Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі тиімділігін жоғарылату



Кіріспе
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Қазіргі заманғы банк жүйесін құру
2 Тәуекел.менеджментті ұйымдастыру
3 Қазіргі заманғы банктер тәуекелдерді басқару жүйелерін қалыптастыру
Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге Банк жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі принциптер айтарлықтай бұзылған жағдайда өзі де экономикалық тұрақсыздық көзіне айналуы мүмкін. Банктер жүргізетін барлық дерлік операциялар тәуекелмен байланысты. Банк қызметіндегі тәуекелдер өзінің атқарар қызметі бойынша экономика саласына жатады, алайда шаруашылық субъектілердің қызметіндегі тәуекелдермен салыстырғанда олардың айрықша ерекшеліктері бар. Банктер сәтсіз операциялар немесе нашар менеджмент салдарынан шеккен шығындар оның қаржылық жағдайына ғана емес, сонымен бірге оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіреді, сондай-ақ оның бизнестегі әріптестерінің мүдделеріне де кесірін тигізеді.
Әрине, банктер тәуекелдердің сан алуан түрлерінен қорғанудың түрлі тәсілдерін пайдаланады. Әлемдік практика тәуекелдерді төмендетудің және олардың алдын алудың барынша мүмкін әдістерін әзірледі, осыған қарамастан банктерге қаржы нарығының түрлі секторларында жұмыс істей отырып, көптеген тәуекелдермен беттесуге және шығындар мен кірістер алып келетін тәуекелдер арасында таңдау жасауға тура келеді.
Осы проблемаларға байланысты әр банкте тәуекелдерді басқарумен тікелей айналысатын функционалдық құрылым қалыптастыру қажеттілігі туындады. Аталмыш құрылым қазіргі заманғы талаптарға сәйкес тәуекел-менеджменті деп аталады және банкке қаржы нарығының барлық секторында тиімді жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуді, сонымен бірге пайыздық ставкалардың өзгеруі, валюта бағамдарының төмендеуі, қарыз берушілердің банкроттығы және т.б. сияқты қиындықтарды алдын ала уақытында болжап әрі оларға жол бермеуге тиіс.
1 Проблемы дефиниции и оценки экономических и политических
рисков //Труды научно-практической конференции «Наука и техника в XXI веке, актуальные проблемы повышения качества подготовки специалистов».- Шымкент, 2006.-144-148 б.-0,56 б.т.
2 Банк тәуекелділігінің басқару ерекшелігі мен экономикалық мәні // Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысы.- Алматы, 2007.- №5.- 232-234 б.-0,4 б.т.
3 Инновациялық технологиялар – менеджменттің тәуекелділігін жүзеге асыру құралы // АльПари экономикалық журналы.- Алматы, 2007.- № 3-4.- 138-139 б.- 0,3 б.т.
4 Менеджмент тәуекелділігі және оның банк қызметіне тигізетін әсерінің жағдайын талдау // Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысы.-Алматы, 2008.- №2.-220-222 б.-0,4 б.т.
5 Банк тәуекелінің көрсетілген моделін бағалаудың тиімділігін талдау // Халықаралық Бизнес академиясының ғылыми-практикалық журналы.- Алматы, 2008.- №3.-171-173 б.- 0,3 б.т.
6 Банктік тәуекелдермен басқаратын стратегияның қалыптасуы //. Халық¬аралық ғылыми-практикалық конференция материалдары «Үшінші Рысқұлов оқулары».- Алматы 2008.-291-297б.- 0,38 б.т.
7 Formation of risk management and risky bank strategies of second level // Ғылыми еңбектердің жинағы.- Түркия, 2007.-№ 170.-115-120 б.- 0,33 б.т.
8 Банктің тәуекелділік стратегиясы және оны бағалау әдістері // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары «Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері».- Шымкент, 2007.-216-220 б.- 0,5 б.т.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 336.711. 6 Қолжазба құқығында

КАЗАНБАЕВА ЖАНАР САПАРГАЛИЕВНА

Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі
тиімділігін жоғарылату

08.00.10 – Қаржы, ақша айналыcы және несие

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Авторефераты

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде
орындалған

Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының докторы,
профессор Н.Н.Хамитов
Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы,
профессор З.Д.Искакова
экономика ғылымдарының кандидаты С.Б.
Мақыш
Жетекші ұйым: Халықаралық бизнес университеті


Қорғау 2009 жылдың 24 сәуір күні сағат 14.00-де Т. Рысқұлов атындағы
Қазақ экономикалық университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін іздену жөніндегі Д 14.02.01 Диссертациялық кеңесінің отырысында
өткізіледі, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144
бөлме.

Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат ______ наурызда 2009 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы,
экономика ғылымдарының докторы А.Б.Темирбекова

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе
банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің
қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының
қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа
операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк
жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық
жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен
бірге Банк жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі принциптер айтарлықтай
бұзылған жағдайда өзі де экономикалық тұрақсыздық көзіне айналуы мүмкін.
Банктер жүргізетін барлық дерлік операциялар тәуекелмен байланысты. Банк
қызметіндегі тәуекелдер өзінің атқарар қызметі бойынша экономика саласына
жатады, алайда шаруашылық субъектілердің қызметіндегі тәуекелдермен
салыстырғанда олардың айрықша ерекшеліктері бар. Банктер сәтсіз операциялар
немесе нашар менеджмент салдарынан шеккен шығындар оның қаржылық жағдайына
ғана емес, сонымен бірге оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіреді, сондай-
ақ оның бизнестегі әріптестерінің мүдделеріне де кесірін тигізеді.
Әрине, банктер тәуекелдердің сан алуан түрлерінен қорғанудың түрлі
тәсілдерін пайдаланады. Әлемдік практика тәуекелдерді төмендетудің және
олардың алдын алудың барынша мүмкін әдістерін әзірледі, осыған қарамастан
банктерге қаржы нарығының түрлі секторларында жұмыс істей отырып, көптеген
тәуекелдермен беттесуге және шығындар мен кірістер алып келетін тәуекелдер
арасында таңдау жасауға тура келеді.
Осы проблемаларға байланысты әр банкте тәуекелдерді басқарумен тікелей
айналысатын функционалдық құрылым қалыптастыру қажеттілігі туындады.
Аталмыш құрылым қазіргі заманғы талаптарға сәйкес тәуекел-менеджменті деп
аталады және банкке қаржы нарығының барлық секторында тиімді жұмыс
жағдайларын қамтамасыз етуді, сонымен бірге пайыздық ставкалардың өзгеруі,
валюта бағамдарының төмендеуі, қарыз берушілердің банкроттығы және т.б.
сияқты қиындықтарды алдын ала уақытында болжап әрі оларға жол бермеуге
тиіс.
Банктер ондаған жылдардан астам уақыт қатаң нарық жағдайында жұмыс
істейтін дамыған шет елдерде бәсекелес ортада тіршілік ету тәжірибесін
бастан кешірді, олардың тәуекелді басқару теориясы мен практикасының тарихы
көп жылдармен есептеледі. Онда тәуекел-менеджменттің тиімді құрылымдары,
оның ұғымдық және құжаттық аппараты қалыптасқан, нарықтағы сол немесе басқа
оқиғаларға ден қоюдың айтарлықтай тәжірибесі жинақталған, осыған қарамастан
несие мекемелерінің оқта-текте банкрот болуына тосқауыл бола алмайды және
оларды сауықтыру жөнінде мемлекеттік және басқа да іс-шаралар жүргізіледі.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-
менеджментін дамыту мен олардың жай-күйі жөніндегі қазіргі теориялық және
практикалық ережелерді зерттеу тәуекел-менеджменті құрылымын ұйымдастыру
әдістерінің толық жетілдірілмегендігін және жеткіліксіз дамығанын анықтады.
Екінші деңгейдегі банктердің тәуекел-менеджментінің қолданыстағы жүйесін
ұйымдастыру және оның жұмысындағы кемшіліктерге байланысты заңнаманы
бұзғаны үшін банктерге ұйғарымнамалар мен түрлі санкциялар табыс ету,
кейбір ірі және белгілі банктердің банкроттыққа ұшырауы жатады. Сондықтан
тәуекел-менеджментінің құрылымын жоғарылату мен дамыту – банктердің ішкі
бақылауының өте қажетті элементі болып табылады. Ол халықаралық талаптарға
жауап беретін мықты әрі сенімді банктің қалыптасуына ықпал етуге тиіс.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-
менеджментінің қалыптасуының айта кетерлік ерекшелігі –оның менеджменттің
ілім ретінде дамуымен және еліміздің нарықтық ақша-несие жүйесінің
қалыптасуымен бір уақытта қалыптасып өркендеуі. Бұл ретте тәуекел-
менеджменті жөніндегі мамандар өз қызметінде әлемдік тәжірибенің осы
саладағы жетістіктерін барынша пайдаланады. Сонымен бірге даму және
қалыптасу, тиімділікті жоғарылату процесі өз мәресіне әлі де болса жете
қойған жоқ, ол банк қызметі қауіпсіздігінің жеткіліксіз деңгейіне
байланысты.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Күні кешегіге дейін тәуекелдерді басқару
ілімі қаржы менеджменті саласына енетін және оған өзіне лайық болатындай
мән берілмей келді. Тәуекелдерді басқару, дәлірек айтсақ, тәуекел-
менеджментін ұйымдастыру проблемаларына отандық, сондай-ақ шетелдік
экономист-ғалымдардың және практик-мамандардың да көптеген еңбектері
арналды. Олардың қатарында ең елеулілері П.С. Роуздың, О.И. Лаврушинның,
М.Е. Озиустің, Б.Х. Путнамның, Д.Ф. Синкидің, Е.П. Жаровскийдің,
И.М. Балабановтың, В.В. Ковалевтің, Б.И. Лисактың, А.Д. Шелекбайдың,
Р.Г. Ольховойдың, В.С. Пашковскийдің және т.б. еңбектерін жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасында тәуекел-менеджменті туралы ілімнің дамуының
қайнар көзін жетекші ғалымдар А.Д. Шелекбай, Л.Н. Корнилова,
Ғ.С. Сейітқасымов, Н.Н. Хамитов, С.Т. Міржақыпова, Б.И. Лисак және басқалар
ашты.
Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері тәуекелді басқару
мәселелерін баяндайды, тәуекелдердің түрлері, олардың алдын алу және
басқару тәсілдері кеңінен әрі жан-жақты қаралады, алайда, олардың қатарында
банк қызметінде тәуекел-менеджментін ұйымдастыруды зерттеу мен қарастыру
жөніндегі еңбектердің саны мардымсыз. Банк қызметінде тәуекел-менеджментін
дұрыс ұйымдастыру банктің тұрақтылығының пәрменді факторы бола тұра, сол
еңбектерде тәуекел-менеджмент құрылымының қызметін оңтайландыру, оның
жұмысының негізгі принциптерін енгізу жөнінде практикалық ұсыныстар жоқтың
қасы, сондай-ақ теория мен практика арасындағы алшақтық та сезіледі.
Тәуекел-менеджменті банк қызметіндегі банктің өзі үшін ғана емес, банк
қызметін пайдаланушылардың көпшілігі үшін де маңызы зор. Тәуекел-
менеджементінің функционалдық іс-шараларын сапалы ұйымдастырып жүргізуге
мүдделі адамдардың саны ойлағаннан неғұрлым көп. Мұның өзі банктер өз
қызметінің ерекшелігі бойынша өз клиенттерімен, акционерлермен және бизнес
бойынша әріптестермен – көп кәсіпорындармен және ұйымдармен, фирмалармен
және жеке тұлғалармен байланысты. Жарияланымдардың айтарлықтай санына
қарамастан, тәуекел-менеджментінің банк қызметіндегі қазіргі жай-күйі тым
жеткіліксіз зерттелген. Еліміздегі банк бизнесінің осы саласы жеткіліксіз
жетілдірілген және тиімділігін жоғарылату жөніндегі нақты ұсыныстар
әзірлеуді қажет етеді.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты және міндеттері. Диссертациялық
жұмыстың негізгі мақсаты – тәуекелдерді басқарудың теориялық ережелерін
қорытындылау, осы процестерді талдау және оның тиімділігін бағалау
негізінде қазақстандық экономика жағдайында банк қызметіндегі тәуекел-
менеджменті жүйесін жетілдіру болып табылады.
Аталған мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
– тәуекелдерді басқаруға және тәуекел-менеджментін ұйымдастырудың
теориялық тәсілдемелерін зерттеу;
– банктерде тәуекел-менеджментін әдістемелік қамтамасыз ету мен оны
ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында, банктер қызметіндегі
тәуекел-менеджменті жөніндегі қолда бар әдістемелік базаны зерттеу;
– дамыған шетелдердегі тәуекел-менеджментінің жай-күйін талдау және
еліміздің банктерінде жоғары сыныпты тәуекел-менеджменті құрылымын
ұйымдастыру жөнінде ұсыныс әзірлеу;
– тәуекел-менеджменті қызметінің негізін қалаушы принциптерді әзірлеу
мақсатында оның жұмысының бағыттары мен әдістерін зерттеу.
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері
болып табылады.
Зерттеу пәні банктерде қолданылатын тәуекелдерді басқару және тәуекел-
менеджментін ұйымдастыру жүйесі.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін қалайтын отандық және
шетелдік экономистердің еңбектері, халықаралық қаржы ұйымдарының жекелеген
әзірлемелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнама актілері, Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
қаржы институттарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің
нормативтік құжаттары. Зерттеу процесінде монографиялық және статистикалық
материал, экономикалық, ғылыми-техникалық және бұқаралық ақпарат
құралдарының жарияланымдары пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Банк қызметінде тәуекел-менеджментті
жетілдіру, сонымен бірге банктерде тәуекел-менеджменттің сапасын
жақсартуға, сондай-ақ оның тиімділігін жоғарылатуға бағытталған міндеттер
кешенін шешу қажеттілігі мәселесін қарастыру және оны теориялық негіздеу
болып табылады.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
– банкте тәуекел-менеджментті ұйымдастыру айрықшалықтары мен салалық
ерекшеліктерін ескере отырып, банк қызметіндегі тәуекел-менеджментке
авторлық анықтама беру;
– тәуекелдерді басқару тәсілдемелері;
– қаржы инновациялары ұғымының анықтамасы және банк тәуекелдерін
барынша азайту құралы ретіндегі секъюритизациялауды пайдалану
әдістері;
– тәуекел-менеджментті ұйымдастыру сызбасы және оның принциптері;
– тәуекел-менеджменттің негізгі элементі ретіндегі контроллинг
әдістері;
– тәуекел дәрежесі көтеріңкі актив операциялар бойынша банк
тәуекелдерін бағалау жүйесі.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Банк қызметіндегі тәуекел-
менеджментін жетілдіру жолдары анықталып ұсынылған. Оның негізгі
ережелерін, қорытындылары мен ұсыныстарын іске асыру банкті басқару
аппаратына (ішкі бақылау жүйесіне) тәуекелдердің алдын алу процесінің
сапасы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ жалпы банк
жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға және сенімділігін қолдауға ықпал етеді.
Диссертацияның теориялық және практикалық бөлімдері экономика оқу
орындарының, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін жетілдіру
институттарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің сыналуы. Зерттеу жұмысының негізгі қорытындылары
мен ұсыныстары халықаралық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік
конференцияларда талқыланды.
Диссертацияның негізгі ережелері Мирас университетінде Банк ісі,
Банк тәуекелдері курстарын оқу кезінде оқу процесіне, зерттеу жұмысының
нәтижелері Темірбанк АҚ ШФ-ның практикалық қызметіне енгізілген.
Жарияланымдар.
Зерттеу тақырыбы бойынша 3,17 баспа табақтан тұратын 8 мақала жарық
көрді. Оның ішінде үш мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитетінің нұсқауындағы экономикалық басылымдарда
жарияланған.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, сонымен
бірге 33 кесте, 10 сурет, қосымшалар келтірілген.

негізгі бөлім

Бүгінгі таңда банк секторы Қазақстанның қаржы жүйесінің ең сыйымды және
жылдам дамушы сегменті болып табылады. Соңғы жылдары республиканың банк
жүйесі ТМД елдері ішінде қарқынды дамуымен ерекшеленді. Осы процеске салық-
бюджет саясатының салиқалы бағытының қолдауы, мұнай экспортынан кірістің
өсуі, сондай-ақ елдің қаржы жүйесінде пәрменді реформалар жүргізуге арқа
сүйеген қолайлы макроэкономикалық жағдай ықпал етті. Екінші деңгейдегі
банктердің (ЕДБ) активтері 2000 жылы
527,9 млрд. теңгеден 2006 жылы 8,8 трлн. теңгеге дейін өсті (өсім 1581,1 %-
ды құрады), меншік капиталда, сондай-ақ 97,6 млрд. теңгеден 879,5 млрд.
теңгеге дейін өсті (өсім 801,1 % құрады. Осы өте жоғары көрсеткіштер басқа
да салыстырмалы көрсеткіштермен расталады. Мәселен, Қазақстан
Республикасының ЖІӨ қатысында ЕДБ активтері 2000 жылы 20,3%-дан 2006 жылы
91,1 % -ға дейін өсті. Қазақстан Республикасының Қаржылық қадағалау
агенттігі жақын арадағы үш жылда екінші деңгейдегі банктердің меншік
капиталы үш есеге, активтері екі есеге, несиелер мөлшері – 2,5 есеге,
несилер мен депозиттер мөлшері – үш есеге өседі деп болжайды. Қадағаланатын
үрдіс
ҚР ҰБ екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптарды олардың қаржылық
тұрақтылығы мен сенімділігін арттыру мақсатында бірте-бірте қатаңдату
саясатымен тікелей байланысты.
Қазіргі заманғы банк жүйесін құруда қол жеткізген табыстарға
қарамастан, қазіргі таңда қазақстандық банктер алдында бірқатар ағымдағы
мәселелер мен проблемалардың шешімін табу қажет, оларды ойдағыдай іске
асыру банктердің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Қазақстанда банк ісін тиімді дамытудың маңызды элементі несиетік
ұйымдардың ішкі және сыртқы бақылау жүйесін құру тәсілдемелерін жетілдіру
болып табылады.
Жүргізілген зерттеулер нарық жағдайында бақылаудың мәні де өзгеретінін
көрсетті, ендігі уақытта ол:
– басқарушылық қызметтің ажырамас бөлігі;
– басқарушылық шешім қабылдау процесінде ақпараттық қамтамасыз етудің
көзі;
– басқарушылық шешімдердің орындалуы туралы қажетті ақпарат алуға
болатын кері байланыс механизм ретінде болады.
Банк тәуекелдері экономикалық тәуекелдер санатына кіретіні белгілі,
сонымен бірге олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген тәуекелді
оқиғаның салдарынан банкке шығын, залал келтірілуі немесе банктің имиджіне
көлеңке түсуі мүмкін, ал осы залалды бірқатар уақыт өткеннен кейін ғана
бағалау мүмкін. Тәуекелдің осындай көп жақтылығы оны бірнеше қырынан қарау
қажет екенін растайды, ал осыдан бағалайтын көп жіктелім мен тәсілдеме
пайда болады. Кез келген өндірістік және коммерциялық қызмет өзіне тән
тәуекелді болып табылады, өйткені іс-әрекет басталғанда олардың тиімділігі
ішінара ғана белгілі.
Тәуекел кәсіпорындар мен коммерциялық банктердің өзара іс-әрекет жасау
жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Банктер мен кәсіпорындардың өзара
іс-әрекет жасау тәуекелдігін кешенді бағалау әдістемесі бар, оны
төмендегі формула бойынша есептеуге болады:

(1)

мұнда: Rф(сов) – өзара іс-әрекет жасаудың нақты жиынтық тәуекел
көрсеткіші;
bk – топтық нақты тәуекелдің (кәсіпорын мен банктің) k-ші көрсеткішінің
маңызын сипаттайтын параметр;
Rф(r)k – топтық нақты тәуекелдің k-ші көрсеткіші.
Біз зерттеген менеджмент және тәуекел-менеджменті теорияларының
негізінде тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі маңызын білдіретін
анықтаманы ұсынамыз: тәуекел-менеджмент банк қызметінде ұйымдастырылған
жүйе болып табылады. Осы жүйенің мақсаты банк тәуекелдерін барынша
қысқарту, олардың алдын алу, қадағалау, оларды бақылау және мониторинг
жүргізу, сондай-ақ жоспарланған пайданы алу және банктің имиджін нарықтың
тұрақты қаржы субъектісі ретінде сақтау үшін барынша күш-жігер салу болып
табылады.
Тәуекел-менеджментті ұйымдастыру үшін банктердің қосымша қаржы шығыны,
басқару, қадағалау және талдау жүйелерінің болуын, сонымен бірге тәуекелге
бас ұра алатын және банктің беделі, оның қаржылық жай-күйі немесе тіпті
банкроттық жөнінде сөз қозғалған қиын жағдайда жеке-дара дұрыс шешім
қабылдай алатын жоғары білікті мамандарды даярлауды қажет етеді.
Шетелдік тәжірибені зерттеу банк жүйесінде тәуекел-менеджментті күшейту
проблемасы батыс Еуропа елдерінде өзекті болып табылатынын көрсетті. Осы
елдерде сыртқы аудиторлар жылына бір рет жүзеге асыратын сыртқы бақылаумен
салыстырғанда жұмыстағы жол берілген кателіктерді, туындайтын тәуекелдерді
ерте білу және ықтимал шығындар мен залалдардың алдын алу мақсатында күн
сайын жүргізілетін ішкі бақылаудың күшейгені байқалады. Тәуекел-менеджмент
бастапқы бақылау жүйесінен ерекшеленетін ішкі бақылау жүйесінің маңызды
элементі, сондай-ақ мәмілелер мен операцияларды күнделікті бақылау,
тәуекелдерді басқару, реттеу және бақылау жүйесі болып табылады.
Қазақстанның Ұлттық банкі банк қызметінің тәуекелін басқару мен
мониторингінде тәуекелді келесі түрлерге бөлуді ұсынады:
1) кредит тәуекелі;
2) пайыз тәуекелі;
3) өтімділіктің ысырап болу тәуекелі;
4) операциялық тәуекел;
5) валюталық тәуекел;
6) баға тәуекелі;
7) ел (трансферлік) тәуекел;
8) құқықтық тәуекел;
9) бедел тәуекелі.
Банк қызметінде кез келген операция орындағанда тәуекелдік болады,
өйткені тәуекелдіксіз кәсіпкерлікті елестету мүмкін емес. Банк
операцияларымен байланысты тәуекелдіктерді басқару – іс жүзінде банк
қоржынымен, яғни банктің кірісін қамтамасыз ететін активтердің қажетті
жиынымен байланысты тәуекелдіктерді басқару болып табылады.
Банкроттық немесе банкті тарату адамдардың түрлі санаттарын (жеке
тұлғалар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлер, басқа қаржы мекемелері) орасан зор
қаржы қиындықтарына ұшыратады.
Тәуекелдерді басқару функциясы банк қызметінің барлық бағыттарымен
ұштасады. Бірқатар қаржы тәуекелдері актив операциялармен, ең алдымен
кредиттік және инвестициялық қызметпен байланысты. Салымдарға,
депозиттерге, құнды қағаздарға есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы
қалдықтар түрінде қаражат тарту жөніндегі қызмет көптеген тәуекелдермен
байланысты.
Банк экономикалық жүйенің сенімділігінің негізін қалайды, сондықтан
өзінің анықтамасына сәйкес қоғамның ең сенімді институттарының бірі болуы
мүмкін. Біздің экономикалық және құқықтық орта тұрақсыздығымызда банктер
мемлекеттік қолдаудың болмауынан және қалыптасқан қоғамдық дәстүрлерге арқа
сүйемей өз клиенттерінің қаражатын сақтап қана қоймай, іс жүзінде өздері
көбейтуге тиіс.
Банкте тәуекел-менеджмент жүйесін құру тәуекел болуы мүмкін
операциялардың ашықтығы мен оларды уақытында анықтауға ықпал етуі тиіс.
Банктердің басым көпшілігі клиенттердің (салымшылардың) қаражатымен жұмыс
істейтіндіктен, ішкі тәуекел-менеджмент жүйесінің болуы тәуекелдермен бетпе-
бет келуді барынша төмендету және тиісінше банктің залалдарын қысқартуға
ықпал етуге тиіс деп ойлаймыз.
Мұның өзінде тәуекел-менеджмент жүйесі банктің ішкі бақылау жұмысының
төмендегі жалпы және ерекше принциптеріне сәйкес болуға тиіс:
– тұтастай ішкі бақылау жүйесіне қатысты және банктің жұмыс
тиімділігіне ықпал ететін принциптер;
– басқару жүйесін ұйымдастыруға қатысты принциптер;
– тәуекел факторларын басқаруға қатысты принциптер;
– ақпаратқа қатысты принциптер;
– электрондық ақпараттық жүйелерге қатысты принциптер.
Қорытындыланған сапа көрсеткіштерін белгілеу үшін тәуекел-менеджменттің
ойдағыдай процесіне тән сипаттамалар анықталды, олар: ашықтық, өлшем
дәлдігі, уақтылы сапалы ақпарат, әртараптандыру, дербестік, егжей-тегжей
стратегиясы. Соңғы жылдары салада тәуекелдерді басқарудың арнайы
механизмдері әзірленген болатын. Жүргізілген талдау тәуекелдерді басқаруды
келесі жүйеге біріктіру тәсілдемесін жасауға және әрбір элемент шектерінде
топтардан тәуекел-менеджмент құралдарын жеке бөліп алуға мүмкіндік береді
(Кесте 1):

Кесте 1- Тәуекелдерді басқару жүйесі

Тәуекелдерді басқару жүйесінің элементтері
Операция жүргізуден Тәуекелдерді болжау Ысырапты материалдық
ішінара немесе өтеу
толықтай бас тарту
1. Сенімсіз клиенттер 1. Ықтимал ысыраптың 1. Сақтандыру.
мен әріптестерді барынша көп шамасын және 2. Хеджерлеу
анықтау. барынша аз шамасын алдын 3. Ішкі бақылауды
2. Тәуекелі жоғары ала есептеу. күшейту.
операциялардан бас 2. Ысыраптың ықтималдығын4. Тәуекелдер
тарту. анықтау. мониторингін енгізу
3. Қисынсыз ысырапқа 3. Ықтимал ысыраптың
жол бермеу. уақытын есептеу.
Тәуекелдерді басқару объектілері
1. Қаржы тәуекелі 1. Өтімділік тәуекелі 1. Пайыздық тәуекел
2. Валюталық тәуекел 2. Операциялық тәуекел 2. Қор тәуекелі.
3. Несиетік тәуекел 3.Валюталық тәуекел.
4. Инвестициялық 4. Несиетік тәуекел.
тәуекел 5. Инвестициялық тәуекел
Ескерту-Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген

Қазіргі заманғы банктер тәуекелдерді басқару жүйелерін қалыптастырғанда
бірқатар қиындықтармен кездеседі. Осы проблемаларды төмендегі санаттар
түрінде құрылымдарға бөлуге болады:
1. Ұйымдастыру проблемалары: банк акционерлері тарапынан тәуекел
менеджментінің маңызын (пайдалылыққа баса назар аударуын, шетелдік
тәжірибеге қарамастан біздің тарихымызда сол немесе басқа тәуекелдердің
ықпал ету салдарынан акционерлер залал шеккен дағдарыстардың болмағанын)
жеткіліксіз түсіну.
2. Кадр проблемалары: тәуекелдерді басқару саласында білікті
қызметкерлердің болмауы тәуекел-менеджменттің құрылу тиімділігін
айтарлықтай төмендетеді, бұл жүргізілген мөлшерлік есептеулердің
нақтылығы мен объективтілігіне әсер етеді.
3. Техникалық проблемалар нақты тарихи және талдау деректерінің болмауы
немесе олардың қорытындыланбауы. Біздің экономика жағдайына
бейімделген және бүкіл банк жүйесі шеңберінде салыстырма талдау
жасауға мүмкіндік беретін әдістемелердің болмауы.
Ұқсас мысал ретінде әлемдік тәжірибені пайдалану, сондай-ақ халықаралық
стандарттарды (Базель ІІ) кезең-кезеңмен енгізу негізінде тәуекелдерді
басқару жүйесін құрып пайдалануға болады. Осы жүйеде тәуекелдерді бағалау
математикалық модельдерді қолдану нәтижесі емес, ол үздіксіз процесс
ретінде қарастырылады. Базель ІІ-нің негізін қалаушы бағыттарының біріне
сәйкес мониторинг, яғни несиетік ұйымның қаржылық жай-күйін бағалау,
бақылау және болжау мақсатында оны жүйелі түрде бақылау қарастырылады.
Мониторингпен қолданылу саласы, несиетік қоржын, қамтамасыз ету,
тәуекелдер, лимиттер, өтімділік, нарық ортасы және т.б. қамтылады. Базель
ІІ-де басқарушылық есеп тәуекелдерді басқару жүйесінің ажырамас бөлігі
болып табылады.
Тәуекел-менеджментті талдауда төмендегі факторлар назарға алынады:
– банк басшылығы біліктілігін, басшылық жасау және әкімшілік ету
қабілетін көрсетуге тиіс;
– банк басшылығы заңнаманы және белгіленген ішкі ережелерді, ҚР ҰБ
тің және ҚҚА-тің, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудиторлардың
ұсыныстарын сақтауға;
– банк басшылығы экономикалық ахуалдың өзгеруіне, банк ортасының
өзгеруіне бейімделуін (тактика мен стратегияның оралымдылығын)
көрсетуге тиіс;
– банк басшылығы тиісті ішкі жұмыс ережелерінің әзірленуі және
олардың орындалуы үшін толықтай жауап беруге;
– банк басшылығы тәуекелдерді басқарудың тиісті біліктілігін
қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлерді оқытуға;
– банк басшылығы пайдакүнем іс-әрекеттердің кез келген көрінісі,
әсіресе банкпен ерекше қатынастар байланысты тұлғаларға жеңілдікпен
қарыз беруге қатысты сынға ұшырайды.
Диссертациялық зерттеудің жеке тарауында тәуекел-менеджменттің жай-
күйі, оның даму деңгейі мен оның тұтастай банк қызметіне ықпал етуі
зерттеліп талданды. Осы зерттеулердің нәтижесінде біз төмендегідей
қорытындыға келдік. Барлық дерлік шетелдік банктердің дербес тәуекел-
менеджменті бар, олар туындайтын тәуекелдердің ерте анықтауға, сондай-ақ
ықтимал ысырап пен залалдарға жол бермеуге ықпал етеді. Ал отандық
практикада банктердің барлығы тәуекел-менеджменті жүйесін құрудың
қажеттілігін әлі де болса мойындамай және оның қажеттілігін бағаламай отыр.
Ал тәуекел-менеджемент жүйесі құрылған банктерде банк менеджментінің осы
маңызды құрылымының міндеттер мен принциптері әлі де толықтай
белгіленбеген.
Кредиттік тәуекелдің шығу тегі ықтимал қарыз алушының кредит төлеу
қабілеті, сондай-ақ оның өзіне алған міндеттемелерді орындауға
жауапкершілікпен қарайтыны жөніндегі толық ақпараттың болмауымен
байланысты. Осы себептен кредит беруші әрқашан ысырапқа тап болуы
тәуекеліне бас тігеді. Аталмыш фактор тараптарға қалыптасқан жағдайдан
пайда алуға мүмкіндік береді. Кредит беруші жағдайды бағалай отырып нақты
мәміле үшін кредит бойынша көтеріңкі пайыз тағайындауы мүмкін, бұл жерде
қызметті сатып алушы да тәуекелге бас тігеді. Алайда қарыз алушылар өзінің
кредит төлеуге қабілеттілігіне қатысты банкті алдайды, сондықтан кредиттік
тәуекел қарыз берушіге ауыртпалық салады.
Банктер кредит нарығында таралған ақпараттың сапасын төмендегі
факторлардың есебінен жақсартады:
– банк пен клиенттің арасында қалыптасқан қатынастар, клиенттің
кредиттік тарихы жағымды болған жағдайда ол қаржы делдалдарына
инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Тек банк қана
клиенттер туралы мәліметтерді пайдалана алады, ал мұның өзі капитал
нарығында бәсекелестер мен кредиторлар алдында оған артықшылық
берілуін қамтамасыз етеді;
– кәсіпорынның банк кредитіне қол жеткізуі нарыққа оның қаржылық жай-
күйін және даму келешегін жариялау болып табылады;
– қарыз берушілерді бақылауды жүзеге асырғанда банктердің сараптама
жүргізуі капиталдар нарығымен салыстырғанда олардың осы салада да
артықшылыққа ие болуын қамтамасыз етеді.
Кредиттік тәуекелді төмендетуде ықтимал қарыз алушылардың қаржылық жай-
күйі мен кредиттік тарихтары туралы мәліметтер бар, шетелде кеңінен
таралған дерекқорлардың маңызы зор. Кредиттік талдау үшін кәсіпорындар
бойынша кешенді анықтамалар дайындайтын кредиттік бюро маңызды ақпарат көзі
болып табылады. Ақпараттық компаниялар осы тектес қызметтер көрсетеді,
сондай-ақ олар рейтингтер жасап, оларды жариялайды.
Банктердің тәуекелдік стратегиялары мәселелерін қарастыра отырып,
банктердің тәуекелдерді басқару жөніндегі әлемдік ауқымды тәжірибесінің
болуына қарамастан, отандық банк жүйесінде проблемалық активтердің, атап
айтқанда қайтарылмаған кредиттер үлесінің жылдан-жылға артуы байқалады. Бұл
жағдай тәуекелдер әруақытта қалыптасқан жағдайға сәйкес бағаланбайтынын
растайды. Екінші деңгейдегі банктер әрбір тәуекелді жағдай бойынша сыни
ахуалды нақты бағалау мақсатында тәуекел-менеджмент жүйесінің рөлін, маңызы
мен функционалдық саапасын күшейту қажет.
Банк активтері мен пассивтерінің жай-күйін талдау нәтижесінде
әдебиетте банктердің тәуекел-менедежмент жүйесін енгізу мен дамуының екі
негізгі себептері жеке бөлініп атап өтіледі. Біріншіден, көптеген
банктердің басшылығы тәуекел-менеджментті дамытудың қажет екенін, онсыз
бүкіл банктің тұрақты дамуы қиын болатынын түсінді. Бұл бүкіл тәуекел
басқару жүйесінің дербес дамуында ойдағыдай табыстарға жетуге септігін
тигізді. Сонымен бірге, олар халықаралық қаржы институттарымен
ынтымақтастық жасау қажет екенін, бұл халықаралық стандарттарға жетуге
ықпал ететінін түсінді.
Екінші жағынан, тәуекел-менеджменттің дамыған жүйесінің болуын
халықаралық деңгейдегі де, сондай-ақ республика үкіметі деңгейіндегі
қадағалаушы-реттеуші органдардың өздері де қолдайды. Банктердің қазіргі
заманғы тәуекел-менеджментті өз еркі бойынша енгізуге мүмкіндігінің
болмауын ескере отырып, ҚҚА екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді
басқару жүйесінің жұмысын енгізіп, ұйымдастыруды міндеттейтін нұсқаулықты
қолданысқа енгізуге шешім қабылдады. Сонымен бірге банктердің тәуекел-
менеджмент жүйесін дербес халықаралық аудиторлық компаниялардың жылына бір
рет міндетті аудит жүргізу банктерге қойылатын тағы бір маңызды талап
ретінде қойылды.
Соңғы он жылда, 80-ші және 90-шы жылдардың ортасындағы нарықты реттеу
нәтижесінде инновациялық процестердің ауқымы түбегейлі өзгерді. Бұрын соңды
осынша қысқа уақыт аралығында мұндай көп өзгеріс болмаған. Сондықтан тек
жаңа қаржы өнімдері мен қызметтердің пайда болуы ғана барлық өзгерістерге
қарамастан нарыққа тұрақтылықты және басқаруды сақтап қалуға көмектесті.
Әлбетте, халықаралық бірлесу мен шаруашылық қызметті ғаламдандыру,
халықаралық нарықтардың тұрақсыздануы мен экономикалық дамудың әркелкі
дамуының күшеюі қаржы инжинирингінің пайда болуының негізгі себебіне
айналды.
Шетелдік зерттеулердің көпшілігі практикалық бағытты ұстанады, олардың
авторлары нарық тәуекелдерін төмендету мақсатында банктердің күнделікті
жұмысында қолданылатын нақты сызбалар мен механизмдер әзірлегісі келген.
Еңбектердің басым көпшілігінде мәмілелерді және түрлі банк операцияларын
секъютеризациялаудың түрлі формалары, сондай-ақ банк құралдарының сол
немесе басқа түрлерін қолдану жөнінде айтылады.
Біздің түсінігіміз бойынша қаржы инновациялары – қаржы нарығы
құралдарының, сондай-ақ банк құралдарының дамуында байқалатын ұзақ мерзімді
процесс.
Қаржы инновациялары – аса маңызды ауыспалылардың, адам капиталының,
нарық жағдайының, реттеу және банк қызметкерлерінің корпоративтік мәдениет
жүйесінің функциясы.
Білім әлеуетін басқару жүйесінде инновация жасау және оны енгізуде адам
капиталы негізгі рөл атқарады. Қаржы инновациясы банк жүйесінің қазіргі
заманда дамуының ең айқын әрі маңызды үрдісі болып табылады.
Инновациялық құралдарды іздестіру мен енгізу макроортадағы, нарық
жағдаятындағы өзгерістермен, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогрестің
жетістіктерімен байланысты (Сурет 1).
Банк тәуекелдерін басқару саясаты банктің жалпы қаржы стратегиясының
бөлігі болып табылады, ол түрлі қаржы операцияларын жүзеге асырумен
байланысты тәуекелдердің қаржылық салдарын ырықтандыру жөніндегі іс-шаралар
жүйесін әзірлейді. Алайда соңғы уақытта тәуекелдерді басқару саласында жаңа
үрдістер пайда болды: тәуекелдер айқындала түсті, тәуекел мөлшерін
анықтайтын әдістер кеңірек пайдаланады, тәуекел жан-жақты бақылауға алынып,
өлшене бастады, жаңа әдістемелер мен ұйымдастырушылық технологиялар пайда
болды. Осының барлығы менеджмент тарапынан да, сондай-ақ тәуекелдерді
басқару проблемаларына меншік иелері тарапынан да баса назар аударуына
себеп болды.

Сурет 1-Банк ортасында қаржы инновацияларының қалыптасу жағдайы
(Ескерту-Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген)

Қазақстанда банк мекемелері көп және олардың барлығының меншік
капиталының біршама төмен болуынан оларда тұрақсыздық орнауы мүмкін, демек
клиенттердің, инвесторлардың және салымшылардың тарапынан банк жүйесіне
сенімсіздік тудыруы – Қазақстандық банк жүйесінің бірінші және ең басты
проблемасы болып табылады. Әлемде және Қазақстан көлемінде де күшейіп бара
жатқан бәсекелестік Ұлттық банк тарапынан өздерінің меншік қаражатының
мөлшерін Қазақстанға келетін әлемдік банк институттарымен бәсекеге түсуге
мүмкіндік беретін деңгейге жеткізу үшін күш-жігер жұмсауды қажет етеді.
Сондықтан Қазақстанның банк қызметін сауықтыру үшін банктердің меншік
капиталын ұлғайту және тиісінше тұтастай банк жүйесінің тәуекелін төмендету
жолында іс-әрекет жасау қажет. Банктердің меншік капиталын ұлғайту әдістері
көп емес. Ең алдымен, бұл инвесторлардың арасында қосымша акциялар
эмиссиясын қарастырады. Іс жүзінде акциялар эмиссиясында нарықтың жаңа
эмиссиялар сатып алу мүмкіндігі әрдайым ескерілуге тиіс.
Банк өз инвестицияларының сенімділігіне сенімді болғанда ғана нақты
құралды пайдалана бастайды. Банк үшін жаңа құралдарға және инвестициялық
салаларға салымдар, банктер арасындағы өршіп келе жатқан бәсеке нәтижесінде
ғана салынады.
Қарастыруды қажет ететін келесі мәселе – Ұлттық банк жүйесінің
бәсекеге қабілеттілігін жақсарту жолдары. Қазақстандық банк жүйесінің
шетелдік банктерден айырмашылығы – көрсетілетін қызметтер аясының тарлығы.
Мәселен қазақстандық банктер практикасында қолданылатын тек дәстүрлі
құралдар банктерге қойылатын талаптарға жауап бермейді.
Банктердің практикасына электрондық төлем карточкаларын енгізу
көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтудің екінші келешек жолының мол бағыты
болып табылады. Аталмыш нарық қазіргі таңда іс жүзінде әлі құрылған жоқ, ал
оның келешегі – аса мол.
Қазақстан банктері ұсынатын қызметтердің саны тым шамалы, ал
қызметкерлердің саны әлемдік практикамен салыстырғанда керісінше өте көп
екенін айтып өту қажет. Демек, қазақстандық банктер жаңа қызметтер енгізу,
сондай-ақ банк жұмысын автоматтандыру және қызметкерлер санын қысқарту
арқылы өзінің пайдалылығын айтарлықтай арттыруға және тиісінше өздерінің
бәсекелік жайғасымдарын елеулі жоғарылатуы мүмкін.
Кепілзат облигацияларын шығару активтерді секъюритизациялаудың
инновациялық процесіне жатады. Айтарлықтай тәуекелге ұрындыратын банк
операцияларын секъюритизациялау бір жақты мағынада айтқанда өтімсіз
активтерді нарық үшін қолайлырақ формаға, яғни құнды қағаздарға
шоғырландырып өзгертуді білдіреді. Секъюритизация банк институттарының
активтері мен міндеттемелерінің құрамы мен құрылымына айтарлықтай ықпал
етеді:
– ипотекамен, банк акцептерімен қамтамасыз етілген облигациялар,
коммерциялық қағаздар, құнды қағаздар нарығын пайдалану арқылы
дәстүрлі банк несиелеуден ілгері жылжу байқалады, сонымен бірге
банктер ұзақ мерзімді айналыстағы құнды қағаздар нарығында белсенді
қарыз беруші ретінде болады;
– көбінесе облигациялар мен айналатын депозиттік сертификаттар шығару
арқылы;
– банктер ішкі қысқа мерзімді ақша нарықтары мен қысқа мерзімді құнды
қағаздар нарықтарындағы инвестициялар мен қарыздар арқылы ішкі
банкаралық нарықтарда толық құқықты және белсенді қатысушыға
айналады;
– банктер халықаралық қор нарығына кеңінен енеді – 80-ші жылдардың
бірінші жартысына халықаралық несиетегі құрылымы синдикатталған банк
несиелерінен басым көпшілігі активтерді секъюритизациялауға көшті;
банктер халықаралық облигациялар нарығында қарыз берушіге айналды.
Банк тәуекелдерін басқару саясаты банктің жалпы қаржы стратегиясының
бөлігі болып табылады, ол түрлі қаржы операцияларын жүзеге асырумен
байланысты тәуекелдердің қаржылық салдарын ырықтандыру жөніндегі іс-шаралар
жүйесін әзірлейді. Алайда соңғы уақытта тәуекелдерді басқару саласында жаңа
үрдістер пайда болды: тәуекелдер айқынырақ, тәуекелді мөлшерін анықтайтын
әдістер кеңірек пайдаланып, тәуекел жан-жақты бақылай отырып, өлшене
бастады, жаңа әдістемелер мен ұйымдастырушылық технологиялар пайда болды.
Осының барлығы менеджмент тарапынан да, сондай-ақ тәуекелдерді басқару
проблемаларына меншік иелері тарапынан да баса назар аударуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы
«ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесі (банк мысалында)»
Банктің басқару қызметін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері
Шешімдер варианттарын тұжырымдау
Қаржы тәуекелдірі: оларды бағалау және төмендету жолдары
Банк менеджменті
Банк менеджментін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері және принциптері
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерін басқару
Банктердегі басқару процессіне сипаттама
Пәндер