ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген Ақтайлақ бидің әдеби мұрасын жинақтаумұрасын жинақтау
Кіріспе
І ТАРАУ
1.1 Ақтайлақ бидің өмірі мен шығармалары
ІІ ТАРАУ
2.1 Ақтайлақ бидің әдеби мұрасының көркемдік ерекшелігі, толғауларының құрылымы
2.2 Ақтайлақ өлеңдерінің құрылымы
2.3 Ақтайлақ бидің нақыл.тақпақ сөздері
Қорытынды

Елдің тарихы, ел басûнан өткен ¾ëêåíäi-кішілі уақиғалар, тарихи қайраткерлер туралы деректер , ақылды-аталы сөздер мен өнеге-өсиеттер осылардың барлығы қағазда емес, халық жадында өлең, жыр, аңыз-әңгімелер болып сақталған, ел аузында өмір сүрген көпті көрген көзі хат, көкірегі шат қариялар, шежіре шешендер, мын мағынасында нағыз тарихшы, әдебиетші, т.б. ғалымдардың, оқытушы ұстаздардың міндеттерін атқарған. «Тілге ұстарып алған шешен билердің жырмен, тақпақпен айтпайтын мәнді сөзі болмаған», – деп зерттеуші Сәкен Сейфуллин айтқандай түйіндей сөзді толғап, тебірене айтқан би-шешендер сөзі қазақ әдебиетінің алтын қорындағы асыл қазына іспеттес [1,67á].
Өнер-білім өмірдің сәулесі, бейнесі, кең даладағы қазақ шаруаларының тұрмыс-салтының, көшпелі өмірінің өзі ақындық-шешендік, сол сияқтû әíшілік-күйшілік өнердің өркендеуіне белгілі дәрежеде жетекші болған.
Көшпелі қазақ шаруалары алты ай жазға жері от, суы мол жайылым қуып кең сахараны кезіп, көшіп жүріп жер-суының қадір-қасиетін жетік білген жершіл болған, жайлы қоныс іздей жүріп өсімдік қасиетін мол байыптаған, табиғат құбылыстарына қаттû жақын болып, соларға деген сүйіспеншілігі арқасында олардың өлең-жырларында, ән-күйінде аққудың үні, тоты-құстың «тілі» бар.
Қазақ даласында шешендердің алатын орны ерекше оның мәнісі – шешендердің басым көпшілігі билер болды. Көбінесе, шешендік сөздер – жер дауы, жесір дауы, немесе елдің құнымен байланыстû айтылған билік-сөздер. Өйткені шешендік өнер көп жағдайда әíшлік, күйшілік, тіпті ақындық сияқтû өнер деп танымай кейбір таңдаулы адамдардың «жақсылар», мен «жайсаңдардың» жеке бастауының қасиеті ретінде бағаланған. Шешендердің шешендігі белгілі бір даулардың үстінде көрінген, шешендік-тапқырлық сөздері белгілі мақсат пен байланысты туған. Олардың дауласқан, айтысқан мәжілістеріне екінің бірі кірісе, араласа алмаған. Нағыз кедей мен жарлы-жалшыдан кейбір күміс көмей, жез таңдай халық шеøендері шығып әдеби тілімізді, тілдік қорымызды байыптауға, қалыптастыруға қатысқан [2,13á].
Ақындық-шешендік өнер ақыл-ой мен сене сезімнің толқыған, шалқыған, тебіренген кезінен шабыт алады, қатты күйініш-сүйініш шақтарда, әсіресе туған елге қатер төнген, елдің ар-намысына тигенде өнер адамы тебіренбей, үн қатпай отыра алмайды. Осыдан қиын-қыстау кезде Ақтайлақ биде дауды шешер әділ билігімен, шешендігімен қалың халықтың арман-тілегінен, үмітінен шыға білген.

Елдің тарихы, ел басûнан өткен ¾ëêåíäi-кішілі уақиғалар, тарихи
қайраткерлер туралы деректер , ақылды-аталы сөздер мен өнеге-өсиеттер
осылардың барлығы қағазда емес, халық жадында өлең, жыр, аңыз-әңгімелер
болып сақталған, ел аузында өмір сүрген көпті көрген көзі хат, көкірегі
шат қариялар, шежіре шешендер, мын мағынасында нағыз тарихшы,
әдебиетші, т.б. ғалымдардың, оқытушы ұстаздардың міндеттерін атқарған.
Тілге ұстарып алған шешен билердің жырмен, тақпақпен айтпайтын мәнді
сөзі болмаған, – деп зерттеуші Сәкен Сейфуллин айтқандай түйіндей сөзді
толғап, тебірене айтқан би-шешендер сөзі қазақ әдебиетінің алтын
қорындағы асыл қазына іспеттес [1,67á].
Өнер-білім өмірдің сәулесі, бейнесі, кең даладағы қазақ шаруаларының
тұрмыс-салтының, көшпелі өмірінің өзі ақындық-шешендік, сол сияқтû
әíшілік-күйшілік өнердің өркендеуіне белгілі дәрежеде жетекші болған.
Көшпелі қазақ шаруалары алты ай жазға жері от, суы мол жайылым
қуып кең сахараны кезіп, көшіп жүріп жер-суының қадір-қасиетін жетік
білген жершіл болған, жайлы қоныс іздей жүріп өсімдік қасиетін мол
байыптаған, табиғат құбылыстарына қаттû жақын болып, соларға деген
сүйіспеншілігі арқасында олардың өлең-жырларында, ән-күйінде аққудың
үні, тоты-құстың тілі бар.
Қазақ даласында шешендердің алатын орны ерекше оның мәнісі –
шешендердің басым көпшілігі билер болды. Көбінесе, шешендік сөздер –
жер дауы, жесір дауы, немесе елдің құнымен байланыстû айтылған билік-
сөздер. Өйткені шешендік өнер көп жағдайда әíшлік, күйшілік, тіпті
ақындық сияқтû өнер деп танымай кейбір таңдаулы адамдардың жақсылар, мен
жайсаңдардың жеке бастауының қасиеті ретінде бағаланған. Шешендердің
шешендігі белгілі бір даулардың үстінде көрінген, шешендік-тапқырлық
сөздері белгілі мақсат пен байланысты туған. Олардың дауласқан,
айтысқан мәжілістеріне екінің бірі кірісе, араласа алмаған. Нағыз кедей
мен жарлы-жалшыдан кейбір күміс көмей, жез таңдай халық шеøендері шығып
әдеби тілімізді, тілдік қорымызды байыптауға, қалыптастыруға қатысқан
[2,13á].
Ақындық-шешендік өнер ақыл-ой мен сене сезімнің толқыған,
шалқыған, тебіренген кезінен шабыт алады, қатты күйініш-сүйініш
шақтарда, әсіресе туған елге қатер төнген, елдің ар-намысына тигенде өнер
адамы тебіренбей, үн қатпай отыра алмайды. Осыдан қиын-қыстау кезде
Ақтайлақ биде дауды шешер әділ билігімен, шешендігімен қалың халықтың
арман-тілегінен, үмітінен шыға білген.
Әрине, қазақ шешендік өнерінің қалыптасуы дамуы ең алдымен
малмен шұғылданған көшпелі шаруашылық тұрмыс қажеттіліктерімен тûғыз
байланысты. Өйткені қойға өзінен басқаның бәрі жау, ал жылқы айдаса
жаудікі, ысқырса желдікі. Жалпы, аяқты дәулет – айтыс-тартыстың, дау-
таластың айықпас көзі болған.
Сөйтіп, дала табиғатының тамашалығымен бірге, көшпелі елдің
тіршілік ерекшеліктернің өзі ақындық-шешендік өнердің өсіп-өркендеуіне
себеп болған. Осындай өнерлі, îðäàëû, қасиеті қазақ даласында туып-
өскен Ақтайлақ шығармаларында кісіні кісілікке, адамгершілікке,
тіртіпке, тазалыққа, әділдікке, шақырған. Ақтайлақ шығармалары өзі өмір
сүрген дәуірдегі, қоғамдағы халықтың болашағы жайлы түсінігіне
қанықтырып, тұрмыс-салты мен дәстүрлі, өмір ағымына, әлеуметтік
өзгерістерге байланысты танымдық ерекшеліктері мен ой-тұжырымдары туралы
толғана жырлады. Тасыма жігіт, Нені айтамыз, Не жетім, Қадірін
білсеңіз,, т.б. өлеңдері философиялық ой-толғамдарға толы. Ал даналық
сөздері әділ билікпен шешім айтуға, ел мен елдің татулығын жырлаған
өсиетті, нақыл сөздер болып табылады. Мысалы: Елдің құны екі елу,
Ақтайлақ би мен Нұрбек би, Сырым батыр мен Ақтайлақ би, Ат дауы,
Ақылды билік, Ақтайлақ би мен Балпық би, Ақтайлақ би мен Үміт қыз
т.б.[3,17-23á].
Ежелден ел арасына асқынған дау-дамай мен ер құнын екі ауыз
сөзбен шеше білген ақын жанды халқымыздың нелер шешімді шешендер,
көкірегі даңғыл көсемдер шыққан ғой. Өз кезінде ауыздыға сөз, аяқтыға
жол бермеген озық ойлы бабаларымыз басқа ұлт-өкілдерін, әсіðåñå ең
мәдениетті саналған еуропалық ғұламалардың өздерін тамсандырып, таң
қалдырады емес пе?! Осы орайда, Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы
би деген, сонау ықылым заманнан бергі айтылып келе жатқан қастерлі
қағида тіл ұшында оралады. Ғасырлар қойнауына тереңірек үңілсек қасиетті
топырағында сол Майқы би сияқты ел бірлігін сақтау жолында өрелі ойдан
өрнекті сөз өрбітіп, өзекті іс тындырған от ауан орақ тілді билерді
көптеп кездестіреміз. Олар қалдырған асыл мұралар мыңдаған жылдар бойы
ауыздан-ауызға ауысып, ұрпақтан-ұрапққа жалғасып келеді. Осының өзі сөз
Өнерін пір тұтатын зерделі, зерен халық екендігімізді білдірсе керек.
Енді өйтсе, бабаларымыздың саф алтындай асыл сөздерінен үлгі алып,
өнеге тұту, сол ізгі дәстүрдің ізін өшірмей одан әрі жалғастыру
міндетіміз болмақ [4,19б].
Шешендік сөздердің үлкен бір мектебі қасиметті Семей өңірінде
ерекше дамып, қалыптасқан. Атақты ақындарымыз Абай мен Шәкәрім, әлемге
әйгілі заңғар жазушы Мұхтарды айтпағанда бұл өңірден бұрын-соңды кемел
ойлы билер мен болыстар, ақпа ақын, төкпе шешендер, ақылды, білгір
елағалары көп шыққандығы белгілі. Мәселен, Аякөз ауданын мекендейтін
Найман ішіндегі Сыбан руының бір ғана Жаныбек тұқымынан ХҮІІ ғасырдан
ХІХ ғасырдың орта тұсына дейін белгілі-белгілі 17 арқалы ақын әділ
әрі ділмар сегіз білікті би, ел ағалары шыққандығын айтсақ та
жеткілікті. Олардың арасынан ең әуелі көп жылдар бойы Ташкенттегі бегі
болған Жангөбекұлы Нартбайды айтамыз. Одан соң Нарынбай баласы қу
дауысты Құттыбай, оның баласы Байқара, оның баласы Ақтайлақ билер.
Ақтайлақтың ұлдары Сабырбай және Түбек, Сабырбай қызы, Төлеу ақынның
шешесі Қуандық, бұларға немелре болып келетін ақындардың қазақ тіл
өнеріндегі алар орны ерекше, Бұған Сыбанның басқа атасынан шыққан
атақты батыр, әрі жырау, әрі ақын, Би Ақтамбердіні, Дулат, Омар және
Сәдір ақындарды қоссақ, дүлдүлдер қатары әлдеқайда шоғырлана түседі.
1718 жылы Аякөз өзенінің бойында болған қианкесті ұрыста
ерекше ерлік көрсеткен жас батыр Қабанбайға Құттыбай би қатты
разы болып бата берді. Найман елі Қаратаудан Сарыарқаға қоныс
аударғаннан кейін қайтыс болған. Бидің сүйегін Қожа Ахмет Ясауидің
мазарына апартып жерлепті. Ал Байқара мен Ақтайлақ би қайрақты, жосалы,
Ұзынқара, Балтатарақ, Бисимас, Қарашоқы, Сарыөзектің сол жағынан қатарласып
ағып жатқан қайрақты – Балтақараөзенінің құйылысындағы қоңыртөбенің
үстінде жатыр. Қайқара биде 9 ұл болған. Олар Елемес, Ақтан, Ақтайлақ,
Жантайлақ, Байсал, Өтеп, Мәмбет, Түсіп, Сәмет, Әзірге күнде осы
балаларының барлығынан да ұрпақтар бар. Ақтайлақтың бір анадан туған
балалары 20 ауыл. Құттыбай жайында алғаш дерек қалдырған орыс елшісі
А.Брянцев еді. Құттыбайды ол Аякөз жағасында кездестірген. Брянцев
Құттыбайды өлген қазақтарды жинатып, жерлеп жүргенін, жоңғарлардың
қазақтарды қуып кеткенін жазған. Құттыбай "Жеті жарғыны" жазуға
қатысқан.
Аталары осындай асыл сөздің дүлдүлі болса, Ақтайлақта олардан
асып тумаса, кемдік жері жоқ. Күллі найман елін аузына қаратқан Ақтайлақ
әділ би, ақылгөй данышпан, төкпе ақын, филомсоф бола білді.
Ақтайлақтың бізге жетке мұралары көп болмаса да ақын заманына
ақын қоғамын ақын жандүниесін көрсете алатындай ұлы шығарма болды.
Мен "Ақтайлақ бидің шығармашылық өмірбаяны" атты магистрлік
диссертацияда Ақтайлақ мұрасын жан-жақты қарастырып, терең зерттеуге
талпындым.
Тақырыптың өзектілігі: Адамзат тарихындағы жаңа қоғамдық
құндылықтардың қалыптасу жолында өткен дәуірлердегі мәдени, тарихи
процестерге жаңа көзқараспен қарауға зор мүмкіншілік туды. Соның ішінде
қазақ әдебиеті тарихының ХҮІІІ ғасырдағы әдебиет пен өнер саласындағы
тарлан тұлғалардың шығармашылық мұраларын қайтадан қарап, талдап,
жарияланбаған еңбектерін халыққа насихаттауға қол жетті.
Жұмыста кештеу зерттеле бастаған ХҮІІІ ғасырда жыраулық, ақындық
поэзияның ірі өкілі, әділ би, дәстүрлі айтыс өнерінің ақтангері атанған
Ақтайлақ би Байырғаұлының шығармашылық әдеби мұрасы талданады.
Қазақ әдебиеті тарихында Ақтайлақ би тектес халық ақын, билерінің
есімдері аталып, бірді-екілі мақалаларға, шағын жинақтарға арқау
болғанымен, кеңес дәуірінде олардың шығармашылық өмірбаянын, әдеби мұрасы
жайлы толыққанды түрде жүйелі ғылыми зерттеулер жоқтың қасы.
Диссертация жұмысының өкілеттілігі – Ақтайлақ бидің әдеби мұрасын
тұтастай қарап, оның әдебиеттегі орны мен бағыттарын анықтау.
Ақынның әдеби мұрасы диссертациялық зерттеуге арқау болып, ақынның өзі
өмір сүрген дәуірдегі тарихи-мәдени даму ауқымында саралануы тақырыптың
зәрулігін анықтайды.
Ақтайлақ бидің әдеби мұрасын түбегейлі зерттеп, оның басты
ерекшеліктерін, атап айтқанда, ақындар айтысын дамуындағы көсбасшылық,
жетекшілік ролін ақындық поэзиядағы шығармаларының маңыздылығын
тереңірек зерделеу қажет.
Міне, жоғарыда айтылған мәселелердің негізінде қазақ әдебиеті
тарихында арнайы ғылыми зерттеу арналмаған Ақтайлақ бидің әдеби мұрасын
толықтай зерделеп шығу тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Өз заманында әділ би, шешен төкпе ақын
болған Ақтайлақ бидің әдеби шығармаларының алғаш рет жинақталып
зерделенуі, өлеңдерінің құрылысы тақырыптың ғылыми сипатын көрсетеді.
Ақын мұрасын зерттеу барысында диссертациялық жұмыстың
жаңалықты тұстары төмендегі мәселелерден көрінеді.
1) Ақтайлақ бидің шығармашылық өмірбаянын біртұтас жүйеде
қарастырылып, осыған дейін түрлі жинақта, баспасөз беттеріндегі әр қилы
пікірлер сараланып, оған тұжырымды дәлелдер беріліп, ғылыми
сараптамалар жасалды.
2) Ақынның тарихи-ғұмырнамалық деректері ақын шығармаларына деген
көзқарас жаңа қырымен танылды.
3) Ақынның әдеби мұраларына жан-жақты талдаулар жасалып,
ақынның поэзиядағы орны, өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі алғаш рет
талқыланып, жаңа қорытындылар ұсынылды. Ақынның өнердегі басқа да
қырларына зерделеу берілді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу жұмысының мақсаты – ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген Ақтайлақ
бидің әдеби мұрасын жинақтау, оның шығармашылығын қазақ әдебиеті
тарихындағы дәуірлік сипаттарын айқындау және тақырыптық, көркемдік
өрнектеріне таладу жасау тұтастай әдеби баға беру болып табылады.
Негізгі мақсатты орындау үшін осы диссертациялық жұмыста
төмендегідей міндет қойылды:
• Ақтайлақ бидің өмір сүрген дәуірінің қоғамдық саяси-әлеуметтік
сипатын саралай отыра, оның жекелей ғұмырнамасы мен ортасына баға беру.
• Би туралы әдеби-тарихи мағлұматтарды жинастырып, талдау жүргізу.
• Ақтайлақтың ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетіне қосқан үлесін
анықтау, шығармаларын ғылыми жүйелік негізінде жан-жақты талдау.
• Айтыстары мен өлең, талдауларының мазмұны, формасына қарай
олардың әдеби теориялық құрылымын анықтау.
Зерттеу нысаны.
Диссертациялық жұмысқа алғаш нысан болған ақынның ұрпағы,
филология ғылымдарының кандидаты Қоарабаевтың алғаш шыққан "Ақтайлақ би"
деген жинағы. Сонымен қатар бидің мұраларын зерделеуге өзінің ұрпағы
Мұхтар Айтқазиннің "Ақтайлақ шежіресі" жинағы, М.Әуезовтің,
Ш.Уәлихановтың, М.Тынышбаевтың, С.Негимов, Б.Адамбаев, З.Ахметов,
Қ.Жұмалиев, т.б. ғалым-жазушылардың ой-пікірлері, тұжырымдары, ғылыми
еңбектері арқау болды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері.
Зерттеу жұмысында ғалымдардың еңбектері, сын, зерттеу
мақалаларындағы ой-пікірлері, тұжырымдары қарастырылып, оларға
теориялық және әдістемелік негіз ретінде алынды.
ХҮІІІ ғ. қазақ әдебиетінің өкілдері зерттеген әдебиетші
ғалымдардың еңбектеріне терең назар аударылды. Әсіресе, қазақ әдебиеті
тарихының сан салалы бағыттарын зерттеп М.Әуезов, С.Мұқанов,
Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Б.Адамбаев, С.Негимов тағы басқа ғалымдардың
әдебиеттанудағы тарихи-теориялық , ғылыми-әдістемелік тұжырымдары
басшылыққа алынды.
Жұмыстың ғылыми-практикалық мәні.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми маңызы Ақтайлақ мұраларының
осыған дейінгі ғылыми тұрғыдан тұтастай ашылып, жан-жақтан жүйелі
түрде зерттелуінде.
Зерттеу әдістері.
Ақтайлақ мұрасын салыстыру, текстологиясына назар аудару, түпнұсқалық
негізін сұрыптау, жүйелеу тәсілі қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
Зерттеу нәтижесінде төмендегідей тұжырымдар жасалынды.
– Ақтайлақ Байғараұлы – ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетіне зор үлес
қосқан, оны жаңа белеске көтерген ақын, айтыс өнерінің майталманы,
өнердегі ірі тұлі.
– Ақтайлақ өзінің әділ биіктерін, нақыл сөздерін Ресейге Еуропаға
тереңірек танылуына себепкер болған өнер иесі.
– Сыбаннан шыққан он жеті ақынның бірі және көшбасшысы, ақылгөйі.
– шығармаларының педагогикалық жинақтарға, хрестоматияларға
енгізілуі ақын мұрасының дидактикалық ерекшелігін молынан дәлелдемек.
Диссертация құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, "Ақтайлақ бидің өмірімен шығармашылығы",
"Ақтайлақ бидлің әдеби мұрасының ерекшелігі мен өлең құрылымы" деген
тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі
берілген.
І ТАРАУ
Ақтайлақ бидің өмірі мен шығармалары
Ел өміріндегі қиын-қыстау кезеңдердегі ұмыт бола жаздаған ата –
мұрағаты төл тарихымызбен мәдениетіміздің, әдебиетіміз бен өнеріміздің
асыл қазыналарына үңілуге, мол мүмкіндіктер алып берді. Халқымыздың
елдігін, ұлан –байтақ жеріміздің тұтастығын сақтап қалу жолында ғасырлар
бойы азаматтық күрес жүргізіп, елім деп еңіреген ел басшылары хандар
мен қамал бұзған қас батырлар, аталы сөз айтып, заманның сыншысы,
кеменгер ойшылы болған дуалы билер деген көзқарас өзгеріп, тарихымыздағы
ірі тұлғалардың сыр-сипаты ашыла бастады.
Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін жете бiëумен қатар ел ішіндегі
сөз таласын да шешендігімен, даулы істі қарауда тапқырлығымен, даналығы
мен көзге түскен кеменгер билер ісі қазақта аз болған жоқ. Атақты
тарихта қалған ұлы жүзде Төле, орта жүзде Қаздауысты Қазыбек, кіші жүзде
Әйтеке тәрізді кеменгерлеріміздің мұрасы ұрапқтан- ұрпаққа аңыз болып
тарап келді. Сол данышпан аталарымыздың бірі – Ақтайлақ Байқараұлының да
артында қалған мұрасы аз емес еді. Шешендік дана сөздері мен билік
айтыстары ,өлеңдері мен жыр талғаулары, әділ биліктері арқылы төкпе жыр
мен суырыпсалма ақындықтың дүлдүл шебері атанған.
Ақтайлақ би Бұқар, Ақтамберді жыраулар сияқты қазақ
әдебиетіндегі дара ақындық шығармашылықты жалғастырушылардың бірі болды.
Қазақтың баяғы шешендік өнерін өлең, зерделеп, елінің ақылшы кемеңгері
атанды. М.Әуезовше айтсақ, тыныштық заманда қоюы қашып, арасы ашылған
қарындасты табыстырып, қысылшаң заманда сасқан елге жол табатын, бет
нұсқайтын кеменгер, көргені болған [5,22б].
Аталған сөздерімен іс-әрекеттерімен ел билігін сақтауға бар-күш
қайрат жұмсалған Ақтайлақ бидің шыққан тегі қазақ тарихына билігі өнегелі
орта. Бүгінде Семей облысының Жарма, Таскескен, Аякөз аудандарын
мекендеп отырған найман ішіндегі сыбан руының
тармағынан шыққан Нарынбай сөзге шешен, әділ би болған екен. Оның
жалғыз баласы Құттыбай қазақ шежіресінде асқап шешендігіне орай қу
дауысты Құттыбай деген атпен белгілі болған. Абылай хан атынан
Пекинге барған алғашқы елшінің бірі Құттыбайдан Байқара, Батқара,
Боран, Сейтен тарайды. Шетінен сөзге шешен жүйрік болғандықтан бұл
төртеуін ел арасында бас ауыл деп атаған. Сол төрт құттыбайдың бай
қарасынан туған Ақтайлақ, би заманында алдына жан салмай үлкен рулардың
шешендерімен бас қосқан алқалы жиындарда сөйлесіп ағысқанда бір ауыз
мақалмен немесе жалғау-жырлармен ел тоқтататындықтан қазақтың қара тілі
атаныпты. (6,14-15б)
Билер әулетінде өз кезінде халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі,
көрнекті қоғам қайраткерлері, тарихшы-ғалым, этнограф Мұхамеджан
Тынышбаев та назар аударып өзінің Қырғыз-қазақ халқының тарихына
байланысты материалдар атты атақты кітабында Жаíкөбек дейтін найман
ішінде ең атақты рудың бірінен саналады: Жанкөбектің ұлы Нарымбайдан
бастап Жұмаханға дейін ата бойы аса көрнекті билер бірінен соң бірі
болыпты. Бұның өзі қазақ тарихында болжаíған құбылыс. Жанкөбектің
немересі Құттыбай аңыз бойынша Тәуке хан тұсында Ташкентті билеген оның
ұлы Байқара болса, орта жүздің атақты биі арғын Қазыбектен кейін
орта жүзде бірінші би саналған, оның ұлы Ақтайлақ би де атақты
кісі болған, оның ақылды шешендеріне салт бойынша бекіген заң ретінде
қарап, соңғы кезге дейін жүгінген деп ерекше атайды [7,73-75б].
Ақтайлақ би мен олардың бабалары туралы зерттеуші Серікқазы
Қорабаев мынадай деректер келтіреді.
Ғылыми әдебиетте, қазақ тілінде көне қолжазба материалдар мен орыс, қытай
тілдеріндегі тарихи құжаттарда Нарымбай, Құттыбай, Байқара, Ақтайлақ
билердің анық қай жылы туып, қашан өлгенін дәлелдейтін нақты дерек жоқ.
Бұл ретте Нарымбай, Құттыбай билердің өмір сүрген жылдары жайлы айту
қиын, мөлшерлеп ғасырлар аралығымен ғана жобалаумен шектелуге болады. Ал
Байқара жайлы жазған авторлар бидің 1699 жылы туып, 76 жасында 1775
жылы дүниеден өткендігін баса айтады. Бұл қисынға мүлдем келмейді.
Қазақ тарихын зерттеуші И.Г.Андреев өзінің Қырғыз-қайсақтардың Орта
жүзінің сипаттамасы атты кітабында 1786 жылы өз көзімен көрген
оқиғаларды баяндай келіп, сол жылы қыркүйек айында Омбы қаласында
генерал Огаревпен кездесуге Қаракерей-Найман болысының старшындары
Ақтамберді мен Байқараның келіп қайтқандығын жазады. Олай болса, Байқара
би ХҮІІІ ғасыр аяқталар кезде дүниеден өткен болып шығады. Бірақ
нақтылы жылы белгісіз. Тарихи дерек болмағаннан кейін ойша жобалаған
жөн емес (9,19-21б).
Сол сияқты Ақтайлақ өмірі мен шығармашылығы жайлы зерттеу ісімен әр
кезде айналысқандар би өмір сүрген кезең 1720-1818 жылдар деп есептеп
келгені белгілі. Ақтайлақ би кітабын 1991 құрастырған кезде де осы
ұйғарымға келіскен. Соңғы жылдары Ақтайлақ би өмір сүрген кезең мен
оның мұрасын, ұрпақтарының шығармашылығын тыңғылықты түрде зерттеп,
салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу барысында бұл деректің қате
екеніне көз жеткізген. Ақтайлақ бидің Керей мен Тобықты арасында
болған барымта кезіндегі кісі өліміне байланысты құн дауында билік
сөзін айтқан кезде әкесі Өскембай бидің қасында отырған Құнанбайдың
сол тұста он төрт жаста болғандығын халық ақыны Төлеу Көбдіков өзінің осы
оқиғаны баяндаған Ақтайлақ бидің толғауы атты дастанында ерекше атап
өтеді.Ақтайлақтың 1720 жылы туғанын есепке алсақ, осы оқиға өткен жылы
би 98 жасқа келген болып шығады.
Екі қырық бір он бестен асып тұрмын, Аяқты әнтек-тәнтек басып тұрмын
деп би өзі айтқандай мұндай кәрілік жеңген шақта үлкен дауға билік
айтуы мүмкін емес. Оның үстіне Төлеу ақын айтқан сөзге қалайда
жүгінеді. Өйткені, Төлеу Ақтайлақ бидің шөбересі іспетті ұлы нағашы
атасының сөздерін өз шешесі Қуандықтан үйренген. Осы туыстық
жағынан алғанда және аталған дастанында тек қана Құнанбай жасын дәл
көрсетуі шындыққа жанасады. Сонда жоғарыдағы билікті айтқан кезде
Ақтайлақ би жетпістің жуан ортасына шыққан адам болып шығады. Олай
болса, Ақтайлақ атамыз Екі қырық, бір он бестен асып тұрмын деп өзі
айтқандай шамамен 1742 жылы туып, 1838 жылы өмірден өткен болып шығады.(9,2-
7б)
Мұндай жорамал айтуымызға ұлы ағартушы-демократ, ғалым Шоқан
Уәлиханов келтірген дерек те дәлел бола алады. Ғалым өзінің Семейден
Шәуешекке дейінгі және сол арқылы Құлжаға дейінгі 1845 жылғы жол
сапарын жазған сипаттамасында Әбілпейізұлы Бопы төре қарауындағы
Сырбан болысы қазақтарының көшіп-қонып жүрген жерлері туралы
деректерді айта келіп, Ақтайлақ би есімін атайды. Әрине Ақтайлақ би
Шоқанның бұл сапары кезінде жеті-сегіз жыл бұрын көз жұмған, жақсы
адамның аты да ұмытылмайды да, ол өлгеннен кейін оның ауылы мен елі
Ақтайлақ есімімен байланыстырылады. Соған орай Ш.Уәлиханов Ақтайлақ
ауылының маңынан өтіп, би есімін өз жазбаларында атап кеткен.(10,213б)
Ақтайлақ би өмір сүрген жылдарды нақтылауға Павлодар облыстық
Қазақ тілі қоғамының үні болған Дауа газетіндегі мына бір дерек
біршама себін тигізді. Осы газеттің 1992 жылғы наурыз айындағы
санында жарияланған Ақсудың ақындары атты тұтас екі бетті алған
көлемді материалдың Қазанғаптың ұрпағы Қабыш ақын деген мақалада осы
Ертіс өңірінен шыққан Қазанғап бидің Ақтайлақ биден бата алу жайы
баяндалады да, бұл кездесудің мөлшермен 1820 жылдары болғандығы айтылады.
Бұл дерек те Ақтайлақ бидің 1838 жыл шамасында қайтыс болғандығына көз
жеткізеді.(11,2-5á)
Келесі бір деректі белгілі фольклортанушы-ғалым, филология
ғылымының докторы Н.Төреқұлов пен журналист М.Қазбеков жазып құðастырған
Қазақтың би-шешендері атты кітапта 1993 кездестірдік. Бұл жинақта:
Ақтайлақ Байқараұлы... 1742-1838 жылдар шамасына өмір сүрген шешен, би,
әрі ақын деп бидің өмір сүрген жылдарын нақты атап көрсетеді (12,336-б).
Бірақ қандай деректерге сүйеніп жазылғандығы айтылмаған. Сол сияқты
М.Тынышбаевтың Қырғыз-қазақ халқының тарихына байланысты материалдар
атты кітабында 1925 келтірілген Қазақ рулары шежіресінің ата-тек
кестелерінде Ақтайлақтың билік үзілмеген қаракөк тұқымы екендігін
айтумен бірге Семізнайман ішінде Орыстың 1740 жылы туғандығын
атап көрсетеді. Осыған байланысты М.Тынышбаев шежіресінде Орыстың
төртінші ұрпағы Әбдірахман 1925 жылы 48 жаста, ал Ақтайлақ бидің
шөбересі Жұмахан би сол жылы 55 жаста бастағандығы айтûëàäû. Ата-тек
жөнін қуып есептесек, бір ата ілгері-кейін бола беретіндігін назарға
алғанда Орыс 1740 жылы туса, Ақтайлақ би де сол мөлшердегі
жылдары, яғни біздің топшылауымызша 1742 жылы дүниеге келген болып
шығады. Осы айтылған деректерді бір жүйеге келтірсек, Ақтайлақ би 1742
жылы Оңтүстік Қазақстан өңірінде туып, 1838 жылы қазіргі Шығыс
Қазақстан облысының Аякөз-Жарма өңірінде қайтыс болған. Зиратын Аякөз
ауданына қарасты Сарыарқа ауылының терістік жағында Қайрақты
тауының күңгей жақ бауырындағы төбе үстінде орналасқан. Сол сияқты
Сабырбай Ақтайлақұлының да өмір сүру жылдары әр қилы жазылып
келді. Кей әдебиетте ақынды 1775-1865 жылдар өмір сүрген деп туысы
Түбек Байқошқарұлының бес жастай үлкен қылып жазып келсек, енді бір
әдебиетте Абайдың әкесі Құнанбаймен құдастығың негізге алып, 1804-
1874 жылдар деп көрсеттік. Ақын өмірбаянын зерттеу барысында екі
деректің де сәйкес еместігіне көз жеткізгендей болдық, Біріншіден,
Сабырбай Түбектен жас жағынан әлдеқайда кіші. Бұл жөнінде атақты
Жаңақ ақынның Сыбан ішінде Жанкөбектің Байқара табынан шыққан он
жеті ақынымен айтысы жарқын куә бола алады. М.Әуезов жоғары баға берген
осы айтыста ұлы жазушы жазғандай, Жанақпен найман ішінде бастығы
Түбек болып айтысқан он алты ақын тегіс жеңіледі. Тек он жетінші, бала
ақын Сабырбай ғана Жанақты тоқтатады. Олай болса, осы айтыс өткен кезде
есімі елге танылып үлгерген Түбек ақын отыз жас мөлшерінде болса,
Сабырбай он бес – он алты жастар шамасында бала ақын атанған шағы.
Екіншіден, Құнанбай жасы үлкен ағасы ретінде, әрі қаракөк билер
тұқымы мен ел жақсысы ретінде Сабырбайды ерекше құрмет тұтып
Сабеке деп ізет көрсетіп алған. Екі игі жақсының ағалы-інілі қарым-
қатынастары жайлы осы жинақта берілген ел аузындағы әңгімелерден
оқып көз жеткізуге болады. Сабырбайдың қызы Қуандықтың Төлеуден туған
немересі Қаскен Есенқараевқа Жанақ ақын жайлы айтқан әңгімесінде
әкесінің Түбектен біршама жас кішілігін сөз арасында келтіргені мен
Ғабділахмет Шәкерұлының ел ішінен жазып алған деректері бойынша
Сабырбай Ақтайлақ бидің елу жастан асқан кезде туған кенжесі
екендігін есепке алсақ, Сабырбай ақын жуық мөлшермен 1793 жылы
туған болады. Ал қайтыс болған жылын дәлме-дәл айта алмасақ та,
ақынның әкесі мен арғы аталарының, өз ағалары мен жақын
туыстарының көп жасағандықтарын тілге тиек етсек, Сабырбай 1880 жылы
өмірден өткен. Бұған ел аузында сақталған әңгімелерде айтылғандай
ақынның сексеннің орта тұсына келіп көз жұмғандығы дәлел
болады.(9,192-194á)
Àқòàéëàқòûң әкесі Байғара би ел басқарған көсем ,жұрт аузында сөзі
жатталған шешен ғана емес, "Қыдыр дарып бақ қонған" қасиетті әулие ретінде
танылған кісі .Ол туралы Ақтайлақтың туысы ,18 ғасырдағы қазақ поэзиясының
ірі өкілі Дулат Бабатайұлы "Кеңесбайға "деген өлеңінде
Байғара атаң бай болды ,
Төтр түлігі сай болды
Қайыыры елге мол болды .
Анық әділ сол болды
Қайырып елге мал болды.
Анық әділ сол болды
Жылқы айдалды
Көшкенде жұртта тай қалды
Алдына келген тау болса,
Әділдікпен жайғалды
Дәулетіне ел кенелді,
Жетім-жесір теңелді,(13,23б)
Деп тебірене толғап, Байқара бидің қара қылқы қақ жарған әділдіген,
паш етеді.
Ақтайлақ би осындай өнерлі шаңырақта 1742 жылы туған. Туған жері
Оңтүстік Қазақстанның сыр өңірі, өскен жері – қазіргі Шығыс Қазақстан
облысы Абай және Жарма аудандарының шектесетін жеріндегі Құндызды деп
аталатын өңір. Ол кезде Құндыздыны қалың найман, оның ішінде Сыбан руы
қоныс етіп, жайлап, қыстап келген. Ақтайлақ бидің зираты қазір Аякөз
ауданына қарасты Сарыарқа ауылының жерінде тұр. Дуалы бидің жүз
жасқа жуық жасағанынын
"Екі қырық, бір он бестен асып тұрмын"
Аяқты апыл-ғұпыл басып тұрмын
деп айтқан өлеңінен аңғаруға болады.
Шешен би өзінің ұзақ өмірінде үлкен-үлкен дауларға түседі. Қара
сөзбен, терең ой толғаған өлеңге бергісіз кестелі, әсерлі де òапқыр
сөздерді осындай жүйелерде айтады. Ақтайлақ би айтты дейтін осындай
ұтымды өткір сөздер ондап саналады. Алқалы топ, жиынды жерлердегі сөз
сайыстарында алдына жан салмаған оның қазақтың қара тілі атануы да
содан. Оның бар шығармашылығын құрайтын да сол билік үстінегі айтылған
аталы сөздері мен толғау өлеңдері, сөз сайысы, айтыстары.
Ақын шығармалары ел аузында көп сақталған. Соның бір айқын
дәлелі: Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым Академиясының орталық
ғылыми кітапханысының қолжазбалары қоры мен М.О.Әуезов атындағы
әдебиет және өнер институтының қолжазбалар және текстология
орталығы Ақтайлақ биден қалған деген шығармаларының ұзын саны елуге
тартады. Олардың көпшілігі баспа бетін көрмеген, ел аузында сақталып,
біреуден біреуге айтылумен жеткен үлгілер.
Би болған соң Ақтайлақ та ел ішінің дауы мен шарына көп
араласады. Сондай алқалы топты сын шумақтар, тоқпақты – қанатты сөздер де
шығарып отырған. Өмір, дүние туралы адамгершілік асыл қасиеттер
туралы философиялық ой орамдары бар толғауларды көп айтқан. Кемеңгер
би нені айтамыз деген философиялық нақышқа құрылған өлеңінде:
Ақылды деп айтамыз,
Тозған елді септесе,
Ер жігіт деп айтамыз
Жауға тастап кетпесе
Жақсы әйел деп айтамыз
Жамандап еріп сөкпесе
Жарлы деп нені айтамыз
Жабылып елі көпдесе
Шерлі мұңы тарқамас
Көзінің жасын төкпесе
Жақсы менен жаманды
Қол мен ұстап көз көрер,
Санаулы демің бітпесе.(14,17б)
деп адам бойындағы асыл қасиеттерді тізбектеп санаға құяды, дана абûз
өсиетіндегідей, көкейге қонып тағылымдық маңызын байûòûï алады. Сонымен
бірге үй-іші, от басы, алаң қасы демекші жайларға қатысты сөздері үлкен
салиқалы ойлармен шебер ашылады. Ата-ана тағылымы мен тәрбие-тәлім
туралы дидактикалық ғақлия өлеңдері мен жыр термелері бүгінге үлгі.
Тасыма жігіт тасыма
Тасыған жетер басыңа
Жаттан да жақын шығады,
Жатырқап жаттап шашыма.
Бәрін өзім білем деп,
Бекерге лағып жасыма,
Үй менікі дейтіндер
Үй артында кісі бар,
Білгендерің осы ма?
Ителгідей томсарсаң, ,
Кім жолайды қасыңа
Күлме бекер досыңа,
Жақсылыққа қуанып,
Жамандыққа жасыма
Жақсылық пен жамандық
Өмірінше тұрмайды
Бір кісінің басына(14,20б)
Төгіліп тұрған төкпе жыр шумақтары қай кезде болсын, ескермейтін,
өшпейтін, ғибраты мен тағылымы мол, қысқа болып қалатын мәңгілік сөз
маржаны жоғарғы адамгершілік үрдіс, әділеттің ақ туы Ақтайлақтың
қай өлеңінен болсын жарқын көрініс береді.
Шешен би сөздерінде сол кездегі ел ішіндегі дау таластармен
байланысты әділ бағасы мен сынын да қатар айта отырады. Маман енді
сүліктей сорған парақор, әділетсіз билер мен надан байлардың теріс
әрекеттерін бетіне басып, аяусыз әшкерелейді.
Өз шығармаларында Ақтайлақ би ел намысын, ер намысын ұстай білуді
ту етіп отырады. Елін, туған жерін шын сүйіп өскен ел азаматы болса,
оған керекті асыл қасиеттерді төбесіне көтере құрметтейді.Оны өзінің от-
жалынды жыр-толғауларында арқау етіп отырады. Жас ұрпаққа бауырмал,
ұйымшыл болып өсуді үйретіп, оларды имандылыққа, ізгілікке шақырады.
Ердің құны екі елу атты билік толғау – Ақтайлақ шығармалары
ішіндегі шоқтығы биік туындысы. Себебі, ол алдымен кейінгі ұрпаққа
өнеге ретінде келер нұсқа, әділ биліктей айтылған сөз болса,
екіншіден ол ел жақсысы аталған кейбір билердің парақорлығын
әшкерелейтін терең ойлы өткір философиялық эпиграмма. Тобықты Өскенбай
бидің тұсында көкше руының жігіттері көршілес керей елінен мал алып,
екі жақ қатты ұрысқа түседі. Ұрыс үстінде Тобықты Көкшелер Керейдің
бір адамын өлтіреді. Содан екі елдің арасын егер қылған үлкен жанжал
бұрынғысынан да өшіп, Серги бас қосқан үлкен жиында қаралатын
дауға ұлғаяды. Талай билер, ел жақсылары сол жиынға шақырылады.
Керейлер Ақтайлақ биді атап, Көкше жағы Бопы төрені қалайды.Бопы
баласы Салтабай төре әкесіне білдіртпей пара алады. Енді дау үстінде
Бопы төрт кісі күмән ұстамақ болған кезде Ақтайлақ би төренің
пасық әрекеттеріне тосқауыл қояды. Ел сенген жақсылар билікке
араласқанды, адамгершілік пен адалдық қасиеттерді берік ұстау
керектігін айта отырып, алдамшы, парақор билердің масқара ісін көп
алдына тізе салдырады. Кісісі өлген керейлерге төлеу үшін жүз түйе құн
кеседі. Ол шешімге наразы болғанда құлқынның құлы болған көп үмітін
ақтай алмаған парақор бидің қылмысын бетіне басып әшкерелейді.
Ақтайлақтың қара қылды қақ жарар әділдігі оның билік ақыл парасатынан
туатынына сол жолы көзі жеткен жұрт кейінде аңыз етіп ел ішінде
таратып кеткен. Оның осы Ердің құны екі елу деген билігі кейінгі
ұрпаққа нұсқа болып қалған.(15,193-194б)
Ұлы ақын Абайдың әкесі жас Құнанбайдың да осы билік
куәсі болып, даудың әділ шешілуіне әкесі Өскенбай биге ықпал
еткендігін сөйтіп өзі де тәлім алғандығын атақты халық ақыны
Төлеу Көбдіков өзінің Ақтайлақтың толғауы атты дастанды тілге тиек
етеді.(9,227-228б)
Ақтайлақтың әділ билігіне қатысты әңгімені Абайдың талантты
шәкірті, көрнекті ақын Көкбай Жанатайұлының аузынан жазып алған
М.Әуезов Таң журналының 1925 жылғы № 2 санында сыбан Ақтайлақ би
деп жариялаған. Мұхаң Билер айтысы деген тағы бір зерттеуінде осы
айтылғандарға қайта оралады. Сөйтеді де екі бидің талас сөздерін мысал
етіп, Ақтайлақ би айтысын тағы нұсқаға келтіреді. Қазақтың ауыз
әдебиеті деген іргелі зерттеуінде: Ел аузындағы аңыздар мен ауыз
әдебиетінде Сұлтан Салтабайдың пара алғандығына қарсы Найман руынан
шыққан Ақтайлақ бидің әділ сөздерін халық мақтап, көтеріп айтады, –
деп бидің сөзге шешендік, шеберлік талантына ден қойған.
Бұл толғаудың өн бойынан ҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі
өкілі, Ақтайлақ бидің туысы Ақтамберді жырау шығармаларының әсерін,
одан жұғысқан үлгі-өнегені ерекше атауға болады. Ақтамберді жырау да
жоңғарлармен соғыста жүрген кездерін және өмірінің ақырғы
кезеңдерінде осы Ақтайлақ бидің туып-өскен өңірінде, яғни хан
Шыңғыстауды,Құндызды, Арна өзендері төңірегінде өткізген. Сонда
Ақтайлақ өзінен бұрынғы осы батыр жырау ұстаздарымен кездесіп
одан ақыл-кеңес алуы мүмкін. Сол себептен де болар Ақтайлақтың толғау
жырларында жастарды батырлыққа, ерлікке шақырған үндеуі Ақтамберді
жыраудың елін сүю, оны қорғауға әзір болу сияқты патриоттың
идеясына, азаматтық жігерлі сарындарына бой тартатыны білініп
тұрады.(16,212б)
Ақтайлақ шығармалары оның өмір сүрген дәуіріндегі өз халқының
болашағы жайлы ойлап, қалай түсетінін танытып, аңғартады. Шешен би
сол дәуірдің тұрмыс салты мен бел алған дәстүрін, сол кездегі өмір
ағынына, әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазақтардың дүние
танымдық ерекшеліктерін толық байыта жырлайды. Достық жайлы,
Өзімшілдік және әдептілік жайлы, Куәсізде қуат болмас, және басқа
толғау өлеңдерінде адал жар, асыл ер жайлы ойын шебер айтады. Жақсы мен
жаманның айырмашылығы туралы, ағайын арасының татулығы туысқан
сыйластық қасиеттері туралы жыр жиегін ағытады. Сол сияқты дүние-қоңыз
пейіл мен пасықтық, есірлік, мақтаншақтық, опасыздық секілді мінез-
құлықтарды сын тезінен өткізеді.
Ақтайлақ би мемлекет ісіне де белсене араласқан. Болат ханның
тұсында да 1773 жылдың қысында Қытайға қазақ елшілігін басқарып барып,
екі ел арасындағы қарым-қатынасты жандандыруға көп еңбек сіңірген.
Бұл жайында Қытайдың Шың патшалығының Орда күнделігінде жазылыпты.
(17 ,26б)
Ақтайлақ ақын қартайған шағында да өлең шығаруын қоймаған. Өйткені
95 жасқа келгенде, алжи бастапты. Таң ертең тұрса болды, бір ауыз болса да
өлең шығарады екен де күні бойы қайта-қайта қайталап айта береді екен.
Оның бұл қылығына ауыл балалары мен қосылып, немере, шөберелері тіпті
балалары қосылып күледі екен. Кейде төгіліп, есіліп жыр толғап
отырады . Сондай бір сәтте аса қызу, уытта сөздерімен сәтті шығармалары
да туады екен. Осындай аса дарынды сәттерін профессор Серік Негимов
былай суреттейді. Ақтайлақ би ажар, қайрат, ақыл-ойды миға жиып алады
да, шешен тіліне даңғыл әділ жүрегі үндесіп көсіле сөйлегенде диірменнің
тасындай, найзағайдың отындай тыңдаушысын есінен тандырып, құмарын
қандырыпты, – деген.(18,77б)
Ақтайлақ өнерді ту етіп ұстап, Мұхаң (Мұхтар Әуезов) таң қалған
сыбаннан шыққан он жеті ақын кейіндері қазаққа болды.
Солардың бәрі де Ақтайлақ бидің талантынан нәр алған шәкірттері
кейінгі бір кезде сыбандағы Байқара ұрпағынан шыққан Ақтайлақ
бастаған он жеті ақын атақты Жанақпен айтысады. Сонда олардың
бірнеше күн айтысқаны туралы белгілі түркітанушы Радловтың ғажаптығы
белгілі. Одан кейін Ыбырай Алтынсарин С.Сейфуллин және М.Әуезовтің
ерекше мән бере айтқандары бар.(9 ,356б)
Ақтайлақ бидің сөз зергерлік таланты өз балаларына, сонымен қоса
онан да кейінгі ұрпақтарына дарыған ол әрі қызғылықты да, өз
алдына бір төбе әңгіме, әрі жеке зерттеу тақырыбы суырып салма
ақындармен әйгілі болған Сабырбайды айтсақ, ол оны шешен жыраудың
би баласы, айтыс өнерінің алыптарының бірі, әрі тәрбиелеп өсірген
баласы.
Би әке қартайған шағында Сабырбай былай деп қалжың-өлең
айтқан екен.
Ей, әке, не білгішті жөнелттің ғой,
Алдыңа сап жүйрікті бөгелттің ғой.
Аузыңмен құс тістеген шешен едің,
Дәл сізден осы күні мен өттім ғой.
Сонда Ақтайлақ би
Ол рас, не білгішті жөнелттім ғой,
Алдымда сан жүйрікті бөгелттім ғой.
Сексеннен жасым асып алжысам да,
Мен сені әлі күнге үйреттім ғой,
äеп Қажығаí қайраттылығын танытқан екен.(19,118-119б)
Сабырбайдың қызы Қуандық би ата жолын қуып, ақындық әншілік
талантымен аты шыққан Абайдың жақын досы болған. Бұл жайында
М.Әуезовтің Абай жолы роман эпопясында Қуандық ақын жайында мынандай
жолдар кездеседі. ...Қараша Абайдың осы ауылдың досы ғана емес, аса бір
ыстық күйеуіндей көріп, қимады. Сондықтан Асылбекке өзінше бір оқшау ақыл
салады.
Мұның төркіні Сыбаí ішінде Қадырбай ақынның ауылы болатын. Солар
жақында Асылбек пен Қарашашты шақыртқан екен. Абайларды аттандырған
соң, бұл отаудың иелері сонда жүрмек еді.
...Қараша қасында отырған қыздар көп еді. Қазір шайдан соң олар
да тарады. Енді сол көп қыздардың ішінен бөлініп қалған бір ғана
ұзын бойлы ақ сары қыз бар. Сұлу денелі, ашық нұр жүзді әсем бойжеткен.
Жіңішке қара қасы Абайға алдымен байқалды.
Кейбір кішкентай қозғалыстармен Тоғжан мен Қасым еске түсіреді.
Ұзынша боп біткен, үлкендеу келген қорқат көздері саналы сияқты. Анда-
санда күлке қарап, жалп етіп қонжиғанда әлдеқандай көп шұғлалы, мол
сәуле төккендей болады. Сопақша біткен сұлу жүзінде жұқалаң, әсем қызыл
бар, мұрны мен маңдайы бұл қыздың Қадырбай қызы екенін дәл танытады.
"Қыдырбайдың ақын қызы" деп аталатын Қуандық осы екен... (20,86б)
Осы Қуандықтан туған Төлеу Көбдіков жаңа дәуір жыршысы, қазіргі
айтыс өнерінің көш басшыларының бірі ретінде әдебиет тарихына
өзіндік үлес қосып, Қазақстанның халық ақыны атағын алған Ақтайлақ биден
тараған Кеңесбайдың ұрпағы Мұқтар Айтқазыұлы еліне белгілі азамат,
дәрігер.
"Би деген бір бұлақ, ел маңдайына сирек бітетін бір туар
перзенті, атақты би, қоғам қайраткері, ақын ойшыл Ақтайлақ бидің
бүгінгі ұрпақтары асыл сөздерін осылай атадан балаға мирас еткен.
Сексеннан асып тоқсанға келген шақта
Иә, Алла ұрпағымды өзің сақта
Қартайғанда би атам айтқаны деп,
Ұққандарға айтарсың кей уақытта
деп кәрілікке бой бермей толғанған бидің "Кәрілік туралы" осы
толғауының соңындағы
Ақтайлақ би атандым биік шынар,
Әділ билік айтуға болдым құмар
Жесір дауы, құн дауы деген кезде
Тез бітірсем тоқтатпай жаным тынар
Екі жағын риза етіп тоқтатсам
Деуші едім көп ішінде сағым сынар(21,43б)
деп түйіндеген жыр жолдары шынында да бүгінгі ұрпаққа үлгі
тұтып, өнеге етерлік кесек тұлға екенін айқын аңғартады. Сөз маржанын
ақ жауындай төкпелеп шешендік өнерден алдына жан салмаған ақиық ақын,
қазақтың қара тілі атанған дуалы би Ақтайлақ мұрасы келешекке
үлгі, өнеге.
Бүгінге дейін еленбей, зерттелмей, ғылыми айналымға түспей келген тағы
бір өнер ошағы бар. Ол-Найман ішінде бір ғана Сыбан руынан тарайтын
қазақтың он жеті ақыны. Мұның таңқаларлығы , өнер жалғастығын сақтағай жәй
шәкірттің тобы емес, бір атадан, тараған ағайынды адамдар. Бұл жайында
жазушы Қабдеш Жұмаділов былай деп бағалайды. Бұл адамзат тарихында өте
сирек кездесетін құбылыс. Мәдениетімізге өлшеусіз үлес қосқан ғажайып
инафон.
Бұлардың алғашқы буыны-шешендік пен ақындықты қатар ұстанған ел ағасы
билер болса , кейінгілері-бірыңғай жыр жолына түскендер.
Өнер ошағының бастауы тым ертеде тереңде жатыр. Қазақ ордасының туы
жығылмай, дәуірлеп тұрған кезімен ұштасады. Болашақ өнер сарайының қос
босағасын екі бірдей алыптың тіреп тұрғанын көреміз. Оның бірі-Нар дауысты
Нарынбай да, екіншісі-Ақтамберді жырау екеуі немерелес ағайын Сыбаннан
Жарасқұл, Жанкөбек , Байкөбек, Еркөбек туады. Жанкөбектен-Нарынбай,
Бөріккөбектің сары деген ұлынан-Ақтамберді туады. Ал атақты Дулат ақын-
Жарасқұлдың немересі. Бұл әулеттегі шешендік те, ақындық та сол Ақтамберді
мен Нарынбайдан бастау алған.
Нарынбай –ХҮІІ-ғасырда қазақтан шыққан ірі билердің бірі. Әз Тәуке
дәуірінің алғашқы кезеңінде Ташкентте он жылдай ұлыс бегі болған кісі. Жас
Төле бимен, Қаз дауысты Қазыбекбен тұлғалас. Құттыбай-Қайқара-әрі би, әрі
ақын болған. Кезінде хатқа түсіп жинал маған болмаса ел ішінде- “Байара би
айтыпты” деген нақыл сөз де, жыр жолдары баршылық. Ақтайлақтың қазақ
даласында ислам дінін ортасында, халықты имандылыққа тәрбиелеу де атқарған
қызметі өз алдына бір төбе.(22,218б)
Бұл орайда, өткен ғасырдың бас кезінде Түркістаннан қозғалған
қожалар әулетінің ел алдымен Ақтайлақ би қазырларындағы Аякөз маңына келіп
топтасқанын айта кетуге болады. Олар Найман ішінде ұлыс бегінің арнайы
шақыртуымен келгені дау тудырмайды. Бұл келгендер негізінен Мұхаммед
пайғамбардың(с.а.с) қауы Би-Фатима мен Әзірет Әли деп тараған Сейіт қожалар
болатын. Демек бұл фактіден Сейіт қожалар әулетінің Арқаға көшуіне
мұрындық болған. Ақтайлақ бидің -өз елінің болашағын арыдан ойлаған аса
ірі қайраткер екенін танимыз. (23,256б)
Ақтайлақ өз әкесінің билік ету дәстүрі мен шешендігін
жалғастыруымен қатар өз заманында ақындықтың да сара жолын сала білген.
Оның терең ойға құрылған өсиет өлеңдері көп болыпты. “Семей таңы”
газетінің 1991 жылғы 17 және 24 тамыз күнгі сандарында халық ақыны Төлеу
Көбдіковтың архивінен алынған. “Ақтайлақтың толғауы” дейтін үлкен туынды
жарияланды. Ақтайлақ кең қолтықты Сарыарқадағы, оның бір жағында Семей
өңіріндегі айтыскерлік өнердің негізін қалап , дамытушылардың бірі болады.
Ол атақты Жанақ, Балпық, Қанай ақындарменайтысқан. Бірақ бұл айтыстардың
үзінділері ғана сақталған. Содай-ақ Қаз дауысты Қазыбектің немересі, өзінің
ұлы Сабырбай мен сөз қағыстырған.(24,3б)
Ол кезде қазақ даласына тоғалаң артқан саудагерлер көрші елдерден
көп келеді екен .Олар әкелген заттарын тұрғын халыққа кесімді бағамен тірі
малға сататын болыпты. Оның ру басшылары көтеріп алып, несиеге қарататын
көрінеді. Бірде Жамалы тобықты руындағы Бөдей тобының Ералы дейтін ,байының
ауылында сауда жасап екі-үш ұйғыр жігіттермен сол ауылдың бір ұрысы несиеге
кездеме сұраса саудагерлер “сенде мал жоқ, неңді төлейсің”, -деп ештеңе
бермей қояды. Бұған азуын басқан ұры түнделетіп келіп жеке тігілген қостың
етегін көтеріп жіберіп, үюлі жатқан дүниелерді ұрлап әкетеді. Ертеңінде бұл
кешегі ұрының ісі екені белгілі болады. Бірақ ұры мойындамайды.Ералы бай да
көңіл аудармаған болып қалады. Енді саудагерлер Ақтайлақ биге барады.
Ұлттық намысқа тиетін мына қолайсыздыққа кейіген Ақтайлақ жоғалған затты
иесіне қайтармақшы болады да саудагерлерді ертіп бірнеше адаммен Ералы
байдың үйіне аттанады. Ақтайлақ би келе жатыр дегенді естіген Ералы бидің
бетін бір ауыз сөзбен қайтарып таста деп бір ақын қызға Ақтайлақтың жолын
тосқызады. Қыз су алуға тұрады. Ақтайлақ тобының бір жігіті қыздан!
Ералының ауылы осы ма ! –деп қарсы сұрақ қояды.
Осы, дейді қыз сасып
Сіздер кім боласыздар !-деп қарсы сұрақ қояды.
Құдайы қонақпыз ,-дейді жігіт қулана
Мына ақсақал кім!
Атақты Ақтайлақ биді естуің бар ма!-дейді жігіт. Сол сәт аттылардың алдын
кес-кестеп, тұра қалған қыз.
Ақтайлақ би сен бе едің, ақ найзалы!
Ақылыңнан көрмедің еш пайданы
Алпыспенен жетпістің арасында
Талқы таяқ сарт айдады,-есек мінген деп әкесіндей
Ақтайлақты өлеңмен мұқатпақшы болыпты. Сонда сақалы кеудесіне түскен, былай
деп жауап беріпті.
Сарт айдаса , обалым тобықтыға,
Қой дегенге ұрлығым қойып тұр ма!
Ауыл жөнін сұрауға бұрылып еш,
Қатынсынған бір қарға жолықтым ба!
Ел ағадан азады, тон жағадан
Ағал бөрі жортады , тау сағадан.
Ақтайлақ би бастаған он жеті ақын,
Не деп үміт қыласың Байқарадан, дегенде сөзден ұтылан қыз
бетін басып ауылға қаша жөнеліпті.
Жанкөбектен, оның ішінде Байқарадан он жеті ақын шыққанын
Ақтайлақтың осы өлеңі айқындай түседі. Соңынан Ералы бай Ақтайлақтың
алдында жағымды болып, ат шабан айыбын төлеп , ұрланған заттарды иесіне
қайтарып бергізіпті.(25,117б)
Ақынның шығармашылығы киелі кеңес ретінде халықты адалдыққа,
әлеуметтік санасын көтеріп шаруашылықты өркендетуге, қарапайымдылыққа
,береке-бірлікке, тынышытыққа, халықты қайырымдылық пен дұрыс басқаруға
шақырады. Өзінің зерек ақыл-ойын , парасатын, шешендік тіл шеберлігін халық
игілігіне жұмсайды.
Ел ішінде қисынсыз дау,қиюі кеткен сөз, жаптым жала , жәбірліктің
болатыны да табиғи іс. Ақын бұл жөнінде
Киелі істі көппен шеш,
Жыршың атса еппен шеш,
Асқынған істі асықпай
Ақылға салып ертең шеш.
Алдыңа қандай іс келсе
Билік айтсаң тура кес
Мынау қалай демесін,
Алыс жақын көңілдес,-деп насихат айтқанын көреміз.
Өз заманындағы қоғам қайраткері, қазақтың шынайы мақтан тұтатын ,
артында үлгілі сөзі қалған ұлының бірі. Ақтайлақ бидің өлең, әңгімелері
кітап болып 1991 жылы Алматыда, 1992 жылы Қытайда Шыңжаң халық баспасының
“Мұра” журналына шықты. Халқымыз “Би деген бір бұлақ, ілуде бір туады” деп
бекер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz