Оқиға болған жерді қараудың жалпы жағдайлары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
Кіріспе
1. Оқиға болған жерді қараудың жалпы жағдайлары
1. 1. Оқиға болған жерді қарау түсінігі және оның мәні
1. 2. Оқиға болған жерді қараудың міндеттері
1. 3. Қарау объектілері
2. Оқиға болған жерді қарауды жүзеге асыру
2. 1. Оқиға болған жерді қараудың процессуалдық тәртібі мен тактикасы
2. 2. Оқиға болған жерді қарау тәсілдері
2. 3. Оқиға болған жерді қараудың әдістері мен түрлері
2. 4. Оқиға болған жерді қарау барысында қылмыс жасау уақытын анықтау
2. 5. Оқиға болған жерді қарау кезінде криминалистік болжаулар ұсыну
2. 6. Оқиғаның мән- жайына байланысты оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері
3. Оқиға болған жерді қараудың психологиялық негіздері
3. 1. Қарап тексерілетін объектілердің дәлелдік маңызын анықтау бойынша тергеушінің іс- әрекетінің психологиялық құрылымы
3. 2. Тергеушінің ой- санасында заттай дәлелдеменің тұтас бейнесінің қалыптасуы
4. Оқиға болған жерді қарау барысында туындайтын кейбір проблемалар
4. 1. Айғақ адамдардың қатысу мәселелері
4. 2. Оқиға болған жерді қарау туралы хаттаманың сапалы болуы
4. 3. Оқиға болған жерді қарау барысында дәлелдемелерді іздеп табу мен бекіту кезіндегі орын алатын кемшіліктер.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қылмыстар белгілі бір жағдайларда және уақыты аралығында жасалады. Қылмыстар әртүрлі және де қылмыскердің әсер ететін ортада әртүрлі, сондай- ақ жасалған қылмыстың салдары да әртүрлі болады.
Оқиға болған жерді қараудың жалпы міндеті осы өзара байланыстарды анықтау болып табылады, яғни оларды анықтай отырып, іс бойынша барлық мәліметтердің жинағы бойынша нақты белгілі бір жерде не болды деген сұраққа жауап беру.
Тергеулік қараулардың мақсаты дәлелдемелерді тауып оларды зерттеу болып табылады. Қарау барысында жиналған дәлелдемелер негізінде тергеуші анықталатын жағдайдың сипаты, қылмысқа қатысушылар жайлы, қылмыскердің және дәлелдік маңызы бар ұрланған заттардың жасырылған жері туралы, қылмыстың салдары және тағы басқалары жайлы болжаулар ұсынады. Сонымен қоса тергеулік қарап тексеру барысында қылмыс жасауға себеп болған мән- жайлар анықтау мақсаты да қойылады. Көпшілік жағдайда тергеулік қарап тексеру өзге іс- әрекеттер арқылы алынбайтын нақты мәліметтер жиналатын құрал болып табылады. Мысалы, оқиға болған жерді қарау нәтижесінде тергеуші өз көзімен оқиға болған жерді көре отырып, қоршаған ортамен байланыстағы жағымсыз мән- жайлар жайлы ақпараттар жинайды. Сондықтан да оқиға болған жерді қарау өзге тергеу іс- әрекеттерімен алмастырылмайтын іс- әрекет болып табылады, өйткені оқиға болған жердегі әртүрлі объектілерді тергеушінің өз көзімен көруін жауап алумен, немесе тергеу экспериментін жүргізу үшін оқиға болған ортаны, жерді жасанды түрде келтірумен алмастыруға болмайды. Тергеу әрекеті ретінде оқиға болған жерді қарау тергеу барысында анықталатын ақпараттарды жинаудың маңызды құралы болып табылады. Бұл ақпараттар тергеуші оқиға болған жерді қарау кезінде қарап тексеретін дәлелдемелерде, сондай-ақ қарауға даярлану мен оны өткізу кезінде алынатын мәліметтерде болдады. Қарау барысында алынған ақпараттар дәлелдік сипатта болады, және де дәлелдеуді жүзеге асыру үшін тергеушімен қолданылады; олар процессуалдық емес қайнар көздерден де алынуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда олар тек қана тергеуші криминалистік болжаулар ұсынғанда бағыт беруші ретінде ғана қолданылады. Бірақ тергеулік қарау ретінде оқиға болған жерді қараудың нәтижесі барлық жағдайда да ақпараттар алу, оларды жинау болып табылады.
Жалпылама алсақ, оқиға болған жерді қарау көп қырлы болғандықтан, бір дипломдық жұмыста осы аса маңызды тергеу әрекетінің барлық қыр- сырын толық ашып жеткізу мүмкін болып табылмайды. Сондықтан біз осы дипломдық жұмыста мына көрсетілген мәселелерге ғана тоқталамыз: оқиға болған жерді қарау түсінігі және оның маңызы, оқиға болған жерді қарау тактикасының жалпы жағдайлары, сатылары, оқиға болған жерді қараудың өту барысы мен нәтижесін бекіту, сондай- ақ тергеу тәжірибесінде кездесетін неғұрлым қиын да ауыр істер бойынша оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері.
Аталмыш терегеу әрекетінің қылмыстық іс бойынша соттық іс жүргізуде шындықты анықтау үшін қандай маңызы бар деген гипотеза ұсынылды.
Сонымен, осы дипломдық жұмысты орындамас бұрын біз алдымызға мына мақсаттарды қойдық:
- қылмыстық іс бойынша шындықты анықтау үшін оқиға болған жерді қараудың маңызын анықтау
- тергеу тәжірибесінде орын алатын кейбір елеулі кемшіліктерге назар аудару, оларды болдырмау мақсатында нақты ұсыныстар жасауға талпыныс жасау
Аталмыш мақсаттарға жету үшін мына міндеттер белгіленді:
- оқиға болған жерді қарау түсінігі және оның маңызы,
- оқиға болған жерді қарау тактикасының жалпы жағдайлары, сатылары,
- оқиға болған жерді қараудың өту барысы мен нәтижесін бекіту,
- тергеу тәжірибесінде кездесетін неғұрлым қиын да ауыр істер бойынша оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктеріне талдау жасау.
Анықталған міндеттерді орындау үшін мына нормативтік- құқықтар актілер мен арнайы оқу құралдарына талдау жасалды: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу Кодексі, А. Я. Гинзбург « Осмотр места происшествия. Освидетельствование», П. П. Ищенко « Специалист в следственных действиях», Қ. А. Мәми және А. П. Жукенов « Қылмыстық істер бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының соттық тәжірибесі» және тағы басқалары.
Бұл дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып оқиға болған жерді қараудың қылмыстық іс бойынша шындықты анықтаудағы рөлі табылады. Ал зерттеу пәні болып - жедел түрде өткізілуі тиіс және міндетті тергеу әрекеті болып табылатын оқиға болған жерді қараудың процессуалдық тәртібі мен тактикасы, сондай- ақ кейбір қылмыстардың түрлері бойынша осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде жеке объектілерді қараудың ерекшеліктері және тергеу тәжірибесінде орын алатын кемшіліктер мен оларды болдырмау шаралары табылады.
Дипломдық жұмысты орындау кезінде мына төмендегі көрсетілген зерттеу әдістері қолданылды:
- диалектикалық әдіс
- жалпы- ғылыми және нақты - ғылыми әдістер
- салыстырмалы- тарихи әдіс
- салыстырмалы- құқықтық әдіс
- анализ және синтез әдістері
- мәліметтерді сатистикалық өңдеу әдісі, және тағы басқалары.
Жоғарыда көрсетілгендерге қоса осы дипломдық жұмысты орындау барысында Шығыс Қазақстан аумағы бойынша қылмыстық істер бойынша оқиға болған жерді қараудың тергеулік тәжірибесін жинақтауға талпыныс жасалады.
1. Оқиға болған жерді қараудың жалпы жағдайлары
1. 1. Оқиға болған жерді қарау түсінігі және оның мәні
Оқиға болған жерді қарау дегеніміз- іздерді, заттай дәлелдемелерді іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жасалған қылмыстың мән- жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей өткізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті.
Бастапқы тергеу әрекеттері жүйесінде оқиға болған жерді қарау неғұрлым маңызыды және алдыңғы қатардағы орын алады. Өйткені оқиға болған жерде жасалған қылмыстың іздері қалуы және қарау барысында олардың табылуы ғана орын алып қоймай, оқиға болған жердің өзінің күрделі болуы, оқиғаның мән- жайларының да күрделі, қиын болуы мүмкін. Оқиға болған жерді қарау кезінде осы аталған жағдайлардың арасында себептік салдар мен кеңістіктік- уақыттық байланыс та анықталуы мүмкін, сондай-ақ бұл тергеу әрекетінің бір ерекшелігі болып жиналған ақпараттардың өте мардымсыз(азғана) болуы табылады. Сонымен қоса оқиға болған жерді қарау кезінде тергеуші танудың алуан түрлі нысандары мен әдістерін қолданады. Олар тергеудің бағытын анықтауға және болған оқиғаның нақты сипатын анықтауға бағытталған.
Ұйымдастырушылық, тактикалық және өзге де шаралардың кең ауқымда, танудың көптеген нысандары мен әдістерін қолдану оқиға болған жерді қараудан басқа, өзге тергеу әрекеттерінде кешенді түрде қолданыс таппайды. Осы факторлардың болуы оқиға болған жерді қарауды тергеушінің ерекше іс- әрекеті қатарына жатқызады, оның дербестік сипатын белгілейді және де оны өзге тергеу әрекеттерінен, соның ішінде тергеулік қараулардың басқа түрлерінен, ерекшелейді.
Оқиға болған жерді қараудың маңыздылығына және қажеттілігіне осыдан 100 жылдан астам уақыт бұрын орыстың процессуалисі Я. И. Барышев назар аударған және де «егер зерттелетін қылмыстық істе, болашақ сот үкіміне әсер етуі мүмкін, қарап тексерілуі тиіс сыртқы белгілер мен іздер болса» оқиға болған жерді қарау міндетті түрде өткізілуі тиіс екенін ұсынған.
Қылмыстар белгілі бір жағдайларда және уақыты аралығында жасалады. Қылмыстар әртүрлі және де қылмыскердің әсер ететін орта да әртүрлі, сондай- ақ жасалған қылмыстың салдары да әртүрлі болады.
Көптеген ғалым- заңгерлердің пікірінше, жасалған қылмыстың іздері табылған жер учаскесі немесе бөлмелер оқиға болған жер деп саналады. Сонымен қоса бұл анықтамада қылмыс нақты сол іздер табылған жерде де немесе басқа жерде де жасалуы иүикін деген тұжырымды да сезуге болады.
Е. Жөкішевтің пікірінше, оқиға болған жер дегеніміз- қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер /2. 13, 18-19/
Біз сонымен осы соңғы тұжырыммен толық келісе аламыз.
Оқиға болған жерден қылмыс жасалған жерді ажырата білу қажет. Қылмыс жасалған жер деп нақты қылмыстық іс- әрекет жасалған немесе қылмыстық нәтиже болған ауданды ( аумақты) айтамыз.
Егер қылмыс басқа жерде жасалып, оның іздері мүлдем басқа жерде табылса, онда қылмыс жасалған жерде бар, оқиға болған жерде бар болып табылады. Ал егер қылмыс нақты оның іздері табылған жерде жасалса, онда қылмыс жасалған жер мен оқиға болған жер қабаттасады.
Оқиға болған жерді қарауға кірісе отырып, тергеуші, осы жерде жасалған іс- әрекет қылмыс болып табыла ма жоқпа, ал егер тіпті қылмыс болып табылғанның өзінде нақты осы жерде жасалды ма жоқпа әлі білмейді. Анықтауды талап етуші уақиғаның іздерінің табылуы барлық жағдайда да оқиға болатындықтан, бұл іздердің табылған жері оқиға болған жер болып, ал бұл жерді қарап тексеру- оқиға болған жерді қарау болып табылады
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, оқиға болған жер мен анықталуы тиіс қылмыс арасында үзіліссіз байланыс бар деп айтуымызға болады. Оқиға болған жер шегінде бұл байланыс мына төменгі жағдайлармен байқалады:
а) Оқиға болған жерде қалып қойған немесе сол жерде табылған қылмыс құралдарымен қылмыс жасалған
б) Нақты осы жердегі объектілердің біріне қылмыстық іс- әрекет бағытталған
в) Оқиға болған жердегі заттарда қылмыскердің әсер етуінің іздері қалуы немесе сол оқиға болған жерде қылмыскердің заттары қалуы мүмкін.
г) Қылмыс нақты осы қоршаған ортада жасалды, бірақ қылмыс жасалуына байланысты бұл ортада елеулі өзгерістер болған жоқ.
1. 2. Оқиға болған жерді қараудың міндеттері
Жоғарыда оқиға болған жерге берілген анықтамада оқиға болған жерді қараудың міндеттері де көрсетілген десек те болады. Атап айтқанда, оқиға болған жерді қарау кезінде іздер, заттай дәлелдемелер белгілі бір криминалистік әдістер мен тәсілдер, арнайы құрал- саймандарды пайдалану арқылы ізделіп, зерттелуі, бекітілуі керек. Сонымен қатар, объектілердің орналасуы және жалпы жағдайы бойынша қылмыстың мән- жайы жөнінде деректі мәліметтер алу қажет. Оқиға болған жерді қарау кезінде табылған заттай дәлелдемелер, іздер арқылы қылмыстың механизмін, қылмыс жасау әдісін анықтауға, қылмысты жасауға қатысқан адамдар жөнінде және істің басқада мән- жайлары жөнінде өте керекті мәліметтер жиналады. Бұған тек қана оқиға болған жерді кідіртпей, тез арада қараған жағдайда қол жеткізуге болады.
Сонымен, оқиға болған жерді қарау кезінде іс бойынша маңызы бар мән- жайларды жиынтық күйінде анықтай отырып мына сұраққа жауап беруге болады: бұл жерде не болды?
Оқиға болған жерді қараудың жалпы міндеттерін бірнеше жеке міндеттерге бөлуге болады: оқиға болған жердің жай- күйін зерттеу және бекіту; қылмыскердің қоршаған ортаға әсер етуінің сипатын анықтау; қылмыстың және қылмыскердің іздерін іздер- табу және бекітіп- алу; қылмыскерді және оның ниетін анықтау; қылмысты жасауға себеп болған мән- жайларды анықтау; келесі тергеулік немесе жедел іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін қажетті мағлұматтар алу.
1. 3. Қарау объектілері
Оқиға болған жерді қарау кезінде зерттелуі тиіс объектілер мыналар:
а) болған оқиғамен байланысқан жер, яғни жер учаскесі немесе бөлме
б) оқиға болған жердің жай- күйі
в) адам мәйіті
г) қылмыстың және қылмыскердің іздері
д) оқиға болған жердегі өзге де заттар немесе құжаттар
Оқиға болған жерді қарай отырып, тергеуші оның шегі мен орналасқан жері туралы, бөлменің неге бейімделгені жайлы немесе жер учаскесінің сипаты туралы ақпарттар алады.
Оқиға болған жер мен оның жай- күйін қарап тексеру мына төменгі мәліметтерді зерттеу және бекіту болып табылады:
1) жердің рельефі, оқиға болған жердің шынайы және жасанды (мөлшермен) шекаралары
2) бөлменің сипаты мен орналасуы, оған жалғанған құрылыстар, оларға апаратын жолдар, сондай-ақ кедергілер
3) оқиға болған жердегі заттардың кеңістіктегі орналасуы, олардың бір- біріне қатысты орналасуы және арақашықтықтары
4) заттардың қолданылуы мақсаттары тұрғысынан қарағанда орналасуы және олардың қалыпты жағдайда қолданылуына байланысты орналасуы
5) жасалған қылмыстың және қылмыскердің іздері
6) белгілі ортаға қажетті ( тиісті) заттар мен іздердің болмауы
7) нақты осы ортаға жат заттардың болуы және олардың табылуы.
/ 2. 4, 555-556/
Қарауға жататын объектілер мен олардың зерттелу дәрежелері әр нақты жағдайда нақты мән- жайлармен анықталады.
Оқиға болған жерде адам мәйітін қарап- тексерумен тергеуші әртүрлі санаттағы қылмыстарды тергеу барысында кездесіп отырады ( бандитизм, кісі өлтіру, өзін- өзі өлтіру, көлік апаттары және тағы басқалары) . Адам мәйіті оқиға болған жерді қараудың орталық объектісі болып табылады. Бірақ, бұл дегеніміз барлық жағдайда да оқиға болған жерді қарауды алдымен адам мәйітінен бастау керек деген емес, адам мәйітін тергеуші аса назар аудара отырып, мұқият қарауы тиіс.
Қарап- тексеруде соттық- дәрігерлік сарапшының немесе өзге де дәрігердің қатысуы тергеушінің оқиға болған жерді қараудағы басшы рөлін жоққа шығармайды. Тергеуші барлық жағдайда да оқиға болған жерді қарауда басшылық етеді. Соттық- дәрігерлік сарапшы, соттық медицинаның арнайы сқрақтары бойынша тергеушінің кеңесшісі бола отырып, тергеушінің жоспарымен және оның басшылығымен жұмыс істейді. Соттық- дәрігерлік сарапшының қатысуы тергеушіні адам мәйітін өзі жеке қараудан босатпайды. Адам мәйітін қарау, оқиға болған жерде табылған заттар мен құжаттарды қарау сияқты, басқа да объектілермен кешенді түрде қарап тексерілуі тиіс. Оқиға болған жерді қараудың маңыздылығына заң шығарушының да көзқарасы дәлел бола алады. Бұл тергеу әрекеті қылмыстық іс қозғалғанға дейін де жүргізілуі мүмкін, яғни ол көпшілік жағдайда қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешудің бастаушысы болып табылады. Оқиға болған жерді қарауда табылған заттар мен құжаттарды жедел түрде сол жерде қарап- тексеру олардың қасиеттерін, белгілерін және жай- күйін дер кезінде бекітуге кепілдік береді. Тек ерекше жағдайда ғана, егер бұл заттар мен құжаттарды табылған жерінде қарап- тексеруге тиісті жағдай болмаса, осы жалпы ережеден ауытқуға жол беріледі.
Оқиға болған жерді қарауда мына төменгі мән- жайлар анықталуы мүмкін:
1. Қылмыстың субъектісі
а) қылмыс жасауға қатысушылардың саны
б) мөлшермен қылмысқа қатысушылардың жасы
в) олардың физикалық қасиеттері
г) денсаулық жағдайы
д) қылмыс жасаған адамдардың әдеттері
е) олардың белгілі бір дағдыларының болуы
ж) кәсібі
з) қылмыс жасаған адамдардың психикасын сипаттайтын деректер
2. Қылмыстың объектісі
а) қылмыстық қол сұғушылық неге бағытталған
б) қылмыстың тікелей құралы не болып табылады
в) жәбірленушінің физикалық және психикалық ерекшеліктері ( егер қол сұғушылық жеке адамға қарсы бағытталған болса)
г) құралдардың ерекшеліктері, олардың тектес және дербес белгілері
( егер қол сұғушылық заттарға бағытталған болса) .
3. Қылмыстың объективтік жағы
а) қылмыс жасау уақыты
б) қылмыс жасау тәсілдері
в) қылмыскерлердің оқиға болған жердегі әрекеттері
г) қылмыс жасауға итермелеуші мән- жайлар
д) жасалған қылмыстың салдары
е) қылмыскерлердің іс- әрекеттері мен қылмыстың салдары ( нәтижесі) арасындағы себептік байланыстың болуы
4. Қылмыстың субъективтік жағы
а) қылмыстық іс- әрекет қасақана жасалдыма немесе абайсыздама
б) қылмыскердің ниеті мен мақсаттары
Сонымен қоса, оқиға болған жерді қарау барысында қылмыс жасауға ықпал еткен мән- жайларды да анықтауға болады.
Оқиға болған жерді қараудың негізгі принциптері:
- заңдылық, яғни оқиға болған жерді қарау Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу Кодексінің нормалары талаптарына қатаң сәйкес жүргізілуі тиіс.
- оқиға болған жерді қараудың уақтылығы, яғни оқиға болған жерді қарау қажеттілігі туындай салысымен оны дереу түрге жүргізу.
- Оқиға болған жерді толық қарау, оқиға болған жерде табылған заттар мен құжаттар, іздер мұқият толығымен зерттеліп, хаттамада және оған тіркемелерде тиісті түрде бекітілуі тиіс. Оқиға болған жерді қараудың толықтылығына және жан- жақтылығына тергеушінің шыдамдылығы, жан- жағын тез бағдарлай білу және өз назарын бөгде нәрселерге бұра бермейтін қасиеттері кепіл бола алады. Асығыстық таныта немесе толық емес қараулар қылмыстық істі тергеуге көмегін тигізбейді, керісінше- кедергі келтіреді.
- Оқиға болған жерді қараудың жоспарлылығы, яғни оқиға болған жерде тергеушінің іс- әрекетінің кезектілігін дұрыс анықтай білуі.
- Оқиға болған жерді қараудың объективтілігі, яғни табылған заттар мен іздер тергеуші ұсынған болжауларды дәлелдейме, немесе керісінше жоққа шығарама соған қарамастан, олар зерттеліп, тиісті түрде бекітілуі тиіс. Тергеуші оқиға болған жерде табылған заттар мен іздерді ешқандайда артықшылықтар бермей, барлық ұсынылған болжаулар негізінде жүргізуі керек. Сонымен қоса, тергеуші оқиға болған жерді қарау хаттамасында ешқандайда қорытынды жасауына, немесе әртүрлі күдік білдіруіне болмайды. /2. 4, 555-556/
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 221- бабына сәйкес, оқиға болған жерді қараудың мақсаттары мынадай:
а) тергеушінің немесе анықтау жүргізетін тұлғаның оқиға болған жердің жай- күйін, анықталатын оқиғаның сипаты мен мән- жайларын анықтау мақсатында, тікелей зерттеуі
б) қылмыстың іздері мен өзге заттай дәлелдемелерді іздеп табу, оларды бекіту, алу және бағалау
в) оқиғаның мезанизмі, оған қатысушылар, қылмыс жасалған уақыт, қылмыскердің жеке басы және тағы басқалары туралы жалпы және жеке болжаулар ұсыну үшін бастапқы ақпараттар жинау
г) жедел іздестіру шараларын ұйымдастыру үшін мәліметтер алу
/ 1. 2, 132/
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оларды негізге ала отырып, оқиға болған жерді қарау дегеніміз- іздерді, заттай дәлелдемелерді іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жасалған қылмыстың мән- жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей өткізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті.
/ 2. 14, 19/
2. Оқиға болған жерді қарауды жүзеге асыру
2. 1. Оқиға болған жерді қарау тактикасы
Оқиға болған жерді қарау тактикасының негізінде қарауды жоспарлы, жан- жақты, мұқият жүргізу ережесі жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz