Linux операциялық жүйесіндегі wait()функциясы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
LINUX операциялық жүйе ретінде ... ... 4
Көпқолданбалы операциялық жүйелер ... ... .. 5

II Негізгі бөлім
1 LINUX.пен танысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.1 LINUX операциялық жүйесінің қысқаша тарихы ... ... ... ... ... . 6
1.2 LINUX.пен жұмыс жасауға ыңғайлы процессорлар ... ... ... ... . 7
1.3 OS.тің таралу ережелері ... ... ... ... ... .. 7
1.4 LINUX дистрибутивтері ... ... ... ... 8
2 LINUX.ке арналған бағдарламалар ... ... ... ... 9
3 LINUX жүйесінің күйге келтірілуі және конфигурациялары ... ... . 10
3.1 LINUX дыбыстық жүйенің күйге келтірілуі ... . 11
3.2 Графиктік ережелер үшін бейнеадаптер режимі ... ... ... ... ... ... 11
3.3 LOCALE: жүйедегі тілдер ... ... ... ... . 12
4 LINUX ортасында жұмыс істеу ... ... ... ... .. 13
4.1 LINUX.тің практикалық қолданылуы ... ... ... .. 14
5 Linux операциялық жүйесіндегі wait () функциясы ... ... ... ... ... ... . 15
5.1 Wait функциясының алгоритмі ... ... .. 16

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... . 21
Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды.
Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.
OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.
Бұл жұмыстың мақсаты Linux-тің мүмкіндіктері мен жұмыс ережелерімен танысу болып табылады. Бөлімдерде операциялық жүйенің жалпы мағлұматтары және оны дербес компьютерде қондырудың процесі келтіріледі. Сонымен бірге операциялық жүйеде графиктік және мәтіндік режимдермен жұмыс істеуге болатыны көрсетіледі. Және де кейбір администраторлау мағлұматтары мен OS-тің жан-жақты қамтылуы беріледі.
Linux – те инструменттердің жинағы қамтамассыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжат-тарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.
1. Арман Данеш “Linux Red Hat 7.1”. Полное руководство: А.Данеш – Киев, 2002 – 686с.

2. С. Ивановский “Операционная система Linux”. Позновательная книга плюс, Москва, 2000 – 511с.

3. Р. Петерсен “Linux” 2000. Руководство по операционной системе, Киев, 1997 – 687с.

4. К. Петцке “Linux от понимания к применению”. ДМК, Москва, 2000 – 572с.

5. Ч. Рассел “Unix и Linux”: книга переводов. СПБ, Питер, 1999-296с.

6. У.Девис. “Операционные системы”. Москва, “Мир”,1980ж.

7. Гардеев А.В., Молчанов А.Ю. “Системное программное обеспечение”. С-Петербург, “Питер”, 2001ж.

8. Э. Немет, Г. Снайдер - «Руководство системного администратора»,
Киев 2000.

9. Д. Бэкон, Т. Харрис - «Операционные системы», Питер 2004.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қолданбалы информатика кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Linux операциялық жүйесіндегі wait()функциясы

Оқытушы:Скакова А.

Студент:

Мамандығы: ЕТ және БЖ
Тобы: 205

Алматы 2007ж.

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 4
LINUX операциялық жүйе ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Көпқолданбалы операциялық жүйелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5

II Негізгі бөлім
1 LINUX-пен танысу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 6
1.1 LINUX операциялық жүйесінің қысқаша тарихы
... ... ... ... ... . 6
1.2 LINUX-пен жұмыс жасауға ыңғайлы процессорлар
... ... ... ... . 7
1.3 OS-тің таралу ережелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.4 LINUX дистрибутивтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2 LINUX-ке арналған бағдарламалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
3 LINUX жүйесінің күйге келтірілуі және конфигурациялары ... ... .
10
3.1 LINUX дыбыстық жүйенің күйге келтірілуі
... ... ... ... ... ... ... .. 11
3.2 Графиктік ережелер үшін бейнеадаптер режимі
... ... ... ... ... ... 11
3.3 LOCALE: жүйедегі тілдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
4 LINUX ортасында жұмыс істеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
4.1 LINUX-тің практикалық қолданылуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
5 Linux операциялық жүйесіндегі wait () функциясы
... ... ... ... ... ... . 15
5.1 Wait функциясының алгоритмі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

III Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 20

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Кіріспе

Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен
ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең
таралды.
Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде
қамтып тұр. Оны OS2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның
графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі
WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы
жасалған.
OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің
он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.
Бұл жұмыстың мақсаты Linux-тің мүмкіндіктері мен жұмыс ережелерімен
танысу болып табылады. Бөлімдерде операциялық жүйенің жалпы мағлұматтары
және оны дербес компьютерде қондырудың процесі келтіріледі. Сонымен бірге
операциялық жүйеде графиктік және мәтіндік режимдермен жұмыс істеуге
болатыны көрсетіледі. Және де кейбір администраторлау мағлұматтары мен OS-
тің жан-жақты қамтылуы беріледі.
Linux – те инструменттердің жинағы қамтамассыздандырылған, осы
инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжат-
тарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды
және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте
Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек
болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі
интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының
арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің
достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла
алады.

LINUX операциялық жүйе ретінде

“Linux” терминінің мағынасы толығымен анықталмаған. Ең алдымен ол
ядроны, Linuх-тің кез келген версиясының жүрегі ретінде білдіріледі. Ал кең
ауқымдағы мағынасы — дистрибутив деп аталатын, осы ядрода орындалатын
бағдарламалар жиынтығы. Ядроның мақсаты – бағдарламалар, соның ішінде
базалық аппараттық бағдарламалар мен есептеулерді немесе бағдарламалардың
орындалуын басқаратын жүйелер сияқты бағдарламалар орындалатын базалық
ортаны қамтамасыз ету.

Нақтырақ айтсақ, белгілі бір уақыт мезетінде Linuх-тің тек бір ғана
ағымдағы түрі бар, ол — ағымдағы ядро түрі. Торвальдс Linuх әлемінде ядроны
өз иелігі ретінде белгілеп, күллі дүниедегі мыңдаған құрастырушыларға осы
ядро үшін қолданбалы бағдарламалар мен қызметтер құруға мүмкіндік берген.
Кез келген анықтамадан шыққанда Linuх операциялық жүйе болып табылады.
Linuх-ті басқа дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелерден
айыратын ядроның ерекшелігі сонда — бұл жүйе көптапсырмалы және
көпқолданбалы болып табылады.

Көпқолданбалы операциялық жүйе

Windows-тің барлық версиялары мен МасОS жүйелері бірқолданбалы (яғни
бір қолданушыға арналған) болып табылады. Windows NT кейбір қызметтері
көпқолданбалылық жайында сөз етуге себеп береді, бірақ әр уақыт мезетінде
жүйемен тек бір адам жұмыс істей алады. Жақын арада Windows NТ-ді
көпқолданбалы платформа негізінде жаңа Windows NT Terminal Server Edition
жүйесін құру әрекеті ұйымдасқан болатын.
Linux бір уақытта бірнеше қолданушының жұмысын қамтамасыз етеді, бұл
оның көпқолданбалылық артықшылықтарын түгелдей пайдалануға мүмкіндік
береді. Бұдан үлкен құндылық шықпақ: Linux-ті қосымшалар сервері ретінде
дамытуға болады. Қолданушылар терминалдан немесе өздерінің дербес
компьютерлерінен жергілікті желі арқылы Linux серверіне шығып, өз
компьютерінен емес, осы серверден бағдармаларды жүктей алады.
Көпқолданбалылықпен қатар Linux-тің көптапсырмалылық қасиеті бар.
Бір кездерде есептеу жүйелері Windows 3.1-ден Windows 95-ке ауысқанда,
жаңа жүйенің көптапсырмалылығы негізгі құндылығы болып саналды.
Жүйенің көптапсырмалылығы – оның бірнеше операцияларды (үрдістерді)
бір уақытта орындай алуы. Сонда жалғыз процессордан құралған компьютер
бірнеше операцияны параллель орындай алады. Әрине, шынын айтсақ процессор
бірнеше әрекетті бір уақытта орындай алмайды, көптапсырмалылық негізіне бір
әрекеттен екіншіге шапшаң ауысуы жатады.
Әрқашан да Uniх жүйелеріндегі көптапсырмалылық Windows жүйелеріндегіден
гөрі жоғары деңгейде болды. Linuх бірнеше әрекетті үлкен корпоративтік
серверлер мен қуатты жұмыс станциялары үшін ерекше тәсілмен орындайды.
Қазіргі күндері тек Windows 2000 мен Windows NT ғана дәл сондай
көптапсырмалылықты қамтамасыз ете алады. Бір кездерде керемет шу көтерген
Windows 95-тің өзі бір уақытта орындалатын әрекеттердің көп санын әрең
орындап үлгереді.

II Негізгі бөлім
1 LINUX-пен танысу
1.1 LINUX операциялық жүйесінің қысқаша тарихы

Linux – операциялық жүйе, ол өте танымал Unix операциялық жүйенің
жиырма бес жылдық дамуының жоғары қасиеттерін қамтыды. OS Linux 1991 жылы 5
қазанда Хельсинки қаласындағы университетте оқыған авторы және иесі Линус
Торвальдспен (Linus Torvalds) тұңғыш рет сатылуға берілді.
Linux-тің бірінші түрі шыққаннан кейін екі айдан соң Линус Торвальдс
жаңа оперциялық жүйені таратты және басқаларды Linux-ті дамыту жұмысына
шақырды. Сондықтан Linux операциялық жүйесі бүгінгі күнде көптеген жер
шарының программистерімен дамытылуда және олардың жемісі көптеген Интернет
сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі күнге дейін Линус
Торвальдс болып саналады.
Linux Unix-тің жеңілдетілген түрінің қорында орналасқан, ол Minix деп
аталады. Алғашынан бастап Linux тез бейімделген, кіші және арзан
операциялық жүйе ретінде жасалады.

Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері:

• Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір мезгілде бірнеше
жұмыстарды орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын
қолданады.
• Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты дискінің бөлімін
виртуалдық жады ретінде пайдалана алады. Операциондық жадыда
активті процестерді сақтайды және дискіге програманың аз
қолданылатын бөлімдерін кіргізеді. Жүйенің барлық жадысы
қолданылады (виртуалдық және операциялық), Linux үшін
бағдарламалармен дискінің жалпы жадысы сипатталады.
• Операциялық жүйенің графиктік ортасы. XWindow – бұл стандартты
интерфейс, ол Unix-те графиктік мүмкіндіктерді орындайды.
• Linux барлық қолданбалы тор хаттамаларын, сонымен бірге Интернет-
хаттамасы TCPIP, желілік хаттамалары SMB және Novell, Nis
ақпараттық хаттамалары, NFS, WINS және т.б. желілік файлдық
жүйенің хаттамаларына жәрдемдеседі.
• Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы қайталанатын процедураларды
сақтаудың орнына жүйе стандартты кітапхана жиынын береді. Олар
қажет уақытта бағдарламаларға қосылады.
• SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына ұқсас болуы. Linux
көбінесе стандарттарды қолданады.
• Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux AT&T сияқты саудалық
дамытылуларын пайдаланбайды. Сондықтан әрбір адам өзінің OS
модулін жазуға мүмкіндік алады.
• Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан.
• Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке арналған
он вирус қана белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық жүйеге зиян
келтіре алмайды.

2. LINUX-пен жұмыс жасауға ыңғайлы процессорлар

Бүгінгі күні OS Linux түгел дерлік процессорлармен жұмыс жасай алады:
барлық Intel процессорлардан бастап (80386 SX-тан бастап) және оған ұқсас
(AMD, Cyrix процессорлары), Sun SPAR Cstation процессорлары, Apple, Intel
Itanium, DEC AXP компанияларынан Power Macintosh процессорлары және Atari
мен Amiga компьютерлерде қолданылатын Motorola 68000.
Сонымен қатар, Linux көппроцессорлы машиналарда SMP (мультипроцессорлық
жүйе) ұстайды. Бір мезгілде бір жүйеде 32 процессорға дейін жұмыс жасай
алады.

3. OS-тің таралу ережелері

“Linux тегін” – бұл Linux-тің әрбір түрі мен дистрибутивтерін
таратушылардың негізгі постулаты. Linux GNU GPL лицензиялық
сәйкестенушілікке байланысты таралады. Бұл мазмұнды және көлемді құжатты
қысқаша былайша беруге болады:
• Жүйе тегін таралады.
• Операциялық жүйе жиынын және оған кіретін мағлұматтарды сатуға
дайындалғаны үшін сатушының кез келген баға қоюға құқығы бар.
• Лицензияда көрсетілген сатып алушының құқықтарына сатушының қарсы
құқысы жоқ.

Соңғы бөлімше ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Дистрибутив құраушысы
және сатушы сатып алушыға дистрибутивті пайдалану құқығын береді, сатып
алушының оны көбейтуге және тегін таратуға мүмкіндігі бар. Бірақ Linux
тегін деп те айтуға болмайды: сатып алушы сатушыға оның компакт-дискіге
жазуға, қапталуы мен сатылу орнына әкелінуіне кеткен қаражатты төлейді.
Бұл бойынша Қазақстан Республикасында әрбір Linux дистрибутивінің
лицензиялық көшірме күнделікті 300-1500 теңге бағасымен сатылады.

4. LINUX дистрибутивтері

Дистрибутив үшін құжаттар бөлек беріледі. Бірақ оған көптеген ережелер,
анықтамалық файлдар және HOWTO кіреді, сондықтан сауатты қолданушы құжатты
қажет етпейді.
Linux-ті мықты құрастырушылар: Red Hat Inc., және Mandrake S.A.
өздерінің нұсқаларын дистрибутивке енгізеді, бірақ бұл OS жиынының
бағасының көтерілуіне әкеліп соғады.
Linux дистрибутивтері көптеген әр түрлі компаниялармен шығарылады.
Бүгінгі күні Linux-тің 90 түрі бар, бірақ олардың барлығы Unix
стандарттарымен ұқсас. Батыстағы Linux-тің негізгі құрастырушылары:
• Red Hat, Inc. – Red Hat Linux-тің үш түрін: Home, Standard және
Professional шығарады;
• Caldera, Inc. – Caldera Open Linux түрін шығарады;
• Debian Group – Linux Debian;
• Corel, Inc. – әмбебап саудаға қондырылуы ыңғайлы Corel Linux
шығарады, ол Linux Debian қорында сақталады;
• SUSE Group – S.U.S.E Linux-ті шығарады, әсіресе еуропалық тілдер
үшін локальданған.

Келесі дистирбутивтер ТМД территориясында өте танымал:

• “Процедура” қоғамынан Red Hat Linux. Бұл компания ТМД саудасы
үшін ыңғайлы бағамен сатылатын Red Hat дистрибутивтерінің
көшірмелерін шығарады.
• Ресей-француз “Mandrake S.A.” компаниясынан Mandrake Linux
дистрибутиві. Linux-тің бұл түрі жақсы орыстілдік локализациямен,
көлемді құжаттарымен және арзан бағамен танымал.
• Black Cat Group, BC Linux дистрибутивімен танымал. Бұл Red Hat
дистрибутивінің түрі, бірақ ол Украинаға ғана локальданған.

Техникалық аспектісінде бұл барлық дистрибутивтерінің айырмашылығы өте
бос қарастырылады (айырмашылықтар динамикалық кітапханаларда, аудармаларда
және қондырушы бағдарламалардың түрлерінде бар). Таңдаудың негізгі критериі
тек дистрибутивтің қателерінің, аударманың және бағаның болмауы болып
табылады.

2 LINUX-ке арналған бағдарламалар

Linux операциялық жүйесін түрлі бағдармаларды құру үшін пайдалануға
болады. Қазіргі кезде Linux-ке арналған мынадай бағдарламалық қамтамалар
бар:
DOS пен Windows-тің бағдарламалық қамтамалары. Linux-те орнықтылықтың
жоғары деңгейінде DOS бағдарламаларын орындауға болады. Windows-ке арналған
бағдарламаларды орындаудың да бірнеше әдістері бар.
XWindows қабықшасы. Бұл өте ыңғайлы, әрі көрнекті және оңай
конфигурацияланатын орта, ол сонымен қатар Linux көптеген жүйелерінде жұмыс
істейді. XWindows ортасында орындалатын көптеген бағдарламалар Linux-ті
қарапайым және ыңғайлы операциялық жүйеге түрлендіреді.
Мәтіндік редакторлар. WordPerfect, StartOffice және ApplixWare сияқты
коммерциялық мәтіндік редакторлардан басқа Linux-тің өзіне енген қуатты
мәтіндік файлдарды түзететін жабдықтары бар.

1 кесте. Мәтіндік файлдарға арналған командалар
Команда Түсініктеме
awk Мәтінге қолданылған мықты тіл
diff Мәтіндік файлдарды салыстыру
ed Қарапайым мәтіндік редактор
fold Қатардың орнын ауыстыру
grep Жол арқылы мәтіннің үзіндісін іздеу
head Файлдың бастамасын көрсету
pr Жаңа беттің бастамасы
sed Мәтіндік файлдарды қайта құру
sort Мәтіндік файлдарды реттеу
tail Файлдың соңын көрсету
wc Символдардың, қатардың және сөздердің статистикасы

Бағдарламалау тілдері. Көптеген бағдарламалау мен бағдарлама дайындау
тілдері, т.б. Linux операциялық жүйелеріне арналған жабдықтары бар.
Бағдарламалау жабдықтарының мол болуы бағдарламаларды құрастыруды
жеңілдетеді.
Деректер қоймалары. Барлық Linux платформаларындағыдай Linux клиент-
сервер деректер қоймалары үшін берік негізді қамтамасыз етеді. Linux
әрқашан да mSQL және Postgre сияқты деректер қоймаларын қолдайды. Жүйенің
дамуы, әсіресе корпоративті ақпарат әлемінде, Linux-ке арналған саудалық
реляциондық деректер қоймаларының серверлер санын арттыра түсті. Бүгін
Linux үшін реляциондық деректер қоймалары Огасlе, Sybase, Informix сияқты
компаниялармен ұсынылады.
Іnternet жабдықтары. Linux белгілі Netscape Communication және Моsаіс
сияқты бағдарламаларды қолдаумен қатар өзінің де Іnternet-ке арналған
бағдарламалық қамтамалары бар. Оларға электронды поштаны оқитын мәтіндік
және графиктік бағдарламалар, Іnternet серверлерін (Web-серверлер,
электронды пошта мен жаңалықтар серверлері) құруға арналған толық
бағдарламалық қамтамалар жатады. Іnternet-ке жергілікті желі немесе модем
арқылы қосылуды толық қолдау қамтамасыз етілген.

3 LINUX жүйесінің күйге келтірілуі және конфигурациялары

Жүйе қолданушы қондырғылармен қаншалықты тез жұмыс жасайтынына өте жиі
таңқалдыруы мүмкін. Linux мұндай қондырғылардың көбісіне жәрдемдеседі,
бірақ шығарушы мекемелердің көбі Linux-ті жақсы қабылдамайды және Linux-ке
жабдықталған аппараттық спецификасын бермейді. Қорытындысында – қондырғыға
жүйе жәрдемдеспейді.
Алайда жәрдемдесетін қондырғылардың драйверлерін қондыру процесі
Windows драйверін қондыруға қарағанда өте жеңіл.
Жүйенің бастапқы қондыруының көптеген операцияларымен командалық жолда
жұмыс істейтін setup бағдарламасы басқарады.
Setup бағдарламасының көмегімен OS-тің келесі функцияларын қондыруға
болады:

• Қолданушылар авторизация параметрлері.
• Брандмауэр.
• Перне тақтасының тілдері мен орындалу тәртібі.
• Тышқан түрі.
• Linux-тің желіде жұмыс жасау қондырғылары мен хаттамалары.
• Баспа құрылғысының түрі, спулер (баспа кезегі).
• Дыбыстық картаның түрі және дыбысты шығару параметрлері.
• Жүйелік сағат.
• XWindow-да жұмыс жасау мониторы және бейнеадаптері.

3.1 LINUX дыбыстық жүйенің күйге келтірілуі

Linux-та дыбыстық картаның жұмыс жасауы үшін setup бағдарламасын ашып,
оның ішінде “Sound card configuration” бөлімшені таңдау қажет. Setup
бағдарламасымен sndconfig модулі іске қосылады, ол оған танымал ISA және
PCI шиналарындағы дыбыстық карталарды іздейді.
Дыбыстық карта табылғаннан кейін қолданушыға дыбыстық картаның
толқындық генераторының тесті үшін дыбыстық үзіндіні қайта шығару, ал содан
кейін MIDI форматта “до”-дан “си”-ға дейінгі ноталар гаммасын қайта
шығару жүзеге асырылады.
Осыдан кейін дыбыс жәрдемінің қажетті модулі ядроға және жүйенің
старттық файлдарына қосылады.
Егер табылған дыбыстық карта жәрдемдеспейтін болса, онда ескермегенде
өзінің қолданатын дыбыстық драйверін тізімнен таңдауға мүмкіндік алады.
Егер дыбыстық карта қондырылмаса немесе Linux онымен жұмыс жасай алмайтын
болса, онда экран бетіне лайықты хабарлар шығады.
Дыбыстық драйверінің қондырылу процесінің визуализациясын қарамағанда,
Linux ядросының дыбыстық модульдерін қондыру өте жеңіл (Windows-та дыбысты
қондыруға қарағанда). Ал Windows интерфейстің түсінуіне кейде өзінің
қолданушыларын ерекше хабарлармен қуантады.

3.2 Графиктік ережелер үшін бейнеадаптер режимі

Дыбыстық картаның қондырылуынан кейін көптеген қолданушыларда толық
ашылатын мультимедиялық мүмкіндіктері бар Linux “жұмыс үстелін” көруге
ұмтылады.
Xfree86 XWindow (бұл графиктік ортаның толық атауы) ашу үшін
конфигурациялық файлды жасау керек. Оның ішінде әдетте компьютердің
бейнежүйесінің, қаріптердің, перне тақтасы мен тышқанның параметрлерінің
барлық жұмыс режимдері көрсетіледі. Бұл файл өте примитивті жабдық-тардың
конфигурациясымен жасалды, бірақ қазір бұл функцияны өзіне setup
бағдарламасы алады.

2 кесте Linux-тің көмегінсіз жүзеге асатын файлдық жүйелер
Түрі Түсініктеме
tmpfs Уақытша файлдарға арналған файлдық жүйе
ntfs New Technology File System (жаңа технологияның
файлдық жүйесі, WinNT)
Stacker MS-DOS үшін архивтелінетін файлдық жүйе
Double Stacker бағдарламасынан рұқсатынсыз көшірілген
Space аналогты жүйе

Дыбыстық карта сияқты бейнеадаптер түрінің анализі автоматты түрде
жүзеге асырылады. XСonfigurator модулі бейнеадаптер шығарушыны, оның
микросхемаларының (“чипсет”) жиынын, RamDAC бейнелі генератор түрін,
бейнежадының көлемін және бұл жабдықтармен жәрдемдесетін бейнережим-дерін
анықтайды.
Содан кейін қолданушыға ол жұмыс істейтін бейнережимді таңдауға
мүмкіндік береді, содан соң таңдалған режимдер қорында монитор тесті өтеді.
Егер қайсыбір таңдалған режим монитормен жәрдемдеспейтін болса, онда ол
тізімнен жойылады. XConfigurator қондырудың соңында оптимальді бейнережимді
(ол басқа режимді қабылдау немесе таңдау өздігінше болады) таңдайды, тышқан
мен перне тақтасының жүйелік қондыруын санайды және etcX11 каталогына
сиятын XF86Config конфигурациялық файлды жасайды.

3.3 LOCALE: жүйедегі тілдер

Қондырудың соңғы жұмысы локальді хабарлардың шығарылу тілінің
өзгертілуі болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Linux операциондық жүйесінде kill функциясын оқып үйрену және оны Си тілінде программалау
Linux операциялық жүйесіндегі pipe() функциясы
Сигналдар. Үрдістермен жұмыс істеуге арналған жүйелік шақырулар
Файлдарды көшіруді сұрау
WINDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Windows операциялық жүйесінің тарихы
SHELL-СКРИПТТЕРДІ БАҒДАРЛАМАЛАУ
Ағын түсінігі
Java және Android бағдарламасында мобильді құрылғы құру
Linux операциялық жүйесі жайлы ақпарат
Пәндер