Жеке тұлғаның әлеуметтенуі


Жеке тұлғаның әлеуметтенуі.
Дамуы мен қалыптасуы. Оған ықпал ететін факторлар
Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік- жалпы түрде екі үлкен топқа бірігуі мүмкін:
1) әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени жағын көрсететін және оның тарихи, мәдени, ұлттық ерекшеліктері мәселелерін қарастыратын әлеуметтік топ;
2) белгілі бір деңгейде тұлғаның өмір жолының кезеңдерімен анықталатын жеке-тұлғалық топ.
В. Г. Крысько тұлғаның әлеуметтенуінің үш факторын (микрофакторлар, мезофакторлар, макрофакторлар), механизмдері мен құралдарын көрсетті (9; 10) .
Отандық психологияда әлеуметтену процесін талдау кезінде көптеген авторлардың тек объективті көрсеткіштерді (индивидтің әлеуметтік статусының өзгеруі, оның жаңа әлеуметтік рөлдерді игеруі) ғана емес, сонымен бірге субъективті көрсеткіштерді, соның ішінде ұқсастықты даескеруге ұмтылғаны байқалады. Бұл ұғымды ғылымға Э. Эриксон енгізген, ол ұқсастықты субъективті сезім ретінде және басқа адамдардан бөліп ұстайтын, дүниенің тоғысуы мен үздіксіздігіне белгілі бір сеніммен байланысқан өзіндік тоғысуды және үздіксіздікті (тұрақтылығын) қадағалаудағы сапасы ретінде анықтаған. Ұқсастықты Э. Эриксон екі тұрғыда қарастырады: 1) екі компоненттен (органикалық және жеке), яғни адамның жеке тұрмысының сыртқы физикалық бейнесінің, көрінісінің, тоғысуының түпнұсқалығының және тұтастығының ауыспас мәлімдігінен тұрады; 2) нәтижесінде топтық және психологиялық әлеуметтік ұқсастық ерекшеленетін әлеуметтік тұрғыда топтық. Топтық ұқсастық-бұл тұлғаның ішкі бірлік пен өзінің әлеуметтік қоршауымен біртұтастығын субъективті сезіну арқылы бекітілген түрлі қоғамдастыққа (тарихи, географиялық, таптық, ұлттық т. б. ) қосылуы. Психологиялық-әлеуметтік ұқсастық-адамның өзінің қоғам үшін маңыздылығын сезінуі.
Ұқсастықтың әрбір тұрғысының екі полюсі бар: оң (әлеуметтік орта көзқарасы бойынша адам қандай болуы тиіс) және теріс (ол қандай болмауы керек) . Ұқсастықтың қалыптасуы осы екі жақтың үнемі өзара тартысымен қатар жүреді. Дағдарыс сәттерінде күрес өрши түседі және ұқсастықтың теріс жағы үстем болып кетуі де мүмкін. Тұлғаның позитивті және ілгері дамуы үшін ұқсастықтың оң жағы теріс жағынан басым болуы тиіс. Жалпы алғанда, Э. Эриксонның тұлға дамуының негізін қалаушы ретіндегі ұқсастық мәселесіне көзқарасы осындай.
Ұқсастықтың жалпы адами деңгейі өзіңді биологиялық түрдің, адамзаттың өкілі ретінде сезіну немесе адамзаттың аса ауқымды мәселелерін, жердегі өмір үшін келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілікті көру және түсіну бетінде анықталады.
Ұқсастықытың топтық деңгейі өзінің әртүрлі топтарға (жыныс, жас, ұлттық және діни көзқарас және т. б. негізінде) тиесілі екендігіді сезіну арқылы байқалады. Орта деңгей (топ) қауымдастығы оппозиция жүйесі ретінде қалыптасады. Олар әдетте бір-біріне қарсы қойылған және «бір-бірінсіз» анықала алмайды. Мысалы, әкелер мен балалар, ерлер мен әйелдер, «оңшылдар» мен «солшылдар», т. б.
Ұқсастықтың жеке деңгейі өзінің бірегейлігін сезіну, қабілеттілігін арттыруға ұмтылу, өмір жолының қайталанбайтынын түсіну болып табылады.
Ғалымдардың арасында ұқсастықтың қай деңгейінің дамуы тұлға табысының әлеуметтенуі үшін маңызды екені туралы бірізді пікір әлі жоқ. Тұлғаның белгілі ұқсастық деңгейінің басым болуын айқын көрсету және оны әлуметтендірудің табысты болуы уақытпен айқындалады деуге болады. Бұл жағдайда уақыт факторы қоғамдық уақыт, яғни тұлғаның өмірлік циклінің кезеңі ретінде екіұшты түсіндіріледі.
Тұлғаның әлеуметтенуінің табыстылығына тарихи уақыттың әсер ету мәселесін қарастыруда біршама Л. Н. Гумилев жасағанэтногенез теориясы сияқты шешімдер бар екенін атап көрсетуге болады. Бұл теорияға сәйкес, кез келген ұлыстың 1200, 1500 жыл уақыт өлшемін қамтитын өзіңдік «өмір циклі» бар. Ұлыстың қауырт дамуы кезеңінде қоғамда жеке табыстың, тәуекел мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы жетістіктердің мәнін көрсететін құндылықтар басым болып, ол соңынан ұлыстың прогресін ынталандыруға жеткізеді. Бұл жағдайда өзін көрсету қоғам м. ддесіне негізделген, айқын өзіндік ерекшілігі бар тұлғалардың әлеуметтенуі сәтті болмақ. Мұндай адамдар өзі мен адамзатты «тікелей» байланыстырып, осы екі басымдыққа қалыптасқан топтық нормаларды бағындырады, яғни оларда ұқсастықтың жеке және жалпы адами деңгейі айқынырақ қалыптасады.
Жеке тұлға мен макроәлеуметтік құрылымдардың өзара байланысы мәселесі Б. Ф. Поршневтің еңбегінде басқаша қарастырылады. Оның пікірінше, жоғары деңгейдегі маймылдар мен еліктеуі барынша дамыған қазіргі адамдардың арасындағы филогенетикалық кезең бойында троглодиттер (адамның арғы тегі) басым болды. Өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олар, мысалы, жануарлардың үрку-тежелу әсерін туғызу үшін олардың дауыстарын келтіретін болған. Кейінірек антророидтер бұл механизмді өзіне ұқсастарға әсер ету үшін жиірек қолдана бастады, бұл еліктеу шегінен шығып кететін болды.
Тұрақты жағдайда болатын ұлыс өз мүшелері арасындағы қатынас пен олардың табиғатқа деген қатынасын шектеуге ұмтылады. Жаңа ұлыстық тұтастықты туғызу кезінде мінездің жаңа тәсілдері де алға шығады. Егер ертеректе жеке тұлғаның қоғамдық жағдайы әдет-ғұрыппен қатты шектеліп, көбінесе оның жасына байланысты болса, неді әр түрлі әлеуметтік рөлдерді (корльді, жасауылды, күтушіні, т. б. ) айқындайтын «кім бола аласың, сол бол! » дейтін талап қалыптасты. Жеке тұлғаның ұжымды алдындағы парызы, міндеттері бірінші кезекке шықты.
Ұлыстың келесі кезектегі дамуы (кей жағдайда көршілерде бағындыру арқылы) жеке тұлғаның қажеттілігіне (кей жағдайда көршілерді бағындыру арқылы) жеке тұлғаның қажеттілігіне («Өзіңмен-өзің бол!») соқтырады, бұл бұрынырақта сыртқы мәселелерді шешуге бағытталған күштерді жұтып қоятын тұлғалар арасындағы қақтығыстарды, қатаң бәсекелестікті тудырады.
Уақыт өткен сайын, ұлыстын өздерінің даңқ-құмар тайпаластарының өзара қақтығыстарынан әбден шаршаған, қарапайм көпшілігі «біз ұлылардан әбден шаршадық!» деген жаңа талап қояды. Жеңіп шыққан пассионарий (бөлекше тұлға), басқалардың бәрі өзіне ұқсап, еліктеуге ұмтылатын мінез-құлықтың жаңа ережелерін бекітеді.
Бұдан әрі топтың мүддесі жеке тұлғанадан қайтадан артықшылық ала бастайды, ұлыс ландшафқа бейімделеді. Ең сонында ұлыс не жойылады, не басқалармен бірігіп, жаңа ұлыс құрайды. Ұлыс дамуының тұрақты («тыныш») кезеңдерінде тұлғаның едәуір шамада тұрақталатының, әр түрлі топтық (рулық, кәсіби, конфессиалдық) мүдделер мен ережелерге бағынатынын атап айтқан жөн, яғни адамда жеке ұқсастық пен оның жалпы адами «қабаттарына» зиянды топтық ұқсастық басым дами түседі.
Әрине, айтылғанның бәрі Б. Ф. Поршнев тұжырымдамасының құндылығы мен
күрделілігін тауыспайды, бірақ адамзат тарихын осы қалпына келтіруде келесі сәттерді айқындау асамаңызды. Адамзат эволюциясының күрделі, өтпелі дәуірі тұғырықтан шығудың екі механизмі іске қосылғаны байқалды: 1) түр мен тұлға мүдделері сай болып, белгілі бір мезгілге дейін қантөгіссіз жолы табылған физикалық тараптың орналасу; 2) дамудың бейбіт жолы қалмаған кездегі «өзіміздің» және «бөгде» топтардың қарама-қарсы тұруы. Бұл жағдайда қатыгездікке, зұлымдыққа, соғыстарға, т. б. жетелейтін топішілік фаворитизм мен агрессияны ынталандыратын ұқсастықың аралық, топтық деңгейлерінің белсенділігі артып отырады.
Белгілі тарихшы, орта ғасырлар бойынша зерттеу жазған ғалым А. Я. Гуревич: «Ерекшелік, не басқалардан айырмашылық емес, керісінше, топқа, корпорацияға, белгіленген тәртіпке барынша іскерлікпен қосылу-міне, жеке тұлғадан талап етілетін қоғамдық ерлік осы», -деп бағалаған. Бұл дәуірдегі адам тек ұжым шеңберінде ғана өзін толықтай сезініп, қалыптаса алады. Ресейдегі орта ғасырдағы әлеуметтенудің осындай ерекшеліктерін Ю. М. Логман да айтқан.
Таптың өзіне тән әлеуметтік топқа интеграциялануының бұзылуы капитализмнің дамуымен ғана басталды. Сонда ғана оның ұқсастығының жеке-даралық қабаты көріне бастады. Бұл процесті Э. Фромм мейлінше толық талдаған, оның пікірінше, адамның әлеуметпен, таппен, топпен ортағасырлық байланыстарының үзілуі аңсаған азаттыққа жеткізген жөн. Соның нәтижесінде адам аса қуатты экономикалық күштердің алдында өзінің ертеңгі күшіне деген барлық кепіліне айрылған кішкентай әрі әлсіз жан ретінде болып қалды.
Сонымен, тарихи дәуірлердің тұлғаның әлеуметтену табысына әсер ету ерекшеліктерін қарастырғаннан кейін қоғам дамуының тұрақты кезеңдерінде ұқсастықтың топтық деңгейі басым, яғни адамдар көбінесе әлеуметтіе деңгейде бейімді болып шықты. Оларға жүйенің сақталуына ұмтылуын айқындайтын мінез-құлықтың социотипті формалары тән; сол уақытта тарихтың тығырыққа толы, ауыспалы сәттерінде тұлғаның түрлі типтеріне ұсыныс болуы мүмкін: ұқсастықтыңжалпы адами және жеке тұлғалық деңгейлерінің басым болуының бір мезгілдестігі; әлеумет дамуының тұрақты кезеңдеріне тән топтық нормалардың әдеттегі қоғамдық қақтығыстардан қорғаныста болуы. Қоғамдық тығырық жағдайында тұлғаның осы типінің басым болуы «сыртқы» жауларды іздеуге, «өз, тобының» (ұлттық, кәсіби, ересектік, аумақық, т. б. ) басым болуына соқтырады.
Тұлғаның өмір кезеңдерінің оның әлеуметтенуінің табыстылығына әсер ету мәселесіне ауыса отырып, тұлға әлеуметтенуінің ерекшеліктері мен қоғам дамуының тұрақты кезеңдерінде оның ұқсастық құрылымының қалыптасуын бейнелеп көремізБұл үшін Л. Колбергтің балалардың моральді дамуына жүргізген талдауына көңіл бөлуге болады. Оның мәліметтері бойынша, 7 жасқа дейінгі балалар көбінесе моральдық дамудың конвенциалды деңгейге дейінгі деңгейінде болады. Олардың мінез-құлқы, негізінен, жазалаудан құтылуға немесе мақтау алуға ұмтылумен анықталады, яғни оларға ұқсастықтың жетілмеген жеке-тұлғалық деңгейі басым болады. 13 жасқа қарай және мектеп бітіргенге дейін балалардың көпшілігінде істеген істерінің оң, терісі баланың референтті тобының көзқарасына байланысты бағаланатын ұқсастықтың топтық деңгейі басымдық танытады. Демек, ұқсастықтың осы деңгейі қоғам дамуынң тұрақты кезеңдерінде басым болып қалады. Өйткені 16 жастан асқан балалардың 10 пайызы ғана ұқсастықтың жек-тұлғалық және жалпы адами деңгейлерінің бір мезгілде байқалуымен сипатталатын моральдық деңгейдің постконвенциалды деңгейіне жетеді.
Онтогенездің әр түрлі деңгейіндегі әлеуметтену процесі қоғамдық дағдарыс жағдайында басқаша жүреді. Әлеуметтік дағдарыс (кризис), әдетте, қоғамның «идеологиялық құндылықтарын» қиратумен (Э. Эриксон), оның бұрынғы құндылықтар жүйесін шайқалтумен, «аномия» жағдаймен (Э. Дюркгейм) сипатталады. Бұл кезде жас ерекшелігіне негізделген үш топ мүлдем басқа жағдайда болады: жеткіншектік жасқа дейінгі; жасөспірімдер мен жастар; орта және егде жастағы адамдар.
Жоғарыда айтылғандай, балалар жеткіншектік жасқа дейін моральдық дамудың жазалаудан құтылуға және мақтау алуға ұмтылумен сипатталатын конвенциалдық дейінгі деңгейінде болады, яғни өздерінің едәуір шамада «өанағаттану принципін» басшылыққа алады (З. Фрейд) . Осыған байланысты қоғамдық құндылықтардың бұрынғы жүйесінің қирауы және жаңаның құрылуы жағдайында олар сол принципке бағына отырып, жаңа әлеуметтік нормаларды табиғи түрде қабылдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz