Ұлттық салт-дәстүрдің тұлғаның әлеуметтенуіне ықпалын анықтау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. ТАРАУ. Салт.дәстүрдің тұлғаның әлеуметтенуіндегі алатын орны
1.1. Салт.дәстүр туралы түсінік және оның
мәдениеттегі орны
Салт.дәстүр және әлеуметтендіру ...
ІІ. ТАРАУ. Қазақ этносындағы салт.дәстүрлер және олардың жастарды әлеуметтендірудегі рольі
2.1. Қазақ ауылдағы салт.дәстүрлер..
2.2. Жастардың қазақтың салт.дәстүрлерін қабылдауы...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ..
ҚОСЫМША (социологиялық зерттеу) ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күн көрісі, әдет-ғұрпы, салты болатындығын білеміз. Мұның бәрі сол халықпен бірге жасасып, оның тарихына өзінше ілесе жүретіндігін байқаймыз. Қоғамдық өмірдің, экономикалық жағдайлардың ілгерілеп дамуына байланысты, халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, сана-сезімі, дүниеге көзқарасы, т.б. өзгеріп отырады. Бір заманда туып, бертін келе, көп уақыт бойына қалыптасқан, белгілі жүйеге түскен дағдыға айналған тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып, салт-сана, алғашқы мазмұнын біртіндеп жоғалта да бастайды. Бұлардың орнына қоғамдық-таптық тілек жағдайларына сәйкес жаңа мазмұн, түр туады. Демек, қоғамдық және экономикалық жағдайлар, олардың дамуы ертеден келе жатқан, қалыптасып қалған тұрмыс-тіршілікке, әдет-ғұрып, салтқа өз әсерін тигізеді, жаңа мазмұнда өзгеруіне, бұрынғы қалпын біртіндеп жоғалтуына жағдай жасайды. Қазіргі таңда қазақ жастарының арасында батыс мәдениетіне еліктеушілік үрдісі кең етек жаюда. Ел болашағы жастар екені белгілі. Алайда, олар өзге мәдениеттердің теріс ықпалын өз бойына жинай берсе, болашағымыз бұлыңғыр болмақ. Сондықтан қазақ жастарының болмысын сақтап қалу үшін олардың әлеуметтену процесіне қазақи салт-дәстүрлерді тәрбие арқылы енгізуіміз қажет.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жастарымыздың арасында батыс мәдениетіне еліктеушілік асқындап барады. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деген Абай атамыздың өзі өзге мәдениеттің жетістіктерін ғана игеріп, яғни өзіңе, халқыңа пайдалысын ал деген еді ғой. Өзге ұлттың білімі асты екен деп ұлттық салт-санаңды ұмыт деген сөз емес қой бұл. Олай болса, ұлтымыздың келешегі жарқын болсын десек алдымен ұлттық салт-санамызды қолға алайық. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген халық даналығы осыны меңзейтін секілді. Тұлғаның әлеуметтену процесіне салт-дәстүрдің әсер ететіндігін ата-бабамыз ертеден-ақ ескерген. Қыз бойжетсе сырға тағып, ұл ержетсе атқа мінгізіп, біріне отбасының тұрмыс-тіршілігі – қазан-ошақ қызметі мен бала тәрбиесін үйретсе, біріне отағасы болуды, ата салтын жалғауды, әке жолын қууды меңгертті. Бұл үрдістің барлығы дерлік ұлттық тәрбие артқылы атадан-балаға беріліп отырды. Тәрбие әлеуметтенудің мақсатқа бағытталған формаларының бірі ретінде тұлғаны әлеуметтік байланыстарға қатыстыру мақсатында, сонымен қатар бұл процестердің кепілдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында қоғам арқылы жүзеге асады. Қазіргі заманғы өркениетті қоғамда тәрбие тұрақты сипатқа ие болып, әр түрлі институттардың: отбасы, білім беру, БАҚ іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Жаңа ұрпақ мәдениетінің қалыптасуында отбасылық тәрбие басты рөл атқарады. Отбасылық тәрбие кең ауқымды диапазонға ие.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. ТАРАУ. Салт-дәстүрдің тұлғаның әлеуметтенуіндегі алатын орны
1. Салт-дәстүр туралы түсінік және оның
мәдениеттегі
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
2. Салт-дәстүр және
әлеуметтендіру ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. ТАРАУ. Қазақ этносындағы салт-дәстүрлер және олардың жастарды
әлеуметтендірудегі рольі
2.1. Қазақ ауылдағы салт-
дәстүрлер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Жастардың қазақтың салт-дәстүрлерін
қабылдауы ... ... ... ... ... ... .. ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША (социологиялық
зерттеу) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күн көрісі,
әдет-ғұрпы, салты болатындығын білеміз. Мұның бәрі сол халықпен бірге
жасасып, оның тарихына өзінше ілесе жүретіндігін байқаймыз. Қоғамдық
өмірдің, экономикалық жағдайлардың ілгерілеп дамуына байланысты, халықтың
тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, сана-сезімі, дүниеге көзқарасы,
т.б. өзгеріп отырады. Бір заманда туып, бертін келе, көп уақыт бойына
қалыптасқан, белгілі жүйеге түскен дағдыға айналған тұрмыс-тіршілік, әдет-
ғұрып, салт-сана, алғашқы мазмұнын біртіндеп жоғалта да бастайды. Бұлардың
орнына қоғамдық-таптық тілек жағдайларына сәйкес жаңа мазмұн, түр туады.
Демек, қоғамдық және экономикалық жағдайлар, олардың дамуы ертеден келе
жатқан, қалыптасып қалған тұрмыс-тіршілікке, әдет-ғұрып, салтқа өз әсерін
тигізеді, жаңа мазмұнда өзгеруіне, бұрынғы қалпын біртіндеп жоғалтуына
жағдай жасайды. Қазіргі таңда қазақ жастарының арасында батыс мәдениетіне
еліктеушілік үрдісі кең етек жаюда. Ел болашағы жастар екені белгілі.
Алайда, олар өзге мәдениеттердің теріс ықпалын өз бойына жинай берсе,
болашағымыз бұлыңғыр болмақ. Сондықтан қазақ жастарының болмысын сақтап
қалу үшін олардың әлеуметтену процесіне қазақи салт-дәстүрлерді тәрбие
арқылы енгізуіміз қажет.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жастарымыздың арасында батыс
мәдениетіне еліктеушілік асқындап барады. Жеті жұрттың тілін біл, жеті
түрлі ілім біл деген Абай атамыздың өзі өзге мәдениеттің жетістіктерін
ғана игеріп, яғни өзіңе, халқыңа пайдалысын ал деген еді ғой. Өзге ұлттың
білімі асты екен деп ұлттық салт-санаңды ұмыт деген сөз емес қой бұл. Олай
болса, ұлтымыздың келешегі жарқын болсын десек алдымен ұлттық салт-
санамызды қолға алайық. Ел боламын десең бесігіңді түзе деген халық
даналығы осыны меңзейтін секілді. Тұлғаның әлеуметтену процесіне салт-
дәстүрдің әсер ететіндігін ата-бабамыз ертеден-ақ ескерген. Қыз бойжетсе
сырға тағып, ұл ержетсе атқа мінгізіп, біріне отбасының тұрмыс-тіршілігі –
қазан-ошақ қызметі мен бала тәрбиесін үйретсе, біріне отағасы болуды, ата
салтын жалғауды, әке жолын қууды меңгертті. Бұл үрдістің барлығы дерлік
ұлттық тәрбие артқылы атадан-балаға беріліп отырды. Тәрбие әлеуметтенудің
мақсатқа бағытталған формаларының бірі ретінде тұлғаны әлеуметтік
байланыстарға қатыстыру мақсатында, сонымен қатар бұл процестердің
кепілдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында қоғам арқылы жүзеге
асады. Қазіргі заманғы өркениетті қоғамда тәрбие тұрақты сипатқа ие болып,
әр түрлі институттардың: отбасы, білім беру, БАҚ іс-әрекеті арқылы жүзеге
асады. Жаңа ұрпақ мәдениетінің қалыптасуында отбасылық тәрбие басты рөл
атқарады. Отбасылық тәрбие кең ауқымды диапазонға ие. Оның негізі баланы
өмірге келтіру ғана емес, мәселе оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын
қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпақтарға жеткізу, бойына
сіңіру, яғни дүниеге келулеріне себеп болған балаларын, өздерін қоршаған
ортаға және адамзатқа, өз қоғамына пайдалы мүше етіп жеткізу. Ата-бабаның,
отбасының басқа да мүшелерінің, әсіресе естияр ұрпақтың беделі, өмір сүру
тәжірибесі, жүріс-тұрысы, салт-дәстүрді ұстануы, сананы қалыптастыруы, өз
міндеттерін мүлтіксіз атқаруы – бәрі де үлкен тәрбие мектебі.
Қазіргі социологиялық әдебиеттерде әлеуметтену ұғымы тұлғаның
әлеуметтік ортасының әсерімен қалыптасу процесін зерттеуде кеңінен
қолданылып отыр. Әлеуметтену процесі дегеніміз (socialis лат. қоғамдық
дег. сөзінен) – сол қоғамға, әлуеметтік бірлікке, топқа тән оқу және
адамдық құндылықтардың, нормалардың, бағыттардың, іс-әрекеттің үлгісін жеке
адамның қабылдауы, оны қалыптастыру процесі. Әлеуметтену – адамның бүкіл
өмірі бойы жалғасатын ұзақ процесс. Әлеуметтенудің бірнеше кезеңі бар.
Бірінші әлеуметтенудің агенті отбасы болып саналады, өйткені бұл кезеңге
балалық шақ енеді. Екінші әлеуметтену неғұрлым ұзақ болады, оған есейген
және қарттық жас кезеңі енеді. Енді бірқатар ұғымдарды әлеуметтену ұғымымен
салыстыра қарастырайық.
Әлеуметтену және тұлғаның дамуы деген ұғымдарды қарастырсақ – бұлар
жеке адам мен ортаның белсенді түрде өзара байланысуын және адамның
дамуының бір ғана кезеңін емес, бүкіл өмірін қамтитын, әлеуметтік сапаларды
қалыптастыру процесі – деп анықтама берсек те, бұл ұғымдарды теңдес деп
есептей алмаймыз. Әлеуметтену ұғымы тұлғаның дамуы ұғымымен
салыстырғанда нақтырақ, өйткені ол адамның бойында сол өзі өмір сүріп
отырған әлеуметтік жүйенің тарихи типіне сай қасиеттердің қалыптасуын
бейнелейді. Әлеуметтену және тұлғаның дамуы ұғымдарының айырмашылығы,
біріншісі адамның әлеуметтік жақтарын, ал екіншісі әлеуметтік қана емес,
сонымен қатар биологиялық жақты да бейнелейтіндігінде емес. Әлеуметтену
ұғымы тұлғаның дамуы ұғымымен көлемі арқылы емес, аспектісі арқылы
айқындалады. Атап айтқанда, адамның белгілі бір нақты қоғамда дами отырып,
нақты сипаттамалар арқылы ерекшеленуін көрсетеді. Сонымен қатар тұлғаның
қалыптасуы және тұлғаның әлеуметтенуі деген ұғымдарды да ажырата білген
жөн. В.В.Москаленконың түсіндіруі бойынша, тұлғаның қалыптасуы ұғымы оның
қалыптасуының және дамуының аяқталғандығын, кемелденгендігін белгілейтін
болса, онда әлеуметтену ұғымы адамдағы әлеуметтік сапалардың
кемелденгендігін, жетілгендігін ғана емес, жаңа байланыстар жүйесіне
тұлғаның енуіне байланысты олардың ары қарай да өзгеріске ұшырап
отырғандығын бейнелейді. Әлеуметтену ұғымы қалыптасу ұғымымен
салыстырғанда тұлғаның дамуының неғұрлым жалпы процесін қамтиды. Тағы да
бір тоқталатын мәселе – бұл әлеуметтену және тәрбие ұғымдарының ара
қатынасы. Әлеуметтену өзіне әлеуметтік тұрғыдан бағытталған процестерді
(тәрбие) де, сонымен қатар тұлғаның қалыптасуына әсер ететін стихиялық,
спонтанды процестерді де қамтиды. Осыған байланысты, ғылыми әдебиеттерде
әлеуметтердің бағытталған және бағытталмаған түрлерін ажыратады. Бірінші
түрге, қоғамның мақсатына, оның әлеуметтік заказына сәйкес тұлғаны
қалыптастыру үшін, арнайы түрде жасалған әсер ету құралдарының жүйесін
жатқызуға болады. Әлеуметтенудің бағытталмаған түрі қоғамдық қатынастардың
сипатына байланысты болады. Стихиялық әлеуметтену – жеке адамның өмір сүріп
отырған ортасына сәйкес келетін әлеуметтік дағдылардың белгілі бір
түрлерінің автоматты түрде қалыптасуы.
Зерттеліп отырған мәселенің өзектілігіне негіз болатын тағы бір фактор –
қазіргі халықтың әлеуметтік мінезіндегі қиғаш істер мен теріс көріністер.
Ерекше бұқаралық көңіл-күйдің, эмоцияның тым көтеріңкі болуы, тобырлық
сананың басымдылық танытуы. Өз ұлтымыздың ішіндегі ауызбіршілік пен
азаматтық татулық, ұлттық тұтастық, қайырымдылық, тектілік, ұрпақ тәрбиесі
сияқты т.б. құндылықтардың құнын төмендетуде. Осының кейбір салдары ретінде
қазақтың бір-бірімен орынсыз айтысып, дауласуы, жағаласуға дейін баруы
бірліктің, ынтымақтастықтың әлсіреу тенденциясы бар екенін көрсетеді.
Сондықтан, бүгінгі өркениет ағымы ішкі Мені жоғары азаматқа зәру. Ондай
азаматты тәрбиелеудің бір көзі біздің пікірімізше ұлттық рухани мұраларда
жатыр. Сол сияқты қазіргі ғылым мен білімдегі олқылықтың бірі –
дүниетанымды қалыптастыратын рухани кеңістіктің адам баласыының көне ата-
тектік танымдық өзектерінен ажырап, адасып қалғандығында. Осы орайда біз
аталмыш зерттеу жұмысымызда Қазақстан халқы үшін және ХХI ғасырға аяқ
басқан қазақ елі үшін өзінің төл рухани моральдық қағидаларын, әлеуметтік-
саяси ұстанымдарын қалыптастыруға бола ма? Егер ол болса қандай Ұлттық
бастауларға негізделуі тиіс дейтін сұрақтарға жауап іздеуге қадам
жасамақпыз.Ал осылардың және жоғары да көрсетілгендердің этностық
нұсқаларының көзі – ұлттық тәрбие, дәстүр және шешендік өнерде деуге
болады. Бүгінгі қазақ елінің ұлттық тәлім көзі де, тәлімгерінің де бірі –
шешендік сөз дәстүрі. Шешендік сөздердегі тұрақты акциологиялық
принциптерге адамның тағзым етуі неғұрлым берік болса қазақ халқының ішкі
руханияты соғұрлым жетіле түседі және елдік тұтастық нығаяды. Егер Сократқа
сүйенетін болсақ философияның міндеті – адамдарды өзін-өзі танып білуге
үйрету болған. Біздің пікірімізше шешендік сөз өнеріндегі әлеуметтік -
философиялық негіздерін анықтаудың мақсаты – сөздердің тәлімдік түп
негіздерін танып мойындау және сол арқылы қазақ елін бірлік пен ынтымаққа
шақырып өмір сүруге баулу. Өйткені әрбір жеке адамға да, бүкіл қоғамға да
рухани азық болатын құбылыстың бірі менің ойымша халық даналығы, халықтық
философия. Осы тұста халықтық философияның қайнар көзінің бірегейі болып
табылатын ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесі, халық даналығы, шешендік өнері,
әлеуметтік философия тұрғысынан алғанда адамның өзіне оның рухани дүниесіне
үңіледі, оған үміт артады, ширыққан әлеуметтік мәселелерді шешудің сара
жолдарын адамның өзінен іздейтіндігін айтқымыз келеді. Қазақ даласындағы
адамгершілік талаптар қоғамдық материалдық әрі рухани дамуының қажетті
шарты. Би-шешендер ұстанған адамгершілік нормалар әлеуметтік қатынаста
рухани өлшем, адамдардың өмір сүру ережесі, адам мен адам қарым-қатынас
мәдениетінің көрсеткіші, әлеуметтегі әр адамның өз орнын белгілеу және оны
білу үлгілерінің үрдісі қоғамдағы барлық трансформациялық көзқарастар
адамның дүниетанымындағы жылнамалық құбылыстармен бірге жүретін тұтас
процесс. Заман мен тарихи дәуірдің мән мазмұнын анықтауда субьектінің бүкіл
болмысын айқындау технологиясы басымдылықта болады. Заманды, дәстүрді,
тарихты жасайтын адам.Заман - әрі субьективті, әрі обьективті орта. Ол, ең
алдымен, адамдардың субьективті өзгерулерінен құралатын, содан соң ғана
субьектен бөлініп обьективтендірілетін кеңістік. Сондықтан заман мен
дәуірдің түзелуі адамның ішкі рухани дүниесінің түзелуінен бастау алатын
құбылыс.
Тақырыптың тәжірибелік маңызы. Дүниеге келген адам бойында адам болудың
нышаны ғана болады. Сол адам нышынындағы тіршілік иесін әлеуметтік-тарихи
тұлға ретінде қалыптастыратын - әр халықтың тарихи-табиғи болмыс-бітімі,
дәстүрдің құдіреті, мәдениеттің сабақтастығы. Адам еш уақытта өзінен өзі
адам болмайды, адам болуды шыр етіп дүниеге келген күннен бастап үйренеді.
Ал адамды адам ететін – жұмыр жерді мекен еткен сан толқын ұрпақтардың ақыл-
ойы мен тірнектеп жинаған тәжірибесі. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа,
әкеден балаға ауысатын тарихи-әлеуметтік, қоғамдық практикалық дәстүр
сабақтастығы болмаса, адамзаттық прогресте болмақ емес. Өмір-салттың
тіршілік-болмыстың ғажайып сабақтастығы үзілген жерде адам баласы бәрін де
тәрбанып қайтадан бастауға мәжбүр болар еді. Әрбір адам баласының бойында
адамзат баласы жүріп келе жатқан жолдағы баға жетпес тарихи тәжірибесінің
үлгісі бар. Сол тарихи-мәдени тәжірибені танып-білу арқылы адам баласы
өзінің парасат-болмысын шыңдайды. Үп еткен желге тамырын үзіп, тоқтаған
жерге тұқымын төгетін адам баласы қаңбақ емес. Саналы адамның ең бір мәнді
белгісі: Рухани отырықшылығымен, яғни қоғамдық-әлеуметтік таным-
тәжірибесінің тарихи сабақтастығымен дараланады.Қазақ халқының өмір-салты
көшпелі болғанымен, рухани болмысы көшпелі болмаған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеліп отырған тақырыптың
өзектілігінен және оны зерттеудің тәжірибелік маңызынан дипломдық жұмыстың
мақсаты мен негізгі міндеттерін айқындау мүмкіндіктері туады.
Жұмыстың басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрдің тұлғаның әлеуметтенуіне
ықпалын анықтау. Жүргізілген зерттеуде қойылған мақсат, міндеттерге сай
жұмыстың қосымша міндеттеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
• Қазақтың дәстүрлік мәдениетінің басты типі, қайнар-бастауы – ауыз
әдебиеті, фольклор екендігі белгілі. Ата-бабамыздан келе жатқан бесік
жыры, батырлар жыры, ертегілер мен аңыз әңгімелер, би, шешендердің
үлгі тұтарлық тәрбиелік мәні бар сөздерінің тұлғаның әлеуметтену
үрдісінде алатын орнын анықтау;
• қазақ даласындағы халықтық белгілерді көрсету және осы орайдағы ұлттық
тәрбиенің орнын сараптау;
• қазақтың ұлттық тәрбиесін сипаттайтын ұғымдардың мәнін ашып,
этнотәрбиенің біліктілік ерекшеліктерін анықтау.
Ұрпақ тәрбиесі, бүгінгі қоғамға лайықты азаматтар тәрбиелеу күрделі
мәселелердің бірінен саналатын, үлкен жауапкершілікті жан-жақтылықты талап
ететін процесс. Осыған байланысты қоғамның жаңа ғасырға өтпелі кезеңінде,
үлкен өзгерістер мен жаңалықтарға толы мерзімде болашақ азаматтарға білім
мен тәрбие беру мекемелерінің алдында жауапты міндеттер тұр. Қазіргі сәтте
осындай келелі мәселелерді шешу мақсатында уақытқа ыңғайластырылған тиімді
әдіс-тәсілдер іздестірілу үстінде. Тәрбиелеудің қиындығы оның нетижесі
бірден көріне бермейтін әрекеттерге жататындығында. Яғни тәрбие беруде
барлығын жан-жақты терең ойластырғанда ғана жемісті болатынын педагогика
және психология ғылымдары зерттеп дәлелдеуде. Кеңестік дәуірдегі ғылыми
педагогикада: "Тәрбиелеу ісі ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа
байланысты қамтамасыз етеді.
Мұнда, тәрбие процесінде жастар өзінің алдындағы ұрпақтар жинақтаған
коллективтік (ұжымдық) тәжірибе мен білімдерді меңгеруге ғана тиіс емес,
сондай-ақ оның бойында өмір алға қоятын, аға ұрпақ шешпеген жаңа
міндеттерді шешу үшін қажетті қасиеттер қалыптастыруға тиіс" деп
айтылғанды. Ал кейінгі кездегі бала тәрбиелеу бағытындағы күрделі
өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің тұжырымдамасында: "Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап,
іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына
сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге
деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру" деген түсінік
береді. Екі анықтама да әртүрлі кезеңде берілгенімен, тәрбиеде көзделген
мақсат біреу - ұрпақ пен ұрпақты байланыстыруы, сабақтастыру, тәжірибеде
шыңдалған тәрбие түрлерін, әдістерін келесі ұрпаққа жеткізу, солар арқылы
тәрбиелеу болып табылатындығын айғақтайды. Жоғарыда аталған тұжырымдамада:
"Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер,
бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу" делінген. Бұл
қоғамға қазіргі кезде қандай адам тәрбиелеп, өсіру керек деген сауалдарға
толыққанды түсінік береді. Осы жерде ұлттық ерекшеліктерді меңгеру үшін ең
алдымен, ұлттық сана-сезімнің басым болуы керек екендігін баса айта кету
керек. Басқалай айтқанда, бүгінде қоғам алдында ұлттық сана-сезімі оянған,
қалыптасқан, ұлт дегеннің не екенін (біздің жағдайымызда казақ үлты)
сезінетін азаматтарды тәрбиелеу міндеті тұр. Ол жөнінде белгілі тарихшы-
ғалым Қойшығара Салғараұлының "Ертеңі бар ел боламыз десек" деген еңбегінде
жан-жақты түсінік беріледі: "Ұлттық сана деген абстракт үғым емес, ол – ұлт
тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын
халықтың бүкіл ғұмырнамасының, әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, әдебиеті мен
мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дәрежесін, яғни
халықтың өзін-өзі жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға
негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным түсінік арқылы өріс жайып,
ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады дейді. Осыдан шығатын қысқаша
қорытынды ұлттық сана-сезімді ояту үшін халықтық дәстүрлерді, әдебиеті мен
мәдениетін, өнерін келер ұрпаққа дұрыс түсіндіре алу, жеткізу, үйрету
керек. Жастардың ұлттық дүниетанымын халықтың ерекше қасиеттері арқылы
кеңейтіп тәрбиелеу, оны әрі қарай дәстүрге айналдыру олардың бойында
ізгілікті қалыптастырады.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Көп уақыт бойы қазақтың халықтық тәрбиесіндегі
ерекше қасиеттерді пайдаланып, оны ұрпақ бойына дарытуға мүмкіндік
болмағаны тарихи шындық. Ал қазіргі кезде тәрбие жұмыстарының бағыттары
толығымен өзгерді, қазақтың халықтық педагогикасының ерекшеліктері,
мүмкіндіктері жан-жақты зерттеліп, көптеген ғылыми еңбектер, монографиялар,
оқу-әдістемелік құралдары жарық көріп, сандаған мақалалар жариялануда. Бұл
тұрғыда заман ағымымен бірлесе этнопедагогика проблемаларына ден қойған бір
топ қазақстандық этнопедагог ғалымдардың еңбектерін жұртшылық
қызығушылықпен пайдалануда. Атап айтқанда, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев,
Ә.Табылдиев, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, М.Смайлова, Қ.Бөлеев және тағы
басқаларының еңбектері. Осы сияқты халықтық педагогиканың қыр-сырын
ұғындыратын еңбектер қазіргі үлкен бет бұрыстар кезеңінде ауадай қажет деп
айтуға болады. Ал филология ғылымдарының докторы М.Тілеужанов болса: Тәрбие
ұрпақ үшін күрес құралы" дейді. Бұдан шығатын қорытынды - егемен елдің
негізгі мақсаты мен міндеті ұрпақ тәрбиелеумен астасады деген сөз. Өйткені
елдің ертеңі жемісті тәрбие алған ұрпақпен тығыз байланысты. Сондықтан
өткеннен бүгінге жоғалмай жеткен әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді келер
ұрпақка аманаттау азаматтарды тәрбиелеу үрдісінде халықтық тәрбиенің барлық
мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігі туындайды.
Адам баласының тарихына қарасақ, әр халықтың қоғамдағы тірегі, ұлттық
тағылымды қалыптастырушы, жалғастырушы ата-анаға деген көзқарас пен құрметі
ерекше болған.
Қазақ табиғатында отбасы иелері ең әуелі өз ұлы мен қызының алдында
тәрбиелі, өнегелі, көргенді, үлгілі болуға тырысқан. Оның ең басты себебі,
"ұлдың ұяты-әкеде, қыздың ұяты-шешеде" деп бағалағандықтан. Алғашқы мүшелі
13 жасқа таяған кезінен бастап ата-ана өз балаларын тұрмыс пен салтқа
бейімдеген, шеше көріп тон пішуге, әке көріп оқ жонуға баулитын болған. Сол
кезеңнен бастап-ақ, әке қызына айтар ескертпесі мен қолқасы болса анасы
арқылы жеткізген. Қызын - арға, ұлын - нарға балаған. Алайда, осылайша
үкілеп, үлбіретіп отырған қыз баланың өзіне де талап қатал. Анасы қызына
шолпы таққан шашы ажарлы, сүмбіл, сұлу болсын деп не қатықпен, не
ірімшіктің сары суымен мезгіл-мезгіл жуғызып, ең әуелі өз басын қадірлеуді
үйретеді. Аналардың мейірімді жүзі, киім киісі, төңірегіне деген көзқарасы,
кісіні жатсынбауы, кең пейілділігі қызықтыратын.
Қазақ қыз келіншектері мен ер азаматтарының бойында өзге халық
өкілдерінің бойынан көрінбейтін, дара қазақы болмыс жарқырай көрініп,
жүрекке жылы әсер ететін. Әсемдік дегеніміз бүгінгі - эстетика! Әдеп
дегеніміз - этика! Жастарымыз күні кешеге дейін өз ата-баба тұрмысындағы
салт-дәстүр туралы сөз қозғалса-ақ "қараңғылық" "надандық" деп сілкініп
шыға келді. Бойға сіңіре білсе сол кездегі тұрмыстық әдет-ғұрыптың талайы
жүзінде имандылық үйірілген, айналасына нұрлы шапағат, өзгеше қалыптасқан
құрмет, ізеттілік сыйлайтын.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. XX ғасырда барша адамзатпен бірге қазақ ұлты
да танылды, өзін таныта білді. Сонымен қатар өзгені де танып, таңдаулы
деген ілім-білім әдет-ғұрьпты қабылдады. Бұл бағытта қоғам көшіне ілесіп,
жұмыр жердің бетінде қазақ баласының табаны тимеген жер қалмады десе де
болады. Ал енді атыңның қазақ екенін танытқанда, затыңның, тіліңнің қазақ
екенін неге мойындатпасқа!
Ұрпақ тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұрын қазақ жастары
мектеп пен медреседе этика мен эстетиканы мүғалімнен оқып білмеді демесек,
қызы анадан, ұлы әкеден үлгі-өнеге алды От басы -шағын мемлекет десек, сол
мемлекеттің ең жауапты тірегі - Ана мен әке. Ана қызына от басын қалай
ұйытып отыруды, әке ұлына сол отбасының берекесін келтіріп, қызуын
арттырып, оны қас қақпай қорғауды, асырап-сақтауды үйреткен.
Төле би бабамыздың: "Әйел жақсы болмай, ер оңбайды. Ердің бақытын
кетіретін де әйел, ерге бақыт әперетін де әйел" деген сөзінен де ананың
өмірдегі құдіреттілігін, бағасының өлшеусіз екендігін аңғарамыз.
Қазақ ұлтының этностық ерекшелігін байыптасақ, бұл халық – ұрпақ
сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластыратын, ізетті
келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан дарқандықты даласынан,
даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ
адамгершіліктің басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған
адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттылыққа
баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша татулыққа-тамыр,
тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкке-
сұңқар етіп тәрбиелеген. Хакім Абайдың: Дүние - үлкен көл, заман - соққан
жел. Алдыңғы толқын - ағалар кейінгі толқын – інілер; кезегімен өлінер,
баяғыдай көрінер", - дегеніндей тіршілікке тірек, бірлікке білек
болған қарттарымыз көшеді оның орнына жаңа толқын жастарымыз
өседі. Олардың арман-мүддесін бәйтерек тектес дараланған дарынын,
мыңдаған жылдан келе жатқан тектік інжу-маржандарын өмірдің биік төріне
қарай жалғастыра түседі ата-баба дәстүріне адал ұрпақ барда ұлттық
рухымыздың кәусар бұлағы еш уақытта сарқылмайды, адамзаттық өркениетке
кенересі кең арна болып мәңгі бақи құя береді. "Жақсы сөз - жарым ырыс"
дейді қазақ талайды қызықтырып, үлгі болар әдет-ғұрып сандаған
қиындықтардан сүрінбей аман өтіп күні бүгінге дейін жетіп отырғанда ілім-
білімді, зерделі санасы толысқан ұрпағы осы қазыналарды тәрк етіп, аттап
өтпесе екен.
Әсіресе, әдептілік пен инабат, иба әлемдегі мұсылман елдерінде ерекше
жетілген. Бүгінгі қазақ дүниенің төрт бұрышына осы қасиетімен де қадірлі.
Ұлттық болмысты мың жылдықтар бойы жетілдіріп, әр заман тұрмыс талабына
қарай орнықтырып отырған. Ұлдары күні кеше барымтаға барса, біреуден
біреудің кеткен есесін алып берген. Онда да есерсоқ, ессіз жігіт емес,
күшті, білікті, жүректі, ерікті, сабырлы, ақылды, айлалы азаматтар
аттанған. Ал, қыздары күйеуге қашып кетсе, өз бақытын көксеп, өз мұратына
жетуді армаңдаған.
Ұрпақтың ұлт перзенті болып болашаққа халық ретінде дін аман жетуі оның
ұлттық үрдісіне, халықтық дәстүрге беріктігімен тығыз байланысты.
Өткен ғасырды қойып, күні кешегі Қасым Аманжоловтың
"Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ,
көркіңе көз тастаймын мен таңырқап,
сендіріп жер-дүниені сен келгенде,
жатармын мен көрпемді қырда қымтап"
деп айтқан сөзін еске алайықшы. Қасым ақын осы жолдарды жазғанда, ата-баба
дәстүрін берік ұстанған ұрпаққа үміт артқан ғой. Ендеше, үмітті ақтайық,
ұлт болашағы - үкілі ұрпақ!
Салт-дәстүр туралы түсінік және оның мәдениеттегі орны
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең
бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ
тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол
келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми
өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-
пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың
ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып
және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру
арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-
дәстүрдің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.
Салт – тұрақтылық қасиетіне ие болған мәдени іс-әрекеттер жинағы. Олар
адамдардың іс-әрекет стереотиптеріне айналды, жалпылық қасиетке ие болады.
Салт ғасырлар бойы тарихи негізде қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп
отыратын әдет-ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп. Салттың шектеушілік қызметі,
жақындастыру қызметі, ақпараттық қызметі бар. Салт - әлеуметтік ақпараттың
жиналуының, сақталуының және келер ұрпаққа жеткізілуінің өзіндік құралы.
Салт – халық даналығының, жалпыға ортақ игіліктердің квинтэссенциясы.
Дәстүр - әлеуметтік және мәдени құндылықтардың ұзақ уақыт қалыптасып,
ұрпақтан ұрпаққа сабақтастық арқылы сұрыпталып келуін білдіретін және
мәдениеттануда да кеңінен қолданылатын ұғым-термин. Дәстүрдің негізі
ретінде белгілі бір қоғамдық ұстанымдар, мінез-құлық, құндылықтар, идея,
әдет-ғұрып, басқа да рухани дәстүрлік қасиеті бар іс-әрекет көрініс табады.
Қазақтың дәстүрлік мәдениетінің басты типі, қайнар-бастауы – ауыз әдебиеті,
фольклор.
Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінен де атам
заманнан жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік,
қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік
секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп,
қан мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап,
оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-
әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы – салт-дәстүрлерден
өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие
мектебі. Өз ұрпағының сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі, өнерлі болып өсуін
мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлде неше
ғасырлар бойы өлең жырмен насихаттады.
Әсіресе, өнер алды – қызыл тіл, жер астында жатқанды – қазбай қарап
тіл табар деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз тілді
тәрбиенің пәрменді құралы, ақыл-ойдың асыл қоймасы деп таныды. Қазақтың
айтыс өлеңдерінде, терме-толғауларында, бесік жырларында, ертегі, аңыз
әңгімелерінде, ақсақалдардың нақыл сөздерінде ел тағдыры, адамгершілік, ар-
ождан мәселелері жан-жақты сөз болып, дидактикалық ақыл өсиет, насихат
түрінде айтылып, ол халықтың қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, баланы
бесікке салу, өлікті жөнелту сияқты дәстүрлі жиындарында марапатталып
келді.
Салт-дәстүр және әлеуметтендіру
Қай дәуірді алып қарасақта жастар – аға буынның жалғасы, қоғамның
бүгіні мен ертеңі дейміз. Аға буынның жасаған мәдени және рухани
байлықтарын игеріп, оны жаңа жағдайға сәйкес іргелі дамытып, заманмен
сабақтастырып отыратындар да осы жастар. Сондықтан оларды өмірге баулу,
тәрбиелеу, үйрету мәелесі қай қоғамда болмасын басты міндет болып саналып
келген. Осыған орай, жұмыр жер бетін мекен еткен қай халық болмасын, ел
ертеңі саналатын жас ұрпақ тәрбиесіне тал бесіктен бастап, база назар
аударып, баласының саналы да салиқалы азамат болып, бойтүзеулеріне ерекше
көңіл бөлген.
Біздің халқымыздың да күнделікті тұрмыс салтында қалыптасқан бала
тәрбиесіне байланысты туындаған озық тәжірибелер аз емес. Ұрпақ тәрбиесіне
арнаған бұл талаптардың қай-қайсысын алып қарасақ та, жас өскіннің еңбек
сүйгіш, төзімді, талапшыл, намысшыл болып өсуіне әсерін тигізген. Мәселен
қазақта Жеті атасын білген ұл, жеті жұртқа жөн айтар - деген даналы сөзді
түсіне білген адамға талай дүниеден хабардар етіп тұр емес пе? Жеті
атасының басып өткен өмір жолын жақсы білген адам, өз халқының екі ғасырлық
тарихынан хабардар болады екен.
Міне осындай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан қазақы салт-
дәстүріміз бүгінгі қазақ қоғамының бірлігінің, ынтымағының,
ауызбіршілігінің, адамгершілігінің белгісі. Ғасырлар бойы қалыптасқан
осындай інжу-маржан дәстүрлеріміздің біразы кешегі кеңестік уақытта
жоғалтып алғанымызда рас. Ол кезде татаритарлық жүйе адам өміріне, тұрмыс-
тіршілігіне айтарлықтай әсер еткендігін ешкімде жоққа шығармаса керекті.
Дегенмен еліміз егемендігін алып еңсесін көтеріп ұлттық құндылықтарымызды
қайта жаңғыртып жатқандығы бізді қуантады.Әрбір халық ұрпағымен көктеп,
өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза, санасы биік, білімді де білікті
ұрпағынан қуат алады, ол әрбір жаңа буын жас ұрпақтың ұлттық
құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді бойына сіңіруден басталады. Ендеше
ұрпақ тәрбиесіне жеңіл қарау ұлт тағдырына, қоғам мен мемлекет болашағына
опасыздық таныту болмақ.
Адамзат тарихында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған
жерлесіміз Әбу Нәсір Әл Фараби: Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру
керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның
өміріне апат әкеледі, - деген екен. Анығында сапалы білім саналы тәрбиемен
шынайы астасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет, халық мүддесі орындалмақ,
қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізбек.
Қазақ халқы рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өресі биік
өскелең мәдениеттің түп төркіні сонау VI – VIII ғасырлардағы Орхон –Енисей
ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан
ерекше орын алатын әмбебап ғұлама Әл-Фараби бабамыздан бастап, түркі тілдес
халықтарға ортақ өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары:
Баласағұни, Қашқари, Иассауи трактаттары – қазірг ұрпақ тәрбиесі үшін
теңдесі жоқ асыл мұралар. Әр ұлттың дамуын айқындайтын тілінің дамуы, салт-
дәстүрлерінің қалыптасуы, өнер жетістіктері, білім мен ғылымды дамытудағы
ұрпақ тәрбиесі – ұлттық педагогика арқылы қалыптасады. Сондықтан ата-
бабаларымыз салып кеткен ұлттық педагогикамыз біздің ұлттық болмысымыз.
Халық педагогикасы – бұл ұлттық қазына, кең өріс ХIХ ғасырдың II
жартысында Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрім
Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, т.б. педагогикалық ой-
пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары, бұл демократ
ағартушылардың еңбектеріндегі қазақ халқының әдет-ғұрыптары, салт-
дәстүрлері, мақал-мәтелдері, фальклорлық жырлар мен көркем шығаомалары,
тілі мен мәдениеті ұлттық тәрбиенің құралына айналды.
Халақтық тәрбие дегеніміз – таным, наным, ұғым, салт-дәстүр, сенім,
әдет-ғұрып, мінез-құлықтың жиынтығы. Халқымызда ұрпағына жақсы тәрбие
беретін салт-дәстүрлері болған. Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы
– қазақ халқының салт-дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері
дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге,
халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан.
Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, рәміздер, ырымдар мен
тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі
дамып, толысып, жаңарып отырады.
Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық,
мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік – барлық мәдени үлгі-
өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі – әдеп деп аталады. Қазақ халқының осы игі
дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып,
қазақ халқын әдепті яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға әбден
болады. Бұл – мәдениетінің ең озық көріністері. Халықтық әдеп – ұрпақ
тәрбиесінің өзекті арқауы болып табылады.
Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы - әдеп-ғұрып, оның бір жола
өмір заңдылығына айналуы – салт-дәстүр деп аталады. Яғни дәстүр –
қолданылмалы іс-әрекет. Ол қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің нұсқауынсыз
еркін мәжбүрлікпен орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің
толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы: қыз ұзату, үйлену
тойлары толысып, жаңарды да, ал әменгерлік, атастыру салты бірте-бірте
өмірге қолданылудан қалды.
Этнопедагогикадағы салт-дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола
заңдандырылуы – салт-сана деп аталады. Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан
салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың
қозғаушы күші – ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік
борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан
әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні
зор.
Балаға ат қою. Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі
аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын
қойғызады. Кейде Қырықтың бірі қыдыр деп құдайы қонаққа да баланың атын
қойғызатын сәттер болады.
Көбінесе молданы әкеп азан шықыртьш, баланың атын қойдырған. Ат
қойыстың өзінен де бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, таным-түсінігі, ой-
арманы ап-айқын көрініп тұрады.
Мәселен, ерте заманда балаларға көз тиюден немесе жын-шайтаннан
сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деген сияқты келеңсіз, оғаш
есім қоятын болған.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттарға орайлас болып
келеді. Айталық: 1) бала дәулетті де бай, ауқатты болсьн деген тілекпен:
Байбол, Дәулет, Алтынбек, Малдыбай; 2) күшті де батыл, қырағы да сақ, ер
жүрек болсын деп: Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Алпамыс, Тарғын, Қамбар,
Қобыланды, Қожақ, Әлібек; 3) сұлу да, көрікті, ажарлы да, әдемі
болса екен деп Айсұлу, Нұрсұлу, Әсем, Арайша, Ботакөз, Раушан; 4)
денсаулығы зор, өмір жасы ұзақ болса екен деп: Ұзақбай, Өмірзақ, Мыңжасар,
т. б.; 5) мырза, жомарт болса екен деп: Жомарт, Мырзабек, Қайыржан; 6)
ақылды да тапқыр болса екен деп: Ақылбек, Данабек, Есбол, Асыл, т.б.
есімдерді таңдап қойған.
Көп реттерде ертедегі есімдер халықтың әдет-ғүрып, салт-сана, күн, жыл
аттарына да байланысты болып келген. Мысалы: Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай,
Мешітбай, Тышқанбай, Аманжол, Жомарт, Жолшыбай, т. б. Ал балалары тұрмай
өле берген үйлерде өмірге жаңа келген сәбилерге: Тоқтар, Тұрсын, Ізтөлеу,
Төлеген, Ұлжан деген сиякты есімдер қойылған.
Батырлар жырларындағы халық батырлары мен тамаша арулардың немесе ақыл-
парасаты мол атақты ақынға, шешен, күйші, құсбегі, зергерлердің есімін
баласына қою да ізгі тілектен туған. Арман, Тілек, Бақыт, Инабат деген
есімдердің жиі кездесуі де соны меңзейді. Даңқты адамдардың есімдерін қою
да осындай ізгі ниеттен туындайды. Алайда мүндай аттар көбіне-көп ауыр тиіп
жататыны өмірде жиі байқалады. Мысалы, Абай атты жігіттің ақылсыз,
Амангелді деген жігіттің жасық, қорқақ, Әлішер атты жігіттің жалақор, жауыз
болып жүргенін көргенде, әке-шеше, байғұста жазық бар ма деп іштей тынасың.
Күнделікті уақыт көшінен қалыспаймыз деген оймен кейбір қазақтар
балаға есімді ойланбай қоя берген. Мысалы, Мэлс, Социал, Ким, Армиял,
Марлен, Ауданбек, Совхозбек, Колхозбек, Сиязбек, Майданбек, Маршал,
Космосбек, Октябрь, Өндіріс, Мәдениет, т. б. — өткен дәуір талабынан туған
есімдер.
Басқа туысқан республикалармен, шетелдермен қарым-қатынас жасау сол
елдердің Тарас, Тамара, Серго, Шота, Арсен, Тахир, Зуһра, Илья, Индира,
Лаура, Зоя, Света, Люция, Роза, Жанна, Элеонора, Марат, Суният, Артур, т.
с. сияқты атақты ұл-қыздарының есімдерін тілімізге енгізді. Бұл дос-жаран,
көрші-қолаң елдермен ниеттестік нышаны екені сөзсіз.
Жалпы адам есімі тілге жеңіл, жүрекке жылы, мағыналы, әрі мәнді, әрі
сәнді болуы қажет. Себебі есім адаммен бірге жасайтын тарихи заңды құбылыс.
Оған қалай болса солай жауапсыз қарауға болмайды. Осыған байланысты Асқар
Тоқмағамбетов Ат қоюдың әлегі атты фельетонында арақ-шарап дария болып
төгіліп, масайған жұрт жас нәрестенің тойында отырып аузына не келсе соны
айтып, Шампанбек, Арақбай, Құнықбай, т. б. аттарды атап қоя салуының неге
әкеп соғатынын сықақ етсе, Қ. Мырзалиев Қазақтын қулығы атты өлеңінде:
Қазекең іштен тыныпты. Содан соң туған баланың
Құдайың сәби атына Тойына түйе сойыпты.
Қызығады деп ұғыпты. Шулатып байтақ даланы
Келесі туған баланың Шоқпыт деп атын қойыпты.
Тойына бие сойыпты.
Шулатып байтақ даланы Алданып жүріп пендеден
Шуаш деп атын қойыпты. Алдамақ болды құдайды, —
деп келеке қылады.
Баланы туған күнінен бастап күн аралата тұзды сумен шомылдыру, маймен
денесін сылау, өс-өс деп қол-алғын керіп-созу, онда өлеңмен:
Өс-өс! балам, өсе бер, Аяғыңды созайық.
Батыр бол — балуан білекті, Саусағыңды жазайық,
Батыл бол — таймас жүректі. Етті болсын балтырың,
Епті боп өс,
жарқыным, өс-өс!
деп тілек айту дәстүрлері сақталған. Ол жас нәрестенің дене құрылысының
дұрыс өсуіне жасалған қамқорлық. Жас босанған әйелдің кейде емшек сүтінің
аз болуы да мүмкін. Ондай жағдайда жас сәбиге биенің саумал сүтін аз-аздан
беру, қойдың құйрығын сорғызу сияқты әрекеттер жасалған.
Шала туған балаларды 40 күн бойы түлкі тымаққа салып асыраған.
Бесік. Қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды. Ағаш бесік көшпелі
өмірге өте ыңғайлы. Бесік иіп кептірілген талдан жасалады. Екі басын қайың
ағаштан да шауып жасауы мүмкін. Астына тақтай салып, дәрет жүретін жерді
тесіп ойып қояды. Оған киізден түбек жасап кигізеді. Баланы орайтын
кеудеше, аяқ жақты қымтайтын көрпешемен (оны жөргек деп атайды) орап таңып
қояды, басына кішкене жастық салады. Баланың бесікте кіші дәретке отыруына
ыңғайлы етіп қойдың асық жілігінен тесіп шүмек, үлкен дәретке арнап киізден
түбек жасайды. Оған орта беліне дейін күл салады. Бала бөлеген бесіктің
үстіне жеті нәрсе жабады. Әр жабылған нәрсенің өзіндік мәні бар. Мәселен,
ең бірінші етіп бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген
және қамшы сияқты бұйымдар жабылады. Тон, шапан жабу — ержеткенде бала
халыққа қадірлі болсын деген тілек; жүген, жабу — ат ұстайтын азамат болуын
тілеу, кебенек, қамшы жабу— ел қорғайтын батыр болсын деген тілек.
Бесікке салғандарға бірнеше білезік, сақина, жүзік үлестіреді. Ал
бесікке салған бәйбішеге таза матадан көйлек кигізеді.
Бесіктің бала тәрбиесіне ьңғайлылығы: біріншіден, көшіп-қонғанда
түйеге артып жүруге қолайлы, екіншіден, баланы емізгенге өте ыңғайлы.
Баланы жөргектен шешіп жатпай-ақ ана бесікке асылып отырып та емізе береді.
Тіпті анасы емізе отырьш, мызғып та алады. Үшіншіден, бесік баланың
денесінің тазалығына, ұйқтауына қолайлы. Баланың нәжісі (зәрі) денеге
жайылмай шүмек, түбек арқылы кетеді. Денесі құрғақ болса, бала жайлы жатып,
тыныш ұйқтайды. Ал бала денесінің өсуі үшін ұйқы аса қажет. Бала 40 күнге
дейін 22—23 сағат, 6 айға дейін 20—21 сағат, ал 1 жасқа дейін 18—20 сағат
ұйқтайды. Ұйқысы тыньш баланың денесі тез өсіп жетіледі.
Шілдехана рәсімінің әдептілік мәні. Шілдехана нәресте туған күннен бастап,
үш күнге дейін, нәрестені әрі күзетіп, әрі ананы қуаныш-шаттыққа бөлеп,
ойын сауық өткізу рәсімі. Ертеде нәрестені үш күнге дейін жын періден
қорғап күзету секілді діни рәсімге байланысты туған, кейін шаттық тойына
айналған бұл дәстүрдің өзіндік әдептік және жанжүйелік мәні бар.
Жарық дүниеге жаңа келген нәрестенің әсем әуен, күмбір күй, анасының
үні қосылған дабыр арқылы сезім жүйесі ояна түседі. Шілдеханадағы шаттық
ойын-сауық нәрестені қоршаған балалар мен ересек адамдардың көңілін
көтереді, бауырмашылығын арттырады, өнерін өркендетіп, дарынын дамыта
түседі.
Шілдехана жыры құтты болсын айту, бата беру рәсімінде жырланады:
Бөбектің бауы берік болсын
Өскен сайын өрлесін
Еш жамандық көрмесін
Өзі жарық күн болсын
Жасы ұзақ, мың болсын!
Соңғы кезде Шілдехана тойы бала туған соң жеті күннен кейін, немесе
бала қырқынан шыққан соң өткізіліп жүр. Халық салтында шілдехана тойында
ішімдікке жол беру - әрі обал, әрі күнә, әрі қылмыс болып табылады.
Бесік тойы: Бесікке салу қазақ баласының бесігі – құс төсек, жастық,
жаялық, жөргек, қол бау, тізе бау, тізе жастық, бесік көрпе, шүмегі мен
түбегі тазалық үшін ыңғайлы даярланған, екі басы доғаша иіліп жасылынған,
құрау шабақтары нығыз қиюластырылған, екі қос аяқтары дөңес табанды,
арқалығы өрнектелген жанұя.
Бесікке салу рәсімі көбінесе, баланы қырқынан шыққан соң кішігірім
той ретінде өтеді. Бесікке салу рәсіміне шақырылған ауыл үйдің әйелдері
шашуын, жол жорасын ала келеді. Баланы алғаш рет бөлеу рәсімі көп бала
өсірген үбірлі – шүбірлі әйелге тапсырылады. Ондағы мақсат сол кездегі жас
келіншектердің де сол әйелге ұқсап көп баланы дүниеге әкеліп, соларды
тәрбиелеп құрметті ана мәртебесіне иелену.
Бата, тілек, тілеу, және әдеп. Бата – адам баласына жақсылық ойлау,
оған тілек айту қазақ халқының дінге байланыссыз, алғашқы қауымнан
қалыптасқан дәстүрі. Кейіннен келе тілек айту, сол тілекке жету құдіретке
байланысты деген сеніммен бата қалыптасты да, оған діни сөздер тірек
болды. Шын мәнінде, тілек дегеніміз – бата, бата дегеніміз – тілек. Үйің
құтты болсын , Сапарың оң болсын , Жақсы жатып, жайлы тұрыңыз деген
тілектер қысқа баталық сөздер. Халық дәстүрінде батаны жасы үлкен адам
немесе қария беру керек.
Бата – адам баласына жақсылық ойлау, ол жастарды бірлікке,
әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Бата ризашылық ниеттің көрінісі
ретінде де айтылады.
Батаның түрлері көп, ал оның негізгі ой-мақсаты – жақсылық тілеу,
жеке адамды адамгершілікке тәрбиелеу. Дастархан басына берілетін батаны
көбіне ас қайыру деп те атайды. Ас ішіліп болған соң, дастарқан басындағы
ең үлкен кісі: дастарқан байлығын берсін, денсаулығын берсін, Алла бере
бер – береке бер, аман сақта, абырой бер, - дейді.
Асың, асың асыңа
Қыдыр қонсын басыңа
Таң мезгілі болғанда
Қырғауылдай қорғалап
Бөденедей жорғалап
Қыдыр келсін қасыңа
Денсаулығың зор болсын
Дастарханың мол болсын
Қайда барсаң алдыңда
Жарқыраған жол болсын
- деп қазақ халқы батамен де ұрпақ санасына тәрбиені сіңіре білген.
Жөн-жоралғы, кәде рәсімдерінің тәрбиелік мәні. Қазақ халқының әдептілігі
тарихи қалыптасқан мәдени үлгі болып табылады. Әдептілік негіздері: әдеп,
рәсім, дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана. Халқымыздың салт-санасы – ұрпағына
берген үлгі өнегесі, мәдени мұрасы. Халқын сүйген адам сол халқының салт-
санасын қастерлеп, үйреніп, оны өнеге тұтуға тиіс.
Жақсы әдеттер дағдыға, дағдыдан әдепке айналады. Әдеп - әрбір
адамныңф тәртібі мен инабаттылығын көрсететін, салт-сананың ұлттық белгісі.
Елдің әдет-ғұрпын, әдептік белгілерін, тәртіпсіздік көрсеткен адамды халық
әдепсіз деп, жек көреді, әдеп сақтаған адамды құрметтейді.
Тұрмысқа байланысты әдет-ғұрыптарды орындау әрекеттері рәсімдер деп
аталады. Егер қосыңа, аулыңа жақын көрші қоныстанса оған ерулік беру
рәсімін жасайсың, ол саған қарулық береді. Тоқым қағар, Құдайы нан беру,
тағы басқа рәсімдер игілікке үндеп, инабаттылыққа тәрбиелейді. Игілікті іс
қалыптаса келе дәстүрге айналады. Халықтың дәстүрге айналған қасиетті
рәсімдері өте көп. Түрлі ырымдар, тыйымдар, қайырымдылық пен сыйласымдылық
дәстүрлері, жөн-жоралғылар мен кәделер, той тамашалық рәсімдер ата мұра
болып қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа мәдени үлгі ретінде жалғасып келеді.
Наурыз той, қымызмұрындық, бесік тойы, шілдехана, тұсаукесер, атқа мінгізу,
сүндет тойы, үйлену тойы сияқты дәстүрлер құр жиналып бас қосуға
арналмаған, керісінше жастарды әдептілікке, көпшілдікке, өнерпаздыққа,
имандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілетін халықтық дәстүрлер.
Халықтық әдет-ғұрып елдің тұрмысына, кәсібіне, халықтық қасиеттеріне
байланысты қалыптасты. Яғни игілікті әдептердің ғұрыпқа, тұрмысқа еніп,
қалыптасуы әдет-ғұрып көріністері болып табылады. Әдет, әдеп, рәсім,
дәстүр, әдет-ғұрып ғасырлар бойы қалыптасып, жаңаша жақсылықтармен толысып,
салт-санаға сіңген. Яғни мүлтіксіз орындалатын заңдылыққа айналып, ұрпақ
санасына сіңіп, қастерлі қасиетке айналған.
Халықтың әдет-ғұрпы оның мәдениеттік ерекшеліктері болып табылады.
Халық әдептілік пен мәдениеттілікті қалыптастыру жолында имандылық пен
ілтипаттылықты, инабаттылық пен ізеттілікті ұрпағына әуелі үйретіп,
жаттықтырып, дағдыландырып, әдеттендіріп, әдепті қалыптастырған.
Қалыптасқан әдет ғұрыпқа айналып, халықтың санасына сіңіп, салт-сана пайда
болған. Өркениетті ел жаңа заманға, жаңаша өмірге сәйкес әдет-ғұрып
үрдістерін дамытып, жетілдіріп отырады. Әдет-ғұрыпты жетілдіруде халық
бүкіл адамзаттық озық рәсімдер мен дәстүрлерді өзінің салт-санасына сіңіріп
отырады.
Бесік жырының тәрбиелік мәні. Тұрмыс салт әуендерімен айтылатын бесік
жыры бөбекті жұбату үшін және оған тілек айту үшін ғана шығарылған емес. Ең
әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінде айтылатын
қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік
әсер етіп, жан жүйесін жадыратады, яғни ұнамды, ұнасымды әсермен баланы
жұбатады. Екіншіден баланың келешегіне үміт артып, тілек айта отырып, оны
жұбатушы ана болашақтың шамшырағы мен нұрсәулесінен қуат алғандай
әсерленеді. Үшіншіден ата-ана жатқа айтқан тілектерді тілі шыққан
балдырғандар да жаттап, әрі тілі дамиды, әрі сол сөздерден тәлім алады.
Бесік жырларын мазмұнына қарай: шілдехана жыры, бесікке бөлеу жыры,
жұбату және тілек айту деп топтауға болады. Бесікке бөлеу жыры нәрестені
бесікке салғанда, қуаныш-тілек ретінде, көбінесе көңілді әуенімен айтылады.
Мойнымдағы маржаным
Қорадағы мал – жаным
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Балғын бөбек бесік жырының жанға жайлы әуезді әуеніне жұбанып, рахатқа
бөленеді. Бесік жыры көбінесе тілек айту мәніне құрылады да, жыр айтуы
бөбектің келешегіне сенім артып, қуанышқа бөленеді.
Құрығыңды майырып, Ақырып жауға тиісіп,
Түнде жылқы қайырып, Батыр болар ма екенсін?!
Жаудан жылқы айырып, Бармақтарың майысып,
Жігіт болар ма екенсің?! Түрлі ою ойысып,
Айыр қалпақ киісіп, Ұста болар ма екенсің! —
Осы бір ауыз өлең жолынан халықтың бала тәрбиелеудегі ой-арманы айқын
көрінген. Ол ана тілегі арқылы беріліп отыр. Мал бақ, кәсіп ет, ел жұртыңды
жаудан қорға деген ойын халық бесікте жатқан нәрестеге ақыл-кеңес, тілек
етіп білдірген. Баланы жастайынан ел намысын қорғаушы азамат болуға баулу,
оны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz