Елдегі діни ахуал біздің бағытымыздың дұрыс екенін көрсетті



1 Қазақтың қоғамдық ой.санасының тарихы
2 Алғашқыда құқық қорғау органдарының қызметкерлері
3 Діни сенім мен діни бірлестіктер
4 Кеңестік идеология
Қазақтың қоғамдық ой-санасының тарихына үңілсек, небір таң қаларлық көрініске қанық боламыз. Ашық хатты не үшін жаздық? Халқы азғантай ғана Латвия, Литва, Эстония неге бірден орыс тілінің ықпалынан құтылды. Себебі, оларды Кеңес Одағы 1940 жылдары жаулады. Күшігінен таланбаған бұл елдер тіл туралы заңдарын тізеге басып қабылдап алды. Ал, бізде жағдай мүлде басқаша. Қазақ 300 жылдай езгіде болды және бізді отарлаудың сұмпайы түрі «сквоттерстволық» әдіспен жаулады. «Сквоттерстволық» әдіс – басып алған жеріне «қарашекпен» шаруаларын қаптатып орналастырып, яғни ішіне ену арқылы астыртын саясат жүргізу. Ағылшындар Үндістан сияқты елдерді жаулағанда ашық түрде отарлаған еді. Ал Ресейге қосылған түркі халықтары 300 жылда не көрді? Олардың маңдайы жарқыраған біреуі де жоқ. Саны азайды, кейбірі орыстанып, шоқынып, ассимиляцияға ұшырады. Айқасып жүріп, әрең дегенде 1989 жылы бізде қазақ тілі мемлекеттік тіл деп ендірілді. Бірақ неге талабы осы уақытқа дейін жүзеге аспайды? Себебі, патшалық Ресей «водворение» деген терминді шығарған. Бұл – жергілікті қазақтардан славяндардың санын асырып жіберу деген сөз. Олар қайнаған қазақтың ішіне еніп, пісіп, тілінен, дінінен айырады. Мұндай сұм саясат Иван Грозныйдың заманынан бастап жүргізілді. Патшалық Ресей де, Кеңес Одағы да саяси өмірлерінде осы принциппен қадам басты. Өзге капиталистік мемлекеттер саясатын ашық көбіне жүргізсе, Кеңес одағы оны жасырын түрде іске асырды. Айырмашылығы осындай.

Қазақтың басына қасірет болып келген бірінші хатшы Колбиннің Мұхтар Шахановқа «ешкімге айтпа» деп, ішкі сырын ақтарып айтқаны бар. «Сендердің қазақ тілін мемлекеттік тілге айналдыру қам-қарекеттеріңнің орындалуы екіталай. Себебі, оған екі күш – орыс шовинизмі және билік басындағы ада, шала қазақ шенеуніктерің өз мүддесі, бала-шағасының қамы үшін қарсы шығады», – деген еді. Өмір соны көз алдымызға әкелді. Қазір байбалам салып жатқан славян өкілдерінің шашбауын біздің шала қазақтар көтеріп, оларға қосылып шулауда. Әрине, бұл жерде шала қазақтарды ғана айтып отырған жоқпыз, саясат оларды солай қалыптастырды. Бұл ықпалдан біртұтас қазақ ұлты үшке бөлініп кетті. Біріншісі – ада қазақтар. Ұлттық тамырынан ажыраған бұлардың балаларын қазақшылыққа тәрбиелеп алуға болады. Екіншісі – шала қазақтар. Бұлардың кейбірі қазақы ортада туылса да, есейе келе орысша оқып, қызметке араласып, өз отбасында қазақ тілінде сөйлеуді жоғалтып алған. Үшіншісі – таза қазақтар. Алайда таза қазақ дегеннің өзіне күмәнмен қарайтын кез болып тұр. Олардың ішінде де ата-баба дәстүрін ұстап, қазақ тілінде сөйлегенімен, дүниетанымы бұзылыңқыраған, табиғи қалпы сақталмағандары жеткілікті. Сондықтан да біз бүгін ұлттығымызды, рухымызды, тілімізді сақтау үшін шырылдап жүрміз.
http://www.masa.kz/

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ:
Елдегі діни ахуал біздің бағытымыздың дұрыс екенін көрсетті"
27 қыркүйек, 2011

– Мекемтас аға, соңғы айларымыз, жалпы осы жыл тұтастай тіл мен дін
жолындағы айқасқа толып тұрған сияқты. Ішінде өзіңіз де бар 138-дің хаты,
кейбіреулер бағалағандай, қызбалықтан туған жоқ па? Тілді түзеудің жалғыз
жолы осы талаптан шыға ма? Салиқалы саралағанда, қазақ тілінің бағын
жандырудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?

– Қазақтың қоғамдық ой-санасының тарихына үңілсек, небір таң қаларлық
көрініске қанық боламыз. Ашық хатты не үшін жаздық? Халқы азғантай ғана
Латвия, Литва, Эстония неге бірден орыс тілінің ықпалынан құтылды. Себебі,
оларды Кеңес Одағы 1940 жылдары жаулады. Күшігінен таланбаған бұл елдер тіл
туралы заңдарын тізеге басып қабылдап алды. Ал, бізде жағдай мүлде басқаша.
Қазақ 300 жылдай езгіде болды және бізді отарлаудың сұмпайы түрі
сквоттерстволық әдіспен жаулады. Сквоттерстволық әдіс – басып алған
жеріне қарашекпен шаруаларын қаптатып орналастырып, яғни ішіне ену арқылы
астыртын саясат жүргізу. Ағылшындар Үндістан сияқты елдерді жаулағанда ашық
түрде отарлаған еді. Ал Ресейге қосылған түркі халықтары 300 жылда не
көрді? Олардың маңдайы жарқыраған біреуі де жоқ. Саны азайды, кейбірі
орыстанып, шоқынып, ассимиляцияға ұшырады. Айқасып жүріп, әрең дегенде 1989
жылы бізде қазақ тілі мемлекеттік тіл деп ендірілді. Бірақ неге талабы осы
уақытқа дейін жүзеге аспайды? Себебі, патшалық Ресей водворение деген
терминді шығарған. Бұл – жергілікті қазақтардан славяндардың санын асырып
жіберу деген сөз. Олар қайнаған қазақтың ішіне еніп, пісіп, тілінен,
дінінен айырады. Мұндай сұм саясат Иван Грозныйдың заманынан бастап
жүргізілді. Патшалық Ресей де, Кеңес Одағы да саяси өмірлерінде осы
принциппен қадам басты. Өзге капиталистік мемлекеттер саясатын ашық көбіне
жүргізсе, Кеңес одағы оны жасырын түрде іске асырды. Айырмашылығы осындай.

Қазақтың басына қасірет болып келген бірінші хатшы Колбиннің Мұхтар
Шахановқа ешкімге айтпа деп, ішкі сырын ақтарып айтқаны бар. Сендердің
қазақ тілін мемлекеттік тілге айналдыру қам-қарекеттеріңнің орындалуы
екіталай. Себебі, оған екі күш – орыс шовинизмі және билік басындағы ада,
шала қазақ шенеуніктерің өз мүддесі, бала-шағасының қамы үшін қарсы
шығады, – деген еді. Өмір соны көз алдымызға әкелді. Қазір байбалам салып
жатқан славян өкілдерінің шашбауын біздің шала қазақтар көтеріп, оларға
қосылып шулауда. Әрине, бұл жерде шала қазақтарды ғана айтып отырған
жоқпыз, саясат оларды солай қалыптастырды. Бұл ықпалдан біртұтас қазақ ұлты
үшке бөлініп кетті. Біріншісі – ада қазақтар. Ұлттық тамырынан ажыраған
бұлардың балаларын қазақшылыққа тәрбиелеп алуға болады. Екіншісі – шала
қазақтар. Бұлардың кейбірі қазақы ортада туылса да, есейе келе орысша оқып,
қызметке араласып, өз отбасында қазақ тілінде сөйлеуді жоғалтып алған.
Үшіншісі – таза қазақтар. Алайда таза қазақ дегеннің өзіне күмәнмен
қарайтын кез болып тұр. Олардың ішінде де ата-баба дәстүрін ұстап, қазақ
тілінде сөйлегенімен, дүниетанымы бұзылыңқыраған, табиғи қалпы
сақталмағандары жеткілікті. Сондықтан да біз бүгін ұлттығымызды, рухымызды,
тілімізді сақтау үшін шырылдап жүрміз.

Тіл жоғалса, ұлт та жоғалады. Мысалы, Ресейге қараған 49 түркі халқының 27-
сі ассимиляцияланып, тілі жойылды. Оның алтауы тәуелсіздік алды, қалған 16-
сы Ресей мен Қытайдың қол астында қалды. Қытай мен Ресей оларды
ассимиляцияландыру саясатын қазір ашық түрде жасауға көшті. Осындайды көріп
отырып, қалай шыдаймыз?! Құр қарап жатып өлгіміз келмейді. Дінмұхаммед
Қонаев: Мәскеу мен Қазақстанның орысында айырма барын байқадым. Мәскеудің
орысына қарағанда Қазақстанның орысы шовинизммен қатты уланған, шектен
шыққан, – деп еді. Мемлекетіміз аман тұрса, түбінде біз жеңеміз.

Осы қалыптасқан жағдайдан қалай шығамыз? Әрине, күрес арқылы және
практикалық жол арқылы. Заңдағы орыс тілі ресми тіл деген жазуды алып
тастау қажет дегенде көпшілік қарсы болып шулап жатыр. Бірақ үкімет
балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында тілді әрі қарай жүргізуге қарсы
емес. Біз де осыны пайдалануымыз керек. Қазақтың сорына біткен нәрсенің
бірі – аралас мектеп. Жалын журналына жариялаған Су басынан тұнады...
деген мақаламда аралас мектептің зиянды қыр-сырын ашып, ұлттығымызға
қатерлі екенін тарихи дәлелмен жазғанмын. Ресей миссионерлері Ильминский,
Алекторов, Остроумовтар қазақты орыстандырудың кілті – аралас мектепте деп
қараған. Аралас мектепте сөйлеу тілі ретінде – орыс тілі үстем болады. Онда
оқыған қазақ баласы орыс баласымен араласып-құраласып, орысша шүлдірлей
бастайды. Міне, осы тәсілдің тезіне талай ұрпағымыз түсіп, орыс тілді
болуда. Көрші мемлекеттерде аралас мектеп азаюда, ал бізде керісінше
қарқынды түрде көбейіп жатқаны қынжылтады. Қазақстанда 8 мың мектеп болса,
оның 2 мыңдайы – орыс мектеп, 2089-ы – аралас мектеп. Яғни еліміздегі
мектептердегі оқушылардың жартысынан астамы орыс тілдіге айналуы әбден
мүмкін. Сондықтан орыс баласын орыс мектебіне, қазақты қазақ мектебіне
жіберуді бүгіннен қолға алып, 2089 мектептің 10 шақтысын қалдырса да
жеткілікті. Сөйтсе, ескі жүйемен тәрбиеленген үлкендер буыны кетіп, судың
басы тұнғанда таза қазақ тілді жастар келіп отырады. Сонымен қатар, қазақ
тілін қолданысқа ендірудің тікелей практикалық жолы – қажеттілік тудыру. Ол
үшін тек қазақтарға ғана қысым жасау керек. Билікте отырған қазақтар бір
жылда қазақ тілін меңгермесе, қызметінен кету талабын қою керек. Ал жаңадан
қызметке алынатын қазақтарға екі тілді білмесе, қызметке алуды доғару
қажет. Сонда қазір қазақ тілге қарсы болып шуылдап жатқан қазақтар
орыстілдіден қазақтілді қазаққа айналады. Жақында жарық көрген Қазақ қалай
орыстандырылды? кітабымда бұл мәселе бүге-шігесіне дейін жазылды, орыс
миссионерлерінің сұм саясаты әшкереленді.

– Парламент қабырғасында кезекті мәрте діни саланы реттейтін заңнаманы
қатайту туралы пікірталас қызып тұр. Діни сенім мен діни бірлестіктер
туралы жаңа заңнан не өзгеріс күтесіз? Бет бағыты қандай болуы керек деп
ойлайсыз?

– Жаңа заңнамамен таныспадым. Бірақ осыдан екі-үш жыл бұрын әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университетінде депутаттар, діни ұйымдардың өкілдері
қатысқан жиында осы мәселе турасында ащылау, қаттырақ сөйлегенмін. Елімізге
қаптаған миссионерді кім шақырды? Қайдан не мақсатпен келді? Жиында алдымен
осы мәселені шешетін, жөнге салатын заң керек дегенмін. Дін туралы өлі заң
шығарған тиісті органдар кінәлі. Есігіміз ашық деп, бас қосқан бес-алты
миссионердің ұйымын тіркей берді. Мемлекетімізде 48 діни конфессия пайда
болды. Олардың мақсатын, пиғылын танып, зерттемеді. Бұрын біздегі жат діни
ағымдарға жыл сайын астыртын 12-13 млрд доллар құйылып отырса, биыл 15 млрд
долларға көтерілді. Қайдан келіп жатқан тегін ақша, ойланбай ма? Сырттан
енген 48 діни конфессия қазақтардың арасынан өздерінің кадрларын мықтап,
даярлап алған. Қазір істі жүргізіп жатқандар – сол дінге іш бұратындар.

Бір жаманы, қазақтың мықты деген интеллигенциясы – жазушы, ғалым,
өнерпаздары сатылды. Ахмет Байтұрсынұлы: Дінін шаншып істікке, Әркім бір
жем іздеп жүр, – деген заман туды. Мысалы, бүгіндегі барлық бүлікті салушы
– ваххабиттердің басында кім тұр? Атын атамай-ақ қояйын, ол – өзі депутат,
әрі өнердің шыңына шыққан азамат. Ол ваххабиттердің дүниетанымына қызыққан
жоқ, оны ақшаның буы алып кетті. Ал Досым Омаров дегеннің Абайды
кришнаиттық таным тұрғысынан зерттеген докторлығына қарсы тұрып, қорғатпай
тастадық. Кришнаиттардың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген ол қаншама
қаракөзді бүлдіріп үлгерді. Ең сорақысы, оған ғылыми жетекшілік етіп,
тақырыбын бекітіп берген – Философия институтының директоры. Одан кейін
жаңа пайғамбар жасаушы ахмадия деген ағым бар. Орталығы, басшысы – Семейде.
Қайдан екені белгісіз, қыруар қаржын құйылып жатыр.. Бұлар – дінін істікке
шаншып, жем іздеп жүргендер, дінді бизнеске айналдырғандар деп түсінемін.

Діни сенім мен діни бірлестіктер туралы заң ұлттық қауіпсіздігімізді,
мәдениетімізді, бірлігімізді сақтайтын заң болса, дін мәселесі өз сабасына
түседі. Мемлекетімізде ислам мен православие дініне заңдық басымдық беру
керек. Ал шетелден ақша алып, ел арасында алауыздық тудырып жатқандарды не
үшін тайраңдатамыз?!

– Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жыл толып отыр. Алайда осынша жылда неге
мемлекеттік идеологиямыз анықталмады? Дін, тіл, мәдениет турасындағы
идеологиялық ұстанымымызда неге бірізділік пен табандылық жоқ? Сіздің
ойыңыз.

– Қайбір жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Таразға іссапармен келгенде
бетпе-бет сөйлесіп, екі мәселе төңірегінде пікір алыстық. Біріншісі, латын
қарпіне көшу жөнінде. Оған асықпай, байыппен көшу керек деп келістік.
Екінші, ұлттық идея және ұлттық идеология мәселесі. Президент ұлттық идеяны
мақұлдады. Ал ұлттық идеология керек пе? деп қалды. Біз коммунистік
идеологияның ақ дегенін алғыс, қара дегенін қарғыс дедік, – деді. Қазақ
мәңгүрттенген, дәстүр, дінінен айрылған халық. Рухы, салт-дәстүрі тапталып
тұрған халқымызға ұлттық идеология арқылы дем беріп, қазақы қалпына
келтіруіміз керек, – деген пікірімді ол кісі терістемеді де, мақұлдамады
да, сонымен тарастық. Қоғамға ұлттық идеология аса қажет. Мысалы, мұсылман
елдерінің шешуші идеологиясы – дін. Мемлекеттік, саяси, ұлттық,
миссионерлік идеология және жарнама, сырттан қысым жасайтын идеология – осы
алты идеологияның қайсысын Қазақстан шешуші қылады? Зайырлы мемлекет
ретінде ұлттық идеологияны алға қояды. Мен Президентке: Мұхит айдынына
шыққан Қазақстан деген үлкен кеме көздеген жеріне баруы керек, сіз сол
кеменің капитанысыз. Капитанға адаспау үшін компас, яғни ұлттық идея керек.
Ал дауыл соққанда бізді бағытымыздан айнытып жіберуі мүмкін. Сонда
идеологиялар – желкендер желді қағып, соған жәрдем беріп, кемені мақсатты
жеріне жеткізеді. Міне, шешуші идеология осындайда керек, – дегенмін.
Ұлттық идеологияны қозғағанды ұлтшылдық деп айыптайтын ағайындар
қателеседі. Ахмет Байтұрсынұлы: Біздікі – ұлтымыздың тарихы, дәстүрі, тілі
жойылып кетпесе екен деген тіленші ұлтшылдық, – деген болатын. Қазақ
ұлтшыл емес. Тіл, діл, дінінен айрылып бара жатқасын айқайламағанда не
істейді? Осы жағдайды, реакцияны түйсініп, дұрыс бағыттау керек. Қазір
үкіметтің арасынан идеологты көрмедім. Кеңес Одағы тұсында Суслов деген
коммунистік идеологиямен қоғамды уысында ұстады. Сондықтан идеологиямен
ойнауға болмайды. Идеология – дүниетаным, ой-санамыз. Ой-санамыз түзу
болса, түзу жолмен, теріс болса, теріс жолмен жүреміз. Америка адамының
дүниетанымы – дүниені, долларды мол табатындар Құдайдың сүйген құлы деп
қарайды. Біздің ұстаным қандай? Қазақ ұлты ұстанымының деңгейіне өркениетті
деген Еуропаның бірде-бір елі көтеріле алмайды. Малым – жанымның садақасы,
жаным – арымның садақасы дейтін халық едік. Өзбек баласы теңге-тәңге,
қазақ баласы іңгә-іңгә деп туылады деген әзіл-шыны аралас сөз бар еді.
Бүгінгі біздің балалар доллар-доллар дейтін болды. Заман талабы десе де,
ешуақыт адамгершілікті жоймау керек. Тәуелсіздігіміздің тұғырын,
халқымыздың бірлігін мықты қылатын ұстаным, идеология керек. Тұрақты,
өзекті ұлттық идеологияның жоқтығынан қазіргі кезде небір проблеманың басы
қылтиып шығып жатыр. Сондықтан да ой-санамызды мемлекеттік идеяға бағыттай
отырып, өз идеологиямызды қалыптастыру керек.

– Жиырма жылда елдегі ресми дін қайраткерлері неге қазақтың дәстүрлі ислам
жолын тәпсірлеп, түсіндіріп бере алмады немесе қазақ даласында өткен діни
қайраткерлердің сөзінің сырын ашып, насихаттайтын ең құрығанда жиырма молда
өсіп шықпады.? Не себепті біз Мәшһүрді, Шәкәрімді, Қашағанды, басқа да
қазақ жырауларын тіліне тиек еткен имам көрмейміз?

– Бұл заңды. Шығыстыкі пәлсапа, Батыстыкі философия екенін шатыстырмау
керек. Маркстік-лениндік материалистік философияның барып тірелетін жері –
затшылдық. Сондықтан оны философия дейміз. Рухани негізден бастау алса,
пәлсапа деп аталады. Кеңес үкіметі бізді атеист, материалист етіп
тәрбиеледі. Ал дәстүрлі дүниетанымымызды жалғастырушы азшылық топ – ишан,
молда, діни қайраткерлер 37-шы қуғын-сүргінге ұшыраған соң рухани
сабақтастық әлсіреді. Құдайсыздар ұйымы құрылып, оған қаншама қазақ мүше
болды. Осы ұйымның билетін алған ағаларымның үйге келіп, түнде жасырын
намазын оқығаны есімде. Сөйтіп, дінімізден, ата салтымыздан ажырағаннан
кейін қайдан молда шығады?!

Кеңестік идеология Абай мұрасын материалистік, атеистік дүниетаным
тұрғысынан ашқаны шындыққа сәйкес келмейді. Тіпті, біздің философ ғалымдар
Абайдың дүниетанымына бойлай алмады. Себебі, кеңестік кезеңде өздері де
затшылдық қалыппен қалыптасты. Философтың өресі жетпей тұр, ал молда
байғұстың жеткен шыңы – жаназа шығару, садақа жинау. Сырттан оқып келген
жастардың біршамасы Абайға, Қашағанға, Шәкәрімге, барша қазаққа жау –
ваххабиттік көзғараста. Сыни көзбен қауіптеніп қарамасаң, мешіт-
медреселерде не оқытып жатқанын білмейміз.

Бодандық қамытын киген түркі жұрты діттеген мақсатына жете алмай отыр.
Олардың жендеті Ресейдің өзі де бақытты емес. Себебі, ұлтаралық теңдікті
ұстай алмады, шовинизмге шешуші орын берді де, шалқасынан түсіп,
империясынан айрылды. Сөйтіп, түркі халықтары одан тұра қашты. Ресей бұл
саясатынан бас тартпаса, 38 ұлт өкілдерінен де айрылып қалатын жағдай туып
кетуі кәдік емес.

Дін атаулыны оның пайда болу, даму тарихын ғылыми және теологиялық таным
тұрғысынан тануға ұмтыламын. Қазір намаз оқып, қажылық барсаң мұсылман деп
қарайды. Абай басқаша айтады:

Бастапқы үшті бекітпей, соңғы төртті

Қылғанменен татымды бермес жеміс.

Өйткені, Абайдың бастапқы үшті деп көрсетіп отырғаны иманигүл, яғни үш
сүю – Алланы сүю, адамзатты сүю және әділет, ал соңғы төрті деп атап
отырғаны – ораза, намаз, зекет, хаж. Осы себепті де Абай:

Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай,

Сыртын қанша жуса да іші оңбаған, – деген. Соңғы төртеуді атқарғанымен
ішіңде не жатқанын қайдан білеміз? Абайдың толық адам ілімі – әлем қол
беретін ілім. Қолымыздағы бағалы дүниеміздің қадіріне жете білсек, дін
мәселесі жүйеге, ретке келер еді.

Дінсіз қоғам да, мемлекет те өмір сүре алмайтынын тарихи тәжірибе
дәлелдеді. Біз де өз дінімізді, рухани жолымызды ұстануымыз керек. Ол –
Алланың бұйырған діні ислам, Имам Ағзам жолы, Ясауидің хәл ілімі. Ата-
бабаларымыз мың жыл бойы ұстанған осы рухани, діни дәстүрді ұстансақ,
біздің шешуші идеологиямыз болады. Ол болмаса адасамыз, қазірдің өзінде
адасқандай күйдеміз.

– Жыл басынан бері елімізде діни сипаттағы қақтығыс салдарынан қырықтан аса
адам қаза болыпты. Тек содан кейін ғана бұл оқиғалардың діни астары ашыла
бастады. Қазір жұрт салафилердің неше түрлі сұмдықтары туралы оқып-біліп
жатыр. Кеш қалған жоқпыз ба?

– Әлде де кеш емес, жолын кесуге болады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары
экономикалық жағдай қиындап, балапан басымен, тұрымтай тұсымен кеткен тұста
балаларымызды Мысыр, Арабия, Сирия елдерінде тегін оқытатын қамқоршылар
табылды. Сол жақтан оқып келген жастарымыз шолтиған балақ, қырма мұрт
ваххабқа айналып шыға келді. Елге оралған соң да оларға қамқоршылары
қаржы жіберіп отырды. Көбейіп, күшейіп үдегені сонша ашық қарсылық
көрсетуге, лаңкестік жасауға көшті. Алайда, бұл мәселеге үкіметіміздің,
құқық қорғау органдарының немқұрайлы көзғарасын түсіне алмай жатырмыз.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен жұртшылық ваххабизмнің қатерін шулап айтып,
жан дауысы шығуда. Енді неге тезірек қолға алмайды? Тіпті ол содырлардың
кім екенін ашық айтпай, дін жамылған террористер деп оларды қалқалауы –
нені көрсететіні белгілі ғой. Үндемей отырғанын сырттан жем алып қойған деп
түсінеміз. Қазба байлығы да, рухани байлығы да мол Қазақстан державаға
айналып кетуі мүмкін. Сондықтан оны қаламайтын алпауыт күштер
мемлекетіміздің аяғын тұсап, іштей ірітіп, бытыратқысы келеді. Топ-топқа
бөлініп, бір-бірімізбен айтысып-тартысып жатқанда тағдырымызды басқалар
шешеді. Бетіңе күліп, арқаңнан тілетін жат ағымдардан қашып, мемлекет, ұлт
мүддесіне қызмет етуіміз керек. Діни басқарманың салафизмді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйелердің мінездемесі мен оның ерекшеліктері
Қазақстан жайлы
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында
Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынасы мен бауырлас елде болған революция тақырыбын қазақ басылымдары қаншалықты шынайы, анық та, айқын жазатынына талдау жасау
Қазақстандағы саяси жаңарулар
Аймақтық қауіпсіздік және орталық азия мемлекеттері халықаралық қатынастар жүйесінде
Қазақстан 2030 стратегиясы бағдарламасы бойынша саяси дамудың алғышарттары
Қазақстан Республикасының 2030 және 2050 бағдарламасы
Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы
Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекет басшысы
Пәндер