Ауыз әдебиетінің түрлері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Этнопедагогика - белгілі бір халықтың, тайпаның ӛзіне тән

ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы.

Этнопедагогика - педагогика ғылымының негізі. Этнопедагогика ғылымы

екі саладан тұрады:

1) халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралады.

2) ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениетіндегі кӛрінісі.

Яғни, ата-бабамыз жинақтаған тәжірибе, атадан балаға ауызша,

әдебиет арқылы немесе үйелмендік мирас ретінде беріліп отырды.

«Халықтық педагогика, - делінген Қазақ кеңес энциклопедиясында, -

тәрбие жӛніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі. Халық

педагогикасын зерттеу негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттағы

халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар,

халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, семья тәрбиесінің

тәжірибелері т. б. жатады . . . Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек

тәрбиесі және ӛндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан ұрпаққа

қалдыру»

Қазақ даласында білімнің дамуы мен қалыптасуына белгілі қоғам

қайраткері, педагог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай

Алтынсарин ӛте үлкен еңбек сіңірді. Ы. Алтынсарин патшалы Ресейдің

орыстандыру, шоқыңдыру және балаларға байлардың жеке мақсаттары

үшін білім беруді кӛздеген саясаттарын батыл айыптады. Орыс-қазақ

мектептерін ашу туралы мәселелерді насихатгаумен қатар, Алтынсарин

тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін

пайдалануды қуаттады. Осы принцип негізінде құрастырылған ӛзінің

«Қазақ хрестоматиясын» (1879 ж. ) жазып, ұсынды.

Халық ағартушылары, қоғам қайраткерлері: Абай Құнанбаев, Шоқан

Уәлиханов, Құрманғазы Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен ӛнердің,

мәдениеттің, философияның негізін салды. Шоқанның ашқан ғылыми

жаңалықтары, Абай ӛлеңдері мен қара сӛздері және Құрманғазының

музыка ӛнері жас ұрпақтарды жетілдіріп тәрбиелеуде зор ықпалын тигізді.

Халық ауыз әдебиетінде шығарманың ішкі мәнін ашудың кең таралған тәсілдерінің бірі - символ, яғни, табиғатқа тән құбылыстар мен заттардан алынған бейнелерді қаһарманға не өмір құбылыстарына телу. Мейлінше кең таралған символдар: батыр немесе жас жігітті - «арыстан», «жолбарыс», «қыран», «көкжал», сұлу қызды - «асыранды қаз», «сұқсыр», «қызыл түлкі» т. б. Аталмыш символдар лирикалық өлеңдермен қатар, батырлар жырында, ғашықтық жырларда, тарихи жырларда, ертегілерде де қолданылады.

Қазақ халқының ауыз әдебиетін жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті-фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі. Пәнді оқыту міндеттері: - фольклордың пайда болуы туралы пікірлер жайлы, фольклордың жанрлары мен түрлері жайында мағлұмат беру; ауыз әдебиеті мұраларының көп қырлы табиғаты мен туу, таралу, сақталу ерекшеліктері, жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары жайлы ұғым қалыптастыру; қазақ фольклорының қалыптасу кезеңдерімен таныстыру; қазақ фольклорының зерттелу тарихы мен фольклор туралы ғылымның ХVIII ғасырда қалыптаса бастауы жайында мәлімет беру; қазақтың дәстүрлі мәдениетінің бір саласы фольклордың аса құнды рухани байлық екенін түсіне білуге баулу.

Сан ғасырлық тарих бетіне үңілсек, қазақтың ұлттық тәрбиесінен нәр алған талай әлемге әйгілі, елін қорғаған батырлар да, билер де, орақ тілді, от ауызды шешендер де, топ жарған жыршы, термеші тәрбиеленіп шыққанын білеміз. Сондай-ақ шығыс философтары мен ұлы ойшылдар өздерінің ой-пікірлерінде халықтық педагогиканың негізін қалаған, оның тәлім-тәрбиелік мәнін ашқан, ұлттық салт-дәстүрдің маңызын дәлелдеген.

Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағылымдарының мәдениет тарихын Орта Азия және Қазақстанның ұлы ойшылдарының еңбектерінен көруге болады. Олардан халықтардың бір-бірімен әдет-ғұрпы, салт-дәстүр тұрғысынан жақындағы ғасырлар қойнауынан орын алатындығын көреміз.

Тәрбие туралы ой-пікірлер VI ғасырдағы Орхон-Енисей жазуларынан басталып, орта ғасыр ғұламалары мен (әл - Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, т. б. ) Алтын Орда дәуірі оқымыстылары (С. Сари, Қ. Жалайыри т. б. ) XIV - XV ғасырда өмір сүрген ақын, жыршылар (Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет, Әсет т. б. ), сондай-ақ ХІХ ғасырдың ІІ жартысында (Шоқан, Ыбырай, Абай), одан бертін келе ортамызға қайта оралған қазақтың ұлы зиялылары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, С. Сейфуллин т. б. бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.

Әл-Фарабидің “Философиялық трактаттар” [1], “Эстетикалық трактаттар” [15] және т. б. шығармаларында адамзаттық игілікке, бақытқа, шаттық өмірге жету жолындағы ең негізгі компоненттер деп экономиканы, саясатты жанұяны және тәрбиені атаған. Бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтылған бұл пікір біздің дәуірімізге де өз маңызын жоймай жеткен.

ІХ - ХІІІ ғасырларда өмір сүрген бүкіл Орта Азия халықтарына ортақ Жүсіп Баласағұн өзінің “Құтты білік” атты еңбегінде: “Ақыл қайда болса, ұлылыққа толады, білім кімде болса билікті болады” - деген екен [2] .

Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889) тарихтағы зиялылар терең ойы мен ағартушылық педагогикалық асқан еңбегімен айрықша ерекшеленді. Ыбырай қазақ сахарасындағы ғылым мен білімнің алғашқы қоңырауын соққан ұлы ғалым-педагог. Дала ұрпақтарын оқу өнерге, мәдениетке, адамгершілікке тәрбиелеуде Алтынсарин аса бағалы қо-қазақ фольклорына ерекше назар аударды. Ол халық шығармашылығынан өз кітабы үшін ертегілерді, мақал-мәтелдердің тәрбиелік мақсатқа сай келетінін ғана таңдап алып шебер қолданды [3] .

Абай (1845 - 1904) мұраты - қазақ елінің энциклопедиясы деп аталатын әлемдік тарих төрінен орын алды. Ғұлама ойдың иесі Абай адам тәрбиесінің ең өзекті мәселелерін шығармаларына арқау еткен. Абай адамның өсіп жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде “Адам баласы туа сала есті болмайды . Естіп көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді”. - деп ақыл - естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді [4] .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпыадамзаттық қазыналар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп ерекше атап көрсетілген. Осы заңның 8-бабында: «Білім беру мекемелеріндегі тәрбиелеу бағдарламалы этномәдениет элементтерімен байытылады», - делінген [1] .
Жас ұрпақты тәрбиелеуде ең берекелі, ең парасаттысы - халықтық педагогика. Халық педагогикасы - халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы сұрыпталған тәжірибелер. Бұл туралы ұлы педагог К. Ушинский: «Халықтық тәрбиенің тәжірибелерінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ. », - деп орынды айтқан болатын.
Этнопедагогика - тек халық даналығы, халықтың ойы тілегі, адамгершілікті тәрбиелеу бастауы ғана емес, ол осы халықтың қайнар көзі, жаратылысының тамыры. Қазіргі таңда жастар арасында бой алдырған жағымсыз қасиеттер мен сүреңсіз іс-қылықтардың етек жаюы - халықтық тәрбиеден қол үзіп бара жатқанымыздың нәтижесі екені даусыз. Жас ұрпақтың санасына батыстық құндылықтар мен нормалардың, тұрмыс-салт үлгілерінің ықпал ете бастағаны да жасырын емес. Академик Г. Н. Волков: ”Батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды аман алып қалудың жолын қарастыруымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан, түрлі сындардан өткен, халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика болмақ” - деп тұжырымдайды [2. 74] .
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ауыз әдебиеті, ұлттық ойындары - ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына. Әр халықтың өз ерекшелігі бар. Сондай ерекшеліктің бірі - салт-дәстүрлер. Халқымыз ежелден өз ұрпағын адамгершілікке, инабаттылыққа, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеуді мақсат тұтқан. Сондықтан олар көшіп қонған кезден - ақ ұрпақ қамын жеп, оның болашағына жеткілікті мән берген. Сонау «Жеті Жарғыдан» бастап салт-дәстүріміз бұған дейінгі талай ұрпақтың теңдесі жоқ, тәрбиелік маңызы зор адамгершілік кодексі болды. Олай болса, жас ұрпақты салт дәстүрлер негізінде тәрбиелеу өзекті мәселелердің біріне саналады.
Диплом жұмысының мақсаты. Ұлтымыздың асыл қазынасы салт дәстүрлерімізді балаларға насихаттау арқылы адамгершілік асыл қасиеттерді бала бойына сіңірудің түрлі әдіс - тәсілдерін қолданудың жолдарын қарастыру басты мақсат болып саналады. Осы мақсаттың негізінде төмендегідей міндеттерді қарастыру қажеттілік деп саналады:
- Қазақ салт дәстүрлері жайындағы мәселелерді талдау;
- Тал бесіктен жер бесікке дейінгі тәрбиедегі салт дәстүрлердің түрлері
мен үлгілерін айқындау;
- Халқымыздың қыз бала мен ұл балаға қатысты тәрбиелік дәстүрлерінің
түрлеріне тоқталу;
- Ұлттық салт дәстүрлеріміздің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні мен маңызын
айқындау, тәжірибелік құндылықтарына тоқталып, сараптамалар жасау.
Теориялық және әдіснамалық негізі, практикалық маңыздылығы.
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім - тәрбиенің белгілі жүйесін жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиімді тәсілдер болған. Олардың қай-қайсысының да педагогикалық мүмкіндіктері жоғары, өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері бар. Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі қайырымдылық пен қайырымсыздық, жақсылық пен жамандықты бір-біріне қарсы сипаттайды. Бұларды ажырата білуге үйрету үлкен ізденісті, түрлі тәсілдерді қолдануды қажет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы
Халық ауыз әдебиетінің оқытылу үрдісі
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ
Балалар әдебиеті – рухани қазына
Ауыз әдебиетінің жанрлық құрамы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақ фольклортану ғылымының тарихы, даму кезеңдері фольклор табиғаты мен тарихы туралы әр кезеңдердегі пікір-тұжырымдар
Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі және дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz