш заттар химиялық өзгерісі детонация деп аталады.

Детонация кезіндегі реакция жылдамдығы бірнеше км/сек-қа жетеді. Қатты жарылғыш заттар сек уақыт аралығында жоғары қысымдағы тығыз газға айналуы мүмкін. жылдам кеңейіп, қысылған газ қоршаған ортаға орасан күшке ие соққы береді, жарылыс туындайды. Зарядқа жақын нысандар ұсатылады, күшті пластикалық деформацияға ұшырайды. Жарылыстан алыс орналасқан нысандар бүлінуге аз ұшырайды. Жарылғыш заттар бризанттілігі детонация кезіндегі жылдамдық пен заряд тығыздығына байланысты анықталады. Жұмысқа қабілеттілігі жылумен, сондай - ақ жарылыс кезінде түзілетін газ тәрізді өнімдер көлемімен анықталады.

Жарылғыш заттардың неізгі сипаттамасы: бризанттілік, жұмысқа қабілеттілік, химиялық және физикалық тұрақтылық, сыртқы әсерлерге сезімталдық, детонациялық қабілет.

Жарылғыш заттарға келесі заттар жатады: құрамында оттег бар қосылыстар (асқын тотықтар, нитриттер, нитрозды қосылыстар, хлорлы қышқылдар), құрамында оттегі болмайтын кейбір заттар (ацетилин, гидрозин)

Жарылыс қабілеті бар кейбір заттар: нимтроқосылыстар (тринитротолуол, тетрил, гексоген, нитроглицерин), азот қышқылының тұздары (аммоний нитраты)

Бұл заттар таза күйінде емес, қоспа ретінде қолданылады. Жарылғыштық қасиеті бойынша жарылғыш заттар келесі топқа бөлінеді: біріншілік, бризантты (екіншілік), күкіртті.

Біріншілік жарылғыш заттар жарылыстың айналымының жоғары жылдамдығымен, жоғары сезімталдықпен, тұрақсыз жануымке, атмосфералық қысым кезінде-ақ детонацияға ұшырауымен сипатталады. Жарылыс үйкеліс, әдейі тамызудан, соққыдан туындайды. Бұл топтың негізгі өкілдері қорғасын азиді, тұтқыр сынап, тетразен, қорғасын тринитрозезецинаты. Бұл жарылғыш заттар басқа да жарылғыш заттардың жарылысын тудыру үшін қолданылады. Бризантты жарылғыш заттар инертті, сыртқы әсерлерге сезімталдығы төмен келеді. Бұл жарылғыш заттардың жануы детонацияға мықты қабықша болса ғана көшеді. Пайдаланғанда қауіптілігі аздау. Бризантты жарылғыш заттар негізгі өкілдеріне нитроқосылыстар және нитрат негізді жарылғыш қоспалар, хлораттар, сұйық оттегілі қосылыстар: тринитроталуол, тетрил, гексоген, октоген. Жарылыс жұмыстарын жүргізгенде пайдаланылады.

Күкіртті жарылғыш заттар тұрақты жануға ие, ең қатал жағдайларда детонацияға ұшырамайды.

Жарылыс түрлерін келесі 3 топқа жіктеуге болады:

  • аз уақыт аралығында біраз ғана кеңістікке таралатын энергияның бақылаусыз және жылдам босап шығуы (жарылыс процессі)
  • жанармайлы-оттегілі қоспа бұлтының түзілуі немесе басқа химиялық газ тәрізді, шаң тәрізді заттардың қалыптасуы және жылдам жарылысқа айналуы (көлемді жарылыс)
  • құбырлардағы, ыдыстардағы немесе т. б. жоғары қысымда немесе қыздырылған сұйық толтырылған ыдыстардағы жарылыс.

Жарылыстар химиялық, ядролық, электромагнитті сығылған газдар энергиясының босап шығуы есебінен жүреді. Көбінесе жарылыстар жарылыс қауіпі бар нысандарда жүреді.

Жарылыс қауіпі бар нысан- белгілі жағдайларда жарылыс қабілетіне ие болатын заттар өндірілетін, сақталатын, пайдаланылатын, тасымалданатын нысан.

Жарылыс қауіпі бар нысандарға келесі нысандар жатады:

  • қорғаныс, мұнай өндіруші, мұнай-химиялық, химиялық, газды өнеркәсіп орындары;
  • нан өндіруші, тігін және фармацевтикалық өнеркәсіптер;
  • оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар қоймалары;

Жарылыстың негізгі зақымдаушы факторлары:

1. ядролық жарылыс кезінде, жарылғыш заттардың детонациясын тудырушы жарылыс кезінде, газды-оттегілі, жанармайлы-оттегілі қоспалар жарылысында пайда болатын соққы толқыны

2. технологиялық жабдық, құрылыс бөлшектерінің түрлі бөліктерінің ұшпалы сынықтарымен пайда болатын сынықты аудандар;

Газды-оттегілі орта жарылысы кезінде 3 жартылай сфералық аймақ қалыптасады: 1. толық бүліну аймағы 2. жарылыс өнімдерінің әсері аймағы 3. оттегілі соққы толқынының әсер аймағы.

Зақымдаушы факторлардың негізгі параметрлері: 1. оттегілі оттегілі соққы толқыны - оның фронтындағы артық қысым. 2. сынықты аймақ- сынықтар саны, олардың кинетикалық энергиясы мен таралу радиусы.

Кез-клген жарылыстың соққы толқыны көптеген адам шығынын және ғимараттар элементтерінің қирауын тудырады. Жарылыстан зақымдалу аймағының өлшемдері олардың қуатының артуымен қоса өседі . соққы толқынының ғимарат элементтеріне әсері жүктемелердің күрделі кешенімен сипатталады: тікелей қысым, шағылысу қысымы, ағу қысымы, сейсможарылыс толқындарының жүктемесі т. с. с

Соққы толқынының әсеріне ғимараттар элементтерінің кедергісін соққы толқынының фронтындағы артық қысым шамасымен сипаттау қабылданған. Артық қысым ғимараттар элементтерінің соққы толқыны әсеріне кедергісінің әмбебап сипаттамасы ретінде пайдаланылады. өнеркәсіптер апатындағы жарылыстардағы ғимараттардың сипаты мен деңгейі: жарылыс қуатына, ғимараттың техникалық сипатына, нысанның жобалануына тәуелді болады.

Жарылыстың зақымдаушы факторларының әсері нәтижесінде ғимараттардың, нысандардың, технологиялық жабдықтың, көлік құралдарының, байланыс элементтері мен басқа нысандардың қирауы және адамдар шығыны болады.

Өрттер мен жарылыстар.

Өрттер мен жаралыстар техногенді төтенше жағдайлардың кең таралған және аса қауіпті көздерінің бірі болып табылады.

Өрт - адамдардың өміріне қауіп тудыратын және материалдық құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін бақылаусыз жану процессі.

Өрттер орасан зор экономикалық шығын келтіруге қабілетті.

Өрт қауіпсіздігі - халықтың, шаруашылық және басқа да бағыттағы нысандардың, сондай - ақ қоршаған табиғи ортаның қауіпті факторлар мен өрттің ықпалынан қорғаныс жағдайы.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету- нормативті құқықтық актілерді, өрт қауіпсіздігінің ережелері мен талаптарын қабылдау және сақтау, сондай - ақ өртке қарсы іс - шараларды жүргізу.

Нысанның өрт қауіпсіздігі - регламенттелген мүмкіндікпен өрттің тууы мен дамуы және адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер ету мүмкіндігін болғызбау кезіңдегі нысанның жағдайы, сондай-ақ материалдық құндылықтарды қорғау қамтамасыз етіледі.

Өрт қаупі - қандай да бір затқа, жағдайға және процесске бекітілген өрттің пайда болу және даму мүмкіндігі. Дұрысында, өрттер жанғыш және жарылыс қаупі бар заттардың жарылысымен қатар жүреді.

Өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күші бар заңдар жиынтығында немесе нормативті - техникалық құжаттарда арнайы өкілеттенген мемлекеттік органдармен бекітілген, арнайы шарт немесе ұйымдастыру және (немесе) техникалық сипаттағы ереже.

Өртке қарсы іс-шаралар - өртке қарсы режимінің сақталуына, өртті алдын ала болдырмауға және жылдам сөндіруге жағдай жасауға бағытталған ұйымдастыру мен техникалық сипаттағы іс - шаралар.

Өртке қарсы режим - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған адамдардың іс - әрекетінің, жұмысты орындау мен нысанды (өнімді) пайдалану ережесінің бекітілген жиынтығы.

Өрт қорганысы - адамдардың өмірі мен денсаулығын, шаруашылық нысандары мен қоршаған табиғи ортаны өрттер алып келетін төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында бекітілтен тәртіппен құрылған, басқарушы органдарды, күштер мен құралдарды біріктіруші өрт қауіпсіздігі жүйесінің негізгі бөлімі.

Өрт жаралыс қауіпті нысан - техногенді төтенше жағдайдың тууына нақты қауіп - қатер тудыратын тез тұтанатын және жарылыс қауіпі бар заттар өндірілетін, пайдаланылатын, өнделетін, сақталатын немесе тасымалданатын нысан.

Өрт қауіпсіздігін сақтау және өрт кезіндегі ұтымды әрекеттер өрт қаупін төмендетуге әсерін тигізеді, адамдар мен мүліктерді құтқаруға көмектеседі. Нысан ұқызметкерлері өрт және жарылысты болдырмау үшін нысанда бекітілген өрт қауіпсіздігі ереже, нормалары және Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы нұсқауларына сай әрекет жасайды.

Жұмыстағы жарылысты және өртті болдырмау үшін және олар пайда болған жағдайда өмір мен мүлікті сақтап қалу мақсатында келесі ережелерді сақтау керек:

  • үйде тез тұтанатын сұйықтар мен жарылғыш заттар сақталуына жол бермеу;
  • аз мөлшердегі тез тұтанатын сұйықтар мен жарылғыш заттарды тығыз жабылатын қақпақты ыдыста, қыздыру құралдарынан алыс жерде сақтау керек. Соққыға, шайқалуға, төгілуге мүмкіндік бермеу;
  • бояу, лактарды, аэрозольдерді ашық отта қыздырмау, бензинмен жумау;
  • баспалдақтар мен өрт жолдарын жиһаз және т. б. заттармен толтырмау;
  • электр құралдарын жарылғыш заттарға жақын қоймау;
  • бөлмелердің электр жабдықтарын бұзылмаған күйде ұстау, электр қыздырғыштарын, қосып қалдырмауға, электр желісңн өте көп жүктемеу;
  • шылым шеккенде және ашық от пайдаланғанда қауіпсіздікті сақтау;
  • өрт сөндіргіш баллонды пайдалану ережелерін білу, зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін білу.

Өрт кезінде адамдарға ауаның жоғары температурасы, түтін, көміртек оксидінің концентрациясы ең жоғары қауіптудырады. Мұндай жағдайда адамдарды құтқару және өртті сөндіру кезінде келесі ережелерді сақтау керек:

  • жанып жатқан бөлмеге кірер алдында басты су орамалмен жабу;
  • түтінге толы бөлмені ашқанда таза ауа әсерінен жалынның өрщуінен сақтану;
  • түтінге толы бөлмеде еңбектеп жүру;
  • жанып жатқан киімді сөндіру үшін оның бетін мықтап жабу;
  • жерге домалап, отты сөндіру, жүгіруге болмайды; өртті сөндіргенде өрт сөндіргіш құралдарды, өрт крандарын, су, құм, топырақ және т. б. заттарды пайдалану;
  • электр желілері жанғанда алдымен желіні ажырату керек;
  • егер қоғамдық орындарда өрт дабылы қағылса, жылдам нысаннан шығу;
  • жанып жатқан ғимараттан эвакуациялау кезінде негізгілермен қоса, қосымша жолдар мен сатыларды пайдалану керек.

Жарылыстың ғимараттарға, жабдықтарға, нысандарға әсері

Жарылыс кезінде өте қуатты, қысқа мерзімді және ауыспалы жүктеме пайда болады. Бұл жүктеме жарылыстың газ тәрізді өнімдеріне және соққы толқыны әсері нәтижесінде пайда болады.

Жарылыс өнімдері мен соққы толқыны әсеріне үлкен өлшемді және биік ғимараттар мен нысандар, темір қаңқасы жоқ нысандар ұшырайды. Жер асты және топыраққа мықтап бекіген нысандар қирауға төтеп бере алады. Соққы толқыны параметрлерінің ішіндегі ең шешушісі - артық қысым. Ал аз ауданды биік жабдықтың қирауы кезіндегі әсер етуші параметр - жылдамдықтық күш.

Қирау толық, күшті, орташа және әлсіз болып бөлінеді.

Толық қирау . Нысандар мен ғимараттардың аралық қабырғалары, төбелері, барлық негізгі құрылымы қираған, қалпына келтіру мүмкін емес. Жабдықтар, механикалық құралдар, техника қалпына келтіруге келмейді. Коммуникациялық-энергетикалық желілерде кабельдер үзілуі, құбырлар қирауы, жоғарыда ілінген (бағанада ілінген) электр тасымалдаушы тараптардың тірегінің құлауы байқалады.

Күшті қирау . Ғимараттар мен нысандардың жетекші құрылыстары көрнекі деформацияға ұшыраған, аралық қабырғалардың үлкен бөлігі қираған. Қалпына келтіруге болады. Жабдықтар мен механизмдердің де біразы қираған және деформацияланған. Жабдықтың жеке тараптары мен бөлшектері қосымша бөлшек ретінде пайдалануға жарамды. Коммуникациялық электр желілерінде жерасты желілерінің жеке бөлшектерінде үзілулер мен деформация байқалады.

Орташа қирау . Ғимараттар мен нысандарда негізгі емес, екіншілік құрылымдар (аралық қабырғалар, шатыр, терезе, есіктер) қираған. Сыртқы қабырғалар жарылуы мүмкін. Жертөлелер зақым шекпеген, бөлменің біразы пайдалануға жарамды. Қалпына келтіру үшін жан-жақты жөндеу жұмыстарын жүргізу керек, оны арнайы мамандарсыз жасауға болады. Жабдықтарды да жөндеуден өткізу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарылыс, жарылыстың меншікті күші, жарылыс қауіпті жүйе
Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қала жағдайларында ғимараттарды жару арқылы бұзу кезінде, бұзу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіз қашықтықты есептеу
Электр жабдықтары
Ядролық қару түрлері
Үлкен жарылыс, Әлем эволюциясының негізгі кезеңдері
Қонақ үйдегі сигнализация жүйесі.
Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
Жарылыс және жарылғыш заттар түсінігі
Электр жабдықтарды жөндеу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz