Кылмыстық іс жүргізу туралы


М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . -3-4 бет.

1- Тарау. Кылмыстық іс жүргізу сатыларының жалпы сипаттамасы.

1. 1. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түсінігі . . . -5-6 бет.

1. 2. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түрлері және

олардың мақсаттары . . . …-7-9 бет.

2- Тарау. Қылмыстық іс қозғау және алдын-ала тергеу жүргізу сатысы.

2. 1. Қылмыстық іс қозғау және оның негіздері . . . -10-15 бет.

2. 2. Алдын-ала тергеу жүргізу тәртібі және оны жүргізу

барысындағы алдын-ала тергеу амалдары . . . ……. . -16-24 бет.

3- Тарау. Бірінші сатыдағы сотта, аппеляциялық және қадағалау

сатысындағы іс жүргізу.

3. 1. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі

және сот тергеуі . . . ……. -25-30 бет.

3. 2. Аппеляциялық сатыдағы іс жүргізу . . . … . . . -31-46 бет.

3. 3. Қадағалау сатысындағы іс жүргізу . . . ……. -48-53 бет.

ҚОРЫТЫНДЫ . . . ……. . -54-55 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . ……-56-57 бет.

К І Р І С П Е

Соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер заңдарды батыл түрде өзгерту қажеттігін туғызды. Ұлттық құқықты қалыптастыру жағдайында социалистік түсініктегі категориялар мен институттардың және олардың осы заманға лайық мазмұнмен толығуының арасындағы қарама-қайшылық анық көзге түсе бастады.

Құқықты реформалау қажеттігі кенеттен және ҚСРО-ның ыдырауына байланысты пайда бола қалған жоқ. 80-ші жылдардың алдында теоретиктер де, практиктер де 1959-1961 жылдарда қабылданған заңдар құқықтығы осы заманғы тенденцияларды объективті түрде бейнелей алмады, ең жоғарғы байлық ретінде адамның, қалыптасып келе жатқан қатынастар жүйесіндегі оның орнын, мемлекеттің рөлін және адам мен мемлекеттің өзара қатынасының сипатын белгілейтін, құқықтық мемлекеттегі басым бағыттарын белгілейтін әлемдік үлгілерге жауап бермейді деген ойға келді.

Бұрын қолданылып жүрген заңдарға енгізілген толып жатқан толықтырулар мен өзгертулер қарама-қайшылық өткірлігін белгілі бір деңгейде жамап-жасырғанымен социалистік түсініктегі құқықтың бағыты мен мазмұнының негіздеріне оған ықпал еткен жоқ.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының сол күйі туралы айта келіп, профессор В. М. Савицкий: «Қылмыстық іс жүргізу кодексін жамап-жасқан одан әрі жетілдіру енді тиімді бола алмады. Жаңа қылмыстық іс жүргізу заңын жасайтын уақыт келді, онда ҚСРОдағы мен одақтас республикалардың құқықтық шығырмашылық пен құқық қолдану тәжірибесіндегі барлық бағалы құндылықтар ескерілуі, заңдардың аралас салаларындағы жетістіктер пайдаланылуы, шетел мемлекеттердің іс жүргізу институттары біздің болмысымызға орай түзертіліп пайымдалуы және жүзеге асырылуы тиіс» деп жазған.

ҚСРО-ның ыдырауы теоретиктердің қорытындыларын расқа шығарады, өйткені ол біпқатар жанама түрдегі факторлармен қатар негізінен заңдылықтың сақталуына нақты кепілдіктер жоқ ережелерге құрылған құқық саясатының жарамсыздығын әйгілеп берді.

Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының жалғасып отырған қалыптасу процессі объективті түрде себепші болатын мынадай құбылыстармен қатар жүріп отырады:

  • социалистік ұғымдағы құқықтан бас тарту;
  • жалпы адамзаттың жетістік болып табылатын құқық институттарын сақтау;
  • құқықтық мемлекет құрылысының міндеттеріне жауап беретін жаңа құқықтық институттарды құру мен қабылдау.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру процесінің жалпы жүйесінде өтпелі кезең ретінде түсіндірілетін қазіргі уақыт құқық қызметінің кез келген саласында көрініс тауып отырған серпінмен сипатталады. Осы серпінді процестердің бәрі де өзара байланыста бола отырып, нормаларды қалыптастыру процесіне ықпал етеді.

Біздің көзқарасымыз бойынша экономиканы қайта құрылымдау, басты институттарын қайта құру (бұрын қолданылып жүрген құрылымдардағы бағыныштылық сипатты өзгертудің өзі заңдарды жақсартуды таоап ететін қосымша жағдайлар туғызады) ; заңдардың тұрақтылығына ықпал ететін жаңа құрылымдарды құру (мәселең, қаржы полициясын құру, анықтау органдарына жататын субъектілер тізбегәндегі өзгерістерге объективтік түрде әкеліп соқты) .

Кылмыстық іс жүргізу бірнеше бір-бірімен байланысты сатыландан құралған. Бұл сатылардың өз мақсаттары мен міндеттері бар. Біз жұмысымызда, қылмыстық іс жүргізудің әр сатысына түсініктеме және мінездеме беруге, қылмыстық іс жүргізудің әр сатысында өткізілетін шаралардың түрін, тәртібін анықтауға арнаймыз.

  1. Тарау. ҚЫЛСЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ САТЫЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫҚылмыстық іс жүргізу сатыларының түсінігі.

Қылмыс болып, оның нәтижесінде қылмыстық іс қоғалса, тергелсе, қылмыскер анықталып ұсталса, ол іс сотта қаралып - қылмыскерге жаза тағайындалып, сот шешімі орындалса не болсмаса болмаса шағымдалса, тағы бір жаңадан ашылған мән жағдайларға байланысты іс қайта тергеу және осы айтылып өтілген шаралардың заңдылыққа сай өтуін қадағалау сияқты шараларды қылмыстық іс жүргізу сатыларына жатқызуға болады. Олай дегеніміз қылмыстық іс жүргізудің әр сатысында әр түрлі мәселелер шешіледі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ерекше бөлімінде қылмыстық іс жүргізу сатылары толық көрсетілген.

Осы негіздерге сұйене отырып қылмыстық іс жүргізу саталарына түсініктеме берейік.

Қылмыстық іс жүргізу сатылары деп қылмыс болып, ол туралы хабар түскен уақыттан басталын, қылмыскер істеген қылмысы үшін жазасын алып оны өтегенше созылатын уақыт және осы уақыт ішінде өткізілетін процессуалдық әрекеттер.

Процессуалдық әрекеттердің мақсаттарына қарай қылмыстық іс жүргізуде сегіз сатыны ажыратуға болады, олардың алтауын негізгі, ал қалған екеуін қосымша деп атауға да болады. Олай атау себебіміз, қылмыстық істердің қөбісі алдыңғы алты сатының барлығын өтеді. Қалған екі саты: жаңадан ашылған мән-жайлармен және кәмелетке толмағандардың қылмыстық істерімен байланысты.

Қылмыстық іс жүргізу сатылары:

  1. Қылмыстық іс қозғау;
  2. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу өткізу;
  3. Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылаудың өтуі;
  4. Апелляциялық сатыда іс жүргізу;
  5. Қадағалау сатысында іс жүргізу;
  6. Соттың шешімін орындау сатысында іс жүргізу;
  7. Жаңадан ашылған мән жайлар бойынша қылмыстық іс жүргізуді жаңадан өндіру (жалғастыру) ;
  8. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық ісі бойынша іс жүргізу.

Бір қылмыстық іс жүргізу барысында барлық негізгі сатылар қайталанып отырылуы міндетті шарт емес. Кейбір жағдайларда, бір іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу өткізілу барысында іс басқа істермен біріктірілуі (ҚІЖК, 48-бап), бөлектенуі (ҚІЖК, 49-бап), тоқтата тұрылуы (ҚІЖК, 50-бап), қысқартылып кетуі мүмкін (ҚІЖК, 51-бап) . Оның себептері мен негіздері әр түрлі болады. Мысалы: алдын-ала тергеу барысында шардап шеккен адаммен зардап түсірген адамның татуласып кетуі себебінен іс қысқартылып кетуі мүмкін.

Бұл сатылар енді өзгеріске түспейде деп ойлау қате ой деп санаймыз. Өйткені уақыт талабтарына сай жаңадан қылмыстық іс жүргізудің құрылымы, немесе процеске қатысушылар өзгерсе, тағы басқа қылмыстық істі құрайтын элементтердің өзгеруіне байланысты, кейбір сатылардың керегі жоқ болуы немесе жаңадан тағы бір сатылардың тайда болуы мүмкін деп ойлаймыз.

1. 2. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түрлері және

олардың мақсаттары.

Қылмыстық іс жүргізу сатыларын жоғарыда атап шықттық. Енді осы сатыларға қысқаша мінездіме беріп олардың өз алдарына қойған мақсаттарымен танысып шығайық.

Бірінші саты, қылмыстық іс қозғау (ҚІЖК, 23-тарау) - бұл сатыда қылмыстың болғанын не болмағанын тексеріп, керек болса қылмыстық іс қозғалмай жатып, оқиға болған жерді қарау және сараптама тағайындау тергеу әрекетерін өткізіп солардың берген қорытындысына сүйене отырып қылмыстық істің қозғауын не қозғамауы шешіледі.

Қылмыстық іс жүргізу кодекісінде, қылмыстық іс қозғауға анықтама берілмеудің салдарынан, құқықтардың нормаларын оларға берілетін түсініктердің, олардың қолданылуын әркім әртүрлі түсінеді.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-баптың, 27-бөлімінде «істі өндіру» мағынасына бір қылмыстық іс бойынша қылмыстық іс қозғау барысында, сотқа дейіндгі дайындықта, сот талдауында және сот каулысын (шешімдерін) орындау барысында өткізілетін процессуалдың әрекеттерінің және шешімдердің қосындысы жатады.

Соныменен, қылмыстық іс қозғау барлық уақытта ең бірінші және міндетті саты болып табылады. Қылмытсық іс қозғалмай алдын ала тергеу жүргізілмейді.

Бұл сатыда қылмыстық қудалау функциясын орындайтын мемлекеттік органдар мен лауызымды тұлғалар қылмыс туралы хабар алып, оны тексеріп, іс бойынша қылмыстық іс қоғауын шешеді.

Қылмыстық іс қозғау негіздері мен себептері ҚІЖК 177-бабында көрсетілгендей:

  1. Азаматтардың арызы;
  2. Кінясін мойындап келу;
  3. Басқару функциясын орындап отырған мемлекеттік органдар және лауазымды адамдардың хабарлары бойынша;
  4. Информациалық құралдардың хабарлары бойынша;
  5. Қылмыстық іс қозғауға құқықылы органдармен лауазымды адамдардың қылмыстың іздері табу.

Екінші саты, алдын ала тергеу жүргізу (ЌІЖЌ, 24-тарау) - бұл кезеңде, қозғалған қылмыстық іс бойынша анықтауға жататын мән жайлар анықталып, керекті деректер, дәлелдемелер жиналып қылмыскердің кінәсі мойнына тағылады.

Т. Е. Сарсенбаев пен А. Л. Хан атап кљрсеткендей, ЌІЖК-нде корсетілген ортаќ шарттар - «олар барлыќ ќылмыстыќ ізге тусу органдары ушін біріњѓай жэне міндетті тэртіпті реттейтін, істіњ эділ жургізілуініњ кепілдігін жэне азаматтардыњ зањды мудделерініњ саќталуын ќамтамасыз ететін талаптар болып табылады»1.

Жалпы шарттар ќарастырылатын сатыда туындайтын ќуќыќ ќатынастарыныњ мынадай жаќтарын реттуге жатады:

А) алдын-ала тергеу жургізуге ќуќылы ќылмыстыќ ізге тџсу органдары: Улттыќ ќауіпсіздік комитеті, ішкі істер органдары, ќаржы полициясы;

Б) барлыќ ќылмыстыќ істер бойынша алдын-ала тергеу ісін жургізудіњ міндеттілігі;

В) ЌІЖК-нде белгіленген тергеу реттілігін саќтау;

Г) алдын ала тергеу жургізудіњ басталуы жэне аяќталуы;

Д) алдын ала тергеудіњ басталуы жэне аяќталуы;

Е) алдын ала тергеу жургізілетін жер;

Ж) алды ала тергеу мерзімі;

З) алдын ала тергеу ісін жургізудіњ уйымдыќ нысандары;

И) алды ала тергеу жургізудіњ барысында іс жургізу жэне ведомстволыќ баќылау жасау;

К) аныќтау органдарныњ алдын ала тергеу жургізу процесіндегі ќызметі;

Л) тергеу іс-эрекеттерін жургізудіњ жалпы ережелері жэне олардыњ хаттамасы;

М) алдын-ала тергеу жургізудіњ ќупиясы.

Бул сатыныњ мањызын асыра баѓалауѓа болмайды. Зањды негіздер аныќталѓанда ќылмыстыќ іс ќылмыстыќ іс жургізу сатылардыњ кез келгеніне сатысында тоќтатылуы мумкін.

Зањда алдын ала тергеудіњ екі турі бекітілген, ол алдынљала тергеу жэне аныќтау. Осыѓан байланысты В. С. Чистяковтыњ «Алдын ала тергеп-тексеру алдын ала тергеу немесе аныќтау органдарымен жузеге асырылады. Тергеуді - тергеу органы, тергеуші, ал аныќтауды - аныќтау органы, аныќтаушы жургізеді . . . Алдын ала тергеу сатысында осы органдардыњ озара эрекет етуі арќылы бірлесе жумыс жургізу жолымен де жузеге асырылуы мумкін». 2 Тергеп тексерудіњ сапасы осы органдардыњ эрекет ету жылдамдыѓына байланысты болады.

Үшінші саты, істі басты сотта талқылау - бұл сатыда, сот қылмыстық істі өз құзіретіне алып, онымен танысын, басты сот талқылауын өткізеді, осы әрекеттердің нәтижесі бойынша сотталушының қылмыс жасауда кінәлі немесе кінәлі еместіген анықтайды.

2 - Тарау. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУ САТЫСЫ.

2. 1. Қылмыстық іс қозғау және оның негіздері.

Алдын ала тергеу жүргізу Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңдарымен реттеліп отырады. Қылмыстық с жүргізу заңдарына Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары, Қазақстан Республипкасының қылмыстық іс жүргізу кодексі және де басқа қылмыстық іс жүргізуге қатысы бар заңдар жатады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабындағы берілген анықтамаға сәйкес "қылмыстық іс" дегеніміз жасалды деп жорамалданған бір немесе бірнеше қылмыстар бойынша қылмыстық ізге түсу органы мен сот жүргізетін оқшауландырылған іс жүргізуді айтамыз, ал "қылмыстық іс жүргізу" деп - қылмыстық істі козғау, сотқа дейінгі дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (каулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы, яғни қылмыстық іс қозғалғаннан бастап оны мәні бойынша карау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық іс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдарын дайындау - деп түсіну қажет. (7. 6 б. )

Сонымен қатар осы анықтамага сәйкес "қылмыстық ізге түсу органдары" деп прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, аныктаушыны айтуымыз қажет, ал жалпы қылмыстық ізге түсу, яғни айыптау деп - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетпен оны жасаган адамды; соңғысының кінәлілігін анықау мақсатында, сондай-ақ мүндай адамга жаза немесе өзге де қылмыстық-қүқықтық ықпал ету шараларын қолдауды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметін айтамыз. (7. 5 б. )

Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу амалдарын жүргізу үшін міндетті түрде қылмыстық іс қозғалуға тиіс. Алдын ала тергеу жүргізу кылмыстық іс жүргізудің алғашқы сатысы болып танылады. Қылмыстық істі қозғау үшін оған заңмен көрсетілген негіздер болуы қажет:

1) Азаматтардың қылмыс туралы арызы.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес азаматтар болған қылмыс жайлы жазбаша немесе ауызша түрде қүқық қорғау органдарына арыз беруге қүқықты. Арыз беруші адам жазбаша түрде жазатын 5олса, оның астына қойылган қолы болуы қажет, сонымен қатар тұратын жері, жүмыс орны, туған жылы сияқты анықтамаларын көрсету тиіс. Кейбір жағдайларды, азаматтар түрлі себептермен арызды ауызша түрде беруі мүмкін. Мүндай жағдайларды, қүқық қорғау органының қызметкері, мысалы тергеуші немесе анықтаушы алдын ала терге барысында қабылдайтын болса, сол жасалынып жатқан тиісті тергеу іс-әрекетінің хаттамасына кіргізу қажет. Бұндай жағдай сот отырысының үстінде болатын болса, сот хаттамасының ішіне кіргізілуі қажет.

Алдын ала тергеу сот отырысында болмайтын болса, ауызша арналған жағдайда жеке хаттама толтырылуға тиіс. Бұл жеке хаттамада, ауызша арыз берушінің аты-жөні, түратын жері, жүмыс орны, сондай-ақ оның жеке бас куәлландыратын құжаттары болуға тиіс. Арызға оны беруші және қабылдаған лауазымды адам қол қоюға тиіс.

Қылмыс туралы берілген "домалақ" арыздар алдын-ала тексергеннен кейін ғана, онда қылмысты істі қозғауға негіз болған жағдайда гана қозғалуы мүмкін, яғни "домалақ" арыз бойынша бірден қылмыстық іс қозғалмайды.

2) Қылмыстық істі қозғаудың тағы бір негізі "өз кінәсін мойындап келу" болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінде берілген анықтамаға сәйкес "кінәсін мойындап келу" деп адамның оған қатысты әлі күмән келтірілмегенде немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмаған жағдайда өзі жасаған қылмыс туралы ерікті түрде мәлімдеуін айтамыз. (7. 80. б. )

Кінәсын мойындап келу мәлімдемесі ауызша түрде немесе жазбаша түрде болуы мүмкін және ол қылмыстық іс жүргізуші органға берілуге тиіс. Ауызша мәлімдеме жасаған жагдайда ол туралы хаттама жасалынып, оны беруші және қабылдап алушы адам қол қоюға тиіс. Кейбір жағдайларда, кінәсын мойындап келуші адам қылмысқа қатысқан басқа адамдар жайлы мәлімет беретін болса, онда ол әдейі жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны ескертіліп, ескертілгені жайлы қол қоюы қажет.

Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін кінәсын мойындап келуімен қатар, басқа да оны айыптайтын дәлелдер жинауға тиіс. Сондай жағдайды ғана оны қылмыстық жауаптылыққа тартуға болады, ал тек қана өзінің кінәсын мойындап келу бойынша, басқа дәлелдер болмаған жағдайда қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы Арыс қаласында өз үйінде балталап кескілеп өлтірілген ерлі зайыпты, 75 жастағы "А" және 72 жастағы "С"-ның мәйіттері табылған. Олар өздерінен бөлек бүрын есірткі қылмысы үшін сотты болған үлкен баласы "Б"-мен бірге түратын болған. Оқиға болған күні баласы үйінде болмаған. Бүл қылмыс бойынша алдын ала тергеу барысында күдіктілер қатарында олардың баласы "Б"-да болып, көптеген жүмыстар жүргізілген. "Б" - өзінің қылмысқа қатысы жоқ екендігін көрсетіп

отырган. Ешқандай дәлелдер табылмағандықтан және айыпталатын адам аныкталғамандықтан қылмыстық іс ашылмай тоқтамага адынған. "Б" тағы да есірткі қылмысымен сотталып кеткен.

1998 жылы Арыс қалалық ішкі істер бөліміне әке-шешісін өзінің өлтіргені жайлы айтып, "Б" өзінің кінәсын мойындап келген. Өзінің мәлімдемесінде ол кару ретінде қолданған балтаны сол жақын маңындағы туәлетке тастағанын көрсеткен. Осыдан соң, қылмыстық іс қайта өндіріске алынып, алдын ала тергеу амалдары жүргізілген, бірақ "Б"-ның айтқандарының барлығы дәлелденбеген, ешқандай қару немесе басқа куә, дәлелдер табылмаған. Сот-психиатриялық экспертиза оның жүйке ауруына шалдыққандығы жөнінде қорытынды берген және ол соңғы кездерде басталғандығы туралы мәлімет берген. Барлық тергеу амалдары және іздестіру шаралары жүргізіліп, ешқандай дәлелдер табылмаған себептен "Б"-ға қарсы қылмыстық қудалау қысқартылған. Осылайша, кінәсын мойындап келу жағдайлары болған ол жан-жақты тексерілуге жатады және ол сол кінәсын мойындағаны бойынша қылмыстық жауптылыққа тартылуға жатпайды, яғни тағы да қосымша дәлелдер жинауға тиіс.

3) қылмыстық іс қозғаудың тағы бір негізі болатын жағдай, ол "Мемлекеттік органның лауазымды адамның немесе ұйымда басқару функцияларын атқаратын адам болған қылмыстық оқиға жайлы" хабарлау жатады.

Өзінің мазмүнына қарағанда бүл жеке мүлік егесінің жазган арызы сияқты, өйткені мекеме басшысы сол үйымның басшысы ретінде барлық жағдайда жауапты болып саналады. Мекеме басшысының хабарламасы жазбаша түрде жасалуы қажет және хабарламага ол қылмысты растайтын қүжаттар қоса тірклуі қажет.

4) Қылмыстық іс қозғау негіздерінің бірі "Бүқаралық ақпарат
құралдарындағы жарияланған хабарлар" да жатады.

Бүқаралық ақпарат қүралы деп газет, журнал, радио немесе телевиденияда таратылған хабарламаларды айтамыз. Осындай басылымдарды немесе телерадиодағы хабарлар қылмыстық іс қозғауға негіз болады. Басылымдарда немесе телерадиода қылмыс туралы хабарлар таратылған жағдайларда, ол бүқаралық ақпарат қүраладарын басқарып отырған адамдар, тергеу органдарының талабы бойынша, өздері жариялауға негіз болған мәліметтерді, қүжаттарды тергеу органдарына беруге міндетті және осы мәліметтерді берген адамның атын атауга да міндетті екендігін ескеруіміз шарт. Кейбір жағдайларда, бүқаралық ақпарат қүралдарының басқару функциясын жүзеге асырушы адам, міліметтерді, қүжаттарды бере отырып, оны берген адамды немесе ақпарат көзін қүпия үстауға шарт жасасып беруге қүқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы мен оның құқық жүйесіндегі орны
Қылмыстық іс жүргізу және тоқтату
Қылмыстық істер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету құралдары
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕРДЕГІ МЕРЗІМ
Қылмыстық процесс ұғымы мен міндеттері
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу түсінігі мен оның құқықтық жүйесі
Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
Оған қылмыстық сот өндірісінің негізгі бастамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz